Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Реферативное сообщение. 4 страница




Талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі 20 млн т-ны құрайды. Мақта егісінің алқабы мен мақта жинау жөнінен 1-орынды ежелден мақта өсірушілер — Азия елдері, 2-орынды — Америка, 3-орынды Африка елдері иеленеді. Олардың ішінен Қытай, АҚШ, Үндістан елдері ерекшеленеді. Крахмалды дақылдардың ішіндегі маңыздысы да, көп таралғаны да — картоп. Картоптың отаны Оңтүстік Америка, бірақ, қазір коңыржай белдеу дақылына айналып отыр. Картоп жинаудан 1-орынды Ресей, 2-орынды Польша, 3-орынды Қытай алады.

Сергітпе дақылдарға шай, кофе және какао жатады. Шайдың отаны — Қытай. Дүниежүзінде жиналатын шайдың 4/5-ін Үндістан, Қытай және Шри-Ланка өндіреді. Ал субтропиктерде шай Грузия жерінде өсіріледі. Кофенің отаны — Африка, қазір оның түсімінін; 2/3-сін Латын Америкасы елдері, әсіресе Бразилия мен Колумбия береді. Какао, керісінше Америкадан шыққан, қазір оның негізгі өндірушілері Африканық Гвинея жағалауындағы елдер. Жетекші елдер қатарына Кот-д-Ивуар, одан кейін Бразилия, Гана, Индонезия мен Нигерия жатады. Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларының бірі — бақша шаруашылығы, дүниежүзі елдерінің барлығына дерлік тән. Жылдық өнімділігі 600 млн т, оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсіреді.. Жылдық өнімділігі 430 млн т, оның 2/5-сін Азия елдері жинайды. Жеміс-жидекті көп өндіретін елдер қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия жатады. Жүзім өсіру Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде ерекше дамыған. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания және АҚШ көзге түседі. Цитрус өсіру де АҚШ, Бразилия, Испания, Италия, Қытай мен Жапония сияқты субтропиктерде орналасқан елдерге тән. Банан — азиялық жеміс, бірақ қазір тек Азияда ғана емес, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка елдерінде де көптеп өсіріледі. Жетекші елдерге Үндістан, Эквадор, Бразилия, Филиппин және Мексика жатады. Соңғы жылдары гүл өсіруге маманданған шаруашылықтар жаппай белең алуда.

 

20. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылығының дамуындағы интенсивті мал шаруашылығының орны. Өндіріс өнімін экспорттаушы мемлекеттерді ажыратыңыз.

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

 

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.

Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі — ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі.

Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.

Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.

Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км2-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған

21. Әлемдегі шиеленіс аймақтарына тоқталып, саяси-географиялық тұрғыда талдау жасаңыз.

Қазіргі уақыттағы әлемдегі шиеленіс аймақтарына:

1. Израиль мен Палестинадағы 1948 жылы басталып, әлі күнге дейін шешуін таппаған қақтығысты жатқызсақ болады;

2. Сирия мен Ирактағы ислам дінінің атын жамылған ислам содырлары. Осы 2 елдегі ислам содырларының террорлық іс-әрекеттерінің қарқыны күннен күнге артып барады. Әсіресе бұл аумақтағы бейбіт тұрғындар зардап шегуде. Сондықтан осы 2 аумақты әлемдегі шиеленіскен аумаққа жатқызсақ болады. Бұл аумақтағы шиеленісті реттеу үшін БҰҰ мен НАТО-ның әскерлері араға түсуде;

3. Келесі бір шиеленіскен аумаққа Таяу Шығыста орналасқан Ауғанстандағы мажзахиттер мен жергілікті әкімшіліктің арасындағы діни сеператизмдік қақтығыстар жатады. Ауғанстаннан НАТО әскерлері 2016 жылы шығарылады. Ал Ауғанстандағы аталған шиеленіс қазірдің өзінде өрбіп тұр, НАТО әскерлері шығарылғаннан кейін ол қақтығыс одан әрі өрбиді.

4. Азиядағы Таиланд пен Камбоджадағы қызыл кмерлер арасындағы шекарааралық шиеленіс жатады;

5. Еуропадағы ұлттық шиеленіске Испанияның Солтүстік-Батысындағы баскілердің террорлық әрекеттері жатады;

6. Солтүстік Африкадағы Ливиядан заңсыз Италияға қарапайым халықтың баса көшуі немесе АҚШ пен Мексика арасындағы заңсыз мигранттардың алмасуы жатады;

7. Келесі бір шиеленіскен аумақтың бірі – Үндістан мен Пәкістан арсындағы Джамбу-Кашмир аймағындағы жерге таласушылықтың нәтижесінде пайда болған шиеленіс;

8. Шри-Ланкадағы тамир жолбарыстары деп аталатын сеператистік ұйымның арқасында туындаған шиеленіс;

9. Қытай Халық Республикасындағы Ұйғыр Циньзань автономиясында үйғыр сеператисттері мен қытай әскерлкрінің арасындағы қақтығыс. Сонымен қатар Қытайдағы Тибет аумағындағы шиеленіс;

10. Солтүстік Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 38-параметр шиеленіс аймағы;

11. Куриль аралдары үшін Жапония мен Ресей арасындағы жер үшін дау. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанда Ресей Жапонияның Куриль аралдарындағы біраз аумақты өзіне иемденіп алған болатын. Енді сол жерлерді Жапония Ресейден қайта талап етуде;

12. Қытай Халық Республикасы мен Жапония арасындағы бейтарап аралдарға таласу арқасында туындаған шиеленіс.

22. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттарына сипаттама жасаңыз.

Теңіз көлігі дүниежүзілік көлік жүйесі ішіндегі ең арзаны болып саналады. Қазір жалпы 800 млн т жүк көтере алатын 42 мыңға жуық кеме мұхит айдынында жүзіп жүр. Дүниежүзілік жүк тасымалының 64%-ы осы су көлігіне тиесілі және ол бүкіл халықаралық елдер арасындағы тасымалдың 80%-ын қамтиды.

Дүниежүзілік теңіз-сауда флотындағы кемелердің жалпы құрамының 1/3 бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің туы астында («ыңғайлы тулар») тіркелген, 1/5-і дамушы елдерге, ал қалғандары постсоциолистік елдер үлесінде.

Дүниежүзілік теңіз-сауда флотының жетекші елдері: Либерия, Панама, Жапония, Грекия, АҚШ, Кипр, Қытай. Бұл «ыңғайлы тулар» астындағы елдер жүк тасымалының өзіндік құнын 3 есеге жуық арзан тасиды.

Негізгі теңіз жолдары – Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарында. Тек Атлант мұхитында дүниежүзілік жүк тасымалының 50%-ға жуығы тиесілі. Бірақ кейінгі жылдары жүк тасымалы Тынық мұхитында да қарқынды дамып келеді (Жапония және жаңа индустриялы елдер).

Теңіз жүк тасымалында бірінші орынды мұнай және мұнай өнімдері алады. Олардың үлесіне 1 млрд т жүк тасымалы тиеді. Ірі жүк ағыны Парсы шығанағында қалыптасады да, ол Батыс Еуропаға, Жапонияға, АҚШ-қа бағытталады.

Сонымен қатар көмір тасу құрғақ жүктер арасында бірінші орынды алады.

Темір кенін теңіз көлігімен тасымалдау жылына 350 млн т-ға жетті. Оны н егізгі экспорттаушы елдер – Бразилия мен Аустралия.

Дүниежүзі бойынша астық тасымалдауда теңіз көлігінің маңызы зор (жылына 250 млн т-ға жуық). Тасымалданған астық көлемінің жартысына жуығы дамушы елдерге жөнелтіледі. Дүнежүзілік ірі порттар (жүк айналымы бойынша): Сингапур, Роттердам (Нидерланды), Шанхай (Қытай), Нагоя, Йокохама, Тиба, Кобе (Жапония), т.б

Батыс Еуропаның ірі порттары халықаралық маңызы бар «теңіз қақпасы» болып саналады. Мысалы, дүниежүзіндегі ең ірі порттардың бірі – Роттердам дүниежүзілік жүк айналымының 2/3-сін құраса, одан әрі ішкі өзендер (негізінен, Рейн өзенімен) каналдар арқылы құрлықтың басқа да елдеріне тасымалданады.

Теңіз тасымалында бұғаздардың маңызы өте зор. Оларү: Ла-Манш, Гибралтар, Малакка, Ормуз, Босфор және теңіз каналдары (Суэц, Панама, Киль). Дүниежүзіндегі жүк тасымалының ең күрделі аймағы – Ла-Манш арқылы тәулігіне 500 кеме өтсе, ең ірі Суэц каналынан жылына 18 мың кеме (тәулігіне 50 кеме) өтеді.

Қазақстанның су көлігінің жалпы ұзындығы – 5,5 мың км. Оның ішінде кеме қатынайтын су жолының ұзындығы – 4,0 мың км. Су көлігінің негізгі түрі – теңіз көлігі. Ол Мақат – Бейнеу – Маңғыстау теміржолының салынуына байланысты 1964 жылы қаланды. Қазәр Ақтау қаласында еліміздегі ең ірі теңіз-сауда порты жұмыс істейді. Онымен Иранға (Наушахр қаласы), Әзірбайжанға (Баккы, Сумгаит қалалары), Ресейге (Астрахан қаласы), Түрікменстанға (Марата, Түрікменбашы қалалары) құрғақ және сұйық жүктер тасымалданады.

Жалпы жүк айналымы жылына 50 млн т-дан асатын теңіз порттары:

АҚШ (Оңтүстік Луизиана, Валдиз, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Филадельфия, Нью-Орлеан, Тампа, Лос-Анджелес, Хьюстон);

Мексика (Тампико);

Бразилия (Тубаран);

Канада (Ванкувер);

ОАР (Ричардс-Бей);

Сингапур (Сингапур);

Еуропа (Лондон, Роттердам, Гамбург, Антверпен, Гавр, Марсель, Генуя);

Египет (Александрия);

Қытай (Шанхай, Сянган, Гаосюн, Нинбо, Тяньцзинь, Гуанчжоу, Циндао, Циньхуандао, Шэньчжен, Далянь);

Жапония (Токио, Тиба, Кавасаки, Йокохама, Нагоя, Кобе, Осака, Куре, Ктакюсю);

Сауд-Арабиясы (Мина-Әл-Ахмади, Харк, Рас-Таннура).

Корея Республикасы (Пусан, Кваньян).

 

23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөліне сипаттама беріңіз.

Дүние жүзіндегі темір жолдың жалпы ұзындығы 1 млн 180 мың км – ге жуық. Темір жолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 1002 жерге 10 км темір жол үлесі 15% шамасында.

Темір жол көлігі – тасымалдау үлесінің кемігеніне қарамастан, құрлықтағы көліктің маңызды түрі болып отыр. Оған дүниежүзілік жүк және жолаушы тасымалдау үлесінің 1/10 келеді. Дүниежүзілік темір жол желісі негізінен алғанда ХХ ғасырдың басында қалыптасқан. Ұзақ уақыт бойы оның жалпы ұзындығы тұрақты (1,2 – 1,3 млн. км) болып келді, бірақ орналасуы өте әркелкі еді. Темір жол 140 елде болғанымен, оның жалпы ұзындығының жартысынан астамы “бірінші ондық” елдеріне келеді. Олар: АҚШ, Ресей, Канада, Үндістан, Қытай, Австралия, Аргентина, Франция, ГФР және Бразилия. Темір жол желісінің жиілігі жөнінен Еуропа елдері көзге түседі.

Осымен қатар, темір жол желісі өте сирек немесе мүлде жоқ орасан зор кеңістіктер бар. ХХІ ғ. басында бірнеше рет темір жол магистральдарын салу жобаланған.

Мысал: Қазір ұзындығы 10 мың шақырымдық Стамбулдан Ташкент арқылы Пекинге дейінгі әйгілі Ұлы Жібек жолы трассасымен өтетін магистральдың құрылысы басталды. Сингапур – Банкок – Пекин – Саха (Якут) – Беринг бұғазы астынан өтетін тоннел – Ванкувер – Сан – Франциско, Азия – Тынық мұхиттық магистралы құрылысына даярлық басталды.

 

 

24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.

Көлік – жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі. Атқаратын міндеттерінің әркелкілігіне қарай көлік – жолаушылар және жүк таситын болып екіге бөлінеді. Көлік түрлері бір бірінен және әр түрлі табиғи (жер бетіндегі, судағы, әуедегі) немесе жасанды (каналдар, темір және тас жолдар, құбырлар) қатынас жолдары арқылы ерекшеленеді.

Құбыр көліктерінің алғашқы желілері ХІХ ғ. ортасында төселді. Ол құрлық көліктерінің қатарына жатады. Ал оның қуатты дамуы ХХ ғ. Екінші жартысына сәйкес. Су, темір жол, құбыр көліктері ең жоғары өткізу қабілетімен (тасымалданатын жүктер саны) ерекшеленсе, әуе, авто көлікатер инфрақұрылымға тәуелділіктері жоғары. Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5-5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10 %-ы тиесілі.

Құбыр көлігі қазір дж 500 мың км астам. Ал газ құбырлары 900 мың км. құбыр көлігі құны темір жолдан үш есе арзан, тиімді. Солтүстік америкада құбырлар мұнай өндіріс орынарынан бастап таралады. Ал батыс Еуропада құбырлар теңіз порттарынан континеттің орталығыа қарай жүргізіледі.

 

25. Жапония: экономикалық-географиялық орны, мемлекеттік құрлысы мен шаруашылығына талдау жасаңыз.

Жапония Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхитаралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “ мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі ”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.

Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы. Жапония халқының саны жағынан дүние жүзі елдерінің «алғашқы ондығын» аяқтайды. Алайда соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония өсудің екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды.

Бұл «демографиялық революция» өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады.

Жапония халқының ұ л т т ы қ қ ұ р а м ы мүлде бірыңғай. Бұл – типтік бір ұлтты ел, мұнда жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын құрайды. Жапон тілі қте ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне қосылмайды. Әрі иероглиф, әрі буындық әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі жапон жазуының жүйесі де өте күрделі.
Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар: синтоизм және буддизм. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден қояды.

Жапония – балаларды ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлетін бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай сауатты ел. Жапонияда университеттердің саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан көп. Бұл ел – байырғы мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін берік сақтаған, жапондық өмір салты дейтін түсініктің құрамына енетін ежелден келе жатқан мәдениеттті ел.
Жапондардың ұлттық дәстүрлерінің бірі – қоршаған ортаны, ағаштар мен гүлдерді, жануарларды аялап, қорғау дәстүрі адамдардың бойына бала жастан сіңіп, қалыптасады. Сондықтан Жапонияда әрбір маусым бойынша табиғатта серуендеу кең өріс алған, мысалы: көктемде жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін, күзде үйеңкі орманын тамашалау ұлттық мекерелердің біріне айналған. Қазір осылардың бәрі батыстан елес бере бастады.

Х а л ы қ т ы ғ ы з д ы ғ ы н ы ң орта есебі бойынша (1 км2 –ге 340 адамнан) Жапония дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Шын мәнінде мұнда халықтың тығыздығы едәуір жоғары, өйткені елдегі халық түгел дерлік жағалық ойпаттар мен өзен аңғарларында шоғырланған.

Жапония соңғы онжылдықтарда у р б а н и з а ц и я қарқынының өте жоғарлығымен ерекшеленеді. Осы көрсеткіштің нәтижесінде ол дүние жүзінде алғашқы орындардың біріне шықты. Елде екі жүзден астам үлкен қала бар.

Шаруашылығы: XXI ғ-ға барар жолда. 50 – жылдардан бастап ширек ғасыр бойы жапон экономикасы өте жоғары қарқынмен өсуде болды. Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен жетістіктерге жетіп, қарыштап алға басты. Жапония дүние жүзіндегі ең басты несие беруші елге айналды. Елде экономикалық өмірдің барлық саласында түбегейлі қайта құрулар елеулі дәрежеде жүзеге асырылды, постиндустриялы қоғамның негіздері жасалды.

Жапонияның ө н е р к ә с і б і алғашында негізінен эволюциялық жолмен дамыды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай-химия, құрылыс өнеркәсібі сияқты базалық салалар импорттық шикізат арқылы қайта құрылған болатын. Бұлардың бәрі техника мен технологияның ең жаңа жетістіктерімен жабдықталды, бұл кезде көптеген патенттер мен лицензиялар шетелден, әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып алынып, жергілікті жағдайға бейімделіп құрылды.

Қуат және шикізат көздерінің дағдарысынан кейін, яғни 70-жылдардың ортасында өнеркәсіп дамудың революциялық жолына түсті. Ел импортқа тәуелді отын мен шикізатты қажет ететін өндірістерді (қуат көзі мен металға қатысты болып келетін) барынша азайып, ал ең жаңа ғылымға тікелей қатысатын салаларды барынша көбейте бастады. Ғылым электроника, жұмыс техникасы, биотехнология салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін пайдалануға кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызметкерлірдің саны жағынан ГФР, Ұлыбритания және Францияны қосып есептегендегіден асып түседі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 123; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.