КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Реферативное сообщение. 3 страница
Химия өнеркәсібінің өңдеуші саласында ғылымды ең көп қажет ететін, өнімдерінің өзіндік құны жоғары дәрі-дәрмек өндірісі айрықша көзге түседі. Бұл саладағы ғылыми зерттеулер және дайын өнімдерді сынақтан өткізу қаржыны көп қажет ететіндіктен өндірісі жоғары дамыған елдерде шоғарланған. Дүние жүзінде өндірілетін дәрі-дірмектің ¾ бөлігін АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен Жапония шығарады. Энергетикалық дағдарыстан кейін химия өнеркәсібі Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде, әсіресе мқнай мен газ ресурстары мол елдерде әлдеқайда тез өсе бастады. Парсы шығанағы, Солтүстік Африка елдерінде, Мексика мен Венесуэлада ірі мұнай-химия кешендері қатарға қосылды.
16. Дүниежүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттаушы мемлекеттер типін ажыратыңыз. Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Машина жасау саласында дүниежүзіндегі аса ірі "Дженерал Моторс", "Форд Мотор", "Дженерал Электрик" (АҚШ), "Даймлер-Крайслер", "Сименс" (ГФР), "Мицуи", "Мицубиси", "Тойота Мотор" (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс істейді. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғарылаған сайын өндірістің құрылымы да күрделеніп, жеке салалардың арасалмағы өзгерді. Қазіргі кезде өнімнің құны бойынша электр техникасын жасау дәстүрлі салаларды артқа тастады. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. АҚШ қарапайым құрал-жабдықтар шығаруға қарағанда күрделі, кымбат техника өндірісіне маманданған. Азия елдері жаппай сипаттағы компьютерлік техника мен тұрмыстық, электроника, ал Батыс Еуропа елдері байланыс құралдары мен медициналық, өндірістік және ғылыми құрал-жабдықтар шығаруға бағдарланған. Көлік маишналарын жасау автомобиль, аэроғарыштық өндіріс пен кеме, теміржол көлігін жасауды қамтиды. Көлік қолданылуы жөнінен азаматтық және әскери мақсаттағы машиналар болып жіктеледі. Шығаратын өнімінің саны (жылына 45—50 млн дана), өнім құны және сериялылығы жөнінен автомобиль жасау алдыңғы орында; бұл өнімге сұраныс дүниежүзі бойынша тұрақты есу үстінде. Жалпы, автомобиль өндірісінің 3/4-і жеңіл автомобиль үлесіне тиесілі (43-сызбанұсқаны қараңдар). Барлық өнімнің 25%-ын жүк машиналары, арнайы (медициналық, өрт сөндіру, полициялық) автомобильдер мен автобустар құрайды (бұл көрсеткіш елдер бойынша айырмашылық жасайды). Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары — Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония. Аймақтар арасында басты орын (өнімнің 1/3-ін береді) алатын Батыс Еуропаның өндірісі экспортқа бағдарланған, шығарылған өнімнің 75%-ы өндірілген елден сыртқа сатылады. Жеке елдер арасында АҚШ пен Жапония өндіріс көлемі жөнінен жетекші орын алады, олардың әрқайсысы жылына, шамамен, 9—10 млн автомобиль шығарады. Автомобиль жасау күшті монополияланып, дүниежүзі бойынша бұл сала өнімінің 80%-ы аса ірі он автомобиль компаниясының үлесіне тиесілі. Әдетте, әр елдің өзіндік "автомобиль астанасы" бар; олардың қатарына өндіріс шоғырлануымен көзге түсетін Детройт (АҚШ), Вольфсбург (ГФР), Турин (Италия), Төменгі Новгород (Ресей), Нагоя-Токио (Жапония) жатады. Көлік машиналарының автомобильден басқа түрлерін (кеме, теміржол көлігі, ұшақтар) жасау да көрнекті орын алады. Кеме жасаудан Жапония, Корея Республикасы, Германия, Қытай жетекші орында. Қазіргі кезде сұйық өнімдер таситын танкерлерге, контейнер тасымалдаушы және мұзжарғыш кемелерге, туристік және ғылыми-зерттеу бағытындағы арнайы кемелерге сұраныс артып отыр. Ұшақ өндірісінде Сиэтл мен Лос-Анджелес қалаларындағы (АҚШ) "Боинг" зауыттарының тобы және Тулузадағы (Франция) "Конкорд" зауыты көзге түседі. Жалпы машина жасау шаруашылықтың барлық саласына қажетті құрал-жабдықтар жасау мен күнделікті тұрмыста қолданылатын машина өнімдерін (сағаттар, тоқыма және тігін машиналары, т.б.) шығаруды қамтиды. Мұнда бірнеше данадан ғана (атом реакторы, металлургия комбинаттарының жабдығы) шығарылатын күрделі, қымбат жабдықтан бастап, саны миллиондап есептелетін жаппай өнімдерге дейін өндіріледі. Бұл сала бойынша дүниежүзінде АҚШ, Германия, Жапония алдыңғы орын алады. Кейбір елдердің айрықша маманданған салалары бар; Швейцария сағат өндірісіне қажетті өте дәл станок жасауға, Жапония мен Корея аса ірі станок жасауға маманданған. Машина жасау өнеркәсібі осыдан 200 жыл бұрын Англиядағы өнеркәсіп революциясы кезінде пайда болған. Қазіргі кезде жұмыс істейтін адамдардың саны (80 миллионан астам) және өнімнің құны жөнінен ол дүниежүзілік өнеркәсіптің барлық салаларының ішінде 1-орын алады. Дүниежүзілік экономика картадан, жалпы алғанда, машина жасайтын төрт аймақты бөліп көрсетуге болады. Олар — Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңттүстік-Шығыс Азия және ТМД елдері. Бұл аймақтарға кіретін елдердің көпшілігі үшін машина жасау — халықар. маманданудың басты саласы болып табылады. Дамушы елдер дүниежүзілік машина жасау өнімдерінің 10%-ін ғана өндіреді. 17. Иран Ислам Республикасы: Табиғи ресурстарының қоры, мемлекеттік құрылысының ислам дініне байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Иран Ислам Республикасының астанасы – Тегеран қаласы. Территориясы 1.648.195 шаршы километрді құрайды. Мемлекеттік тілі – парсы тілі. Ұллтық валютасы – риал. Иран Ислам Республикасының территориясында көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Атап айтатын болсақ олар: парсы, күрдтер, әзірбайжандық түріктер, араб тайпалары, белудждер, талыштар, лур т. б. 2005 жылғы мәліметтерге сүйенсек, Иран 30 останнан (ауданнан), 282 кіші қалалардан, 741облыстық округтерден, 716 қаладан, 2258 ауылдық кеңестерден, 68125 –тен аса ауылдардан тұрады. Иран 1979 жылғы Ислам Реводюциясынан кейін Иран Ислам Республикасы деген атау алды. 2007 жылғы санақ бойынша 75 млн халық тіркелді, олардың 45 миллионы қала тұрғындары болса, 30 миллионы ауыл тұрғындары. Елдегі әйел адамдардың саны 37 миллион, ал ер адамдардың саны 38 миллионды құрайды. Иран халқының 85 %- і жұмыс істейді, қалғандары жұмыссыздар санына кіреді. Ирандағы 56% халық -жас өспірімдер. Яғни олардың жасы 20 ға жетпегендер. Конституция бойынша Иран Ислам Респбликасы болып аталады, яғни ислам дінінің шарттары мығым орындалатын бірден-бір елдердің бірі. Тегеран қаласының өзінде ғана 17 миллионнан аса халық өмір сүреді. Ислам шарттарымығым бекінген ел болғандықтан, әйелдер қауымы чадра жауып, дене мүшелерін көрсетпеуге тиісті. Иран Ислам Республикасындағы діни билік діни рахбардың қолында болса, мемлекеттік билік президенттің міндетінде. Иран Ислам Республикасы ислам революциясы жеңгенге дейін шах билігінің құзырында болды. 1979 жылдан бері діни билікке ауысты. Аты әлемге әйгілі қалаларымен, атақты ақын жазушыларымен дүйім жұртқа танылған. Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасын тек қана ол жағынан емес, саяси аренада болып жатқан оқиғалардың желісінен де миллиондаған жұрт таниды. Иран Ислам Республикасында экономика мұнай есебінен қарқынды дамып келеді. Пайдалы қазбаларының ішіндегі әлем таласын тудырып отырған осы бір қара алтыны ел экономикасының қарқындап дамуының көрсеткіші. Иран өзінің стратегиялық жағдайы, табиғи ресурстарға бай, ежелгі мәдени мен өнері, 7000- ға созылған тарихымен, қонажай халқымен әлемде ерекше орын алады. Иран мәдениеті ерекше даңқа ие. Ежелгі Иран мәдениеті ислам мәдениетімен ұштасып, қазіргі Иран мәдениетінің дамуына ықпалын тигізді. Қазіргі Иран тәуелсіз, азат, ұлттық мәдениеттің үлгісінде өмір сүріп келеді. Иран халқына келер болсақ, олар өте қонақжай әрі мейрімді және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Иран Ислам Республикасының ресми діні – ислам діні, шейт ағымы, сондай-ақ ханафи, шафи, малеки, занбали, зейдит секілді ислам ағымдарына да зор құрмет көрсетіледі. Иран Ислам Республикасындағы 98%-ке жуық халық осы мұсылмандар, олардың 91%-і шейт ағымының өкілдері. Сонымен қатар, ресми тіркелген христиан, зороастр, иудеи діндерінің өкілдері де бар. Иран Ислам Республикасының мемлекеттік тілі – фарсы тілі,парсы тілі. Парсы тілінен басқа да тілдерде сөйлейтін ұлт өкілдері де бар. Олар: белуждер, арабтар, гиляндар, түріктер т.б. Парсы тілі әдеміліген ерекшеленіп, әлем әдебиетінде өзінің орны бар. Иран Ислам Республикасындағы Үкімет орындары. Иран Ислам Республикасындағы ең жоғарғы лауазым мен билік діни рахбардың қолында. Президент мемлекет істерімен айналысады. Иран Ислам Республикасы аты айтып тұрғандай шариғат заңдарымен жүреді. Негізгі заң яғни Конституция да осы ислам заңдарының негізінде жасалған. Конституция негізінде заң жобалары қатаң түрде орындалады. 1979 жылы Иран Ислам Революциясы жеңген соң, 3желтоқсанда Иран Ислам Республикасының конституциясы, ата заңы қабылданды. Конституцияның 6 бөліміне сәйкес, Иран Ислам Республикасының президенті, парламент депутаттары, облыстық, қалалық, ауылдық кеңестер мүшелері халықтық сайлаумен жүзеге асады. Елдің басшысы, ең жоғарғы лауазым иесі рахбар да эксперттер кеңесімен сайланады. Иран Ислам Республикасы үш жуйелі билік көздерімен басқарылады: заң шығарушы, орындаушы, сот. Олардың бәрі ел басқарушының билігінің құзырында және Иран Ислам Республикасының ата заңына бағынады. Заң шығарушы биліктің мүшелері мен орындаушы билік мүшелері тікелей ортақ халық сайлауымен тағайындалады. Заң шығару істерімен бір жүйелі парламент айналысады. Орындаушы билік құзыры президент пен премьер-министрде. Бақылау кеңесі он екі діндар мен құқықтанушыдан тұрады, алты діндарды рахбар тағайындаса, алты құқықтанушыны жоғарғы сот парламенті сайлайды. Бақылау кеңесінің міндетіне ислам шарияты мен Иран Конституциясына қарсы қабылданған заң жобаларын тексеру мен реттеу жатады. Барлық үкіметтік саясат Алланың үкімімен заңгер «Вали- е Факиһ» пен іске асады. Ол Алламен халық алдында өз міндеттерін орындайды. Жоғарғы заң шығарушы үкімет – бір палаталы парламент – «Мәжлес-е шура-ие Ислами» 275 депутаттан тұрады, және оларды халық 4 жыл мерзімге сайлайды. Сонымен қатар, Конституцияда ақсақалдар алқасының кеңесінің «Шура-ие Негаһбанан-е Ғанун-е Ассаси» билігі де айқындалған. Олар Ассамблеяның резолюциясын қабылдауға және қабылдамауға құқылы. Иран Ислам Республикасының экономикасы. Иранның экономикасы мұнай көздеріне тікелей байланысты. 40 жылдан астам уақыт бойы Иран экономикасы мұнаймен дамып келеді. Иранда кәдімгі қол сүртететін қағаздан бастап, автообильге дейін өндіріс қарқынды дамыған. Сонымен қатар, Иранда пайдалы қазбалар көздері, азық- түлік, жеміс-жидек, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, қолөнер бұйымдары ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді. 10 жылға созылған Иран-Ирак соғысы Иран экономикасын күрт түсірсе де, аздаған жылдар арасында ел бұл олқылықтарды түзетіп қатарға қосылды. Иранның атақты кілемдері елдің экономикасының өсуіне өз үлесін қосуда. Иран Ислам Республикасындағы «хежабтың» маңызы. «Хежаб» - мұсылмандық тәртіптің бөлшегі, әйел денесін сұқ көздерден қорғайтын жамылғы. «Хежаб» - әйелдерді шектейтін нәрсе емес, пәктіктің, адалдықтың, тазалықтың белгісі.
18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді. Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азия елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр. Бидайдың негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған. Бидай солтүстік жарты шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Кесте мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері, арпа) жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған. Бидайдың тауарлық өндірісі Қазір олар жоғары маманданған ірі шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы Ұлы жазықтар, Ресейдің; Еуропалық, бөлігінің оңтүстігі, Украина, Қазақстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстігі, Аустралияның оңтүстігі, Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңірлер жатады. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр. Жүгері (маис)—Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Басты өндіруші елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі. Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10—15%-ы шығарылады. Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады. Азық-түліктік астық өз астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі. ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30—40 млн т астық сатып алуға мәжбүр.. Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларының бірі — бақша шаруашылығы, дүниежүзі елдерінің барлығына дерлік тән. Жылдық өнімділігі 600 млн т, оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсіреді. Жеміс-жидекті көп өндіретін елдер қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия жатады. Жүзім өсіру Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде ерекше дамыған. Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады. Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады. Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.
19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз. Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады. Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады. Өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.Бидайдың негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған. Қазір бидай адам тұрақты мекендейтін барлық материктерде өседі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды.Күріш — жылу мен ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орналасқан аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр. Жүгері (маис)—Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар орналасады. Басты өндіруші елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер.Майлы дақылдар Жер шары халқының тамақ құрамында дәнді дақылдардан кейін 2-орын алады. Маңызды түрлері: қытайбұршақ, жержаңғақ, зәйтүн, күнбағыс. Бүкіл пайдаланылатын майдың 2/3-сі осы өсімдіктерден алынады. Қытайбұршак өндіруден АҚШ 1-орында, одан кейін Бразилия мен Аргентина. Жержаңғақ өсіруден Үндістан, зәйтүннен Италия, ал күнбағыс өсіруден Ресей алдыңғы орында. Азия, Латын Америкасы елдерінде пальмалардан, мақта өсіретін елдерде мақта майын алу жолға қойылған.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 119; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |