КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Реферативное сообщение. 5 страницаЕкінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауыл шаруашылығын да түбірімен қайта құруға тура келді. 1929 жылы Н.И. Вавилов осы елге жасаған сапарынан кейін өзінің «Пять контингентов» дейтін кітабында былай деп жазды: «Жапониядағы егіншілік өзінің өнімділігімен таң қалдырады. Орталық және Оңтүстік Жапонияда жердің әрбір кішкентай пұштағы жете пайдаланылған». Әрине, қазір дәстүрлі шаруашылықтағы өнімді еңбек әлі сақталып отыр. 40-жылдардың аяғындағы аграрлық реформадан кейін помещиктік жер иеленушілік жойылып, жер шаруалардың меншігіне берілді де, негізгі өнім өндірушілер фермерлер болып шықты. Ауыл шаруашылығының құрылымы да өзгерді. Жапония әрқашан да таза егінші ел болатын. Егістік жердің тең жартысын алып жататын күріш бұрынғысынша дәнді дақылдардың ішіндегі жапондардың негізгі наны болып қала берді. Бау – бақшамен айналысу, мүйізді ірі қара мал (сиыр), шошқа, құс өсіру жақсы дамыды. Жапондардың тамақтану рационы еуропалық және американдық рационға жақындай түсті. Жапондық шаруашылықтың тағы бір дәстүрлі саласы – балықшылық. Балық аулау жөнінде Жапония алғашқы орындардың бірінде тұр. Елде 3 мыңнан астам балық аулау аймағы бар. Теңіз жағалауының жануарлар дүниесі мол және әр алуан болуы тек балықшылық қан емес, теңіз өнімдерін дайындауды дамытуға да мүмкіндік берді. Балық пен теңіз өнімдері жапондардың азықтық рационында үлкен орын алады. Сондай-ақ онда інжу-маржан кәсібі дамыған. Жапонияда өзен қатынасы мен құбыр тартудан басқа көлік түрлерінің бәре де жақсы дамыған. Өзінің көлік-жол торабы бойынша бұл ел Батыс Еуропа елдерін еске түсіреді, бірақ жүк, әсіресе жолаушылар тасымалдауда олардың кез келгенінен асып түседі. Ал, жолаушылар тасымалдайтын темір жолдарының молдығы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Жапония сондай-ақ аса ірі және ең жаңа теңіз сауда кемелеріне ие болып отыр. Олар кеңінен қолданылады және өзінің ¾ салмағындай жүк көтеріп жүзетін «арзан көлік». Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тартылуында. Елдің нашар қамтамасыз етілуі — өз отыны мен шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 9/10 бөлігін сырттан алады. Екінші жағынан, елдің экономикасы дайын өнімдерді экспорттауға төтенше тәуелді. Жапония белсенді сауда балансына ие. Дүние жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппараты, бейне үнтаспалары, калькуляторы, сағатың автомобилі мен мотоциклін сатып алады. Жапония – барлық Азия – Тынық мұхит аймағы елдерінің басты сауда серігі. Жапон бизнесмендерінің айтатын сөзі – «сауда жасау немесе өлу». Соңғы кезде бұл ел тауар экспорттаудан капатал экспорттауға көбірек ойысып барады. Жапондық тікелей инвестиция негізінен Солтүстік Америкаға, Еуропаға, Азияның басқа да елдеріне бағытталған.
26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарының географиясына қысқаша сипаттама беріңіз. Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Ең жас көлік түрі. 1948 ж әлемде әуе көлігіміен 20 млн жолаушы ғана тасымалданса, 1995 ж 2 млрд-тан астам, ал 2012 ж 3 млрд-тай жолаушы тасымалданды. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін "Конкорд" (Франдия — Ұлыбритания) ұшақтары бар. Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүние жүзіндегі ірі әуежайлар: «О’Хара» (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, «Хитроу» (Лондон), «Ханеда» (Токио) және т.б. Әлемде 30 мыңнан астам әуежайлар бар. Жоғары дыбысты «Конкорд» түріндегі лайнерлер аса бағалы, дыбыс жылдамдығынан 2,5 есе жоғары. «Боинг» аэробусы темір жолымен тең жолаушылар тасымалдайды. Ірі әуежайлар АҚШ-та (Чикаго - 65 млн. пассажиров в год, Атланта, Даллас, Лос-Анджелес), Батыс Еуропада (Лондон - 50 млн., Франкфурт-на-Майне, Париж) және Жапонияда (Токио - около 45 млн.). Әуе көлігі жолаушылар тасымалынан дж І орында. Сонымен қатар мына ауқымды елдерде жолаушылар тасымалдарынан да әуе көлігі бірінші орында (Россия, США, Канада, Австралия).
27. Италия Республикасы - ежелгі өркениет бесігі, дүниежүзілік қауымдастықтағы қазіргі орнын сипаттаңыз. Италия, Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946). · 1949 жылы НАТО-ға мүше болып кіріп, елде АҚШ әскери базалары орналастырылды. Соғыстан кейін өнеркәсіптің жаңа салалары (мұнай, газ, химия, машина жасау, т.б.) тез дамып, Италия индустриялы-аграрлы елге айналды. Ол көптеген халықаралық ұйымдарға: БҰҰ-ға (1955), Еуропа кеңесіне (1949), Еуропалық одаққа (1957), т.б. мүше. · Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франциядан кейін 6-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, ауыл шаруашылығы – 3,9%, қызмет көрсету – 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%-ы, импорттың 80 – 90%-ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10-орында). · Қазақстанмен қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О.Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7-орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т.б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.
· 28. Испания корольдігінің экономикалық географиялық ерекшелігін сипаттаңыз. Испания (ис. Espaṅa), Испания патшалығы – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегініңкөп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2.. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 46,1 млн. (2011). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы (5 млн.). Бұған қоса Барселона (1,8 млн.), Валенсия (1 млн.), Севилия (750 млн.), т.б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Христофор Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета. Испанияда 17,1 автономиялық аймақ (comunidades autónomas) және 2 автономиялық қала (ciudades autónomas) – Кеута және Милилла, бар.Тағыда Испания 15 провицияға бөлінеді. Жеті автономиялық аймақ тек қана бір провинцияға кіреді, олар: Астурия (Asturias), Балеар аралдары (Balearic Islands), Кантабрия (Cantabria), Ла Риоха (La Rioja), Мадрид (Madrid), Мурсия (Murcia) және Наварра (Navarre). Провинциялар аудандарға (comarcas) бөлінеді. Ал одан әрі, олар микро-аудандарға (municipio) айырылады. Испанияда халқы саны 1 миллионнан асатан 2 қаласы бар олар: 1. Мадрид --- 2 232 000 2. Барселона --- 1 595 000 3. Валенсия --- 797 000 Мадрид европада үлкендігінен үшінші орын алады. Европаның мәдени қалаларының бірі. Испанияның орталығында орналасқан. Барселона испанияның шығысында орналасқан, Каталония аутономды обылысында орналасқан, аттас провинциясының астанасы. Испанияда үлкендігінен екінші орын алады. Жерорта теңізімен шектеседі. Валенсия испанияның туризм дамығын қалаларының бірі. Орналасқан жері шығыс испания,Турия өзенінің төменгі ағысында орналасқан.Испанияның мемлекеттік құрылымы - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — король. Қазіргі кездегі монарх — Филипп VI. Заң қабылдайтын орган —Испанияның генералды кортестері: Депутаттар конгресі мен Сенат. Сенат 259 жергілікті сайланған депутаттан құралған. Депутаттардың қызмет ету мерзімі - 4 жыл. Депутаттар Конгресі - саяси партияладын сайланған 350 депуттан құралған, депуттығының мерземі - 4 жыл. Атқарушы үкіметті Испанияның премьер-министрі орындайды, әдетте парламентке сайлау барысында ең көп дауыс жинаған саяси партияның өкілі. Конституциялық бақылау органы - Конституциялық сот (Tribunal Constitucional), жоғарғы сот сатысы - Жоғарғы Сот (Tribunal Supremo), автономды қоғамдастықтардың жоғарғы сот сатысы - Жоғарғы Әділет Соты (Tribunal Superior de Justicia), Апеляциялық инстанция - провинциялық аудиенсиялар (Audiencias Provinciales), аймақтық соттар — сот тергеуі және алғашқы саты соттары (Juzgados de primera instancia e instrucción), ең төменгі сатысы - судья (juzgados de paz), импичмент соты - Ұлттық Аудиенсия (Audiencia Nacional), жоғарғы бақылау органы - Есеп Соты (Tribunal de Cuentas), соттарды басқару органы - Сот басқаруының генералды кеңесі (Consejo General del Poder Judicial). Испанияда 500-ден астам саяси партия және қоғамдық ұйымдар тіркелген. Ең ірі париялар: · Конвергенция және Одақ каталон блогі, · «Эскерра републикана» каталон партиясы, · Баск ұлттық партиясы, · Канар коалициясы. Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испандар Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару, электртехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі дамуда. Ел экономикасында мемл. сектордың үлесі – 30%. Ел пайдалы қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. А. ш. жақсы дамыған. Шарап (дүние жүзінде 3-орында), цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі, көкөніс, т.б. өсіріледі. Зәйтүн майын шығарудан Испандар дүние жүзінде 1-орында. Мал ш. да жақсы дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Елге туризм үлкен табыс әкеледі. Жыл сайын И-ға 62 млн. шет ел туристері келеді. Негізгі сауда серіктестері Еуропалық одақ елдері (импорттың – 61%, экспорттың – 68,5%-ы), АҚШ (7,4% және 5,1%), Латын Америкасы(4% және 5,4%). Алтын-валюта қоры 72,6 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде (1997). Испания мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы орнады. 1998 жылы 13 ақпанда Испания королі Хуан Карлос Алматыда болып қайтты. 2000 жылы 30 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Испанияда болып, король Хуан КарлосҚазақстанмен және үкімет төрағасы Хосе Мария Азнармен кездесті. Кездесу барысында саяси, экон., мәдени байланыстар жөнінде 6 құжатқа қол қойылды.
29. Америка Құрама Штаттары-мемлекеттік құрылымының ерекшеліктерін, шаруашылығының әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз. Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км² (әлемде 4-ші орын). Халқы — 320 млн адам (2013, әлемде - 3-ші орын). Астанасы —Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско,Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс). АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді: Ø Заң шығарушы: АҚШ Парламенті — Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады. Ø Атқарушы: АҚШ Президенті — мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады Ø Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар Әкімшілік жағынан 50 штаттан (бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттары) және Колумбия федерациялық аймағынан тұрады. Штаттар 3133 аймаққа (немесе соған сай келетін әкімшілік бөліктерге) бөлінеді. АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды. АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Негізгі сауда серіктестіктері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ-пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.).
30. Индонезия Республикасы - саяси экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылығына сипаттама беріңіз. Индонезия Республикасы - Малай архипелагында және Жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқанОңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. 5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін Малай архипелагы дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып есептеледі. Аталған архипелаг Үнді мен Тынық мұхиттарының түйіскен жерінде орналасқан, және Азия мен Аустралия ұүрлыұтарының арасында көпір болуда. Ресми атауы: Индонезия Республикасы. Аумағы: 1,91 млн. шаршы шақырым. Астанасы: Джакарта (9,5 млн. адам), басқа ірі қалалары - Сурабая, Бандуң, Медан, Семаранг. Ресми тілі: индонезиялық (малай тілінің диалектісі), сонымен қатар ағылшын тілі кеңінен таралған. Ақшасы: индонезиялық рупия, 1 АҚШ доллары шамамен 9450 рупия турады. Ұлттық мейрам: 17 тамыз (тәуелсіздік жарияланған күн, 1945 ж. Халқы: 242 млн. астам адам (әлемдегі 4-ші орын). Индонезияда 150 астам ұлттар мен этникалық топтар тұруда, соның ішінде явандықтар (45%), сундылар (14%), мадурлықтар (7,5%), малайлықтар (7,5%); қытайлар (шамамен 5 млн. адам), Йеменнен және Үндістаннан келген адамдар. Өмір ұзақтығының орта шеңі: ер азаматтар – 71,8 жас, әйел азаматтар – 76,3 жас. Индонезия дүниежүзіндегі ең үлкен мұсылман халқы бар мемлекеті болып есептеледі. Шамамен халықтың 87 пайызы ислам діннің суннит бағытын ұстануда, 9% - христиан діннің әр түрлі бағыттарын ұстануда, 2% - индуизм, қалғандары – буддизм, конфуцианизм және анимизм діндерінің ұстанушылары. Президенттік және унитарлық мемлекет. Президент мемлекет және үкімет басшысы болып есептеледі. 2004 жылдың 20 қазанынан бастап (2009 жылдың 8 шілдеде екінші мерзімге сайланды) Сусило Бамбанг Юдойоно Индонезия Президенті ретінде болуда және елдің қарулы күштерінің қолбасшысы міндетін атқаруда. Вице-президент Боэдино, «Демократтар Партиясының» өкілі. Елдің ең жоғарғы заңшығарушы өкілді органы ретінде екі палаталық Халықтың Консультациялық Ассамблеясы болып табылады (People’s Consultative Assembly). Аталған Ассамблея - Аймақтар Өкілдері Кеңесінен (Regional Representative Council) және Халықтың Өкілдер Кеңесінен (People’s Representative Council) тұрады. Бүкіл депутаттық құрылым (Аймақтар Өкілдері Кеңесі – 132 адам, Халықтың Өкілдер Кеңесі – 560 адам) тікелей парламенттік сайлау арқылы құрастырылады. Халықтың Консультациялық Ассамблеясының төрағасы - Тауфиг Киемас (2009ж. қазан айынан бастап). Ауыл-шаруашылығы - Индонезия экономикасының басты саласы болып табылады. Мемлекет аумағының 25% өңдеуге жарамды. Елде жыл сайын 48 мың тонна кофе, 2 миллион тонна пальманың майын, 250 мың тонна шай жинауда. Сонымен қатар татымды, темекі, қантты қамыс, жүгері заттарымен қоса тропикалық жемістерді және көкөністерді үлкен көлемде жинауда. Ұлттық дамудың орташа мерзімді жоспарының басты салаларының бірі ретінде мұнай шығару көлемін үлкейту болып есептеледі. Оның елдегі барланған қорлары шамамен 6 млрд. баррель құрайды. Аталған қорлардың көбісі теңіз жағалауында орналасқан. Елдегі ең ірі мұнай кен орындары Дури мен Минас Орталық Суматра аралында ашылған. Басқа ірі кен орындарын жетілдіру мен мұнай шығару жұмыстары Ява аралының солтүстік-батыс жағалауында да жүргізілуде. Ява аралындағы тоқтатып қойылған Чепу мұнай кен орнын зерттеу барысында, онда шамамен 500 млн. баррель бар екендігі көрсетілді. Қазіргі таңда Индонезия территориясында жалпы қуаты 1 млн. баррель мұнайды өңдей алатын 8 мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істеуде. Ұлттық мұнай компаниясы «Пертамина» 2012 жылға дейін әр жыл сайын мұнай шығару көлемін орташа шамамен 13-17 пайызға үлкейтуді жоспарлауда. Индонезия заттарын сатып алатын (импорттайтын) мемлекеттер - Қытай – 15,1 %, Еуропа Одағы (Германия, Франция, Ұлыбритания) – 14,4 %, Жапония – 12,2 %, АҚШ – 9,0 %, Сингапур – 7,4 %, Австралия – 5,3 %, Малайзия – 4,1 %, Оңтүстік Корея – 4,0 %, Тайвань – 2,8 %. Шетел инвестицияларының басты салалары химиялық және фармацевтикалық өндірістері, қағаз, тамақ және кен қазу өндірістері, сауда және құрылыс болып есептеледі. Шетел инвестицияларының қаражат бөлудегі басты аудандары әкімшілік округі Джакарта қаласы, Батыс және Шығыс Ява, Риау және Бантен провинциялары болып табылады. Шетел инвестицияны бөлетін басты мемлекеттер - Ұлыбритания, Тайвань, Сингапур, Жапония және Оңтүстік Корея Индонезия Республикасы 31 провинцияға және 2 ерекше әкімшілік округқа – Джакарта және Джокьякарта қалаларына бөлінеді. по дисциплине: “ Институциональная экономика ”
Выполнила студент 2 курса факультета ИЭМ группа М – 21 Ф.И.О. Солодовник К.А. Руководитель: к.э.н., доцент Медведев И.П.
Белгород 2012 Содержание. Введение……………………………………………………………………...3 Биография и основные события личной жизни……………………………4-5 Основные произведения и теоретические положения его воззрения…….6-8 Список литературы…………………………………………………………..9
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 87; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |