Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Понятие, структура и основные черты кредитной системы в РФ. 3 страница




1.2 Ауылшаруашылық өнім өткізудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары

Кәсіпорында өнімді өткізу саясаты жоспар - бағдар жасау негізінде жүргізіледі. Оның жүзеге асырылуы бәрінен бұрын кәсіпорын жұмыскерлерінің қызығушылықтарымен ынта-жігерін ұйымдастыруға бағытталған.

Бұл саясаттың мазмұнының негізіне мыналар кіруі керек: болжамданатын, ағымдағы, орта және ұзақ уақыт даму үрдістерін (өндірістің даму қарқыны, өндірілетін өнімдер көлемінің, құрылымдық сәйкестілігі, материалдық және басқа да базалармен жабдықталуы және т.т.б.) айқындау және бағалау; өндірістік-экономикалық және әлеуметтік дамудың стратегиясы мен тактикасын дамыту, экономикалық дамуының негізі реттегіштерінің параметрлерінің және сандық өлшемін анықтау және орнату, шаруашылық етудің экономикалық механизмінің құраушыларын-мемлекеттік және басқа да инвестициялар бағасын, қарыздар, несиелер және т.б.

Кәсіпорында өнімді өткізу саясатының негізгі міндеттері:

· өнімді өткізу жүйесінің модификациясы есебінен өткізудің балама желісін құру;

· жаңа тауардың артықшылықтары мен жетістіктері жөнінде тұтынушыға ақпарат беру үшін ақпаратты жарнама саясатын белсенді жүргізу;

· жаңа тауар мен нарықта бар ұқсас тауар арсындағы функционалды бәсекені анықтау;

· жаңа тауардың нарыққа келуіне бәсекелестерді жауапты мінез құлқы мүмкіндіктерін зерттеу;

· жаңа тауардың нарыққа бейімделуін қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның өсу кезеңінде тұтынушылар тауарды танып осы негізде оны өткізу жылдам көбейіп, тауар модификациясы кеңейеді, өндіріс толық қуаттылыққа жұмыс істейді, алайда кейбір фирмаларда ірі өндіріс сериясына өту есебінен өндіріс қуаттылығы жоқ. Нарықта нақты тауар үлкен көлемде сатылады, бәсеке–тауар пайда бола бастайды.

Бұл кезеңде тауар жұмыс істелінгендіктен және жетілгендіктен оның сапасы өте жоғары. Өсудің жоғарғы қарқыны бағаланады. Кәсіпорын табысы жылдам өседі және кезең аяғына дейін жоғары шамасына жетеді. Себебі бұқаралық нарық осы тауарға төлеуге дайын. Маркетологтар табыс алу басын өнімді өткізу кезеңімен байланыстырады. Барлық мүмкін болатын нарықты қамтуға мүмкіндік беретін жолдарды қарастыру алға шығады. Тауар шығару көлемінің өсуінен шығындар өсіп, бәсекелестер саны көбейеді. Жоғары табысты нарыққа енетін кәсіпорындар пайда болады, енгізу көлемі тез өсіп, тұтынушылар тобы кеңейеді. Бұл жаппай өткізу арналары арқылы жүзеге асады. Сондай ақ жарнама жұмыстарының акценті ақпараттықтан агрессивті, сендіруші, бұқаралық жарнамаға ауысады. Кәсіпорын нарықтағы лидерлігіне, сауда белгісіне және ерекше бәсеке қабілеттілігіне сүйене отырып, тұтынушы өз тауарының жетістіктерне сендіруге тырысады.

Бұл кезеңде кәсіпорынның өнімді өткізудегі саясатының басымды мақсаттары:

· сұраныс өсуі жағдайында нарықты кеңейту;

· тауар модификациясы есебінен тура бәсекелестен арылу;

· тауарларды үлкен көлемде сату үшін үлкен өткізу желісін қолдану;

· тұтынушылардың жаңа тобын тарту мақсатында бағаны төмендету.

Мұндай нарықта даму үшін фирманың қаржылық базасы болуы керек.

Кезең бойынша кемелдену сатысы ең ұзақ болып саналады. Нарықтар шектен тыс сегменттелген. Бұл кезең өндірістің қуаттылығын толық немесе кейбір артып қалулармен және технология тұрақтылығымен байланысты. Тауар ірі партиялармен шығарылып, ассортиментті кеңейту және тереңдету шығындары жоғары болады. Кәсіпорын сұранысты қанағаттандыру мақсатында тауарларды үлкен көлемде шығару саясатын ұстанады. Тауарлар басымды сапасымен ерекшеленеді және ол дәстүрлікке өтеді.

Бұл кезеңде тауарды табысы орта тұтынушылар сатып алады. Нарықтың молығуы шеңберінде өткізу тұрақтанады. Сондай ақ нарықта әлі де мәнді сұранысты пайдалану үшін көптеген фирмалар нарыққа енеді.

Бәсекелестерге қарағанда жоғары баға белгілеу саясаты.Егер кәсіпорын бірегей қасиеттері бар жоғары сапалы тауар шығарса, онда ол бәсекелестерге қарағанда, жоғары баға қоя алады. Бұл саясатты қолдануда көптеген елдермен қатар, Қазақстанда да баға деңгейін бәсекелестермен сөз байласып, келісу арқылы қоюға монополияға қарсы заң тыйым салады. Соған қарамастан көптеген қазақстандық компаниялар арасында сөз байласып баға белгілеу де орын алады. Бәсекелестен жоғары баға стратегиясы көбіне өз өнімінің сапасы жоғары екендігіне сенімі зор компаниялар қолданады. Мұндай саясат «Фуд Мастер», «Беккер және К» компанияларына тән. Мысалы, «Беккер және К» БК-тың шұжық өнімдерінің бағасы, әсіресе, «Докторлық», «Сыра ішуге арналған майлы шұжық» сияқты жоғары сорттарының бағасы бәсекелестерге қарағанда 30-40 % жоғары./13/

Қазіргі кезенде отандық кәсіпорындардың баға белгілеу әдістері ең алдымен шығындарға, инфляциялық болжамға сонан соң сұраныс пен бәсекелестер іс- әрекеттеріне сай бейімделеді. Сұраныс пен бәсекеге бағытталған әдістер әдістемелік базасы мен қолдану тәжірибесінің жоқ болуы себепті мамндардың біліктілігі мен тиісті ақпараттық базаның болуын талап етеді.

Баға белгілеудің барлық тәсілдерін үйлестіруге болады. Сұранысты баға өсірудің ең жоғары шегі, шығындарды оның төменгі шегі ретінде, ал бәсекелестердің бағалары мен бірін-бірі ауыстыратын (субститут) тауарлар бағасын бағаның жуық мәні деп алуға болады.

Компанияның өндірістік қуаттар толық іске қосылмағанда, сату көлемін арттыру қажет болған жағдайда, сонымен бірге нарық үлесі төмендегенде бағаны түсіру саясатын қолданады. Бағаның түсуін тұтынушылар тауар сапасының төмендеуінен деп ойлауы мүмкін. Сонымен қатар, едәуір қорлары бар мықты бәсекелестер өз бағаларын төмендетіп, компанияны нарықтан ығыстырып шығаруы мүмкін.

Бағалардың өсуінің негізгі факторы- бұл қазақстандық тауарлар мен қызмет нарығында орын алып отырған шығындар инфляциясы. Шығындар үлесінің артуы өнімділіктің өсуіне сәйкес келмесе рентабельділік төмендеп, кәсіпопрын баға деңгейін өсіруге мәжбүр болады. Бағалардың өсуіне себеп болатын тағы бір фактор- шамадан тыс сұраныс.

Маркетологтар бағаны жоғарлатқанда мынадай ережелерді орындауы тиіс:

1. Тұтынушылар бағаның артуы орынды деп қабылдауы тиіс, оларды осыған сендіру қажет.

2. Бағаларды белгілейтіндей етіп, біртіндеп өсіру керек.

3. Шығындарды қымбат емес материалдарды қолдану есебінен азайту, рентабельді емес бұйымдар өндірісін қысқарту, сұраныстағы қызмет түріне төлемақы белгілеп, олардың жалпы деңгейін төмендету, жеңілдктерді реттеу, тауардың күрделі конструктивтік ерекшеліктерін қолданбау, қымбат емес орайтын материалдарды қолдану қажет./14/

Ассортименттік саясат тұтынушы талабына сай тиімді ассортименттік, тауар құрылымын, бір уақытта өнімнің өмірлік циклінің әр кезеңінде болатын өнім модификациясы мен жаңа тауарды шығару проблемасын топшылайды.

Бір уақытта нарықта болатын, бірақ жаңашылдық кезеңімен ерекшеленетін тауарлар ассортиментін оңтайландыру кәсіпорын табыстылығы мен жұмыс тұрақтылығын кепілдендіреді.

Нарықта бір уақытта тауардың келесідей топтары болуы мүмкін:

· Негізгі – кәсіпорынға негізгі табыс әкелетін және өсу кезеңіндегі тауарлар;

· Қолдаушы – сатудан түскен түсімді тұрақтандыратын және де толысу сатысында тұрған тауарлар.

· Стратегиялық тауарлар – кәсіпорынның болашақтағы табысын қамтамасыз етуге икемделген тауарлар.

· Тактикалық - өсу мен толу сатысында тұратын және негізгі тауар топтарының сатуы ынталандыруға бейімделген тауарлар. Тауардың негізгі тобы нарық айналымындағы барлық тауарлардың 73-85% құрайды.

Кәсіпорынның өнімді өткізу саясаты келесідей бағытта құрылуы мүмкін:

· өндірісті мамандандыру;

· әртараптандыру;

· диверсификациялау;

· интеграциялау

Мамандандыруды қолдануға келесі факторлар әсер етеді:

· өндірісті ұлғайтуға ресурстардың болмауы;

· технологиялық процестің ерекшеліктері және тауардың өзіндік артықшылықтары;

· нақты тауар нарығының терең сегменттелуі.

Әртараптандыру саясаты бәсекелестердің тауарлары мен қызметтеріне қарағанда ерекше, өте жақсы сапасымен тауарлар мен қызметтердің бөлініп шығуы, оларға айрықша тұтынушылық қасиеттер, ерекше сапа, ғылыми техникалық және технологиялық ерекшеліктер, шикізаттың басым сапасы, сенімділік, сатылғаннан кейінгі қызмет және сыртқы түрі жатады. Алайда, бұл саясат үлкен шығындарды талап етеді.

Әртараптандыру саясаты фирманың нақты тауар саясаты деңгейінде өсу мүмкіндігі аз болса немесе бәсекелестер позициясы өте нақты болғанда қолданылады.

Әртараптандыру шоғырланған және таза түрін бөліп қарастыруға болады.

Шоғырланғын диверсификацияда фирма өндіріс тізбегінен шығып, өндіріс бағдарламасын қызметтің басқа түрлерімен толықтырады.

Таза әртараптандыру стратегиясы. Коммерциялық және технологиялық жоспармен де байланыспайтын, қызметтің жаңа түрі меңгеріледі. Тәуекелді және күрделі, алайда, сұраныс құрылымы өзгергенде тәуекелділікті төмендетуге мүмкіндік беретіндіктен кәсіпорынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Мысалы, «Беккер и К» Қазақстан/Герман біріккен кәсіпорнын диверсификациялы деп атауға болады, себебі кәсіпорын құрамына тәулігіне 10 т. шұжық өнімдері мен ет өнімдерін өндіретін шұжық цехы, 1000 бастық шошқа фермасы, 500 кг жуық нан пісірілетін шағын наубайхана, сыра өндіретін зауыт және «Пруссия» рестораны кіреді.

Интеграция көлденең және тік, «алға» (сауданы қамту) және «артқа» (жабдықтау көздерін қамту) деп бөлінеді.

Өнім элиминациясы – бұл өнімді қысқарту саясаты. Элиминация бойынша шешімді төмендеу немесе енгізу сатысында келесідей факторлар есебінен қабылдайды:

· өнімді өткізу көлемін және оның жалпы айналым көлеміндегі бөлігін төмендету;

· нарық бөлігін қысқату;

· нақты өнім есебінен шығындарды жою нолге төмендейді;

· жарнамалаудың жоғарғы пайызы;

· сұраныс құрылымының, сәнінің және құндылығының өзгеруі.

Өндіріс бағдарламасынан өнім шығару туралы шешімді міндетті түрде экономикалық көрсеткіштерді (табыс, шығын) және фирма тауары арасындағы байланысты талдағаннан кейін ғана қабылдау керек.

Кәсіпорынның өнімді өткізу қызметі бірнеше шаралар жиынтығынан тұрады. Оларды зерттеу мақсатына тұтынушыны оқып білу, оның нарықтағы тәртібінің мәнісін зерттеу, мекеменің жеке нарығын талдау, сондай-ақ, өнімді зерттеу (өнімді немесе көрсетер қызмет түрін), өткізу нысандары мен жолдарын талдау және мекеме тауар айналымы көлемін талдау мәселелерін тіркейді. Сонымен қоса бәсекелестерін оқып білу, бәсеке түрлері мен деңгейін анықтау, жарнамалық қызметті зерттеу, тауардың нарықтағы жылжымалылығының алдыңғы шектегі әдістемелерін анықтау, нарық шыңын меңгеріп білу.

Тұтынушыны байқап тануда, маркетингтік қызмет осы компанияның тұтынушылық қажеттілігі құрылымын анықтайды.

Тұтынушылар пейіліндегі себеп-сылтауларды зерттеу нарықтағы белгілі бір топтағы тұтынушылар мінез-құлқын болжауға береді және ол мақсатты түрде жүзеге асырылып отырады.

Нарықты талдау шығарылған тауарға деген нарықтың сыйымдылық қабілетін анықтауды мақсат етеді.

Маркетингтік қызметтің алдына қойған мәселесі болып, нарықтың жаңа өнімдерге деген талабын анықтау есептеледі және бар өнімдері осыған сәйкес жақсартылады немесе өзгертіледі.

Өнімді өткізуді тиімді іске асыру, сату жүйелері мен әдістеріне талдау жүргізу, маркетинг тұрғысынан, өнімді қалай да жақсы әсерлі сату, компания беделін көтеру, нарықта жол ашу, дәл жолдарды табуды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресстің дамуының барысында кез келген кәсіпорынның тиімді кызмет жасауы тек өндірістік, ғылыми-техникалық потенциал, қаржылық мүмкіндіктерге ғана емес, сонымен қатар дұрыс жүргізілген маркетингтік зерттеулер және оның нәтижелеріне байланысты болады. Мұны соңғы 10-15 жыл ішіндегі маркетингтік зерттеулердің бизнестің жеке бір саласына айналуынан көруге болады. Дамыған елдерде мұндай зерттеулермен тек ірі кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар орта дәрежедегі фирмалар да айналысады. Қолда бар берілгендерге қарасақ бұл зерттеулерде 50% жоғары американ, 86% жоғары еуропа және 60% жуық жапон компаниялары жүргізеді екен. Бұл жұмыспен көптеген зерттеу ұйымдары (бюро, фирмалар, агенттер), университеттер жарнама агенттіктері, кейбір мемлекеттік ұйымдар айналысады.

Нарықта болып жатқан жағдайлар туралы шынайы, уақытылы ақпарат сұраныс, ұсыныс, нарықтың баға өзгерісін болжап, жаңа маркетингтік шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Нарықтың барлық элементтері үнемі қозғалыста болып тұрғанын ескерсек, нарыққа ондағы жағдайды зерттеп білмей, күтіліп отырған өзгерістерді бағаламай шығуға болмайтыны түсінікті. Маркетингтік зерттеулердің міндеті кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасын жан-жақты талдау және осы ақпарат негізінде өндіру-өткізу қызметіне байланысты шешім қабылдау.

Ассортименттік саясат – ұсынылатын өнімдер – бұл бекітілген сапа және тұтынушылардың таңдауына сәйкес өнімнің арнайы сызығы.

Ассортименттік саясаттың негізгі мақсаты – өндірілген өнімді кеңейткенде немесе қысқартқанда, факторлар кешенін қарастырғанда тиімді шешім табу болып табылады. Ассортименттік саясат талғамдары мен ақша қаражаттары әр түрлі тқтынушыларды қамту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар нарықтағы кәсіпорынның үлесінің өсуін қамтамасыз ету және табысын ұлғайту. Ассортименттік саясатта өнімді қысқарту немесе ұлғайтудың қайсыбірін қарастырсақ та, олар артықшылықты фактор ретінде алынады, бұл маржиналды тәсіл, келесісінде өнімнің түрі мен оның жағдайы (ішкі және сыртқы факторлар) қарастырылады.

 

 

1-кесте- жаңа өнімді нарыққа шығару саясатының жүйесі

 

Идеяның генерациясы – нарықта сатуға ұсынылуы мүмкін өнім туралы жалпы ұғым. Жаңа өнім стандартты немесе еш нәрсеге ұқсамайтын оригиналды болуы мүмкін.
Идеяларды бағалау және талдау – жаңа өнімнің айтарлықтай тартымды идеясын таңдау
Экономикалық талдау – өзіндік құнды, таза пайданы және сатып алыну уақытын есептеу
Тауарды жасау
Бизнес – экспресс талдау – нарықтағы өнімнің жағдайы, жаңа өнімнің бәсекелік артықшылықтары мен жетіспеушіліктері
Нарықты байқап көру – бұл кезеңде анкета жасап, оны әрі қарай ақпарат ретінде өңдеу
Коммерциялық өткізу – жетекшілер комиссиясы белгіленген уақытта сатуды байқап көру, әрі қарай өнімді салмағы, рецептурасы және дизайны бойынша түзеу.

 

Кестедегі мәліметтер бойынша ассортименттік саясат бойынша кәсіпорында құрылған жұмысшы топтары келісіп, дұрыс нәтиже алу үшін әр бөлім қызметкерлеріне өз міндеттерін бөліп береді. Ассортименттік саясат пен жаңа тауар шығару үрдістері бір бірімен тығыз байланысты. Себебі, ассортименттік саясатты жүзеге асыру үшін біз жаңа өнім түрін шығарамыз. Ал өнімді өткізу саясатының ішіндегі жаңа тауар шығару мен ассортименттік саясат өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыратыны сөзсіз./15/

Ассортименттік саясатты жүзеге асыру үшін кәсіпорында келесідей жұмысшы топтарының құрамы болуы мүмкін (өнімді өндіру, оның қауіпсіздігі және сапасы бойынша директор, қаржылық директор, маркетинг бөлімінің бастығы, экономикалық, дайын өнімді басқару, жаңа технологиялар және т.б.бөлімдердің бастығы).

Ал егер де тауар маркетингтік негізсіз жедел жағдайда енгізілсе, онда жаңа өнім жүйесін енгізу керек. Жаңа өнім жүйесі келесі кестеде көрсетілген.

Қазақстанда әлеуметтік бейімделген нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуына сәйкес, кәсіпорындар әлемнің дамыған елдерінде қазіргі заманда негізгі болып саналатын әлеуметтік немесе қоғамдық өнімді өткізу саясатының тұжырымдамасын пайдалануы керек.

Республикадағы нарықтық экономиканың даму шамасына қарай өнімді өткізу саясатын енгізу кешенді сипатта өтуі керек және әрбір ұымның қызметі басқарудың қазіргі нарықтық тұжырымдамасына сәйкес қайта бейімделуі қажет. Өнімді өткізу саясатының тұжырымдамасын тәжірибе жүзінде енгізу – сатып алушы нарығының қалыптасуы, нақты тұтынушылар тобының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірісті қайта бейімдеу.

2 - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы

Ауыл шаруашылығыматериалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен жəне өнеркəсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан жəне мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық жəне омарта шаруашылығы да кіреді. Қазақ жерінде б.з.б. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой жəне ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дəлелқыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дəндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тəуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін жəне бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан жəне Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен жəне балық аулау кəсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салаларыегіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл жəне тамақ өнеркəсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркəсіп кешенінде кең ауқымды əлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.

Ауыл шаруашылығышаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі жəне табиғат жағдайларына тікелей тəуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығынеғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді.

Қазіргі мəлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сəйкес елдер индустриялы, постиндустриялы жəне аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді. Экономикасы дамыған елдер тəжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мəселесін шешу жəне дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дəлелдеп отыр. Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған жəне осы негізде халықтың тұрмыс дəрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты. Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының стратегиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту жəне оның өзімдік құнын əлемдік бəсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркəсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.

Қазақстанның аграрлық секторы əлеуметтікэкономикалық жағынан терең түрлендірілді, шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды. Тауар өндірушілердің құрамы түбегейлі өзгеруі, меншіктің жаңа, мемлекеттік емес формалары орнықты. Дегенмен, соңғы он жыл ішінде елімізде азық-түлік өнімдері, олардың ең қажетті түрлері бойыша екі жəне оданда көп есе кеміп кетті, өндірілген өнімді өткізудің қалыптасқан жүйесі өзгерістерге ұшырады. Рыноктың экономикаға көшу көптеген күрделі проблемалар ішінде ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырум формаларын өзгертуді жеке мəселе ретінде қойып отыр. Сондықтан нарықтың қатнастарға өту жағдайында агроөнеркəсіп кешенінің негізгі буынында өндірісті ұйымдастырудың мəселелерін зерттеу өзектілікке ие болып отыр. Азық-түлік проблемасының шиеленісуінен ауыл шаруашылығын жəне онымен байланысты салаларды, аграрлық қатнастарды дамыту туындайды. Қазіргі уақытта эканомикалықəлеуметтік саясатты бірінші кезекте аграртлық мəселелерді, əсіресе азық-түлік кешенінің маңыздылығын ескеру, дағдарыстан шығудың алғы шарттарын жасау, саладағы жаңа нарықтың құрлымдарға жан-жақты қолдау шараларын жəне ауыл шаруашылығының дамуындағы мемлекеттің ролін қарастыру актуалды мəселе болып отыр. Сол себепті аграрлы өндірісті дамыта отырып, осы саланың қызметін түпкілікті жақсартуелдің азық-түлік мəселесі мен əлеуметтік шиеленісті шешіп, Қазақстанның рыноктық қатынастарға барынша бір қалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Тəуелсіз мемлекет тұрғысынан əсіресе оның даму негіздері мен тəсілдерін өзгерту, шаруашылық жүргізудің жаңа əдістерін меңгеру, өнім көлемін көтеру жəне оны өңдеу, сақтау, тасымалдау, əдістерін жетілдіру, осы негізде агроөнеркəсіп кешенінің инфроқұрылымдарын дамыту мəселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды. Өйткені ауылға көңіл бөлу, ауылды көркейту- мемлекеттік дəрежедегі аса маңызды шаруа. Ауыл шаруашылығын қайта өркендету бұдан бұлай өзекті мəселеге айналу керектігі бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы. Осы саланы қалпына келтіру үшін үкімет үш жыл көлемінде 150 миллиард теңге қаржы бөлмекші. Ауылшаруашылығын өркендетуде қазіргі таңда алда төмендегідей міндеттер тұр:бірінші, азық-түлік рыногын тұрақтандыру.екінші, импорттық тауарлардың тасқыны күшейген қазіргі жағдайда халықтық отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу.үшінші, аграрлық жəне өнеркəсіптік секторлардың мүдделерін тиімді үйлестіре отырып тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету. төртінші, ауыл инфроқұрылымдардың тозғыншылыққа ұшырауын тоқтату.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 72; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.022 сек.