КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Понятие, структура и основные черты кредитной системы в РФ. 4 страница
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласыауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығыең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркəсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, əлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, əлем нарығында бəсекелестікке қабілетті агроөнеркəсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының əлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003- 2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сəйкес, агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың əлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер əкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан əлдеқайда үлкен нəрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, əлеуметтік əрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегенімізсайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мəдениетіміздің, дəстүріміздің, əдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тəжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөндеп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық- түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс жəне оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нəтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы жəне ауылдың əлеуметтік жағдайын көтеру мəселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды. Соңғы жылдары осы сала бойынша, қол жеткізген ең үлкен жетістік ретінде агроөнеркəсіптік кешеннің дамуының тұрақты арнаға түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңда, көптеген заң аясындағы актілер, сондай-ақ жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың негізіндегі жаңа ережесіжерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып табылады. Сондықтан, жер кодексінің мəні, сол заң арқылы ауылдың əлеуметтік экономикалық жағдайына əсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстаның аумағындағы жер қатынастарының даму тарихыбұл өте күрделі əрі қызықты да тақырып. Реформалау процесінде қалыптасқан жерде меншік пен шаруашылық жүргізу түрлерін талдау мен жер қатынастарын жетілдіру мəселелерінің маңыздылығы сөзсіз. Аталған мəселе бойынша іс жүзінде əлі де толығымен зерттелмеген деуге болады, алайда, бұл тақырып, көптеген ғалымдарды, саясаткерлердің ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дəлел ретінде, бірақтар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихи мəліметтерді айтуға болады. Қазақстанда феодалдық жер қатынастарын дамуын көптеген қазақстандық жəне шетелдік ғалымдары зерттеген. Жер қатынастарында мемлекеттік бақылау жерді пайдалану мен қорғау саласындағы жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ететін нормативті құжат бұл «Жер кодексі» заңы. Жерді құқықтық қорғау мен сақтау саласындағы жер құқық қатынастары қиын да əрі өзекті мəселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында аграрлық қатынастардың нарыққа бейімделуін қамтамасыз ететін оның даму мəселелерін, осы ауыл шаруашылығы саласындағы терең өзгерістерді тарихи ғылыми талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты, зерттеу жұмысының міндеттері төмендегі мəселелерді қамтиды. 1985-1990 жылдар аралығындағы республика ауыл шаруашылығының алдына тұрған проблемалар жəне оларды шешу жолдарын көрсету. Республикада осы жылдар аралығында жүргізілген Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатының шынайы бағыт- бағдарын, мəні мен сипатын жəне қайшылықтары мен зардаптарын айқындай түсу. Кеңес өкіметінің аграрлық салада жүргізген саясатының мəнін ашып, тəжірбиесін ой-елегінен өткізе отырып, ауыл шаруашылығының жағдайын сапалық жағынан жоғарғы деңгейге жеткізе алмауының себептерін ашып көрсету. Аграрлық қатынастардың даму кезеңдері мен жаңа əлеуметтік экономикалық мазмұнын айқындау. Орталықсыздандыру саясаты мен ауылдың аймақтарға жасаған ықпалын көрсету. 1985-2006 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдың əлеуметтік экономикалық дамуы көрсеткіштері нақты статистикалық мəліметтер негізінде зерттеу. Ауыл шаруашылығы саласындағы жекешелендіру процесі жəне оның нəтижелерін көрсету. Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, аграрлық қатынастардың жаңа əлеуметтік-экономикалық мазмұнын айқындау. Нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастарды жетілдіру бағыттарын қарастыру.Қазақстанда «Ауыл жылдары» кезінде жүргізілген аграрлық реформаның проблемаларына талдау жасау. Өтпелі кезеңге сəйкес келетін жер қатынастарының даму процессінің ерекшелігін қарастыру. Ауылдың жағдайын, ондағы əлеуметтік-экономикалық мəселелерді қарастыру. Қазақстандағы аграрлық қатынастардың даму кезеңдері мен жаңа əлеуметтік мазмұнын айқындалды, аграрлық өндірісіндегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, аграрлық саясат бағыттарына талдау жасалған. Өтпелі кезеңге сəйкес келетін жер қатынастарының даму процессінің ерекшелігі қарастырылған. Проблеманы зерттеу барысында соңғы кезге дейін ғылыми айналымға енбеген мұрағат қорларының деректері негізінде ауыл шаруашылық жағдайының мəні мен принциптері жан-жақты зерттелген. Ауылдың жағдайы, ондағы əлеуметтік мəселелері қарастырылған. Агроөнеркəсіп мемлекет иелігіне «алу» мен «жекешелендіру» колхоздар өміріндегі алғы шарттары мен қиыншылықтары, колхоз өндірісін басқарудағы орталықсыздандыру саясаты мен оның мазмұнының біртіндеп өзгеруі көрсетілген. Аграрлық саладағы дағдарыс себептері қарастырылып, нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында ауыл шаруашылығының проблемаларын одан əрі теориялық негізі талданған. Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылған реформалардың кемшілігін, өтпелі кезеңннің объективті заңдылықтарын, ең алдымен оның тарихи сипаты жан-жақты сипатталған. Аграрлық қатынастарға кешенді, жан-жақты анықтама беру арқылы кейбір теориялық жəне методологиялық тұжырымдама жасалға Саланың негізгі көрсеткіштері. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі2014 жылғы2527,9млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артық (соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің шығарылымы 1327,9 млрд. теңгені, мал шаруашылығы өнімі – 1189,6 млрд. теңгені құрады). Өсімдік шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 98,5%-ды, мал шаруашылығы өнімі - 103,9%-ды құрады. Егіс алаңының құрылымы2014 жылы барлық ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары шамамен 21,2 млн. га құрады (2013 жылдың деңгейінде). Дәнді дақылдардың егіс алқаптары 15,2 млн. га құрады, оның ішінде бидай - 12,4 млн. га. Майлы дақылдар 2,3 млн. га, мақта – 127,5 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары – 414,3 мың га, малазықтық дақылдар – 3,1 млн. га алқапта орналастырылды. Бұл ретте 2014 жылы жалпы республика бойынша картоп пен қант қызылшасын қоспағанда барлық дақылдар бойынша егіс алқаптарының құрылымдарын әртараптандыру бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен облыс әкімдіктерінің арасында жасалған меморандумдардың индикативті көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Бидайдың алқабы «ең жоғарғы» 2009 жылмен салыстырғанда 2,4 млн. га қысқарды. Қабылданған шаралар бидайға деген сұраныс пен ұсынысты теңдестіруге, баға демпингінің туындауы шарттарын болдырмауға, ауыспалы егісті жақсартуға және жемазықтық дәнді, майлы, жарма және көкөніс-бақша дақылдарының алқаптарын кеңейтуге мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы 2015 жылғы 1-қаңтарда ҚР ҰЭМ статистика жөніндегі комитетінің мәліметтеріне қарағанда республика аумағында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда шаруашылықтың барлық категориясында жылқы малының саны 8.6%-ға артып, 1937.9 мың басты. ірі қара мал саны 3.1%-ға өсіп, 6032.7 мың басты; қой мен ешкі 2%-ға, 17,9 млн. басты, түйе 3,1%-ға 165,9 мың бас, құс 2,5%-ға 35,0 млн. басты құрады. Шошқалардың саны 4,1%-ға қысқарып 884,7 мың басты құрады. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында сәйкесінше 2013 жылмен салыстырғанда ет өнімі өндірісі (соғымдық салмақта) 3,4%-ға артып, 900,2 мың тоннаны, сәйкесінше сиыр сүті 2,8%-ға артып, 5067,9 мың тоннаны, тауық жұмыртқалары 10,1%-ға артып 4291,2 млн. дананы құрады. Сонымен қатар оң өсім шаруа қожалығын қоса отырып,барлық агроқалыптасуларда байқалады. Осылайша мал және құстың саны 2011 жылмен салыстырғанда 5,6 %-дан 6,2%-ға, мал шаруашылығы өндірісі 2%-дан 15,8%-ға артты. 2.2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ Республика көлемінде ауыл шаруашылығы саласында облыс мүйізді ірі қара, жылқы және құс бастары санынан, жүгері, қант қызылшасын, соя, табак, картоп және көкөніс өсіруде, ет, жұмыртқа және жүн өндіру бойынша бірінші орын алады. 2010 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өндіріс көлемі 227,8 млрд. теңгені құрады және соңғы бес жыл ішінде 2,2 есеге артты. Алматы облысы жеміс-жидек өндіру бойынша ең ірі өңір болып табылады. Жеміс беретін жеміс-жидек ағаштарының егістік көлемі облыста 17,5 мың гектарды, жүзімдіктер - 4,4 мың гектарды құрады
2.1 кесте - Негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер
Алматы облысында аймақтық жалпы ішкі өнім көлемі 2 трлнтеңгеден асты. Ал экономиканың өсімдеңгейі 6% шамасында болды.
2.2 - кесте. Экономикалық салалардың өсу қарқыны (Нақты көлем индексі, 2016 - 2015 жыл)
Алматы облысы аграрлық аймақ болғандықтан, мұнда егіншілік пен мал шарушылығының орны бөлек. Әр сала мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдіктерін пайдаланып, дамып келеді. Өткен жылы ауылшаруашылық өндірісінің жалпы көлемі 382 млрд теңгеге жетті. 2.3 кесте- Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымы
2.4 кесте – Алматы облысы ауыл шаруашылығындағы ғимараттар саны
2.5 кесте - Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының анықталған егістік және жиналған көлемі
2015 жылы қазіршімен салыстырғанда, дәнді дақылдардың егістік көлемі 4,2% - қысқарады, мұның есесіне малазығындық дақылдар 28,8% - ға, көкөніс – 36,8%-ға, майлық дақылдар – 35,1%-ға көбейеді. Дәнді дақылдар егістігін бөлек алып қарасақ, бұлардың арасында дәнді бұршақтылар, дәндік жүгері және қара бидай егістіктерінің 2-2,2 есеге дейін өсетінін атап өткеніміз жөн. Техникалық жіне майлық дақылдар бойынша келешек жылдары қант қызылшасы мен рапс егістігінің көлемін арттыруға баса назар аударылады. Бұл-бірінші, екінші құрылымдық өзгерістер. Дәнді дақылдардың үлесі қазіргі 81,4%-дың орнына 2015 ж. 75,9%-ға келтіріледі, яғни 5,5%-ға төмендейді, оның ішінде бидайдың тиісінше, 67,7% және 60,6%. Келешек егістік жерлердің 6,7%-ы техникалық дақылдардың, 5,4%-ы майлық дақылдардың үлесіне тиесілі. Малазығындық дақылдар қазіргі кезде барлық егістіктің 12,3%-ын алып жатыр, келешекте бұлар үлесі 15,5%-ға тең алқаптарға орналастырылады
2.6 кесте - Өсімдік шаруашылығы өткізілген өнім құны
2.7 кесте - Өңірлер бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өткізу нәтижелері
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 86; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |