Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану. 1 страница




Такырып

Какими условиями производства определяется ценообразование в сельском хозяйстве?

Какие значения общей полезности иллюстрируют закон убывающейпредельной полезности?

Какие показатели характеризуют безработицу в стране?

Каковы условия возникновения дифференциальной ренты

Какое из следующих выражений представляет собой общие издержки

Какое условие препятствует возникновению и функционированию рыночного хозяйства?

Какое из положений не имеет отношения к определению предмета экономической теории?

Какой вопрос не выступает объектом анализа на макроуровне?

Какой из видов безработицы связан с общим спадом производства?

Какой вид затрат можно отнести к постоянным вздержкам?

Какая формула соответствует средним постоянным издержкам?

Какая из перечисленных задач является основной для экономической системы?

Какая из перечисленных задач является основной для экономическойсистемы?

КАКАЯ

Когда цена устанавливается ниже равновесной цены, возникает?

Когда экономические проблемы решаются частично с помощьюрыночного механизма, частично на основе государственного вмешательства, то экономика?

КОГДА

Как определяется прибыль?

+разница между выручкой и общими издержками

+смешанная

+дефицит

Какая из школ была исторически первой:

+меркантилизм

Какая из функций относится к функциям экономической теории:

+практическая

Какая из экономических школ впервые сделала предметом своего анализа процесс производства, а не сферу обращения:

+классическая политэкономия

Какая пара категорий раскрывает экономическое содержание собственности?

+присвоение-отчуждение

Какая пара категорий раскрывает экономическое содержание «собственности»?

+присвоение-отчуждение

+скоординировать действия отдельных экономических субъектов

+скоординировать действия отдельных экономических субъектов

+AFC = FC/Q

+арендные выплаты

+циклическая

+мотивация труда

Какое из определений наиболее полно характеризует предмет общей экономической теории:

+это наука о наиболее общих законах развития человеческого общества в условиях ограниченности ресурсов

+неограниченность производственных ресурсов

Какое определение наиболее полно выражает сущность товара:

+полезная вещь, созданная трудом и предназначенная для продажи

+жесткая система управления производством и распределением

+FC + VC

+различие в производительности добавочных вложений капитала в землю

+численность незанятых

+200, 150,100,50

+худшими условиями

Экономикалық дамудың жалпы проблемалары.

1.Қоғам дамуының негізгі шарттары.

2.Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану.

3.Қоғам алдындағы негізгі экономикалық проблемалар.

4.Экономикалық жүйе және оның элементтері.Экономикалық жүйелерді жіктеу.

5.Өтпелі экономика және оның басты белгілері.

Қоғамның дамуының негізгі шарттары.

Адамзат цивилизация дамуының негізін тматериалдық өндіріс құрайды негізгі мақсаты адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қажеттілік – бұл жекеадамның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажетті заттарға (тұтыну заттары, еңбек заттары және еңбек құралдары) деген талабы.

Адамдар қажеттіліктері сан алуан. Олар адам өміріндегі аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыратын бірінші қатардағы қажеттіліктер, оларға қажетті тауарларды өндіру үшін адамдардың еңбек заттарына, еңбек құралдарына деген материалдық қажеттіліктері жатады. Сондай-ақ, рухани қажеттіліктерді де атап өтуге болады. Қажеттіліктердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Қажеттіліктердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты.Олар қоғамның даму барысында өзгертіп, жаңарып отырады. Қажеттіліктердің жаңа түрлері пайда болады, сонымен қатар олардың арасындағы ара қатынастар да өзгертіп отырады. Қажеттіліктің өсу заңына сәйкес,қажеттіліктер үнемі тұрақты түрде өзгертіп, өсіп отырады. Экономикалық жүйенің негізгі міндетті адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру болып табылады. Қандай қоғам болмасын, тіпті бай болса да, адамдардың барлық қажеттіліктердің толық қанағаттандыра алмайды,себебі, адамның материалдық иігіліктерге деген қажеттіліктері шексіз болады.

Адамдардың әр түрлі шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын құралдарын экономикалық ресурстар деп атайды. Экономикалық ресурстар деп қызмет көрсету және тауарлар өндіру үшін пайдаланатын өндіріс факторларын айтамыз. ОЛар келесі түрлерге бөлінеді:

-материалдық ресурстар (жер, табиғи байлықтар және капитал)4-еңбек және адамның кәсіпкерлікке деген қабілеттілігі.

Енді осы ресрстар түрлерін жеке-жеке қарастырайық.

Жер және табиғат байлықтары – өндіріс процесінде пайдаланылатын табиғаттың жаратылыс факторлары. Оған ауыл шаруашылық жерлері, орман, қазба байлықтар, су ресурстары және т.б. ресурстар жатады.

Капитал немесе инвестициялық ресурстарға қызметтер мен тауарларды өндіруге қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары және өндіріс факторларын сатып алуға арналған ақша жинақтары жатады. Еңбек – бұл адамның дене, интеллектуалдық және рухани күш-қуатын жұмсау процессі, яғни жұмыс күшін тұтыну процессі.

Адамның кәсіпкерлікке деген қабілетті – бұл адамның өзгерістерге деген жауапкершілігі бар, тәуелділікке бара алатын, істі дұрыс ұйымдастыра алатын, қабылдаған шешімдерге жауапкершілікпен қарай алатын қабілеттілігі.

Сонымен, экономикалық ресурстарға табиғат, адам және адам өндірген ресурстар кіреді. Бұлардың бәріне жалпы бір қасиет тән: олар сирек кездеседі немесе шектеулі болады. Сөйтіп, қоғамдық өндіріс, қоғамның товарларға деген сұранысын толық қанағаттарндыра алмайды. Сондықтан, қоғам қандай тауарларды және қай мөлшерде бірінші кезекте өндіру керектігін, тауарлардың қайсысын өндіруден бас тарту мәселелерін шешуге мәжбүр болады. Демек, қоғам әр кезде өзінің өндірістік мүмкіндіктеріне қарай тауарлардың белгілі бір мөлшерін өндіре алады. Сондықтан, қоғам бір өнімді өндіруді көбейту үшін екінші өнімді өндіруі кеміту есебінен жүзеге асырылады. Мысалы қоғамда екі тауар өндіріледі делік, ұшақ және автокөлік (сол кезде қоғам өз өндірістік мүмкіншілігін толық пайдаланады, жұмыссыздық жоқ деп болжайтын болсақ). Енді, қоғам осы екі альтрнативті тауарлардың қайсысын, қандай мөлшерде өндіру керектігін таңдау арқылы шешуге мәжбүр болады. Оны төмендегі мысал арқылы көрсетейік.

Ресурстардың толық жұмыс бастылық жағдайында ұшақтар мен автокөліктерді өндіру.

Өнімдердің түрлері Өндірістік альтернативтер
  А В С Д Е
Автокөліктер Ұшақтар          

 

А альтернативі жағдайында қоғам 100 автокөлік өндіретін болса, онда ол бірде бір ұшақ өндіре алмайды екен. Е альтиернативі жағдайында 40 ұшақ өндірсе, бірде бір автокөлік өндірмейді. Яғни, қоғам ресурстардың шектеулігіне байланысты бір уақытта автокөліктер мен ұшақтардың белгілі мөлшерін ғана өндіре алады. Демек, қоғам әр жағдайда бір тауарды (ұшақ) көбірек өндіру үшін екінші тауарды (автокөлік) аз өндіруге мәжбүр болады.

Өндірістік мүмкіншіліктің кестесін жақсырақ түсіну үшін, кестедегі мәліметтерді графикке түсіретін болсақ, онда қоғамның өндірістік мүмкіншілік қисық сызығы төменгідей көрініс алады.

90 В

70 С.О

40 K Д

10 Е

 


0 10 20 30 40

 

 

Өндірістік мүмкіншілік қисық сызығы ұшақтар мен автокөліктерді өндірудің әр түрлі альтернативті варианттарын көрсетеді.Қисық бойындағы нүктенің қайсысы болса да, альтернативті өндірісті сипаттайды. К және О нүктелерінен басқалары. К нүктесі елдегі ресурстар тиімсіз пайдаланылатынын көрсетсе, ал қисық сызығынан тыс орналасқан О нүктесі қоғамның экономикалық жағдайының болашағын сипаттайды. Қоғам сол нүктеге (О) жетуге талпынады.

Тиімділік – экономикалық теорияның негізгі мәселесі болып табылады. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға жету мақсатында, шектеулі ресурстарды жете пайдалану жолдарын зерттейді.

Экономикалық тиімділік өндіріс факторларын немесе шектеулі ресурстарды пайдалану нәтижелігін сипаттайды. Өндірістің түпкі нәтижесі өндіріс факторларының шығындарына қатысы қоғамдық өндірістің тиімділігінің өсуі еңбек, материалдық, табиғи және қаржы ресурстарын мейлінше мол түпкі еәтижелерге қол жеткізу ретінде көрінеді.

Өндірістің дамуының түпкі нәтижесі – адамның өзі. Осы себепті өндіріс тиімділігін таза экономикалық тиімділік деп қарастыру керек.Әлеуметтік-экономикалық тиімділік экономиканың әлеуметтік бағытының тиімділігін көрсетеді. Осы бағытты ескере отырып, өндіріс көлемін ұлғайтқанда еңбек жағдайын нашарлатпауды, айналадағы қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеу керек.

Әлеуметтік-экономикалық тиімділіктен өндірістің экономикалық тиімділігін ажырата білу керек.

Қоғамдық өндірістің бұл екі көрсеткіштерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Олар өзара тығыз байланыста болады.

Өндірістің экономикалық тиімділігі өндірістің түпкі нәтижесінің өндіріс факторларының шығындарына қатысы болып табылады.

Өнд.экон.тиім. =

Экономикалық тиімділік ұлттық экономика шеңберінде ұлттық табыстың, ал жеке салалар, кәсіпорындар шеңберінде – таза өнімінің мөлшерінің тиісті қоғамдық еңбек шығындарына қатысын жетудің негізі болады. Сонымен қатар олар өз ретінде экономикалық тиімділікке ықпал жасайды.

Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану шығындарды азайту негізінде жүзеге асады. Бұл мақсатта белгілі көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Олар мыналар: еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, қормен жарақтандыру, материал сыйымдылығы (өнімге материал жұмсаулы).Олардың ішіндегі ең маңыздысы – еңбек өнімділігі. Ол материалдық өндірістегі бір қызметкерге шаққандағы таза өнімнің ағымдағы еңбек шығындарына қатынасы болып табылады:

ЕӨ=

Еңбек өнімділігінің артауы еңбеккерлердің мамандық дәрежесіне, тәжірибесіне, өндірістің ұйымдатыру деңгейіне байланысты.

Еңбек өнімділігіне еңбектің негізгі өндірістік қорлармен жарақтану дәрежесі де маңызы әсер етеді.

Еңбек өнімділігіне еңбектің негізгі өнірісті қорлармен жарақтану дәрежесі де маңызды әсер етеді. Қормен жарақтану (ҚЖ) қорлардың құнының ағымдағы еңбек шығындарына (еңбеккерлердің санына) қатынастымен өлшеніп, сына формуламен бейнеленеді.

ҚЖ Қ - негізгі өндірістік құны

Ш – еңбек шығындары.

Өндіріс тиімділігін өлшеу үшін басқа көрсеткіштер де пайдаланады. Мәселен, ненгізгі өндірістік қорларды пайдаланудың тиімділігі туралы қор қайтарымы бойынша анықтауға болады. Ол негізгі өндірістік қорлардың бір сомасына шаққанда шығарылған өнім.

ҚҚ=

Өнімнің материал сыйымдылығының көрсеткіші шикізатты, отынды, энергияны, металды үндемдеу дәрежесін анықтауға көмектеседі. Оны мына формуламен көрсетуге болады.

М.С. = М – материалдық ресурстардың жұмсаулы.

Материал жұмсалуын азайту – қазіргі жағдайда өндіріс тиімділігін арттырудың басты бағыттарының бірі.

Тиімділіктің өсуінің түпкі нәтижесі – өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалған жанды және зтқа айналған еңбек шығындарын азайту.

Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін қоғам ресурстар мен өндіріс көлемін толық пайдалануы керек. Мысалы, жұмыс істеймін дегендерді жұмыспен қамтамасыз етуді, сондай-ақ ауылшаруашылық жерлер бос жатпауы, өндіріс құрал-жабдықтары пайдаланбай тұрмауы керек. Сонымен қатар, ресурстар дұрыс және тиімді бөлінуі керек.

Қоғам алдындағы негізгі экономикалық проблемалар.

Экономиканың басты мәселесі, қажеттіліктердің шексіздігі мен ресурстардың шектелігінен туындайтын проблемаларды шешу мақсатында өндіріс факторларын үйлестірудің тиімді әдісін таңдау болып табылады.

Кез келген қоғам өзінің өндірістік мүмкіншіліктеріне қарай келесі үш сұраққа жауап табуы керек:

· Тауарлар мен қызметтердің қайсысын және қандай мөлшерде өндірілуі тиіс?

· Осы қызметтер мен тауарларды қалай өндіруі керек?

· Оларды кімдер үшін өндіру керек?

Тауарлар мен қызметтердің қайсысын және қандай мөлшерде өндіру керек деген сұраққа былай жауап беруге болады.Жеке адам өзіне қажетті тауарлармен қамтамасыз етуді әр түрлі жолдармен: өзі өндіру арқылы, басқа затқа айырбастау арқылы, сыйлық алу арқылы жүзеге асыра алады. Ал, қоғам адамдардың қажеттіліктерінің бәрін бірақ немесе тез арада бірден қамтамасыз ете алмайды. Осы жағдайға байланысты, қоғам ең бірінші кезекте қайсы өнімдерді тез арады өндіру керектігін,қайсысын кейінге қалдыра тұруды, ал қайсыбірінен жалпы бас тартуды алдын ала белгілеп алуы керек.

Дамыған елдер, мысалы, басқа елдермен бәселекестік күресте өндірістің белгілі бар тауар айналымда үлкен жетістіктерге жету үшін зор күш жұмсайды. Ол автокөлік немесе компьютерлер және т.б. да тауарлар болуы мүмкін.

Кейде таңдау өте қиын болады. Дамушы елдерде жұмыс күшінің едәуір бөлігі тек халықты тамақтандыру мен киіндіруге ғана жұмсалады. Мұндай елдерде халықтың тұрмыс деңгейін өндірісті толығымен жұмылдырылғандықтан қоғамға өндірістің деңгейін арттыру оңайға тимейді. Ол үшін ұлттық шаруашылықты қайта құру керек. Ресурстардың біраз бөлігін тұтыну заттар өндіретін өндірісінен күрделі тауарлар өндірісіне ауыстыру керек, яғни өндірістік орындар тұрғызу, құрал-саймандар және машина жасап шығару сфераларына. Бұндай өзгерістер бас кезінде халықтың үшін өндірістегі осындай өзгерістерді жүзеге асыруға тура келеді.

Бірінші сұрақты шеше отырып, келесі сұрақтарға: қалай өндіру керек? Қандай технологияны, өндірісті ұйымдастырудың қандай формаларын пайдалану керек деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Егер қоғамдағы техника дамуы жеткіліксіз болса, онда көп еңбекті қажет етпейтін тиімді технологияны таңдауға тура келеді.

Экономикалық жүйе тиісті ресурстардан мейлінше көп өнім алу үшін өндірістің тиімді тәсілін таңдайды.

Өндірістік орындары, тұрғын үйлерді тұрғызу үшін немесе автокөлік жасап шығаруда, жер учаскілерін пайдалануға әр түрлі жолдарды қолдануға болады. Бір ғимаратты жеке меншік мекемесі, басқаларын мемлекет тұрғызуы мүмкін. Сол сияқты автокөлік жасауда бір мемлекетте мемлекеттік кәсіпорын, басқа елде жеке меншік қатыса алады.

Өндірілген тауарлар мен қызметтердің мөлшері шектеулі болғандықтан, енді оларды қалай бөлу керек деген сұрақ туады. Сондай-ақ, омы өнімдер мен қызметтерді кім пайдалану керек?Өндірілген өнімдер қоғам мүшелері арасында бірдей бөлінуі немесе байлар және кедейлер болуы керек пе? Кедей және бай адамдардың үлесі қандай болуы керек? Бұл проблемалары шешу қоғамның мақсатын анықтайды.

Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономикалық жүйелерді жіктеу (классификация)

Экономикалық жүйе дегеніміз экономиканың өзара байланысты және белгілі бір түрде реттелген элементтердің жиынтығы.Бұл-біртұтас құбылысты құрайтын өзара әрекет ететін элементтердің күрделі жүйесі немесе экономикалық жүйе дегеніміз өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің құрылымын, мазмұнын, олардың әрекет ету механизмін (өзара қатынасын сипаттайтын нақты өндіріс әдісінің формасы.

Экономикалық жүйенің негізгі элементтеріне жататындар: біріншіден, қоғамның өндіргіш күштері, яғни қоғамның материалдық техникалық базасының негізін құрайтын еңбек заттары мен еңбек құралдары, экономиканың әр түрлі субъектілері (жеке адамдар, еңбек ұжымдары). Екіншіден, өндірістік қатынастар, экономикалық, мүдделер мен заңдар, сондай-ақ, осы мүдделер мен заңдарды пайдалану механизмі, яғни шаруашылық механизмі. Үшіншіден, өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштерді байланыстыратын өндіріс процесін қоғамдастырудың ұйымдық формалары (шоғырландыру, мамандаңдыру, интеграциялау).

Экономикалық жүйелердің жіктелінуі әртүрлі белгілерге негізделеді. Бірінші жіктеліну – ащық деңгейі бойынша. Бұл белгі бойыншаекі жүйе: ашық экономикалық жүйе және жабық экономикалық жүйге бөлінеді.

Ашық экономикалық жүйе – бұл ел ішіндегі іскерлік операциялармен қатар, халықаралық сыртқы экономикалық байланыстарға енетін жүйе, ал онымен есеп айырысу шетелдік валюталарды пайдалануды талап етеді.

Жабық экономикалық жүйе – бұл барлық іскерлік операциялар бір ел ішінде жүретін жүйе және онымен, есеп айырысу тек осы елдің ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Жіктелімнің тағы бір белгісі ретінде меншік қатынастары мен экономикалық байланыстар нысандарын айтуға болады. Осы белгіллер негізінде 4 экономикалық жүйені көрсетуге болады.

-дәстүрлі, әкімшіл-әміршіл, нарықтық және аралас экономикалық жүйе.

Дәстүрлі жүйе – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар негізінде ететін жүйе.

Әкімшіл-әміршіл жүйе – мемлекеттік меншікке, директивалық баға жүйесіне, орталықтандырылған жоспарлау жүйесіне негізінден экономикалық жүйе.

Нарық жүйесі – өнімдер мен қызметтерді өндіру процессі, жеке меншікке, еркін баға жүйесіне, бәскелестікке негізделген экономикалық жүйе.

Аралас экономикалық жүйе – экономиканы реттеудің нарық механизмімен қатар мемлекеттік реттеумен ұштастырылаттын жүйе.

Үшінші жіктелім өндіріс процесіндегі өнеркәсіптік төңкеріс пен қазіргі кезеңдегі ҒТР-я негізінде сипатталады.

Бұл жіктеу бойынша келесі 3жүйені ажыратуға болады: индустриялық, индустриялыққа дейінгі, индустрияалықтан кейінгі.

Индустриялыққа дейінгі жүйе – бұл ауыл шаруашылығы, шаруашылық жүргізудің табиғи нысаны және қол еңбегінің басымдылығымен сипатталатын жүйе.

Индустриялық экономикалық жүйе – ірі машиналық өндіріске негізделген, дамыған ақша тауар қатынастары бар жүйе.

Индустриялдықтан кейінгі (постиндустриалды) экономикалық жүйеде басты ресурс – ақпарат, экономиканың жетекші саласы – өндірістік емес салалар, ал экономиканың дамуының мақсаты – адам және оның өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау болып табылады.

Өтпелі экономика және оның басты белгілері.

Өтпелі экономика деп бір шаруашылық жүйесінің екінші шаруашылық жүйеге көшуін айтамыз, яғни біздің жағдайда әкімшіл-әрімшіл шаруашылық жүйеден нарықтық шаруашылық жүйеге өту. Бұл жерде біз мынаны ескеруіміз керек, өтпелі кезеңде қоғам экономикалық жүйені өзгертпейді, ол шаруашылық жүйені өзгертеді. Себебі, экономикалық жүйе – тұтас құбылыс. Өтпелі кезеңде түбегейлі өзгерістер осы біртұтас жүйе ішінде болып жатады. Өтпелі экономиканы біріншіден, кең мағынада қарастыру керек. Осы тұрғыдан алсақ, қазір дүние жүзілік экономика үнемі өтпелі жағдайда, яғни дүние жүзі экономикасын – өтпелі экономика деп айтуымызға болады. Бірақ, оның ішінде өтпелі экономиканың бірнеше түрлері бар. Мысалы, Қазақстанның өтпелі экономикасы, Ресейдің өтпелі экономикасы. Бұл жерде мынаны естен шығармау керек, өтпелі экономика – ғаламдық шеңберіндегі өтпелі процесстердің бір бөлігі.

Осы тұрғыдан алғанда кез келген экономикалық шаруашылық жүйе өзінің дамуында үш кезеңнен өтеді: біріншісі – жүйенің бірте-бірте қалыптасуы. Екіншісі – жетілу кезеңі. Үшіншісі – болашақ жүйенің жаңа элементтерінің пайда болуы және дамуы жағдайында бұрынғы жүйенің біртіндеп жойылуы.

Өтпелі экономканың материалдық негізін біріншіден, өндіріс факторларының түбегейлі өзгеруі, мысалы, аграрлық қоғамнан индустриалды қоғамға көшу. Екіншіден, адамдар арасындағы байланыстардың өзгертуі. Мысалы, дәстүрлі шаруашылық жүйеден (дәстүрге негізделген байланыстар) нарықты шаруашылыққа көшу (нарық байланысы).

Өтпелі экономикада мынадай мәселелер шешіледі:жекешелендіру, макроэкономикалық тұрақтандыру, кәсіпкерлікті ынталандыру, шекараны импорт товарларына ашу, нарық құрылымын қалыптастыру.Ең негізгісі – халықтың тұрсмысы төмен топтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік саясатты ұстану.

Өтпелі экономиканың негізгі мақсаттарына: біріншіден, тауар мен қызмет көрсету нарығын дамыту. Бұл үшін тауарлар мен қызмет көрсету нарығын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек. Екіншіден, қаржы-ақша нарығын қалыптастыру (бағалы қағаздар нарығын, валюта ақша массасын реттеу). Үшіншіден, еңбек нарығын қалыптастыру және дамыту.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 254; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.