КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану. 3 страница
Өнімнің тұтыну құндылығы бұл заттың пайдалылығы, яғни адамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру қасиеті. Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі жаңа ерекше қасиетке ие болады, ол тауарға айналады. Бұл өнім енді өндірушілер үшін емес, басқа адамдар үшін құнды болады, яғни, қоғамдық қасиетке ие болады. Тұтыну құндылықтың қоғамдық өлшемі сұраныс мөлшері болып табылады. Өнімді өндіру ұсыныс көлемін аңықтайды. Егер ұсыныс сұранысты қанағаттандырса, онда заттар қоғамдық тұтыну құндылығына ие болады деп есептеуге болады. Бұл жерде мынадай сұрақ туады. Қандайда болса заттар тауар бола ала ма? Әрине жоқ, себебі өндірілген заттар тауар болуы үшін, біріншіден ол адамның еңбегінің нәтижесі ретінде болуы керек, екіншіден, басқа адамдардың қажеттерін қанағаттандыру үшін өндірілуі керек, үшіншіден, айырбасқа түсуі және эквивалент негізінде айырбасталуы керек. Енді тауарға мынадай анықтама беруге болады. Тауар дегеніміз қоғамдық құндылығы бар және басқа тауарға айырбастау үшін өндірілген енбек өнімі. Заттар немесе өнімдер өзімен өзі тауар бола алмайды, тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбас обьектісіне айналуы тиіс. Сол себептен тауарда еңбек өнімдерін айырбастауға байланысты адамдар арасындағы қатынастар көрініс алады. Тауар айырбасы әртүрлі формаларға ие болуы мүмкін, бірақ брлық жағдайда айырбас бұл бір заттың басқа заттарға айырбасталу процесі болып табылады. Осы себептен нарықта ғана тауар басқа тауарға айырбасталғанда айырбас құнына ие болады. Яғни, айырбас құны бір заттың басқа пайдалы заттарға белгілі пропорцияда айырбасталу қасиеті. Белгілі бір мөлшердегі бір тауарды екінші тауарға теңестіріп тұрған нәрсе, ол екеуіне де еңбек жұмсалған. Тауарға жұмсалған еңбек ол тауардың құны болып табылады. Құн дегеніміз сол тауарды өндіруге кеткен еңбек, ал тауардың айырбас құны, яғни бір тауардың екінші тауарға айырбасталатын белгілі бір пропорциясы. Құн және айырбас құны бірдей емес ұғымдар. Біріншісі тауардың ішкі қасиеттерін білдірсе, ал екіншісі құнның сыртқы көрінісін сипаттайды. Товардың екі нақты қасиеті тұтыну құндылығы және құны бір біріне ауысып отырады. Тауардың тұтыну құнының өзгеруі ертеме, кешпе тауардың құнның өзгертеді немесе керісінше тауардың құнының өзгеруі оның тұтыну құнының өзгеруіне әкеліп соғады. Тауардың тұтыну құны нақты еңбекпен жасалады. Нақты еңбек бұл адамның жұмыс күшінің ерекше пайдалы формада жұмсалуы. Нақы еңбек жаңа құм жасамайды, бірақ тауар өңдіруге жұмсалған өндіріс құрал жабдықтардың құндарын жаңа өндірілген өнімнің құнына ауысуына көмектеседі. Тауар өндіру процесінде адамның еңбегінің нақты түрімен қатар, оның күш құаты жұмсалады. Адамның жалпы күш куатының жұмсалуы абстракты еңбек деп аталады. Абстракты еңбек тауардың құнын жасайды. Әрбір товардың құны белгілі бір мөлшерде, не аз, не көп болады, ал тауар құнының мөлшері оны өндіруге жүмсалған еңбектің мөлшеріне және оны өңдеуге кеткен тауар өндірушінің уақытына сәйкес анықталады. Бірақ та бір түрлі тауарды қндіру үшін әр тауар өндіруші әртүрлі мөлшерде уаұыт жұмсайды. Тауардың құны еңбектің жеке жұмсалу уақытымен белгіленбейді, ол өндіруге кеткен қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты дегеніміз сол кезде көп тараған техникамен, еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейі негізінде сол товарлардың басым көпшілігін өндіруге кеткен уақыт. Құның мөшеріне еңбек өнімділігі, еңбек интенсивтілігі, еңбектің күрделілігі ықпал етеді. Сонымен, товардың құны оның затталған абстракты еңбек болса, ал айырбас құны құнның қоғамдық қатынастар ретінде тек айырбас сферасында нақты формада көрінуі. Құн туралы ең бірінші ғылыми теория ретінде еңбек құн теорисы негіз болды. Оның негізін А.Смит және Д.Рикардо қалағанымен, К.Маркс бұл теорияны жеке зерттеп марксистік эканомикалық ілімнің қағидаларын жасады. Бірақ, эаномикалық теория және өмір дәләлдегендей еңбек құн теорисының кейбір қаидалары практика жүзінде дәләл таппады. Біздің елімізде оны практика пайдалану әрекеті дәлел болғандай, құнды және бағаны тек шығын арқылы анықтау халық шаруашылығанда шығындану механизімінң құрылуына әкеп соқты, яғни өндіріс үшін дамыды, тауарды өндіруге кеткен шығын неғұрлым кқп болса, сол ғұрлым болды. Ол теорияны практикада пайдалануға байланысты тағы бір проблема товардың құнын нақты өлшеуге мүмкін еместігі, ал, бұндай жағдайда өндіріс нәтижесін бұрмалауға мүмкіндік туады. Құн туралы максистік теорияның ең бір маңызды қателігі, К.Маркстың ен басында тауардың тұтыну құнын әрі қарай тандамауы,ол тауардың тұтыну құны саяси эканомиканың пәніне жатпайды деп, тек тауардың құнының қозғалысын ғана зерттеді. Ғалымдардың К.Маркстан кейнінгі буыны тауардың екінші жағына тұтыну құнына басқа назар аударды. Нәтижесінде, басқа құн теориясы шекті пайдалық теорисы пайда болды, Шекті пайдалықты дұрыс түсіну үшін пайдалықтың нақты және абстракты түрлерін ажырата білу керек. Бұны келесі мысал арқылы көрсетуге болады. Су адам үшін аса қажетті өнім екендігін біз бариміз білеміз және оның қандай қажеттіліктерді қанағаттандыратындығын, қандай пайдалылығы бар екендігін тағы да блеміз. Бұл оның абстаркты пайдалылығы. Бірақ оның нақты пайдалылығы да бар. Егер судың бірінші шелегі адамның шөлін қандыру үшін кере болса, екінші тамақ жасау үшін пайдаланса, үшіншісі жуынған, төртінші малға берілсе, бесіншісі бау бақшаны суғаруға жұмсалады.Осылардың қайсысы адамға аса құнды болады? Бәлкім, бірінші шелектегі су болар, ал келесілердің құндылығы біртіндеп кемп отырады. Бұл жерде бірінші шелектегі су адамға аса құнды да, пайдалы да болады, қалғандарының пайдалылығы біртіндеп азайып отырады. Заттың аса пайдалылығы оның құндылығын анықтайды. Өнімнің бар көлемімен және оның пайдалылығы арасында өзара байланыс болады, оны мынадан көруге болады, тұтынушының қармағындағы игіліктердің саны өскен сайын әр кейінгі игіліктің пайдалылығы бұрынғы игіліктердің пайдалылығына азайып отырады. Бұл жалпыға бірдей даму заңы шекті пайдалылықтың төмендеу заңы. Шекті пайдалылық теориясымен еңбек күн теориясы шын мәнінде бір біріне қарсы заңдар болғанымен, олар бір біріне қарама қайшылықта болмайды, яғни тауардың құндылығын субьективті және обьективті жағынан бағалау болып табылады. Тауарды субьективті бағалау тауар шаруашылығының тұтынушылардың талаптарын көбірек ескеруге бағытталады, ал өндірістің мақсаты адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
$ 3. Ақша жалпылама айырбас эквивалент ретінде. Ақшаның қызметтері. Адамның қоғамдағы орны, оның тұрмыс жағдайы, мемлекет аралық қатынастарда және мемлекет ішіндегі басқа адамдармен арасындағы қатынастарда тікелей немесе жанама түрде ақшамен байланысты болады. Сондықтан, ақша мәселесі, оның қоғамдағы рөлі әрқашанда ғалымдардың назарында болған. Қазіргі кезде ақшаның пайда болуы туралы екі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі рационалистік, бұл бағыттың өкілдері ақшаның пайда болуын адамдар арасындағы келісімнің нәтижесінің жемісі деп көрсетсе, ал екіншілері ақшаның пайда болуын эволюциялық тұрғыдан қарастырады, яғни олардың пікірінше, ақша тауар айырбасы мен тауар өндірісінің бірте бірте дамуының нәтижесі деп көрсетеді. Экономикалық теория ақшаның пайда болуын зерттеуде осы эволюциялық концепцияны басшылыққа алады. Бұл концепция бойнша, ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғам құрылымның бастапқы сатысында айырбас кездейсқ сипатта болды және ақшаның көмегінсіз жүзеге асырылады. Бұндай айырбас біраз қиыншылықтарды туғызды. Осы кезеңге айырбастың жай немесе кездейсоқ формасы сай келеді, мұнда бр тауар өзінің құнын екінші тауар арқылы бейнелейді. Ал осы екінші тауар бірінші тауардың құнын анықтай отырып, оған бірдей құн ретінде қарсы тұрады, немесе мұны эквивалентті құн формасы деп атайды. Эквивалент деп басқа тауарлардың құнын бейнелей алатын тауарды айтамыз. Өндіргіш күштердің дамуымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен байланысты тауар айырбасы енді тұрақты құылысқа айналды, кеңінен жайыла бастады. Нарықта тауарлар көбейе түсті. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды, яғни жалпы эквивалент рөлін бірнеше тауарлар атқара бастады. Бұл айырбас процесін қиындатты. Қоғамдық өндірістің даму барысында көптеген тауарлардың ішінен біреу бөлініп шықты, мысалы аңның терісі. Оған барлық тауарлар айырбасталатын болды. Сөйтіп, жалпы эквивалент рөлін бір тауар атқарды. Олар әр елде әр түрлі болды. Егер егіншілікпен шұғылданатын тайпаларда ол бидай болса, малшыларда мал болды, ал теңіз және өзендердің жағаларын мекендейтін елдерде ұлудың қабыршағы болды. Бұл жағдай ұзаққа бармады. Себебі, әр елде жалпы эквивалент рөлін әр түрлі тауарлар атқаруы халықаралық бйланысты, халықаралық сауданың дамуын тежеді, қиындатты.Осыған байланысты, өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуының нәтижесінде жалпы эквивалент рөлін әр елде әр түрлі тауарлардың орнына бір ғана тауар, яғни ақшалық тауар атқаратын болды. Сөйтіп, айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар ақшаның бөлініп шығуына жеткізді. Сонымен, ақшаға мынадай анықтама беруге болады. Ақша дегеніміз жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Тауар қатынастарының дамуының нәтижесінде айырбас сферасында ақшаның рөлін асыл металлдар алтын мен күміс атқаратын болды.Себебі, жалпы эквивалент рөлі осы асыл металдарға көшуі, олардың табиғи қасиеттерімен, яғни сандық бөлінуінің, сапалық жағынан біртектілігімен, қолайлылығымен, ұзақ уақыт сақталатындығымен байланысты болды. Есептеу единицасы ретінде олардың салмағы негізге алынды. Бұл әрине, басқа тауар эквиваленттеріне есептеу, санауға қарағанда, әрі қолайлы, әрі тиімді болды. Сондай ақ алтын табиғатта сирек кездесетін металл және оны өндіру өте көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан, оның құны жоғары болады және осыған байланысты басқа тауарлардың құнын бейнелей алатын тауар айналысының маңызды элементіне айналды. Алтынның ақша ретіндегі ерекшелігі тікелей жалпы айырбасталу формасына ие болуынан көрінеді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен айқын және толық көрінеді. Ақшаның металдық теориясының өкілдері, ақшаның үш қызметін көрсетті құн өлшеуші, қазына жинау құралы және дүниежүзілік ақша. К.Маркс ақша теориясын дамыту негізінде, оның бес қызыметін қарастырды құн өлшеуші, тауар айналысының құралы, қазына жинау құралы, төлем құралы және дүниежүзілік ақша. Қазргі экономикалық әдебиеттерде ақшаның үш қызметіне ғана көңіл бөлінеді. Олар мыналар айналыс құралы, құн өлшеуші және қор жинау құралы. Ақшаның пайда болуымен байланысты жалпы тауар айналысын Т-А-Т моделі түрінде көрсетуге болады. Бұл процесте ақша делдалдық рөлін және айырбас құралы қызметін атқарады. Бұл моделдегі ақшаның қозғалысын екі актіге бөлуге болады, сату Т А және ссатып алу А Т. Тауар айырбасында сатып алу мен сату бір уақытта болуы керек, егер осы процестің бір актісі баяуласа немесе тоқтап қалса, онда экономикада дағдарыс болуы мүмкін. Ақша айырбас құралы қызметін атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі. Бұл жағдайда ақша сатып алушылар мен сатушылар қолында ұзақ тұрмайды, қолдан қолға көшіп отырады. Ақша айналыс құралы ретінде айналыс сферасында тұрақты болуы қажет.Тауар айналысына ақшаның қажетті саны ақша айналыс заңы негізінде анықталады, оны былай деп тұжырымдауға болады, формула түрінде ол былай көрініс алады:
AK= Б.С А.С АК айналысқа керекті ақша саны БС тауарлардың бағаларының сомасы АС ақша айналымының саны Қазір барлық елдерде тауар айналысында қағаз ақшалар қолданады. Егер мемлекет айналыс сферасына оған қажетті ақша санынан көп қағаз ақша шығарса, онда қағаз ақша құнсызданады, инфляция пайда болады, яғни ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді. Қазіргі экономикалық теорияда баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігін анықтау үшін американ экономиси Фишер И ұсынған математикалық формула пайдаланылады. M x V=P x Q M – ақша массасы Ондағы: V – ақша айналымының жылдамдығы Q – айналыстағы тауарлар саны P – тауарлар бағаларының деңгейі Осы формула бойынша айналыстағы ақшаның санын мына қатынас арқылы есептеуге болады: PO M= V Тауарлар бағаларының деңгейін мына формула арқылы анықтауға болады: MV P Q Ал ақша айналымының жылдамдығын: PQ V= M Ақшаның айырбас құралы қызметін қарастыру барысында мына жағдайға назар аудару керек. Егер сатушы немесе тауар өндіруші тауардан алынған ақшаны жұмсамаса, онда айналым процесі үзіліп қалады. Ақша дербес қозғалысға ие болады да айналыс сферасынан тыс шығып қазына жинау қоры қызметін атқара бастайды. Ақшаның бұл қызметін толық бағалы ақшалар ғана атқара алады. Қазына жинау алтын кесек, алтын монеталар, алтын немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар түрінде қорланады. Ал қағаз ақшалар ақшаның бүл қызметін атқара алмайды. Ақшаның қр жинау немесе қазына жинау қызметі ақша айналысын реттеуде маңызды рөл атқарады, тауар айналысы азайғанда ақшаның кейбір бөліктері қазынаға айналады, ал тауар айналысы жандану кезеңінде қазына айналыс құралына қайта айналады, осылай қозғалыстар арқылы ақшаның қазыналық жинау қызметі айналыстағы тауарлар және ақша көлемінің тепе тендігін реттеп отырады. Қазіргі экономист ғалымдардың назарында ақшаның тағы бір қызметі ол құн өлшеуші қызметі. Мұнда ақшаның жалпылама эквивалент рөлі тікелей көрінеді. Оның мәні барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады. Ал тауар құнының ақшалай көрінісі баға болып табылады. Тауардың бағасын анықтау үшін қолма қол ақшаның қажеті жоқ, оны ойда топшыланған ақша атқара алады. Әр түрлі товарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бірдей өлшемге келтіру керек, яғни бір маштабқа түйістіру керек. Баға масштабы дегеніміз барлық ттауарлардың бағасын өлшеу үшін және белгілі бір елде ақша өлшемі етіп алынған алтынның белгілі салмақ мөлшері. Мысалы, АҚШ та баға масштабы немесе ақша өлшемі ретінде басында 1,50463 гр. таза алтынға теңестірілген долларды айтуға болады. Баға мамасштабын заң жүзінде төмендетуді девальвация деп атайды, өсіруді ревальвация дейді. Мысалы, 1929-1933 ж.ж дүние жүзілік экономикалық дағдарыс доллардың құнын 40,9% төмендетті, оның алтын құрамы 1,50464 гр таза алтыннан 0,888671 гр алтынға дейін төмендеді. Қазіргі уақытта баға масштабы ретінде тауарлардың бағаларын және айналыстағы ақшаның санын өлшеу үшін заң жүзінде бекітілген ақша өлшемі тенге, доллар, иена т.б немесе елдің ұлттық валютасы пайдаланылады. Нарық шаруашылығының субьектілері тауарларының бағасын ұлттық валюта мен өлшеу арқылы әр түрлі тауарлардың құндарын салыстыра алады және айырбас қатынастарын тиімді жүргізе алады. 5 такырып.Нарықтың мәні, қызметтері Кез-келген қоғам, ең басты проблеманы – яғни, адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін сирек кездесетін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын үнемі шешіп отыруы тиіс. Ол үшін қоғам экономиканың негізгі үш сұрағын: Нені өндіру керек? Қалай және Кім үшін өндіру керек?, деген мәселелерді шешуі керек. Нені өндіру керек деген мәселені шешу үшін, қандай тауарларды, қандай мөлшерде өндіру керектігін анықтап алу қажет. Сонымен қатар, қандай технологияны, шаруашылықты ұйымдастырудың қанда й әдістерін, ресурстардың қай түрін пайдаланғанда ғана ең жоғары әлеуметтік және экономикалық тиімділікке жетуге болатындығын анықтау қажет. Сондай-ақ, қоғам өндірілген өнімдерді, табыстарды кімдердің мүдделері үшін және қалай бөлінетіндігін де ескеруі керек. Міне, осы күрделі және көп жақты проблемаларды шешу барысында қоғам экономикалық өсуді, халықты толық жұмыспен қамтуды, баға тұрақтылығын, экономикалық еркіндікті, табыстарды әділдікпен бөлуді, ауруларға, қарт адамдарға, халықтың әл-ауқаты нашар бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат етеді. Дүние жүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл проблемалар тек нарықтық қатынастар жағдайында ғана тиімді шешіледі екен. Енді, осы проблемалардың қазіргі нарықтық экономикада қалай шешілетіндігіне қарамастан бұрын, біз ең алдымен нарық ұғымына жалпы анықтама берейік. Себебі, нарық көп жақты, соған байланысты оны әр түрлі жағынан зерттеу болады. Сондықтан да, экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар. Олардың біріне мына анықтамаларды келтіруге болады. Нарық тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынастарды қамтитын процесс, немесе нарық сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет ететін сферасы. Үшіншілері, нарықты шаруашылық субъектілерінің арасындағы қоғамдық байланыс формасы ретінде көрсетеді. Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау барысында нарық ұғымының мағынасы екі жақты екенін ескеру керке. Біріншіден, нарық айналыс, айырбас сферасындағы тауарлардың өтімін жүзеге асыру процесі, ал екіншіден, нарық – ол адамдар арасындағы өндіру,бөлу, айырбас, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Нарық қаржы-несие жүйесін, тауар-ақша байланыстарын және меншіктің әр түрлі формаларын пайдалануға негізделген экономиканың күрделі механизімі ретінде әрекет етеді. Нарықтық қатынастарға айналыс сферасындағы құбылыстардан басқа мыналар кіреді: - кәсіпорындарды жалға берумен байланысты қатынастар; - бірлескен кәсіпорындардың шетет фирмаларымен алмастыру процестері; - еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процесі; - белгілі бір процентпен несиелерді беру кезіндегі несие қатынастары; - тауар, қор, валюта биржалары мен басқа да сфераларын қамтитын нарық инфрақұрылымының басқару процесі. Нарықтық экономика өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде әрекет етеді. Ол жеке тұлғаның тәуелсіздігіне, тұтынудағы таңдау жасау еркіндігіне, кез-келген табыс әкелетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы өндірушінің еркіндігіне, еңбек түрлеріне таңдаудағы жұмысшының еркіндік принциптеріне негізделген. Нарықтық экономика жүйе ретінде бәсекелестік және монополизмді байланыстыруда белгілі бір оптималды тепе-теңдікке қол жеткізеді, сондай-ақ өндіріс құрылымын қоғамдық тұтыну құрылымымен сәйкестендіреді, жаңа техника мен технологияны енгізуді ынталандырады, т.б. Нарықтық экономика тауар өндірісі дамуының нәтижесі. Нарықтық экономиканың да тауар шаруашылығының да пайда болу шарттары – тауар өндірушілердің оқшаулануы мен қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Әртүрлі елдер нарықтық экономикаға түрлі жолдармен жетті. Соған қарамастан оларға нарықтық экономиканың қалыптасуының ортақ заңдылықтары тең. Оларға мыналар жатады: тәуелсіз тауар өндірушілердің болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі мен әртүрлі экономикалық субъектілердің меншік құқына кепілдік берілуі; сұраныс пен ұсыныстың теңестіретін еркін нарықтық баға; тауар өндірушілердің бәсекелесуі; қаржы, бағалы қағаздар, валюта еңбек нарығы; экономиканың дүние жүзілік интеграция процесіне қатысуы және т.б. Сондай-ақ, әр мемлекет экономиканы нарық арқылы басқаруда әртүрлі әдіс-тәсілдерге сүйенеді. Мысалы: АҚШ-та нарықты экономиканы басқаруда әр адамның іскерлік қасиеті негізге алынады және тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан қорғалмаған халықтың бөлігіне белгілі уақытқа дейін жәрдем беріледі. Ал, Голландия да нарықтық экономика кәсіби шеберлігі жоғары мамандарға сүйене отырып, өнімді көп өндіруге және әлеуметтік жағынан қаралмаған адамдардың мұң-мұқтажын өтекге бағытталған. Дамыған елдерде нарықтық жүйенің әр түрлі модельдері қолданылады. (Бұл туралы біз жоғарыда, екінші тақырыпта айттық). Қазіргі нарықтық еркін бәсеке дәуіріндегі нарықтан елеулі айырмашылығы бар. Өйткені, қазіргі нарық тауарлардың өтіміне кепілдік береді, мемлекет ақша және қаржы-несие саясатын белсенді жүргізеді, халықты әлеуметтік қорғау мәселесін шешеді. Қазіргі цивилизацияланған нарық теңгермешілікке және арқа сүйеушілікке жол бермейді.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 105; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |