Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану. 2 страница




Өтпелі экономикаға төмендегі белгілер тәеһн: біріншіден, жоспарлы экономика, өтпелі процестің алғашқы кезеңіне тән экономиканың жағдайы. Сондықтан, нарықтық қатынастардың дамуы нөлден басталады. Екіншіден – өтпелі процестер прогрессивті тенденцияларды біртіндеп дамытудан емес, экономиканы терең сапалық өзгерістерді жүргізумен көрініс алады, яғни эволюциялық емес, революциялық құрылымын, өндіріс құрылымын, шаруашылықтың формаларын (жоспардан нарыққа) қайта құру. Төртіншіден, өтпелі экономиканың ерекшеліктеріне шаруашылық байланыстардың үзіліп, Кеңес Одағының ыдырауы. Бесіншіден, Қазақстанның жүздеген жылдар бойы бір елден тәуелді болуы.

3 такырып

Экономикалық жүйедегі меншік.

1. Меншік экономикалық категория ретінде.

Меншіктің негізгі формалары.

2. Қазақстан Республикасында меншік қатынастарын қайта құрудың негізгі бағыттары.

Меншік экономикалық категория ретінде.

Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды рөл атқарған. Осы тұрғыдан, меншік қатынастарының мәні неде деген сұрақ тауады. Экономикалық әдебиетте меншік қатынастары туралы әртүрлі анықтамалар келтіріледі, пікірлер айтылады, мысалы П. Хейни иеншік қатынастарын адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес, адамдардың өзара қатынасы деп сипаттайды. Марксизи-ленинизм ілімі меншілікті материалдық игіліктерді, табиғат заттарын иемдену процесінде өндірушілер арасында қалыптасатын қоғамдық-экономикалық қатынастың белгілі бір тарихи түрі деп түсінеді.

Меншіктің мәнін түсіну үшін экономикалық теорияда кеңінен орын алған «робинзонада» әдісіне жүгінейік. Робинзон адам аяғы баспаған аралда табиғаттың жемісін пайдаланып тіршік етеді. Бір мезгілде Робинзон өзі-өзіне айнала қоршаған барлық игіліктерді менің меншігім деп айта ала ма? Ол үшін, ең болмағанда тағы бір адам болуы шарт. Олай болса, бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады. Меншік зат емес және зат пен жеке адам арасындағы қатынаста емес, ол сол заттарды иемдену процесінде адамдар арасында туындайтын қатынас болып табылады. Яғни, меншік экономикалық категория ретінде – материалдық игіліктерді –өндіріс құрал-жабдықтарын және өндіріс нәтижесін иемденуге байланысты адамдар арасындағы өндірістік қатынастарды білдіреді.

Иемдену – әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «Иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. «Меншік» анағұрлым абстрактілі, ал «икмдкну» нақты ұғым.

Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.

Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріне затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгертіп отырған. Өзінің ең қапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болған. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында, адамдар табиғат өнімдерін оларды өндірместен иеленді (аңшылық, балық аулау және т.б.). Әрі қарай өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемдену объектісіне тек табиғат өнімдері емес, сондай-ақ адамдар өндірген өнімдер де жататын болды.

Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Яғни өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі қандай болса, өндіріс нәтижесін, өндірілген материалдық игіліктер мен рухани байлықтарды мемденудің де түрі сондай болып табылады. Демек, меншік иемденудің белгілі бір әлеуметтік түрі. Ол өндіріс құрал-жабдықтары кімнің билігінде екендігін қалай бөлінетіндігін, қандай мақсатқа пайдаланылатындығын көрсетеді.

Өндіргіш күштердің даму дәрежесіне байланысты өндірістік қытнастардың өзгеруі жетілуі меншіу түрінің өзгертіп, жетілуіне, бір түрінің екінші бір түрімен ауысуына әкеліп соқтырады.

Меншіктің объектісін (не иемделінеді) және субъектісін (кім иемденеді) айыра білу керек. Меншіктің объектісіне қоғам байлығының материалдық-заттық элементтері жатады немесе өндіріс құрал-жабдықтары мен өндіріс нәтижесі. Ал субъектісіне – мемлекет, коллектив (ұжым) және жеке адамдар жатады.

Меншік субъектілерінің көпшілігі, өндіріс құрал-жабдықтарын иелену, бидік ету, пайдалану туралы құқық қатынастарының пайда болуын және әрекет етуінің алғы шарты болып табылады. Өндіріс құрал-жабдықтарын иелену, билік ету және пайдалану арқылы меншіктің экономикалық мазмұны жүзеге асырылады және юридикалыұ заңдарда құқықтқ көрініс алады. Енді осы қатынастар жүйесін (иелену, билік ету, пайдалану) қарастырайық. Иелену – меншік иесінің мүліктік құқығы. Ол арқылы меншіктің басқа құқықтары (билік ету, иемдену, пайдалану) жүзеге асырылады.

Билік ету – мүлікті меншік месінен алу.

Пайдалану – меншік объектісінің пайдалылығын алуға бағыттталған қатынастар.

Иелену, билік ету, пайдалану қатынастарының пайда болуы, меншік иесі кейбір жағдайда өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалана алмайды. Бұндай жағдайда меншік иесі иемдену құқығын, өзі сақтай отырып, өндіріс құрал-жабдықтарын басқа субъектіге иеленуге, билік ету, пайдалану құқықтары объектісінің өзін емес, оның кейбір қасиеттерін иемденуді қамтамасыз етеді. Мысалы, осындай құқықтық қатынастар мүлікті жалға бергенде немесе траст формасын қолданғанда пайда болады.

Шаруашылықтың әр алуан деңгейіндегі жеке адамдардан бастап ірі фирмаларға дейін өндіріс құрал-жабдықтарын иемдену, иелену, билік ету, пайдалану нарық экономикасында өндірушілер мен тұтынушылардың шауашылық субъектілері ретінде салыстырмалы оқшауланғанын көрсетеді. Демек, құрал-жабдықтарын иемдену, иелену, билік ету және пайдалану туралы субъектілердің күрделі жүйесі құрылады.

Тарихта меншіктің әр түрлі формалары белгілі, олардың ішінде мемлекеттік, коллективтік (ұжымдық) және жеке меншік басты түрлері болып табылады. Ең алдымен меншіктің екі типін мемлекеттік және жеке меншік ажыраты білу қажет.

Жеке меншік жағдайында экономикалық,юридикалық құқықтарға жеке адам ие болады. Иемденудің бұл типі екі түрге бөлінеді: жеке еңбекке негізделген жеке меншік және бөтен біреудің еңбегіне негізделген жеке меншік.

Меншіктің бірінші түрі шағын кәсіпкерлікке тән, себебі онда жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқа да адамдар меншік иесі ретінде өз еңбектерімен өмір сүреді, яғни олар иемдену, иелену және пайдалану құқықтарына өзі иемденеді.

Меншіктің екінші түрі жалдамалы еңбекке негізделеді. Меншіктің бұл формасына меншік құқықтары меншік иесімен жалдамалы жұмысшылар арасында бөлінеді. Меншік иесі иемдену, иелену, билік ету құқықтарын өзіне қалдырады да, өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалану құқығын жалдамалы жұмысшыларға жағдай туғызады. Напықтық демократия жетілмеген жағдайында бұл мүліктік теңсіздікке әкеліп соғуы мүмкін.

Мемлекеттік меншік сферасына елдің әлеуметтік тұрақтылығын және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халық шаруашылығының кейбір объектілері (салалары) жатады. Мемлекет өз меншігіндегі объектілерді кәсіпорындарға пайдалануға, билік етуіне, иеленуіне бекітіп береді де, оны бүкіл қоғам мен өндірістік ұжымдардың мүддесі үшін пайдалануына жағдай жасайды. Кәсіпорындар шаруашылықты дербес, өзін-өзі басқару негізінде жүргізеді.Бұл жерде мына жағдайларды ескеру қажет. Бір жағынан мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің реттеу объектісі ретінде болса, екінші жағынан олар нарық қатынастарының дербес субъектісі ретінде әрекет етеді. Сондықтан мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық дербестілігі шектеулі болады.

Ұжымдық меншік – ұжымның өндіріс құрал-жабдықтары мен өндіріс нәтижесін ортақ иемдену, билік ету және пайдалану процестерінде пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесін сипаттайды. Ұжымдық меншік өндіріс құрал-жабдықтарына деген теңдікті тек еңбек ұжымы өндіріс құрал-жабдықтарын бірігіп иемдену мен пайдалану өзін-өзі басқару, жеке және ұжымдық экономикалық мүдделерін бірлігі жүзеге асады. Қазақстанда қазіргі кезде ұжымдық меншік түріне акционерлік, кооперативтік және т.б. меншік формалары жатады.

Қазақстан Республикасында меншік қатынастарын қайта құрудың негізгі бағыттары.

Өткен тарихымыз көрсетіп отыр,ғндай, өндіріс құрал-жабдықтаррын жеке меншіктен мемлекет иелігіне алу (национализациялау) процестері айтарлықтай оң нәтиже бермеді. Өндірушілер өндіріс құрал-жабдықтарына иелік етудің орнына олар алшақтанып қалды. Соның салдарынан өндіріс ресурстарын тиімсіз пайдалануы, тауа өндірісі монополиялануы, өндірушілердің тұтынушыларға үстемдігінін өсуі, алыптасрлық, арқа сүйеушілік, арамтамақтық орын алды.

Осындай жағдайда адамдар өздерінің мүдделеріне, қабілеттіліктеріне қарай жұмыс күшіне билік ете алмады. Ұйымдық шаралар мен заңдар жүйесі негізінде мемлекет жұмысшыларды жұмыс күшінен алшақтатты және оларды өз меншігі ретінде пайдаланды.

Дүние жүзілік тәжірибеге сүйенсек, экономиканың қарқынды өсуіне еркін өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарыммен нақты бірігуі себеп болғанын көрсетіп отырү Сондықтаг, біздің елімізде экономикалық реформа, яғни бір экономикалық жүйеден екінші экономикалық жүйеге көші мемлекеттік меншікті қайта құру процестерінен басталады.Себебі, сол кезде республиканың экономикасының құрылымында мемлекеттіңүлесі өте жоғары (90%) болды. Осындай жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың таңдау құқығы болмады, оны мемлекет шектеп отырады. Осының бәрі еліміздің экономикасында бәсекенің тежелуіне себеп болады. Экономика осы прогрессивті қозғаушы күштен әкімшіләміршіл жүйенің даму барысында толық айырылды. Сонымен, қатар нарықтық қатынастар дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40%-дан аспады. Демек, республикада мемлекеттік меншікті, меншіктің басқа түрлеріне өзгертіге нақты алғы шарттар болғанын айтуға болады. Сондықтан, 1991 жылы маусым айында «Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру» туралы заң қабылданды. Бұл заң мемлекеттік меншікті қайта құру ережелерін, тәртібін және құқытық негізін анықтады.

Мемлекеттік меншілікті мемлекет иелігінен алу деп мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылығын басқару қызметін тікелей шаруашылық субъектілеріне бері негізінде қайта құруды айтамыз.

Жекешелендіру – бұл мемлекеттен жеке және заңды тұлпарға мемлекеттік меншіктің объектілерін немесе акционерлік қоғамдардың акцияларын ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру мемлекеттін экономикадағы билігін шектеу болып табылады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің түбегейді айырмашылығы мынада: егер жекешелендіру процесінде мемлекеттік меншіктің субъектісі міндетті түрде өзгерсе, мемлекет иелігінен алу процесі олай болмайды.

Жекешелендіру, дүние жүзә экономикасына тән процесс.

Оның негізгі мақсаты екі мәселені шешуге бағытталған:

-бюджет тапшылығын кеміту;

-ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру.

Қазақстан Республикасы дүние жүзілік тәжірибені ескере отырып, 1991 жылы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процестерін бастады. Бұл процесстер төрт кезеңді қамтыды.

Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процестерінің I кезеңі 1991-1992 жылдар аралығын қамтыды. Бұл кезеңде республикада жекешелендіру процесстерінің алғы шарттары және бағдарламасы жасалады. Бұл бағдарлама бойынша мемлекеттік кәсіпорындар жеңілдетілген талаптармен еңбек ұжымдарына берілді, ал сауда және қызмет көрсету объектілері сату негізінде жекешелендірілді.

Жекешелендірудің II кезеңі (1993-1995 жж.) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 55 наурыз айындағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – орталықтанған-жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуге қажетті жағдайлар жасауды және мемлекеттің иелігіндегі өндірістік объектілері, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді ақылы немесе ақысыз негізінде республика халқына қайтаруды көздеген.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі негізгі міндеттерді орындау көзделген:

-мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу арқылы нарыққа бағытталған шаруашылық құрылымдарын қалыптастыру,мемлекет меншігінің шағын объектілерін жекешелендіруді қалың бұқара топтарының жекешелендіру процестеріне қатысуларына жағдай жасауды;

-тиімді шаруашылық субъектілері ретінде жеке меншік иелерін қалыптастыруды;

-бәсекелі ортаны құруды;

-шағын және орта бизнесті дамытуды және т.б.

Бағдарламада мемлекет иелегінен алу және жекешелерндірудің келесі негізгі бағыттары анықталған:

-ірі және бірдей мүлік кешендерін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар байынша жекещелендіру;

-жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кәсіпорындардың көпшілігін инвестициялық жекешелендіру купондары арқылы жаппай жекешелендіру;

-200-ге жуық жұмысшылары бар кәсіпорындарды, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, комменалды шаруашылыұ, бөлшек сауда шағын кәсіпорындарын жекешелендіру;

-ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды жекешелендіру.

1996 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру туралы үшініші бағдарлама қабылданды. Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мына таралары өткізуді:

-жартылай жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік акциялар пакетін (кәсіпорындағы мемлекеттің үлесін) сондай-ақ, шағын жекешелендіру шеңберінде II кезеңде сатылмай қалған объектілерді жекешелендіруді (ақшаға сату арқылы) аяқтауды;

-жеке жобалар бойынша мемлекеттік меншік объектілеріне жекешелендіруді жүзеге асыруды;

-бұрын жекешелендірілмеген кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне енгізу;

-экономиканың кейбір секторларын (бөлімдерін) (секторлық бағдарлама) жекешелендіру жосппарларын жасау және жүзеге асыру жолдарын қарастыруды;

-щетел капииталының қатысуын ұлғайтуды көздеді.

Жаңа бағдарламаның негізгі бағыты жеке жоба арқылы жекешелендірулді, яғни:

-жеке инвесторларға келісілген шарттар негізінде сатуды;

-аукцион және конкурс негізінде сатуды;

-басқару туралы келісім-шарт жасауды;

-акцияларды ашық түрде сатуды көздеді.

IV кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы үкіметнің 1999 жылғы 1 маусымдағы 683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру туралы» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаның басты мақсаты – жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқаруың тиімділігін арттыру және мемлекетті мүлікті конкурстық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету болды.

19991-2000 жылдары республикада 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілері, соның ішінде 1991-1992 ж.ж 6,2 мың объектілері ресей рубіліне жекешелендірілсе, 28 мыңы 1993-2000 ж.ж. аралығында ұлттық валютаға сатылады. Осы кезеңде жекешелендірууден 215,4 млрд.теңге алынды.

4 – тақырып. Экономиканы ұйымдастырудың негізгі формалары.

1. Шаруашылықтың натуралды және тауарлы нысандары.

2. Тауар және оның қасиеттері. Тауар құнының альтернативті теориялары.

3. Ақша жалпылама айырбас эквивалент ретінде. Ақшаның қызметтері.

 

$ 1. Шаруашылықтың натуралды және тауарлы нысандары.

Қоғамдық өндірістің алғашқы нысаны натуралды шаруашылық, осыған қысқаша тоқталып өтейік. Онсыз шаруашылықтың басқа нысандарының мәнін түсіну де қиынға соғады. Натуралды шаруашылықта еңбек өнімдері өндірушілердің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тұтынуға тікелей бөлу арқылы түсіп отырады. Яғни, өндірілген өнімдер өндіріс бөлу тұтыну сатыларынан өтеді.(ол алғашқы қаумдық, құл иеленушілік және феодалдқ өндіріс әдістері тұсында кеңінен орын алған).

Өндірістің натуралды формасы бүкіл экономикалық процестерді қатты тежейді, сыртқы байланыстарға жол бермейді, сондай ақ натуралды шаруашылық тұйық, тұрақты, әрі өсуі өте баяу процесс. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып отыр, әсіресе, дамушы елдерде орын алуда. Тіпті, дамыған елдердің өзінде де бұл шаруашылықтың кейбір формалары сақталуда.

Жалпы алғанда, натуралды шаруашылық тауарлы шаруашылықпен қатар дамыды. Бірақта жоғарыда көрсетілген өндіріс әдістерінде натуралды шаруашылық үстем болды.

Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі және натуралды шаруашылыққа тұп тура қарама қарсы. Тауар өндірісі деп отырғанымыз, қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір формасы ретінде, адамдардың экономикалық қатынастары нарық арқылы, еңбек өнімдерін сатып алу сату арқылы көрінетін процесс. Басқаша айтатын болсақ, тауарлы өндіріс дегеніміз өнімді өндірушінің тікелей өзі тұтыну үшін емес, нарыққа шығарып сату үшін өндіретін өндірісті айтамыз.Мұнда өндірілген өнім тұтынушының қолына айырбас арқылы түседі. Яғни, өнім өндіріс айырбас тұтыну сатыларынан өтеді.

Енді тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарттарына тоқталайық. Тауарлы шаруашылықтың болуы үшін, біріншіден, қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы, яғни қоғамдағы адамдардың бірқатары бір түрлі өнім, екінші біреулері екінші түрлі өнім өндіруі керек, өйткені әр түрлі өнімдер ғана біріне бірі айырбасталады. Бірақ товар шаруашылығыболуы үшін еңбек бөлінісінің болуы жеткіліксіз. Ол үшін, екіншіден, өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншік болуы керек. Мұнда өндірілген өнімдер, сол өндіріс құрал жабдықтардың иелерінің иелігінде болады, сондықтан олардың өздері өндірген өнімдер басқалардың өндірген өнімдеріне айырбастауға мүмкіндік алады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісімен де байланысты. Осы кезеңнен бастап өндірілген өнімдер тікелей айырбасқа түсе бастайды.

Сонымен, тауарлы шаруашылық алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастағанда пайда болды, құл иелену қоғамында да, феодалдық қоғамда да орын алды, капиталистік қоғамда ол өзінің дамуының шыңына жетті, мұнда ол жалпылама сипат алады.

Құл иелену қоғамы мен феодалдық қоғамда тауар шаруашылығы орын ала тұрса да, бұл қоғамдағы негізгі өндіріс натуралдық өндіріс болды.

Өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншікке негіделген тауарлы шаруашылықтың даму сипаты нарықтың дамуына байланысты.

Нарықтың мынадай үлгілерін атап өтеуге болады, олар дамыған, дамымаған, реттелетін, деформацияланған. Әр нарық үлгісіне тауарлы шаруашылықтың ерекше үлгісі сәйкес келеді: дамымаған нарықтың тауарлы шаруашылығы, дамыған нарықтың тауарлы шаруашылығы, реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығы, деформацияланған нарықтың тауарлы шаруашылығы.

І. Дамыған нарықтың тауарлы шаруашылығында тауар өндірушілер өз меншігіндегі өндіріс құрал жабдығымен өзі еңбек етеді, өндірілген өнімдер өндірушілердің иелігінде болады, тауар өндірушілер өндірген тауардың бәрін сатпайды, тек бір бөлігін ғана сатады, яғни тауар шаруашылығы жалпылама сипат алмайды.

ІІ. Дамыған нарықтың тауарлы шаруашылығы жалпылама сипат алады, оған келесі құбылыста тән:

- адамның жұмыс күшінің тауарға айналуы;

- өндірісте жалдамалы жұмысшылардың еңбек етуі;

- өндірілген өнімнің басым бөлігінің нарық арқылы сатуға арналуы.

Бұл кезеңдегі тауарлы шаруашылықтың еркін бәсекенің дамуымен сипатталатындықтан, оны еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе еркін экономика деп атайды.

ІІІ. Реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығы экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалар жатады.

Реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығының бірнеше модельері бар:

- әлеуметтік нарықтық шаруашылық;

- аралас экономика;

- корпоративтік эконмика.

Олар, ең алдымен, мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтың басты мақсаты азаматтар мүдделерін қорғау, аралас экономикада кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау, корпоративтік экономикада ірі бизнес мүдделерін қорғау. Біріншісі, көбінесе Алманияға, екіншісі АҚШ қа, үшіншісі моделі Жапония мен Швецияға тән.

ІV. Деформацияланған нарықтың тауарлы шаруашылығы әкімшіл әміршіл экономикаға тән. Тауарлы шаруашылықтың бұл моделі қоғамдық еңбек бөлінісін, машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастау құбылыстарымен сипатталады.

Тауарлы шаруашылықтың даму кезеңдеріне жасалған қысқаша шолу тауарлы шаруашылық пен нарықтық зкономика арасында абсолютті теңдіктің жоқ екендігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономиканың негізгі тауарлы шаруашылық екені даусыз.

 

$2. Тауар және оның қасиеттері. Тауар құнының альтернативті (балама) теориялары.

Тауарды өндіру алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен бастап бүгінге дейін әрекет етіп келеді. Шаруашылықты ұйымдастырудың қарапайым формасы жағдайында байлықтың табиғи формасы ретінде натуралды өнім болды. Ол, біріншіден, тұтыну құндылығымен, екіншіден, еңбектің нәтижесі ретінде сипатталды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 247; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.