Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану. 4 страница




Нарықтың мәні оны атқаратын қызметтерінен көрініс алады және ең маңызды қызметтеріне жататындар:

- тауар өндірісінің өзін-өзі реттек қызметі. Ол тауарға сұраныс өскенде тауар өндірушілердің өндіріс көлемін ұлғайтқанынан және бағаны өсіргенінен көрінеді.

- Ынталандыру қызметі – фирмалар үстеме пайда табу мақсатында жаңа техника мен технологияны енгізу, еңбек прцесін тиімді ұйымдастыру арқылы қосымша мүмкіндіктерді іздестіреді.

- Реттеуші қызметі. Нарықтың көмегімен экономикада микро және макро экономикалық тепе-теңдік қалыптасады, шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принципін жүзеге асыру арқылы экономикадағы зиянды, тиімсіз өндірістерді біртіндеп жояды және перспективалы өндіріс орындарына жол ашады.

Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Нарықтың артықшылықтарына жататындар:

- әр түрлі қажеттіліктерді керкеті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті;

- Өндірушілер мен тұтынушылардың дербестілігі;

- Экономикалық жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделуі;

- Ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз ететін қабілеті, нарық тұтынушыларға аса қажетті тауарларды өндіру үшін


 

шектеуі. Сол себептен, нарықта үстемдік ете отырып, ол өнімді өткізуге үлкен әсерін тигізеді.

Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар. Олардың біреуі монополиялық бәсеке – мұнда нарықта көптеген өндірушілер ұқсас, бірақ біртекті емес өнімдерді ұсынады. Орнын толтырушы өнімдер бір-бірінен сапа жағынан, сыртқы пішінін көркемдеуі, сату жағдайына қарай ажыратылады. Айталық, пепси кола және кока кола бірдей бағамен сатылуы мүмкін. Бірақ, сатып алушының бір тобы бірінші сусынан гөрі екінші сусынды қалауы мүмкін. Осылайша фирмалар баға арқылы ғана емес, бөлшектелген (дифференциалданған) өнімдерді сату негізінде бәсеке күресін жүргізеді. Өндірушілер бәсекелестеріне қарамастан тауардың бағаларын өз бетінше тағайындай алады. Сонымен қатар, әрбір фирма нарықтағы үлесі аз болғандықтан нарық бағасына бақылауы шектеулі болады. Сондықтан әрбір фирма баға жөнінен ғана емес, бөлшектенген (диффиринциалданған) өнімді сату арқылы да бәсекелесе алады.

Монополиялық бәсекенің тағы бір ерекшелігі – нарыққа жеңіл кіруі, бірақ ол фирманың патенті мен тауар белгісіне авторлық құқықпен шектелуі мүмкін. Фирмалар монополистік бәсеке нарғына алғашқы капиталдары аз болса да кіре алады. Себебі, мұндай нарықта негізінен ұсақ және орташа фирмалар жұмыс атқарады. Қазіргі нарықтық экономикада монополистік бәсеке көбінесе тұтынушылар тауарлар нарығында үстемдік етеді.

Жетілмген бәсекелестіктің келесі түрі – олигополия. Олигополия – бірнеше (3-тен 5-ке дейін) ірі фирмалар үстемдік ететін нарық. Олар осы нарықтың едәуір үлесіне ие болады. Мысал ретінде, автомабиль өнеркәсібіндегі АҚШ-тың үш фирмасын «Дженерал Моторс», «Форд», «Крайслер» келтіруге болады. Олигополиялық нарыққа кіру бірнеше кедергілермен шектеледі. Сондай кедергілердің бірі – осы нарыққа кіру үшін алғашқы капитал мөлшері өте қомақты (көп) болуы керек. Мысалы, экономиканың кейбір сфераларында бұндай капиталдың мөлшері бірнеше млрд.долларға дейін барады.

Келесі кедергі – патенттік арқылы қорғау. Қазіргі технологиясы жоғары салалардың өнімдері потентпен қорғалған. Нарыққа кіру үшін патент иелеріне технологияны өз өндірісінде пайдалану үшін ақша төлек керек немесе өз технологиясын жетілдіру қажет.

Олигополиялық нарық жағдайында баға жағынан бәсеке жетілген бәсекеге қарағанда аса тиімді болмайды. Егер жетілген бәсеке жағдайында баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгерсе, ал олигополиялық бәсекелестікте өзгеру шамалы


 

Тұтынушы үшін күрес – нарықтағы үлес үшін күрес, ал ол – тауардың арзандығы мен сапасына байланысты болады. Бұл жағдайда тұтынушы шаруашылық іс-әрекетіне ықпал ете алатын нарық субъектісіне айналады. Бәсеке нарық механихзімінің қажетті және маңызды элементі ретінде өнімдерді өндіру және өткізу барысында өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара байланысты қамтиды.

Қазіргі экономистер бәсекені – өндірістің тиімділігін арттырудың ең маңызды тетігі деп есептейді. Бәсеке шаруашылық субъектілерін өндірістің технологиясын тиімді ұйымдастыруды жетілдіру, техниканың және ғылымның жетістіктерін өндіріске енгізуге бағыттайды.

Бәсекенің негізгі формалары: жетілген және жетілмеген болып бөлінеді. Өз кезегінде жетілмеген бәсекенің үш түрі бар: 1. Монополистік бәсеке; 2. Олигополия; 3. Таза монополия.

Олар бәсекелесу нарығында алатын орнына байланысты ажыратылады.

Бәсекелестік күрестің түрлері мен нарықтағы моделінің сипаттамалық негіздері мына кестеде көрсетілген.

 

Нарық моделдері Фирмалардың саны мен көлемі Өнім түрі Кәсіпорындардың нарыққа кіру және шығу шарттары
Таза (жетілген) бәсеке Көптеген ұсақ фирмалар Бір тектес өнім Өте жеңіл, кедергілер жоқ
Монополиялық бәсеке Көптеген ұсақ фирмалар Әр тектес өнім Өте жеңіл
Олигополия Фирма саны аз, ірі фирмалар да бар Әр түрлі немесе бір тектес өнім Елеулі кедергілер бар
Таза монополия Бір ғана фирма Өте сирек кездесетін өнім Бұзып кіруге болмайтын кедергілер

 

Көрсетілге сипаттамада нарық құрылымының жиі тараған моделіне монополистік бәсеке және олигополия, сондай-ақ еркін және таза монополия да кіреді, бірақ олар өте сирек кездеседі. Енді бәсекенің негізгі жетілген түрелін қарастырайық. Жетілген (еркін) бәсеке жеке меншікке және тауар өндірушілердің оқшаулануына негіздеоген келесі ерекшеліктермен сипатталады:


 

Қойнаудағы пайдалы қазбалар, құрылыстар, ғимараттар орналасқан жерлерде жатады.

Жұмыс күші нарығы – еңбек биржасы формасында ұйымдастырылады. Бұл арқылы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздарды әлеуметтік қоғау, даярлау және қайта даярлау жүзеге асырылады.

Капитал нарығы – өндіріс құралдарын, ғимараттарды, құрал жабдықтарды сату мен сатып алуды ұйымдастырумен айналысады.

Қаржы нарығы – бұл нарықиа сату және сатып алу объектілері ретінде қаржы құралдары, ақшалар, облигациялар, вексельдер және басқа да бағалы қағаздар жатады. Бұл бағалы қағаздар қор және валюта биржаларында сатылады. Олар нарықтық тепе-теңдіктің нақты барометрі болып табылады және тауар өндірісіндегі кез-келген өзгерістерге әсер етеді.

Осы аталған нарықтың үш түрі бір бірімен өзара байланыста болады. Егер олардың арасында тепе-теңдік орын алса, онда экономика макроэкономикалық тепе-теңдік қол жетеді. Егер осы нарықтардың біреуінде тепе теңдік бұзылса, онда экономикада диспропорция орын алады.

Шаруашылықтың жеке субъектілері экономиканың негізгі үш проблемасын шешумен айналыспайды, онда нарықтық тепе теңдік қандай жағдайда орын алады леген сұрақ туады. Нарықтың жеке субъектілерінің іс әрекеті экономиканың жалпы тиімді жұмыс істеуі емес, жеке мүдделеріне бағытталған. Бұл жағдайда нарық қатынасының барлық экономикалық субъектілерінің іс әрекеті нарық механизімі арқылы жүзеге асырылады. Дәл осы нарық механизімі арқылы сатушылар мен сатып алушылардың тауарлар жөнінде қабылдаған шешімдері бір біріне жеткізіліп отырады және осы шешімдер баға жүйесі, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс арқылы үлестіріліп отырады.

Нарық механизімі, ең алдымен баға арқылы нарық жүйесінде белгілі бір тәртіп орнықтырады. Бағалар қызмет көрсету мен тауар өндірісінің өсуін немесе төмендеуін ынталандырады. Мысалы: егер де, қандай да бір тауарға қажеттілік өсетін болса, онда сатушы шектеулі ұсынысты сәйкестендіру үшін тауар бағасын өсіреді, ал жоғары тауар өндірушілердің өнімді көп өндіруге ынталандырады. Егер сатушыдағы тауарлар тұтынушылардың сатып алғысы келетін тауарлардан көп болатын болса, онда сатушылар тауарларды артылып қалмауы үшін, бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Бұл жағдайда тұтынушылар тауарларды көптеп сатып ала бастайды, өндірушілер өнімді өндіруді азайтады. Осының нәтижесінде


 

өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас тұрақтанады.

Мұндай нарықтық тепе-теңдік, нарықтық эконмиканың маңызды элементі сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырылады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында тұрақты байланыс қалыптасады.

Нарық механизмінде бәсеке ең маңызды ролді атқарады. Бәсеке баға сиқты өндіріс көлемінің өсуін немесе төмендеуін қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың әрекет ету механизмі үш принциптерге негізделеді:

- маржиналды (шекті) талдау;

- шығындарды баламалы таңдау;

- экономикалық ұтымдылық.

Нарықтық механизмнің тиімді, әрі нәтижелі әрекет етуі көп жағдайда нарық инфрақұрылымының даму дәрежесіне байланысты боады. Нарық инфрақұрылымы қызметтер мен таауарлардың нарықта еркін қозғалысын қаматамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жүйесі болып табылады. Нарық инфрақұрылымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда (көтерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, тауар биржалары) жатады.

Сонымен қатар, нарықтық экономика тиімді жұмыс істек үшін жарнама, ақпарат және консултативтік қызметтер, бақылау және аудиторлық мекемелер қажет. Оларсыз нарықтың табысты қызмет етуі мүмкін емес.

3. Бәсекенің мәні, түрлері

Нарықтық экономикада шаруашылықтың барлық субъектілері пайданың ең жоғарғы деңгейіне жету үшін бәсекелестік қатынаста болады. Яғни, нарықтық экономика бәсекені міндетті түрде қажет етеді. Бәсеке деп шаруашылық субъектілерінің арасындағы тауарларды сату немеес сатып алу, үстеме пайда және өндірістің жақсы жағдайы үшін күрес болып табылады. Мұндай күрес төмендегі объективті жағдайлардан туындайды: әр өндірушінің толық шаруашылық оқшаулануынан, оның нарық конъюктурасынан тәуелділігі, тұтынушылардың сұраныс үшін күресте басқа тауар өндірушілерге қарсы тұруы.

Бәсеке жағдайында тұтынушының қажеттілігін толық қанағаттандыру негізінде өндірілген тауардың сатылуына мүмкіндік туады.


 

қарқынына әсер етіп, ондағы монополияның құрылуын шектейді.

Монополияға қарсы заң шығару мен нормативті әдістерінің маңызы мен мазмұны жағынан ерекшеліктері болғанымен, барлық елдерге тән олардың ортақ белгілері бар: бәсекелестік қорғау; нарықта үстемдік ететін фирмаларға бақылау жасау; бағаны бақылау; тұтынушылар мүддесін қорғау; орта және шағын бизнестің дпмуына көмек көрсету және мүддесін қорғау.

5. Күту. Тауар бағаларының болашақтағы өзгерісін күту барысында осы уақыттағы ұсынысты кемітеді.

6. Сатушылар саны. Фирманы жабдықтаушылар саны неғұрлым көп болса соғұрлым ұсыныс көп болады немесе керісінше жабдықтаушылар саны аз болса ұсыныс та азаяды.

Демек, бағалық емес факторлар ұсыныс қисық сызығын оңға немесе солға ығыстырады. Ұсыныс өскенде ұсыныс қисық сызығы оңға, ал төмендегенде ұсыныс қисық сызығы солға ығысады. График түрінде былай бейнелеуге болады.

Тауар бағасы Р S




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 94; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.