КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Ішкі каюталар. 5 страница
Чартерлі рейс басшысы – ол барлық құжаты бар, маманданған тұлға. Әр бір басшы ұшақты басқара алуы, қарым-қатынаста болатын мемлекет тілін білетін, мәдениетті, туристермен тіл табыса алатын, визаны және саяхат жасау барысында қажет болатын құжаттарды, ережелерді, туристердің құқығын, заңды, этика-эстетиканы жетік меңгерген адам. Чартерлік рейстің басшысы мен туристік кәсіпорын басшысы екеуінің құқығы мен міндеттемелері бір-біріне ұқсас. Жұмысын жақсы атқару үшін чартерлік рейстің басшысында «жол серік» болуы қажет, онда: 1. Белгіленген күні барлық құжаттарды: туристертердің тізімі және мөрі бар визалар, екі жаққа әуе билеттер, лицензия копиясы, шетелдік кәсіпорындармен жасалған келісім шарттар, тамақтандыру орындары, қызмет көрсететін топтың шығыны, қызметкердің куәлігі, санитарлық-эпидемиялық анықтама кітапшасы және т.б. 2. Туристермен кездесу орнына алдын ала келу. 3. Кездесу кезінде өзін және таможня бақылауынан өту ережесін, ұшаққа отыру ережесімен таныстыруы қажет. 4. Алдын ала туристерді топқа бөліп оларды топ басшысымен таныстыру. 5. Таможнядан өту кезінде декларацияны толтыруға көмектесу. 6. Таможнядан өткен соң барлық туристердің түгелдігін тексеру. 7. Аға борт жүргізушіге қызмет көрсету жоспарымен таныстыру, маршрутта сақтандыру ережелерімен таныстыру. Ұшу барысында болып жатқан жағдайларға ақпарат беріп тұру. 8. Топтардың қонақүйлерге жеткізілуіне және олардың толық мекен жайларын алуға, хабарласып тұруға міндетті. 9. Қызмет көрсететін фирма қызметкерімен бірге туристердің жүктерін уақытылы жеткізілуіне ат салысу. 10. Қызмет көрсететін елде туристердің тізімін мемлекеттік тіркеу жасауға құжаттарын өткізуге көмектесу. 11.Туристерге алдын ала кездесетін уақытты, тамақтану уақытын, экскурсияға шығатын уақытты айту. 12. Туристердің жүгін өлшеген кезде қасында болу. 13. Қайта ұшу кезінде туристердің барлығын тізім бойынша тексеру. 15. Ұшақтан түскен кезде туристердің жүгін өткізген мөлшерімен алуын қадағалау. 16. Қазақстанға жеткен кезде туристік кәсіпорынға хабар беру және есепті келісілген уақытқа жеткізу. Туристік кәсіпорын әкімшілігі әуе саяхатын ұйымдастырған кезде барлық жауапкершілікті түсінуі қажет. Және келісім шарт бойынша жұмыс жасауды қадағалауды талап етеді.
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақстан Республикасында қанша әуе жайлар бар? 2. Әуе жолдарын қолданудың ерекшеліктері. 3. Қазақстан Республикасынан қандай шетелдерге ұшуға болады? 4. Қазақстан қанша елге халықаралық әуе транспорттық ұйымдарға мүше? 5. Әуе кәсіпорындары қандай қызмет көрсете алады? 6. Әуе саяхатын ұйымдастырушы маман нені білуі қажет? 7. Чартерлік авиациялық рейс дегеніміз не? 8. Чартерлік рейс басшысы қандай болуы және нені білуі қажет?
Дәріс 13. №13.Тақырыбы: Туристерді теміржол транспортпен тасымалдау жүйесі. 1. Жолаушыларды теміржол транспорттарымен тасымалдау ережелері 2. Жолаушыларды қала сыртына қатынайтын пойыздармен және халықаралық қатынастарда тасымалдау ережелері 3. Қол жүгін, багажды және жүк багажын тасымалдау 4. Қол жүгін тасымалдау шетелдерде тасымалдау ережелері. 5. Теміржол саяхатын жоспарлау және ұйымдастыру.
Қолданылғын әдебиеттер: 1. Осипова О.Я. Транспортное обслуживание туристов: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 368 с. 2. Железнодорожный транспорт: Энциклопедия. – М., 1995. 3. Авчинкин Д.В. Международные перевозки: Правовые аспекты перемещения грузов и пассажиров. – Минск, 1999. 4. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998 5. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003. Жолаушыларды қала сыртына қатынайтын пойыздармен және халықаралық қатынастарда тасымалдау ережелері. Жолаушыларды ҚР теміржолдарымен тасымалдау «Теміржол транспорты туралы Заңмен», «Жолаушыларды, жүктер мен жеке адамдарға арналған тұрмысқа қажетті жүк багаждарын федеральды теміржол транспорттарымен тасымалдау кезінде қызмет көрсету ережелері» және «Жолаушылар мен багаждарды Республикамыздың теміржолдарымен тасымалдау ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады. Бұл құжаттарға сәйкес әрбір жолаушының өзінде жол жүру құжаты (билеті) болуы тиіс; оны сапар барысының бүкіл уақыты аралығында сақтауы және бақылау жасайтын адамның талабы бойынша (ұсынуы) көрсетуі тиіс (егер билет вагон жолсерігінде немесе ол топтық билет болса, ол топ басшысында болған жағдайды есептемегенде). Егер жолаушы билетсіз жүрсе, оған айыппұл салынады. Әрбір жолаушы сапар кезінде бір орынды алуға құқылы. Жол жүру құжатын пайдалану кезінде бос орын болмаса, жолаушыға толық құны төленген қосымша орындар ұсынылуы мүмкін. Егер билетті толтыру кезінде тасымалдаушының кінәсынан қате жіберілген болса (билет дұрыс толтырылмаса, билет бос орындарсыз берілсе, бір орынға екі билет сатылса және т.б.), онда мұндай жолаушыға оның келісуімен басқа вагоннан орын ұсынуы, оның ішінде қосымша ақы ұстамай неғұрлым жоғары категориялы вагоннан ұсыну керек. Егер жолаушының келісуімен оған бұрын сатып алынған бағасынан төмен орын ұсынылса, баға айырмасы қайтарылады. Жолаушыға бұл пойыздан орын ұсыну (беру) мүмкіндігі болмаған жағдайда тасымалдаушы оған басқа пойыздан соған сәйкес орын ұсынуы керек, мұндай кезде жол жүру құжаты қосымша ақы ұстамай, қайта толтырылады. Егер жолаушы ауыстырылып ұсынылған орыннан бас тартса, оған жол жүру құжатының ақысы толығымен қайтарылады. Алысқа сапар шеккен кезде жолаушы 5 жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүруге құқылы, егер ол бала бөлек орын алмаса. Егер 5 жасқа дейінгі бала бөлек орын алатын болса, оған балалар билетін алу керек. Егер жолаушымен бірге 5 жасқа дейінгі бірнеше бала жүретін болса, біреуін тегін алып жүруге болады, ал қалғандарына балалар билетін алу керек. 5 жастан 10 жасқа дейінгі барлық балалар пойыздарда балалар тарифіне сәйкес тасымалданады. 10 жастан жоғары балалар ересектер тарифімен тасымалданады. Баланың жас шамасы тасымалдау басталатын күні анықталады. 10 жасқа дейінгі балаларды пойызбен алыс жолға ата-анасыз жібермейді (мектепке бару үшін темір жол транспортын пайдаланатын оқушыларды қоспағанда). Қала сыртына қатынайтын пойызбен жүру кезінде жолаушы 5 жасқа дейінгі қанша бала болса да тегін алып жүре алады. Халықаралық қатынастарда жеке орын талап етпейтін 4 жасқа дейінгі балалар, оларға жол жүру құжаттарын толтырмай-ақ тегін тасымалданады. 4 жастан 12 жасқа дейінгі және жеке орын талап ететін кіші жастағы балалар үшін ересек жолаушылар билеті құнының 50%-ы төленеді. 12 жастан жоғары балалар үшін ересектерге сияқты жол билеті талап етіледі. Бұдан басқа, 10 жастан асқан бала үшін ұйықтайтын немесе тақтай орынға плацкарт талап етіледі. Ұйықтайтын вагондарда тасымалдау кезінде бір ұйықтайтын орынды, егер олардың біреуі 10 жасқа толмаған болса, екі жолаушы қолдануы мүмкін. Жолаушы өзімен бірге ұсақ заттардан басқа, көлемі мен салмағы сәйкес ережелермен анықталатын қол жүктерін де тегін алып жүруге құқылы. Қол жүгі деп жеңіл тасымалданатын, түріне және орам түріне байланыссыз заттар, яғни өзінің көлемі бойынша қол жүгін орналастыру үшін қарастырылған вагондардағы орындарға қиындықсыз орналастырылатын заттар есептелінеді. Қол жүгі жолаушының жауапкершілігімен тасымалданады. Жолаушы жол жүру кезінде билетінің жарамдылығын 10 күнге дейін бір рет ұзартуға құқылы. Оның сапарды үзгісі келген жағдайдың маңызы жоқ. Бірақ мұндай жағдайда жолаушы өз құжатын вокзал немесе станция бастығына поездардың станцияға келуі сәтінен 4 сағат аралығында көрсетуі тиіс. Билетке станция бастығы (штемпель) мөр басады: «... станциясы, жарамдылық мерзімін ұзартқан аялдама..., сағат..., күні..., айы..., жылы..., қолы...». Аялдама мөрі бар жол жүру құжаты, егер қалған жарамдылық мерзімімен сол станцияға дейін жетуге болатын болса, сапарды белгіленген станцияға дейін толтырылуы мүмкін. Үзілген сапарын, сол тоқтаған станциядан қалпына келтіргісі келген жолаушы билетке сол станциядан компостер салғызып алуы және плацкарт үшін қосымша ақша төлеу керек, себебі тоқтаған кезде сапар жолында ұйықтайтын орынға қосымша ақы төлеу (төленген ақша) жарамай қалады және ақша жолаушыға қайтарылмайды. Одан басқа, ұзаққа жүру кезінде тоқталғаннан кейін поезд немесе аз төленетін категориялы вагондарда алдын-ала төленген қосымша ақылар жолаушыға қайтарылмайды. Жылдамдық үшін төленетін қосымша ақы өзінің әсерін билетпен бірдей сақтайды. Жол жүру құжатының жарамдылық мерзімін ұзартып, жолда аялдама жасаған жолаушылардың өз сапарын енді үзуге құқысы жоқ. Қала сыртына билет бойынша сапарды үзуге рұқсат етілмейді, егер бұл пойыз қозғалысының жағдайынан туындамаса. Жолаушы сапар кезінде ауырып қалса, билетінің жарамдылық мерзімін ұзартуға құқылы. Мәжбүрліктен болған аялдаманы растайтын негіз – ауруды анықтаған емдеу мекемесінің құжаты болып табылады. Сауыққаннан соң жолаушының қалауы бойынша сапарын жалғастыруға құқылы. Мұндай жағдайда темір жол станциясының бастығы ескісін ұзартып беруге немесе жолаушыға тегін жаңа жол жүру құжатын (билетін) беруі тиіс және мұндай жолаушыны бірінші жүретін поездбен жөнелтуді қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай жағдайда жолаушының қолында, жолаушы сапарды тоқтатқан станцияда жасалған аурудың нәтижесінде сапарды тоқтатқандығы туралы акт болуы тиіс. Егер жолаушы сауыққаннан кейін саяхатын жалғастырғысы келмесе, онда сол акт негізінде оған жүрмеген жолының құны қайтарылады (плацкарт құнын есептемегенде). Келісілген поездар тасымалдаушының кінәсынан кешіккен кезде, басқа станциядан толтырылған жол жүру билеті өзінің жарамдылығын сақтайды және билетте көрсетілген белгіленген станцияға дейін жақын арадағы жүретін поездға қайта толтырылуы тиіс. Егер жолаушы келіскен поездың кешігуінің нәтижесінде сапардан бас тартса және пайдаланылмаған билетті қайтарса, жол жүру құны (ақысы) және барлық жинаулар оған толығымен қайтарылады. Жолаушы билет сатып алынған поездан бұрын жүретін поездбен жүруге құқылы (бос орын болған кезде), бірақ бұрын жүретін поездға жол жүру билеттерін қайта толтыру, бұл поездың жүруіне 24 сағат қалған жағдайда ғана жүргізіледі. Мұндай жағдайда, егер жол жүру жағдайы жаңа пойызда комфорттыға (жайлы) ауыстырылса, онда жолаушы жол жүру құнының айырмасын төлеуі тиіс; егер жағдай комфорттыдан төменге ауыстырылса, жолаушыға жол жүру құнының айырмасы қайтарылады. Балалардың жол жүру билетін толық құнды (ересектер) билет етіп қайта толтыруға болады. Билеттерді қайта толтыру үшін белгілі бір ақша ұсталынады. Әр түрлі түрдегі билеттерді қайта толтыру әр түрлі жүзеге асырылатынын атап өту керек. Жол жүру билеттерін «Экспресс» жүйесі бойынша қайта толтыру, ереже бойынша жаңа билетті берумен жүргізіледі. Билеттерді қолмен жазып қайта толтыру жаңа компостер салу жолымен және тасымалдау жағдайын жақсартқаны үшін әр түрлі жинауларға квитанция берумен немесе ескісін қайтару операциясынан кейін жаңа билетті беру жолымен жүзеге асырылады (бұл жаңа пойыздың вагоны қандай тасымалдаушыға тиісті екендігіне байланысты). Егер жолаушы пойыз жүргеннен кейін жол жүру билетін жоғалтып алса (немесе соңғы шығарып салушыда қалып кетсе), ол билетсіз болып есептеледі және одан айыппұл және әр түрлі жинаулармен қоса билеттің толық құны алынады. Егер билет аяғында табылса, екінші төлемдер жолаушының тасымалдаушыға пайдаланылмаған билетпен берілген әр түрлі салықтардың квитанциясын ұсынып, жазбаша түрде жазылған өтініші бойынша қайтарылуы мүмкін. Жолаушы бағасы қымбат тұратын категориядағы вагонға, егер онда бос орын болса өтуге құқылы. Мұндайда ол өзінің тілегі туралы пойыздың бастығына вагон жолсерігі арқылы хабарлауы тиіс. Неғұрлым комфортты жағдайға қосымша төлеу әр түрлі жинаулар квитанциясы бойынша толтырылады, ал оның көлемі жолаушының бұрынғы вагондағыға сәйкес категорияның жолаушы неғұрлым жоғары категориялы вагонға орын ауыстырған станциялар арасындағы қашықтыққа төленген айырмасы ретінде анықталады. Егер жолаушы поездан қалып қойса, ол бұл жайлы станция бастығына хабарлауы тиіс. Егер поездан қалып қойған жолаушының вагонда заттары немесе билеті қалып қойса, станция бастығы пойыз бастығына жолаушының қалып кеткен заттарын алуға немесе билеттін поездардың жолдағы тұратын уақыты 10 минуттан кем емес станцияға беруі туралы жеделхат (телеграмма) жолдауы тиіс. Жеделхатты алған пойыз бастығы және сол зат қалып кеткен вагонның жолсерігі жолаушының қалған заттарын алу мен сақтауға іс-шараларын жасайды. Бұдан кейін заттар мен билет станцияға аттары аталып және орын саны немесе жол жүру билеті көрсетілген акт бойынша беріледі, содан кейін жолаушы қалып кеткен станцияға хабарласады. Мұндай хабарландыру негізінде жолаушыға, оның тұрған жерінен заттары қалып кеткен станцияға дейін орынсыз тегін билет (жалпы немесе плацкартты) беріледі. Қалып кеткен жолаушыға қол жүгін немесе жол жүру билетін алғандығы туралы акт негізінде жол жүру билетінің жарамдылық мерзімі келесі поездға қайтадан жаңартылады. Қол жүгін немесе жол жүру билетін алғандығы туралы хабарға ақы ұстамайды. Егер жолаушы поездға кешігіп қалса және бұл туралы билет алынған поезд жүріп кеткеннен кейінгі 3 сағат арасында хабарласа, станция бастығы жол билетінің жарамдылығын келесі пойызға жаңартып беруі тиіс. Мұндай жағдайда жолаушы плацкарттың құнын қосымша төлеуі тиіс. Сапардан бас тартқан жағдайда жолаушыға плацкартқа төленген төлемақысы қайтарылады. Поездға ауырып қалу немесе бақытсыздық жағдайы салдарынан кешіккенде (растайтын сәйкес құжаттары болған жағдайда), поезд жүріп кеткеннен кейінгі 3 тәулік ішінде жолаушыға келесі пойызға плацкарт құнын қосымша төлетіп, жол билетін қайтадан жаңартуына рұқсат беріледі. Мұндайда мөр басылады: «Жол жүру билетінің жарамдылығы қалпына келтірілген..., күні..., айы..., жылы..., қолы...» Егер жолаушы жол билетінде көрсетілген өзінің белгіленген станциясынан өтіп кетсе, онда поезд бастығы, вагон жолсерігі және жолаушы қол қойған акт жасалады. Актіде жолаушының аты-жөні, жол жүру билетінің нөмірі, вагонның нөмірі, пойыздың жүру бағыты, жолаушыны факт жүзінде түсіру станциясы көрсетіледі. Бұл акт жолаушыға белгіленген станцияға дейін тегін оралуына құқық береді. Жолаушы жолының кез келген жерінде (поезд тоқтай алатын) сапарын үзуге құқылы және пойыздың станцияға келуінен 4 сағат бұрын уақыт аралығында жүрмеген ара қашықтығы үшін жол жүру билеті құнын плацкарт құнымен есептеп қайтарып алуға құқылы. Сапар кезінде вагонды техникалық бұзылуына (ақаулығына) байланысты ажыратқан кезде станция бастығы тасымалдаушымен бірлесе отырып, басқа вагонды тіркеуге және соған жолаушыларды ауыстыру шараларын жасауға міндетті. Егер тіркеме мүмкін болмаса, тасымалдаушы жолаушыларды неғұрлым жоғары категория болса да, бос орынға орналастыруы керек. Мұндайда жолаушылардан қосымша ақы ұсталмайды, төсек құралдары қайтадан тегін беріледі. Ол пойызға орналастырылмаған жолаушылардың билеттері қайта толтырылып, жақын уақытта жүретін поездбен жіберілуі тиіс. Жолаушы егер сапардан бас тартқысы келсе, билетті кассаға кері өткізуге құқылы. Мұнда себептің еш мәні жоқ. Егер билет өткізілсе: – пойыздың жүруіне 8 сағат қалғаннан кешікпесе, онда жолаушы билеттің толық құнын алады (билет құны және плацкарт құны); – пойыздың жүруіне 8 сағаттан кем, бірақ 2 сағат бұрын үлгерсе, оған билет құны және плацкарт құнының 50%-ы қайтарылады; – пойыздың жүруіне 2 сағаттан кем өткізсе, онда тек билеттің құнын ғана қайтарып алады, ал плацкарт құны төленбейді. Егер кері қайтар жолға билет сатып алынған пункке қайтарылса: – 24 сағаттан кем емес уақытта, жолаушы жолақының толық құнын алады; – пойыздың жүруіне аз тәулік қалған мерзімінде жолаушыға плацкартты алып тастағандағы құны қайтарылады. Жол жүру билетін кері жөнелту пунктінде қайтарып бергенде жоғарыда айтылған тәртіп әсер етеді. «Багаж» деген белгісі бар жол құжаты жолаушыға қайтарып бергеннен кейін қабылдануы мүмкін және бұл туралы жол билетіне белгі қою немесе жолаушының жүк багажы мен багаждар тарифі арасындағы айырманы әр түрлі жинаулар квитанциясы бойынша қосымша төлегеннен кейін қабылдануы мүмкін. Мұндайда багаж кассирі «багаж» деген белгіні сызып тастайды және жол билетіне ұстаған сомасы көрсетілген әр түрлі жинаулар квитанциясының (түбіртегінің) нөмірін көшіріп жазады. Пайдаланылмаған жол билеттері бойынша ақшаны қайтару жолаушының сол адам екендігін растайтын құжатын көрсетумен жүргізіледі және белгіленген форма бойынша қолхатпен. Жол билеттерін қайтару кезінде жолаушыдан ереже бойынша белгіленген комиссиялық жинау-төлемдерді қайтаруды безендіру бойынша операция үшін ұсталынады. Пойыздың алыс жолға жүруінің кідірген жағдайында немесе оның белгіленген теміржол станциясына кешіккен жағдайда жолаушы 45 күн ішінде тасымалдаушының адресіне «Ресей Федерациясының теміржол транспортының Ережесінде» қарастырылған айыппұл төлеу туралы арыз-шағымын беруге құқылы. Осы мақалаға сәйкес тасымалдаушы жолаушыға әрбір кідірген сағаты үшін жол жүру ақысының 3%-ы көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, яғни егер поездың кідіруі немесе кешігуі қарсы тұра алмайтын күштердің, жағдайлардың салдарынан, адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін транспорт құралдарының ақауларын жою мақсатында болған жағдайлардың, тасымалдаушының кінәсынан емес немесе тасымалдаушыға тәуелді емес жағдайлардың салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, айыппұл төлеуге тиіс. Бірақ, мынаны есте сақтау керек: поезд бір сағаттан аз уақыт кідірсе немесе кешіксе есепке алынбайды. Жолаушылар қоғамдық тәртіпті, жолаушылар вагоны мен вокзал ғимаратын дұрыс пайдалану ережелерін сақтауы және теміржол транспорты мекемелерінің мүлкіне ұқыптылықпен қарауы тиіс. Егер жолаушы поездға отырғызу кезінде немесе сапар кезінде мас күйінде болса; қоғамдық тәртіпті және жол жүру ережесін бұзса; спирттік ішімдіктер ішіп және басқа жолаушылардың мазасын алса, тасымалдаушы оны тасымалдаудан бас тартуға немесе жолаушыны поездан түсіріп кетуге құқылы. Мұндай жағдайда жолаушыны отырғызудан немесе поездан түсіріп кетуді вагон жолсерігі немесе теміржол транспортының басқа қызметкері, немесе бағынбай қойса, полиция қызметкерлері атқарады. Мұндай адамның жол жүру билетіне поезд бастығы «жол жүру сапары Қызмет көрсету ережелерінің 27 “а” пункті бойынша тоқтатылды» деген белгі соғып береді, ал жолақысы және багажды тасымалдағаны үшін төленген ақша қайтарылмайды. Егер жолаушы ауырып, жан-жағындағылардың мазасын алса және мұндайда оны бөлек орналастыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, тасымалдаушы оны пойыздан түсіріп кетуге құқылы. Бұл жағдайда жолаушыны дәрігерлік-медициналық қызметкердің қатысуымен және соған сәйкес емдік-медициналық мекемесі бар станцияда түсіріп кетеді. Мұндай жағдайда жолаушыға жүрмеген жолының ақшасы (плацкартты алып тастағанда) қайтарылады немесе аялдағаны және билеттің жарамдылық мерзімінің ұзартылғаны туралы белгі соғылады. Егер ауруға медперсонал жұқпалы ауру немесе тамақтан қатты уланған деген диагноз қоятын болса, жолсерік аурумен байланыстағы жолаушылардың мәліметтерін жазып алуы тиіс. Алысқа жүретін пойыздардың жолаушылар вагонында темекі шегуге вагон тамбурының бу жіберетін қазандығынан басқа жағында рұқсат етіледі. Қала сыртына қатынайтын пойыз вагондарында темекі шегуге (тамбурда да) тыйым салынады. Олай болмаған жағдайда айыппұл салынады. Егер теміржолдың кесірінен жолаушы бақытсыздық жағдайға ұшыраса, ол сақтандыру төлемін алуға құқылы, билет құны сақтандыру тарифіне кіреді. Теміржол транспортындағы бақытсыздық жағдай нәтижесінде жарақат алған кезде жолаушыға жарақат ауыртпалығының деңгейіне сәйкес сақтандыру сомасының бөлігі төленеді. Жолаушы қайтыс болған жағдайда, сақтандыру сомасы қайтыс болған адамның туысқандарына толығымен төленеді. Жолаушыға немесе оның мұрагерлеріне сақтандыру сомасы, сақтандырушыдан бақытсыздық жағдай туралы акті алынғаннан кейін 10 күннен кешікпей төленуі тиіс. Кейбір жағдайларда ауру жолаушыларды тасымалдау қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда оқшаулануды талап ететін ауруларды тасымалдау, оны қасында алып жүретін адам қатысуымен оқшауланған купеде жүргізіледі. Купеде келе жатқан адамдардың санына қатыссыз, ондағы барлық орындарға толық ақша төленуі тиіс. Мұндай ауруларды жіберіп отырған мекеме немесе адамдар күні бұрын, бірақ 5 күннен кем емес, жеке купе дайындауға тапсырыс беруі тиіс. Тапсырысқа тасымалдау жағдайын көрсеткен дәрігердің талабы бекітілуі тиіс. Егер ауру жолаушылардың тобын алып жүру керек болса, жеке санитарлық вагондарда, мұндай тасымалдау жалпы негізде аренда төлеу жағдайында жүзеге асырылады. Қол жүгін тасымалдау ережелері. Теміржол транспортымен Ресей Федерациясының және басқа мемлекеттердің азаматтарына қол жүгі ретінде жеке затын, багажы мен жүк багаждарын тасымалдауға құқық беріледі. Қол жүктеріне жеңіл тасымалданатын, поезд вагондарында жолаушылармен бірге сол үшін арнайы бөлінген жерлерде – рундукте (төменгі сөренің астында орналасқан үлкен жәшік, сандық), үшінші сөреде, алыс жолға баратын поездарда есік астындағы қуыстарда және қала сыртына қатынайтын поездарда арнайы сөрелерде орналасатын заттар жатады. Мұндайда рундуктарды төменгі сөредегі орынды иемденген жолаушылар пайдалануға құқылы. Қол жүгін коридорда, тамбурларда, өтетін жерлер мен жолаушыға арналған орындарда тасымалдауға тыйым салынады.
Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 712; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |