Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ішкі каюталар. 6 страница




Қазіргі уақытта алыс жолға тегін тасымалданатын қол жүгінің салмағы билет түріне (балалар, ересектер немесе жеңілдік) байланыссыз, бір жол жүру билетіне 36 кг-нан аспауы тиіс. СВ вагондарында (2 адамдық купе) бір жол жүру билетіне тегін 50 кг қол жүгін алып жүруге рұқсат етіледі. Алысқа жүретін поездардағы қол жүгін тасымалдау ережесінің есебіне өзімен бірге балалар коляскасын, жиналған түрдегі байдаркаларды, яғни өз көлемі бойынша қол жүгіне арналған орындарда орналастырылуы мүмкін болатын заттарды алып жүруге рұқсат етіледі.

Алысқа жүретін поездарға жүру кезінде белгіленген ережелерден басқа қосымша ақы төлеп, қол жүгін алып жүруге болады. Мұндай жағдайда салмағы 14 кг-ға дейінгі қол жүгіне багаж тарифы бойынша (10 кг жүкке сияқты) жолаушыға «қол багажы» түбіртегін берумен төленеді. Қол жүгінің салмағынан артық, салмағы 50 кг-ға дейінгі қол жүктерін 2 орындық купесі (СВ) бар және 4 орынды купесі бар вагондарда тасымалдауға рұқсат етіледі және толық құны төленген қосымша жол құжаты (билеті) толтырылады. Егер қосымша жүктің салмағы 150 кг-ды құраса, онда мұндай жағдайда оны 4 орынға да билет құнын төлеген жеке купеде тасымалдауға рұқсат етіледі.

Үш өлшем сомасы бойынша қол жүгінің көлемі 180 см-ден аспауы тиіс. Қосымша ақы төлеп, қол жүгі ретінде электронды, тұрмыстық, бейне және аудио-техникаларды, яғни бір билетке бір заттан артық емес, тасымалдауға рұқсат етіледі (оның ішінде қала сыртына қатынайтын поездарда). Мұндайда заттардың салмағына байланыссыз оларға төлеу салмағы 30 кг багаж тарифы бойынша жүргізіледі және жолаушыға «қол багажы» түбіртегін берумен толтырылады. Егер жолаушы сол техниканы тасымалдау үшін қосымша орын «сатып алғысы» келсе, мұндай жағдайда багаж тарифы бойынша қосымша ақы ұстамайды.

Қол жүгінің бүтіндігі мен сақталуын қамтамасыз ету жолаушының міндеті болып табылады.

Қол жүгі ретінде басқа адамдардың заттарын және вагон ішін ластауға немесе зиян келтіруге қабілетті, сол сияқты сасыған, от қауіпті, уландыратын, жеңіл тұтанатын және т.б. қауіпті заттарды тасымалдауға рұқсат етілмейді. Дәрімен атылатын қаруды тек қол жүгі ретінде тасымалдауға рұқсат етіледі, мұндайда ол оғы алынып, патрондардан бөлек күйінде орналасуы тиіс.

Артық қол жүктерін жолаушы поезд құрамына енгізілген қозғалмалы сақтау камераларында алып жүре алады. Мұндайда қол жүгін тасымалдаудың әрбір орны үшін белгіленген мөлшерде жинау ұсталынады. Жылжымалы сақтау камераларында тасымалданатын қол жүгінің жоғалуы, жетпеуі, бүлінуіне багажға қатысты белгіленген тәртіпте тасымалдаушы жауап береді.

Белгіленген нормадан артық, тиісті ақы төленбеген қол жүгін алып жүруге айыппұл салынады. Айыппұл төлегеннен кейін жолаушы артық қол жүгін тасымалдау құнын бүкіл жолға багаж тарифы бойынша төлеуі тиіс. Бақылаушы жолаушының салмағы нормадан артық қол жүгін байқаған кезде, оған жол берген, яғни қол жүгі нормадан артық жолаушыны вагонға мінгізгені үшін вагон жолсерігінің атына акт жазылады. Акт жолсеріктің жұмыс орнына жіберіледі.

Айыппұл, сол сияқты, тасымалдауға тыйым салынған қол жүгі мен заттарын байқағанда да салынады. Тасымалдауға тыйым салынған заттар мен азық-түліктерді тасымалдаған жолаушылар поездан түсіріледі. Жекелеген жағдайларда (егер қасындағы адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірсе) жолаушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қала маңына қатынайтын поездарда жолаушы салмағы 36 кг-нан аспайтын қол жүгін және қосымша төленген және арнайы белгіленген ставка бойынша жүзеге асырылатын, толтырылған билет бойынша 50 кг-нан аспайтын қол жүгін тасымалдауға құқылы. Қала маңына қатынайтын поездарда қол жүгін тасымалдау тегін тасымалдау нормасының есебінен балалар коляскасын, өсімдіктерді, көшеттерді және т.б. бастары мен тамырлары оралған, биіктігі 180 см-ден аспайтын отырғызу материалдарын тасымалдауға рұқсат етіледі. Қала маңына қатынайтын поездардың тамбурында белгіленген төлемдер бойынша бөлшектенбеген күйінде 1 ғана велосипедті алып жүруге рұқсат етіледі.

Багажды және жүк багажын тасымалдау ережелері:

«Теміржол транспорты заңына» сәйкес, жолаушы жол құжатын көрсеткенде, тасымалдаушы багажды тасымалдауға қабылдауы және оны ең жақын арада жүретін поездбен белгіленген станцияға дейін жіберуге міндетті. Багаж деп жолаушының жеке өзіне тиісті, оған сапары аяқталуы бойынша қажетті және багаж вагоны немесе пошталық-багаж поезды бар поездға тасымалдауға төлем багаж тарифы бойынша жүзеге асырылады.

Тасымалдаушыға тасымалдауға қабылданған багаждың сақталуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Мұндайды тасымалдаушы қабылданған багажға оны тасымалдау үшін қабылдап алған сәтінен бастап, багажды алушыға бергенге дейін жауап береді.

Бір жол билетіне салмағы 200 кг-ға дейінгі багажды тасымалдауға қабылдауды рұқсат етіледі. Багаждың бір орнының салмағы 10 кг-нан аз болмауы және 75 кг-нан аспауы тиіс. Салмағы 75 кг-нан асатын бөлінуге келмейтін (бірақ 165 кг-нан аспайтын) заттар бір зат ретінде бір жол билетіне қабылдануы мүмкін.

Багаж тасымалдануға поезд жүретін станциядан, сол сияқты сапар жолдағы кез келген аралық станциялардан да берілуі мүмкін. Багажды теміржол станциясының жолаушы жүретін соңғы станцияларда ғана емес, сонымен бірге жүріс жолында орналасқан кез келген басқа станцияда белгілей алады. Сонымен бірге багаж жолаушының өзінің сатып алынған жол құжатына сәйкес жүру пунктінен алыс жерге жіберілмейді.

Тасымалданатын багаж жолаушыдан немесе станцияның багаж бөлімі арқылы немесе багаж вагонына тікелей багажын қабылдап өткізуші арқылы қабылданады. Бірінші жағдайда жолаушыға багажды тасымалдауға қабылданғанын бекітетін багаж түбіртегі беріледі. Онда жол құжатының нөмірі, багаж салмағы, оны тасымалдауға төленген сома және жолаушының қалауы бойынша багаждың келгені туралы хабарлама жіберілетін пошта адресі көрсетіледі.

Екінші жағдайда жолаушыдан тікелей багаж вагонына багажды қабылдау жолаушыға белгіленген формадағы (жазба қағаз) жарлық берумен расталады. Белгіленген теміржол станциясында багаждар станциясының багаж бөлімінен барлық тиісті төлемдерді багаж кассасынан жазба қағазға айырбастап алғаннан кейін ғана беріледі. Құқықтық қатынастарда жазба қағаз мәні багаж түбіртегінің мәніне сәйкес келеді. Одан басқа бөлінбейтін заттар (балалар немесе мүгедектер коляскалары, велосипедтер және т.б.), сол сияқты тасымалдауға поезда жүріп тұратын багаж вагонының қабылдап-өткізушісінен тікелей қабылдануы мүмкін. Мұндай заттарды тасымалдауға қабылдау билет немесе багаж кассасына алдын-ала төлегеннен кейін жүргізіледі, салмағы 20 кг-нан асса (әрбір заттың ара қашықтығын және белгіленген салмағын есептемегенде) багаж тарифы бойынша іс жүзіндегі салмағы бойынша жүргізіледі. Белгілеу станциясында мұндай багаж жолаушыларға багаж вагонынан тікелей беріледі.

Жолаушы өз жүгін күні бұрын (алдын-ала) өткізе алады. Багажды алдын-ала қабылдаған кезде (багаж жіберілетін поездың жүруінен 2 күнтізбелік тәуліктен көп уақыт бұрын) белгілі бір ақша ұсталынады.

Багаж жол жүру билетін немесе жазба қағазды және багаж түбіртегін көрсеткен кез келген адамға беріледі. Егер жолаушының билеті жоқ болса, багаж тек жүкбагажы мен багажды тасымалдау құнының арасындағы анықталған айырма ретіндегі қосымша төлемді төлегеннен кейін барып түбіртек ұсынған жолаушыға беріледі. Егер түбіртек немесе жазба қағаз жоғалып қалса, жолаушы өтініш жазуы тиіс (барлық заттардың белгісін көрсетіп, атап), осы өтініштің негізінде теміржол станциясы багажды бере алады.

Жолаушының қалауы бойынша багаж (станцияда транспорт құралы болған кезде), қосымша қызмет көрсетулерге ақы төлеп, үйге жеткізілуі мүмкін.

Жүк багажын тасымалдау. Жүк багажы – бұл жолаушылар және пошталық-багаж поездармен азаматтардың жазбаша өтініші бойынша тасымалданатын, теміржол билетін көрсетпей, заттар немесе басқа материалдық құндылықтар. Тасымалдау келісім-шартын растайтын құжат ретінде клиентке жүк багаж түбіртегі беріледі.

Жекелеген азаматтардан және мекемелерден қабылданған жүк багаждарына ақы төлеу жүк багаждары тарифы бойынша жүргізіледі. Мекемелерден қабылданған жүк багаждарды жөнелту станция бастығының рұқсаты болғанда қабылданады.

Жекелеген адамдардың адресіне келген жүк багаждарын алушыға белгіленген тәртіппен толтырылған оның сенімхаты бойынша, басқа адамға жеке куәлігін немесе соны растайтын құжатын, артына қолхатпен қоса, жеке құжаттың мәліметтері мен тұратын жері көрсетілген жол жүк багажының ведомостісін көрсеткенде беріледі. Заңды тұлғалардың адресіне келген жүк багажы сол заңды тұлғаларға жетекшісі немесе бухгалтері қол қойған және мөр басылған сенімхат бойынша беріледі.

Жүк багажы тасымалдануға оралған және оралмаған күйінде де қабылданады (егер орамы болмаса, оның сақталуына әсер етпейді).

Багаж және жүк багажының орамы олардың тасымалдаудың барлық уақытындағы сақталуын, сол сияқты басқа жолаушылардың багажына зиян келтіруден сақтауын қамтамасыз етуі тиіс. Мұндайда әрбір орын багажды тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде алып жүруге (тасымалдауға) мүмкіндік беретін құрылғысы немесе аспабы (құралы) болуы тиіс.

Егер багаж (жүк багажы) дұрыс оралмаса, онда бұл оны тасымалдаудан бас тартудың себебі болуы мүмкін.

Жолаушылар тасымалдауға багажды ұсына алады, ал жіберушілер комиссиялық жинау ұсталатыны хабарланған жүк багажын ұсына алады. Егер теміржол станциясы қызметкерінің жолаушысы немесе жіберушінің өз багажы немесе жүк багажын бағалауының дұрыстығына күмәні туындаса, ол жүк багажын немесе багажды тексеру үшін орамын ашуды талап етуге құқылы. Олардың құны сатушының есебінде көрсетілген немесе келісім-шартта қарастырылған бағаны есептемегенде анықталады, салыстырмалы жағдайларда әдетте ұқсас тауарға ақша ұсталады. Егер жолаушының багажы құны көрсетілмеген күйде қабылданса, багаж квитанциясындағы «құнын жариялау» графасында жолаушының өзі қол қойған «заттың құнын жариялаудан бас тартамын» деген белгі (сөз) болуы тиіс. Тамақ өнімдері багаж және жүк багажымен құны көрсетілмей және жолаушыларды багаж және жүк багажын тасымалдау ережелерінде қарастырылған тәртіпте жіберушінің жауапкершілігімен тасымалданады.

Багаж немесе жүк багаж ретінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселер бар. Мұндай заттарға мыналар жатады: оқ-дәрімен атылатын қару; жарылғыш заттар, улы, сасық заттар; наркотикалық, психотропты, жұқпалы, от қауіпті, оңай тұтанатын, өздігінен тұтанатын және адамдарға, тасымалдаушыларға және теміржолға т.б. белгілі бір зиян келтіретін заттар жатады.

Өткізілген багаж немесе жүк багаждардан мұндай заттар мен нәрселер табылса, бұл зат қоршаған ортаға зиян келтірген келтірмегеніне қатыссыз, жолаушыға 10 есе көлемде айыппұл салынады. Егер кері әсері, зардабы болса, онда бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Багаж және жүк багажымен ақша сомалары, облигациялар және басқа құндылықтар, сол сияқты сынатын және нәзік заттарды тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Тасымалдаушы багажды немесе жүк багажды белгіленген пункке белгілі бір мерзімде жеткізуі тиіс. Бұл багажды алудың кідірісі жолаушыға бірнеше ыңғайсыздық қатарын алып келуімен байланысты, яғни жолаушы багажын күтуі қажет, уақытылы оны пайдалана алмай қалады. Мұнымен багажды жеткізу мерзімі мен уақыты келісім-шартты орындаудың барлық мерзімінің құрамына кіреді.

Багаждың немесе жүк багаждың жіберілу уақыты жіберетін станцияның тасымалдау құжаттарында көрсетіледі, ал келу уақытын – белгілеу станциясы көрсетеді.

Егер багаж немесе жүк багаж белгіленген уақытта белгіленген станцияға келмесе, соңғысы багаж немесе жүк багажының квитанциясының артқы бетіне келмегені туралы белгі соғылуы керек. Мұндайда станция жолаушыдан өзінің адресі мен багаждың келгені туралы хабарлау тәсілін көрсеткен өтініш алады, ал станцияның өзі белгіленген тәртіппен келмеген багажды немесе жүк багажды іздеуді бастайды.

Багажды немесе жүк багажды жеткізудегі кешіккені үшін тасымалдаушы багажды алушыға багажды тасымалдау құнының 3%-ы көлемінде, әрбір кешіккен тәулік үшін өсімін төлейді (жарты күндер де толық күн деп есептеледі), бірақ багажды тасымалдау ақысының көлемінен көп емес. Багажды немесе жүк багажды жеткізудегі кешігу багаж келуі тиіс тәуліктің 24-ші сағатынан бастап саналады. Багажды немесе жүк багажды жеткізудегі кешіккені үшін төленетін айыппұлды жолаушының талабы бойынша теміржол транспорты қызметкері жасаған акт негізінде жүргізіледі. Бірақ, тасымалдаушыны багаждың кешіккені үшін өсім төлеуден босататын жағдайлар да бар, – бұл қарсы тұра алмайтын күштер (стихиялық бақытсыздық жағдайлар, жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні және т.б.), әскери іс-қимылдар (ұрыс, соғыс қимылдары), қамау, эпидемиялар және т.б.

Багаж немесе жүк багаж, егер белгіленген станцияға жеткізілу мерзімі аяқталғаннан кейінгі 30 тәулік ішінде келмесе, жоғалған деп есептеледі (заңды тұлғалар үшін бұл мерзім жүк багажына қатысы бойынша 10 күнді құрайды). Мұндайда ол шынымен жоғалды ма (ұрланды ма, жойылды ма, қолды болды ма) немесе жүріс жолдарында кідіріп қалды ма, еш мәні жоқ.

Жолаушының багажының немесе жүк багажының кешіккені туралы арызынан кейін, жолаушы жоғалған затының шығынын төлеуді (орнын толтыруды) талап етуге құқылы. Тасымалдаушы олардың құнын төлеуге міндетті (егер ол форс-мажорлы жағдайлармен байланысты болмаса). Багажды немесе жүк багажды тасымалдауда тигізген шығынның орнын толтыру мынадай жағдайларда жүргізіледі: багаж немесе жүк багаж жоғалғанда немесе жетіспегенде – жоғалған немесе жетіспеген заттардың құны көлемінде; багажға немесе жүк багажға зақым келгенде, бүлінгенде – олардың құны түскен сома көлемінде; құны көрсетілген багажды немесе жүк багажын жоғалтқанда – көрсетілген құны көлемінде төленеді. Егер багажға немесе жүк багажға оның құны мен бағасы құжат жүзінде расталмаса (көрсетілмесе), онда шығынның орнын толтыру әрбір жетпеген кг үшін РФ МПС белгілегенімен жүргізіледі. Одан басқа, тасымалдаушы алушыға багажды немесе жүк багажды тасымалдауға төлеген төлем ақысын қайтарады.

Егер багаж немесе жүк багаж 30 күннен соң келсе, алушы өз багажын немесе жүк багажын ала алады, бірақ мұндайда ол тасымалдаушыға жоғалған багаж немесе жүк багаж үшін бұрын төленген ақшасын қайтаруы тиіс. Егер алушы келген заттарын алудан бас тартса, онда алушыға багаждың немесе жүк багаждың келгені туралы хабардан кейінгі 4 тәуліктен соң, теміржол станциясы багажды немесе жүк багажды пайдалануға құқылы (бірақ бұл үшін дау-жанжал туындамас үшін, алушының келген багаждан немесе жүк багаждан бас тартқаны туралы жазбаша құжаты қажет).

Станцияда келген багаж немесе жүк багажы 1 тәулік бойы сақтала алады (24 сағат келген күнін есептегенде). Сақтау мерзімінен өтіп кеткен багажға немесе жүк багажға төлеу әрбір тәулік үшін белгіленген түрде жүргізіледі.

Багаж немесе жүк багаждың станцияға келгендігі туралы (жазбаша түрде) құлақтандырылған сәттен бастап, 30 күн ішінде багажды немесе жүк багажды алушы ізденіп, багажын алмаса, ол багаж соған сай тәртіппен пайдалануға беріледі. Заңды тұлғалар (мекемелер) үшін бұл мерзім 10 күнді құрайды.

Жан-жануарларды тасымалдау ережелері:

Жолаушылар ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарды қол жүгінің белгіленген нормасынан тыс (СВ және комфорттылығы жоғары вагондарды есептемегенде) жолаушылар вагондарда өзімен бірге алып жүре алады. Кез келген жағдайда жан-жануарларды тасымалдау үшін формаға сәйкес мал дәрігерлік куәлікті (анықтаманы) көрсетуі тиіс.

Егер жан-жануарларды өзімен бірге алып жүрсе (тасымалдаса), ол жәшікке, кәрзеңкеге, клеткаға орналастырылуы мүмкін және қол жүгін орналастыратын жерлерге еркін жіберіледі. Иттер, егер тараға орналастырылмаса, тұмылдырығының болуы, шынжырлануы немесе тізгінде болуы тиіс. Ұсақ жан-жануарларды тасымалдауға ақы төлеу – алыс жолға баратын поездға бір орынға 20 кг есебімен есептеледі, ал 20 кг-нан асатын болса, көбіне факт жүзіндегі салмақ ретінде жүргізіледі. Үй жануарларына ақы төлемей тасымалданса, оларға айыппұл салынады. Айыппұл төлегеннен кейін жолаушы жануарды тасымалдауға ақы төлеуге міндетті.

Алыс жолға баратын поездарда ірі иттер (оның ішінде қызметтік) бірінші локомотив вагонынан кейінгі жұмыс істемейтін тамбурда тасымалданады, немесе оларды иесі не алып жүруші купелік вагондарда да (комфорттылығы жоғары вагондарды есептемегенде) бақылап отыруына болады, купедегі барлық орындардың толық құны төленеді. Соңғы жағдайда жануар үшін қосымша ақы ұстамайды.

Қала маңында жүретін поездарда жануарлар ара қашықтыққа байланысты белгіленген ставкалар бойынша қала сыртындағы кассаларда сатылған билетпен тасымалданады.

Қала маңына қатынайтын поездарда үй жануарлары мен құстарды тасымалдау үшін ставка тарифтерінің көлемін тасымалдаушылар белгілейді. Ірі иттер қала сыртына қатынайтын поездардың тамбурында иесінің не алып жүрушінің бақылауымен тасымалдануы тиіс.

Соқыр жолаушылар иттерді өздерімен бірге барлық категориялы вагондарда тегін алып жүреді. Жабайы жануарларды қол жүгі ретінде тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Жолаушылар поездарының багаж вагондарында үй жануарлары мен құстарды тасымалдау вагонда орналасқан багаж немесе жүк багажын бүлдірмейтініне кепілдік беретін арнайы контейнерлер немесе поддондары бар жәшіктерде жүргізіледі. Мұндайда тасымалдау процесінде жануарларды күту мен тамақтандыру иесі не алып жүрушінің міндетіне жатады.

Багаж вагондарында өтпелі кезеңде араларды сыртқы ауаның температурасы 100С-тан аспағанда, тасымалдауға рұқсат етіледі. Жабайы жануарларды багажбен тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Барлық жануарларды тасымалдауға поездардың жүруіне кем дегенде 1 сағат қалғанда қабылданады. Жануарларды багажбен тасымалдауға багаж квитанциясы беріледі, онда «Торда ит бар», «Торда құс бар» деген белгі қойылады және т.б. тараларымен қоса салмағы және тасымалданатын құстар мен жануарлардың жалпы салмағы көрсетіледі.

Жануарларды белгіленген станцияда жолаушылар поезд келген уақытта тез алуы керек, бірақ поезд келген сәтінен бастап 12 сағаттан кешікпеуі тиіс. Бұл уақыттан кейін олар акт бойынша сауда мекемелеріне тиісті болады. Жануарларды тасымалдаған түбіртек жоғалып қалған жағдайда, жолаушы жануарларды тек жіберілген жерден дәлелдемелерді көрсеткенде ғана ала алады, яғни бұл дәлелдемелерде оның аты-жөні және тұрғылықты жері жазылуы тиіс.

Қол жүгі мен багажды шетелде тасымалдау ерекшеліктері:

Халықаралық байланыстарда қол жүгін, багаж немесе жүк багажын тасымалдаудың бірнеше ерекшеліктерін білу керек. Вагондарда тегін тасымалданатын қол жүгінің жалпы салмағы ересек жолаушылар үшін 35 кг-нан және 12 жасқа дейінгі балалар үшін 15 кг-нан аспауы тиіс. Қол жүгінің әрбір орны мұндай жағдайда 100×40×60 см-ден аспауы тиіс.

Багаж ретінде тасымалдауға жолаушыға сапар кезінде қажетті заттар және чемодандарда, сумкаларда, жол қапшықтарда немесе басқа орамдағы заттар жіберіледі, бір багаж орнының салмағы 25 кг-нан аспауы және көлемі 100×60×30 см-ден аспауы тиіс. Мұндайда бір жолаушыға орын үшеуден артық болмауы тиіс. Бельгия, Босния-Герцеговина, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Греция, Ұлыбритания, Италия, Югославия, Хорватия, Македония, Нидерланды, Норвегия, Румыния, Швеция, Словения, Испания, Турция және Венгриямен байланыстарда багажды тасымалдауға және транзиттеуге рұқсат етілмейді.

Иттерді немесе ұсақ үй жануарларын және құстарды өзімен бірге алып жүруге, егер олар сәйкес тасымалдау құралдарында (клетка, жәшік, кәрзеңке және т.б.) орналастырылса және көрші жолаушыға өзінің иісімен немесе шуылымен кедергі келтірмесе және жолаушылардың ішінен ешкім оған қарсы болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Иттерді тасымалдау үшін, егер тарифтегі толтырулар мен ұсыныстарда оған басқа ештеңе қарастырылмаса, 2-ші класты жол жүру құнының әдеттегіден жарты бағасы төленеді. Бірақ Норвегия, Швеция, Финляндия, Ұлыбритания және Испаниямен байланыстарда (ұйықтайтын вагондарда жүруді қоспағанда), сол сияқты Босния-Герцеговина, Югославия, Хорватия, Македония және Словениямен немесе осы елдер арқылы транзитпен өзімен бірге ит алып жүруге рұқсат етілмейді. Германиямен байланыстарда поездардың жүру кестелерінде ит алып жүруге болмайды деген белгі соғылған поездарда ит алып жүруге болмайды, сол сияқты өзімен бірге агрессивтік тұқымды (қабаған) және қауіпті иттерді (жауынгер иттерін) алып жүруге тыйым салынады.

Иттерді иелерімен бірге ұйықтайтын, плацкарт вагондарда купедегі барлық орынға жол жүру сомасы төленген (билет алынған) купелерде алып жүруге болады. Иттің иесі сапар кезінде оны бақылап отыруы керек. Ол жануарларды тасымалдау кезінде мүмкін болатын шығынға жауап береді.

Жануарларды багаж ретінде халықаралық байланыстарда тасымалдауға тыйым салынады.

Жолаушылардың багажы мен жүк багаждарын тасымалдау кезіндегі тасымалдаушының жауапкершілігі:

Егер жолаушының багажын тасымалдау кезінде кемшіліктер байқалса, жолаушы коммерциялық акт құруға тиіс. Коммерциялық акт багаждардың немесе жүк багаждардың жай күйіндегі ақаулардың бар екендігін байқағанда, оларды алуда кідіріс болғанда немесе жоғалған жағдайда жасалады. Онда заттардың сақталмағандығы жайлы дәл және нақты жазылады. Коммерциялық акт үш дана етіп жасалады, онда ешқандай түзетулердің болмауы және таза болуы тиіс. Ол тасымалдаушыға арыз-шағым түсіргенде көрсететін негізгі құжат болып табылады.

Коммерциялық актіге жолаушы немесе алушы қол қояды, егер ол тасымалданған затты тексеруге қатысқан болса және тасымалдаушы қатысады. Егер тасымалдаушы коммерциялық акт жасаудан бас тартса, алушы оған жазбаша түрде 3 тәулік ішінде арыз беруге құқылы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 678; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.038 сек.