КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Ішкі каюталар. 1 страница
K,L,M,N,O,P,Q - бұл комфортабельді каюталар екі кереуетпен, қарапайым жайлылықпен, дәретхана, теледидармен, радиоқабылдағышпен және телефонмен жабдықталған.
Променадқа қараған каюталар. («Voyager» классының лайнерлеріне арналған). TR - Ішкі каюталар иілген иллюминатор арқылы променадқа қараған. Каюталар 2 кереуетпен, қарапайым жайлылықпен, теледидармен, дәретханамен, радиомен, телефонмен жабдықталған. Круиздерде клиенттерге қызмет көрсетудің маңызды сәті – олардың көңіл көтерулерін ұйымдастыру болып табылады. Круиздік кемелерде әртүрлі клубтар, атақты мүсіншілер мен суретшілердің көрмелері, әртүрлі шоулар өткізу үшін «эстрада жұлдыздарын», актерларды шақыртып, аяқ баспаған аралдарға бару қызметтерін ұйымдастырады. Круиздік компаниялар демалушыларға қызмет көрсетуде іс-шаралар шеңберін әрқашан кеңейтіп отырады. Мысалы, “Royal Caribbean International” өзінің лайнерінде «круиздік бал айын» өткіземін деушілерге романтикалық той салтанатын ұйымдастырады. Круиздік кеме бортында отбасымен демалуға барлық жағдайлар жасалған. Балаларға қарайтын күтушілер қызметі, балалар клубтары, әртүрлі жастағы балалардың көңіл-көтеруінің жан-жақты бағдарламалары қарстырылған. Бірақ, лайнердегі кейбір іс-шараларға қатысу үшін жас мөлшері қойылған.
Бағдарламалар Жас мөлшері Мұз айдыны Барлық жастағы балалар Солярий 16 жастан жоғары Adventure Ocean балалар клубы 3 жастан 17 жасқа дейін Театр 16 жасқа дейінгі балалар Джакузи 16 жасқа дейінгі балалар «Бинго» және «Скачки» лотореясы 21 жастан жоғары Shipshape Фитнес-орталық 16 жастан жоғары Shipshape Spa әсемдік салоны 16 жастан жоғары Казино 18 жастан жоғары
Кез-келген круиздік лайнердің бортындағы саяхат «барлығы қосылған» жүйесі бойынша ұйымдастырылады. «All inclusive» қызмет көрсетуі әдетте мына қызметтерді ұсынады: тамақтану, спорттық инвентарьларды қолдану, көңіл көтеру бағдарламалары және әрине тұру. Кейбір компаниялар бұл қызмет түріне – кеменің бортындағы барлық сусындарды, шампан және маркалық шараптарды да жатқызады. Көптеген круиздердің артықшылықтары, онда визаның жоқтығы. Халықаралық теңіздік заң бойынша «Капитандық виза» түсінігі бар. Осыған сәйкес барлық жолаушылардың паспорттары капитанда сақталынып, әртүрлі елдердің жағалауында 48 сағаттан 72 сағатқа дейін бола алады. Бірақ та жолаушының тәртібіне капитан жауап береді.Мұндай саяхатты ұйымдастыру арзан, әрі қиындықсыз болады. Круиздердің ең үлкен кемшілігі – оның қымбат бағасы болып табылады. Бірақ мұнда клиенттердің материалдық жағдайына байланысты қызмет көрсетудің әртүрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Қазіргі кезде круиздердің бағалық классификациясы қабылданған: Экономдық (тәулігіне 75-150 АҚШ доллары); Классикалық (тәулігіне 100-200 АҚШ доллары); Премиум (тәулігіне 150-400 АҚШ доллары); Люкс (тәулігіне 700-1000 АҚШ доллары); Эксклюзивті (тәулігіне 1000 АҚШ долларынан жоғары). Теңіз круиздерінің негізгі аудандары Кариб бассейні мен Жерорта теңізі. Кариб бассейнінің ең басым артықшылығы – бұл жерде круизді жыл бойы өткізуге болады. Кариб бассейнінің маршруты бойынша саяхаттай отырып, туристер бірнеше елдерді аралап, олардың әсем жерлерін көруге, керемет жағажайларында демалуға, атақты сарқырамалар мен вулкандарды көруге, Багам аралдарында дельфиндермен жүзуге мүмкіндіктері бар. Бұл аудандағы круиздік саяхаттың ұзақтығы 3 күннен 2 аптаға дейін созылады. Маршруттар мына бағыттар бойынша классификацияланады: Батыстық Кариб, Шығыстық Кариб, Оңтүстік Кариб, Шығыс-Батыстық Кариб, барлық карибтер. Жерорта теңіздік круиздер европа елдерінің (Испания, Франция, Италия, Греция) және Африка (Марокко, Тунис, Египет т.б.) елдерінің бай мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Еуропалық круиздердің маршруттары Британия, Скандинавия және Ресей жағалауының су жолдары арқылы өтеді. Кейбір компаниялар 4 айдан астам уақытқа созылатын бүкіл әлемді аралау саяхатын ұйымдастырады. Соңғы уақытта круиздердің ең атақтысы мұзжарғыш круизі болып отыр. Бұл Солтүстік Мұзды мұхитқа, Солтүстік полюске және Антарктида жағалауларына ұйымдастырылған круиздер. Дәстүрлі емес су саяхатын жүзеге асыруға мынадай мұзжарғыштар белсене атсалысты: «Советский Союз», «Ямал», «Профессор Мультановский», «Буйницкий», «Молчанов», финдік «Сампо» және т.б. Бұл кемелер Гренландияға, Шпицбергенге, Франц-Иосифтің Жеріне, Антарктида жағалауларына рейстер жасайды. Тағы осындай турлардың бірі – «Антарктическая кругосветка» - америкалық «Куарк Экспедишн» фирмасымен ұйымдастырылған. Ол Шпицберген – Гренландияның батыс бөлігі – Канада (Ризалт) – Чукотка – Шпицберген маршруты бойынша жүзеге асырылады. Мұндай мұз саяхаттарына көбіне Германиядан, АҚШ-тан келетін туристер қызығушылық танытады. Ал, соңғы кездері бұлардың қатарына Жапония, Австралия, Голландия, Швейцария елдерінің туристері қосылуда. Мұз круиздері жыл бойы жүзеге асырылады: қыста негізгі бағыттар – Антарктида, ал, жазда – арктикалық теңіздер. Мұндай турлардың бағасы да өте жоғары – 10 000 АҚШ доллары және одан да жоғары. Теңіздік круиздердің әртүрлілігі паромдардағы круиздерде көрінеді. Олар соңғы жылдары өте атақты болып келеді. Паром дегеніміз – транспорт құралдарын, жолаушыларды, жүктерді тұрақты тасымалдайтын жүзуші көлік түрі. Қазіргі кездегі круиздік мақсаттарда қолданылатын заманауи паромдар көп палубалы кемелерді ұсынады. Әлемдегі ең комфортабельді паромдық круиздер Балтық теңізіндегі “Silia Line ” және “Viking Line” компаниялары болып табылады. Ол жердегі клиенттерге ұсынылатын қызметтер – дискотекалар, мейрамханалар, кафелер, сауналар, хауыздар және дүкендер. Бұл паромдардағы туристік-экскурсиялық бағдарламаның саяхатты қосқандағы ұзақтығы 4-8 күнді құрайды. Паромдарда туристерге комфортабельді каюталар ұсынылады. Каюталарда: гардероб, желдеткіш, душ, дәретхана, теледидар, фен, ішкі телефон, екі кереует болады. Отбасылық каюталар, сондай-ақ мүгедектер мен аллергиктерге арналған каюталар да бар. «Silia Line» паромының каютасын бейнелеп берейік: «Силья Люкс» - 11-ші палубада орналасқан жарық люкс нөмері, ауданы – 75 м2 . Қонақ бөлмеде жайлы жиһаз бен киінуге арналған бөлме. Мини-хауызы бар жеке сауна, теледидар, радио, бар. Персоналдық қызмет көрсету. «Коммодор» классы – Ауданы – 25 м2 , 1-2 адамға арналған жайлы «люкс» бөлмелер. Каюталар 10-шы және 11-ші палубаларында кеменің тұмсығында орналасқан. Кейбір каюталардың балконы болады. Каюталарда: 2 төсек орын, диван, теледидар, шалбар үтіктейтін құралдар. «Конференц-люкс» - 6-10 адамға арналған конференц жиналыстар өткізуге арналған люкс. Ол 9 палубада орналасқан. Люкстердің ауданы – 53,45-39 м2. . Қонақ бөлме конференциялар өткізу үшін жабдықталған. Терезесі жоқ жатын бөлме, кең кереуеттер. «Силья» классы – Екі адамға арналған, ауданы – 14 м2 , заманауи каюталар 11 палубада орналасқан.Теңізге қаратылып орналасқан. 2 орынды төсек, теледидар, үтік. Теңізге қараған каюталарда балаларға арналған қосымша төсек орындары бар. «Сисайд» классы – Теңізге қараған 2-4 адамға арналған заманауи каюталар. Ауданы – 11 м2 . 5,8,9,10 және 11 палубаларда орналасқан. «Променад» классы – Променадқа қаратылан 2-4 адамға есептелген заманауи каюталар. Ауданы – 11м2 . 8,9,1 және 11 палубаларда орналасқан. «Турист І» классы – 2-4 адамға арналған, терезесі жоқ каюталар. 5,9,10 және 11 палубаларда орналасқан. «Турист ІІ» классы – 2-4 адамға арналған, терезесі жоқ каюталар. Ауданы -11м2 . Отбасыға арналған каюталар – 4 үлкендерге және бір балаға арналған жайлы каюталар. Ауданы – 15м2. 8,9, және 10 палубаларда орналасқан. Мүгедектерге арналған каюталар – Екі адамға арналған жайлы каюталар. Ауданы – 14м2, 8-ші палубада орналасқан. Аллергиктерге арналған каюталар – 2-4 адамға арналған жайлы каюталар, ауданы – 9м2 . 4,5 және 6 палубаларда орналасқан. Аллергиктерге арналған арнайы жиһазбен жабдықталған. Дәріс 8. Тақырыбы: Туризм түрлері және түрлерінің бөлінуі. 1. Туризмнің негізгі түрлері 2. Туристтік саяхатқа негізделген түрлері 3. Транспорттық құралдарға байланысты туризм түрлері 4. Туризмнің дамуын қамтамасыз ететін технологиялар. Қолданылған әдебиеттер: 1.Биржаков М.Б., Введение в туризм. - М., 1999, 2004.- 448 С. 2.Зорин И.В., Квартальное В,А.'Энциклопедия туризма. - М., 2000.-368 3.Власова И.Б., Зорин И.В., Ильина Е.Н. Основы туристкой деятельности. М., 2006.
Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтынең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі; саяхатта пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары;саяхаттың ұзақтығы; топ құрамы; ұйымдастыру түрлері, туристтік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т.б. І.Ұлттық мәнділікке байланысты ұйымдастырылатын туризмнің негізгі түрлері екіге бөлінеді: ұлттық және халықаралық туризм. халықаралық туризм шет елге шығу және шетелден келу туризмі болып бөлінеді. ІІ.Туристтік саяхатқа негізделген қажеттілікке байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді: 1.Емдеу (медециналық) туризмі. Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Емделу туризмі адам организміне табиғи құралдармен әсер ету арқылы сипатталатын түрлерге бөлінеді, мысалы: климат арқылы емдеу, теңіз арқылы, батпақ арқылы, жеміс-жидек арқылы, сүт арқылы емдеу және т.б. Емдеуде кей-кездерде әсер етудің бірнеше түрі қолданылуы мүмкін, бұл жағдайларда туризмнің түрі демалушының организміне негізгі әсер етуші құрал арқылы анықталады. 2.Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр. Туризмнің бұл түрі үлкен жан-жақтылық арқылы ерекшеленеді. Мысалы: рекреациялық туризм құрамында төмендегі бағдарламалар болуы мүмкін: а) көріп тамашалау-көңіл көтеру (театр, кино, жәрменке, қала күндері, фестивальдар және т.б.); ә) қызығушылық іс әрекет (аңға шығу, табиғатты тамашалау, сурет, музыка және т.б.); б) этникалық және тұрмыстық (ұлттық мәдениет пен дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты); д) туристтік-сауықтандыру (қозғалыстың белсенді тәсілдері бар бағыттарды қоса, шомылу, шаңғы, атқа міну және т.б.). 3.Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік жатыр, осыған байланысты: - активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне спорттың белгілі түрімен айналысу қажеттілігі, ал пассивті туризмге-белгілі бір тпорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады. 4.Танымдық туризм. Әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды. Туризмнің бұл түріне экологиялық туризмді де жатқызуға болады. Экологиялық туризм бағдарламасы қорғауға алынған табиғи аймақтарға баруды ұсынады. 5.Іскерлік мақсаттағы туризм. Әр түрлі серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады. 6.Конгрессті туризм. Ол түрлі шараларға,оның ішінде конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатысуға байланысты ұйымдастырылады. Интенсивті дамуы толығымен халықаралық іскерлік және ғылыми шараларды өткізуге маманданған халықаралық ұйымдарды құруға әкеледі. Туристтік фирмалардың саяхаттың осы түріне ыңғайлану халықаралық еңбек бөлінісінің объективті заңдылығына негізделген. АҚШ-та конгрессті туризм жылына 40 млрд $ жоғары кіріс әкеледі. Конгрессті туризмнің үлкен артықшылығы оның мезгіл таңдамай өткізілуінде. Туристік индустрияның туризмнің осы түріне деген қызығушылығының артуы конгрессті өткізуге құрамына таза туристік қызметтің (қатысушыларды конгресс өткізілетін жерге тасымалдау, орналастыру, орындарын ұсыну, тамақпен қамтамасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету) және арнайы қызметтің енуіне байланысты болып отыр. Конгресстік туризм өнімнің ерекшелігі дәстүрлі шеңберден шығатындай әр түрлі қызметтің үлкен көлемін ұсына алу мүмкінділігінде. Конгресстік қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы негізгі қиындықтар басылым өнімдерінің (баяндамалар тезисі, шақырулар, мәліметтік хаттар және т.б.) көп бөлігіне деген қажеттілік, конгресске қатысушыларды тіркеу, аударма, техникалық жабдықтау, іскерлік кездесу сияқты қызметтерді көрсету керектігі және конгресске дейінгі және кейінгі турларды ұйымдастыру. Конгресске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығына қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес оны тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туады. 7.Діни туризм. Әр түрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделген. Ол екіге бөлінеді: а) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару; б) әулие жерлерге бару. 8.Өткенді аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға адамдардың бару қажеттілігіне негізделген. 9.Транзитті туризм. Басқа елге бару мақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр. 10.Өз бетінше ұымдастырылған туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды біріктіреді. Айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турлады ұйымдастырумен фирмалар емес, туристтердің өздері туристік-спорт клубтарымен және бірлестіктермен бірге отырып ұйымдастырады. ІІІ.Туристтік бағыттарда пайдаланылатын транспорттық құралдарға байланысты туризм келесі түрлерге бөлінелі: 1.Жеке транспорттағы транстурлар, яғни туристік жүйенің транспорттық шаруашылығына немесе тікелей ұйымға тиесілі транспортта саяхатқа шығу; 2.Жалға алынған туристтік транспорттағы транстурлар, яғни транспорт мекемесінің құрамындағы туристік ұйым жалға алған, белгілі кезеңге алынған транспорттағы турлар.Туристік ұйымдар жалға алынған арнайы транспорт ретінде теңіз және өзен көліктері, ұшақтар, туристік-экскурсиялық поездардың арнайы құрамы, қалалық, облыстық транспорт кәсіпорындарының автобустары қолданылады. 3.Туристердің жеке транспортындағы турлар автоәуесқойлары үшін бағыт бойынша көлік қызметтің барлық түрлері ұсынатын жеке немесе топтық турлар. IV.Қозғалыс құрамына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді: 1.Автокөлік туризмі. XX ғ-ң екінші жартысынан бастап дамыды. 2.Теміржол туризмі. XIX ғ-ң 40-шы ж-нан бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады. 3.Әуежолы туризмі. Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристерді баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы 1960 жылдан 1980 ж-ға дейіннің өзінде туризмде қолданылатын әуе жолы транспорттының үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланылатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді. 4.Теплоход туризмі. Бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді болады. Олар порттарға тоқтауы немесе тоқтамауы мүмкін. Өзен бағыттары - өзен параходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурсиялық серуендер жатады. Круизді және туристік-экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады. 5.Автобус туризмі. Автобусты қозғалыс құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар туристік-экскурсиялық және "денсаулық автобусы" деп аталатын -серуендік туры болуы мүмкін. 6.Велосипедтуризмі. Туристтердің шектеулі контингенттері ғана пайдалана алады. 7.Жаяу туризм. Ішкі туризмде кеңінен тараған. V.Туристтерді орналастыру құралдарына байланысты туризмді келесі түрлерге бөлуге болады. 1.Отельдегі туризм. 2.Мотельдегі туризм. 3.Пансиондағы туризм. 4.Кемпингті туризм. 5.Туристік ауылдағы, туристік базадағы туризм және т.б. Отельдер қала орталығында немесе әуежай, темір жол вокзалдары маңында орналасады. Мотельдер автокөлік жолдары жиегінде немесе қала шетінде орналасады. Мотельде тұру туристерге автокөліктеріне жағдай жасауды (автотұрақ, автосервис және т.б.) қ.е. Жеке басқарудағы қонақ үй түріндегі туристік пансиондар клиенттерге бір немесе бірнеше жеке бөлмелер немесе асхананы ұсынады. Кемпингтер, туристтік ауылдар, туристік базалар- кәдімгі және автотуристерді орналастыруға арналған қала сыртында орналасқан ғимараттар. Туристік ауылдар- түнеуге керекті автономды қондырғысы жоқ, туристердің демалуы мен түнеуі үшін қоршалған және жабдықталған жеке басқарудағы қызмет көрсету шаруашылығы. Орналастыру құралдары туристерді жыл бойы жүргізілетін тұрақты және туристерді қабылдау тек туристік мезгіл кезінде ғана жүзеге асырылатын-мезгілдік болып бөлінеді. VI.Туризм сонымен қатар саяхаттау уақытына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді. VII.Саяхаттардың ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді болады. VIII.Топ құрамы бойынша: 1.Жаппай туризм - туристердің топ құрамында саяхаттауы; 2.Жеке туризм - іскерлік, ғылыми, сауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі. 3.Жанұялық туризм - жанұя мүшелерімен бірге саяхаттауы. Туризмнің бұл түрі соңғы жылдары туристік фирмалардың балалармен саяхаттайтын тұлғаларға ұсынатын жеңілдіктері есебінен дамуда. 4.Жастар студенттік туризмі. 5.Балалар туризмі. - жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әр түрлі елдер арасында туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда. Қызмет көрсету бағаларында жеңілдіктер бар. IX.Туристтік өнім бағасын құрау принципін анықтауға байланысты коммерциялық және әлеуметтік (жеңілдетілген, дотациялық) туризм болып бөлінеді.Әлеуметтік туризм мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық құрылымдарға жеткілікті ақшалай қаражаты жоқ тұрғындардың әр түрлі деңгейіне демалуға мүмкіндік беру мақсатында белгілі жеңілдіктерді ұсынады. Мысалы, зейнеткерлер, студенттер, төменгі деңгейдегі жалақы алатындар және т.б. Туризмнің дамуын қамтамасыз ететін технологиялар. Туристік саланың технологияларын үш сфераға бөледі: транспорттық техника, қонақ үйлер және ресторанның жабдықтауы, коммуникативті техника. 1. Транспорт. Еркін қозғалудың мүмкіншілігін туғызған мобилдік маңызды көрсеткіштің бірі. Жоғары мобилділік әр адамның жеке еркіндігін көбейтеді,осылайша ол келіп-кету аймағын тану үшін көбірек мүмкіндік алады.Жоғары мобилділіктің жағымсыз жақтары да бар: транспорттық құралдар шуды туғызады және атмосфераны ластайды; жолда адамдар қолайсыз жағдайда болады.Бұл әсіресе көп адамдар сиятын Жоғары жылдамдықта қозғалудан алған әсерлер төмен жылдамдықтағы
Бақылау сұрақтары: 1. Туризм түрлерінің бөлінуі 2. Негізі түрлерінің анықтамасы 3.Туризм түрлерінің айырмашылығы Дәріс 9. Тақырыбы: Транспорттық саяхатты ұйымдастыру. 4. ҚР-ғы транспорттық жүйенің жағдайы және оның туризм үшін мүмкініктері. 5. Көлік саяхатындағы қауіпсіздік талаптары. 6. Көпшілікке арналған қала көлігіндегі болатын экстремалдық жағдайлар. Қолданылған әдебиеттер: 1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996 2. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998 3. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003. 4. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов»: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с. 5. Александрова А.Ю. «Международный туризм»: уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.
ҚР-ң 2030 ж. дейінгі әлемнің ең дамыған мемлекттері қатарына кіру жоспары мемлекеттің транспорттық комплексінің қарқынды дамуын болжайды. Қазақстандағы транспорт Республиканың аймақтық ерекшеліктеріне байланысты маңызды роль атқарады: - халықтың төмен тығыздығына қатысты; - кеңістіктің көлемділігі және оның әркелкі экономикалық дамуы; - ірі шетел нарығынан оқшаулығы (Германияға немесе Шығыс Қытайға дейін 5 мың км) Транспорт туристерге ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулер қатарына кіреді, және инфрақұрылымның құрама бөлігі болып табылады. Транспорт құралдарының қалыпты жұмыс істеуіне көбінесе туристік қызметтің табысқа жетуі байланысты болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес жердегі транспорт магистралдарының қашықтығы 105 мың км-ге жуықты құрайды, олардың ішінде 87,4000 км – автомобиль жолдары, 11 мың км жоғарғы – теміржол жолдары, 4,1 мың км – су жолдары, 40 мың км жоғары - әуе жолдары. ҚР туристерінің елден шығуда неғұрлым (ең) танымал транстпорт түрі авиациялық (әуе) болып табылады. Мұның бірқатар себептері бар: · Авиация – алыс қашықтықтарға бару кезіндегі ең жыцлдам және ыңғайлы транспорт түрі. · Жоғарғы қызмет көрсету сервисі ең әртүрлі мақсаттармен шетелдерге щығатын туристерді қанағаттандырады.
Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 890; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |