КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Авиажолаушыларды тасымалдау технологиясы
Әуе транспортымен тасымалдаған кезде авиажолаушыларға қызмет көрсету тасымалдың кепілдігін қамтамасыз етуге, ұшыдудың қауіпсіздік шараларын сақтауға,сонымен қатар авиатасымалдаушылардың қызметімен қолданатын азаматтарға ұсынылған мемлекеттік ұйымдардың бірнеше талаптарын орындауға бағытталған тәртіп ережелерінен тұрады. Жолаушы бұл ережелерден өту үшін әуежайға алдын ала келуі қажет. Әдетте халықаралық рейсте жолаушылардың әуежайға келу уақыты әуе суднасының ұшу уақытын 2,5 сағат алдын, ал ішінде – 2 сағат. Бұл уақыт жолаушыларды тіркеу рәсімі мен административті тексеру жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Билетті тіркеу мен жүкті ұшуға дайындау уақыты тасымалдаушымен белгіленеді немесе ол сатылым кезінде жолаушыға ұсынылатын билетте немесе басқа да құжатта көрсетіледі. Егер ақпарат берілмей, жолаушы рейске кешіккен жағдайда ол ақпарат берілмегендіктің нәтижесінде пайда болған шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Халықаралық рейсте тасымалданатын жолаушы келесі административті тексеру жұмыстарынан өтеді: 5 кедендік тексеру; 6 санитарлы-эпидемиологиялық тексеру: 7 паспорттық-визалық тексеру; 8 ұшудың қауіпсіздігін арнайы тексеру. Ішкі тасымалда жолаушылар ұшудың қауіпсіздігін арнайы тексеру мен жүкті тексеруден өтеді.
Жолаушыларды әуе рейсіне тіркеу Тіркеу фамилиялары PNL-ге (Passenger Name List – рейстегі жолаушылардың фамилияларының тізімі) енгізілген, рейске келген жолаушыларды брондалған жолаушылармен салыстару деп түсіндіріледі. Бұл рәсім маршруттың рейсімен нөмірі көрсетілген тіркеу үстелшесінде жүзеге асады. Жолаушыларды рейске тіркеумен бірге бір уақытта олардың жүктерін рәсімдеу де жүреді. Бұл тіркеу зоналары жүктерді өлшейтін таразы мен оны тексеретін қоймамен, транспорттармен, байланыс құралымен жабдықталған. Жолаушыларды бизнесс және эконом-класстарға тіркеу мен жүктерін рәсімдеу, әдетте, екі тіркеу үстелшесінде жүргізіледі. Жолаушыларды рейске тіркеу тәртібі келесі түрде жүзеге асады: 8 жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар мен авиабилетті тіркеу үстелшесіндегі оператор алады; 9 паспортта көрсетілген фамилияны билеттегімен сәйкестігін салыстырады; 10 билеттің растылығын, орны мен күнін тексереді; 11 жолаушылардың фамилиясын PNL-гі брондалған жолаушылардың тізімімен салыстырады және жолаушыларды тіркеу бланкісінде белгілейді. Фамилияларды салыстырудан кейін оператор қызмет көрсету классына байланысты, ұшақ салонындағы жолаушылардың нақты орнын белгілейді. Сонымен қатар мұнда жолаушылардың қызығушылықтары да есепке алынады – айна алдында немесе жол бойындағы орын, спутниктің жанында немесе бөлек, темекі шегетін немесе шекпейтінсалонда. Кейбір жағдайда жолаушылардың орнын оператор өзі белгілейді. Мысалыға, авариялық қосымша есіктің алдына ақыл-есі жайында, эвокуация жағдайында басқаларға көмек бере алатын немесе ең болмағанда кедергі жасамайтын жолаушылар отырғызылады. Ұшақтағы эвокуация прцессін тездете алмайтын жолаушылар жолды бөгемейтін және авариялық құрал-жабдықтарды қолдануға кедергі келтірмейтін орындарға жайғастырылады. Мұндай жолаушыларға анық физиологиялық және ақыл-есі кем тұлғалар; жылдам жүре алмайтын және денсаулығы төмен адамдар және 12 жасқа дейінгі балалар жатады. Жолаушылар орнын бекіту белгісі ретінде оған нақты орын, күні мен рейс нөмірі, тіркеу ведомостінің реттік нөмірі, сонымен қатар ұшақ қонатын шығыс нөмірі көрсетілген отырғызатын талон беріледі. Қазіргі таңда авиакомпаниялар жолаушыларға қызмет көрсету үшін тіркеудің автоматталған жүйесін қолданады. Бұл жүйелер тіркеу процессін жеделдетуге, турист және оның жүгі жайлы қажетті ақпаратты оперативті өңдеп жіберуге, жеке категориялы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тіркеудің автоматтандырылған жүйесі саяхаттаушылардың толық паспорттық мәліметтерін тексеруді қамтамасыз етеді. Бұл ұшақ бортына түрлі қылмыскерлердің кіруінен қорғайды. Сонымен қатар мұндай тіркеу жолы әуе тасымалдауды жүзеге асыруда электронды билетті ендіруге көмектеседі. Жолаушыларды тіркеумен бір уақытта олардың жүгінің салмағын өлшеу мен рәсімдеу жүреді. Тіркеу үстелшесіндегі оператор тасымалдаушыдан жүр биркасын жыртпалы талонын алып, оны авиабилеттің сыртына жапсырады. Осы уақыттан бастап жолаушының авиабилеті жүк квитанциясы да болып есептеледі. Орын сандары мен тіркелген жүк массасы жайлы ақпарат билетте көрсетіледі. Егер жолаушыда нормадан үлкен жүк болса, онда ол сәкесінше тариф бойынша төлеуі және тіркеу үстелшесіндегі операторға төленген квитанцияны ұсынуы қажет. Егер жолаушы қызмет көрсетудің жоғарғы класында ұшқысы келсе, онда ол тіркеу зонасының аға диспетчеріне қызмет көрсету класының жоғарылату жөнінде өтінішімен жолығу қажет. Ұшақтың бизнесс-класс салонында бос орын болған жағдайда өтініш қабылданып, жолаушы билетінің сыртына белгі қойылады. Кейін жолаушы сәкесінше ақша соммасын төлеу үшін, кассаға беру керек. Әдетте жолаушыларды тіркеу халықаралық рейске ұшардан 40 мин алдын, ал ішкі рейсте 30мин алдын бітеді. Тіркеуге кешіккен жолаушы мұндай рейске жіберілмеуі мүмкін.
Тегін жүкті өткізу нормасы ұшу бағыты мен қызмет көрсету классымен анықталады. Әлемде жүкті тегін өткізу нормасының екі жүйесі бар – салмақтың сандық жүйесі (Weight concept) және орынның сандық жүйесі (Piece concept). Сандық жүйе жолаушымен тегін өткізілетін жүктің массалық нормасын анықтайды. Тегін өткізілетін жүктің салмағы әуе судносының типіне, нақты маршрутына және жолаушыларға қызмет көрсету классына байланысты тасымалдаушымен жарияланады. Орынның сандық жүйесі жолаушы өткізе алатын жүктің алатын орын санын анықтайды. Бұл жүйе трансатлантикалық рейстерде қолданылады. Оның ережесіне сәйкес барлық класстағы жолаушылар 32 кг мөлшерінде екі орынды жүкті тегін өткізе алады. Егер бір жүктің салмағы 32 кг-нан асып кетсе, онда оған қосымша ақы төленеді. Эконом-класспен саяхаттайтын жолаушы үшін жүк орыны158 см, ал бірінші және бизнес – кластағы жолаушылар үшін 203 см-ден аспауы керек. Тіркеу кезінде жолаушы ұшу, қону кезінде оған керек заттардан басқаның бәрін өлшеуге беруі керек. Тіркелмеген жүкке «кабинаға» немесе «қол жүгі» деген бирко жапсырылады. Әуе судносының салонында бұл заттар жолаушы орындығының үстіндегі жабылатын сөреге немесе алдындағы орындықтың астына орналастырылады. Тіркелмеген жүк тегін жүктің нормасына кіретінін естен шығармау керек. Тіркелген жүктің әрбір орынына ұшу күні, маршрут пен рейс нөмірі көрсетілген жүк биркасы қадалады. Жүк биркасының жыртылған талоны авиабилетке жапсырылады. Жүк биркасы мен жыртылған талон жүкті идентификациялау үшін қажет. Тегін жүк нормасы жеке орынды билеті бар барлық жолаушыларға қатысты. Бірақ тегін жүкке жатпайтын жүктер тізімі бар, яғни кез-келген жағдайда бұл заттарды өткізу ақылы. Оларға мыналар жатады: - Әрбір класстың қалыптастырылған нормасынан асатын заттар (атауы мен бағытына тәуелсіз); - Бір орындағы 32 кг асатын заттар; - Жалпы салмағы 5 кг-нан аспайтын ас көгі, кептірілген өсімдіктер, гүлдер, өсімдіктің тұқымдары, ағаштардың бұталары; - Курьерлік корреспонденция және посылкалар; - Жануарлар (ит, мысық, құс және т.б.). Жоғарыда айтылған барлық заттар, өсімдіктер, жануарлар жолаушының жалпы жүк салмағына тәуелсіз, тасымалдау үшін ақы төленеді.
Ақылы жүк Егер жолаушының жүгі тегін жүк нормасының салмағынан асатын болса, онда тасымалдау сәйкесінше тариф бойынша төленеді. Салмақтық жүйеде бұл тариф әр авиакомпанияда әркелкі, бірақ әдетте әрбір артық килограмм үшін билет құнының 1% құрайды. Төленген ақы жолаушыға түбіртек берумен расталады. Егер жолаушы алдын – ала өзінің жүгінің нормадан асатынын білсе, брондау немесе билетті сатып алу кезінде тасымалдаушыны бұл жөнінде хабардар етуі керек. Сонымен қатар, тасымалдаушы егер жолаушының жүгі, салмағы, көлеміқалыптасқан ережеге сай келмесе, ол тасымалдаудан бас тартуы мүмкін.
Тасымалдауға тыйым салынған жүктегі заттар Кейбір тіркелген немесе қол жүгі ретіндегі заттар әуе тасымалдауда тыйым салынатынын естен шығармау керек. Бірінші топқа әуе судносының ұшуына, адамның денсаулығына, өмірі мен мүлкіне қауіп төндіретін заттар жатады. Бұл жарылғыш заттар, қысылған газ, коррозиялық заттар, радиактивті материалдар, магниттер және улы заттар. Тасымалдаудағы тыйым салатын заттар тізімін азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы анықтайды (ICAO). Екінші топқа елден алып шығуға немесе алып кіруге немесе территориясынан өткізуге рұқсат бермейтін елдің мемлекеттік органының нормативті актілері және заңдылықтары тыйым салған заттар жатады. Үшінші топқа, тасымалдаушының ойы бойынша жүктің салмағы, мөлшері немесе басқа да қасиеттері (нәзіктігі, иісі және т.б.) үшін тасымалданбайтын заттар жатады.
Шектеулі көлемде тасымалдауға рұқсат берілген заттар Жолаушыға тіркелген немесе қол жүгіндегі заттарды, бірақ шектеулі көлемде, тасымалдауға рұқсат берілетін заттар тізімі бар. Оларға мыналар жатады: - Алкогольді сусындар, әрбір жолаушы үшін 2 л (21 жастан жоғары тұлғалар үшін); - Жеке тұтынуға қажетті көлемдегі әтірлер мен одеколондар; - Қара уылдырық – 280 г. 1 адам үшін; - Қызыл уылдырық – 280 г. 1 адам үшін; - Дәрі – дәрмектер - 2 кг; - Жеке қолдану үшін портативті медициналық термометр; - Құрғақ мұз – 2 кг; - Жеке қолдануға арналған қауіпсіз сіріңке; - Медициналық мақсаттарға қажетті көмірқышқыл немесе оттекті газды портативті баллондар; - Табак өнімдері – 200 сигарет 1 адам үшін;
Жүкті буып – түю Авиакомпанияның жауапкершілігіне тасымалдауға өткізілген жүкке оның буып – түюіне қатысты нақты талаптар ұсынылады. Жүктің байлауы оны жай ұстағанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Өткізілген әрбір жүктің алып жүру үшін арнайы ұстағышы болуы керек. Сонымен қатар, онда басқа жолаушылардың жүгіне зақым келтіретін өткір заттар шығып тұрмау қажет. Жолаушы тіркелген жүкке нәзік заттарды, тез бұзылатын өнімдерді, ақшаны, зергерлік бұйымдарды, құжаттарды қоспауы керек. Жүкті алу Тағайындау пунктінде жолаушы өзінің тіркелген жүгін тасымалдаушы ұсынған соң алуы керек. Әдетте, жолаушы өз жүгін қозғалмалы транспорттық лентадан өзі алады; оның сәйкестігін білу мақсатында жүк биркасының жыртылған талонын ұсыну керек. Егер жолаушы жүк түбіртегі мен жыртылған талонды жоғалтып алса, онда жүктің құжаты жоқ екендігін растайтын акт құрылады. Тасымалдаушы бұл тұлғаға жүкті, егер оныкі екендігін дәлелдесе (мүлікті сипаттау, кейбір ерекшелігін көрсету) береді. Егер жолаушы жүгін алғанда, ондағы кейбір ақауларды байқаса, онда әуежай бұл ақау жөнінде акт құру қажет. Акттің бір нұсқасы жолаушыға, ал екіншісі әуежай тасымалдаушының комиссиясына беріледі.
Жүктің кешіктірілуі мен жоғалуы Егер жолаушы тағайындалған әуежайға келген соң, өзінің тіркелген жүгін таба алмаса, онда оның өтінішімен әуежайда бұл жайлы акт құрылады және авиакомпания оны іздестіруде шара қолданады. Халықаралық рейсте жүкті іздестіру. «World Tracer» атты автоматты жүйенің көмегімен жүргізіледі. Бұл жүйе іске 1993 жылы енгізілген болатын және қазіргі таңда 300 әуежайлар мен авиакомпанияларда қолданылып жатыр. «World Tracer»-ге жоғалған және табылған зат жөнінде мәлімет түседі; жүйе банктегі ақпарат бойынша берілгендердің нақты параметрлерін салыстырады және дұрыс нәтиже шыққанда жүктің иесін анықтайды. Жүк тағайындау пунктіне түскен күннен бастап, 21 күн аралығында табылмаса, жоғалған деп саналады. Бұл жағдайда жолаушы тасымалдаушыдан жоғалған затты өтеу жөнінде акт пен наразылық құжат толтырады. Бұл жөнінде наразылықтар авиакомпанияның басшыларын халықаралық тасымалдауда 18 ай, ал ішкі тасымалдауда 6 ай аралығында бағытталады. Жүктің кешіктірілуі мен байланысты жағдайлар тәжірибеде жиі кездесе бермейді. Әлемдік статистикаға сәйкес жоғалған жүктің 95% табылады, көптеген авиакомпаниялар бұл мәселені шешуге үлкен назар аударады. Олар жоғалған жүкті тез табу үшін шаралар ойлап табады немесе мұндай жағдайлардың болу мүмкіндігін мүлдем жояды.
Жүкті сақтау мен өткізу Тағайындалған әуежайға келген жүк келген күннен бастап 2 күн аралығында тегін сақталады. Одан кейін де сақталып жатса, ақы төленеді. Егер жүк тасымалдаушымен уақытынан ерте жеткізілсе, онда ақыны тасымалдаушының есебінен жүргізеді. Алынбаған жүк әуежайда халықаралық тасымалдауда 30 күн, ішкі тасымалдауда 6 ай аралығында сақталады. Белгіленген мерзім біткен соң қалыптастырылған тәртіпке сай жүк өткізіледі. Жүкті сақтау процессінде авиакомпания оның иесін іздестіреді. Бұл үшін ол басқа тасымалдаушыларды алынбаған немесе құжатсыз жүк барлығы жөнінде хабарландырады, заттарды тану мен алу жөнінде жүктерін жоғалтып алған жолаушыларды ақпараттандырады. Егер жүктің иесі 30 күн аралығында келмесе, онда жүк өткізуге жіберіледі. Жолаушылардың ұшақ салонында, автобуста және әуежайда жоғалған немесе ұмытылған заттары 30 күн аралығында сақталады.
Жүкті тасымалдау кезіндегі жауапкершілік Тасымалдау уақытында тасымалдаушының күзетінде болған жүктердің зақым, жетіспеушіліктер мен жоғалулары үшін тасымалдаушы жолаушының алдында жауапты және бұл жағдай ұшақ бортында немесе жерде болғанына байланысты емес. Тасымалдаушы мына жағдайларға жауапты емес: - Нәзік заттардың зақымына, сонымен қатар, ақшаңыздың, зергерлік бұйымдардың, қымбат металлдардың, құнды қағаздардың, құжаттардың, медикаменттердің және кілттің қауіпсіздігіне; - Жүк салмағының жетіспеуіне, егер жолаушы жүктің жетіспеушілігіне тасымалдаушының кінәсі екенін дәлелдей алмаса; - Форс-мажорлық жағдайларға байланысты жүктің жеткізілуін кешіктіруге. Сонымен қатар, жолаушының кесірінен басқа жолаушының жүгіне зиян келтірілсе, онда ол авиакомпанияға шығынын өтеу керек. Себебі ол жүкке тасымалдаушы жауапкер.
Наразылықтар мен шағымдар Егер жолаушы өз жүгін бұзылған жағдайда (оралуының бұзылуы, зақымдануы, жетіспеуі) алса, онда ол шығын өтеуді сұрайтын, тасымалдаушыға жазбаша наразылықты ұсынуға құқылы. Наразылықпен бірге болған жағдайды растайтын акт экземпляры да беріледі. Тасымалдаушы бұл наразылықты қарастыруға оның нәтижесін жолаушыға жеткізуге міндетті. Наразылық 30 күн аралығында қарастырылады. Егер тасымалдау бірнеше тасымалдаушымен жүзеге асатын болса, онда мерзім 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Егер наразылық толығымен қанағаттандырылса, онда конфликт жойылды деп санауға болады. Егер наразылық толығымен қабылданбаса, онда шағымданушыға барлық құжаттар қайтарылады. Кейбір қабылданбаған жағдайда, шағымданушы тасымалдаушыға сотқа шағым беруіне құқығы бар. Жеке топтағы заттарды тасымалдау ерекшелігі. Әуе транспортында тасымалдауда арнайы шарттарды талап ететін заттар тізімі бар. Осыған байланысты тасымалдау нақты бір ережелерді ұстануда рұқсат берілетін жүктердің бірнеше тобы ерекшеленеді.
Ақша, асыл тастар, құжаттар Ақшаны, асыл тастар мен құжатты жолаушы жүкке өткізбей, өзімен бірге алып жүруі қажет. Егер қандай да бір себептермен жолаушы бағалы заттарын (көбіне нәзік және сынатын заттарға қатысты) жүкке өткізгісі келсе, онда тасымалдаушы оның сақталуына жауап бермейтін шартымен, зақымнан сақтайтын арнайы қорапта ғана тасымалдауға қабылдануы мүмкін. Әрине бұл жағдайда тасымалданатын заттарды алдын-ала сақтандыруға болады, бірақ та ережеге сәйкес жүк онда не барлығына тәуелсіз «көтермеде» сақтандырылады. Нормадан салмағы мен көлемі аспайтын, нәзік және тез сынатын заттар ұшақ салонында жолаушының жауапкершілігімен тасымалдануы мүмкін.
Оптика және аппаратура Ережеге сай, кино және видеокамералар, фотоаппараттар, бинокльдер, радиоприемниктер тасымалдауға тек арнайы оранған сөмкелерде немесе чемоданда қабылданады. Радиоаппартурадан қоректендіру элементі алынуы керек. Жоғарыда айтылған заттарды әуе судносының бортында қолдануға рұқсат берілмейді. Азгабаритті магнитофондар, радиоприемниктер, теледидарлар тасымалдаушының келісімен әуе судносының бортында тасымалдана алады. Әуе судносының типіне байланысты ұшардан алдын командир ұялы телефондарды, электронды ойындарды, нормативті компьютер мен плеерлерді қолдануға болмайтынын ескертеді. Ескертуді байланыс жүйесінің кедергілерін алдын – алу мен ұшуда әуе судносының навигациясына зиянын тигізбеу мақсатында орындау қажет. Бірақ оларға калькулятор, электронды будильник, есіту аппараттары жатпайды.
Мылтықтар мен оқ-жарақтар Мылтық өткізгісі келген жолаушы бұл жайлы алдын – ала билетті брондауда тасымалдаушыға ескертуі қажет. Егер маршрут басқа мемлекет шекарасынан өтсе, онда мемлекеттердегі заңдар мен ережелерді сақтау мақсатында бортта мылтық өткізу сұрағы алдын – ала мемлекеттің сәйкес өкілетті органдарымен қадағаланады. Ұшу уақытында жолаушыда өзімен бірге мылтықтың кез-келген түрінің болуына тыйым салынады. Ол тек қана тасымалдаушының келісімімен әуе судносының жүк бөлімінде ғана тасымалданады. Сонымен қатар, ол мылтыққа міндетті түрде жолаушыда лицензиялық рұқсат қағаз болу қажет. Егер мылтық аңшылық туризмді жүзеге асыру мақсатында өткізілсе, онда аңшылық турды жүзеге асырушы жақтың шақыруы мен келісімін ұсыну қажет. Ал егер мылтық халықаралық спорттық ойындарды өткізу мақсатымен тасымалданса, онда бұл жарысқа қатысуға шақыруды ұсыну керек. Мылтықты елден алып шығу мен кіру жеке тұлғаларға 2 ай мерзіміне, ал заңды тұлғаларға 6 ай көлемінде рұқсат беріледі.
Жануарлар мен құстар Итті, мысықты, құсты және басқа да үй жануарларын тасымалдау алдын – ала тасымалдаушының келісімен және оның шартымен жүзеге асырылады. Әуе судносында жануар өткізгісі келетін жолаушы бұл жайлы билетті брондауда хабардар етуі және жануарлар санын көрсетуі керек. Жануарларды өткізу үшін бірнеше құжаттарды алу қажет: 1) ветеринар куәлігі мен сертификаты; 2) алып шығуға рұқсат (халықаралық тасымалдауда). Соңғы құжат көбіне иттерге қажет. Ереже бойынша, ірі жануарлар әуе судносының жүк бөлімінде арнайы торда немесе контейнерде тасымалданады. Көптеген тасымалдаушылардың ережесіне сай, салмағы 5-8 кг аралығындағы жануарлар әуе судносының салонына өткізіле алады. Бірақ кез – келген жағдайда жануарды тасымалдау тарифке сай төленеді. Ұшу уақытында жануарларды салонда серуендету мүлдем болмайды. Жануарлар мен құстардың контейнеріне нақты талаптар қойылады – оларға ауа жеткілікті түрде кіруі, көлемі қолайлы болуы керек. Статистикаға сай жыл сайын әуе транспортында 500 000 жуық иттер мен мысықтар тасымалданады, олардың 99% белгіленген жеріне жақсы жетеді.
Ұшақ салонындағы жүк Егер жүк қол жүгінің нормасынан жоғары болса, бірақ айрықша күтімді талап етсе (хрусталь, шыны, фарфор, керамика өнімдері, музыкалық инструмент, электронды аппарат және т.б.), онда тасымалдаушының келісімімен оны ұшақ салонына өткізуге болады. Мұндай жүк үшін жеке орын брондалады және оның тасымалдануы жолаушы билетімен тіркеледі. Мұндай жағдайдағы билет құны қалыпты тарифтің 75% құрайды. Әуе судносының салонында тасымалданатын жүк салмағы 30-70 кг аралығында, ол көлемі жеке жолаушы орындығына орнатыла алатындай болу керек. Ережеге сай мұндай жүкке «кабинаға» немесе «қол жүгі» биркасы жапсырылады.
Ауқымды жүк Ауқымды жүк – бұл үш өлшегіштің суммасымен, ұзындығымен салмағы тасымалдаушы белгілеген нормадан үлкен жүкті айтамыз. Мұндай жүк тек алдын – ала тасымалдаушының келісімімен қабылданады. Оларға: спорттық құрал – жабдықтар, тоңазытқыш, жиналмайтын балалар арбасы, мүгедектер арбасы, велосипед, музыкалық инструмент, судно және видеотехника, теледидар жатады. Ауқымды жүк үшін төлем сәйкесінше тариф бойынша жүргізіледі, оның үстіне авиакомпания оны жүктеу мен түсірудегі қосымша шығынды өз мойнына алады. Дәріс 4. Тақырыбы: Саяхатпен туризм саласындағы транспорт классификациясы. 1. Жолаушыларды тасмалдаудағы тік ұшақ типтері. 2. Қазақстандағы автомобиль және су көлігі 3. Мотоцикл көлігі және тарихы. Қолданылған әдебиеттер: 1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов»: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с. 2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996 3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998 4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003. 8. Александрова А.Ю. «Международный туризм»: уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с. Транспорттық саяхаттау дегеніміз- ол арнайы белгіленген жол құжаттары мен жол бағыттары және белгілі бір транспорт түрімен саяхаттануды, демалып ләззат алуды және діттеген жеріне жетуді айтамыз. Транспорттық қызмет түрлері туристік индустрияның ең басты элементтерінің бірі болып табылады. Туристік транспорттық қызмет, саяхаттың бағытына, қажеттілігіне немесе сұрауына, талабына сай түрлері өте көп. Мысалы: 1. Әуе арқылы саяхаттау. 2. Жер арқылы саяхаттау. 3. Су арқылы саяхаттау. Солардың ішінде тоқтала –толықтыра кетсек. 1. Әуе жолына – Самалет арқылы, Верталет арқылы, Әуе делтопландары және тағы басқа ұшақ түрлері арқылыы. Әуе транспортының тиімділігі туристің діттген жеріне тез және аз уақыт ішінде жетуіне немесе арнайы ұшақ түрлері мен саяхаттау арқылы биіктен қалаған жерін көріп тамашалауға мүмкіндік береді. 2. Жер арқылы саяхаттайтын транспорт түрлеріне тоқталатын болсақ, олардың түрі өте көп, қызметі жоғары әрі қауіпсіз болып келеді. 1) Темір жол транспорты- туризм саласында кең ауқымды әрі тиімді қолданылады, 2) Автобустар, арқай автомобильдері және автомобильдер. Бұл транспорттардың айырмашылығы туризм саласында экскурссиялық тарихи жерлерді аралау және еркін қыдыруға асықпай көп нәрсені көріп тамашалауға, қалаған жерінде тоқтап керек жарағыңды алуға тағы басқа жағдайлар мен қажеттіліктеріне қолайлы жағдай жасай алатын транспорт түрлері болып келеді. 3. Су туризмінде қолданылатын транспорт түрлеріне арнайы үлкен кемелер, кішігірім кемелер мен қатерлер, желкенді кемелер жатады. Бұл транспорт түрлері туризм саласында атқаратын қызметі басқа транспорт түрлерінен төмендеу. Бірақ сервистік қызметі жағынан өте жоғары және көп адам сиятын ұзақ мерзімге саяхатқа шыға алатын транспорт түріне жатады. Бұл транспорт түрін тек мұхитта ғана емес теңіздерде, өзендерде қолданылады. Осы айтылған транспорт түрлерінде туристік қызмет ұсынушылар мына ерекшеліктерді ескерту қажет: Тасымалдау жылдамдығы, сервистік қызметтің жоғары болуы, қызметке бағасының сай болуы, ұйқы жағдайының жақсы болуы, тыныштық, табиғи және мәдени ерекшеліктері, тазалықтың сақталуы, медициналық және қауіпсіздік қызметтің болуы. 1) Қауіпсіздік жағынан және экологиялық тазалық жағынан. Су туризімі, темір жол туризімі, әуе жол туризмі алдыңғы орында. 2) Туристердің қажеттілігіне қарай қалаған жеріне тоқтап көріп тамашалау тағы басқа қажеттіліктерін орындай алатын транспорт. Жолаушыларды тасмалдаудағы тік ұшақ типтері.
Шарды ыстық желмен толтырылып 1,8 км биіктікке ұшыртылған. Жолаушылар ретінде қазы, қораз, ешкіні мінгізген. Ал ауаға бірінші рет Джейн Фринкойс «Piiare o!e Koxier» Ұшқан бұл жаңалық 15-қазан 1783 жылы ауалық жүзу эрасының бастамасы болды. Тік ұшақ ауаға тік ұшып және тік қонуды. Ауада бір жайда тұра алады және алға артқа, жаны мен қозғала алады. Ұшаққа қарағанда тік ұшақтың қанаты жоқ төбесінде Винт орнатылған, сол арқылы қозғалыс жасайды. Тік ұшақтар жүкті және туристерді тасый алады. Жолаушылардың сыйымдылығына қарай тік ұшақ үш категорияға бөлінеді. 1) 2-ден 5- адамға дейін. 5-тен 12 –адамға дейін. 2) 12-ден 40-адамға дейін. Бірінші және екінші каиегориялық тік ұшақ бір двигатель мен қозғалады. Ал үшінші категориялық тік ұшақ двигательі қуатты поршендік немесе газдық болады, коммерциялық мақсатта қолданылады. Тік ұшақ көп мақсатты машина. Пайдалылығы өте көп: арнайы Автокөлік көлігі жүрдек, анағұрлым ыңғайлы, жүкті қайта тиеусіз бірден тұтынушыға жеткізеді. Ол жақын қашықтыққа жук пен жолаушы тасымалдайды. Басқа көлік түрлері бара алмайтын таулы аудандарда жүк пен долаушы тасымалдауда жетекші орын алады. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын байланыстырып, қала мен ауылдық елді мекендердегі жүк тасымалын жүзеге асырады. Қазақстанның автокөлік жолдары республикалық деңгейдегі (жалпы ұзындығы 22,2 % - ды құрайды) және жергілікті деңгейдегі жол (жалпы ұзындығы 77,8 % - ды құрайды) болып бөлінеді. Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 12,4 мың км. Елімізде халықаралық бағытта транзиттік автокөлік жолдары жүргізілген. Олар Еуропа мен Ресейді, Орталық Азиямен байланыстырады. Алматы – Астана автокөлік жолы халықаралық стандартқа сай қайта жөнделді. Бұл жол арқылы транзит жүктері Ресейден Қытайға және кері қарай, сонымен қатар Қазақстанды Қырғызстан, Пәкістан арқылы Үндістан мен байланыстырады. Осы оңтүстік бағыттағы жол қатынасы болашақта көптеген елдерді қамтитын ірі магистралға айналмақ. Жуырда Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай арасындағы Қарақорым тасжолы арқылы Алматы – Қарачи арасын автокөлік жолымен байланыстыру идеясын ұсынылды. Оны салуға Пәкістан 500 млн АҚШ долларын бөліп отыр. Сонымен бірге ҰлыЖібек жолын қайтадан қалыпқа келтіріп, жандандыруға көңіл бөлінуде. Егер Қазақстан автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы бойынша ТМД елдерінің арасында үшінші орында тұрса, жолдың жиілігі жөнінен ең соңғы орындардың бірінде. Қазақстандағы ірі республмкалық деңгейдегі автокөлік жолдарының бірі Алматы – Бішкек – Тараз – Шымкент – Ташкент жолы. Алматыдан Семей және Өскеменге бағытталған жол Жаркент, Талдықорған, Текеліге қарай тармақталады. Жалғызтөбе темір жол станциясы маңында бұл жол Шығыс шеңбері автокөлік жолымен жалғасады. Сонымен бірге жергілікті деңгейдегі автокөлік жолдары Қарағанды – Теміртау – Астана, Семей – Павлодар – Омбы, Орал – Атырау, Қостанай – Арқалық, Қарағанды – Жезқазған және т.б ірілі – ұсақты жолдардың шаруашылық үшін маңызы зор. Маңғыстау түбегіндегі мұнай – газ кен орындарын игеруге байланысты Ақтау қаласын онда жұмыс істеуші барлық мұнай кәсіпшіліктермен байланыстыратын жолдар салынған. Солтүстік Қазақстанда Астана – Көкшктау, Петропавл – Қостанай автокөлік жолдары облыс орталықтарын өзара байланыстырады. Қорытындылай келе, автокөлікпен жолаушылармен жүктерді тасымалдау оңай тәсіл болып табылады. Автокөлікпен тасымалдау ережесі әр елде әр түрлі болады. Сонымен қатар автокөлікпен тасымалдау арзанырақ, кез келген жерге тоқтау ыңғайлы болып келеді. Автомобиль саяхатқа шығарудың ерекшелігі, олардың басым көпшілігнінің өлкенің көрікті жерлерін тану мақсатында шағын ара қашықтықта жасалады. Қазіргі уақытта автосаяхат жеке меншік, жалға алған, немесе қоғамдық транспортта жасалды. Қоғамдық транспорт туристерді бір елді мекеннен екінішісне жеткізу үшін қолданылады. Жалға алған және жеке меншік транспортты бірнеше күн ішінде тасымалдауға да, елді мекендер ішінде жол бағыты бойынша да қолдану неғұрлым ыңғайлы. Автотранспорттың басқа да түрлері алдындағы ерекшеліктері мыналар болып табылады: жоғарғы жылдамдық, мобильдік, қолайлылық салыстырмалы төменгі тарифтер, кең шолу, вокзал, станция, пор-ң құрылысына капиталды шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін «есіктен есікке дейін» қызмет көрсетулері. Тағы бір кемшілігіне жылдамдыылғының жоғары болмауы және қоршаған ортаны ластануы. Соңғы он жылдықта мамандар барынша жетілген автомобильдерді жасады. Туристер фи-ын тасымалдау үшін автобутар қолданылады. Автобустранспорттың құрлықтағы құрал түрі; кузовымен, көп орынды ең бастысы вагон түріндегі: микроавтобус-ң ұзындығы 5 м-ден аз, бұл транспорт құрамының өзі жіктелу бар: · Орындарының саны бойынша · Отынының түрі боыйнша · Категориясы бойынша · Жайлылық атрибуты бойынша Автобустардың сыйымдылығы әртүрлі болуы мүмкін: 170 орыннан ерекше үлкен сыйымдылық, шағын микроавтобусқа дейін (5-12 адам) Двигательдегі (қозғалтқыштағы) отын түрі: бензин, солярка, сұйытылған газ, сығылған газ. Электр қуаты, механикалық (энергия) қуат көзі маховка (гиробус), күн көзі қолданылады. Этаждағы қабаттығы бойынша автобустар бір, біржарым, екі-үш қабатты және арнайы болады. Лифтілермен жабдықталған арнайы автобустар қозғалыс қызметі шектелген адамдарды турист, спортышыларды тасымалдайды. Автобус-ң категориясы жайлылық деңгейімен ұсынылатын қызмет түрлерімен анықталады. Категориясыз автобус-ң орындықтары қатты, жылытылмайды, олардағы шу деңгейі жоғары. 2 жұлдызды категориялы автобуста жастықшалары бар жұмсақ креслолар, жылу жүйесі, перделер, дауыс күшйеіткіш құрылған және микрофон бар. 3-жұлдызды автобуста екі жұлдызды автобуста жасалған жағдайымен қатар: тоңазытқыш, әжетхана, жеке жарық бер мен вентияция, көлеңкесі перделер бар. 4 жұлдызды катергорияда қосымша әжетханасымен душы (бірге), теледидарлар, рация, су қанатқышы бар мини бар, гардероб, қасындағы адаммен шалқайтылатын және қозғалтатын креслолар бар. Ең жоғарғы 5 категориялы ең жайлы: креслолар қатарға бір-біреуден орналасқан (яғни бар болғаны шынтақшасы бар креслолардың 2 қатарлы) горизонталь қалпына да қозғалады (жазылады, жатады) Қазақстан туристік агентігі Мәскеуге дейінгі арзан баруды қамтамасыз етуге тырысуда, бірақ формалықпен бірге (шенген және транзиттік, Польша арқылы, визалар) жолдама құны екі есе дерлік өсті. Мұндай саяхаттарды жүзеге асыру Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс облыстарында жасалады. Ішкі турлар және жақын жатқан мешекеттерге бару, фирмалық бұл бизнесіне мамандалған үшін әдеттегі іс болады. Автосаяхаттарды ұйымдастыру кезінде ең алдымен, нормативтік-құқықтық акітілермен танысу керек. Құжаттарды білу, автотасымалдуларды реттейтін негізгі талаптарды білу үшін қажет. Олардың қатарында: Женева конвенциясы шеңберінде 01,03,1973 ж. қабылданған «жолаушылар мен багаждарды халықаралық автомобильмен тасымалдау келісім шарты туралы конвенция», 1989ж. туризм боыйнша Гаата деклорациясы материялдары, туризм боыйнша басқа деклорациялар және иеленген келісімі. ТМД елдері шеңберіндегі туристік тасымалдаулар 1993 ж. «Туризм саласындағы бірлестіктер туралы» келісім шартпен, 9,09,1994 ж. ТМД туризм-і бойынша Кеңес туралы», 29,10,94 ж. «мемлекет бірлестігінің негізгі принциптері туралы – туризм сала-ғы ТМД қатысушылары» келісім шартымен реттеледі. Мемлекетте жолаушылар мен багажды тасымалдауда маңызды көмек көрсеткен бірқатар құжаттар жасалған, бұл ең алдымен 1994 ж. 21-қыркүйектегі» толықтырулар мен өзгерістер. Сосын басқа құжаттар қабылданды: «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы заң», т.б. Автотурларды талдауда мемлекеттік және халықаралық ұйымдар, автомобиль транспортының халықаралық одағы (АТХО) үйлестірген транспорттық келісім (ҮКТ) 1991 ж. құрылған, 1993 ж. ұйымдастырылған АТХО 1995 ж. қабылданған ҚР-ы халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы (Қаз АТО) айтарлықтай маңызды көмек көрсетеді. Су көлігі – бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін туристік круизді суда қайта жабдықталынды. Транспорттық құқықтық белгілері бойынша бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді. Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады. Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді. Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады. Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған. Ұйымның құрылу мақсаты: Теңізде жүзу: - қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау; - халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету; - теңіз үсті ластануын бақылау; - ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою; - халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау. Судалардың жеткілікті мөлшері және жауапты инфрақұрылымы болмағандығынан Қазақстанда су саяхаты әлі толық дамымаған, ал бар болғанда да жақсы ұйымдастырылмаған. Басты бірден бір кінә су проттардың жоқтығы. Порттар бұл жүктер мен жолаушыларды тасуда қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін арналған жағадағы белгілі бір зона немесе аймақ. Порттық зона мыналарға мыналарға қатысты: кемені арқанмен байлап қоятын және қауіпсіз зона, ол жолаушыларды вокзал ретінде күтеді және лайықты қызмет етеді, (байланыс, милиция, кеден, медпункт, және т.б.) тазалық жасайтын бөлім, жанармай қоймасы, зона судаларды жөндейтін және олардың бұзылған жағдайда жөндейтін шеберлер қоймасы сонымен қатар зонада жүктер мен багаждар сақталады. Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы - Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді. Адамдарды су бойынша тасымалдау, көлік құралдарын пайдаланып саяхаттаудың ең ежелгі түрі. Ең алғашында олар плоттармен, қайықтармен жасалды. Қылыми техникалық прогресстің дамуы ірі теплоходтардың пайда болуына әкелді. Қызмет көрсету сферасына қазіргі су көлігі: теңіздік жіне өзендік болып бөлінеді. Су кемелері теңіз көлігіне қатысты, халықаралық, ұзақ және каботажды тасымалдауды іске асырады. Халықаралық теңіз байланысы деп- жолаушыны, жүкті мемлекеттің шекарасынан шығару және алып келуді айтады. Ұзақ тасымалдауларға: бір мемлекеттің порттары арасындағы рейстері жатады. Каботажды рейстер: теңіз порттары арсында жағалауды бойлай жүргізіледі. Өзен флотының кемелері, жолаушылар мен жүкті тасымалдау мемлекеттің территорисы ішінде орналасқан су жолдары арқылы жүргізіледі. Ішкі су жолдарына: өзендер, көлдер, су қоймалар, каналдар, шлюздар жатады. 20 ғасырдың аяғында круизді индустрия туристік бизнестің тез дамушы секторына айналды. Круиз дегеніміз- су көлік түрінде саяхаттау. Оған арлдарға жағалау экскурсиялары, порт-қалалардың көрікті жерлерін көру, теңіз және өзен лайнерлерінде әртүрлі көңіл-көтерулер кіреді. Әлемде круизді компаниялардың саны көп: грециялық, итальяндық, испан, американ, дат, т.б. Круиздік бизнес сферасындағы ірі тасымалдаушыларға: «Carnival Cruise Lines», «Celebrate Cruises», «Royal Carribbean International», «Princess Cruisess», «Costa Cruisess», т.б. жатады. Круиздік компаниялар және олардың флоты қызмет көрсету деңгейіне байланысты, категорияларға бөлінеді. Ең жоғарғы категориясы 6* бар лайнерлер («seaborn», «Radisson Seven Seas Cruisess», «Silversea Cruisess») жатады. Осы комапниялардың кемелері минимум 200-250 жолаушыға есептелген. Осы компаниялардың клиенттері болып өте бай адамдар табылады. 1 күн үшін-1000 $. Теңіз круиз мекемелері, көпшілік туризмге қызмет көрсетуге арналған, көп палубты гиганттық кемелер болып табылады. Олардың сиымдылығы 1700-2600 жолаушыға дейін. Орташа тоннаж 75000-100000 тоннаға дейін құрайды. Қазақстанда су саяхаттары толық түрде ұйымдастырылмаған. Оның себебі кемелердің жеткілікті санының және инфрақұрылымның болмауы. Бірақ, туристерді су көлігімен тасымалдау перспективалары бар. Европалық реконструкция және даму банкі су көлігін дамыту үшін, су порттарын реконструкциялау үшін, Республикаға ұзақ мерзімді несие бөлді.
Дәріс 5. Тақырыбы:. Туристерге қызмет көрсету бағдарламасын жоспарлау мен бағыттау.
Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1853; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |