Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жекелеген жолаушылар




2.Жекелеген әуе жайлар.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов»: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.

2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

6. Александрова А.Ю. «Международный туризм»: уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

Туристік өнімдердің ішінде ең бір үлкен орын алатын мәселе транспорт мәселесі. Қазіргі кезде бүкіл әлемде халықаралық туризмнің дамуына үлкен мән беріліп отыр. Сондықтан да барлық елдерде туризмді дамыту үшін алдын-ала негізгі шарттардың бірі көлік қатынастар мәселесін шешуге тырысады. Дамыған елдерде туризмді дамыту үшін транспорт қатынастарын дамытатын болса, өз кезегінде транспорттың дамуы үшін де туризм үлкен пайда келтіруде. Туристтерге арнаулы, жайлы жүк машиналары адамдар үшін қолайлы ұзақ жолда шаршатпайтын автобустар т.б. көлік түрлерін дамыту арқылы транспорттық индустрия да дамып келуде. Ол үшін көптеген ғылыми техникалық жетістіктерді өмірде кеңінен қолдануда. Кез келген маршрутты ұйымдастырушылар алдын-ала қолайлы транспорт көлігін іздейді. Транспорттық көліктері, жолдары жақсы дамымаған елдерде туристік дамуда мүмкін емес. Сондықтан да көптеген елдер жаңа аэропорттар, автомобиль және темір жолдарын салу үшін үлкен инвестициялар енгізуде. Қазіргі күнде халықаралық саяхаттардың көпшілігі жер бетіндегі автомобиль жолдары мен жасалуына қарамастан күн сайын әуе транспортының маңызы артып келеді.

1992 жылы барлық жасалынған саяхаттың тек 5% ғана темір жолмен жасалынған (Европада), 8% саяхат су жолдарымен және паромдармен жасалынған (Англия мен Францияның, Италия мен Грецияның, Швеция мен Данияның аралығында), негізгі саяхаттың 40 % әуе жолдарымен жасалынған. Қазақстан елінде саяхат жасау үшін әуе транспорты көп қолданылады. Ол біздің еліміздің географиялық орналасуына да байланысты болып отыр. Жыл сайын Алматы қаласынан әуе кемелері АҚШ, Италия, Турция, Сирия, БАЭ, Пакистан, Индия, Тайланд, Корея, Сингапур, Япония, Қытай Германия, Польша, Франция, Греция т.б. елдерге қатынайды.

 

Әуе тасымалдауының техникалық жағынан қамтамасыз ету және әуе жайларға қысқаша сипаттама.

ХХ ғасыр, әсіресе оның кейінгі 20 жылдығы әуе тасымалдаудың ерекше қатты дамыған жылдары болды. Бұл әлемдік экономиканың дамуының, сауда байланыстарының күшеюінің және әлемдік туризм дамуының салдары. Жолаушыларды әуе қатынастарымен қамтамасыз етуде көптеген үлкен мәселелер туындады. Оларға:

· әуе жайлар үшін жаңа жерлер бөлуге және оны жабдықтауға кететін қаражат пен іс-әрекет;

· ауа құрамындағы жағылған жанар майдан шығатын зиянды қоспалардың көбеюі;

· қоршаған ортадағы шудың күшеюін жатқызуға болады.

Қазіргі заманда туристтер тасымалдайтын самолет жасап шығаратын әлемде бірнеше ірі компаниялар бар. Оларға американдық «Боинг», еуропалық «Айрбус индастри» және англо-француздық «Бритиш Авиа компаниясын» жатқызуға болады. Боинг компаниясының негізін 1916 жылы американ ағаш өнеркәсібінің өкілі Улиямс Боинг шығарған еді. Ол бұл самолетті почта тасу үшін жасаған. 2 дүниежүзілік соғыстан кейін «Боинг» компаниясы турбо реактивтік жолаушылар самолетін жасаудан әлемде жетекші орынға ие болды. Оның «Боинг 707» моделіне әлемде тең келетін самолет жоқ. Қазіргі күнде компанияның заводтарынан В-737, В-747, В-757, В-767, В-777 әуе лайнерлері жасалынып шығарылуды. Халықаралық ИКАО ұйымы бұл самолеттерге жоғарғы баға беріп отыр. Ең көп тараған жолаушы таситын самолет В-737. Ол жолаушыларға қолайлы кресло мен жабдықталған. Самолет ішінде персоналді видео маниторлар, құлаққаптар, ноутбуктар қосылатын интернет нүктелері т.б. көп. Жолаушылардың көңілін көтеру үшін 8 каналды аудио жұмыс істейді. Боинг 737 самолеті орта қашықтықтағы халықаралық рейстер мен ішкі рейстерге пайдаланылады.

 

 

Сурет 1. Boeing 737-700 және 800 Сурет 2. Boeing 737-800 Астанада

 

«Boeing» моделдерінің техникалық сипаттамасы.

Техникалық сипаттама   «Boeing» моделдері
В-737-800 В-747-400 В-757-300 В-767-300 В-777-200
Қанат аумағы, м 34,3 64,4   47,6 60,9
Ұзындығы, м 39,5 70,7 64,4 54,9 63,7
Арқа жақтың биіктігі, м 12,5 19,4 13,6 15,8 18,5
Мах ұшу ұзақтығы м          
Мax орындар саны          
Двигателей саны            

 

В-747 самолеті әлемдегі ең үлкен самолеттердің бірі. Ол АҚШ президентінің көлігі ретінде пайдаланылады. Боинг 757 самолеті өзінің аз жанар май қолдануымен, ішкі шуының төмендігімен, жолаушылар үшін өте жайлы салонымен ерекшеленеді. Самолетта екі Роллс-Ройс РВ-211 двигателі тұр. Бұл самолеттер алыс және орта қашықтықтағы халықаралық рейстерде қолданылады. В-767 самолеті көбінесе транс атлантикалық рейстерге шығады. Оның салонында бірнеше телевизор қондырғысы бар. Және 12 каналдан тұратын радио байланыс орнатылған. Ең кейіннен шыққан «Боинг 777» самолеті әлемдегі ең қауіпсіз самолет, ол бүкіл рейсті авиа пилот арқылы өткізе алады. Қазіргі күнде Боинг компаниясының самолетін әлемдегі көп елдер оның ішінде Ресей де сатып алып отыр.

 

 

Сурет 3. Боинг 757-200 Амстердамда Сурет 4. Боинг 757-200

 

Боинг компаниясы қазіргі күнде жаңа модельдер шығаруды жоспарлап отырған жоқ. Олар жоғарыда көрсетілген модельдерді жетілдірумен шұғылдануда. Оларға әлемдік рынокта бәсекелес болып отырған «Айрбус индастри» компаниясы. Олар шығарған А-300Б моделі 1972 жылы қазанда ауаға көтерілді. Қазіргі күнде әуеде А-310, А-319 самолеттері кеңінен қолданылуда. «Айрбус индастри» компаниясы қазір жаңа модель А-380 шығарумен шұғылдануды. Ол алыс қашықтықтарға 500-700 адам жақын маршруттарға 1000 адамға дейін алып ұша алады. Бұл самолеттерде палуба екі қабаттан тұрады. Самолет іші жолаушылар үшін өте жайлы. Қазіргі күнде әлемдегі әуе жайлар қанатының ені 80 метрден асатын самолеттерді қабылдай алмайды. Сондықтан да самолеттің ұзындығын арттыру арқылы ішін кеңейту мүмкін болмай отыр. А-380 самолетінде шағын офистар, іскерлік орталықтары, ұйықтайтын жайлар, спорт және ойын залдары, экипаж үшін демалыс жайы, асханалар және туалеттер орналасқан. Бұл самолет өзгелерге қарағанда 20% жанар майды үнем жасай алады. 2016 жылы әуеде 16 мың самолет «Айрбус индастри» компаниясінікі болуға тиіс деп болжам жасап отыр компания бастықтары.

Әуе транспортындағы туристті тасымалдаудың құқық бойынша негіздері.

Әуе тасымалдауы туристтер мен жүкті бір орнынан екінші орынға жеткізумен айналысады. Ол үшін авиациялық өндіріс орындары жұмыс істейді. Әуе тасымалдауын біз екі топқа бөлеміз. Біріншісі, ішкі әуе тасымалдауы. Бұл тасымалдау тек бір елдің көлемінде жүзеге асады. Екінші халықаралық әуе тасымалдау немесе мемлекет аралық жүк тасымалдау. Тасымалдау уақытысына кіретін уақыт жолаушының аэропорт перронына самолетке отыру үшін кірген уақытынан бастап, баратын жеріне жетіп қайта перроннан шығып кеткенге дейінгі уақыт. Ал жүк тасымалдау дегеніміз жүкті қабылдап алып иесіне тапсырғанға дейінгі кететін уақыт.

Қазіргі кезде Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған міндет бұл ұлттық әуе транспорт системасын дамыту, ол біздің еліміздің жүк, жолаушылар және туристтер тасымалдау қажеттілігіне сәйкес келуге тиіс және Қазақстанның ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне сәйкес келуге тиіс. Қазақстан Республикасының ішкі заңына сәйкес азаматтық авиация туралы құқықтық және ұйымдастыру негіздері белгіленген. Мемлекет тарапынан әуе транспорты туралы мынадай шарттар орындалуға тиіс:

1. мемлекеттік авиацияның жұмыс істеуі үшін қолайлы шарттарды дамыту (авиациялық инфрақұрылымдарды сақтап қалу, әуе кемелерін санаққа алу, авиациялық техниканы лицензиялау және сертификациялау, авиация қызметкерлерін аттестациялау және т.б.);

2. азаматтық авиацияда бәсекелестікті қалыптастыру;

3. халықаралық авиациядағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;

4. кадрлар дайындау;

5. аэропорттар мен аэродромдарды жөндеу және жаңасын салу;

6. әуе кемелері паркінің және жер бетіндегі қызметтің техникалық эксплуатациялық мониторингін қамтамасыз ету;

7. авиациялық өнеркәсіп орындарының жұмысын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жұмыс істеуін қалыптастыру.

Әуе жолаушыларына қызмет ету технологиясы.

Қазіргі кезде халықаралық азаматтық авиацияны басқаруда үлкен әлемдік әбүйірге ие болып отырған екі халықаралық ұйым бар. Олар ICAO және IATA ұйымдары.

ICAO ұйымы (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) 1944 жылы 2 желтоқсан күні Чикаго қаласында құрылған. Оған 52 ел қол қойған. ICAO әуе навигациясы мен әуе транспортындағы қауіпсіздік мәселесімен және әуе қызметін координациялау жұмыстарымен айналысады. 1947 жылы қазаннан бастап ICAO Біріккен Ұлттар ұйымының экономика мен әлеуметтік мәселелерді шешу комитетінің арнаулы агенттігіне айналды {ECOSOS}. Қазіргі күнде ICAO 187 ел бар. 2001 жылы қыркүйек, қазан айларында ICAO-ның штаб квартирасы орналасқан Монреал қаласында 33 кезекті ассамблеясы өтті. Онда халықаралық әуе қатынастарындағы қауіпсіздік мәселесін көтеру туралы үлкен мәселе қаралды. Бұл АҚШ-ғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін қолға алынды. Ассамблеяның шешімі бойынша 2004 жылдан бастап:

1. әуе қатынастарындағы қауіпсіздік шараларын барынша кеңейту;

2. ұшу кезеңіндегі қауіпсіздікті күшейту үшін халықаралық қаражаттандыру орталығын құру;

3. ICAO мен техникалық байланысты нығайту шараларын бекіту;

4. әскери арласудан сақтандыру үшін арнайы халықаралық авиациялық қауіпсіздендіру қорын құру туралы принциптерді негіздеу.

Бұл екі ұйым БҰҰ – мен ДТҰ бірлесіп отырып, туристтерді әуе кемелерімен тасуды ұйымдастырады. Болашақтағы әуе транспортының дамуы IATA мен ICAO мәліметіне сүйене отырып жасалынады.

Әуе кемелерімен жолаушыларды тасымалдауда жолаушыларға да белгілі бір мөлшерде жауапкершілік жүктеледі. Олар түрлі тіркеулерден уақытында өту үшін егер халықаралық рейспен ұшатын болса, самолет көтерілерден 2,5 сағат бұрын, ал ішкі рейспен ұшатын болса 2 сағат бұрын келуге тиіс. Билеттерді тіркеуге алу уақытысы жүктерді құжаттау уақытысы тасымалдаушы тарапынан билетте немесе жолаушыға берілген басқа құжатта анық көрсетілуге тиіс. Егер құжатта бұл уақыт көрсетілмесе соның салдарынан жолаушы ұшаққа кешігетін болса, онда тасымалдаушы келтірілген шығынды төлеуге міндетті.

Халықаралық тасымалдау қызметін пайдаланушы әрбір жолаушы мына төмендегі әкімгершілік шаралардан өтуге тиіс:

· кедендік тексеру;

· санитарлы-эпидемиологиялық тексеру (қажет болса);

· паспорттық-визалы (шекара) тексеру;

· ұшу қауіпсіздігі үшін арнаулы тексеру.

Ішкі тасымалдау қызметін пайдаланатын жолаушылар қауіпсіздік бақылауы мен жүктерді тексерту бақылауынан өтеді.

Әуе рейсіне жолаушыларды тіркеуге алу.

Тіркеу кезінде жолаушыларды тасымалдаушының қолындағы тіркеу қағазымен біртіндеп салыстыру жүргізіледі. Бұл тіркеу арнаулы орында өтеді. Бұл жерде рейстің маршруты мен номері көрсетілуге тиіс. Тіркеумен қатар жүктерді құжаттандыру процессі де өтеді. Ол үшін жүктерді тартатын арнаулы аспаптар қойылады. Жүктерді артуда транспортерлар қолданылады. Билеттің класына байланысты бизнес және эконом кластағы жолаушылардың жүктері екі орында қабылданады. Егер бір орында өте қалса, онда бизнес клас жолаушыларының жүктері бірінші қабылданады. Тіркеу ережелері мына төмендегісінше:

· оператор тіркеуші жолаушыдан авиа билет пен оның жеке басын күәландырушы құжатты алады;

· құжаттағы фамилия мен билеттееі фамилияны салыстырады;

· билеттің нақтылығын, орнын, берілген күнін, агенттің қолы, брондау негіздерін тегін жүк тасу нормаларын тексереді;

· жолаушының фамилиясын, қолындағы жеке бас тізімімен салыстырып, оның тізімде арнайы белгілейді, егер жолаушы жеке бас тізімінде болмаса және самолетте орын болмаса, оператор жолаушыны сол күнгі басқа рейске ауыстыруға, оған дейін мейманханадан тегін орын алып беруге құқылы немесе жолаушының келісімімен билеттің құнын қайтарады.Оған ешқандай айып пұл салынбайды. Аэропорт қызметкерлерінің өзінің ішінде ішкі тексеру жүргізіліп, құжатты дұрыс толтырмаған айыпты қызметкер міндетті түрде жазаланады.

Кедендік бақылау.

Кедендік бақылау тіркеуге алуға дейін немесе бір мезгілде өткізіледі. Көбінесе тіркеуге дейін өтіп кетеді. Кедендік бақылаудың міндеті елден заңсыз валюта алып кетпеуге, қымбат металлдар мен тастардың шығып кетпеуін және шығаруға тиім салған заттардың шығып кетпеуін қадағалау. Мұнда Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы халық банкі белгілеген мөлшерден артық влюта алып кетпеуін бақылауға алады. Шетелдік валюта мөлшері өзгеріп отырады. Себебі жолаушы бара жатқан елдің талабы ескеріледі. Жолаушыда бара жатқан елде күн көру үшін қажетті ақша мөлшері болуға тиіс. Кедендік қызмет елге кіріп келе жатқан заттарға да бақылау жасай алады. Елге тиым салынған заттардың кірмеуіне қадағалау жасайды. Сондықтан кедендік бақылау ұшып келген аэропорттарда жүргізіледі. Бұл жерде де сол жолаушы келген елдің ішкі ұлттық заңдары сақталады. Мысалы, 1999 жылы Кипр елі елге өсідіктер кіргізуге тиым салды. Сондықтан да Кипрге гүл алып барудың керегі жоқ. Себебі Кипр кеденшілері оны елге кіргізбейді. Кедендік бақылаудан өтпестен бұрын әрбір жолаушы кедендік декларация толтырады. Онда:

· шекарадан өтуші азаматтың аты-жөні, құжатының нөмері, қай елден шықты қай елге барады;

· өзімен бірге алып жүретін немесе тапсыратын жүгі туралы мәлімет;

· міндетті түрде декларациядан өтетін тауарлар туралы мәлімет (ұлттық және шетел валютасы, қару жарақ, оқ дәрі, наркотиктер, антиквариаттар, бағалы бұйымдар мен тастар, көлік құралдары, кедендік құн төленетін заттар және т.б.).

Халықаралық ICAO ұйымының кеңесі бойынша жолаушыларға екі түрлі жол ұсынылады. Олар «жасыл» және «қызыл» жолдар. Егер жолаушыда ешқандай тиым салынған заттар болмаса, онда ол «жасыл» корридормен өтеді. Кедендік бақылау мемлекеттік жұмыс болғандықтан оған жолаушылар бағынуға міндетті. Егер жолаушы кедендік бақылаудан өтуден бас тартса, онда тасымалдаушы оны ұшаққа мінгізбейді. Және билеттің құнын қайтармайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау.

Бұл бақылау елге қауіпті инфекциялық аурулардың кіріп кетпеуіне байланысты жүргізіледі. Мұндай ауруларға жататындар: оба, шешек, безгек, тырысқақ, сүзек, гапатит А т.б. Бұл аурулар көбінесе Африкадан, Оңтүстік Америкадан, Оңтүстік Шығыс Азиядан келеді. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) шешімімен сәйкес арнаулы парақшаларда мұндай жұқпалы аурулар шыққан елдердің тізімі таратылады. Мұндай қауіпті елдерге бара жақтан туристтер алдын ала егу жұмыстарынан өтіп, ол туралы арнаулы сертификат алуға тиіс. Сертификатта егуді өткізген мекеме береді. Кейбір елдердің заңдарында мысалы Ресейде сары безгекке қарсы алдын ала егу жұмыстарынан өту талап етіледі.

Шетелдерге туристтер алып бара жатқан фирмалар міндетті түрде сол елдегі кең тараған аурулар туралы инструктаж өткізуге тиіс. Және соған сәйкес егу жұмыстарын ұйымдастыруға міндетті. Кейбір егу жұмыстары туристтердің сол елге баруынан бір ай бұрын жасалынады. Турфирмаларға түрлі медициналық орталықтар жәрдемдеседі. Ішкі туристтік рейстерде де кейбір арнаулы аудандарға бару үшін арнайы егуден өтуге тура келеді. Мысалы Сібір мен Қиыр Шығысқа бара жатқан туристтер энцефолиттік кенеге қарсы егуден өтеді. Ұшатын аэропорттарда санитарлық бақылау тіркеу кезінде немесе оған дейін ал келген аэропортта самолеттан түскеннен кейін өтеді.

Санитарлық бақылау өсімдіктер мен жануарларға да қатысты. Үй күшіктері мен мысықтарды алып жүру үшін ветеринарлық сертификат болуы тиіс. Мұндай құжаттар біздің Қазақстан Республикасында да бар. Оны ұшардан екі-үш күн бұрын алу керек.

Паспорттық-визалық бақылау.

Паспорттық-визалық бақылаудың мақсаты жолаушыларды заңды құжаттың барлығын тексеру, оларға қойылған кіретін шығатын визаларды кей жағдайларда транзиттік визаларды тексереді. Ішкі жолаушыларды тасымалдауда азаматтардан Қазақстан Республикасының құжатын талап етеді. 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы күәлігін тексереді. Егер жолаушы халықаралық сапарға шығып бара жатса оның қолында соған сәйкес келетін шетелдік құжаты болуға тиіс. Туристтер көбінесе жалпы азаматтық көк құжаттармен сыртқа сапарға шыға береді. Бұл құжатта жолаушыларға шекарадан өту құқын береді. Тексеру кезінде құжаттың шындығы, оның мерзімі тексеріледі. Турист қайтып келгенге дейін құжаттың мерзімі бітіп қалмауға тиіс. Кейбір елдер құжаттың мерзімінің бітуіне 2 -6 ай қалғанға дейін өз еліне кіруге тиым салады. Шетелдерге жолаушы апаратын туристік фирмалар құжаттар бойынша баратын елге қойылатын талаптарды транзиттік трансфер бойынша қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.

Виза дегеніміз белгілі бір адамға белігілі бір елге кіруге және шығуға немесе ол арқылы транзитпен өтіп кетуге рұқсат беретін құжат. Ол кіретін, шығатын және транзиттік болып үшке бөлінеді. Кіру визалары құжатта белгіленеді. Оны осы құқықты беруге заңды ақысы бар дипломатиялық қызмет орны немесе үкімет тарапынан белгіленген адам қоя алады. Визасы бар жолаушы барған жерінде шектеусіз орын ауыстыруға ақысы бар. Кейбір жағдайларда оған шек қойылуы да мүмкін. Транзиттік виза жолаушыға аэропорт, вокзал, кеме бортынан шығып кетуге рұқсат бере алмайды. Оны негізгі виза алынғаннан кейін үшінші елдің елшілігі бере алады. Шығатын виза елден шығып кететін кезде беріледі.

 

 

Дәріс 3.

Тақырыбы: Авиатранспорт жолаушыларына бөлек категориялық қызмет көрсету.

1. Жолаушыларға жалпы қызмет көрсету сипаттамасы.

2.Стандартты емес жолаушыларды алып жүру.

3. Тегін алып жүру.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов»: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.

2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

7. Александрова А.Ю. «Международный туризм»: уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

 

Жолаушыларды әуе суднасының бортына орналастыру тікелей аэровокзалдың перронынан жүзеге асады, немесе саяхаттаушыларды әуе суднасының трапына дейін жеткізіп салатын автобус ұсынылады.

Орналастыруға бірнеше болып балалы, егде жастағы және инвалид жолаушылар шақырылады.

Егер ұшаққа орналастыруда бір трап қолданылса, онда бизнесс-класстың жолаушылары орналастыруға эконом-класс жолаушыларының соңғы тобы өткеннен соң шақырылады. Ал егер екі трап қолданылса, әртүрлі класстағы жолаушыларды орналастыру бір уақытта жүргізіледі. Трапта бір уақытта тұрған жолаушылардың саны 8 адамнан аспауы қажет.

Ұшақ бортына ең соңғы болып VIP жолаушылар орналастырылады.

Әуе суднасының бортына кірерде барлық жолаушылароператорға ұшу талонын ұсыну қажет. Оператор ұшу талонының түбіртегін жыртып алады және орналастыруға келген жолаушылардың санын анықтайды. Жолаушының орналастыруға келмеген жағдайында тіркеу жүйесіндегі аға диспетчер оны іздестіру шараларының бәрін жасайды. Егер шаралар қалаулы нәтижелерді әкелмесе, әуе суднасының бортынан келмеген жолаушының жүгі түсірілуі жөнінде бұйрық беріледі.

Орналастыру уақытысында келмеген жолаушы билетін басқа рейске брондауына немесе оны өткізуіне болады. Бірақ екі жағдайда да жолаушыға айыппұл санкциясы қолданылады. Бір ерекшелік жолаушының не оның серігінің ауруы немесе тасымалдаушы себебінен болғанда. Бірақ та тасымалдаушы жолаушының кеденді, паспорттық не арнайы тексеріс себебінен кешіккені үшін жауап бермейді.

 

 

Жеке категориялы жолаушыларға қызмет көрсету ерекшелігі

 

Жалпы қалыптасқан қызметтен ерекшеленетін авиатранспорттың қызметімен қолданатын жолаушылардың ішінен жеке категориялы жолаушыларлы бөліп қарастыруға болады. Бұл категориялы саяхатшыларға қосымша қызмет пен ыңғайлылық ұсынылады: тасымалдауда қауіпсіздіктің ең жоғарғы деңгейі қамтамасыз етіледі; елдің мемлекеттік органдарында шығу және кіру талаптары айқындалады. Кейбір жолаушылар алдын ала тасымалдаушымен келісе отырып, ерекше жағдайларда тасымалданады. Кейбір жолаушылардың категорияларын авиятасымалдауда ерекшелігіне кішкене тоқталайық.

 

VIP категориялы жолаушыларға қызмет көрсетудің ерекшеліктері

 

VIP (Very Important Person) категориялы жолаушыларға қызмет көрсетудің ерекшелігі, оларға ұшуда максималды деңгейде комфорт пен ыңғайлылық құрылады, ұшу мен қону уақытысы жөнінде ақпарат уақытылы беріледі, административті формальдылық толтыруда жеңілдік жасалады. Қазіргі таңда авиатасымалдауда VIP қызметімен қолданатын жолаушыларға азаматтардың 3 тобын жатқызуға болады:

6 беделді саяси, қоғамдық, діни орынды алатын тұлғалар; саяси партиялардың басшылары, жоғары өкімет шенеуніктері; діни конфессиялардың басшылары, губернаторлар өкілдері, депутаттар және т.б.;

7 VIP-қызмет алуға құқық беретін арнайы VIP карталары бар тұлғалар;

8 Туристік компаниялар мұндай қызметті ұсына алатын туристер.

VIP-жолаушыларын тіркеу, олардың жүктерін рәсімдеу мен қабылдау, сонымен қатар административті формальдылықтар арнайы бөлінген орында, басқа жолаушылардан жеке өткізіледі.

Бұл арнайы орындар ресми делегация залы, VIP-залы болып табылады. Ресми делегация залында қазақстандық және шет елдік жоғары қызметтегі шенеуніктерге қызмет көрсету жүзеге асады. Бұл қызметтер ең төмен бағада өкіметпен төленеді. Бұл залдағы қызмет көрсету әуежай басшылығына хат не факстық шағым негізінде тапсырыс беріледі.

VIP-залдар мемлекеттік қызметке қатысы жоқ немесе әуежайдағы жоғары комфорт үшін өзі төлей алатын басқа да VIP-персоналдарды қабылдайды. Сонымен қатар VIP-залға тегін өту құқығы бар жолаушылар тізімі бар. Оларға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Советтік Союздың, әлеуметтік топтардың батырлары жатады.

 

Бизнесс-класстың жолаушыларына қызмет көрсету

 

Бизнесс-класс жолаушыларына қызмет көрсетудің ерешелігі, оларға тасымалдаудың комфортын ұлғайту мақсатында қосымша сервис ұсынылады.

Жоғарыда айтылып өтілгендей, бизнесс-класстың жолаушыларын тіркеу жеке үстелшеде өткізеді не жалпы үстелшеде үстемділік сипатта болады. Әуе суднасының бортына түсетін тіркеу бланкісінде саяхаттаушының тек инициалы ғана емес, толық аты мен тегі көрсетіледі.

Бизнесс-класс жолаушыларының тіркелген жүгі жеке жүк арбасына не контйнеріне артылады. Бұл жүк ұшақтың бортына эконом-класс жолаушыларының жүктерін жеткізгеннен соң артылады және біріншілердің қатарында шығарылады.

Рейске орналастыруды тіркеуден соң бұл тұлғаларды арнайы бөлме – бизнесс-залға шақырады. Бизнесс-залға рұқсаттама тіркеу үстелшесіндегі оператормен берілген арнайы шақыру не бизнесс-класстың авиабилеті болып табылады.

Әуежайда бір немесе бірнеше бизнесс-залдар болуы мүмкін. Бизнесс-залдар кондиционермен, телевизормен, видео және DVD плеермен жабдықталады. Соңғы уақытта халықаралық әуежайлардың бизнесс-залы кішкене бизнесс байланыс орталығымен жабдықтала бастады. Әдетте, тамақтандыру тегін (оның құны авиабилеттің құнына қосылған), бірақ кейде бардың қызметі қосымша ақыға ұсынылады.

Әуе суднасына бизнесс-класстың жолаушылары эконом-класс жолаушыларынан кейін жеке автобуста жеткізіледі. Ұшақ қонған соң бұл тұлғалар бірінші не бірінші класс жолаушыларынан кейін шақырылады. Ұшақ қонған соң келу залына бұл тұлғаларды жеткізу уақыты 10 мин аспауы қажет, ал олардың жүктері 20 мин аралығында жеткізілуі керек.

 

Трансферлі жолаушыларға қызмет көрсету

 

Трансферлі жолаушыларға әуежайға авиабилетке сәйкес бір рейс трансферімен келген және сол немесе басқа да тасымалдаушымен басқа рейсте ұшуын жалғастыратын жолаушыларды жатқызамыз.

Трансферлі жолаушыларға қызмет көрсетудің ерекшелігі авиабилетті брондаудан байқалады. Трансферлі жолаушылардың транзиті жүзден астам елдің шет елдік азаматтарына мемлекеттік ұйвмдармен қабылданған брондау талаптары жөнінде оператормен ақпараттануы қажет. Бұл талаптар TIM (Travel Information Manual) анықтамасында жазылған және шығу мен кіру елдерінің паспорттық, визалық, кедендік режиміне қатысты.

Әуежайда трансферлі жолаушыларды жіберуде басқалардан құқықтық басылымдылықтары бар, әсіресе рейс ұсталып қалған жағдайда. Бұл категория жолаушыларын тіркеу стандартты процедуралардан тұтастыру рейсі мен уақытын брондауды куәландырумен, сонымен қатар әуежай трансферінің мемлекеттік органына қажетті құжаттарды тексеруімен ерекшелінеді. Жүкті рәсімдеуде оған маршрут пен рейс нөмері көрсетілген арнайы «Transfer» маркировкалы бирканы жапсырады. Жүк ұшақ бортынабасқалардан жеке, соңғы болып артылады және бірінші болып түсіріледі. Трансферлі жолаушылар мен жүкті қадағалау әуежайдың арнайы трансферлік қызметіне жүктеледі.

Тұтастыру пуктінде трансферлік қызметтің өкілі өзінің клиентін қарсы алып, оған ауысып отыру үшін көмек көрсетеді. Егер келесі рейстің уақыты 2 сағат аралығында болса, онда жолаушыны тұтастыру рейсіне тіркеу үстелшесіне алып келеді. Бұл жағдайда жүк жолаушыға берілмейді, трансферлік қызметтердің қадағалауымен борттан бортқа ауыстырылады. Егер рейстердің уақыты 2 мен 6 сағат аралығын құраса, онда клиентті сәйкесінше административті зонаға немесе күту залына шығарып салады, ал келесі рейстің уақыты 6 сағаттан көп болса, онда трансферлік қызметкер саяхаттаушыларға өз есебінен қонақ үйге жеткізу мен орналастыру қызметін ұсынады.

Трансферлік қызметкерлерге мұндай тасымалдауды ұйымдастыру жүктелгендіктен, қызметтің жақсы нәтижесіне келісе бере алатындай, тұтастыру рейсі арасындағы интервал жария етіледі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1301; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.