Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тасымалдаушы




Тасымалдау жүйесі – бұл туристерді мекемеден керекті жеріне дереу жеткізу. Оның құрамына мыналар кіреді:

- жануарлар – пілдер, түйелер, аттар, иттер,

- механикалық қозғалыс (велсипед, автоматиль, автобус,)

- ауамен қозғалу жүйесі

- суда –қайықпен, плотпен, өзен – көлдік және суасты судтармен

Тасымалдаушылар басты және көмекші жұмыс түріне қарай бөлінеді, және өнімге байланысты да этап бойынша жұмыс бөлуге болады:

- транспорт, көбіне автобус, анықтаған орнына туристерді жеткізу,

- маршрут бойынша автобус пен және темір - жол тасымалдауыш. Мұнда көбіне турлар түнеумен болады. Сол себепті мұнда көбіне күндізгі маршруттар қолданылады

- экскурсия маршрупен тасымалдау мысалы; парктерде, қла ішінде және т.б

- жүк тасымалымен бұл көбіне шоптинг – турда кездеседі,

Өзендегі круиздерде туристерге қызмет көрсету

Өзендермен және көлдермен саяхаттауды ішкі су жүйесі дамыған елдерде демалудың ерекше түріне жатқызады. Орта ғасырлардағы комфортабельді өзен суларының құрылысы туристік маршруттарда өзендік круиздердің қарқынды дамуына әсер етті.

Круиздер ішкі су арықтары арқылы жүзеге асырылады, олар теңіз круиздеріне қарағанда бірнеше артықшылықтары бар. Олар әрқашан өзгеріп отыратын пейзаждарды тамашалауға, қаланың архитектурасын зерттеуге, егер маршрут халық тығыз орналасқан пункттерден өтетін болса, кез-келген ұнаған жағалауға тоқтауға көмектеседі. Сонымен қатар, гидротехникалық құралдар өзен мен көлдерде салынған (шлюздер, каналдар, суқоймалары) олар туристердің назарын өздеріне аударатын объектілерді ұсынады. Көптеген саяхатшылар өзендік круиздерді таңдау себебі, өзендік транспорт құралдарында адамдардың аз болуы. Өзендік круиздер бір бағытта немесе шеңберлік маршрут бойынша бойынша жүзеге асырылады.

Ең атақты комфортабельді өзендік круиздердің лайнерлері 301 және 302 жобасы болып табылады. Бұл жобалардың теплоходтары 3 және 4 палубалы судаларда 1-2-3 және 4 орындық каюталары болады. Олар санузелдермен, желдеткіштермен, тоңазытқыштармен жабдықталған. Теплоходтарда мейрамханалар, барлар, 2 салон, кинозал, сауна, сувенирлік киоскілер және т.б. бар.

Шетелдік өзен круиздері – ірі өзендері мен көлдері, сондай-ақ каналдар жүйесі дамыған елдерде кең таралған. Батыс Еуропаның мемлекеттерінде Днепр, Луар, Рейн, Рон, Сена, Эльба арқылы круиздер әйгілі. Сонымен қатар, батыстық елдерде шағын қайықтарды жалға беру дамыған, оны жолаушының өзі ешқандай лицензиясыз жүргізе алады, себебі қайықты қолдану инструктажы 45 минутты ғана алады.

Барлығымызға белгілі, шағын кемелер (қайықтар) сағатына 15 км жылдамдықпен жүзеді, бұл қоршаған ортаны немесе қала пейзажын асықпай тамашалауға мүмкіндік береді. Африка континентінде - Ніл бойына, Оңтүстік Америкада – Амазонка бойына, Солтүстік Америкада – Ұлы Өзендерге өзара жалғасқан каналдар арқылы круиздер әйгілі.

Қазақстанда су саяхаттары толық түрде ұйымдастырылмаған. Оның себебі кемелердің жеткілікті санының және инфрақұрылымның болмауы. Бірақ, туристерді су көлігімен тасымалдау перспективалары бар. Европалық реконструкция және даму банкі су көлігін дамыту үшін, су порттарын реконструкциялау үшін, Республикаға ұзақ мерзімді несие бөлді.

Халықаралық тасымалдауларда Қазақстанда су транспортының алатын үлесі аз. Жалғыз «Ақтаудың теңз сауда порты» - Ақтау мен Баутино теңз порттарының базасында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын, Республиканы Иран және Завкавказиямен байланыстырды, ал Ресейдің өзендері мен канал тораптары арқылы Байық теңізі және қалған әлеммен байланыстырды. Порт негізінен сауда жүк кемелеріне қызмет көрсетеді, сондықтан туристерге біздің порт-да сервистік қызмет көрсету туралы айту әзірге ерте. Бірақ куриздерді ұйымдастыру тәжірибесі кәсіптік туризм дәуірінде болды. Оның үстіне, қазақстандықтар басқа мемлекет операторлары ұсынған теңіз куриздарына қатысты.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы - Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

Бүгінгі таңда туристердің біздің елімізге ерекше қызығушылық танытып отыр. Мәдениетінің бірегейлігі, табиғи қазбасының байлығы, іскерлік белсенділігінің өсуі, сондай-ақ спорттық және хикаялы туризм секілді демалыстың белсенді түрлерімен шұғылдану мүмкіншіліктері Қазақстанның артықшылықтарын бірден көзге көрсетеді.

Қазақстанның туризмін дамытуға қатысты министрліктің алдында тұрған бірінші кезектегі шаралардың бірі Қапшағай көлінің жағасында халықаралық туристік орталықтарын құру, Каспий теңізінде жағажай және круиздік туризмді дамыту және Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағында туристік орталықтарын құру болып табылады.Каспийдегі круиздік сапарларды дамыту - еліміздің туристік индустриясындағы ең тартымды бағыттардың бірі. Мұндай сапарлар Каспий жағалауындағы елдердің мәдениет және өнер, туристік және іскерлік алмасу салаларындағы ынтымақтастықтарын дамыта түсуге кең мүмкіндік ашады.

Бәсекеге қабілетті туристік индустриясын құруға бағытталған өзара жасалып жатқан қарқынды жұмыстар біздің елімізді Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыратындығына ешқандай күмән жоқ.

Су көлігі – бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін туристік круизді суда қайта жабдықталынды.

Транспорттық құқықтық белгілері бойынша бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді.

Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады.

Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді.

Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады.

Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған.

Ұйымның құрылу мақсаты:

Теңізде жүзу:

- қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау;

- халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету;

- теңіз үсті ластануын бақылау;

- ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою;

- халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау.

Судалардың жеткілікті мөлшері және жауапты инфрақұрылымы болмағандығынан Қазақстанда су саяхаты әлі толық дамымаған, ал бар болғанда да жақсы ұйымдастырылмаған. Басты бірден бір кінә су проттардың жоқтығы. Порттар бұл жүктер мен жолаушыларды тасуда қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін арналған жағадағы белгілі бір зона немесе аймақ. Порттық зона мыналарға мыналарға қатысты: кемені арқанмен байлап қоятын және қауіпсіз зона, ол жолаушыларды вокзал ретінде күтеді және лайықты қызмет етеді, (байланыс, милиция, кеден, медпункт, және т.б.) тазалық жасайтын бөлім, жанармай қоймасы, зона судаларды жөндейтін және олардың бұзылған жағдайда жөндейтін шеберлер қоймасы сонымен қатар зонада жүктер мен багаждар сақталады.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы - Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

 

 

Дәріс 7.

Тақырыбы: Су маршруты бойынша туристерді тасымалдау және экзотикалық саяхаттар.

1. Экзотикалық саяхаттар

2. Алғашқы теңіз саяхаттары

3. Теңіздегі қарақшылықпен тероризм.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Биржаков М.Б., Введение в туризм. - М., 1999, 2004.- 448 С.

2.Зорин И.В., Квартальное В,А.'Энциклопедия туризма. - М., 2000.-368

3.Власова И.Б., Зорин И.В., Ильина Е.Н. Основы туристкой деятельности. М., 2006.

 

Адамдарды су көлігімен тасымалдау – транспорт құралдарын пайдалану арқылы тасымалдаудың ең ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Алғашқыда бұлар – тақтайлар мен ағаштар түрінде болды. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы ірі транспорт түрлерінің пайда болуына алып келді – бортына он мыңдаған жолаушыларды ала алатын лайнерлер, олар адамдарды алыс қашықтықтарға жайлылықты қамтамасыз ете отырып тасымалдады.

Қызмет көрсету ортасына байланысты заманауи су транспорты теңіздік және өзендік болып бөлінеді.Теңіздік транспорт түріне жататын су судалары халықаралық, алыс және каботажды тасымалдарды жүзеге асырады. Халықаралық теңіздік тасымалдаудың негізінде жолаушылар мен жүктерді елден тыс жерлерге және сырттан ішке тасымалдау түсіндіріледі. Алыс тасымалдауларға бір елдің порттарының арасындағы рейстер жатқызылады. Каботажды рейстерге ашық теңізге шыға алмайтын теңіздік порттар арасындағы тасымалдаулар жүзеге асырылады.

Өзендік флот судалары жолаушылар мен жүктерді мемлекеттің ішкі территориясында орналасқан су жолдары арқылы тасымалдайды. Ішкі су жолдарына жатады: өзендер, көлдер, ірі суқоймалары, каналдар мен шлюздер.

Жолаушылар мен жүктерді теңіз транспортымен тасымалдау халықаралық және ұлттық заң құжаттарымен реттеледі. Халықаралық тасымалдау кезінде халықаралық келісімдер мен конвенциялар арқылы жүзеге асырылады. Олардың ішіндегі ерекшесі 1974 жылы қабылданған Афиналық «Теңіз арқылы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау туралы конвенция». Конвенция барлық судаларда қолданылады және кез-келген халықаралық тасымалдауларда, егер транспорт сол елдің жалауының атынан жүзетін болса қолданылады. Сонымен қатар, егер жолаушы ҚР-ң азаматы болып, қазақстандық тасымалдаушымен келісімге тұрған болса, Конвенция қолданылмайды. Афиналық Конвенцияда тасымалдаушы толықтай жолаушының денсаулығына және жүктеріне зиян келтірген жағдайда оған жауап беретіндігі жайлы қарастырылған. Осы құжатқа сәйкес тасымалдаушының заттық жауапкершілігі – жолаушылардың денсаулығына зиян келтіргені үшін 700 000 швейцариялық франк, қол жүгіне 12 500 швейцариялық франк, транспорт құралдарынан болған зардапқа 50 000 франк төлейді.

Теңіз жоларының сұрақтарымен айналысатын тағы бір халықаралық ұйым бұл – Халықаралық Теңіздік Ұйым ІМО (International Maritime Organization), ол 1958 жылы құрылған. Ол теңіздік тасымалдар аумағында халықаралық актілерді жасап шығарады. Ол сонымен қатар, теңіз ортасының ластанбауына қатысты актілер жасап шығарады. Бұл ұйым қызметінің нәтижесінде халықаралық теңіз жолдарын реттеп отыратын бірнеше конвенцияларға қол қойылған болатын: «Теңіздегі адам өмірін сақтау жөніндегі Халықаралық Конвенция» (1974); «Жолаушылар мен жүктерді теңізде тасымалдаудың кейбір ережелерін қалыптастыру туралы Халықаралық Конвенция» (1967); «Жолаушыларды теңізде тасымалдаудың кейбір ережелерін қалпына келтіру туралы Халықаралық Конвенция» (1981); «Теңіздегі құтқару мен іздеу туралы Халықаралық Конвенция» (1979); «Теңіздегі қалдықтар мен басқа да материалдарды тастап, ластаудың алдын алу туралы Конвенция» (1972).

Жолаушының жол ақысы мен жүгінің ақысы жалпы қолданылатын транспорттың тарифтері негізінде анықталады. Жолаушы өзімен бірге 2 жастан аспаған баланы тегін алып жүруге құқығы бар. Ал басқа 2-ден 12-ге дейінгі балалар льготтық тариф арқылы оған бөлек орын беріліп тасымалданады. Льготтық тариф каютаның категориясына байланысты 50-75% құрайды.

Жолаушы өзімен бірге белгіленген нормаларға сәйкес каюталық жүгін тегін алып жүруге құқығы бар. Каюталық жүк деп отырғанымыз, жолаушының бақылауындағы каютасында орналасқан жүктерді айтамыз.

Жолаушы судно жүріп кеткенге дейін келісім-шартты бұзуға құқығы бар. Егер жолаушы тасымалдаудан белгіленген мерзімге дейін бас тартса немесе денсаулығына байланысты келе алмаса, онда жолаушыға жол ақысы мен жүгінің ақысы қайтарылып беріледі.

Тасымалдаушы теңіз тасымалдауының келісімін оған қатыссыз жағдай туындаған жағжайда бұзуға құқығы бар: әскери немесе басқа да іс-әрекеттер, белгісіз себептерге байланысты судноның жүрмей қалуы, судноны жүзуге жарамсыз деп табылған кезде және т.б. Еер де жағадан кетпей тұрып тасымалдаушы келісімді бұзған болса, онда төленген ақшаның барлығы толығымен қайтарылып беріледі. Ал егер келісімді рейс басталып қойғаннан кейін бұзған болса, онда жүрген жолы есептелініп пропорционалды түрде төленеді.

Тасымалдаушы стихиялық құбылыстарға, жағымсыз санитарлы-эпидемиологиялық жағдайларға және т.б. тасымалдаушыға қатыссыз жағдайлар туындаған кездерде тасымалдаушы тасымалдау маршрутын өзгертуге құқығы бар.Бұл жағдайда тасымалдаушы жолаушыны оның қалауы бойынша рейс басталған жерге тегін алып баруға және шығындарын өтеуге міндетті. Себебі келісім-шарт бойынша тасымалдаушы жолаушының өміріне,денсаулығына және жүктеріне жауапкершілік артады.

Тасымалдаушының жолаушының өмірімен жүгіне жауапкершілігі жалпы тасымалдауға қатынасының 175 000 есептік бірлігінен асып кетпеуі керек. Ал жолаушының каюталық жүкке келтірген зиянының мөлшері 1800 есептесу бірлігіненм асып кетпеуі керек.

Егер теңіз тасымалы круиздік болып есептелетін болса, онда теңізде тасымалдау туралы келісім-шартқа қосымша келісімдер қосылады, олар клиентке қызмет көрсету,тамақтандыру, көңіл көтеру, экскурсиялық бағдарламалар.

Туризмде бербоут-чартер саяхатты шағын желкенді яхталарда таратуда жиі пайдаланылады. Яхталардың көптеген модельдері бар, олар көлемі және ыңғайлылығы жағынан ажыратылады. Яхтаны экипажсыз жалға берген кезде яхтаны жалға алушының шкиперлік куәлігі болуы керек.

Теңізде тасымалдаудың ерекше белгісі – теңіз судносы капитанының билігінің кең ауқымға жайылуы болып табылады. Жалпы қабылданған міндеттерден бөлек, капитан судноны басқаруға қатысты командаларды, ондағы тазалықтың болуын қамтамасыз ету, теңізде бір жағдайға ұшыраған жолаушыға көмек көрсету, жолаушыға алғашқы медициналық қызмет көрсету және т.б. осылардың барлығын орындау капитанның негізгі міндеттерінің бірі болып саналалады. Сонымен қатар, капитан қылмыс жасаған адамды ұстаған жағдайда, оны жағаға жеткенше ұстап отыруға, адам өлген жағдайда жағаға жеткенше мәйітті сақтау мүмкін болмаса, теңіз салтына байланысты теңізге тастауға құқығы бар.

Жолаушыларды тасымалдау маршруты тасымалдау шартына, ұзақтығына, жалғасуына, көрсетілетін қызметтің сапасына байланысты транспорттық, туристік және экскурсиялық-серуендік.

Транспорттық маршруттар жеке пункттер арсындағы транспорттық байланыстарды қамтамасыз етеді. Олар алдын – ала жоспарланған кесте бойынша жұмыс жасайды. Транспорттық маршруттарда транзиттік (ұзақтығы 400 км), қала маңы (қала арасы мен оған жақын пункттер), қала ішіндегі (қала ішіндегі жұмыс жасайтындар) маршруттар жүзеге асыралады. Транспорттық маршрутқа сондай-ақ өткел бағыты жатады, ол екі қарама – қарсы жағажайларды байланыстырады. Өткелдерде жұмыс жасайтын судалар негізінен паромдар деп аталады – олар жолаушылық, жүк тасымалдайтын болып тасымалданады.

Туристік тасымалдаулар – арнайы маршруттар бойынша ұйымдастырылады және 24 сағаттан ұзаққа созылады. Осылайша туристік маршруттар жолаушыларға түнеуді ұсынады.

Экскурсиялық-серуендеу маршруттары – жолаушыларға24 сағаттан аспайтын тасымалдауларды ұсынады.

Маршруттың түріне байланысты жолаушылардың ережелері мен оларға қызмет көрсету реті бекітіледі. Бірақ та кез –келген жағдайда тасымалдаушы мен жолаушы арасында тасымалдау келісім-шарты жасалады. Келісім-шарттың дәлелі ретінде жолаушыға жолақысының билеті мен жүктерді тасымалдау түбіртегі (квитанция) беріледі. Туристік және экскурсиялық-серуендеу маршруттары кезінде жолаушыларға билет орнына жолдамалар немесе жалпы топқа арналған билет беріледі.

Ішкі су транспортының Кодексі бойынша судаларды жалға алу қарастырылған, ол екі жақтық келісім бойынша, яғни жалға беруші мен жалға алушы арасындағы келісім-шарт арқылы жүзеге асырылады. Мұнымен қоса, келісім-шартта жалға алу мерзімі, есептесу реті, жалға беруші мен жалға алушының міндеттері мен құқықтары және келісім-шарттың бұзылу жағдайы да анықталуы керек. Жалға судалар экипажымен немесе экипажсыз да берілуі мүмкін.

Ішкі су транспортының Кодексінде тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары, сонымен қатар, жолаушылардың құқықтары мен міндеттері қарастырылған. Бұл сұрақтар нақтырақ «Жолаушыларды, жүктерді, жеке қажеттіліктердегі жүктерді ішкі су транспортында тасымалдауда көрсетілетін қызметтердің ережелерінде» қарстырылған. Осы көрсетілген құжат бойынша, тасымалдаушы жолаушыға билетте немесе жолдамада көрсетілген суднодағы орнын көрсетуі керек. Егер билет немесе жолдамадағы орын белгілі бір адамның атына берілген болса, оны басқа тұлға қолдана алмайды.

Жолаушыларға мемлекеттік стандарттармен және басқа да нормативтермен бекітілген тасымалдау шарттары ұсынылуы қажет,ол судноның комфорттылығын қамтамасыз етеді. Жолаушы судносы жылыту, жарық жүйелерімен, санитарлық құрал-жабдықтармен жабдықталуы керек.

Тасымалдаушылар жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды кесте бойынша ұйымдастыруға міндетті. Порт вокзалдарында жүктерді сақтау камералары жолаушылардың қол жүктерін қосымша ақы алу арқылы қабылдайды, ол кезде жолақы құжаттарын көрсетудің керегі жоқ. Сақтау камерасына азық-түліктерді, қауіпті заттарды, ақшалар мен құжаттарды және басқа да бағалы заттарды, сонымен қатар, салмағы 50 кг-нан асатын заттарды қоюға тыйым салынады.

Жолақы құжаттары алдын-ала немесе ағымдық күнде сатылуы мүмкін. Билеттердің алдын-ала сатылуы 45-1 тәулік бұрын жүзеге асырылады. Кассалардағы билеттердің тәуліктік сатылуы 24-1 сағат бұрын сатылады. Яғни бұл билеттер алдын-ала сатылған билеттерден кейін қалған бос орындар анықталынып болғаннан кейін сатылады. Билеттерді рәсімдеуді кемеге отырғызу уақыты аз қалған кезде аяқтайды.

Тасымалдаушы билет пен жүктерді жеткізуді жеке ақы алу арқылы клиент көрсеткен мекен-жайға алып баруды ұйымдастыра алады. Тапсырысты қабылдау арыз бойынша телефонмен, поштамен, телеграф бойынша немесе жеке тапсырыс бойынша жүзеге асырылады. Мұндай тапсырыстарды қабылдау ретін тасымалдаушы бекітеді.

Тасымалдаушы судноның жүруін тоқтатуы, тасымалдау маршрутын өзгертуі немесе жолаушының өміріне қауіп төнген жағдайда аялдау жерін таңдауы мүмкін.

Жолаушы судноның кез-келген жерінен орын алуға, 5 жастан аспаған баланы,егер ол бөлек орынды алмайтын болса,алып жүруге және 10 жастан аспаған балаға арнайы орынды балалар льготымен алып жүруге, өзімен бірге қол жүгін жалпы салмағы 36 кг-нан аспаған жағдайда алып жүруге құқығы бар. Бірақ қол жүгі суднода оңай алып жүруге ыңғайлы, басқа жолаушыларға кедергі жасамайтын ұзындығы 1,8 м аспайтын немесе периметрі бойынша 2,6 м-ден аспайтын болуы керек. Қол жүгінің қауіпсіздігін жолаушы өзі қамтамасыз етеді.

Жолаушы судно жүргенге дейін тасымалдаудан бас тартса болады. Бірақ жолаушы рейс басталмай тұрып 6 сағат бұрын билетті қайтаратын болса, жолаушыға билеттің толық құны қайтарылып беріледі.

Рейс басталғаннан соң маршруттың кез-келген нүктесінде жолаушы тасымалдауды тоқтатуға құқығы бар. Бұл жағдайда тасымалдаушы жолаушының жүрген жолын есептеп қалған жолақысын қайтарып беруге міндетті.

Транзиттік және туристік маршруттардың судаларында ақылы негізде ұйымдастырылады: жағалауда такси күтіп алу үшін жолаушылардан тапсырыстар қабылдау, қонақ үйлерде орындарды брондауға тапсырыс беру, қол жүктерін жағадан судноға немесе керісінше алып жүру, киімдерді жуу және үтіктеу, сырт киімді тазалау.

Белгіленген жерде жүктерді 24 сағат бойы тегін сақтайды. Ертесінен бастап олардың сақталған күндері есептеліп, ақы алынады.

Тасымалдаушы жүктің жоғалғанына, жетіспеуіне немесе бұзылғанына жауап береді. Осы кезде жүк немесе багаж портқа келген кезде 30 тәуліктен аспай тұрып келмесе жоғалған болып есептеледі және олар толықтай қайтарылуы керек. Жүктің жетіспеуі, бұзылуы кезінде тасымалдаушы келтірген залалдардың орнын толтыру үшін, ақшалай ақы төленеді.

Ішкі су транспорты жүктерді, адамдарды, багаждарды тасымалдауда басқа транспорт түрлерімен теңіздік, темір жолдық, автокөлктік және әуе тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Осы арқылы басқа транспорттармен аралас жүйелік хабарламаны ұйымдастырады(теміржолдық-сулық, теміржолдық-су-аавтокөліктік). Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды тікелей өзендік флот Министрлігінің келісімімен тікелей хабарламалар жүзеге асырылады.

 

Теңіздік круиздік кемелерде туристерге қызмет көрсету

ХХ ғасырдың соңында круиздік индустрия турбизнесінің ең жылдам дамыған секторына айналды. Круиз мағынасында су транспортын пайдалана отырып, саяхат жасау түсіндіріледі. Круиздің ерекшеліктері аралдарға жағалаулық экскурсиялар, порт-қалалардың әсемдігін тамашалау, сондай-ақ, теңіздік круиздердің және лайнерлердің борттарындағы әртүрлі көңіл-көтерулер.

Әлемде көптеген круиздік компаниялар бар, олардың саны 100-ден астам – грекиялық, италияндық, испандық, американдық, даттық, норвегиялық ассоциациясының мүшелері болып табылады. Круиздік бизнестің атақты тасымалдаушыларына “ Carnival Cruise Lines”, “Celebrate Cruises”, “Royal Carribbean International”, “Princess Cruises ”, “Costa Cruises”, “Norwegian Cruise Lines” жатады.

Круиздік компаниялар сондай-ақ, көрсететін қызметінің деңгейіне байланысты флоттар да қонақ үйлер сияқты категорияларға бөлінеді. Көптеген круиздік компаниялар көп мөлшердегі тұтынушыларға қызметтерін ұсынуға бағытталғанымен, олардың қызмет көрсету деңгейі «4-5 жұлдызды» болып есептеледі. Круиздік бизнестегі ең жоғарғы категорияны («6 жұлдызды») 4 судно ғана алады, олар “Seaborn” компаниясының «Radisson Seven Seas Cruises», “Cunard Line” және “Silversea Cruises”. Бұл компанияның кемелері 200-250 жолаушыларға жоғарғы деңгейдегі қызметпен эксклюзивті демалыс ұсынады. Мұндай компаниялардың тұрақты клиенттері лайнердің бортында өтетін әр күніне 1000 АҚШ долларынан астам ақша төлеп тұратын бай әрі қадірлі адамдар болып табылады.

Жаппай туризмге қызмет көрсетуге арналған теңіздің круиздік кемелері көп палубалы алып лайнерлерді ұсынады, оған 1700-ден бастап 2600-ге дейін жолаушылар сыйады. Бұл заманауи кемелердің орташа салмағы 75 000-нан 100 000 тоннаға жетеді.

Ерекше жайлылығымен ерекшеленетін теңіздік лайнердің компаниялары мыналар: “Royal Caribbean International” және “Celebrate Cruises”. “Royal Caribbean” круиздік флотының кемелері 3 класстан тұрады: Radiance, Vision және Voyager.

Radiance кемесінің интерьері жайлылық атмосферасымен, тыныштықпен және ыңғайлылығымен ерекшеленеді;терезелерінің санының көптігі керемет панорамалық көріністі қамтамасыз етеді.

Vision классының 6 кемесі де ерекше жан-жақтылығымен, әсем стильімен және сыртқы бейнесімен ерекшеленіп тұрады.

Voyager классының кемелері басқа круиздік кемелерімен салыстырғанда, көлемі бойынша анағұрлым үлкен болып келеді. Себебі, олар үлкен ауданды алып жататын әртүрлі заманауи техникалармен жабдықталған.

Қазіргі уақыттағы әлемдегі ең ірі, әрі ең қымбат круиздік лайнер “Royal Caribbean International” компаниясына тиесілі 17 палубалы алып “Voyager of the Seas” болып табылады. Ол 1999 жылы суға түсірілген болатын. Оның салмағы 142 000 тонна, жолаушылар саны – 2200 қонақ пен 1180 экипаж мүшелері, орташа жылдамдығы – 50 км/сағ. Бәрінен бұрын кеменің көлемдері таң қалдырады: ұзындығы – 311 м, ені – 47 м, биіктігі – 70 м, тереңдігі – 9 м-ге жуық. Бұл лайнердің ерекшелігі - алғаш рет кеме бортында мұз айдыны, жарға шығу қабырғасы(скалолазание) және нағыз көшенің болуында. Кеменің ішінде мыналар орналасқан: мейрамханалар, барлар, дискотекалар, үш қабатты театр, түнгі клубтар, казино, кітапхана, кинотеатр, көптеген джакузилері бар хауыздар (бассейн), сауна, керемет спорттық жабдықтар (гольф алаңы, роликодром, баскетбол алаңы, жарға шығуға арналған қабырғалар, бүкіл кемені айналып жүгіруге арналған 400 м-лік жүгіру жолы, фитнес-студиясы, 900 орынға арналған трибунасы бар мұз айдыны), шынайы солярий, әсемдік салоны, массаж кабинеті, тікұшақ алаңы және т.б. Палубалар арасындағы байланыс 14 шыны лифтінің көмегімен жүзеге асырылады.

2000 және 2001 ж.ж. осыған ұқсас 2 мегалайнерлер суға түсірілген болатын. Олар, “Explorer of the Seas”және “Adventure of the Seas”. Бұл кемелерді жасаушылар кез-келген жолаушы өзіне қажеттіні таба алатындай етіп құрастырған болатын.

Каюталар теңіздің круиздік лайнерлерінде ауданы бойынша әртүрлілігі, интерьері, жайлылығы (душ, ванна, джакузи) бойынша ерекшеленеді. Бұлардың барлығы әрине бағаға әсер етеді. Каютаның бағасы көлеміне, жатын бөлмесінің көлемі мен орналасқан жеріне (ярустық немесе қарама-қарсы), палубаның биіктігіне (жоғарғы палубадағы каюталар төмендегіден қымбат), палубаның ұзындығына байланысты орналасқанына, балкон мен терезелердің санына тәуелді болуы керек. Ішкі каюталардың бағасы арзанырақ болады, олар жасанды түрде жарықтандырылған – шамдар, торшерлер, лампалар және т.б.

Круиздік лайнерлердегі каюталар классификациясы әртүрлі, бірақ жалпы келесідей бөлінеді: балконды «люкс» классындағы каюталар, терезелі каюталар және ішкі каюталар. “Royal Caribbean International” компаниясына жататын ең беделді каютаға қысқаша мінездеме беріп кетейік.

Мұхитқа қарайтын «Люкс» класстағы каюталардың барлығында фен, дәретхана, теледидар, радиоқабылдағыш, телефон бар.

R - Патшалық апартаменттер. Екі орынды үлкен көлемдегі жеке жатын бөлме, жеке веранда, душ, қарапайым жайлылық, үлкен көлемді диваны бар қонақ бөлме, рояль, тоңазытқыш, мини-бар, асхана және музыкалық орталық.

А - Оунерс Суит. Үлкен көлемдегі кереует, жеке веранда, үлкен диваны бар жеке қонақ бөлме, тоңазытқыш, мини-бар.

АА - Роял Фэмили Суит. Екі орынды кереует, диваны бар қонақ бөлме, жеке веранда, тоңазытқыш, дәретхана және екі ванна бөлмесі.

В - Гранд Суит. Екі орынды жатын бөлме, жеке веранда, креслолар, диван, тоңазытқыш.

С - Супериор Суит. Екі орынды жатын бөлме, жеке веранда, креслолар, диван, тоңазытқыш.

D - Делюкс Каютасы. Екі орынды жатын бөлме, жеке веранда, креслолар, диван, тоңазытқыш.

Мұхитқа қарайтын отбасылық каюталар.

FF - үлкен көлемдегі каюталар. Олар 6 адамға есептелінген. Каюталар екі орынды жатын бөлмемен, диван және бір орынды кереуетпен, креслолармен, қарапайым жайлылықпен, дәретханамен, теледидармен, радиоқабылдағыштармен,телефонмен жабдықталған.

Мұхитқа қарайтын каюталар.

F,H,I - комфортабельді каюталар – екі кереуетпен жабдықталған, қарапайым жайлылықтар, дәретхана, теледидар, радиоқабылдағыш, телефон.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1372; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.095 сек.