КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 1 страница
НЕКОТОРЫЕ ПРОБЛЕМЫ Во-первых, до сих пор еще не удалось создать дешевую и эффективную систему для использования виртуальной реальности. Все системы, позволяющие создать хоть какое то подобие виртуальной реальности, которые включают в себя сенсорные перчатки или даже целые костюмы для путешествия по виртуальному миру, стоят слишком дорого. Кроме технических недостатков, есть и другие факторы, влияющие на распространение систем виртуальной реальности. Так, до сих пор не ясно, какое влияние оказывают эти системы на здоровье - в частности, на зрение.
Негізгі әдебиеттер
Москва, «Энергия», 1978г. Қосымша әдебиеттер
Москва, «Энергоатомиздат», 1988г. Анықтамалық оқу-әдістемелік материалдар.
Алматы, КазПТИ, 1993г. 14. Әлдибеков И.Т., Мұстафаева Н.Н. Сызықты электр тізбектерін зерттеу. 1-бөлім. Электротехниканың теориялық негіздері пєні бойынша жасалатын лабораториялық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау. Алматы.: Қаз¦ТУ, 2001-34 б. 15.Өтеуов М., Әлдибеков И.Т Сызықты электр тізбектерін зерттеу. 2-бөлім. Электротехниканың теориялық негіздері пәні бойынша жасалатын лабораториялық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау. Алматы.: Қаз¦ТУ, 2003.-34 б. 1.8 Білімді бақылау және бағалау Кредиттік технология арқылы оқытуда Алматы технологиялық университетінің барлық курстары мен пәндері бойынша студенттердің білімін тексерудің рейтингтік жүйесі қолданылады. Пәндер 100 баллдық шкала бойынша бағаланады. «Электротехниканың теориялық негіздері 1» пәні үшін бақылаудың төмендегі түрлері белгіленді: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау. Ағымдық бақылау түріне бақылау жұмыстары, семестрлік тапсырмалар және орындалған зертханалық жұмыстар жатады. Қорытынды бақылауға курстық жұмыс пен емтихан жатады. Ағымдық бақылаулардың саны пәннің оқу-әдістемелік жиынтығындағы көрсетілген осы пәннің мазмұны және көлемімен анықталды. Студенттердің білімі, шеберлігі мен дағдысы 3-кестеде келтірілген жүйе бойынша бағаланады. Студент жалпы рейтинг балы 30 тең немесе одан көп болған жағдайда қорытынды бақылауға жіберіледі. Қорытынды бақылаудан 20 балл немесе одан көп балл жинаған жағдайда ғана өтті деп есептелінеді. Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу 3-кесте
Ағымдық бақылаудың нәтижелерін тапсыру мерзімі пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесімен анықталады (4-кесте). Пәннің қорытынды бағасы шкала бойынша анықталады (5-кесте). Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі «Электротехника мен тамақ өндірістерінің өнеркәсіпте электрмен жабдықтандыру» пәні бойынша 4-кесте
Студенттердің білімдерін бағалау 5-кесте
Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі 1 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар 1. Электр энергиясының ерекшеліктері және қолдануы. Электр тізбектерінің құрамдас бөліктері. Электр энергия көзі. Электр энергиясын тұтынушылар. Тізбектерінің жіктелуі. Эскиздік, принципиалды және орынбасу сұлбалары. Топологиялық ұғымдар: түйін, тармақ, контур. 2. Тұрақты ток көздері. Электр қозғаушы күш көзі (э.қ.к) және ток көзінің сипаттамалары. 3. Тармақталмаған электр тізбегі бөлігі үшін Ом зањы. Э.қ.к-і бар тармақталмаған электр тізбегі бөлігі үшін Ом заңы. Толық тізбек үшін Ом заңы. 4. Кирхгофтың бірінші және екінші заңдары. Кирхгофтың заңдары бойынша теңдеулер құру реті. 5. Тұрақты ток тізбегі үшін потенциалдық диаграмманы құру. Қуаттар тепе-теңдігі. 6. Бір э.қ.к-і бар электр тізбектерін есептеу. Балама түрлендіру тәсілі. Кедергілердің бірізді, параллель және аралас жалғануы. Кедергілердің жұлдызша және үшбұрышша жалғануы. 7. Э.қ.к-тердің бірізді және параллель жалғануы. Балама генератордың параметрлері. 8. Электр тізбегінің негізгі принциптері. 9. Бірнеше э.қ.к-тері бар күрделі тұрақты ток тізбектерін есептеу әдістері. Ом және Кирхгоф заңдарын пайдалану арқылы есептеу. Контурлық токтар әдісіі. 10. Түйіндік потенциалдар әдісі. Екі түйіндік әдіс. Активті екіұштық. Балама генератор әдісі. 11. Қабылдағышқа максимал қуат беру шарты. 2 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар 1.Синусоидалы ток. Синусоидалы шамаларды сипаттайтын параметрлер. Синусоидалы шамалардың мәндері. 2. Синусоидалы шамаларды уақыттық диаграмма, айналмалы вектор және комплекстік сандар арқылы бейнелеу жолдары. 3. Активті кедергі бар тізбектің сипаттамалары. 4. Идеал индуктивті элементі бар тізбек пен идеал сыйымдылық элементі бар тізбектің сипаттамалары. 5. Активті кедергі, идеал индуктивті элемент жєне сыйымдылық элементтер бірізді жалғанған тізбек күйінің теңдеуі. Кедергілер, кернеулер және қуаттар үшбұрыштары арқылы тізбекті сипаттау. 6. Активті кедергі, идеал индуктивті элемент жєне сыйымдылық элементтер параллель жалғанған тізбектің сипаттамалары. 7. Синусоидалы ток тізбегін комплекстік кедергісі және комплекстік өткізгіштігі. Тізбегінің комплекстік қуатын анықтау. 8. Комплекстік түрде жазылған Ом жєне Кирхгоф заңдары. Синусоидалы ток тізбегі үшін қуаттар тепе- теңдігі және топографиялық диаграммалар. 9. Синусоидалы ток тізбегіндегі резонанстық режимдер. Кернеулер резонансының сипаты.. 10.. токтар резонансының болу шарты және сипаты. 11. Тербелмелі контурлардың жиіліктік сипаттамалары. 12. Синусоидалы ток тізбегін графикалық жолмен талдау. Шеңберлік диаграммалар. 3 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар 1.Тізбектегі өзара индуктивтік. өзаралық индукциясыныњ э.қ.к.-і. Индуктивті байланысы бар элементтер бірізді жалғанған тізбек күйінің теңдеуі, сипаттамалары және векторлық даиграммалары. 2.Тізбектегі индуктивті байланысы бар элементтерді параллель жалғау сұлбасы. Мұндай тізбектің сипаттамалары және векторлық даиграммалары.Темір өзексіз трансформатор құрылысы және сипаттамалары. 3.Индуктивті байланысқан элементтері бар күрделі тізбекті есептеу кезіңдері. 4. Үш фазалы симметриялы э.қ.к.-тер жүйесі. үш фазалы генератор құрылысы және жұмыс істеу принципі. Э.қ.к.-тер жүйесінің уақыттық және векторлық диаграммалары. 5.Үш фазалы генератордың орамаларының және үш фазалы қабылдағыштардың жалғану сұлбалары Желілік кернеулер мен токтар. Фазалық кернеулер мен фазалық токтар. Нөлдік ток. 6. Жұлдызша қосылған үш фазалы симметриялы қабылдағышы бар тізбекті есептеу. Векторлық диаграмма.тұрғызу. Үшбұрыштап қосылған үш фазалы симметриялы қабылдағышы бар тізбекті есептеу 7. Үш фазалы тізбектегі симметриялы емес режим және оны есептеу. Әртүрлі сұлба түрінде жалғанған үш фазалы тізбектердің кейбір қасиеттері. 8. Үш фазалы тізбектегі активті, реактивті және толық қуаттар. Активті қуатты өлшеу тәсілдері. 9. Үш фазалы желінің «П» тәрізді және «Т» тәрізді балама сұлбалары. 10. Периодты синусоидалы емес э.қ.к., кернеу жєне ток. Олардың электр тізбегінде пайда болу себептері. Периодты синусоидалы емес шамаларды Фурье қатарына жіктеу. 11. Периодты синусоидалы емес қисықтардың симметриялық шарттары туралы түсініктемелер. Фурье қатарындағы коэффиценттерді графикалық талдау әдісімен табу. 12.Периодты синусоидалы емес э.қ.к-тің., кернеудің және токтың максималды, әрекеттік және орташа мәндері туралы түсініктемелер және оларды есептеу 13. Периодты синусоидалы емес ток тізбегіндегі активті, реактивті және толық қуаттар. Синусоидалы емес шамаларды сипаттайтын коэффициенттер: амплитудалық, пішіндік және бұрмалану коэффициенттері. 14.Периодты синусоидалы емес ток тізбектерін есептеу кезеңдері.
1 Аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
1.«Электр тізбегі», «Электр энергия көзі», «Электр энергиясын тұтынушылар», «Электр сұлбалары» деген негізгі ұғымдарға түсініктеме беріңіз. Қандай сипаттамалық белгілер бойынша электр тізбектері жіктеледі? Топологиялық ұғымдарға (түйін, тармақ, контур) түсініктеме беріңіз. 2.Қандай тізбекті тұрақты ток тізбегі деп атайды? Электр қозғаушы күш көзі (э.қ.к) және ток көзінің ерекшеліктеріне тоқталып, олардың сипаттамаларын айтыңыз. 3.Тармақталмаған электр тізбегі бөлігі үшін, э.қ.к-і бар тармақталмаған электр тізбегі бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңдарын жазып, олардың есептеу жұмыстарында қолданылуын түсіндіріңіз. 4. Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарына түсініктеме беріңіз. Кирхгофтың зањдары бойынша құрылатын теңдеулер санын анықтауды және теңдеулер құру ретін түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз. 5. Потенциалдық диаграмма тізбектегі қандай өзгерісті сипаттайды? Диаграмма құру қалай жүргізіледі? Қуаттар тепе-теңдігіне түсініктеме беріңіз. Мысал келтіре отырып, қуаттар тепе-теңдігінің өрнектерін жазыңыз. 6. Бір э.қ.к-і бар электр тізбектерін есептеудің балама түрлендіру тәсілі. Кедергілері бірізді, параллель және аралас жалғанған сұлбаларды оларға балама сұлбалармен түрлендіруді мысал келтіре отырып, түсіндіріңіз. Кедергілердің жұлдызша және үшбұрыштап жалғану сұлбаларына түсініктеме беріңіз және оларды өзара түрлендірудің математикалық өрнектерін жазыңыз. Бұл сұлбалардың есептеу жұмысын жеңілдету мақсатында қолданылуына мысал келтіріңіз. 7. Бірізді жєне параллель жалғанған э.қ.к-терді балама генератормен айырбастау тәсіліне түсініктеме беріңіз. Балама генератордың параметрлері қалай анықталады? 8. Электр тізбегінің негізгі принциптерін мысал келтіре отырып, сипаттаңыз. 9. Күрделі тұрақты ток тізбектерін Ом жєне Кирхгоф заңдарын пайдалану арқылы және контурлық токтар тәсілі арқылы есептеудің кезеңдерін сипаттаңыз. Мысалдар келтіре отырып, бұл тәсілдер бойынша теңдеулер құру ерекшеліктерін түсіндіріңіз. 10. Күрделі тұрақты ток тізбектерін есептеудің түйіндік потенциалдар тәсіліне түсініктеме беріңіз, ерекшеліктерін айтыңыз. Тізбекті есептеу үшін қандай жағдайда екі түйіндік тәсіл қолданылады және есептеу жұмысы қалай жүргізіледі? Ќандай жағдайда балама генератор тәсілін қолдану қажет? Балама генератор тәсілімен есептеудің кезеңдерін атаңыз. 11. Жүктемеге максимал қуат берудің шартын жазыңыз. Бұл жағдайда п.ә.к.-і қандай болады?
2 аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі 1. Қандай токты синусоидалы ток деп атайды? Синусоидалы шамаларды қандай параметрлер арқылы сипаттайды? Синусоидалы шамалардың мәндері қалай анықталады? Синусоидалы шамаларды бейнелеу жолдарын атаңыз. 2. Синусоидалы ток тізбегінің элементтерін атаңыз және олардың тізбектегі қандай үрдістерді сипаттайтындығын түсіндіріңіз. Активті кедергі бар тізбекті сипаттаңыз. Тізбектегі токты, фазалық ығысуды, лездік және активті қуатты қалай анықтайды? 3. Идеал индуктивті элементі бар тізбекті жєне идеал сыйымдылық элементі бар тізбекті сипаттаңыз. Бұл тізбектер үшін фазалық ығысуды, лездік және реактивті қуатты қалай анықтайды? Векторлық диаграммаларға түсініктеме беріңіз. 4. Активті кедергі, индуктивті элемент және сыйымдылық элементтер бірізді жалғанған тізбекті сипаттаңыз. Тізбек күйінің теңдеуін жазыңыз. Кедергілер, кернеулер және қуаттар үшбұрыштарына түсініктеме беріңіз. 5. Активті кедергі, индуктивті элемент жєне сыйымдылық элементтер параллель жалғанған тізбекті сипаттаңыз. Тізбек күйінің теңдеуін жазыңыз. өткізгіштер, токтар жєне қуаттар үшбұрыштарына түсініктеме беріңіз. 6. Синусоидалы ток тізбегін есептеудіњ комплекстік тәсілінің ерекшеліктерін атаңыз. Тізбек күйінің теңдеуін комплекс түрде жазыңыз. Тізбектің комплекстік кедергісіне, комплекстік өткізгіштігіне және комплекстік қуатқа түсініктеме беріңіз. 7. Ом жєне Кирхгоф заңдары мен қуаттар тепе-теңдігін комплекстік түрде жазыңыз. Топографиялық диаграммаларға түсініктеме беріңіз. 8.Тізбекте кернеулер резонансы болуының шарттарын атаңыз. Кернеулер резонансы кезіндегі тізбектің толық кедергісі, ток пен кернеулер, фазалық ығысу, векторлық диаграмма, резонанстық жиілік, сипаттамалық кедергі, контурдың сапалылығы, активті және реактивті қуаттар қалай анықталады? 9. Тізбекте токтар резонансы болуының шарттарын атаңыз. Токтар резонансы кезіндегі тізбектің толық өткізгіштігі, токтар, фазалық ығысу, векторлық диаграмма, резонанстық жиілік, активті және реактивті қуаттар қалай анықталады? 10. Екіұштықтардың жиіліктік сипаттамаларының түрлерін атаңыз. Элементтері бірізді жалғанған тізбектің және элементтері параллель жалғанған тізбектің жиіліктік сипаттамаларына түсініктеме беріңіз. 1.9 Курстың саясаты мен процедурасы Студенттер дәрістік, лабораториялық сабақтарға және СОӨЖ –ға қатысуға міндетті. Сабаққа қатыспаған күндері оқытылған материалдарды студент қайта тапсыруы тиіс.Берілген тапсырмалардың орындалуы туралы белгіленген уақытта есеп беруге міндетті. 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ 2.1 Курстың тақырыптық жоспары
2.2 ДӘРІСТІК САБАҚТАРДЫҢ КОНСПЕКТІЛЕРІ №1 Дәріс. Тұрақты токтың сызықты тізбектерінің элементтері және негізгі заңдары Кіріспе. Электр энергиясының барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында және үй тұрмысында кеңінен қолданылуы оның мынандай артықшылықтары байланысты: электр энергиясын энергияның басқа түріне түрлендіру жеңіл, алыс қашықтыққа тасымалдау ыңғайлы және арзан, электр энергиясы бөлшектеп қолдануға ыңғайлы, электр энергиясымен жұмыс жасайтын қондырғылардың құрылысы қарапайым және бағасы арзан. “Электротехниканың теориялық негіздері 1” пәнін оқыту мақсаты –студенттерді электроэнергетика жүйелерінде қолданылатын электрлік қондырғылар мен аспаптардың теориялық негіздерімен таныстырып, оларда жүріп жататын электромагниттік үрдістерді модельдеуге,талдауға және есептеуге үйрету нәтижесінде болашақ мамандардың электротехника саласы бойынша ғылыми көзқарастарының қалыптасып, жетілуіне мүмкіншілік тудыру, практикада кездесетін электротехникалық проблемаларды ғылыми тұрғыдан түсініп, дұрыс шешімдерін таба білуге дағдыландыру. Электр тізбегі туралы ұғымдар. Электр энергиясын пайдаланып, жұмыс жасайтын қондырғыларды электротехникалық қондырғылар деп атайымз. Электротехниканың қондырғылардын ішінде және оның айналасында болып жатқан электрлік және магниттік құрылыстарды зерттеу үшін және есептеу үшін оларды есептік эквивалент- электр тізбегімен айырбастаймыз. Электр тізбегі деп өзара бір-бірімен сымдар арқылы жалғасқан электр энергия көздерінің, электр энергиясын тұтынушылардың және бақылау, өлшеу аспаптарының жиынтығын айтады. Электр энергияның көздерінде энергияның басқа түрлері (механикалық, жылу, жарық, химиялық және т.б.) электр энергиясына түрленеді, ал электр энергиясын тұтынушыларда (қабылдағыштарда), керісінше, электр энергиясы энергияның басқа түрлеріне түрленеді. Электр тізбегінің жіктелуі. а) токтың түріне байланысты: тұрақты ток тізбектері, айнымалы ток тізбектері, бір фазалы, үш фазалы және көп фазалы ток тізбектері; ә) тізбектің элементтерінің вольтамперлік сипаттамасына байланысты: сызықты және сызықты емес электр тізбектері; б)тізбектегі электр энергиясы көздерінің (қоректендіргіштердің) санына байланысты: бір қоректендіргіші бар және бірнеше қоректендіргіші бар электр тізбектері; в) элементтерді өзара жалғау әдістеріне байланысты: тармақталмаған және тармақталған тізбектер. Электр тізбегінің сұлбасы деп тізбектің элементтерін және олардың өзара жалғану ерекшеліктерін шартты түрде графикалық жолмен бейнелеуді айтады. Эскиздік сұлбада тізбек элементтері эскиз (сұлба) түрінде көрсетіледі. Бұл сұлбаны қолданған өте ыңғайсыз. Принципиалды электрлік сұлбада тізбектің элементтері ГОСТ бойынша қабылданған арнаулы шартты белгі арқылы көрсетіледі. Бұл сұлба арқылы тізбектің элементтерінің атқаратын қызметін, өзара жалғану жолдарын түсінуге болады, бірақ тізбекті есептеуге мүмкіндік бермейді. Орынбасу сұлбасында электр қондырғысында болып жатқан электромагниттік құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін идеал элементтермен (сыйымдылық элемент, кедергі, индуктивтілік элемент) айырбастаймыз Кедергі электр энергиясының жылу энергиясына айналу құбылысын сипаттайды. Индуктивті элемент электр энергиясының магнит энергиясына айналу құбылысын сипаттайды. Сыйымдылық элемент электр энергиясының электр өрісінің энергиясына айналу құбылысын сипаттайды.
Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1532; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |