Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

II модуль 2 страница




№4 слайд

Құндылық дегеніміз, біріншіден, объектіге деген когнитивті қатынасқа, яғни көңіл күйі басымырақ, субъектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан тұратын қатынас. Екіншіден, ол — сананың ішіндегі құндылық бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық параметрлер, олардың негізінде көзқарас, дәлелдің, білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады. Үшіншіден, санадағы құндылық — объективті шынайы заттық білім, ол дәл осы шынайылық, дұрыстық, ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады.

Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес. Ол, сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар өмірдегі мінез-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз-өзіне деген жауапкершілікті қатынасын анықтауы.

Жеке тұлға дүниетанымының қалыптасуы, педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игеру қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың то-лассыздығы мен толасуы; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс мәнділіктің көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика таным негізі, ақиқат критері.

Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.

Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.

Білім беру оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағ-дыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. «Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен, көмегімен қалыптастыруы қажет. Түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете түсіну оқушының ойлауы мен іс-әрекетінің белсенді процесі».

Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі, олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны іс-әрекеттің жалпы тә-сілдерін, білімді меңгеру болып табылады.

Білім сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына байланысты болады.

 

Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары мен принциптері

аға оқытушы М. К. Сураншиева

№1 слайд

Мақсаты: тәрбие үрдісінің заңдылықтары мен тәрбие принциптері ұғымдарына анықтама беру.

Міндеттері:

  1. Тәрбие процесінің ерекшеліктерін сипаттау.

2. Тәрбие заңдылықтарының мәнін ашу.

3. Тәрбие арнайы ұйымдастырылған және саналы жүргізілетін үрдіс екенін түсіндіру.

  1. Тәрбие принциптерінің маңызын көрсету.
  2. Тәрбиенің кең және тар мағынада сипаттамасы.
  3. Тәрбиенің іс-әрекеттік, жеке тұлғалық, құндылық тұжырымдамасының мәнін ашу

Жоспар:

1. Тәрбиенің кең және тар мағынадағы сипаттамасы.

2. Тәрбие арнайы ұйымдастырылған және саналы жүргізілетін үрдіс.

3. Тәрбие процесінің мәні және оның ерекшеліктері.

4. Тәрбие процесінің диалектикасы мен заңдылықтары.

5. Тәрбие принциптері.

Негізгі ұғымдар: тәрбие процесі, біртұтас педагогикалық процесс, тәрбие заңдылықтары, тәрбие принциптері.

Пәнаралық байланыстар: философия, психология, саясаттану, әлеуметтану.

Пайдаланылған технология проблемалық оқыту техноло-гиясы

Тәрбие әрбір болашақ ұрпақтың қоғамдағы өз орнын табуы үшін өткен ұрпақтардың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру. Адамзат қоғамының дамуына қарай, тәрбиенің мазмұны мен әлеуметтік маңызы арта түседі. Адамзат ғұмырындағы мәңгілік мәселе ұрпақ тәрбиесі. Оқу орындарындағы тәрбие ұстаз бен шәкірттің саналы түрде жүзеге асыратын, ұйымдастырылатын үрдіс. Тәрбиеленуші шәкірттен алдын ала жобаланған әлеуметтік, рухани тәжірибелерді, тәлімдік құндылықтарды меңгеріп, оны бойына дарытуы үшін белсенді түрде ынталанып әрекеттенуі талап етіледі. Ал іс-әрекеттің жүзеге асуы жөніндегі педагогикалық теория тұлғаға біржақты емес, жан-жақты әсер етуді қуаттайды. Осы орайдан келгенде, қазіргі тәрбие теориясы бала тәрбиесінің өркендеп жетілуі, педагогтің жобалаған жоспарының тұлғаға әсерлі ықпал етерліктей болуы оның сапалы да саналы болуын қамтамасыз етеді. Сонда тәрбие баланың өмірі саналы да мазмұнды, дамуы қалыпты жағдайда болуын жүзеге асырудағы ересек адамдармен бірлесе жүргізілетін іс-әрекет. Әрине, бұлардың әрқайсысының атқаратын қызметі, мақсаты, қарым-қатынасындағы өзіндік орны бар.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар мағынада тәрбие дегеніміз өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпыадамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық үрдісін ұйымдастыру.

Мұғалімнің жетекшілігімен өз бетімен ізденушілік іс-әрекет негізінде жаңа білім, іскерлік, дағды қалыптасады, креативтік қабілеттері дамиды, танымдық белсенділігі артады, қызығушылық пайда болады, эрудиция, шығармашылық ойлауы және басқа да жеке тұлғалық қасиеттер дамиды.

Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі ерекше орын алады. Тәрбие процесінің мәні неде, ол қалай айқындалады? Тәрбие процесінің жеке тұлғаны қалыптастыруда орны қандай?

Тәрбие, ең алдымен, тәрбиеленушілердің өзара араласуы мен алуан түрлі іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие олардың қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне ендіруді, оқыту, еңбек, өзіне және қоғамға пайдалы іс-әрекет процесінде олардың мінез-құлық тәжірибесін жинақтауы мен санасына сіңіруін қарастырады. Ал оқыту табиғат пен қоғам туралы білімді, материалдық және рухани мәдениеттің әртүрлі салаларында икемділік пен дағдыларды игеруді қамтиды. Ол түсіндіру, көрсету және жаттықтыру жолымен танымдық және басқа қажеттіліктер мен қабілеттіліктерді дамытуды қарастырады.

Тәрбие процесінің негізгі ерекшеліктері неде? Оның өзіндік ерекшелігі, өзіндік сапалық бейнесі қандай?

  1. Тәрбие процесі көп факторлы процесс. Оқушылардың санасы мен сезімдерінің дамуына әдебиет пен өнер, радио мен теледидар, кино мен театр айтарлықтай әсер етеді.

2. Тәрбие процесі ұзақ және үздіксіз процесс. ХVІІІ ғасырдағы француз материалисі Гельвеций: «Бүкіл өмірдің өзі бір ұзақ тәрбие ғана», деген.

3. Оның сатылы сипатта болатындығы.

4. Тәрбие жұмысы мазмұнындағы концентризм (лат. сөзі – шоғырлау, жию, топтау). Жеке адамның бір қасиетінің өзіне бірнеше оралып соғуына тура келетінін білдіреді. Бірақ бұл тектен-тек қайталау емес, ол жас шамалық ерекшеліктеріне және тәрбие деңгейіне сәйкес одан әрі дамыту және тереңдету бағытындағы қайталау.

5. Тәрбие беру процесі екі жақты және белсенді процесс.Тәрбиені тек педагогтың ықпал жасауымен ғана шектеуге болмайды. Тәрбиешілердің ықпалы тәрбиеленушілердің ойымен қатар жүруі, өзін-өзі тәрбиелеумен толықтырылуы тиіс. Белсенділік оқушыларды қандай да болмасын іс-әрекетке қатыстыру қажет. Тәрбиеленуші тәрбие объектісі ғана емес, субъектісі де.

6. Оның нәтижелерінің сырттай қарағанда бірден аңғарыла қоймайтындығы. Олар оқу жұмысындағыдай көзге тез түспейді. Сондықтан тәрбие нәтижелерін тексеру мен бағалау оқудағыдан көп күрделірек. Оқу жұмысында сұрауға, диктант, шығарма жаздыруға, бақылау сұрақтарын ұсынуға болады. Ал тәрбиеде қысқа мерзім ішінде қандай мінез-құлыққа ие болғанын анықтау қиын. Ол үшін олардың мінез-құлықтарын әртүрлі жағдайларда, әртүрлі ситуацияларда бақылау қажет. Мұның өзі тәрбие динамикалық, диалектикалық және үздіксіз екенін білдіреді. Тәрбие берудің аяқталғанын да анықтау қиын. Жеке адамның кез келген қасиеті шексіз дамып, жетіле беруі мүмкін.

7. Кешенді процесс.

8. Болашаққа ұмтылған іс-әрекет. Қоғамның дамуының негізгі тенденцияларын көре білу керек.

Мектепте жүзеге асырылатын тәрбие процесі құрамына педа-гогтар мен оқушылардың, оқу және тәрбие қызметі енетін педагогикалық процестің аса маңызды құрамды бөлігі. Дегенмен, оқыту мен тәрбиені тең қоюға болмайды. Олардың әрқайсысының ерекшеліктері бар, белгілі бір өзіндік қасиеттерге ие. Тәрбие қызметінің өзіндік ерекше міндеттері, мазмұны, принциптері мен әдістері бар.

Тәрбие процесі диалектикалық сипатта болады. Бұл оның үздіксіз дамуын, динамикалық, қозғалмалы әрі өзгермелі болуынан байқалады. Диалектика дегеніміз (грек. пікірлесу, талқылау) табиғаттың, қоғам-ның және ой-сана дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Пікірден ой туады, пікір қарама-қайшылықсыз болмайды. Тәрбие процесінің диалектикасы оның қарама-қайшылығымен бейнеленеді. Сонда қарама-қайшылықтар педагогикалық процестің қозғаушы күші болып саналады. Қарама-қайшылықтар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Қайшылық қандай да болсын дамудың, қозғалыстың ішкі көзін көрсететін категория.

Педагогикада тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік құндылықтар, т.б. теориялар білім беру ұйымдарында кеңінен қолданыс тауып отыр.

Тұлғалық-бағдарлық теория адамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы мәселені қарастырады. Ол тұлғаны тарихи-қоғамдық даму нәтижесі және мәдениет жаршысы ретінде таниды.

Тұлғалық-бағдарлық теория педагогикалық процесті жобалап, бағдарлауда тұлғаны мақсат, субъект, оның нәтижесі мен негізгі өлшемі ретінде қарастырады. Тұлғалық көзқарас негізінде, сонымен бірге бала жайында терең білімді, оның өз басына тән қасиеттері мен мүмкіндіктерін, қабілеттерін жетік білу және оны басқалар немесе өзі қалай қабылдайтыны жайлы көзқарастар жүйесі. Сондықтан да ұстаз осы бағыттағы қандай да болмасын өзінің әрекетінде тұлғаның дара ерекшелігін тануды мақсат етеді.

Іс-әрекеттік теория тұлға дамуының негізі, құралы және шешуші факторы болып есептеледі. Бұл сана мен әрекеттің бірлігі идеясына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырады. Мұндай көзқарас педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық әрекеттер барысында тұлғалық-бағдарлық ұстаныммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның жүзеге асуына тікелей ықпал етеді.

Іс-әрекеттің мақсаты — адамдардың ақиқат өмірін қайта жаң-ғыртуға бағытталады. Сондықтан адамның барлық деңгейдегі заттық және рухани әрекеті еңбек негізінде пайда болып, оның негізгі ерекшелігін бойына сіңіріп, айналадағы өмірді шығармашылықпен қайта жаңғыртады.

Құндылықтар теориясы — нақтылы ғылыми-әдіснамалық та-ным ретінде және педагогикалық шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы — жалпыадамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында оқу болып табылады. Ол жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарға негізделіп, оған қайшы келмейтін ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді қамтиды. Сондықтан да тұлға өз ұлты және туысқан халықтар мәдениетін оқып-білуі, одан әрі жалпыадамзаттық мәдениетпен танысуы арқылы өзінің мәдени дамуын қамтамасыз етеді. Түйіндей келе, құндылық жүйесінде мәдениетті меңгеру, біріншіден, адамның өзінің даму жағдайын, екіншіден, шығармашылыққа қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын іске асырады.

Заңдылық құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын, оның ішкі, мәнді және тұрақты байланысы. Педагогикалық процесте заңдылық дегеніміз педагогикалық құбылыстар мен процес-тердің объективті түрде байлыныстылығы. Бұл байланыстар педагоги-калық жүйенің қалай іске асуын және педагогикалық процестің нәтиже-сін көруге көмектеседі. И. Ф. Харламов тәрбие процесін ұйымдастыруға байланысты заңдылықтарды анықтады. П.И. Пидкасистый заңдылық-тарға анықтама бергенде, оларды топтастырды. И. П. Подласый, тәрбие процесінің тәжірибесіне сүйене отырып заңдылықтардың байланысын көрсетті. Тәрбие заңдылықтары 3 топқа бөлінеді.

№2 слайд

1-топтағы — объективтік факторлар (лат. фактор — оқиға-ның қозғаушы күші), себебі — қоғамның негізін құрайтын қоғамдық құбылыстар мен процестер. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі. Ол міндетті түрде тәрбиеге әсерін тигізеді. Қоғамның жалпыадамзаттық құндылықтары мен ұлттық мәдени құндылықтары. Субъективтік фактор — осы қоғамда өмір сүретін адамдардың саналы, белсенді іс-әрекеті.

2-топтағы — жеке адамның табиғатына, оның психикалық ерекшеліктеріне (жас және дара ерекшеліктері ескерілу керек) байланысты. Жеке адамның дамуы тәрбиенің сапасына байланысты және тәуелді. Алуан түрлі тәрбиенің формалары мен құралдарын, әдістерін пайдаланғанда жеке тұлғаның дамуының диагностикасы қарастырылуы қажет, тәрбиенің сапасы балалардың даму деңгейіне байланысты. Н. И. Болдырев: «Жеке адам өзінің дамуында әлеуметтік тәжірибені меңгеруі ғана емес, оның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруінде», былайша айтқанда адамның бойында мінез-құлық пен қасиеттердің жаңа сапасы пайда болу керек.

3-топтағы — психолог Рубинштейн: «Жеке тұлға тек іс-әрекет болса ғана дамиды». Жеке адамның тәрбиесі мен дамуы тәрбие процесінің қатысушыларына да байланысты. Олардың бір-бірімен араласуы қарым-қатынастың мазмұнына байланысты. Педагогтың мінез-құлық стилінің орны ерекше. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу заңдылығы.

Латынша «принцип» «негізгі», «бастапқы» деген мағынаны білдіреді. Тәрбие процесі іс жүзінде принциптер арқылы көрінеді. Тәрбие принциптері тәрбие процесінің мазмұнына, әдіс-тәсілдеріне, ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар, ережелер, шарттар, қағидалар жүйеcі.

Тәрбие принциптеріндегі басты көрсеткіштер мыналар:

1. Тәрбиенің өмірмен, әлеуметтік ортамен байланыстылық принципі. Бұл принциптің мәні тәрбие қоғамның талабына сай, елдің болашағына үйлесімді.

Қазақ халқының тарихындағы рухани құндылықтарды тәуелсіздік берген қайта жаңғыруға байланысты танып білу керек. Дәстүрді ардақтап, қадір тұтып, оны тәрбие беруге бағыттау, пайдалану ұрпақ тәрбиесіндегі жалғастық пен байланысты нығайтады, оның өмірмен жақындығын жетілдіре түседі.

2. Тәрбие үрдісінің мақсаттылық, біртұтастық үйлесімділік принципі. Тұлғаға әсер етуде ұйымдастырылатын педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты, мазмұны қаншама көп болғанымен де тәрбие тәсілдері сол үрдіске үйлесімді болса, оның нәтижесі де айтарлықтай сәтті болады.

3. Педагогикалық басшылық, жетекшілік жасау принципі. Мұнда оқушылардың белсенділігі мен өздігінен еңбектене білуіне ерекше назар аударылады. Басты талап тұлғаның даму заңдылықтарына орай өздігінен белсенді түрде іс-әрекет атқаруына бағдар беріп, ынта-ықыласын жетілдіруге тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Педагог оқушыны іс-әрекетке ынталандыруда олардың шығармашылық еркіндігіне, іздену барысында өзіндік беталыс бағдары болуына мән беріп оны қолдап, қорғап жетекшілік етеді.

4. Гуманизм принципі. Баланың жеке басын құрметтеу және соған орай талап та қоя білу. Гуманистік қарым-қатынас педагог пен тәрбиеленушінің бір-біріне деген сенімін, өзара сыйластығын арттырып, мұғалімнің беделін көтеріп, ынтымақтастық тұрғыдағы бір-біріне деген сүйіспеншілігін, қайырымдылық қасиеттерін жетілдіре түседі. Гуманистік сенім тәрбие ісінде табысқа жетудің кілті, әрекет-ке ынталандырудағы қозғаушы күш.

5. Үлгі-өнегені тағылым ету принципі. Үлгі-өнегенің балаға деген әсері, оны еркінен тыс іздендіруге дейін апаратын құрал. Оқушының жақсыдан өнеге алып, жаманнан жиренуін үнемі қолдау керек. Өйткені алдындағы өнегелі өрнекке еліктемейтін адам бола қоймайды, қайтсе де еліктеп, оған ұқсағысы келгендігі пәлендей дәлелдеуді керек ете қоймайды

6. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі. Адам бір-бірімен сөйлесіп, пікірлесіп, түрлі топтармен қарым-қатынас жасау барысында таным-түсінігі өрістейді. Тұлға өзінің іс-әрекетін, қабілетін ұжымда көрсетеді. Сондай-ақ адамның жақсы, жаман қасиеттері ұжым арқылы айқындалады. Сол тұлғаның жақсы істері, атқарған қызметіндегі қол жеткен табыстары және шәкірттің үлгеріміндегі табыстары ұжым арқылы белгілі болады.

7. Мектеп оқушыларының жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу принциптері. Мектеп мұғалімі ең алдымен өзінің шәкірттерінің жас мөлшеріне байланысты, физиологиялық дамуындағы ерекшеліктер мен дербес қасиеттеріне мән беріп, соны білуге зейін қоюы керек.

8. Бірыңғай талап принципі. Тәрбие үрдісінің нәтижелі болуы отбасының, мектептің, қоғамдық ұйымдардың бірыңғай талап қоя білуіне тікелей байланысты.

Принциптердің ғылыми негіздерін түсініп, оны жүзеге асыру тәрбие жұмыстарының практикалық мәнін арттырып, педагогикалық тиімділігін өрістетеді.

 

СӨЖЖ тақырыбы: Тәрбие процесінің заңдары мен заңдылықтары.

Жоспар:

1. Біртұтас педагогикалық процесс компоненттері арасындағы байланыстар, оның ішкі құрылымын көрсететін заңдылықтар туралы түсініктер.

2. Мұғалімнің педагогикалық процестегі тәрбие механизмдерінің өзара байланысын реттеудегі рөлі.

3. Педагогикалық процестің негізгі функциялары

4. Тәрбие заңдылықтарының мәні.

5. Педагогикалық процесті ұйымдастыру және қызмет етудегі негізгі принциптері.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Тәрбие процесінің заңдылықтары.

2. Тәрбие процесінің заңдары мен заңдылықтарының өзара байланысы.

3. Тәрбие процесінің тиімділігі немен айқындалады?

4. Педагогикалық процестегі тәрбие механизмдерінің сипаттамасы.

5. Педагогикалық процесс пен тәрбиенің міндеттері.

6. Тәрбие процесіндегі мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасының мәні.

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар

1. Заңдылықтардың нақты айқындалуындағы принциптердің маңызы.

2. Біртұтас педагогикалық процестің қасиеттері мен заңдылықтары.

3. Әртүрлі педагогикалық теориялар мен жүйелердегі жалпы, ерекше және жеке теориялар мен жүйелерді бөліп алу.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 3614; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.068 сек.