Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

II модуль 9 страница




Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда А.С. Макаренко бірнеше сатыны белгілейді.

№3 слайд. Ұжымды құру сатылары:

бірінші сатыұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы);

екінші сатыда белсенділердің ықпалыарта түседі;

үшінші және одан кейінгі сатылар — ұжымның кемелденуі.

Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады. Дәстүрлер тәрбиеленушілердің эмоциялық қа-былдайтын әдет-ғұрып, ниеті арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекуіне көмектесіп, ұжымдық мәселелерді білікті шешу қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.

Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады.

Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі ұжым алдындағы мақсатты перспективаны таңдау.

№4 слайд. Ұжым алдындағы перспективалар:

· жақын перспектива;

· орта перспектива;

· қашық перспектива.

В. А. Сухомлинский: «Балалар ұжымын тәрбиелеу бұл, шын мәнінде, еңбек қуанышын іздеу. Еңбек қуанышын еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Егер балалар өз тәжірибесінде еңбек қуанышына қолдары жетпесе, егер оларды ұжымдық жасампаз еңбек қызықтырмаса, басқа қызмет түрінің бәрі ұжымды қалыптастыру құралы ретінде дәрменсіз болып қалады», деп тұжырымдайды.

Ұжым тәрбиенің объектісі мен субъектісі

Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай, табысқа қолын жеткізе бермейді.

№5 слайд. Педагогикалық жағдайдың объективті себептері:

  • іс-әрекеттердің бірсарындылығы;
  • ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы;
  • ұжым мүшелері арасындағы қатынасты ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы;
  • бірін-бірі қабылдау мәдениетінің кемшілігі;
  • жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.

Тәрбие объектісі ретінде, әдетте жеке баладан гөрі, әртүрлі сипаттар бойынша біріктірілген балалардың әртүрлі топтары қарастырылады. Оқушы тұлға ретінде топта қалыптасады. Ұстаздар мен оқушылар белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білім мен дағдыны талап етеді.

Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі ұжымдық пен даралықтың диалектикасы

Жеке тұлға мен ұжымның даму үрдісі диалектикалық байланыста болады.

Тұлға және ұжымның дамуы өзара ықпалдас процесс. Адам табиғат пен адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесінде дамиды. Адамның рухани байланысының ауқымы, тұлғаның қоғамдық, ұжымдық байланыстарымен бейнеленеді.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қарым-қатынасқа оңай түседі.

№6 слайд. Тұлға мен ұжым арасындағы қарым-қатынас дамуының кең тараған түрлері:

· тұлға ұжымға бағынады (конформизм);

· тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынаста (гармония) болады;

· тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік);

Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің дербестігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін.

Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін:

1) тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап, ұжым талаптарына сырттай бағынады;

2) тұлғаның кейбір өзіндік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді.

Қарым-қатынастың қазіргі мектепке сай типі бірлікті өмір сүру талпынысы.

Үшінші түрінде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс.

 

СОӨЖ тақырыбы: Тәрбие ұжымын қалыптастыру және оның жеке тұлғаны дамытуға ықпалы

Жоспар:

  1. Ұжым туралы түсінік.
  2. Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы ұжымның рөлі.
  3. Тәрбие ұжымының жеке тұлғаны дамытуға ықпалы.
  4. Ұжымдық пен даралықтың диалектикасы.
  5. Ұжым тәрбиенің объектісі мен субъектісі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. А.С. Макаренконың ұжым туралы ой-пікірлерінің мәні неде? Адамның сенімі мен оның өмір салты арасында қандай байланыс бар?
  2. Оқушылар ұжымының жұмыс ерекшелігі, сипаты қандай?

3. Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастырудағы белгілі педагогтардың қосқан үлестері мен еңбектерін атаңыз.

4. Ұжым өмірінде жеке қатынас, өзара жауапкершілік қатынас және адамгершілік қатынастың мәні неде?

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. Оқушылар ұжымы туралы түсінік беріңіз.

2. Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы ұжымның рөліне қатысты мәлімет дайындаңыз.

3. Ұжымдық пен даралықтың диалектикасына сипаттама беріңіз.

Реферат тақырыптары

1. Оқушылар ұжымы тәрбиенің шешуші факторы.

2. Тәрбие ұжымын қалыптастыру.

3. Тәрбие ұжымының жеке тұлғаны дамытуға ықпалы.

Әдебиеттер

  1. Сухомлинский В. А. Коллективтің құдіретті күші. Алматы, Мектеп, 1979.
  2. Болдырев Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. 2-ші басылым. – Оқу құралы – Алматы, Мектеп, 1987. – 230 б.
  3. Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М. – Алматы, Дарын, 2004. -448 бет.
  4. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика: Университет студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2002, -384 б.
  5. Құлшанова С. А. Мектеп педагогикасы: Оқу құралы. – Алматы: ҚМҚПИ, 2005, 189 бет.
  6. Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік. Алматы, ROND&A баспасы, 2007. 248 б.

 

Оқушылар ұжымын ұйымдастырудың негізгі қызметі және мәні

п.ғ.к., доцент м/а А. Ш. Икрамова

№1 слайд

Дәрістің мақсаты: педагогикалық процестегі оқушылар ұжымының қалыптасуы.

№2 слайд

Дәрістің міндеттері:

· оқушылар ұжымының педагогикалық процестегі орны;

· оқушылар ұжымындағы белсенділер тобы;

· оқушылар ұжымындағы заңдылықтар.

№3 слайд

Жоспар:

1. Оқушылар ұжымын ұйымдастырудың негізгі қызметі және мәні.

2. Ұжымының даму деңгейлері.

  1. Мектептегі тәрбие ұжымының құрылымы.

4. Ұжымдағы белсенділер тобы — ұжымды нығайту орталығы.

  1. Ұжымның даму заңдылықтары.
  2. Ұжымның қоғамдық пікірді қалыптастыруы

Негізгі ұғымдар: ұжым, ұжымның даму деңгейлері, іс-әрекет, белсенділік.

Пән аралық байланыстар: философия, психология, мәдениет-тану

Көрнекі құралдар: № 1 №8 слайдтар.

Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту.

 

Оқушылар ұжымын ұйымдастырудың негізгі қызметі және мәні

Нақты топтардың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен ұштасуы, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда келеңсіз жағдайлардың орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілуі ұжымның басты белгісі.

Қазіргі кезде ұжым проблемаларымен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған проблеманың педагогикалық ғылым мен практика шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П.Блонский, П.Н.Лепешинский, В. С. Выготский, Н. К. Крупская, В. И. Сорока-Росинский және т.б. өз үлестерін қосты. Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдістерін жасауда. Л. И. Новикова әрбір оқушы-ның тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде оқушылар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде, Т. Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушылардың құлықтық дамуымен байланыстырады.

№4 слайд

«Ұжым — бір мақсатты көздей отырып топтасқан жеке тұлғалардың тобы».

Ұжымның даму деңгейлері

Ұжымды қалыптастыру барысында оларға қойылатын талаптардан бөлек оның жеке деңгейлерін бөліп көрсетуге болады. Әрине, осы деңгейлердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ. Солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш деңгейінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі, олардың оқушылар ұжымын қалыптастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйым-дастыруына көмектеседі.

Оқушылар ұжымын дамытудың бірінші деңгейі әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, оқушылар бұл деңгейде алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайта-дан келген оқушылар жинақталған “құрама сынып” оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.

Бұл деңгейде мұғалімге сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушылар мен мұғалім) жақсы танытуға тура келеді.

Ұжымды дамытудың екінші деңгейінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.

Әрбір оқушы бұл деңгейде өзін ұжым мүшесі ретінде санап, өз әрекеттерінің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс. Сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қоғамдық үлесін де білуі керек.

Оқушылар ұжымының дамуының үшінші деңгейінде тек мұғалім мен белсенділердің мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі талаптар қойылады және қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзін басқаруының жоғары деңгейде болуымен, оқушылардың ұжым жұмыстарымен айналысуымен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.

№5 слайд. Ұжымның даму деңгейлері

Мектептегі тәрбие ұжымының құрылымы.

Алғашқы ұжым атқаратын іс-әрекетіне қарай 3 топқа бөлінеді:

  • әртүрлі іс-әрекетке негізделіп ұйымдастырылған ұжым (сынып, жасақ);
  • басты іс-әрекетке негізделіп ұйымдастырылған ұжым (үйірме клуб);
  • ойын және басқа да іс-әрекетке негізделіп ұйымдастырылған ұжым.

Ұжымдағы белсенділер тобы ұжымды нығайту орталығы

Белсенділер тобын іріктеп алып жұмыс жүргізу мұғалім, мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс-әрекеті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептеледі. А. С. Макаренко ұжым-ды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең алдыңғы топ мықты белсендінің рөліне үлкен мән берген. Белсендіні ол педагогтардың ең жақын тірегі ретінде қараған.

"Белсенділер дегеніміз балалар мекемесіндегі пайдалы және қажетті косымша адам (резерв), бұл ұжымдағы ұрпақтардың орнын басады. Ұжымның бейнесі мен дәстүрін сақтайды. Өсіп келе жатқан белсенді қоғамдық жұмыста оқу бітіріп кеткен тәрбиеленушілердің орнын басады. Сөйтіп, мекеменің біртұтастығы қамтамасыз етіледі", дейді.

№6 слайд

А.С. Макаренко: «Белсенділер — ұжымның тұтастығын іске асыратын орталық»,деген.

№7 слайд

Белсенділердің міндеттері:

  • ұжым мүшелеріне олардың міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді;
  • күнделікті жұмыстың стратегиясын анықтауға атсалысады;
  • өзара тәжірибе алмасады;
  • орындалған жұмысты бағалап, баға береді.

Осылай ұжымда белсенділер тобы құрылу арқылы ұжымдық қатынастар тәжірибесі қалыптасып, ұжымның біртіндеп ұйымдасуына, дамуына көмектеседі.

Ұжымды топтастыру заңдылықтары

Кез келген кенет пайда болған мақсат оқушылардың жеке басын тәрбиелеуге ықпал жасай алмайды. Сондықтан кейбір кездейсоқ. байланыстар, өзара әрекеттес адамдар тобы олардың бір-біріне жанашырлық сезімдері, кейбір ортақ мақсаттары ұжым болудың шарты бола алмайды.

Тек қана қоғамдық бағалы мақсат, оны орындауға деген барлық мүшелердің ықыласы болуы, басқа ұжымдармен ортақ пікір, ортақ табысқа жету қажеттілігі, басқаға да, өзіне де қатаң талап қоюы нағыз ұжым дамуының шарттары болып есептеледі. А. С. Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын заңдылықтар бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол заңдылықтар мыналар:

  • ұжым алдында айқын түрде мақсаттың болуы;
  • барлық ұжым мүшелерінің қоғамдық максатқа бағытталған іс- әрекетінің жасалуы;
  • ұжым мүшелерінің және әрқайсысының өзіндік пікірінің болуы;
  • ұжым мүшелерінің өз арасындағы міндеттердің белгіленуі;
  • әрқайсысы белгіленген міндеттерді ұқыпты орындауы;
  • қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны ұжым мүшелерінің ерікті түрде орындауы;
  • ұжымдағы жеке адамдардың өз мүшелері үшін ұжым алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, бақылау, жолдастық сезім, қарым-қатынас болуы.

Ұжымның бұл сипаттамалары, белгілері, ұжымның даму, өсу, қалыптасу жолында бір-бірімен байланысты құралады.

Ұжымның тәрбиелеуші міндеттерін аша отырып, А.С.Макаренко оқушылар ұжымының қоғамға пайдалы іс-әрекетін біріктіріп отырудың маңызын атап көрсетті.

Ұжымның ең басты көрсеткіші өзара адамгершілік қарым-қатынастың орнауы, әр адамның бір-біріне қызығушылығын, ынтасын ескеріп, олардың кажетсіну ерекшелігін білу, мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің ең тиімді жолдарын табуға ықпал жасаумен бірге, істің нәтижелі болуына, әр адамның ұжымда өзара әрекеттесуі жеке адамның дамуына негіз болады.

Жеке адам мен ұжымның қарым-қатынасы тәрбие процесінде оларға дара, жеке қатынас жасауды талап етеді.

Бұл салада мұғалімнің басты міндеті әрбір баланың ұжым-дағы позициясы қалай болатындығын берік есте сақтау.

Ұжымның қоғамдық пікірді қалыптастыруы

Ұжымда оқушылардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысын белсендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай, болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А. С. Макаренконың «Педагогикалық поэма», «Мұнарадағы байрақтар» атты еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. Ол ұжымның басты белгілерін: ұжым басқа-басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы, деп нақты тұжырымдап берген. Сондықтан ұжым қозғалмастан бір орында тұра алмайды, дамып отырады және ол ұжымның әрбір мүшесінің қалыптасуына күшті ықпал жасайды.

Түйіндеме

Қорытындылай келгенде, оқушылар ұжымы мақсатқа бағыт-талған іс-әрекет негізінде оқушыларды біріктіруді ұйымдастыру формасы.

Мұғалім оқушылар ұжымымен ұйымдастырған жұмыстарының барысында олардың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.

Мұғалімдер оқушылар ұжымымен жұмыстың әдістерін пайдалану арқылы тұлғаны дамытудағы проблемаларға басты назар аударады.

 

СОӨЖ тақырыбы: Оқушылар ұжымын ұйымдастырудың негізгі қызметі және мәні

Жоспар:

1. Оқушылар ұжымының құрылымы мен даму деңгейлері.

2. Ұжымдағы белсенділер тобы ұжымды нығайту орталығы.

  1. Ұжымды топтастыру заңдылықтары.

Студенттердің өзін-өзі бақылау сұрақтары

1. Ұжымды зерттеген педагогтардың идеяларына сипаттама беріңіз.

2. Ұжымның даму деңгейлеріне сипаттама беріңіз.

3. Оқушылар ұжымымен жұмыстың әдістеріне мысалдар келтіріңіз.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

1. Оқушылар ұжымы мен мұғалімнің ықпалдасу мәселелері туралы әдебиеттер тізімін жасау.

2. Оқушылар ұжымы және олардың тұлғалық қасиеттері жөнінде ақпарат дайындау.

3. Педагогика. Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздіктен «Ұжым» атты терминді оқып, танысу.

4. «Ұжым және мен» атты тақырыпқа эссе жазу.

Реферат тақырыптары

1. Жеке тұлғаның ұжымда дамуы.

2. Оқушылар ұжымындағы тәрбиелік мүмкіндіктер.

3. Оқушылар ұжымындағы педагогикалық жетекшілік.

Әдебиеттер тізімі

1. Педагогика. (Дәріс курсы.) Алматы, 2003 ж.

2. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Педагогика. Алматы, 2004 ж.

3. Н. Харламов. Педагогика. М,, 1990 г.

4. Макаренко А. С. Воспитание в советской школе М., 1966.

  1. Петровский А. В. Личность. Деятельность. Коллектив. М., 1982.
  2. Фридман Л. М. и др. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. М., 1988.
  3. Педагогика. Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік. // Ғыл. жетекш. және жалпы ред. басқарған проф. Ш. К. Беркімбаева, А. Қ. Құсайынов. – Алматы; ROND&A баспасы, 2007.
  4. Ә.Ә. Усманов, М.Б. Сәрсенбаева. Педагогика. (дәрістер жинағы). Алматы,
  5. Ш. М. Майғаранова, С. Т. Иманбаева. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2006.

Оқушылар ұжымын нығайту және тұлғаны әлеуметтендірудің маңызы

оқытушы А. Ж. Дарханова

Дәрістің мақсаты: оқу-танымдық белсенділікті арттыру.

Дәрістің міндеттері:

  1. Оқушылар ұжымын нығайтудың әдістерін анықтау.
  2. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің маңызын түсіндіру.

Жоспар:

  1. Балалар ұжымын зерттеу әдістері.
  2. Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас құралы ретінде.

Негізгі ұғымдар: диагностика, ұжымдық іс-әрекет, қарым-қатынас құралы.

Көрнекіліктер: №1 — №2 слайдтар.

Оқыту технологиясы: Проблемалық оқыту.

№1 слайд. Оқушыларды зерттеудің үлгі бағдарламасы

  • оқушы туралы жалпы мәлімет, аты-жөні, туған жылы, айы, күні;
  • жалпы даму деңгейі (жоғары, орта, төмен);
  • әлеуметтік- адамгершілік келбеті, еріктілік, еркіндік негізінде атқаратын жеке-топтық жұмысы;
  • жеке басының негізгі белгілері.

№ 2 слайд. Жеке бастың бойындағы адамгершілік сапасын зерттеу әдістері




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 7154; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.