Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

II модуль 10 страница




Соған сәйкес төмендегілерді бөліп қарастырамыз.

І деңгей. Адамгершілік сапасының мәнін құрайтын қалыптар (өлшемдер) жайлы түсінік. Бірақ бұл өлшемдер жеке бастың мінез-құлқына кірікпеген. Оған деген қарым-қатынас қарама-қайшы және тұрақсыз болып келеді.

ІІ деңгей. Адамгершілік мінез-құлық қалыптары жөнінде дұрыс және айқын түсінігі бар. Бірақ бұл өлшемдер жеке бастың қасиетіне толық айналып кетпеген.

ІІІ деңгей. Адамгершілік мінез-құлық қалыптарын саналы меңгерген.

Балалар ұжымын зерттеу әдістері

Диагностика (грек. Diagnostikos жалпы білуге қабілетті) зерттеліп отырған объекті немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы әдісі. Мысалы, әлемдік тәжірибеден адамның тұлғалық дамуын анықтау үшін арнайы жасалған тестілер (өлшемдер) қолданылды. Ол адамның жалпы және арнаулы сапаларын өлшейді. Ұсынылған тапсырмаларды адамның қалай орындауына байланысты жан-жақты дамудың өлшемдеріне орай қол жеткен деңгей туралы қорытынды жасалады. Содан кейін алынған мәліметтерді тұлғаның жалпы дамуының жас ерекшелік мүмкіндіктерімен салыстырады. Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері үшін басты мақсат оқушылар ұжымын зерттеу, олардың ақыл-ой қызметін, мінез-құлқының өзгеру себептерін, талаптану денгейін, белсенділігін тұлғааралық қарым-қатынасын, әлеуметтік мінез-құлқының және басқа да маңызды сапаларының дамуын білу болып табылады. Бұл жағдайда тұлғаның қажетті сапаларын зерттеп білудің кең тараған түрі тестімен жұмыс жүргізу. Тәрбие ісі қарама-қайшы ұзақ үрдіс екені белгілі.

Тәрбиелік үрдіс нәтижелері деп тұлғаның немесе ұжымның тәрбиелік деңгейін айтамыз. Оның жоспарланған іске сәйкес болуы одан ерекшеленуі мүмкін.

Тәрбиелік үрдіс нәтижелері деп тұлғаның немесе ұжымның қол жеткен тәрбиелік деңгейін айтамыз. Оның жоспарланған іске сәйкес болуы немесе одан ерекшеленуі мүмкін.

Ұжымның тәрбиелік деңгейін анықтауға диагностика көмектеседі. Диагностикалық мәліметтері тәрбиеленушілердің бастапқы сипаттамаларымен салыстырылады, бастапқы және соңғы нәтижелер арасындағы айырмашылық тәрбие үрдісінің тиімділігін айқындайды.

Тәрбиелік қалай анықталады? Тәрбиенің қол жеткізетін нәтижелерін айқындау үшін тәрбиелік өлшемі пайдаланылады. Тәрбиелік өлшем ұжымның немесе тұлғаның түрлі сапаларының қалыптасу денгейінің теориялық тұрғыдан жасалған көрсеткіштері. Әдетте ол атаулар шкаласы реттеледі. Егер тәрбиелік сапаның қалыптасу дәрежесіне шарттық сандық баға алынатын болса, онда оқу ісінде қол жеткізген табыстар тестісін жүргізу кезінде жасалатындай тәрбиелік деңгейін сандармен көрсету арқылы салыстыру есебін жүргізуге болады.

Осы күнге дейін педагогикада тұлғаның немесе ұжымның барлық сапасын қамтитын тәрбиелік өлшемін жасау тың мәселе ретінде қалып отыр. Тәрбиеліліктің көптеген өлшемдерінің ішінен 2 топты мазмұндық және бағалау деп бөліп алуға болады. Біріншісі зерттелетін сапаның көрсеткіштерін бөліп алумен, екіншісі (диагностика жасалатын) анықталатын сапаның қарқынды тепе-тең көрінісін жазып алу мүмкіндігімен байланысты.

Сонғы нәтижелердің диагностикасы тұлғаның немесе ұжымның тәрбиелік деңгейі үшін тағы да жалпы өлшемдерді, жекелеген қасиеттерді, белгілерді және сапаларды айқындауына байланысты. Аралық нәтижелерді талдау үшін жеке өлшемдер бар. Біріншісі мақсатты айқындауға арналып жазылған талаптарды, екіншісі тәрбиелік үрдістің нақты міндеттерін көрсетеді. Бағыттылығы, әдіс және өлшемді қолдану орны жөнінен тәрбиелілік шартты түрде екі топқа бөлінеді:

  • тәрбие нәтижелерінің сыртқы пішінінде пікірлесуде, баға-лауда, мінез-құлықтарда, тұлғаның әрекеттерінде көрінуімен байланысты;
  • тәрбиешінің көзінен тыс құбылыстармен, дәлелдермен, сенімдермен, жоспарлармен, бағалармен байланысты болады.

Оқушылардың тәрбиелік дәрежесін табу, олардың білімі мен мінез-құлқының біздің демократиялық құқықтық қоғамда қабылданған негізгі өлшемдермен сәйкес келетінін не келмейтінін айқындау болып табылады.

Оқушылардың тәрбиелілігінің басты өлшемі олардың іс-әрекеті, оқушылардың тәрбиелілігі күн сайын және сағат сайын тексеріліп отыруы тиіс. Тәрбиеленушінің кез келген қылығы мінез-құлықтың тәрбиелік деңгейін сипаттайды.

Оқушының тәрбиелік деңгейін дұрыс бағалау оның өмі-рінің түрлі жағдайларындағы әлеуметтік қарым-қатынастарындағы мінез-құлқына әділ баға беру.

Педагог оқушыларды зерттеуге кіріскенде нені зерттейтінін айқын біліп алу керек. Оқушының тұлғалық қыры неғұрлым кең және жан-жақты зерттелетін болса, оған дұрыс жол табу соғұрлым жеңіл болады.

Диагностикалық әдістердің кешені оқушылардың бойында қажетті тұлғалық сапаларының қалыптасуы туралы түсінікті дұрыс құруға мүмкіндік береді.

Түйін

Біріккен қарым-қатынас іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін алдын ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі болуын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтардың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.

Сонымен, жеке бастың белгілі бір адамгершілік сапасын айқындайтын қалыптар жөнінде түсінік деңгейін анықтап алып, баланың адамгершілік тәрбиелілігінің өлшемін анықтадық. Оны сұхбаттасу, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, тест, тапсырмалар беріп, оны орындату арқылы жүзеге асырдық. Сабақта, сабақтан тыс уақытта оқушылардың мәдени, тәрбиелік деңгейін зерттеп, оқу жылының басы мен соңында жоғарыда айтылған үлгі бойынша үш түрлі деңгейде бағалайды да әр оқушы туралы мінездеме жасалады.

Оқушылардың тәрбиелілігінің негізінде Л. С. Выготскийдің баланың жас ерекшелігі — жеке бас қасиеттерінің дамуы туралы негізгі ұстанымын басшылыққа алуға болады. Бұл ұстаным бойынша, оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтауда баланың әр жас кезеңіндегі орталық психологиялық жаңа құрылымының, өзіндік сапасының қалыптасуын ескеру керек. Оқушылардың өзара қарым-қатынасы олардың тәрбиелік деңгейін анықтауда басты рөл атқарады.

Оқушының тәрбиелік деңгейі жас ерекшелігіне, меңгерілген білім, білік, іскерлік, дағдыларына лайықты әлеуметтік және әдептілік, адамгершілік қарым-қатынастағы жеке басының мінез-құлқы көрінісімен анықталады. Олай болса, тәрбиелік өлшемнің көрсеткіші әр сыныпта өзгеріп отырғандықтан, педагогикалық тұрғыдан субъективтік баға беріледі. Бұрынғы мектеп тәжірибесінде оқушының тәрбиелік деңгейі оқушылардың ережесімен сәйкес келетін, сол арқылы оқушыларға мінездеме берілетін. Оқушының тәрбиелік деңгейін бір көрсеткіш арқылы анықтау мүмкін емес. Жеке бастың белгілі бір адамгершілік сапасын айқындайтын қалыптар жөнінде түсінік деңгейін анықтап алып қана баланың адамгершілік тәрбиелілігінің өлшемін анықтадық. Оны сұхбаттасу, сауалнама, әңгімелесу, бақылау, тест, тапсырмалар беріп, орындату арқылы жүзеге асырдық. Сабақта, сабақтан тыс уақытта оқушылардың мәдени, тәрбиелік деңгейін зерттеп, оқу жылының басы мен соңында жоғарыда айтылған үлгі бойынша үш түрлі деңгейде бағалайды, әр оқушы туралы мінездеме жасалады.

Жеке тұлға біртұтас құрылым. Сондықтанда оны бойындағы барлық сапаларымен кешенді түрде қарастыру керек. Жеке тұлғаның бітім-болмысын көп қырынан бірдей зерттеп танытатын өлшемді әлі ешкім жасаған жоқ. Бұл келешектің ісі.

Тұлғаның ішкі көзқарасы оқушының мінез-құлық әрекетінде ашылады. Әдетте адам қалай тәрбиеленген болса, солай әрекет жасайды. Сонымен бірге педагог тәрбиеленушілік ситуация туғызу, әдіс сияқты мінез-құлықты айқындаудың диагностикалық тиімді тәсілін де қолданады. Екі міндетті бірлікте шешуге мүмкіндік береді:

  • талап ететін сапалардың даму денгейін диагностикалау;
  • осы сапаларды дамыту.

Тәрбиелеуші жағдаят табиғи немесе тәрбиеленуші әрекет етуге және өзінің әрекеттерінде өз бойындағы белгі бір сапалардың қалыптасу деңгейін көрсетуге мәжбүр болуға әдейі жасаған жағдай. Сонғы жылдарда педагогикада проблемалық тәрбиелеуші жағдайларды жасауға көңіл бөлуде. Осылайша алға қойған жасанды проблеманы шешуге мәжбүр болады. Ал тәрбиеші бұл кезеңде және оның әрбір мүшесінің қандай жағдайда болатынын айқындап, нәтижесінде тәрбиелік үрдісті дұрыс құратын болады.

Ситуациялық жағдайдың мынадай түрлері ерекшеленеді: сынайтын, тәрбиелейтін, бақылайтын, бектітетін, тәрбиеші ойлас-тырмаған, бірақ көмектесуші; тәрбиеші тарапынан ескерілмеген, бірақ бөгет жасайтын немесе зиянды жағдайлар болады.

Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас құралы ретінде

Мектептегі мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас бүкіл қоғамдық, саяси, құқықтық, моральдық қатынастарды қамтып, педагогтің басшылығымен бағыты айқындалып, шешімін тауып отырады. Мектептегі педагогтар мен оқушылар арасындағы қалыпты қарым-қатынас ізгілікті немесе басқа сөзбен айтар болсақ, педагогикалық мақсатты қатынастар болып аталады. Мұндай қарым-қатынастың орнығуы тәрбие нәтижесін көрсетеді, ол оқушылардың педагогтік беделін, құқын, тәжірибесін құрметтеп, мүмкіндігінше сондай педагогқа ұқсауға еліктейді.

Мұғалім оқу процесінде, оқу бағдарламаларын іске асыру барысында оқушылармен өзара қатынастарын нығайтады. Онда оқушылардың оқу ісіне, еңбекке, оқушылармен саналы қарым-қатынасын қалыптастыру көзделеді. Мұғалім оқушылардың өзіндік қызметі мен белсенділігін арттырып, олардың әлеуметтік тәжірибесін ізгілік негізінде дамытады. Оқушының өзіндік өмірлік ұстанымы қалыптаспай, кез келген күрделі жағдайда, адамгершілікке негізделген шешім қабылдай алмайды. Педагог осы жағдайды педагогикалық процесті басқару ісінде ескеруі тиіс.

 

СОӨЖ тақырыбы: Оқушылар ұжымын нығайту және тұлғаны әлеуметтендірудің маңызы

Жоспар:

· Сынып ұжымының адамгершілік тәрбиелік өлшемін қалай анықтауға болады?

· Сыныптық ұжымның адамгершілік өлшемдерінің көрсеткіштерін анықтаңыз.

· Сынып ұжымының адамгершілік деңгейін көрсететін мысалдар келтіріңіз, оларға сипаттама беріңіз.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Диагностиканың анықтамасы.
  2. Оқушылар ұжымын зерттеудің мақсаты.
  3. Тәрбиелік үрдіс нәтижелері.
  4. Тәрбиелік өлшемді сипаттаңыз.
  5. Тәрбиеліктің басты мақсаты.
  6. Диагностикалық әдістердің кешені нені қамтиды?
  7. Тәрбиелік ситуация туғызу әдісі.
  8. Тәрбиеші мен оқушының біріккен қарым-қатынасын ұйымдастыру.
  9. Оқушының өзіндік өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Жеке тұлғаның тәрбиелілігін анықтау.

2. Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлесіп атқарылатын педагогикалық ситуациялар.

3. Педагогикалық ситуациялардың мәні және тәрбиелік ситуацияларды шешу.

Реферат тақырыптары

1. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.

2. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процестің әлеуметтік бағыттылығы.

3. Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері.

4. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.

5. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процестің әлеуметтік бағыттылығы.

Ә Әдебиеттер тізімі

  1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы, «Дарын». 2004.
  2. Гликман И. З. Теория и методика воспитания. М. «Владос Пресс», 2002.
  3. Қалиев С., Майғаранова Ш., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы, 1999.
  4. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. – Алматы, «Нұрлы әлем» 2003.
  5. Хмель Н. Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, «Ғылым» 2002.
  6. Шукина Г. И. Активизация познавательной в учебном процессе. –М. Просвещение.,1979.

 

Отбасында мәдени құндылықтарды дамытудың негiздері

п.ғ.к., доцент Н.Т. Сманова

№1 слайд

Дәрістің мақсаты: отбасында мәдени құндылықтарды дамытудың мәнін ашу.

Дәрістің міндеті:

· қазіргі отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктерді түсіндіру;

· қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың отбасы тәрбиесіне әсерін зерделеу;

· жаһандану жағдайындағы отбасы тәрбиесінің рөлі, оның саяси-әлеуметтік мәнін айқындау;

· Қазақстанның қазіргі жаңару жағдайындағы отбасы тәрбиесінің орнын негіздеу.

Жоспар:

· Қазіргі отбасы тәрбиесінің мәні, мазмұны.

· Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың отбасы тәрбиесіне әсері.

· Жаһандану жағдайындағы отбасы тәрбиесінің рөлі, оның саяси-әлеуметтік астарлары.

· Қазақстанның қазіргі жаңару жағдайындағы отбасы тәрбиесінің орны.

Негiзгi ұғымдар: отбасы, отбасы тәрбиесі.

Көрнектілер: №1 №7 слайдтар.

Оқыту технологиясы: бағдарламалап отқыту.

Қазiргi отбасы тәрбиесiнiң даму бағыттары, қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың отбасы тәрбиесiне ықпалы

Отбасы қоғамның бір бөлігі болғандықтан, ондағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер отбасында көрініс береді. Жаңа қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал біртіндеп өзгеріске түседі. Отбасының өзгеріске ұшырауына қоғамдық-экономикалық жағдайдан басқа да биологиялық, психологиялық және демографиялық жағдайлар әсер етеді. Отбасындағы моральдық құндылықтар бірден жаңарып кетпейді, сондықтан да бұрыннан қалыптасқан отбасылық психология тұрақты болады.

Отбасы қоғам және жеке тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды қызмет атқарады.

№2 слайд. Отбасының қоғамға қатысты қызметі

Отбасының қоғамға қатысты қызметі:

· өмірге ұрпақ әкеліп, халық санын арттыру;

· тәрбиелік қызметі — білім, білік, дағды, адамгершілік құнды-лықтарды арттыру, яғни рухани құндылықтар жасау;

· отбасының өндірістік-шаруашылық қажеттігін өтеуі;

· отбасындағы бос уақытты өткізу — отбасы мүшелерімен қарым-қатынас құру.

№3 слайд. Отбасының жеке адамға қатысты қызметі

Отбасының жеке адамға қатысты қызметі:

· ерлі-зайыптылық. Олар біріне-бірі серік болып, біріне-бірі моральдық тірек көрсетеді;

· ата-аналық. Өмірге бала әкеліп, оларға қамқор болу;

· тұрмыстағы отбасының психологиялық ахуалының үйлесімі.

Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму бағыттарын ескерудің бала тәрбиесі үшін маңызы зор.

Қазіргі отбасының ерекшеліктері

Ауыл мен қала отбасыларының ерекшеліктері. Ауыл балалары үнемі ауылдастарының көз алдында болып, олардың қатаң бақылауын сезінеді. Бір жағынан оқушы бақылау аясында болса, екінші жағынан психологиялық тәуелділікті сезінеді. Қалада ондай бақылау жоқ, үлкендер бір үйде тұратын балаларды да біле бермейді.

Ата-ананың білімі неғұрлым жоғары болған сайын оның балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналардың көпшілігінің орта білімдері бар. Олар өндірістік-шаруашылық орындарда жұмыс атқаруына байланысты бала тәрбиесімен көбінесе атасы мен әжелері айналысады. Сондықтан тәрбиеші отбасындағы тәрбие мәселесінің қыр-сырын білуі тиіс. Бұл жағдайда тәрбиеге екі түрлі көзқарас орын алады.

Халықтың әл-ауқат деңгейі әртүрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әртүрлі болады. Біреулер мейілінше өбектеп, тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін. Ондай отбасындағы балалар дайынға ие болғысы келіп, енжар, жалқау болып тәрбиеленеді.

Жас отбасының бөлек шаңырақ көтеруі, олардың жауапкершілігін арттырады. Жас отбасыларының тұрмысының материалдық жағынан дұрыс жолға қойылмауы, бала тәрбиесіне қиындықтар келтіреді.

Отбасындағы балалар санының азаюы, қазір қалаға да, ауылға да тән. Оның түрлі объективті себептері бар. Осыған орай аз балалы отбасындағы баланы тәрбиелеу мәселесін зерттеу қажет.

Ерлі-зайыптылардың отбасының бірінші жылы ыдырауы өмірге дайын болмауы салдарынан болады.

Бір балалы отбасылардың көбеюі. Мұндағы басты мәселе баланың өзінен үлкен және кіші балалармен, ұжыммен қарым-қатынас орнату тәжірибесінің жоқтығы және отбасы назарының тек бір бала төңірегінде шоғырлануынан болатын кемшіліктердің көбеюі.

Отбасы тәрбиесiнiң мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, құралы, формасы

Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке, өмірде өз орнын таба білуге, алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге, белсенді, өз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу көзделеді.

Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың маңызы зор. Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады.

№4 слайд. Отбасы тәрбиесінің міндеттері:

· баланың өзін-өзі тануын дамыту, өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрету, айналасымен мәдени қарым-қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыру туралы отбасы құндылықтарын санасына сіңіру;

· адамгершілік және эстетикалық жағынан қалыптастыру, денсаулығын нығайту, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

№5 слайд. Отбасы тәрбиесінің мазмұны:

· жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу;

· жеке басының мүмкіндіктерін жетілдіру;

· ақыл-ой, сана-сезімін қалыптастыру;

· ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениетке тәрбиелеу;

· әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құру;

· түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу;

· белсенділікке, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

· отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымдылық, қамқорлық қасиеттерін бала бойына сіңіру;

· отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланылатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу;

· отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту.

№6 слайд. Отбасындағы тәрбие формасы:

· ұжымдық;

· жеке тұлғалық.

Ұжымдық тәрбиеге отбасы мүшелерінің қатысуымен атқарылатын іс-шаралар, ал жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуге балалардың жеке жауапкершілігімен орындалатын істері жатады.

№7 слайд. Отбасында қолданылатын тәрбие құралдары

Ата-ананың, үлкен-кішілердің, тарихи тұлғалардың, айналасын-дағылардың өнеге-үлгісі, көркем сөз туындылары, музыка, бейнелеу өнері, табиғат, қоғамдық өмірдегі, спорттағы және шығармашылық жетістіктер, т.б.

Отбасында балалардың және ата-аналардың өмiрлiк iс-әрекетiн ұйымдастыру

Мектеп мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқушылармен және оның ата-аналарымен педагогикалық дәріс, ғылыми-практикалық конференция, ата-аналар жиналысын, т.б. жұмыс түрлерін жүргізеді.

Педагогикалық дәрістің мақсаты — ата-аналардың назарын бүгінгі отбасы мәселелеріне аудару. Мұндай дәрістер ата-аналарға тәрбие теориясынан жүйелі білім береді.

Балалармен жаппай педагогикалық оқуды 1 2-сыныптардан бастаған жөн. Оның себебі мектептегі оқу қызметімен қару-ландырудың негіздері осы кезеңде басталады. Оны мектеп директоры, оқу және тәрбие ісін меңгерушілер, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар жүргізеді. Мектептегі параллель сыныптарды біріктіріп өткізуге болады.

Көптеген мектептерде Педагогикалық білім университеттері ата-аналармен күрделі жұмыс формаларын ұйымдастырады. Тәрбие теориясынан дәрістер оқылып, семинар сабақтар жүргізіледі. Осы жұмыстың кейде өз деңгейінде жүргізілмейтін кемшілігі болады.

Ата-аналарды мектеп өмірінің түрлі қырын түсіну үшін бала тәрбиесі жөніндегі жылдық қорытынды конференцияларға қатыстыру ұйымдастырылады. Онда отбасында шешімін таппай келе жатқан мәселелер қаралады. Ең маңызды тақырыптың бірі отбасында баланы еңбекке тәрбиелеу, т.б.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 2940; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.