Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Герберт Нойнер




Оқытудың әдіс-тәсілдері жөнінде түсінік

Мектептегі оқыту әдісі дидактиканың негізгі құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі, оның мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері ұйымдастыру формасының біртұтастығы болып табылады. Ендеше, оқыту әдісін оқушылардың ой санасына, дербестік белсенділігіне, таным қызметіне мұғалімнің басшылық ету тәсілі деп түсіну керек.

Әдіс («методос» деген грек сөзінен шыққан, зерттеу немесе таным жолы), яғни тәсілдер жиынтығы. «Метод» деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. «Әдіс» педагогикалық әдебиеттерде «тәсіл» деп түсіндіріледі. Мәселен, Швейцария энциклопедиясында «әдіс» ұғымы «тәсіл» деп түсіндіріледі.

Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді. Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздікте «әдіс — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет» деген анықтама берілсе, педагогикалық энциклопедияда «Оқыту әдістері» — мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды» деп көрсетілген.

Оқыту әдісі —оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары деген де пікір айтылады.

Оқыту әдістері — оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, соның нәтижесінде білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері — мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.

Оқыту әдістері — мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту әдістері —мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

Жоғарыдағы «Әдіске» қатысты анықтамалардың бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет».

Олай болса оқыту әдістері — оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекет тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Демек, философиялық тұрғыдан әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері болып саналады.

№2 слайд

Оқыту әдісіоқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының амал-тәсілдері.

Оқыту әдістеріоқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, яғни білім, іскерлік, дағдысы қалыптасып, дүниетанымы мен қабілеті артады.

Оқыту әдістерімұғалім мен оқушылардың бірлесекен іс-әрекеті.

Оқыту әдістерімұғалім мен оқушылардың өзара іс-әрекетінің барысында білім алу жағдайы.

Оқыту әдістерімұғалім мен оқушылардың өзара іс- әрекетінің барысында білімі мен тәрбиесін және танымын жетілдіру.

Оқыту әдістерінің мәні мен оның педагогикалық үрдістегі орны

Сонымен, оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік беріп, яғни оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруіне ықпал жасайды.

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, себебі оқытуда ең бастысы — оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер:

· оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді;

· оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады;

· оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды;

· идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Міне, осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.

Қазіргі таңда педагогикалық үрдістегі оқыту әдісі — мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, жаңа педагогикалық технологияны оқыту процесінде тиімді ұйымдастыра білуіне, мұғалімнің өз кәсібіне деген құрметіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік, педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Оқушылардың танымдық қабілеттері мен ақыл-ой өрісін дамытуға әсерін тигізетін жаңа әдіс-тәсілдерді одан әрі жетілдіріп, жаңаларын жасаудың қажеттілігі пайда болды. Осы тұрғыдан алғанда «оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөлімдері) болып табылады. Мысалы:

· егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді көрнекі көрсетсе, онда көрнекі көрсету әдістемелік тәсілге жатады;

· оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді көрнекі көрсету әдіске, ал баяндау тәсілге жатады;

· зертханалық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс ретінде қолданылады;

· егер оқушылар зертханалық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.

Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Сол себепті, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.

Олай болса, оқыту әдістері — оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы ретте мұғалім, оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

№3 слайд

Бұл ережелер:

· оқыту әдістері ең нақты фактілерді білуді және меңгеруді қамтамасыз етеді;

· оқыту әдістері практикалық іс-әрекет пен теориялық білімді жақындастырады;

· оқыту әдістері шындықты тани білуге бейімдейді;

· идея нақты өмір мәліметтерінен алынып, пайдаланылады.

Міне, осы ережелердің бәрі оқушылардың өмірлік көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының, бәсекеге қабілеттілігінің негізі болады.

Оқыту құралдары

Құрал дидактикада дербес терминологиялық мәні бар сөз. Мәселен, дидактикада қолданылатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері (оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар болып бөлінеді).

1. Оқу кітаптары — оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анық-тамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.

2. Көрнекі құралдар — кестелер, сызбалар, суреттер, фото-суреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар т.б.

3. Техникалық құралдар — үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.

Оқыту құралдары — оқу хабарларының оқу құралдары мен басқа көздері деп түсіндіріліп жүр, мұның көмегімен мұғалім оқытады, ал оқушы оқиды.

№4 слайд

Оқыту құралдары:

1. Оқу кітаптары, танымдық оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы және т.б.

2. Көрнекі құралдаркестелер, диаграммалар, сызбалар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар және т.б.

3. Техникалық құралдарүнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер, инерактивті тақта және т.б.

 

СОӨЖ тақырыбы: Оқыту әдістерінің педагогикалық үрдістегі орны мен оқыту құралдарына сипаттама

Жоспар:

1. Оқытудың әдіс-тәсілдері жөнінде түсінік.

2. Оқыту әдістерінің мәні мен оның педагогикалық үрдістегі орны.

3. Оқыту құралдары.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Әдіс, оқытудың тәсілі.

2. Әдістерге жіктеме.

3. Оқыту әдістерінің мәні және оның педагогикалық үрдістегі орны.

4. Оқыту әдістерінің мазмұнын сипаттау.

5. Оқыту әдістерін мұғалімнің тиімді таңдауы.

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. Мұғалімнің сабақта оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда оқыту әдістерін таңдауын жазбаша түрде дәлелдеңіз.

2. Мұғалімнің күнделікті оқу жұмысында ұтымды әдістерді пайдалануын негіздеңіз.

3. Оқыту әдістеріне жіктеме бергенде әртүрлі салыстырма баға беріңіз.

4. Шетелдердегі орта мектепте қолданылатын әдістердің сызбасын келтіріңіз.

5. Нақты бір тақырыпта оқыту әдісіне мысал келтіріңіз.

6. Оқушылардың танымдық мүмкіндігіне қарай бейнематериал арқылы мұғалімнің шығармашылық ізденімпаздығының ерекшелігін көрсетіңіз.

Реферат тақырыптары

1. Оқыту әдістерін іріктеу мұғалімнің педагогикалық шеберлігімен негізделеді.

2. Дарынды балаларды оқыту проблемасы.

3. Үлгермеушіліктің жолын болдырмау.

4. Тәрбиесі нашар балалардың диагностикасы.

5. Оқушыларды сабақта артта қалдырмаудың психологиялық-педагогикалық бағыттары.

6. Сабақта мұғалімнің оқыту іс-әрекеті және оқушылардың белсенді танымдық жұмысы.

7. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарына педагогикалық басшылық.

Әдебиеттер

1. Подласый И. П. Педагогика. М, 1996.

2. Дидактика средней школы /Под. ред. М. Н. Скаткина. М.,1982.

3. Кириллова Г.Д. Методы обучения в современной школе. М.,1985.

4. Лернер И. Я. Дидактические основы методов обучения. М.,1981.

5. Ш. К. Беркімбаева., А. Қ. Құсайынов және т.б. Педагогика. Қазақша түсіндірме терминологиялық сөздік. Алматы, 2007.

6. Новые методы и средства обучения: Сб научных трудов.

 

 

Оқытудың интерактивті әдістері

п.ғ.к., д.м/а Б. А.Қиясова

 

№1 слайд.

Дәрістің мақсаты: оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру проблемалары мен оқытудағы интерактивті әдістердің тиімділігі туралы білім беру.

Дәрістің міндеттері:

· оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру проблемаларына талдау жасау;

· оқытудың белсенділігі туралы түсінік қалыптастыру;

· оқытудағы интерактивті әдістердің тиімділігіне сипаттама.

Жоспар:

1. Оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру проблемалары.

2. Оқытудың белсенділігі туралы түсінік.

3. Оқытудағы интерактивті әдістердің тиімділігі.

Негізгі ұғымдар: белсенді оқыту, интерактивті әдістер, қызығушылық, шығармашылық, таным.

Көрнекіліктер: № 1—№3 слайдтар.

Оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру — психология, педагогика ғылымы саласындағы, сондай-ақ білімдендіру практикасындағы өзекті мәселенің бірі. Педагогтер оқушылардың білім алуға деген селқостығын, оқуға құлықсыздығын, білуге деген қызығушылығы мен құмарлығының мәз еместігін байқап, оны болдырмас үшін оқытудың тиімді түрлерін ізденіп, түрлі модельдер жасап, оқытудың жаңа амал-тәсілдерін қоймастан іздестіруде. Осы орайдан оқушылардың атқаратын жұмысына деген бақылауды да күшейтіп, берілген ақпараттық мағлұматты қаншалық меңгергендігіне байланысты интенсификациялауда оқытудың техникалық құралдарын, компьютерлік жүйені де, түрлі психологиялық тәсілдерді де кеңінен қолдануда.

Оқытуға қойылатын мақсатқа жетудегі басты фактор тұлғаның белсенділігін арттыру проблемасына байланысты. Былайша айтқанда, тұлғаның жалпы дамуы, кәсібилікке әзірлік деңгейі, ақыл-ой жұмысына бейімділігі, оқыту принциптеріне байланысты білімнің мазмұнын, формасын, әдістерін менгерумен, сондай-ақ оқытудың стратегиялық бағдарына үйлесімділігін арттырып, олардың белсенділігін дамытып, берілетін ақпараттың көлемін молайтумен қатар оған бақылауды жетілдіруді назарда ұстаумен де шарттас.

Ал игерілуге тиісті ілімнің мәнін көтеруде дидактикалық, психологиялық ахуалды дұрыс пайдалану және тұлғаның дербестік деңгейін жетілдіру — бір-бірімен байланысып жатқан мәселе.

Тұлғаның оқудағы белсенділік деңгейінің өрістеуінде оның логикалық дамуы да ескерілуі тиіс. Сондай-ақ тұлғаның жеке басының өзіне ғана тән ерекшеліктерімен қатар оқуға деген ынтасы, мотиві айтарлықтай мәнге ие болады.

Оқытудың дәстүрлі логикасындағы негізгі кезеңдеріне мән берсек, оқушыға олар білуге тиісті материал таныстырылады, ал олар қабылдап, мәнін ұғынып, ойлауымен қатар, көңілінде бекіту әрекеттері жалпы тәртіпке саналатыны белгілі. Әдеттегі практикалық іс-әрекетте оқушының белсенділігін көтеру 3 деңгейде қарастырылады.

№2 слайд. Іс-әрекетте оқушының белсенділігін көтеру деңгейлері

Қабылдау белсенділігіоқушының ұғынудағы талпынысын сипаттайды және білімді қабылдауы, еске сақтауы, меңгеру тәсілдерін біліп, үлгіні тұтына алу тұрғысынан қарастырылады.

Интерпретациялық белсенділікшәкірттің оқылған материалдың мәнін ұғынып, ондағы білімдік түсінікті өзгерген жағдайға үйлесімді пайдалануымен және сол тәсілді жаңғыртып қолдана алуы тұрғысынан ескеріледі.

Шығармашылық белсенділікоқушының білімді теориялық жағынан ұғынуға ұмтылып, проблеманы шешуде өзіндік ізденіс танытып, танымдық қызығушылығын жетілдіріп өркендетеді.

Көрсетіліп отырған проблемаға жасалған теориялық талдаулар мен алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер дәлелдеген деректерге сүйенгенде шәкірттердің белсенділігі педагогикалық, психологиялық жағдайға тәуелді екені айқын мәселе. Сонымен қатар оқытудағы белсенділік тұлғаның ұстанған тәсіліне, өзін субъект ретінде көрсете алмауымен қатар, өзіндік «мендік» әрекетіне де байланысты. Осының бәрін сараптай келгенде тоғысар арнасы тұлғаның оқудағы белсенділігінен бастау алып өркен жаяды.

Қазіргі кезеңдегі жаңа оқыту әдістерінің бірі — интерактивті оқыту, оқушының оқу-танымдық қызмет тәсілдерін белсенді игеруін, жеке тұлғаның қабілетін дамытуды және олардың танымдық мүмкіндіктерін ашып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Зерттеушілердің дәлелі бойынша, танымдық қызметті дамыту үшін оның формасы мен өзара іс-әрекетін ұйымдастыру қажет.

Танымдық қызметтің формасы мен өзара іс-әрекет түрі неғұрлым көп болса, әр оқушыға таңдау еркіндігі берілсе, соғұрлым оның жеке-дара қабілеттерін дамытуға болады (Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике. Рига, 1995.).

Интерактивті қызмет — пікірлестік қарым-қатынасты ұйымдас-тыруды және оны дамытуды қажет етеді. Сөйтіп, әр оқушы үшін маңызды міндеттерді өзара түсіністікпен шешіп, ортақ шешім қабылдауға үйретеді.

Оқу-танымдық процестегі оқушылардың өзара қызметінде, оқу материалын игеруде, әрқайсысы өзіндік пікір қосып, пікір алмасып, түрлі іс-әрекет тәсілдерін игереді. Осының бәрі өзара тілектестік, бірін-бірі қолдау атмосферасында жүретіндіктен, олар жаңа түсінікті қабылдап, танымдық қызметін дамытып, өзара ынтымақтастықтың жоғары формасын қалыптастырады.

Интерактивті әдіс барлық оқушылардың пікірін бірдей ескереді, онда айтылған барлық пікір маңызды болып саналады.

Сабақта дара, жұптық, топтық, зерттеу жобасын ұсыну, рөлдік ойындар, әртүрлі ақпаратпен танысу, шығармашылық жұмыстар қолданылады (Кларин М.В. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках. М., 1994.). Топтық жұмыстар-дың Саsе-study, проблемалық ситуация, ситуацияны бағалау түрлері т.б. жүргізіледі.

№3 слайд. Интерактивті әдістер бойынша жүргізілетін топтық жұмыс түрлері

Нақты ситуацияны талдау (Са sе-study)

Нақты ситуацияны талдауоқушының іс-әрекеттегі белсенділігін ұйымдастыруда мәні зор тиімді әдіс. Өмір мен өндірістегі міндеттерден туындайтын нақты ситуацияны талдай алудың әдістерін игерутұлғаның қабілетін дамытатын жол. Тұлға нақты ситуацияға кезіккенде алдымен мына мәселені айқындап алуы керек: осындай проблема бар ма, ол неліктен туып отыр және оған өзінің қарым-қатынасын белгілеуі қажет.

Қазіргі зерттеушілер ситуацияны мәні мен түріне қарай былай топтастырып жүр: проблемалық ситуация, ситуацияны бағалау, иллюстрациялық ситуация, жаттығу ситуациясы т.б. Осының кейбіреулеріне тоқталайық.

Проблемалық ситуациянақты өмірден жинақталған деректердегі шиеленіс. Әбден матаса шиеленіскен мәселені шешуге талаптанған адам оған бейне бір актерше қарап, ситуацияны шешудің өзіндік жолын ұсынады немесе мұны шешу мүмкін емес деген пайымдау жасайды.

Ситуацияны бағалауоқиғаға байланысты мәселе талданып, ситуациядан шығудың жолы шешіліп қойған. Осыған дейінгі қабылданған шешімге жан-жақты мән беріп, сын көзбен қарай отырып баға беріледі. Болған оқиғаға байланысты айғақтарды талдап, дәлелдеп қорытынды жасайды. Тыңдаушылар мәселеге араласпай, тек сырттай бақылаушы дәрежесінде қала береді.

Иллюстрациялық ситуациятиісті тақырыпқа байланысты күрделі мәселені шешу үшін оқытушы тапсырған тапсырма бойынша жүргізіледі де, тиісті тұжырымдама бойынша жасалады. Әрине, мұнда өзінше пайымдама шығаруға мүмкіндік аздау болады. Өйткені келтіріліп отырған мысал, дерек жөніндегі ситуацияға баға беріліп, айқындалып қойғандықтан оны басқаша шешудің қажеті де бола бермейді.

Бiлiм берудiң қазiргi заманға сай әдiстемелерiн талдайтын болсақ, олардың бәрiн, қазiргi қоғамның аса маңызды қажеттiлiктерiне жауап беретiн, өсiп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесi идеясы бiрiктiрiп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрi оқушыны танымдық іс-әрекеттiң және өзiндiк дамудың субъектiсi ретiнде қалыптастыра алады. Өзiнiң себеп-сылтауларымен, ынтасымен, қажеттiлiктерi мақсат-мүдделерiмен, жан-жақты негiздi бiлiмдарлыққа деген талпынысы мүмкiндiктерiмен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға қазiргi дидактиканың орталығына айналады. Оқу мақсаты — адамның бiлiм қазынасын көбейту ғана емес, тiптен адам өзiнiң аман-есен өмір сүруі үшiн сол бiлiмдi пайдалана алуы да емес. Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшiн оқыту керек. Ондай жеке тұлға үшiн ғылым, бiлiм, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендiрiп, өмiр мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады. Ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту, оқушыны — бiздiң шәкiртiмiздi ақиқатқа жету тәсiлдерiмен, құнды бiлiктермен қаруландыру, iс-әрекетi мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзiнiң өнегелiлiк қатынасын бiлдiре алу оқушыға бiлiм беру, дамыту және тәрбиелеу бiр арнаға бағытталып жатқан қазiргi заманғы оқыту процесiнiң мәнi, мiне, осында. Ең бастысы, қазiргi қоғамға өз пiкiрiне берiк, жаңа қоғамдық қатынасты дамытушы керек. Идеялық-өнегелiлiк қоғамдық бағыттылық оның ниетiн, ынтасын, өмiрлiк жоспарын белгілеуі керек. Оқытудың әлеуметтiк мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары

  1. Интерактивті оқыту әдісі дегеніміз не?
  2. Интерактивті әдістердің қандай түрлерін білесіз?
  3. Тұлғаның белсенділігі ұғымын қалай түсінесіз?
  4. Интерактиті әдістердің жағымсыз жақтары бар ма?

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

  1. «Белсенді оқыту», «интерактивті әдістер», «қызығушылық», «шығармашылық» деген ұғымдарға анықтама беріңіз.
  2. Интерактивті оқыту түрлерін анықтап, оларға педагогикалық, психологиялық талдау жасаңыз.

Реферат тақырыптары

1. Интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігі.

  1. Интерактивті оқыту түрлері.
  2. Интерактивті оқыту әдістерінің Қазақстанда даму жағдайы.

Әдебиеттер

1. Үстеміров, Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. – А., 2006.

2. Кусаинов Г. М. Новая педагогическая технология: методология теория и практика. Усть-Каменогорск, 1997.

3. Мировые образовательные технологическое новые тенденции, проблемы адаптации и эффективность // Материалы респуб. науч. метод. конфер. 25 – 26 апреля; Алматы, 1997.

4. Педагогическая технология / Сост. Н. Е. Щуркова, М., 1992.

5. Педагогические технологии: что такое и как использовать в школе. Под ред. Т. И. Искаковой, П. И. Третьякова. М.; Тюмень, 1994.

 

 

Педагогикалық бақылау және мектеп оқушыларының

іс-әрекеттері нәтижелерінің есебі

п. ғ. к., доцент С. Ғ. Тәжібаева

Дәрістің мақсаты: оқытудағы диагностика мен бақылау жасау, бақылау, бағалау.

Дәрістің міндеттері:

  • оқыту сапасына диагностика жасау;
  • бақылау түрлері, формалары мен әдістері;
  • оқу әдісінің нәтижелерін бағалау және есептеу;
  • тест жүргізу педагогикалық бақылау әдісі ретінде.

Жоспар:

  1. Оқыту сапасына диагностика жасау.
  2. Бақылау түрлері, формалары мен әдістері.
  3. Оқу әдісінің нәтижелерін бағалау және есептеу.
  4. Бағалау қателіктері.
  5. Тест жүргізу педагогикалық бақылау әдісі ретінде.

Негізгі ұғымдар: диагностика, педагогикалық бақылау, тексеру, бағалау, есеп, баға, өзін-өзі бағалау, тексеру әдістері.

Көрнекіліктер: №1 — №3 слайдтар.

Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту технологиясы, пікірталас, ой-толғау.

Оқыту сапасына диагностика жасау

Білім беру үрдісінің ажырамас бөлігі диагностика болып табылады, оның көмегімен алға қойған мақсаттарға жету анықталады. Диагностикасыз дидактикалық үрдісті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика дидактикалық үрдіс нәтижелерін нақты анықтау болып табылады.

«Диагностика» түсінігінде оқушылардың «білімін, икемділігін және дағдыларын тексеру» түсінігіне қарағанда көбірек мағына бар. Соңғысы нәтижелердің қайдан шыққанын түсіндірмей, тек қана анықтайды.

Диагностика бақылауды, тексеруді, бағалауды (баға), статистикалық мәліметтердің жинақталуын, олардың сарабын, динамика, тенденция, дидактикалық үрдісті болжауды анықтауды қосып алады.

Диагностикалаудың маңызды компоненті бақылау болып табылады. Бақылау — білімді, икемділік пен дағдыны игеру үрдісін қадағалау үрдісі. Бақылаудың құрама бөлігі — тексеру.

Тексеру — білімді, икемділік пен дағдыны игеруді бақылауға арналған әрекеттер мен операциялар жүйесі.

Өз мәні бойынша бақылау кері байланысты орнатуды қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу әрекеті нәтижелері бойынша мәліметтер алу. Оқытушы оқушы қандай, қай көлемде білімді игергенін, оның жаңа ақпаратты қабылдауға дайындығын анықтайды. Сонымен қатар ол оқушының өзіндік оқу әрекетінің сипаты туралы мәлімет алады. Бақылау сонымен бірге оқытушыға өзінің жұмысы қаншалықты жемісті болғанын, педагогикалық үрдіс қабілеттерін оқыту мақсатында ойдағыдай қолдана білгендігін де көрсетеді.

№1 слайд. Бақылау түрлері, формалары мен әдістер

Оқыту үрдісінде бақылауға қойылатын педагогикалық талаптар:

1) бақылаудың жеке сипаты. Бақылау, әр оқушының жұмысы оның жеке тұлғалық әрекетімен жасалуы тиіс. Жеке оқушылардың оқу нәтижелерін ұжым жұмысының қорытындылары мен керісінше ауыстыруға жол берілмеуі тиіс;

2) жүйелік оқыту үрдісінің барлық сатыларында бақылаудың жүйелілігі;

3) бақылау өткізудің алуантүрлілігі, ол бақылаудың оқыту, дамыту және тәрбиелеу қызметін қамтамасыз ете түседі;

4) бақылаудың жан-жақтылығы. Бақылау оқушылардың теориялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдысын тексеру мүмкіндігін туғызуы тиіс;

5) бақылау объектілігі. Бақылау субъективті қате пікірлер мен дағдыларға жол бермеуі тиіс;

6) саралану тұрғысы. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерімен есептесу керек;

7) оқытушылар жағынан талаптардың біртұтастылығы.

Оқу әдісінің нәтижелерін бағалау және есептеу

Оқушылардың оқу-танымдық әрекеті оның бағасында көрінеді.

Бағалау — бұл білім, икемділік пен дағдыларды игеру дәрежесін анықтау. Бағалаудың сандық көрінісі баға болып табылады. Қазіргі кезге дейін педагогикалық практика ғана емес, дидактикалықта, әдістемелікте, әдебиетте «бағалау» мен «баға» терминдері синоним деп қабылданады. Жиі бағалау дегенді ойлап тұрып, баға дейді (баға қою, баға жүйесі т.б.). Бірақ «бағалау» мен «баға» — түсініктері жақын болғанымен бірдей емес.

Бағалау — бұл оқушылардың білімін, икемділігі мен дағдыла-рының сан және ұпай түрінде шартты сандық көрінісі. Мысалы, ол ауызша құптау немесе құптамау, алғыс білдіру, мақтау қағаздарымен және медальдармен марапаттау т.б. болып табылады.

Білім сапасын біртұтас тұрғыдан қарастырғанда объективті бағаның үлкен мәні бар. Бұл жай мәселе емес, әсіресе білім бағасы — оқушыға әсер ететін өткір құрал екенін ескеретін болсақ, білімді жоғары бағалау оқушыны тек ынталандырып қоймай, жұмыста селқостыққа әкелуі мүмкін. Қанағаттанарлықсыз баға одан да күштірек әсер етеді: ол жұмысты нығайта да алады, оқуға деген ынтасын жоя да алады. Міне, сондықтан соңғы жылдары баспасөзде өткір пікірсайыстар жүріп келеді, олар «процентке құмарлық» деп аталатынымен, яғни бағаларды көтеру мен күрес формасында көрініс тапса, енді сыныптан-сыныпқа көшіру білім сапасына байланыссыз болуы керек деген ұсыныстар формасын қабылдады. Осыған байланысты білімді бағалау мәселесінің бізде өткен эволюциясы қызығушылық тудырады.

Оқушылар білімінің балдық баға жүйесі Ресейде 1917 ж. революцияға дейін болған. Білім бағасы нөлден беске дейін алты балдық жүйе бойынша іске асатын. Кейінірек нөлдік баға алынып тасталды, жүйе бес балдыққа айналды.

Мектеп тарихында оқыту нәтижелерін балл бойынша бағалау көзқарастары әртүрлі болды. 1917 ж. революциядан кейін бағалаусыз оқыту идеясы дамыды. Кеңестік еңбек мектебінің концепциясына сәйкес оқыту жұмысы оқушылар қызығушылығында құрылуы керек, өз бетімен жұмыс істеуге, ықыласқа, оқытудың шығармашылық сипатына бағытталуы тиіс делінді. Оқушыларды баға көмегімен тәрбиелеудің бұрынғы әдістері жарамсыз деп танылды. 1918 ж. тамызда РСФСР Наркомпростың «Бағалауды алып тастау туралы» Қаулысы қабылданды, онда мыналар белгіленді:

  1. Білім мен оқушылар тәртібін бағалау үшін балдық жүйені қолдану мектеп практикасының барлық жағдайында алынады.
  2. Сыныптан сыныпқа көшіру мен куәліктерді беру оқу жұмысын орындау туралы педагогикалық кеңестің сын-пікірі бойынша жасалады.

Емтихандардың барлық түрлеріне тыйым салынды: оқуға түсу, сыныптан сыныпқа көшіру және соңғы емтихандар. Сабақ үстінде оқушыларды жеке тексеру жойылды. Тек кейбір жағдайларда ғана сынақ сипаттағы жаппай ауызша тексерулер мен жазбаша жұмыстар алынды. Оқушылармен өткен тақырып бойынша кезеңдік сұхбаттар, олардың оқыған мақалалары мен кітаптары туралы мәлімдемелер ұсынылды. Оқушылардың жеке таңдауы бойынша өз бетімен орындалған жұмыстары туралы есептері қуана қарсы алынды. Дәстүрлі бақылау жүйесінің орнына өзін-өзі бақылау негізгі формаға айналды, жеке оқушы жетістіктері емес, тұтас мектеп ұжымының жетістіктері анықталды. Тестік тапсырмалар өзін-өзі бақылау формалары ретінде кеңінен тарала бастады.

Бағасыз оқытудың оң жақтары да болды, өйткені оқушылардың бір бөлігінде дербестікті дамытты. Бірақ көбінесе мұндай оқыту білім сапасының төмендеуіне, тәртіптің нашарлауына апарып соқты. Оқушылар мектепте және үйде жиі оқуды, сабаққа қатысуды қойды. Сондықтан алдымен стихиялы түрде бақылаудың түрлері енгізіле басталды, ал 1932 ж. жеке тұрғы негізінде әр оқушы білімін жүйелі есептеу принципі ресми түрде қайта орнатылды.

1935 ж. қыркүйекте бес бағасы енгізілді: «өте жақсы», «жақсы», «нашар», «өте нашар», олар 1943 ж. дейін болды. 1944 ж. қаңтарда сөзше бағаларды оқушылардың тәртібі мен үлгерімін бес сандық балдық жүйемен ауыстыру шешімі қабылданды. Соның соңынан шыққан Нұсқауда баға не үшін қойылатыны туралы сандық бес балдық жүйенің параметрлері орнатылды.

Білімді жиі есептеу өзін ақтап шықты, оқушылардың оқу дайындығы мен тәртібі көтеріле түсті.

Оқу әрекетінің нәтижелерін балл түрінде қалыптасқан бағалау жүйесі кемшіліктеріне қарамастан қазіргі күнге дейін лайықты алмасуын тапқан жоқ. Бірақ кейбір педагогтар, ғалымдар білім дәрежесін бағалау жүйесіне қарсы шығып жүр. Олардың негізгі дәйектері:

1) білім, негізінен, үш балдық шкала бойынша бағаланды («1», «2» бағалары білмегенді белгілейді);

2) білім бағасының анықталмағандығы («5», «4», «3» бағалары гимназиялық сыныптарда да, дарынды балалар сыныбында да, жалпы білім беру мектептерінде де, түзету-дамытушы оқыту сыныптарында да қойылады, сондықтан олар теңдес емес);

3) оқушы білімін бағалау үшін үш балдық шкала жеткіліксіз (сондықтан мұғалімдер суррогатты шкала қолданады: балдарға «плюс», «минустерді» қосады).

Ғалымдар жаңа бағалау шкалаларын ұсынады: он балдық, он екі балдық, жүз балдық т.б.

№2 слайд. Бағалаудың қателіктері

Мектепте және жоғары оқу орнында негізгі типтік субъективті бағалу қателіктеріне:

1) ақкөңілдік, аямпаздық. Бағаны көтеруде көрініс табады. Оқушылар білімін бағалауда ақкөңілдіктің шеткі формасы процентомания пайда болды, қазір мектептерде ол жойылуда;

2) сүйкімділік пен сүйкімсіздікті оқушыдан бағаға (бағалауға) ауыстыру;

3) көңіл күйге байланысты баға;

4) қатаң өлшемдердің жоқтығы (нашар жауаптар үшін мұғалім жоғары баға қоюы мүмкін немесе керісінше);

5) орталық тенденция (шеткі бағаларды қоюдан қашу мақсатында мысалы, екі немесе бес қоймауда көрініс табады);

6) жүйенің тұрақсыздығы (оқытушы көп уақыт сұрамайды немесе барлық сабақ бойы сұрақ қояды);

7) алдында қойылған бағаға жақындығы (мысалы, алдыңғы емтиханда басқа мұғалімнің бағасы, әлде мұғалімге екіден кейін бес қою қиындыққа соғады);

8) ореол қателіктері (мұғалімнің оқушыларға жақсы немесе теріс қатынасында көрінеді);

9) тәртіп үшін бағаны оқу пәні бойынша бағаға алмастыру;

10) бағаны көтеру немесе төмендету т.б. жатады.

Бірақ әдейі көтерілген немесе төмендетілген баға артында әртүрлі мән болуы мүмкін. Мысалы, нашар оқушыға жақсы баға қою оның оқу жетістіктерінде психологиялық демеу ретінде қабылдануы мүмкін. Сондықтан субъектілі бағалау пікірлерінің бәрі қате ретінде қарастырылмайды.

Тест жүргізу педагогикалық бақылау әдісі ретінде

Оқытудың сәттілігінің диагностикасы үшін әртүрлі авторлар оқудағы жетістіктер тестілері, дидактикалық тестілер және тіпті мұғалім тестілері (бұл соңғы тестілер педагогтың кәсіпқойлық қасиеттерін анықтауға арналған тесттер де болуы мүмкін) деп аталатын арнайы әдістер жасап шығарды. А. Анастазидің айтуы бойынша, саны жағынан тестілердің бұл типі бірінші орын алады.

Әдебиетте жетістіктер тестілерінің мынадай анықтамалары кездеседі.

Тестілероқушыларға және студенттерге салыстырмалы қысқа уақытта студенттердің танымдық іс-әрекетінің нәтижелілігін бағалауға, яғни әрбір студенттің танымдық іс-әрекетінің нәтижелілігін бағалауға, әрбір студенттің оқыту мақсаттарына жету дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін мейлінше қысқа, стандартталған немесе стандартталмаған сынамалар, сынақтар.

Екіншіден, тестілер арасындағы айырмашылық олардың қолданылу мақсаттарымен анықталады. Жетістіктер тестілері нақты білімді игеру сәттілігін нақты бағдарламалардың, оқулықтардың, оқыту әдістерінің, жеке мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның және т.б. жұмыстарының ерекшеліктерінің тиімділігін анықтау мақсатымен бағалау үшін қолданылады, яғни бұл тестілердің көмегімен өткен тәжірибе, қандай да болмасын бір пәнді немесе олардың бөлімдерін игеру нәтижесі анықталады.

Бұнымен қатар жетістіктер тестілерінің белгілі деңгейде оқушылардың қандай да болмасын пәндегі алға жылжу қарқынын болжай алды. Өткені тест жасау сәтіндегі білімді игерудің жоғары немесе төмен деңгейі бұдан кейінгі оқыту процесіне әсер етпей қоймайды.

Жетістік тестілеріне енгізілген сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін нақты фактілерді, даталарды және т.б. білу қажет. Есте сақтау қабілеті жақсы, тырысып оқитын студент, жетістік тестісі тапсырмаларына оңай жауап бере алады.

Түйін

Мұғалім жұмысының нәтижесін бақылауда бәрінен де мына мәселеге жиі назар аудару қажет. Жаңа әдіс пен шеберлікті, техникалық құралды пайдалана білуі, іздену және зерттеу жұмысын жүргізе білу, ашық сабақ, түрлі жарыс пен мәжілістерде және басқа да шаралардың барысында өзінің біліктілігін, іскерлігін көрсету. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалауды сол сабақтың құрамында элементтерінің бірі болатындай етіп ұйымдастырғанда сынып журналында саны көп бағалар қағидасын жүзеге асыратын оқушылардың оқу іс-әрекетін басқару және жетекшілік ету.

Педагогикалық бақылау — педагогикадағы ғылыми танымның құрылысы, қалыбы және әдістері, қағидалары туралы оқу.

Тексеру — педагогикалық құбылыстарды зерттеуге және ғылыми-практикалық мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекет әдістері, тәсілдері және операциялары.

Бағалау — зерттелудегі объектілердің, құбылыстардың, процес-тердің ішкі маңызды байланыстарын сақтау негізінде құрылған педагогикалық зерттеу процедураларының ретті бірізділігі.

Есеп — әдістемелік білімдер және рефлексия негізі болып табылатын мұғалімнің ғылыми ойлауының ерекше мәдениеті (өз іс-әрекетін түсінуге тырысқан кәсіпқойдың өзін-өзі тануы).

Баға — мұғалімнің бағалаушылық пайымдауының нәтижесі, бағаның ұпайлық жүйедегі сандық көрінісі.

Өзін-өзі бағалау — оқушының өз күшін және мүмкіндіктерін бағалауы.

Тексеру әдістері — оқытудың сәттілігі жайлы мәліметтер алу мақсатымен оқыту процесінде кері байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың диагностикалық өзара әсерінің әдістері.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Бақылаудың негізгі қызметтерін сипаттаңыз.
  2. Бақылауға қандай педагогикалық талаптар қойылады?
  3. Ауызша және жазбаша сұраудың артықшылықтары мен кемшіліктері неде?
  4. Машиналық бақылаудың мүмкіндіктері қандай?
  5. Сіздің көзқарасыңыз бойынша баға шкаласының қайсының болашағы бар?

Реферат тақырыптары

  1. Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру.
  2. Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде өз білімін көтеруге даярлық қалыптастыру.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Жалпы орта білім. – Алматы, 2003.

2. Концепция развития системы образования Республики Казахстан. – Астана, 2003.

3. Педагогика. Дәріс курсы. Абай атындағы ОПУ, Алматы, «Нұрлы әлем», 2003, 368 б.

4. Аванесов В. Тесты: теория и методика их разработки// Управление школой.-1999.-№32.

5. Амонашвили Ш. А. Обучение. Оценка. Отметка.-М., 1980.

6. Базисный учебный план образовательных учебных заведений Росии// 1 сентября -2001.-28 авг.

7. Век Х. Оценки и отметки.-М., 1984.

8. Гершунский Б. С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы.-М., 1987.

9. Куписвеич Ч. Основы общей дидактики.-М., 1986.

10. Орлов А. А. Инновации в региональной системе образования// Тульская школа.-1994.-№2.

11. Педагогика/ Под ред. П.И. Пидкасистого.-М., 1998.

12. Подласый И. П. Педагогика.-М., 2000.

 

 

Оқушылардың танымдық iс-әрекеттерiн ұйымдастырудың педагогикалық негiздерi

аға оқытушы Г. А. Абилова

 

Дәрiстiң мақсаты: оқушылардың танымдық iс-әрекеттерiн ұйымдастырудың педагогикалық негiздерi

Дәрiстiң мiндеттерi:

  • Танымдық iс-әрекеттерді ұйымдастырудың педагогикалық негіздерінің қажеттілігі.
  • Танымдық iс-әрекеттер элементтеріне сипаттама.
  • Танымдық iс-әрекетiнің технологиясының маңыздылығы.

Жоспар:

  1. Танымдық iс-әрекеттерді ұйымдастырудың педагогикалық негіздері.
  2. Оқу белсендi топтарының жұмысы.
  3. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.

Негiзгi ұйымдар: дамыту, қарама-қайшылық, дамытудың қозғаушы күштерi, бiрiккен iс-әрекет, танымдық iс-әрекет, ынтымақтастық, жұптар, жұмыс, кеңес берушi, ассистент.

Көрнекiлiктер: №1 - №7 слайд.

Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту.

Танымдық iс-әрекеттерді ұйымдастырудың педагогикалық негіздері

Оқушылардың танымдық iс-әрекетi адамдық танымның әртүрлiлiгiмен және оқыту процесiнiң қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзiнiң жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалiмдер оқу процесiнде қарама-қайшылықтарды таза интуитивтi түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға бiлiмдi меңгерту барысындағы қиыншылық ретiнде қабылдайды. Белгiлi дидакт М. А. Данилов оқу процесiнде объективтi түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күшi болып табылатын жетекшi қарама-қайшылықты алғашқылардың бiрi болып анықтады. Бұл — оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық мiндеттерi мен бiлiм, бiлiк және ақыл-ой дамуының деңгейiнiң арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бiрге ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштiң қалыптасуының шешушi шарты болып, оқушының өзiнiң санасында iшкi сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретiнде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.

№ 1 слайд.

Танымдық іс-әрекеттегі қарама-қайшылықтар:

  • қоршаған ортаны танып-бiлуi;
  • өзiнiң тұлғалық мүмкіндіктерін iске асыруы.

Сондықтан мұғалiм оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергiлердi жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып, осы қарама-қайшылықтарды шешудiң сәйкес тәсiлдерiн айқындауда және оларды қолдана бiлуде жетекшi рөл атқарады.

Оқу-тәрбие процесiндегi негiзгi қарама-қайшылықтарды шешу, оқушыларды оқу-танымдық бiлiктерге үйрету арқылы қиыншылықтарды шешу, кедергiлердi жою үшiн оқушылар құрбылармен қарым-қатынас орнатуы, мұғалiмнiң оқушылармен, ал оқушылардың бiр-бiрiмен ынтымақтастықта болуы қажет. Сонымен бiрге оқушының өзiн-өзi бағалау және басқа да тұлғалық қасиеттерiнiң тиiмдi қалыптасуы үшiн өзара әрекеттестiк қажет. Осылайша iс-әрекет пен танымның субъектiсі болып табылатын тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттiгi, оқу процесiне қатысушылардың қарым-қатынасын, өзара әрекеттестiгi мен ынтымақтастығын ұйымдастыруды қажет етедi.

№ 2 слайд. Танымдық iс-әрекеттер:

  • әлеуметтiк тәжiрибенi игеру, өз мүмкiндiктерiн жүзеге асыру, өзiндiк танымдық қажеттiлiктерiн iске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжiрибе жинақтау;
  • бiрлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау бiлiктерiне ие болу; мұғалiм ұйымдастырған бiлiмдiк диалогтың барысындағы оқушылардың бiрiккен iс-әрекетi.

Оқушылардың танымдық iс-әрекеттерiнiң оқушылардың тұлғалық қасиеттерiн дамытуға жетелейтiн оқу процесiнiң қарама-қайшылықтарын шешу үшiн мүмкiндiктерi мол. Осы жөнiнде Т.Е.Конникованың және оның шәкiрттерiнiң мектептерде жүргiзiлген зерттеу жұмыстарының нәтижелерiнде көрiнiс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерiн дамытуға көмектесетiн ұжымдық танымдық iс-әрекеттердiң мол мүмкiндiктерiн көрсетiп бердi. Ұжымдық iс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертiлетiн материалдардың көлемi артып, оларды терең түсiнуiне мүмкiндiк жасалады. А. Синицкаяның зерттеулерi бойынша, жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн бiрiккен жұмыстардың сапасы жеке жүргiзiлетiн жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегiдей жеке жүргізiлетiн жұмыстар барысында оқу материалының 60 — 70%-i, ал оқушылардың өзара әрекеттесуi арқылы 89%-i меңгертiледi. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу iс-әрекетi өз бетiнше ойлауды дамыту үшiн барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л. А. Ростовецкая өзi жүргiзген эксперименттiк жұмыстарының нәтижесiнде жасаған. Зерттеушiлер ұжымдық оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастырудың мүмкiндiктерiн iске асырудың жоғары сатысы бiрiн-бiрi оқыту екендiгiн айқындады, өйткенi ол оқушыларға оқу барысында белсендiлiк және iзденiмпаздық танытуға мүмкiндiк туғызады.

Танымдық iс-әрекеттер белгiлi бiр дәрежеде оқу материалдарын меңгеруi, оқу барысындағы “осал жерлер” жөнiнде оқушыдан керi ақпараттарды жедел алу сияқты өзектi дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкiндiк жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерiн өз мәнiнде дамыту үшiн маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетiспеушiлiгiн азайтады.

№ 3 слайд. Iс-әрекеттердiң белгiлерi:

  • бiрыңғай мақсаттың, жалпы мотивтiң болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшiн ұжым мүшелерiнiң барлығының күшiнiң бiрiктiрiлуiнiң қажеттiгiн түсiнуi;
  • ұжымның әрбiр мүшесiнiң бiлiмдi, бiлiктi және дағдыларды меңгеруiн қамтамасыз ететiн жұмыстар мен қызметтердiң оқушыларға тиiмдi бөлiнiп берiлуi;
  • iс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершiлiктiң және тәуелдiлiктiң пайда болуы;
  • бiрiгiп жұмыс iстеу барысында оқушылардың iс-әрекеттерiн басқарудың оқушылардың ұжым мүшелерiнiң өздерiнiң де кей жағдайда бақылау жасауының қажеттiгi;
  • бiрыңғай кеңiстiктiң болуы және ұжымның барлық мүшелерiнiң жеке iс-әрекеттерiнiң бiр уақытта жүзеге асырылуы;
  • жалпы нәтижелердiң болуы.

Алайда күнделiктi тәжiрибеде ұжымдық танымдық iс-әрекеттердiң барлық белгiлерi әрқашанда бiрден көрiнiс табуы мүмкiн емес. Ұжымдық жұмыс ұжымдықтың әртүрлi дәрежесiне ие болады, яғни жұмыс барысына қатысушылардың арасындағы қарым-қатынастың өзiндiк сипаты мен әралуандығы байқалады.

Оқу белсендi топтарының жұмысы

Танымдық iс-әрекет сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерiнiң жүйесiнде болуы қажет. Ұжымдық танымдық iс-әрекет оқушының белсендiлiгiн талап етедi. Оқушылардың басым көпшiлiгi белсендiлiк танытуы үшiн танымдық iс-әрекет барысында қалыптасатын белсендi оқу әрекеттерiне сүйену қажет.

Белсендi топтар жұмысын ассистенттердiң, кеңесшiлердiң еңбегін ғылыми ұйымдастырудан бастау керек. Белсенді топ мүшелерiн таңдау оқу ұжымының, мұғалiмнiң қалауы бойынша жүргiзiледi. Сонымен бiрге оқу белсендi тобының қызметiн оқу iсiнiң меңгерушiсi басқарады және ол беделдi, өзiндiк маңызы бар топ болуы керек, оның жүргiзген жұмыстарының барысы семинарларда, мектептiк қорытынды конференцияларда тыңдалып отыруы қажет.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру

Ұжымдық танымдық iс-әрекеттердiң әртүрлi формалары мен түрлерi жүйесiнде топтық жұмыс және оның әртүрлiлiгi маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзiнiң барлық белгiлерi көрiнiс табатын оқу ынтымақтастығының өте оңды моделi болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиiмдiлiгi бойынша зерттеулер әртүрлi бағытта жүргiзiлуде. Психологтар тұлғаның жетiлуi үшiн топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетедi.

№ 4 слайд. Топтық жұмыстардың атқаратын рөлi:

  • топтық жұмыс оқыту процесiн байыта түседi;
  • оқу жұмыстарын даралауға жол ашады;
  • қабiлеттерiн шығармашылықты түрде көрсетуiне жағдай жасайды;
  • проблемалық оқытуда, тұлғаны когнитивтi



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1951; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.