Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырмалар




1-тапсырма — бір отбасын зерттеп, нәтижесіне талдау жасаңыз.

2-тапсырма — оқушылар арасында қарым-қатынасты диагнос-тикалау жұмыстарын ұйымдастырып нәтижесін көрсетіңіз.

3-тапсырма — жеке оқушыны зерттеп, нәтижесін талдаңыз.

4-тапсырма — ұжымды зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер

  1. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1993.
  2. Диагностика современной школы: Пособие для учителей /Под ред. В. А. Онищука. Киев, 1987.
  3. Изучение личности школьника учителем /Под ред.

З. И. Васильевой и др. М. 1991.

  1. Педагогическая диагностика в школе /под ред. Кочетова Минск., 1987.
  2. Ингенкамп К. Педагогическая диагностика. - М., 1991.
  3. Битинас Б. П. и др. Педагогическая диагностика: сущность, функции, перспективы //Педагогика, 1993 №2.
  4. Психолого-педагогическая диагностика /под ред.

И. Ю. Левченко и др. М., 2006.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқару қызметі

Оқытушы Қ. Ж. Утеева

№1 слайд

Дәрістің мақсаты: қазіргі заманғы мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы басқару әдісінің теориялық негізін айқындау.

№2 слайд

Дәрістің міндеттері:

  • «Мектепті басқару мен басшылық ету» ұғымының мәнін ашу.
  • Басшылар мәдениетіне сипаттама беру.
  • Басқару қызметтерін сипаттау.

№3 слайд

Жоспары:

1. «Мектепті басқару мен басшылық ету» ұғымының мәні және оның негізгі принциптері.

2. Мектеп басшылығының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқарудағы басшылар мәдениеті.

3. Басқаруды ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.

№4 слайд

Негізгі ұғымдар: басқару, мектеп жұмысын басқару, педагогикалық басқару, білім беруді басқару, кәсіби-педагогикалық мәдениет.

№5 слайд

Басқа пәндермен байланысы: философия, психология, этнопедагогика, педагогика тарихы, әлеуметтану, мәдениеттану.

Көрнекіліктер. №1— №7 слайдтар, мультимедиалық проектор, интерактивті тақта.

Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту, ұжымдық технология, ойтүрткі сауалдар, т.б. қолданылады.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқару қызметі барлық басқару қызметтерінің өзара үйлесімді байланысы жоспарлауға негізделеді.

№ 6 слайд. Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз — іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.

Басқару еңбегі нәтижесінде іс-әрекет жағдайына талдау жасау, жоспарлау, іс-әрекетті ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау мен реттеу сияқты қызметтер бар. Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару әрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Ол үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуге міндетті.

№7 слайд

· мектеп түрі мен мақсаты;

· ақпараттық жабдықталуы;

· мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдай-лар (анықталған қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін);

· оқу жоспарының мектептік баламасы;

· оқу жүйесі (жеке-дара, сынып-сабақтық, дәріс-тәжірибелік, оқушыларға арналған циклді-ағымдық және т.б.);

· оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібі (күндік, апталық, түске дейін, не күннің екінші жартысында);

· Мектептің белгіленген мақсаттарға жетудегі басты шарттары

(мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық).

Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директор, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары) оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады.

К. Я. Вазинаның пікірінше: «Басқару нақты бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі». Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтік басқарудан, өзінің объектілерінен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру бөлімшелері, т.б) тұрады. Басқару субьектісінің қызметтер жиынтығын басшылық дейді.

«Педагогикалық басқару» ұғымы «білім беруді басқару» ұғымынан кең, өйткені ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (отбасы, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесінің мекемелері, т.б.) қызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез келген «адам адам» жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негізгі түріне бағынады. Әдетте, білім беру жүйесіндегі басқару туралы, көбінесе, облыстық, аудандық, қалалық білім беру басқармалары бірінші болып аталады. Оқу-тәрбие процесін тікелей басқаруда мектеп әкімшілігі деңгейінде, ең бастысы, мұғалімнің жүзеге асыратын жұмыстарын ұмытпауымыз керек. Мектепті басқару теориясы (мектептану) арасында ғылыми іс-әрекет пен практикалық іс-әрекет ретінде объектілері, басқарудың тәсілдері мен нәтижелерінде айырмашылықтар бар. Мектепті басқару теориясының объектісі барлық құрамды элементтерден алынған жүйе.

Практиканың объектісі мектептің әртүрлі құрамдық топтарының іс-әрекеті (ұжым, сынып, жеке субъект).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1935; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.