Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Слайд №8




Практикалық басқару іс-әрекетінің амал-тәсілдері — басқару әдістері. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттің амал-тәсілдері — ғылымның нақты бір объектісін зерттеуде қолданылатын жолдар.

 

Басшылар мәдениетіне басшылардың бірлесе ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы деген анықтама берсек те болады. Басшылар мәдениетінің мәні адамның, басшылардың адамдық еңбегімен байланысты туындайтын дүние деуге де келеді. Адамды әлеуметтендіру үрдісінде, басшыларға жалпыадамзаттық мәдениеттің жиынтығын бүгінгі нарықтық экономиканың талаптарына негіздей отырып, меңгеру көзделеді. Яғни басшылар мәдениетінің бүкіл дүниежүзілік қоры алынуы керек. Мысалға алар болсақ, ол оның барлық түрін: ақыл-ой мәдениеті, еңбек, адамгершілік, ақыл-ой, дене, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, құқықтық мәдениетінің дамуын қамтиды.

Әдістемелік жұмыстың мазмұны мынадай бағыттар бойынша нақтыланады:

 

Мұғалімдердің әдістемелік, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болашақта жеке педагогикалық жүйенің, іс-әрекеттің дара стилінің қалыптасуына жағдай туғызады. Жоспарлаудың ғылымилылығы іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, мектептің даму тенденциялары мен болашағын ескере отырып құрастыруы керек.

Әдістемелік жұмыс ғылым және озат педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негізделген. Сонымен қатар әрбір мұғалімнің, ұстаздың, тәрбиешінің, оқу мекемесі басшысының, білім беру жүйесінің басқа да қызметкерлерінің педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсіби шеберлігін көтеруге, тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мүмкіндігін дамытуға және көтеруге, оқушыларға нақты білім беру, тәрбиелеу мен дамытудың үйлесімді деңгейіне жетуге бағытталған өзара байланысты шаралардың, қызметтердің жүйесі.

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. «Мектепті басқару» дегенді қалай түсінесіз?

2. Мектепті басқару қызметтеріне сипаттама беріңіз.

3. Мектепішілік бақылау дегенді қалай түсінесіз? Әдістері мен тәсілдеріне сипаттама беріңіз.

4. Басшылар мәдениеті дегеніміз не?

Реферат тақырыптары

1. Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру.

2. Қазіргі заман мектептеріне басшылық ету мәселелері.

Педагогикалық қызметтегі инновациялық бағыт

п.ғ.д., профессор А. Қ. Рысбаева

Дәрістің мақсаты:

Педагогикалық қызметтегі инновациялық бағыт және оның білім жүйесіндегі жетістіктері мен кәсіби-педагогикалық мәдениетті қалыптастырудағы маңызын ашу.

Дәрістің міндеттері:

1. Инновация ұғымына анықтама беру және олардың жіктелуі.

2. Білім беру үрдісіндегі инновацияның маңызын ашу.

3. Инновациялық білім беру және педагогикалық инновация.

4. Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттарын анықтау.

5. Инновациялық бағыттылықты дамыту мүмкіндіктерін көрсету.

Жоспар:

  1. «Инновация» ұғымына сипаттама.
  2. Инновациялық білім беру үрдісі.
  3. Педагогикалық қызметтегі инновациялық бағыттар.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық қызмет, инновация, инновациялық білім беру, инновациялық бағыт, мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық мәдениеті, аттестациялау.

Көрнекіліктер: слайдтар.

Оқыту технологиясы: проблемалық оқыту.

 

Инновация ғылыми-мәдени прогресс

Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбегей өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі прогресс, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта құруға апарып соқтырды. Бұл салаларды әрі қарай жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы инновация, яғни педагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл білім беру мазмұнына, білім беру және тәрбиелеу әдістеріне, білім беру мекемелерін ұйымдастыру және басқару жұмыстарына байланысты.

№1 слайд

Инновация деген не? (Innovation)

№ 2 слайд:

Инновация (латын сөзі in — в, novis — жаңа) — жаңа, жаңалық, жаңару.

С. И. Ожегов сөздігі бойынша: инновация — бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

Ағылшын тілінен аударғанда «инновация» «новацияға кіріспе» дегенді білдіреді.

Үлкен энциклопедиялық сөздікте «инновация — жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.

В. И. Днепрова, Золвязинский, Лазареваның еңбектерінде «инновация — білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті».

М. М. Потаншник, А. С. Лоренсовта «инновация — тәсілдерді меңгеру үрдісі».

Н. Нұрахметов: «Инновация, инновациялық үрдіс — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі», — дейді.

К. Құдайбергенова: «Инновация — нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже», — дейді.

Т. И. Шамова мен П. И. Третьяковалардың еңбегінде «инновация — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық дегеніміз — тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, қалыптастыру».

Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды. Бұл «бір мәдени жетістіктерді сауда, тауар алмасу айналымына пайдалану, аудару» дегенді білдіреді. “Инновация” термині антропологиядан экономикаға, содан соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру мекемелерінің практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді. Ғылыми зерттеулерде «инновация» ұғымы ХІХ ғасырда пайда болды. Сөздіктерде бір нәрсенің нәтижесі іспетті (жаңалық, ірі жаңалық, ендірілген жаңалық), сондай-ақ жаңалықты ендіру (жаңалыққа кіріспе, инновация актісі т.б.) үрдісі деп түсіндіріледі.

1950 жылдардың соңында Германияда, АҚШ-та және тағы басқа елдерде педагогикалық жаңалықтарды оқу және қорыту орталығы пайда болып, білім беру саласының жаңалықтарына байланысты арнайы басылымдар шыға бастады (мысалы, “information at innovation en education Educatioal innovation in the United States” және басқалар).

Біздің елімізде де дәл осындай үрдістер жүріп жатты. Алайда, олар педагогикалық тәжірибенің таратылуы, білім қызметкерлерінің оны пайдалануға дайындығы және ұсынылған жаңалықтардың жаңалығы, оларды бағалау тәсілдері туралы жұмыстар болды.

Әдетте, инновация дәстүрлі мәселелерді жаңаша шешу нәтижесінде, фактілерді ұғыну және жинау үрдісінің ұзақтығы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кездегі инновацияның көбі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты және оның өткен уақытта белгісі ұқсасы бар. Бұл инновациялық үрдістің белгілі бір тұжырымдарға сәйкес келетін және белгілі бір жағдайларға өзекті және бейімделген, белгілі бір мақсатқа бағытталған және қазіргі заманғы идеяның құрылу, орнығу, қолдану және жойылу үрдісі екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жаңалықтар кіретін жүйенің сапалы жақсаруына бағытталған, оған қатысушыларды ынталандырады және олардың көзқарастарын жаңалықтар тұрғысынан өзгертеді.

Инновациялық білім беру үрдісінің негізінде педагогиканың екі басты мәселесі жатыр:

  • педагогикалық тәжірибені зерттеу мәселесі;

· психология мен педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге жеткізу мәселесі.

Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану болып табылады. Білім беру жүйесінде инновация білім беру мақсатына жаңалықтар енгізу, жаңа мазмұнды жаңа тәсілдер мен тәжірибелер және білім беру формаларын қайта жасауды, жаңа педагогикалық жүйені енгізуді және таратуды, мектепті басқарудың жаңа технологияларын жасауды және дамытуды, мектеп жаңа білім беру бағытын ұстанғанда, оның мақсаты, мазмұны мен әдістерінің жаңа талаптарға сай болуын жобалайды.

Олардың дамуын екі факторға бөліп қарастырамыз:

  • объективті факторлар — инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына жағдай жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету;
  • субъективті факторларлар – инновациялық үрдіс субъектісімен тығыз байланысты. Инновациялық үрдіс субъектілеріне ғалым-педагогтар, мұғалімдер және білім беру саласында инновацияға бағытталған әрекеттің басқа да қызметкерлері жатады.

Инновациялардың жіктелуі

Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше түрлері ажыратылады.

Технологиялық инновациялар. Технологиялық инновациялар өнімдерді, өндірістің жаңа технологияларын дайындаудың жаңа тәсілі.Олар өндірістің дамуынажәне саланың технологиялық қолайлы қайта жабдықталуына негіз салады. Бұл жаңалықтар білім беру саласында оқытуда қолданылатын әртүрлі технологиялық құралдар мен жабдықтарға байланысты. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, ақпараттық ортаға ену және бағдарламалық қамтамасыздандыру жаңа мүмкіншіліктерге жол ашты. Компьютерлік технологиялар өзінің жеделдігіне және үлкен жад қорына байланысты білім берудің жаңа құралдары болып табылады. Олар жеке тұлғаға, білім беру ортасына әртүрлі варианттарды іске асыруға мүмкіншілік береді.

Әдістемелік инновациялар. Әдістемелік инновациялар бұл сабақ беру мен білім алу, тәрбиелеу және оқыту әдістемесі, оқыту және оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру саласындағы инновациялар. Олар білім беру саласында ең көп таралған, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқытуды мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жоғары білімге дейін оқыту үрдісін, мамандарды дайындауды қамтиды.

Тәжірибеде әдістемелік инновация ұжымдық жаңартулармен тығыз байланысты. Олар жоспарланған мақсат анықталған кезде, бірақ құралдар мен әдістерін іске асыруына қосымша зерттеулер талап етілгенде, білім беру жағдайларында кездеседі. Инновацияның бұл типі жеке әдістемелерде басым, ал дидактика мен тәрбие теориясында сирек кезігеді, педагогика тарихына арналған еңбектерде кездеспейді.

Ұйымдастырушылық инновациялар. Олардың еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін орнықтыруға қатысы бар. Жекеше айтқанда, әртүрлі топтарды жинақтау мәселелері, топтарда, мектептен және мектеп тыс ұйымдарда жұмыс жасау әдісі. Білім толықтыру мекемесінің білім алуда қиыншылықтарға тап болған балаларына арналған.

Компенсациялаушы оқыту тобына балаларды таңдаудың негізгі көрсеткіші ретінде жалпы білім беретін мекемелердегі сияқты, балалардың білім алуға дайындық деңгейі, ол психологиялық, психологиялық-физиологиялық жағынан да төмеңгі деңгейде болуы орын алды.

Басқарушылық жаңартулар енгізу. Олар өндірісті, ұйымды басқару әдістерін, құрылымын қарастырады және жеделдету, жеңілдету, қойылған мәселелерді шешуге, жақсарту мақсатымен басқару жүйесінің элементтерін ауыстыруға негізделген. Басқарушылық жаңартулар енгізудің мысалы ретінде аймақтық деңгейлердегі білім жүйесін басқаруды игерген жұмыста көре аламыз.

Экономикалық инновациялар. Экономикалық инновациялар қаржы, төлем, бухгалтерлік салада жағымды өзгерістерді қамтиды. Сонымен қатар ол еңбек төлемін жоспарлау, ынталандыру, білім беру әрекетінде нәтижелерді бағалауды қамтиды, олардың педагогикамен тікелей байланысы жоқ. Бірақ олардың ықпалы бүкіл білім беру жүйесіне әсер етеді. Ақылы білім беру қызметіне қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту, арнайы курс бойынша білім беру, дайындау, сабақтарды терең оқыту, репетиторлық жатады.

Әлеуметтік жаңалықтар енгізу. Ол адам факторының кадрлық саясатын жетілдіру жүйесін ендірудің белсенді формасында білінеді. Сонымен қатар маман дайындау жүйесі қызметкерлері мамандығын көтеру, жұмысқа қайта қабылданған тұлғалардың әлеуметтік, кәсіптік бейімделу жүйесін, марапаттау жүйесін, яғни еңбек нәтижесін бағалауды қарастырады. Ол сонымен қатар жұмысшылар өмірінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, еңбек гигиенасында, қауіпсіздік жағдайын жақсарту сипатында болады. Бұл білім беру деңгейінің көтерілуіне, кәсіби дайындығын, қоғам өмірінде жағымсыз әсерлерді шектеуге, құқық бұзушылықты болдырмауға, ой және дене еңбегін тиімді етуге бағытталған.

Құқықтық инновациялар. Бұл білім беру мекемелеріндегі анықтаушы және реттеуші жаңа және өзгертілген нормативтік құқықтық актілер мен заңдар. Соңғы жылдары мектеп оқушыларының аттестациясына (ҰБТ, МАБ) қатысты, білім беру стандартына, басқарушы мамандар дайындығына байланысты көптеген ережелер мен заңдар шықты.

Инновациялардың әртүрлі топтарының тиімділігі қоғам сұраныстарын қанағаттандырумен және өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында міндеттерді шешуімен анықталады.

Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы

№ 3 слайд

Педагогикалық жүйедегі жаңалықтардың басты инновациялық бағыттары:

  • тұтас педагогикалық жүйе;
  • оқу орындары;
  • педагогикалық теория;
  • мұғалім;
  • білім алушылар;
  • педагогикалық технология;
  • мазмұн;
  • түрлері, әдістері, құралдары;
  • басқару;
  • мақсат пен нәтиже.

Бұл аталмыш бағыттар арқылы студенттердің өзіндік жұмысының өз бетінше орындалуын ұйымдастыру мен басқару; оқытудағы маңызды мәселелер; жағдаяттарды шешу; тестілік бақылаудың түрлерін пайдалану; саралап оқыту; оқытудың компьютерлік технологиялары; оқытуды даралау; бағдарламалық оқыту; ТОҚ (кино және бейнетехникалары, лазерлі нұсқамалар, слайдтар) пайдалану; оқытудың тірек белгілері; іскерлік және рөлдік ойындар; сабақтың кіріктірмелілігі; модульді оқыту сияқты т.б. педагогикалық инновацияны анықтауға болады.

Қазіргі жоғары мектептерде нақты оқытушылар мен ғылыми-зерттеушілік қызметтер басшылыққа алатын аса бай педагогикалық тәжірибелер жинақталған. Алайда, оқытушылар өз әріптестерінің педагогикалық тәжірибесіне талдау жасай отырып, жаңалық ретінде танып, өмірге қолдану, тарату, зерттеу жөнінде ойлана бермейді. Әр педагогтың тәжірибесі өз кеңістігінен шықпай жатады.

Педагогикалық инноватика білім берудің жаңа тәжірибесін жасауға байланысты мектептердің даму үрдісін зерттейтін ғылым саласы. Қазіргі педагогикалық инноватиканың маңызды міндеттерінің бірі мектепті дамыту нысанын айыра білу және бүгінгі заман педагогына аса қажетті білім болып саналатын жаңалықтардың жіктелуі мен зерттелуін, меңгерілген жаңалыққа жан-жақты сипаттама беру, оның шығу тегі мен басқа салалармен қатыстылығын іріктеу болып табылады.

Педагогтан талап етілетін нәрсе білім берудегі инновациялық үрдістің мәнін және оның заңдылықтары мен қағидаларының ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асыру жолдарын білуді түсіну.

№ 4 слайд

Педагогикалық инновацияның негізгі критерийлері:

  • жаңалығы;
  • ыңғайлылығы;
  • шығармашылық еркіндігі;
  • нәтижелілігі.

Әдетте, бұл түсінік инновациялық үрдіс әрекет субъектілерінің зерттеушілердің, жазылымдарды даярлаушылардың, техниканы басқарушы мамандардың, инновацияның таралуына және құрылуына қолайлы жағдай жасайтын мамандардың әрекет жиынтығын білдіреді. Инновациялық үрдістегі ұжымдық әрекет туралы сөз болғандықтан, бұндай анықтама дәлме-дәл келеді. Біз жеке субъект деңгейіне келсек, онда инновациялық үрдістің жеке алынған субъектісінің әрекетін қарастырамыз. Бұл жағдайда инновациялық әрекеттің объектісі бұдан бұрын қалыптасқан және осы уақытта оның тәсілдері, құралдары адамдардың осы қауымдастығы үшін біркелкілік репродуктивті сипатқа ие әрекеттің басқа түрлері болып табылады.

Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттарын не дамытады?

Бұл сұраққа жауап ретінде ең бірінші болып, әрине, қоғамда пайда болатын және Конституция мен “Білім туралы” заңда жарияланған жаңа білім саясатындағы, білім жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық жаңартулардың пайда болуы әсер етеді. Бұл саясаттың түпкі мағынасы білім беру мазмұнын ізгілендіруге, оқу пәндері құрамының, көлемінің өзгеруіне, жаңа оқу сабақтарын енгізуге, мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды қабылдауына қатысын өзгертуінде.

Мектеп тәжірибесінде мектепті жаңартудың мынадай жолдары бар:

· жеке тәжірибенің дамуы;

· басқалар жасаған тәжірибені басшылыққа алу;

· ғылыми жазылымдарды меңгеру;

· қателер мен сынақтар әдісі;

· эксперимент.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компоненттерін құрылымдық талдау тұрғысынан инновациялық анықталады:

1) жаңалығының болуы немесе болмауы:

2) пайдаланылғандарды нақтылау;

3) таныс дүниенің сәл өзгерістермен қайталануы;

4) қосымша маңызды бөлімдер мен өзгертулер қосу;

5) сапалы жаңа дүниенің жасалуы.

Бұл алгоритмдер озат педагогикалық тәжірибенің және ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижесін ендірудің бағасын білумен жүзеге асырылуы мүмкін.

СОӨЖ тақырыбы: Педагогикалық қызметтегі инновациялық бағыт

Жоспар:

1. Инновация ұғымына сипаттама.

2. Педагогикалық инновация немесе инновациялық білім беру үрдісі.

3. Педагогикалық әрекеттегі инновациялық бағыт.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Білім берудегі инновациялық үрдістер дегеніміз не? Олардың қандай ерекшеліктері бар?

2. Педагогикалық инновацияларды мектеп практикасына ендіру өлшемдеріне сипаттама беріңіз.

3. Білім беруде жаңалықтарды енгізудің тиімділігінің шарттары мен өлшемдерін сипаттаңыз.

4. Білім берудегі инновацияның шығу көздерін атаңыз, оның (үш- төртеуіне) кейбіріне сипаттама беріңіз.

5. Инновациялық білім беру мекемелерінің өзіңізге белгілі біреуін сипаттаңыз (әлеуметтік педагогикалық кешен, гимназия, лицей және т.б.).

6. Дәстүрлі және инновациялық оқытуды мына өлшемдер арқылы салыстырыңыз: білім алушылардың мәндік бағыты, оқу-танымдық әрекетті ұйымдастырудың сипатын бақылау, бағалау және т.б.

7. Оқушылар мен мұғалімдер жүктемесін көбейту арқылы жоғарғы нәтижеге жеткен оқу орны инновациялық бола ала ма?

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. «Инновация» ұғымы туралы түйген өз ойыңыз.

2. Инновациялық жіктемелерді атаңыз.

3. «Педагогикалық инновация» және оған сипаттама беріңіз.

4. Педагогикалық жүйедегі жаңалықтардың басты инновациялық бағыттарын атаңыз.

5. Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттарын не дамытады?

6. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің инновацияға қатыстылығына сипаттама беріңіз.

Реферат тақырыптары

1. Оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогикалық инновацияның ерекшеліктері.

2. Қазақстан Республикасындағы инновациялық типтегі мектептер.

3. Оқу-тәрбие үрдісіндегі инновациялық әрекет.

4. Жаңа педагогикалық технологиялар ерекшеліктері.

5. Осы заманғы жаңа педагогикалық технология.

Әдебиеттер тізімі

1. «ҚР-да білім беруді 2005 2010 жылдар аралығында дамыту» туралы Мемлекеттік бағдарлама. 11.10. 2004.

2. ҚР «Білім туралы» заңы, Астана, 2007.

3. «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы», - Алматы, Қазақстан жоғары мектебі, №1, 2004, 5-21 бб.

4. Н. Назарбаевтың Халыққа жолдаулары (2004-2008 жж.).

5. ГОСО РК 2.003.2007. Государственный общеобязательный стандарт образования, Общее среднее образование. Астана. 2007.

6. Таубаева Ш., Барсай Б. Оқытудың қазіргі технологиялары.// Бастауыш мектеп. №3,4, -1999.

7. Занков Л. В. О предмете и методах дидактического исследования.

8. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технология. //Қазақстан мектебі. – 2001. №2. -8-13 бб.

9. Дьяченко В. К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. Усть-Каменогорск. – 1982.

10. Айтмамбетова Б. Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері /23-лекция/. – Алматы. -1991.

11. Бұзаубақова К. Ж. Жаңа педагогикалық технология. –Тараз: ТарМУ, 2003. -207 б.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 12420; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.