Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рефераттар




Жоспар

1. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет туралы түсінік.

2. Оқу белсенді топтарының жұмысы.

3. Ұжымдық оқу жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесі бойынша әдебиеттер тізімін жасаңыз.

2. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдірудің дидактикалық әдістерін көрсетіңіз.

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жұмыс-тарына сипаттама жасаңыз.

2. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің мәнін ашыңыз.

  1. Іс-әрекет оқушы жеке тұлғасының қалыптасуының негiзi.
  2. Танымдық іс-әрекет жеке тұлғаның дамуының құралы.
  3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
  4. Танымдық белсенділікті дамытуға ықпал ететін педагогикалық технологиялар.

Әдебиеттер

1. Педагогика. (дәріс курсы). Алматы, 2003 ж.

2. Педагогика: педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналған оқу құралы. /Редакциясын басқарған П. И. Пидкасистый. М.: Ресей педагогикалық қоғамы, 2004.- 608 б.

3. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Педагогика. Алматы, 2004.

4. Н. Харламов. Педагогика. Москва, 1990 г.

5. Ильина Т. А. Педагогика.- М., 1984.

 

 

IV модуль. ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Технология туралы ұғымдар

п.ғ.к., д.м/а Б. А. Қиясова

№1 слайд.

Дәрістің мақсаты: педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметі мен міндеттері туралы білім беру.

Дәрістің міндеттері:

· “технология” ұғымына анықтама беру;

· “педагогикалық технология” ұғымына сипаттама;

· оқыту технологияларының түрлері мен ерекшелігі;

Жоспар:

  1. “Технология” ұғымы.
  2. “Педагогикалық технология”.
  3. Оқыту технологиялары.

Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық технология, қызығушылық, шығармашылық, кері байланыс

Көрнекіліктер: №1-№4 слайдтар.

№2 слайд. Технолгия ұғымының анықтамасы

Энциклопедиялық сөздікте: «Технология дегеніміз — өнімді өндіру процесінде шикізаттың немесе материалдың формасын, қасиетін, күйін өзгертетін, оларды өңдеу мен дайындаудың әдістерінің жиынтығы», — деп көрсетілген (Совет энциклопедиялық сөздігі. – М., 1981).

Бұл жерде технология ұғымы өндіріспен тығыз байланыста қаралған. Өндірісте объект пен оны жүзеге асырушы жақтың арасында үздіксіз байланыс бар. Мәселен, өнім сапасына деген алғашқы талаптар; шикізат; шикізат сапасын бақылау; аралық өнім; аралық өнім сапасын бақылау; дайын өнім; дайын өнім сапасына қойылатын талаптар, дайын өнім сапасын бақылау; процеске түзетулер енгізу немесе апаттық тоқтату. Сонымен бірге бұл процеске материалдық, қаржылық, адам ресурстары, тасымалдау т.б. қосылады. Осылайша өнімді өндіру процесі алдын ала белгіленген нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететін әдіс-тәсілдер, құралдар, ғылыми зерттеулер жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. Өндірістегі сияқты білім беру мекемелері де қоғамдық тапсырысты орындауға атсалысады. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру саласында да технология ұғымы қолданыла бастады.

Өте кең мағынада “технология” сөзінің мәні «кез келген күрделі жүйенің қызмет ету заңдылықтары туралы ғылым» деп түсіндіріледі (Г. М. Соловьев, М. Я. Виленский). Бұл ұғым үш негізгі құрамдас бөліктен тұрады.

№3 слайд. Технологияның құрамдас бөліктері

1. Идеологиясы, яғни жүйенің тұжырымдамалары мен ұстанымдары (білім беру жүйесінде: ғылымилық, қолжетерлік, бірізділік, теорияның тәжірибемен байланысы).

2. Еңбек құралдары, яғни технологияны жүзеге асыруға арналған ресурстар (білім беру жүйесінде: оқу ғимараты, жабдықтар, оқулықтар, әдістемелік құралдар, спорт залдары, коммуналдық, гигиеналық жағдайы т.б.).

3. Технологияның әлеуметтік құрамы, яғни мамандар (мәдениеті, біліктілігі, шығармашылығы т.б.).

Бұл үш құрамдас бөлік бір-бірімен өте тығыз байланысты және біреуі өзгерген жағдайда қалған екеуі де өзгеріске ұшырайды.

Бүгінгі таңда педагогика ғылымы білім беру технологиялары кешенін және оларды қолдану жолдарын көптеп ұсынуда. Мәселен:

1. Компьютерлік-ақпараттық білім беру технологиялары.

2. Трансформациялық технологиялар.

3. Арақашықтықтан оқыту.

4. Тұлғалық-бағыттылық технологиялары.

5. Тұлғалық-әрекеттік т.б. технологиялар.

Оқу процесін тиімді жүзеге асыру үшін қазіргі педагогикалық технологияларды қолдана білу және олардың мәнін терең түсініп, өзіндік кәсіби стратегиялар құра білу аса маңызды. Педагогикалық процесс педагогикалық мақсат пен міндеттердің жүзеге асырылуының алдын-ала нақты жобасын құра білуі тиіс. Осындай жағдайда ғана педагогикалық процесс жақсы нәтижеге қол жеткізе алады.

Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде (көзқараста) қолданылады.

№4 слайд. Педагогикалық технологияның деңгейлері

Жалпы педагогикалық (дидактикалық) деңгей. Мұнда педагогикалық технология біртұтас педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құралдары мен әдістерінің жиынтығы, тіпті процестегі субъектілер мен объектілердің (олардың өздерін алмағанда), іс-әрекеттердің алгоритмі кіреді.

Жеке пәндік-әдістемелік деңгей. Бұл жерде педагогикалық технология көздеген мақсатқа жеткізетін жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады. Мұнда ол бір пән, бір сынып, бір мұғалім шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру үшін әдістемесі, белгілі бір танымдық қызмет дағдыларын қалыптастыру әдістемесі, мұғалім, тәрбиеші жұмысының әдістемесі ретінде қарастырылады.

Элементтік (бөлімді) модульдік деңгей. Мұнда оқу-тәрбие процесінің жекелеген бөлігінің технологиясы қарастырылады, жеке іс-әрекет түрлерінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру технологиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу технологиясы, сабақ технологиясы, жаңа білімді игеру технологиясы, өз бетімен жұмыс технологиясы.

Бұл көзқарастарды талдай келе, педагогикалық технология ұғымының өзегі болып берілген білімді толық игеруге, жалпы білім сапасын көтеруге кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесі табылатынын көруге болады. Әрине, мұндағы нәтиже білім сапасы, оны өз бетімен игерген оқушы болса, алгоритмнің басты бөлігі болып оқушының өз бетімен меңгеруіне бағытталған білім мазмұны қарастырылуы қажет.

Оқыту технологиясына тән басты сипат мынада:

· Оқыту мақсатына байланысты қойылатын диагностика айқын болуға тиіс.

· Оқыту барысында атқарылатын іс-әрекеттің барлығы да оқу мақсатының орындалуына кепілдік берерлік бағытта ұйымдастырылуы тиіс.

Оқыту мақсатын айқындаудағы шарт оқыту диагностикасын белгілеу. Өйткені алдын ала жобалап, мұғалімнің атқарған іс-әрекеті оқушының меңгерген білімінен көрінетін болуы тиіс. Шәкірттің алған білім деңгейі, қойылған талап, нәтиже бағаланып отырады. Ал дәстүрлік оқытуда білімдік мақсат көрсетілгенімен де оқушының меңгерген білімінің нәтижесі, оны қандайлық дәрежеде меңгергендігі үнемі айқындала бермейді, дәл белгіленбей күңгірт күйінде қалып қояды. Ал мұнда шәкірттің оқуға деген белсенділігін жетілдіруде мақсатқа байланысты диагностика белгіленген болса, оқушы атқаруға тиісті іс-әрекеттің реті белгіленіп, олар нені біліп, нені ұққандығы және алған білігін жүзеге асырып, қолдана алуы көрсетіледі.

Оқыту технологиясында оқытылуға тиісті материалға байланысты іс-әрекет толық сипатталып, оны меңгерудегі білімдік мағлұмат — мақсаттың орындалып жүзеге асуына кепілдік береді. Қойылған мақсаттың диагностикасын айқындағаннан кейін оқушы меңгеруге тиісті тұтас материалын топтастырады. Сол топтастыру бойынша оқушының қаншалық меңгергендігін тексеріп, бақылап, егер толық игермеген жағдайда қайталап оқуына, пысықтауына мүмкіндік жасалады. Көрсетілген бөлшекті толық меңгеруі талап етіледі. Ағымдағы бағалауда оқушы «меңгерді», «меңгерген жоқ» деген тұрғыда белгіленеді. Нәтижені жинақтау кезінде әрбір оқушының қаншалық еңбектенгендігі де айқын болып шығады. Жекеден тұтастыққа көшу қағидасы өрістейді. Әрине, мұнда, негізінен репродуктивтік жол үстемдік құрғанымен де тұтас материалдың бөлшектерін білу арқылы оның тұтас жүйесін меңгеру мүмкіндігі туады.

№5 слайд. Репродуктивтік жолмен біліктік дағды қалыптастыру барысында мынадай тәртіп жүзеге асырылады:

1. Тұтас білімдік мағлұматты жеке бөлшектерге бөліп беру арқылы біртіндеп түсіндіру, түсінігін түрлі жазу жолымен көрсетеді.

2. Ойды бірден күрделендірмей қарапайым мәнде машықтандырып жаттығу ұйымдастырылады.

3. Бір-біріне байланысты мәселені оқушының өздігінен атқаруы ұйымдастырылып және оны жүзеге асыра алатындығына олар сенуге тиіс.

Меңгерілген білім негізінде оқушының өздігінен ізденуіне бағдар беріп, тиісті нәтижеге жетуіне назар аударылуы керек:

а) проблемалық ситуация туғызуды ұйымдастырып, нақты міндеттерді шешіп, тиісті модель құруға көңіл қойылады;

ә) оқушы сыныптастарымен, мұғаліммен бірлесе отырып өзі атқарған іс-әрекетіне талдау жасай білуге тиісті.

Бұл жүйе оқытылатын тақырып пен оның тиісті бөлімдеріне байланысты мұғалімнің оқушыларға бағдар беріп, олардың өздігінен ізденуіне жол сілтеп, оның орындалуын қадағалай білуге де қатысты.

Оқыту технологиясында меңгерілуге тиісті мәселені оқушының игеруі үшін мынадай мәселелерге мән беріледі: оқыту мақсатын айқындап, меңгерілуге тиісті материалдың деңгейін алдын ала бағдарлап, оқу барысында атқарылатын іс-әрекеттің өзара байланысын және оның нәтижесін бағалау, соған орай жаңа мақсаттар белгіленуі керек. Мұндай жағдайда оқу үрдісі модульдік сипатқа ие болады да онда оқылатын тақырыптың әрқайсысы модульдік блоктарға бөлініп көрсетіледі.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары

  1. “Технология ” және “Педагогикалық технология” ұғымдарының айырмашылықтары неде?
  2. Педагогикалық технологияларға тән сипаттарға не жатады?
  3. Педагогикалық технологияның деңгейлері қандай?

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

  1. Ғылыми әдебиеттерден “технология”, “педагогикалық технология” деген ұғымдарға берілген анықтамаларға талдау жасап, конспекті жазыңыз.
  2. “Қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялар” мәселесіне байланысты әдебиеттер тізімін құрастырыңыз.

Реферат тақырыптары

1. Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны.

  1. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттары.
  2. Педагогикалық технология және бағалау.
  3. Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері.

Әдебиеттер

  1. Өзтеміров, Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. – А., 2006.
  2. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. М., 1989.

3. Долженко О. В., Шатуновский В.Л. Современные методы и технология обучения в техническом вузе. - М.: Высшая школа, 1990. - 187 с.

4. Игропуло В. С. Основы образовательных технологий. - Ставрополь: Институт развития образования, 1996. - 226 с.

5. Левина М. Л. Основы технологии обучения профессиональной педагогической деятельности. - М.: ИПК и переподготовки руководящих работников и специалистов образования, 1996. - 232 с.

  1. Мировые образовательные технологическое новые тенденции, проблемы адаптации и эффективность // Материалы респуб. науч. метод. конфер. 25 – 26 апреля; Алматы, 1997.
  2. Педагогическая технология / Сост. Н. Е. Щуркова, М., 1992.
  3. Педагогические технологии: что такое и как использовать в школе. Под ред. Т. И. Искаковой, П. И. Третьякова. М.; Тюмень, 1994.
  4. Селевко Г. И. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. - М., 1998.
  5. Смирнов С. Технологии в образовании// высшее образование в России. 1999 № 1.

 

Дәстүрлі оқытуды модернизациялау

п.ғ.к., профессор А. Қ. Рысбаева

Дәрістің мақсаты: білім беру жүйесіндегі дәстүрлі оқытуды жаңа технологиялармен жетілдірудің маңызы мен ерекшеліктері туралы білімдерін нақтылау.

Дәрістің міндеттері:

· дәстүрлі оқытудың мүмкіндіктері мен кемшін тұстарын ұғындыру;

· оқытуды жаңашаландыру модернизациялаудың оқыту үрді-сіндегі маңызын көрсету;

· оқыту технологияларының жүйесімен таныстыру;

· жаңа педагогикалық технологияларға сипаттама.

Жоспары:

1. Дәстүрлі оқыту әдісі.

2. Оқытудың дәстүрлі технологиялары және түрлері мен ерекшеліктері.

3. Модернизация ұғымы және оны оқыту үрдісіне ендіру.

4. Еліміздегі педагогикалық технологияларды тәжірибеге ендіру.

5. Оқытудың жаңа технологиясын таңдау.

6. Педагогикалық технология және оның құрылымы.

7. Оқыту технологияларының жүйесі.

8. Жаңа педагогикалық технологиялар.

Негізгі ұғымдар: дәстүрлі оқыту әдісі, оқытудың дәстүрлі технологиялары, модернизация, технология, педагогикалық техно-логия

Көрнекіліктер: №1-№5 слайдтар.

Оқыту технологиясы: бағдарламалық баяндау.

Техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта.

Оқыту және оның түрлері

Педагогика саласында оқытудың үш негізгі: дәстүрлі, проблема-лық және бағдарламалық түрі қолданылады. Олардың да оң және теріс жақтары бар.

Дәстүрлі оқыту әдісі ең көп тараған әдістердің бірі болып саналады. Оқыту біркелкі жылдық жоспар бойынша және негізгі бірлігі сабақ болып саналатын кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Сабақ бір пән бойынша тек бір тақырыпқа арналады және студент тек бір ғана материалмен жұмыс істейді.

Дәстүрлі оқыту барысында оқытушылар оқытып, студенттер оқып жатқан сияқты көрінгенімен, нәтижесінде көпшілік студенттер үшін оқытудың мақсаты орындалмайды.

Оқытудың дәстүрлі технологиялары

және олардың түрлері мен ерекшеліктері

Дәстүрлі оқыту технологиялары екі негізгі әдісті басшылыққа алады.

№1 слайд

· Оқытудың түсіндірмелі әдісінде яғни, мұғалім оқу материалын көрнекі әдістерді қолдана отырып түсіндіреді. Оған лекция, әңгіме, тәжірибелер көрсету, экскурсия, т.б. жатады. Студент қызметі ақпарат алуға, есте сақтауға бағытталады.

· Репродуктивті әдісте (туындайтын, өнімді) оқытушы студенттердің білімді игеруі мен қайталап айтып беруі үшін тапсырмалар құрастырады. Студент сұрақтарға жауап береді, есеп шығарады, т.б.

Бұл екі әдістің де мәні белгілі білімді студенттерге дайындап беру процесі.

Дәстүрлі оқытудың өзіндік кемшін тұстары бар, мысалы:

· материалды оқып-үйрену орташа, жалпылама сарында;

· студенттер игеретін білімнің көлемі де бірыңғай, орташа;

· студенттердің мұғалім арқылы білімді дайын күйінде алуы өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына кедергі жасайды;

· студенттің жаңа білімді игергендігі жөнінде мұғалімде еш ақпарат болмайды;

· зейінді төмендетуге апарып соғатын сөз әдістерінің басым болуы;

· студенттің жадына күш түсуі, т.б.

Осы айтылғандардың салдарынан (жаттау немесе есте сақтау әдістері) студенттер болашақта қажет дағдыларды игермей қалуы мүмкін (өзіндік шешім табу үшін керекті материалдарды іздестіру, дербес шешімдер қабылдау, т.б.). Осылайша, дәстүрлі оқыту әдістерінде оқу үрдісінде студентке қойылатын талаптар мен нақты кәсіби қызметте қажетті талаптар арасында алшақтықтар айқын байқала бастады.

Сондықтан дәстүрлі оқытуды модернизациялаудың маңызы зор.

№2 слайд

Модернизациялау деген не?

Модернизация — қоғам жағдайына сай, дамудың тарихи модельдерінің бірі. Бұл термин 1950 жылдары енгізілген, содан бері теориялық тәсілдер тұрғысынан қарастырылып келеді.

«Модернизация» француздың «модерн» сөзінен шыққан. Ағылшынша-орысша сөздіктерде модерн «осы заманғы» деген түсінікті береді. Модерн адамға айтылса, «осы заманның адамы», «озық ойлы», «жаңа заманның адамы» деген мағынада, ал затқа бағытталса, «бүгінгі күн талабындағы», «жаңа үлгідегі» сияқты ойды қамтиды. Сонымен модерн «жаңа», «жаңаша», «осы заманғы», «талапқа сай», «жетілдірілген» деген қазақша түсінікке келеді.

Ал «модернизациялау» жаңалау, жаңашаландыру, заман талабына сай ету, жетілдірілген түрге көшіру деген қазақы ұғымды беретіні белгілі.

Педагогика ғылымындағы оқытуды модернизациялау дегеніміз қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық, жаңа технологияларын меңгерту арқылы мұғалім бойына интеллектуалдық, кәсіби, адамгершілік, рухани, азаматтық, т.б. адами жоғары сапалардың қалыптасуына қол жеткізу ғана емес, сондай-ақ білім алушылардың да мүмкіндіктерінің ескерілуі, жаһандану заманындағы еліміздің азаматтарының баянды болашағы.

Бұл күнде еліміз тәуелсіз елдер қатарына еніп қана қоймай, дамыған елдердің қатарынан көрінуге мемлекеттік деңгейде мақсат қойған болса, мұны жүзеге асырудың бір жолы білім берудің сапасын арттыру екені белгілі. Білім берудің сапасын көтеру оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерін модернизациялауға арқа сүйейді.

Қазақстан Республикасының жоғары мектептерінде дәстүрлі оқытудың түрлері мен өз бетінше жұмыс жасаудың белсенді түрлерін араластыра қарауға көбірек мән беріледі. Компьютерлер пайда болып, ғаламтор қолданысқа енгелі, ақпараттардың дереккөздері молайып, оқытушылар мен студенттерді оқытудың аса белсенді түрі болып саналған дәріс түрінде сабақ өткізу қанағаттандырмайтын болды. Арнайы оқу бағдарламалары мен электронды оқулықтар жасалып, заман талабына сай білім беру техникалары арқылы білім алушылардың өз бетінше ізденісін қалыптастырып, олардың шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асырып, дамуына мүмкіндік беретін білім алу бағыттары кеңеюде.

Қазіргі кезде «педагогикалық технология» ұғымы біздің педагогикалық тілдік қолданысымызға еркін еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі.

№3 слайд

Түсіндірме сөздікте: «Технология — бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе,

Б.Т. Лихачев «педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал» деп түсіндіреді. Ал технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға деген ынтасына, оқу барысындағы іс-әрекетіне мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күретамырының рөлін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі; оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті).

Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М. М. Поташник ұсынған критерийлері:

· елдің, аймақтың, қаланың талап-тілегі мектепке әлеуметтік сұраныс;

· мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар мемлекеттік сұраныс;

· қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;

· педагогикалық озат тәжірибе;

· мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;

· мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдаулары.

Бұдан педагогикалық технологияны таңдау барысында:

· алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;

· жүйелілігі;

· тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:

а) тұжырымдық негізі.

ә) оқыту-мазмұндық бөлімі:

· оқытудың нақты және жалпы мақсаты;

· оқу материалының мазмұны;

б) үрдістік бөлім технологиялық процесс:

· оқу үрдісін ұйымдастыру;

· оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;

· мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;

· мұғалімнің материалды басқарудағы іс-әрекеті;

· оқу үрдісінің диагностикасы.

Оқытуды модернизациялау педагогикалық технологиялар

№ 4 слайд

Педагогикалық қарым-қатынасты демократиялық және ізгілік негізінде құру педагогикалық технологиясы.

Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы.

Оқыту үрдісін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы.

Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай құрылған оқыту технологиясы.

Табиғи, ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту технологиясы.

Альтернативті оқыту технологиясы.

Кешенді политехнологиялар.

1. Педагогикалық қарым-қатынасты демократиялық және ізгілік негізінде құру педагогикалық технологиясы:

· ынтымақтастық педагогикасы;

· ізгілікті-тұлғалы оқыту технологиясы;

· адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі (Е. Н. Ильин).

2. Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы:

· ойын-сабақ технологиясы;

· проблемалық оқыту;

· модульдік оқыту технологиясы (М. М. Жанпейісова);

· Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту технологиясы;

· Е.И. Пассовтың коммуникативтік оқыту жүйесі.

3. Оқыту үрдісін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы:

· бағдарламалап оқыту;

· саралап оқыту;

· даралап оқыту;

· ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;

· компьютерлік технология.

4. Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай құрылған оқыту технологиясы:

· ірілендірілген дидактикалық бірліктер (Эрдниев П. М.);

· «Мәдениет диалогы» (В. С. Библер, С. Ю. Курганов);

· «Экология және дидактика» жүйесі (Л. В. Тарасов);

· ақыл-ой әрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы (М. В. Волович).

5. Табиғи, ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту технологиясы:

· «Сауаттылыққа тәрбиелеу» Кушнир технологиясы;

· М. Монтессори технологиясы.

6. Альтернативті оқыту технологиясы:

· Вальдорф педагогикасы (Р. Штайнер);

· еркін еңбек технологиясы (С. Френе).

7. Кешенді политехнологиялар:

· «Школа самоопределения» (А. Н. Тубельский);

· «Школа для всех» (Е. А. Ямбург);

· «Школа парк» М. Балабин.

№5 слайд

Жаңа педагогикалық технологиялар
Білім беруді ізгілендіру Саралап-деңгейлеп, дамыта оқыту Дербес оқыту технологиясы
Иллюстрациялы-түсіндірмелі оқыту Міндетті нәтижелер негізінде саралап оқыту Оқыту бейімдеу жүйесі
Лекция-семинар-сынақ Саралап-деңгейлеп оқыту Дербес оқыту
Ірі блокпен оқыту Дамыта оқыту Жеке бағытталған оқу жоспары негізінде оқыту
Перспективті дамыта оқыту Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі Жобалап оқыту
Сабақтың тиімділігі негізінде оқыту Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы Бағдарламадан оқыту
Проблемалы оқыту Техникалық шығармашылық технологиясы Ақпараттық (компьютерлік) оқыту
Ойын арқылы оқыту Шығармашылықпен дамыта білім беру технологиясы Ұжымдық тәсілмен оқыту
Тірек конспектілері мен белгілері арқылы оқыту Қоғамдық шығармашылықты қалыптастыру технологиясы Модульдік оқыту
Ізгілікті-тұлғалы оқыту технологиясы Коммуникативтік оқыту технологиясы Проблемалық-модульдік оқыту
Ынтымақтастық педагогикасы М. Монтессори технологиясы В. М. Монаховтың технологиясы
Вальдорф педагогикасы   Өздігінен даму технологиясы

Қорытынды

Елімізде оқытуды модернизациялауға үлес қосып, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып, тәжірибеге ендіруші мұғалімдер мен оқытушылар және оларды зерттеп, жүйелеп ұсынушы ғалымдар жыл санап көбейіп келеді.

Әрине, дәстүрлі оқытуды модернизациялау білім берудің сапасын арттыру құралы ретінде маңызды саналатыны рас, бұл заман талабынан қалмаудың басты шарты. Бірақ өмір салты, ділі, психологиясы бөлек басқа халықтың тәжірибесін көзсіз қайталаушылыққа жол берілмеуі керек. Сондықтан да жаңалықтар мен технологияларды біздің тәжірибемізге көшіргенде ішінара өзгерістер болатыны қалыпты жағдай.

 

СОӨЖ тақырыбы: Дәстүрлі оқытуды модернизациялау

Жоспар:

1. Дәстүрлі оқыту әдісіне сипаттама.

2. Модернизация және педагогикалық технология.

3. Осы заманғы жаңа педагогикалық технологиялар.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Білім мазмұнындағы жаңаша өзгерістерді атаңыз.

2. Оқытудың қазіргі жаңаша технологияларының негізгі бағыттарын көрсетіңіз.

3. «Модернизация», «Технология», «Педагогикалық технология» ұғымын ашыңыз.

  1. Оқытудың жаңа технологияларының М. Н. Поташник ұсынған критерийлерін атаңыз.
  2. Оқыту технологияларының жүйесіне талдау жасаңыз.
  3. Жаңа педагогикалық технологиялар және олардың өміршеңдігі жөнінде пікіріңіз.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

  1. Педагогикалық қарым-қатынасты демократиялық және ізгілік негізінде құру педагогикалық технологиясы.
  2. Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы.
  3. Оқыту үрдісін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы.
  4. Педагогикалық технология тақырыбындағы қазақстандық ғалымдар еңбектерінің ерекшеліктері.
  5. Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай құрылған оқыту технологиясы.
  6. Табиғи, ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту технологиясы.
  7. Техникалық шығармашылық технологиясы.

8. Альтернативті оқыту технологиясы.

9. Кешенді политехнологиялар.

Реферат тақырыптары

1. Қ. Әбдіғалиевтің «Шоғырландырып қарқынды оқыту» – (ШҚО) жаңа модулі.

2. Ш. Таубаева мен Б. Барсай ұсынған оқытудың қазіргі технологияларының ерекшеліктері.

3. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы.

4. Педагогикалық технологиядағы қазақстандық ғалымдардың үлесі.

5. Оқытуды модернизациялау педагогикалық технологиялар.

6. Я. А. Коменскийдің оқыту жүйесі.

7. Л. В. Заньковтың дамыта оқыту жүйесі.

8. В. М. Монаховтың технологиясы.

9. Д. Б. Эльконин, В. В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.

10. СТОД – жаңа педагогикалық технология.

11. М. Жанпейісованың модульдік технологиясы.

12. Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі.

Әдебиеттер тізімі

1. Коменский Я. А. Великая дидактика. Изб.пед.соч., 1955.

2. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика. – 1989.

3. Таубаева Ш., Барсай Б. Оқытудың қазіргі технологиялары.// Бастауыш мектеп. №3,4, -1999.

4. Занков Л. В. О предмете и методах дидактического исследования.

5. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технология. //Қазақстан мектебі. – 2001. №2. -8-13 бб.

6. Дьяченко В. К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. Усть-Каменогорск. – 1982.

7. Айтмамбетова Б. Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері /23-лекция/. – Алматы. -1991.

8. Давылов В. В. Проблемы развивающего обучения. –М.: Педагогика, -1986.

9. Бұзаубақова К. Ж. Жаңа педагогикалық технология. –Тараз: ТарМУ, 2003. -207 б.

10. Монахов В. М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса. Волгоград: - Перемена. -1995.

11. Махмутов М. И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. Алматы: Мектеп. -1981.

12. Кусаинова Г. М. Новая педагогическая технология: метология, теория и практика. Усть-Каменогорск, 1977.

V модуль. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Мектептiң оқу-тәрбие үрдiсiн басқару технологиясы

п.ғ.к., доцент Т. Б. Машенбаев

№1 слайд

Мақсаты: қазiргi заман тақырыбына сай мектеп жұмысын басқару әдiсiнiң теориялық негiзiн айқындау.

Міндеттері:

  • мектепті басқару мен басшылық ету ұғымдарының мәнін ашу;
  • мектеп басшыларына қойылатын талаптарды айқындау

Жоспар:

  1. «Мектептi басқару мен басшылық ету» ұғымдарының мәнi.
  2. Мектеп басшыларына қойылатын талаптар.

Негiзгi ұғымдар: басқару, мектеп жұмысын басқару, педагогикалық басқару, бiлiм берудi басқару, педагогикалық технология.

Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика тарихы, этнопедагогика.

«Мектептегi басқару мен басшылық ету» ұғымдары

Бүгiнгi мектеп бұл күрделi де жауапты жүйе. Бүгiнгi оқушылар да, мұғалiмдер де кешегi кеңес уақытынан басқаша. Мектеп қабырғасына жаңа заманның ұстаздары келiп жатыр. Олар жаңалыққа бай кадрлар. Олар компьютердi, интернеттi меңгерген. Тек қана ел iшiндегi ғана емес әлемдегi сонғы жаңалықтардан, озық тәжiрибелерден жеткiлiктi хабардар.

Демек, мектепке басшылық ету тәсiлдерi де өзгерген. Оқу орнын жаңа талаптарға сай басқару керек. Бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнiң басқаша екендiгi Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңында да тайға таңба басқандай анық айтылды. «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау».

Мемлекетiмiздiң маңызды құжаттарының бiрi «Қазақстан 2030» бағдарламасында да бiлiм берудегi бүгiнгi уақыт жауапкершiлiгi нақты айтылады. Бағдарламада «Бiлiмi мен бiлiгi жағынан шетелдердегi замандастарымен бәсекеде жеңiлмейтiн, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу» деп көрсетiлдi.

Басшылық бұл да өнер. Ұжымдағы басқару ойдағыдай болса, көптеген жетiстiктерге қол жеткiзуге болады. Ұжым дұрыс басқарылса, кәсiпорынның не мекеменiң бедел-абыройы артады. Мұндай ұжымға сенiм де көп артылады. Сенiм бар жерде мемлекет тарапынан қолдау, көмек болатындығы заңдылық.

Қазiргi нарық заманында өркениеттi елдердiң озық тәжiрибесi кеңiнен пайдаланылуда. Басқарудың әлемдiк менеджментi көп табыстарға негiз болады. Бұдан бiздiң үйренерiміз мол. Менеджменттiң мағынасын немiс ғалымдары В. Зигерт пен Л. Ланг негіздеп бердi: «Менеджмент белгiлi мiндеттердi орындау үшiн адамгершiлiктiк, тиiмдiлiк және үнемдiлiк жолдары арқылы адамдарды басқару», дейдi. Осы анықтамадан аңғарылып отырғандай, адамгершiлiк алдыңғы кезекке қойылып отыр. Бұл да тектен-текке емес. Басқару iсiнде адамдар арасындағы түсiнiк, бiр-бiрiне деген сыйластық, қиын сәтте қолұшын созу ерекше рөл атқарады. Адамның бойында адамгершiлiк, азаматтық қасиеттер орын алған жағдайда ұжымдағы ахуал да орнықты болады. Ал ендi тиiмдiлiк, үнемдiлiк дегендер өмiрдiң өзi қойып отырған талаптар. Ысырапшылдықтың, ұқыпсыздықтың неге апарып соқтырары әмбеге аян. Үнемдiлiк, әсiресе дағдарыс жағдайында өте қажет. Не нәрсенi де үнемдi, тиiмдi пайдалану арқылы кездескен қиындықтардан қиналыс-сыз шығып кетуге болады.

Кейiнгi жарық көрiп жатқан ғылыми еңбектерде менеджментке нақты да айқын анықтама берiлiп жүр. Оларда менеджменттiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен өкiлдiгiн күшейту мақсатында басқаруда пайдаланылатын философияның, стратегиялардың, ұстанымдардың әдiс-тәсiлдерi мен құралдарының жиынтығы екендiгi айтылады.

Бiлiм беру технологиялары оқушы үшiн жұмыс iстеуi тиiс. Басқарудағы барлық мүмкiндiк, күш-жiгер шәкiрттiң ойдағыдай өсiп-жетiлуiне жұмсалуы тиiс. Бүгiнгi оқушының елдiң ертеңгi азаматы екендiгi ескерiлгенi жөн.

Белгiлi ғалым Ю. А. Конаржевскийдiң басқарудың қыр-сырын анықтаудағы еңбегi зор. Ол педагогикалық менеджменттiң қандай болатынын жан-жақты ашып бередi. Конаржевский бұл ретте америкалық әрiптесi П. Друкердi үлгi тұтады.

№2 слайд

Педагогикалық менеджментке:

а) әр педагогтың бойындағы қабiлет-қарымды дамыту;

ә)қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты, түсiнiстiктi ретке келтiрiп отыру;

б) адамдардың iзденiсiне, алға ұмтылушылығына кедергi келтiрмеу;

в) еңбектi түпкi нәтиже бойынша бағалау жатады.

Басқарудағы негiзгi мiндеттер ретiнде мыналарды айтуға болар едi:

1) адамдарды ұжымның ортақ мақсатына жұмылдыра бiлу;

2) ұжым мүшелерiнiң талап-тiлектерiне, мұң-мұқтаждарына құлақ асып, мүмкiндiгiнше оларды қанағаттандырып отыру;

3) қызметкерлердiң ойдағыдай жұмыс iстеуiне жағдай жасап отыру;

4) жағдай жасаумен бiрге, әркiмнiң тапсырылған жұмысқа деген жауапкершiлiгiн арттырып отыру.

Бүгiнгi заманның талаптарына сәйкес алдыңғы қатарлы мектептерде инновациялық үрдiс жақсы дамып отыр. Бұл дегенiңiз мектептегi оқу үрдiсiне бiлiм берудегi әлемдiк озық iстердiң енгiзiлуi. Осы жаңалықтың енуi нәтижесiнде көптеген мектептер бiлiм сапасын едәуiр жақсартты.

Оқушыларды мектеп бiтiргеннен кейiн сан тарау өмiр жолдары күтiп тұр. Өкiнiшке орай, бiрқатар оқушылар мектептi тәмамдасымен қандай кәсiптi таңдарын бiлмей алаңдайтыны бар. Осы жағдай орын алмауы үшiн мектепте бағдарлы бiлiм берудiң алар орны өте зор. Мұндай бiлiммен қаруланған оқушы мектеп бiтiрген соң ешқандай қиналмайды. Кәсiбiн қиналыссыз таңдайды, қалаған оқу орнына жақсы бағалармен түсе алады.

Мектептi басқаруда ең алдымен мектеп басшыларына, атап айтқанда, мектеп директорына, оның оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты басшыларына зор жауапкершiлiк жүктеледi. Тиiстi орындар осы басшыларды тағайындарда кандидаттарды мұқият зерттегендерi жөн. Өйткенi мектеп, ондағы оқушылар мен педагогтар тағдыры көп жағдайда осыларға байланысты. Бiлiмдi, бiлiктi басшы мектептi жоғары деңгейге көтере алады. Мектептiң өсiп, өркендеуi басшының ұйымдастырушылық қабiлетiне, iскерлiгiне, жанының тазалығына көп байланысты.

Ендi мектеп басшыларына қойылатын талаптарға назар аударайық.

№3 слайд

Сонымен мектеп директорының мiндетi:

1. Ол қарамағында еңбек ететiн кадрларды дұрыс таңдап, iрiктей бiлуi қажет. Педагогтардың бiлiктiлiктерiн арттырып отыру — күн тәртiбiндегi маңызды мәселе. Бiлiм беру саласындағы, жеке педагогтардың озық тәжiрибелерiн насихаттап отыру, оларды күнделiктi оқу процесiнде пайдаланып отыру — парыз.

2. Қызметкерлер мен оқушылардың тек жұмыстағы, сабақтағы ғана емес жұмыстан тыс, сабақтан тыс немен шұғылданатынына бақылау жасап отыру.

3. Мектептегi қоғамдық жұмыстардың жүру барысын қадағалау.

4. Педагогтардың өз мiндеттерiн жауапкершілікпен атқаруына көңiл бөлу.

5. Ата-аналармен байланыс жұмысын назарда ұстап отыру.

6. Жергiлiктi басқару орындарымен, кәсiпорындармен, мекемелермен байланыс орнату.

7. Мектептiң материалдық-техникалық базасына көңiл бөлу, мектептiң, кабинеттердiң тиiстi жабдықтармен қамтамасыз етiлуiн ұдайы қадағалау.

8. Педагогтарды еңбектерiне қарай ынталандырып отыруды естен шығармау.

9. Қызметкерлердiң жалақыларын уақытында алып, еңбек демалысына уақытылы шығуын жүзеге асыру.

№4 слайд

Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарларының мiндеттерi:

1. Сабақтардың уақытылы өтуiн қадағалау.

2. Жоспарлардың, тапсырмалардың орындалуын бақылау.

3. Сабақтан тыс өткiзiлетiн жұмыстарды ұйымдастыру.

4. Ата-аналармен, құқықтық орындармен байланыс жасап отыру.

5. Балалардың қоғамдық жұмыстарға, үйiрмелерге қатысуын қадағалау.

6. Сынып жетекшiлерiмен, тәрбиешiлермен әңгiме өткiзiп отыру.

7. Қоғамдық-мәдени, тақырыптық шаралардың уақытылы әрi мазмұнды өтуiн бақылау.

Мектеп басшылары жақсы жақтарынан көрiнуi тиiс. Оларға бiлiмдiлiк, парасаттылық, ұстамдылық, қарапайымдылық тән болуы қажет. Басшылар қарамағындағыларға ақыл-кеңес берiп, жөн-жоба сiлтейтiн болғандықтан өздерi қай iсте де өнеге-үлгi көрсетуi қажет.

Жоғарыда айтылған педагогикалық технологияларды ауызға алғанда оқушының қабiлет-қарымына көп көңiл бөлген дұрыс. Бұл жолда педагогикалық бiлiм беруде өз үндерi, iздерi бар И. Волков пен А. Кушнирдiң айтқандарына жүгiнгеннiң еш артықтығы жоқ. И. Волков: «Педагогикалық технология жоспарлы оқыту нәтижесiн сипаттау үрдiсi» десе, А. Кушнир мынаны алға тосады: «Технология бұл оқыту нәтижесiн қамтамасыз ететiн, осы жүйенiң негiзгi құрамдас бөлiгi. Педагогикалық технологиялардың осы анықтамалары ғана түлектiң «моделiн» бередi.

Көпшiлiк бұл күндерi мектептi басқару технологиясы екi сала бойынша жүзеге асырылатынын жақсы бiледi. Ғалым Т. Куриленко бiрiншi сала бойынша басқару технологиясын үш топқа бөлiп қарастырады. Олар:

1) психологиялық-педагогикалық технологиялар.

2) педагогикалық-ұйымдастыру технологиясы.

3) әлеуметтiк-психологиялық технология.

Бiрiншi технологияның мәнi белгiлi. Яғни оқушылардың көңiл күйiне назар аудару. Олардың ненi жақсы көрiп, ненi жақтырмайтынын бiлу. Не нәрсеге қабiлеттерi барлығын анықтау. Бiр сөзбен айтқанда, бұл балалармен жұмыс. Екiншiсiне келсек, бұл технология бойынша атқарылар шаруа ұшан-теңiз. Негiзi қолға алған жұмыстың көңiлдегiдей қорытындылануы дәл осы технологияны тиiмдi пайдалануға байланысты. Жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда дiттеген нәтижеге жете аласыз. Әлеуметтiк-психологиялық технологияға келетiн болсақ, оқушылардың не мұғалiмдер қауымының қоршаған ортаға қатысы, өзгерiстердi, жаңалықтарды бiлмекке ұмтылуы жатады.

Екiншi сала басқару технологиясын демократиялық үрдiс негiзiнде жүргiзу. Мұнда кадрларға баса көңiл бөлiнедi. Оларды дұрыс таңдап, орын-орнына қоя бiлу керек. Сонымен бiрге ата-аналармен, оқушылармен жүргiзiлетiн жұмысты үйлестiрiп отыру қажет. Мектептi басқару iсi оңай жұмыс емес. Бұл оқушылармен ертеңгi ел азаматтарымен жұмыс. Сондықтан бұл бағытта қойылар талап өте үлкен. Шәкiрт ұстазына қарап өседi. Ұстазы қалай сөйлегiсi келсе солай сөйлегендi, ұстаздарынша қимыл-қарекет танытқанды ұнатады. Демек, ұстаз шәкiрт қалауына сай болуы керек. Бұл педагогке де, педагогтар жұмысын ұйымдастырып отырған мектеп басшыларына да зор жауапкершiлiк арттыратыны белгiлi.

Бiздiң елiмiзде бiлiм беру саласында жиi реформалар болады. Оның бәрi жай емес. Соның бәрi қайтсек бiлiм сапасын арттыра аламыз, бiлiм сапасын әлемдiк үлгiге сай көтере аламыз деген ниеттен туындап отыр. Өйткенi, бүгiнгi мектеп оқушыларын елiмiздiң ертеңi десек, олардың жан-жақты бiлiм, саналы тәрбие алуы мемлекеттiк маңызды iс.

Мектептегi жұмыстың уақыт талабына сай жүргiзiлуi айналып келгенде iстi ұйымдастыруға келiп тiреледi. Яғни ұтымды басқару iсiне көп байланысты. Бұл бағытта ел iшiнде көңiл қойып, назар аударар өнегелi iстер, тәжiрибелер баршылық. Соларды күнделiктi iсте пайдалануға баса көңiл бөлiнгенi жөн. Қазiргi қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-мәдени жағдай бiлiм беру саласына тың талаптар қойып отыр. Дүниежүзiндегi өркениеттi елу елдiң қатарына қосылу педагог кадрлардан да зор жауапкершiлiктi талап етедi. Қазiр бәсекелестiк заманы. Бiздiң педагогтарымыз, оқушыларымыз бiлiм жағынан да, ақылдылық, дарындылық жағынан да өзге елдердегi өздерi секiлдi әрiптестерiнен кем болмауы тиiс. Қайта артықшылықтарымен көзге түсуi қажет. Әрине, бұл бағытта мектептегi оқу-тәрбие үрдiсiн заманауи талаптарға сай басқарудың орны тiптен айрықша.

Өзiн-өзi бақылауға арналған сұрақтар

  1. «Мектептi басқару» терминi ненi бiлдiредi?
  2. Мектептi басқару қызметтерiне сипаттама берiңiз.
  3. Оқу-тәрбие үрдiсiн басқарудың технологиялары қандай?

Өзiндiк жұмысқа арналған тапсырмалар

  1. Әртүрлi оқулықтар бойынша «мектептi басқару» ұғымының түсiндiрмесiн оқып шығыңыз.
  2. Мектептi басқару мәселесiнiң қазiргi әдiстемелерiн талдаңыз, өз көзқарасыңызды бiлдiрiңiз.
  3. Жаңашыл мектептiң басқару тәжiрибесiн талдап, қорытындылаңыз.

Реферат тақырыптары

  1. Мектептегi оқу-тәрбие процесiн басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру.
  2. Қазiргi заман мектептерiне басшылық ету мәселелерi.
  3. Мектеп басшысының жеке тұлға ретiндегi рөлi.
  4. Қазiргi заман мектебiнiң директорына тән мiнез-құлық қасиеттерiне сипаттама.
  5. Мектептi басқару мен мектептiң оқу-тәрбие процесiне басшылық етудi жетiлдiру, оқушыларға бiлiм беру мен тәрбиенiң сапасын көтерудiң алғышарты.

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының педагогикалық білім беру стандарты. Алматы, 2001.

2. Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы, 2004.

3. Бейсенбаева А. А. Теория и практика гуманизация школьного образования. Алматы, Ғылым, 1998.

4. Қараев Ж. А. Кредиттік оқу жүйесіне арналған педагогикалық технологиялар.

5. Бекмағанбетова Р. К., Азимбаева Д. К. Педагогиканың жалпы негіздері және тәрбие теориясы.

6. Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық түсіндірме сөздік// Ғылыми жетекшілік жасаған проф. Беркімбаева Ш. К., проф. Құсайынов А. Қ. Алматы, 2007.

7. Педагогика: Курс лекций, Алматы, «Print-S», Алматы, 2005.-364с.

8. Жалпы педагогика. Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К. «Заң әдебиеті». Алматы, 2006. -228 б.

9. Вульфов В. З., Иванов В. Д. Основы педагогики в лекциях,

в ситуациях, в первоисточниках. Уч.пособие. – М., 1997.-288 с.

10. Педагогика. Уч.пособие./ Под ред. П. И. Пидкасистого. М., 1996.-602 с.

11. Подласый И. П. Педагогика.- Минск, 1996.-631 с.

12. Журавлев В. И. Педагогика в системе наук о человеке. – М.: Педагогика, 1990.

 

 

Мектептегі педагогикалық үрдісті басқару құрылымы

п.ғ.к., доцент Б. Ю. Юсупов

№1 слайд

Мақсаты: қазіргі заман мектебі жұмысын басқару әдісінің теориялық негізін айқындау.

Міндеттері:

  • «мектептегі басқару мен басшылық ету» ұғымының мәнін ашу;
  • басқару қызметтерін сипаттау;
  • мұғалімнің мамандық дәрежесін көтеру туралы түсінік беру.



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 4800; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.323 сек.