КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жоспары
Негізгі ұғымдар: басқару, мектеп жұмысын басқару, педагогикалық басқару, білім беруді басқару, әдістемелік жұмыс, инновациялық бағыттылық, аттестация, кәсіби-педагогикалық мәдениет, мамандық пен кәсіби шеберлікті көтеру, педагогикалық технология. Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика тарихы, педагогикалық технология.
«Мектепті басқару мен басшылық ету» ұғымының мәні және оның негізгі принциптері Қазіргі заман мектебі — күрделі жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар мектеп дегеніміз — мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі: басқарушы және басқарылушы жүйеден тұрады. Бұл қазіргі кез келген оқу-білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретінде мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көріну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады. Мектепті басқарудың басты мәні — педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты ұйымдастыру. Басқарудың қызметтерін тек дидактикалық тұрғыдағы аспектілермен шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді. Әсіресе мектептердегі тәрбиелік жұмыстың тәрбиенің қалыптасқан стереотипінің түбегейлі өзгеруімен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкілікті ауысуымен қазіргі кезеңіндегі қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қиыншылық жағдай, білім беруді, қазіргі тәрбиелік процесті белсендіруді, оның жаңа түрлері мен әдістерін табуды, әсіресе бұл процесті басқарудың басқа амалдарын табуды өте қажет етеді. «Педагогикалық басқару» ұғымы «білім беруді басқару» ұғымынан кең, өйткені ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (отбасы, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесінің мекемелері, т.б.) қызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез келген «адам — адам» жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негізгі түріне бағынады — педагогикалық процесс субъекті іс-әрекетін басқару. Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі — өсіп келе жатқан ұрпақтың іс-әрекеті. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер арқылы), не жанама — мемлекеттік қоғамдық ұйымдар арқылы жүргізіледі. Басқару субъектісінің қызметтер жиынтығын басшылық дейді. Мектептегі практикалық басқару іс-әрекетінің бағыттары, құндылығы жағынан бірдей емес. Мектептің негізгі әлеуметтік міндеттеріне сәйкес, ол өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Осыған байланысты басқарудың барлық бағыттарының ішінде оқу-тәрбие жүйесін басқару бірінші орында болу керек. Осылайша, педагогикалық басқару — практикалық іс-әрекет, ол — тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Педагогикалық басқару теориясы — мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту. Білімнің бұл саласының міндеттері — педагогикалық басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық мәселелерін жете зерттеу, оны жетілдірудің ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар педагогикалық басқару мектептің барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстың түрлерін жоққа шығармайды. Білім беруді басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына негізделеді. Мектеп басшылығының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басшылық етуі бойынша қызметтері Мектеп басшылығының қызметтері Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі бекіткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады. Бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі мәселелері бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалық кадрлардың іс-әрекетін реттейді. Төменде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша мектепте қызмет атқаратын адамдардың жұмыстары келтірілген. Мектеп директорының басшылық қызметі, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілігі бар. Мектеп директорының міндеттері:
Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының қызметі мен міндеттері:
Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының міндеттері:
Мектептегі жаңарту мен оған өзгерістер енгізу жағдайларында жоғарыда аталған қызмет міндеттерін орындау үшін мектеп директоры мен оның орынбасарларының жоғары педагогикалық білімі, адамгершілік мәдениеті болуы, жұмыста іскерлік пен жауапкершілік көрсетуі, оқыту мен тәрбиені жетілдірудің тәсілдері мен шығармашылық әдістемесіне ие болуы керек, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жаңашылдық ынтасы мен озат тәжірибесіне қолдау көрсету қажет. Мектеп басшыларының қызметтері әдістемелік жұмысты нақты ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ. Мектеп басшыларының арасындағы өзара ықпал. Әдістемелік жұмыс ғылым және озат педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негізделген. Әрбір мұғалімнің, ұстаздың, тәрбиешінің, оқу мекемесі басшысының, білім беру жүйесінің басқа да қызметкерлерінің педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсіби шеберлігін көтеру (педагогтардың кәсіби өзіне-өзі білім беруді, өзін-өзі тәрбиелеуді, өзін-өзі жетілдіруді басқару бойынша шараларды да есептегенде), тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мүмкіндігін дамыту мен көтеру және оқушыларға нақты білім беру, тәрбиелеу мен дамытудың үйлесімді деңгейіне жетуге бағытталған өзара байланысты шаралардың, қызметтердің жүйесі. Әдістемелік жұмыс — педагогикалық кадрлардың олардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке-дара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесін басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талабы негізінде тәрбиелеудің маңызды амал-тәсілі болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бірі — білім беру тәжірибесіндегі оқушылардың танымдық, ойлау әрекетін белсендіретін, терең білім, білік пен дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелі әдістерді шығармашылық түрде меңгеру. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мынадай бағыттар бойынша нақтыланады: мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы, кәсіби адамгершілік мәдениеті, жалпы мәдениеттілігі, әдіснамалық мәдениеті, зерттеушілік мәдениеті, диагностикалық мәдениеті, басқару мәдениеті ұзақ уақыт аралығында күрделі проблема бола алады. Мұғалімдердің әдістемелік, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болашақта жеке педагогикалық жүйенің, іс-әрекеттің бар стилінің қалыптасуына жағдай туғызады. Жаңашыл педагогтар тәжірибесі, ең алдымен, оқыту әдістемесіне, ғылыми оқытудың нақты бір бағытының және оны жүзеге асырудың технологияларына үлкен үлес қосады. Дидактикаға бұл тәжірибе, біріншіден, баяндаудың әртүрлілігін нақтылай түсуге, екіншіден, жаңашыл мұғалімнің тәжірибесін зерттегеннен кейін кемшіліктерді түсінуге көмектеседі: оқыту процесінде оқу материалының мазмұны және оқушылар білімін есептеу мен бақылаудың кері байланысы да бар. Қазіргі жағдайларда Қазақстандық мектептің жаңа моделін жасау жүріп жатқан кезде, өткеннің және қазіргі уақыттың жаңашыл педагогтарының тәжірибесін: олардың тәжірибесіндегі жаңа білімнің мазмұнын (сапасы, деңгейі), педагогиканың әртүрлі саласы мен тұтас педагогикалық ғылым үшін жаңашыл педагогтардың қосатын үлесін арнайы зерттеу керек. Педагогика әдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдістемелердің, жаңашылдық тәжірибелердің басты назарында болуы керектігін анықтау қажет. Тәжірибеде жаңа білім болса (оқыту теориясы), тәжірибенің мамандандырылған дидактикалық талдауы ғылымды нығайтып, оны анық жетістіктері деңгейінде ұстап тұратынын ескеру керек. Өйткені, ғылымда іске асырылып жатқан, бір-біріне қарсы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырып тұрған әртүрлі тұжырымдар, ғылыми болжамдар, теориялар, принциптер, қазіргі заманғы және моральдық тұрғыдан ескірген көзқарастар, ғылыми ережелер мен дәстүрлі түсініктер, нақты білімдер мен белгі-шарттары сияқтылар кездеседі. Жаңа педагогикалық құбылыстарды түсіндіріп, негіздегенде терең және кең көлемді ғылымның өзіндік рефлексиясы, шынайы, «әрекеттегі» білімді бекітеді. Бұл орайда, теориямен тиянақталған жаңашылдық тәжірибе дамудың бастауына айналады. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формаларына динамикалық. Бұлар көптеген факторларға байланысты өзгеріп, жаңарады, олардың негізгілері: мемлекеттің білім беру саласындағы саясаты, заң актілері мен құжаттары; мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, оларды жеке тұлғалық және кәсіби-қызмет көрсеткіштерінің диагностикалық өлшеуімен анықталған әдістемелік сауаттылығы; мектеп ұжымындағы моральдық-психологиялық жағдай, әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкіндіктері; мектеп ішіндегі педагогикалық тәжірибені зерттеу, мұғалімдердің жаңашылдық ашықтығы мен белсенділігі, мектеп басшыларының әдістемелік жұмысты орындауға кәсіби дайындығының деңгейі; мектеп ұжымындағы нақты моральдық жағдай (мұғалімдер арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы, мұғалімдер мен басшылық арасындағы қатынастар). Осылайша, әдістемелік жұмыстың мазмұны қазіргі мектептің өзекті міндеттерімен анықталады. Бұл міндеттер мұғалімдердің әдістемелік жағынан жетілуі және олардың өздігінен білімін көтеру, маман педагогтардың шығармашылық өсуінің барысында жүзеге асады. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
Реферат тақырыптары 1. Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру. 2. Қазіргі заман мектептеріне басшылық ету мәселелері. 3. Мектеп басшысының жеке тұлға ретінде рөлі. 4. Қазіргі заман мектебінің директорына тән мінез-құлық қасиеттеріне сипаттама. 5. Мектепті басқару мен мектептің оқу-тәрбие процесіне басшылық етуді жетілдіру, оқушыларға білім беру мен тәрбиенің сапасын көтерудің алғышарты. Пайдаланылған әдебиеттер
Мектептегi оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау п.ғ.к., доцент Т. Б. Машенбаев №1 слайд Мақсаты: жалпы бiлiм беретiн мектептiң жұмыс жоспарын құрастыруға қойылатын маңызды талаптарды айқындау және мектептiң жылдық жұмыс жоспарының негiзгi мазмұнын ашу, мектеп құжаттарының түрлерiмен танысу. Міндеттері:
Жоспар:
Негiзгi ұғымдар: мектептi басқару, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспар түрлерi, мектеп құжаттары. Басқа пәндермен байланысы: психология, ақпарат теориясы, басқару теориясы.
Жоспарлау — басқару қызметiнiң бiрi Қай iсте болмасын жоспарлаудың алар орны ерекше. Бұл, әсiресе мектеп жұмысында тiптi маңызды. Маңызды тақырыпты жан-жақты талдамас бұрын жоспарлау дегеннiң не екенiне анықтама бере кетелiк. Жоспарлау дегенiмiз:
Ендi мынадай сұрақтың кесе-көлденең тұруы заңды: «Жоспар жасау не үшiн қажет?». Бұл сауалға былайша жауап қайтаруға болар едi. Уақыт — жылдам. Күндер мен жылдар ұшқан құстай зулап жатыр. Қазiр мемлекетте де, қоғамда да өзгерiстер көп. Осындай жағдайда мектеп те өзгерiстерден, жаңалықтардан тыс қалмау керек. Оқушыларға бiлiм, тәрбие беру заман талабына сай жүргiзiлуi тиiс. Бұл маңызды жұмысты қалай болса солай, атүстi атқаруға болмайды. Өйткенi, бүгiнгi оқушы, якишәкiрт қоғамның ертеңгi мүшесi. Бүгiнгi жас ұрпаққа елдiң болашақтағы тағдыры тапсырылады. Мемлекетiмiздiң, елдiң ертеңi қандай болмағы бүгiнгi жас ұрпаққа, оның алған бiлiмiне, бойына сiңiрген тәрбиесiне тiкелей байланысты. Оқушыға бала деп, жасөспiрiм деп жеңiл-желпi қарауға болмайды. Ол — елдiң ертеңгi азаматы, аға ұрпақтың сенiмi мен үмiтiн алға жалғастырушы. Олай болса, оқушыларға тәлiм-тәрбие беретiн мектепке, педагог кадрларға жүктелер жауапкершiлiк өте зор. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауға сол себептi де айрықша мән берiледi. Жұмыс жоспарланса, iс те жүйе болады. Жүйелi iс көздеген мақсатқа, белгiленген межелерге жеткiзедi. Жоспарлаудың мән-маңызын осыған қарап-ақ терең түсiнуге болар едi. Негiзi жоспарлау айлық, тоқсандық, жылдық дегендей кезең-кезеңге бөлiнедi. Алайда көптеген мектептер соңғысын, жылдық жоспарлауды қолдайды. Мұның да өзiндiк себебi бар. Бұлай болатыны мектепте атқарылатын жұмыстар кейбiр мекемелер мен кәсiпорындардағыдай науқандық сипат алмайды. Мектеп өндiрiс не ауыл шаруашылығы емес. Мектептегi жұмыс белгiлi. Яғни, оқушыларға сапалы бiлiм, саналы тәрбие беру басты мәселе. Олай болса, жоспарды жылға арнап жасаған тиiмдi әрi қолайлы болар едi. Жоспарды жасауға ең алдымен мектеп басшысы мүдделi екенi әбден түсiнiктi. Себебi мектептегi барша тiрлiкке жауап беретiн де мектеп директоры. Әрине, бұл жерде өзге педагогтардың бiлiм ордасының жұмысына қатысы жоқ екен, олардан жауапкершiлiк сұралмайды екен деген жаңсақ ой тумаса керек. Алайда басшының аты басшы. Оның иығындағы жүк салмақты, өте ауыр. Мектеп жұмысын жоспарлағанда әр мектеп басшысы әртүрлi тәсiлдердi, әдiстердi пайдаланады. Кейбiр мектеп директорлары жоспардың жобасын алдымен өзi жасайды, сосын оны мұғалiмдерге таратып, өзгерiстер, толықтырулар жасауға ұсынады. Ал кейбiр мектеп басшылары бұған басқаша қырмен қарайды. Олар алдымен педагогтардың ой-пiкiрлерiне, ұсыныстарына сүйенедi. Соларды ой елегiнен өткiзген мектеп директоры керегiн алып, керексiзiн алып тастайды. Сосын өзiнiң ұсыныстарын енгiзедi. Бiздiңше осы екi үлгiнiң соңғысын пайдаланған дұрыс болар едi. Қалай дегенмен де алдымен қатардағы қызметкерлердiң пiкiрiне ден қойып, содан кейiн барып қана шешiм қабылдағанның маңызы зор. Сонымен мектеп басшысы мектептегi оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарын дайындауды қолға алды. Ең бiрiншi қандай шара қолға алынады? Мектептегi педагог кадрлардың басы түгел қосылып, жиналыс өткiзiлгенi жөн. Оны мектеп директорының өзi жүргiзуi қажет. Осы жиналыста жылдық жоспар жөнiнде айтылады. Бұл жұмысты жүргiзетiн арнайы топ құрылады. Топты мектеп директорының өзi не оның оқу-тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары басқарса да болады. Педагогтердiң ой-пiкiрлерi, ұсыныстары, жиналатын арнайы күн белгiленуi тиiс. Топ ой-пiкiрлердi жинақтайды. Сөйтiп, оларды iрiктеп жылдық жоспардың жобасын жасайды. Мектеп директоры оны қарап, тиiстi түзетулер енгiзiп, бекiтедi. Бұл жоспар көбейтiлiп, әрбiр педагогтың қолында болса да артықтығы жоқ. №2 слайд Жоспарда басшылыққа алынуы тиiс мәселе:
Жылдық жоспар жайлы айтылған жиналыста мектептiң өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың мәнi ерекше. Бұл жолда белгiлi ғалым Ю. А. Конаржевскийдiң әдiсiн ескерген де абзал. Ол әдiс бойынша мына жайттар көрсетiлген болатын:
Атқарылған жұмысқа талдау жасаудың маңыздылығы туралы В. А. Сухомлинский де былай деп орынды айтқан болатын: «Мектеп-тiң өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай, келер жылға жоспар құру мүмкiн емес. Кемшiлiктердi түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрi жан-жақты талдау жасалғанына байланысты». Ал Ю. А. Конаржевскийдiң сөзiмен айтсақ «оқу-тәрбие жұмысын талдау мұғалiмдер ұжымын оқушылардың мықты бiлiмi мен өте жақсы үлгерiмi үшiн, кемшiлiктердi тез және дер кезiнде жою үшiн күреске жұмылдыру сияқты мақсат негiзiнде жүргiзiлуi тиiс». №3 слайд Мектептiң жылдық жұмыс жоспарының принциптерi мен мазмұны:
Мектептiң жылдық жұмыс жоспарының принциптерi мен мазмұны Жоспар жасағанда басшылыққа алынатын мәселелер.
Жоспарды iске асыруда мектеп iшiнде жүретiн шараларды тиiмдi жүргiзудiң ықпалы орасан зор. Қандай шаралар?
Балаларды отансүйгiштiкке, патриоттыққа тәрбиелеу — ұстаз парызы. Бұл жөнiнен көптеген мысалдар келтiруге болады. Қабанбай, Наурызбай, Кенесары, Сырым секiлдi қазақ батырларынан бастап кешегi Бауыржан мен Төлеген, Мәншүк пен Әлия ерлiгi жас ұрпаққа мәңгiлiк үлгi. А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, М. Шоқай өмiрлерi де туған ел мен туған халқына деген сүйiспеншiлiктi, iңкәрлiктi аңғартады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың әрекетi де — патриоттықтың, ұлтжандылықтың белгiсi. Бүгiнгi таңда оқушыларға құқықтық, эстетикалық тәрбие берудiң де алар орны айрықша. Оқырмандар конференциялары, кездесулер, мазмұнды лекциялар, пiкiрталастар балалардың санасын арттыруда, көңiл көкжиектерiн кеңейтуде зор ықпал ете алады. Табиғатты сүю, қорғау мәселесi де көкейкестi мәселе. Балалардың әртүрлi байқауларға қатысуы оларды жинақылыққа, тәртiптiлiкке баулиды. Салауатты өмiр салтын насихаттаудың маңыздылығы айтпаса да түсiнiктi. Темекiнiң, арақ-шараптың, есiрткiнiң зиян екендiгiн балалар жас кезiнен бiлуi тиiс. «Денi саудың — жаны сау» дегендей, балалардың дене шынықтырумен, спортпен шұғылдануына көңiл бөлiнуi керек. Спорттық секциялар жұмыс iстеп тұрса, туристiк саяхаттар ұйымдастырылса, нұр үстiне нұр. Баланы еңбекке баулу, еңбек тәрбиесiн беру оқушы бойында сергектiктi, адалдықты, кәсiпке сүйiспеншiлiктi қалыптастырады. Өмiрде қандай жетiстiк, табыс болсын оп-оңай келмейтiнiн, оған тек еңбек ету арқылы ғана қол жеткiзуге болатындығын оқушылар сезiнiп өссе, мұның өзi ертең қоғамда кездесетiн жалқаулық, қулық-сұмдық, жемқорлық сияқты келеңсiз көрiнiстердiң бой көрсетпеуiне ықпал етерi күмәнсiз. Жоспардың осы бөлiгiнде ата-аналармен жұмыстың көрiнiс табуына назар аударған жөн. Егер мектеп ата-аналармен бiрлесе, ынтымақтаса жұмыс iстей алатын болса, тәрбие саласында көптеген жетiстiктерге қол жеткiзедi. Осы ретте балаларын үлгiлi етiп тәрбиелеп отырған отбасыларын көпшiлiкке насихаттап, олардың оң тәжiрибесiн ата-аналар арқасында бөлiсiп отырса да мектептегi тәрбиенiң iлгерi болуына әсер етер едi. · Кадр — басты тұлға. Кеше де осылай болған, бүгiн де бұл талап сол қалпында. Жоспарда педагог кадрлармен жұмысқа да баса көңiл бөлiнедi. Олардың бiлiктiлiктерiн арттырып отыру — күн тәртiбiнен түспейтiн мәселе. Озат мұғалiмдердiң тәжiрибесiн насихаттап отырудың жас ұстаздарға берерi мол. Педагогтарға арналып өткiзiлетiн конференциялар, семинарлар, курстар ең бастысы мазмұндылығымен ерекшеленiп тұрғаны жөн. · Педагогикалық кеңес жұмысы. Жоспарда бұған да мән берiлуi тиiс. Педагогикалық кеңес — мектептегi жауапкершiлiгi мол орган. Сондықтан да оның тәртiбiнде қаралатын мәселелер алдын ала дайындалуы тиiс. Онда күнделiктi оқу процесiне пайдасы тиер, педагогтардың жұмысына серпiн берер мәселелердiң қаралғаны дұрыс болады. Мұндай кеңес мәжiлiстерiнде жекелеген мұғалiмдердiң есептерiн тыңдап отыруды практикаға айналдырса да ешқандай өрескелдiгi жоқ. · Бақылау. Жоспар жасау бар да, ендi сонда көрсетiлген шаралардың орындалуын бақылау бар. Әрине, сенiмнiң болғаны жақсы. Бiрақ бақылаусыз тағы болмайды. Сол себептi белгiленген шаралардың жүзеге асуын үнемi назарда ұстаған абзал. · Мектептiң материалдық жай-күйi. Педагогтардың iске құлшынысы, сабақтың ойдағыдай өтуi, ұжымда дұрыс ахуалдың болуы, айналып келгенде осының бәрi жағдайға байланысты. Жұмыс iстеуге жағдай жасалса жұмыс та өнiмдi, көңiл күй де көтерiңкi. Мектеп ғимараты, ондағы кабинеттер заман үлгiсiне сай болуы тиiс. Сыныптар қажеттi жабдықтармен — компьютермен, көрнекi құралдармен, кiтаптармен жабдықталуы тиiс. Еңбек пәнiнде киiлетiн арнаулы киiмдер, спорт құралдары әсемдiгiмен, сонылығымен көз тартқаны дұрыс. Балалар тамақтанатын асхананың жабдықталуы да талғамға сай болғаны жөн. Мектеп құжаттары. Мектеп дегенiңiз де мемлекеттiк нысандардың бiрi. Басқа мекемелер мен кәсiпорындарға қойылатын талап, мiндет мектепке де ортақ. Сондықтан да мектептегi оқыту-педагогикалық, қаржы-шаруашылық құжаттары мемлекеттiк үлгiге сай болуы тиiс. Педагог пайдаланатын сынып журналдары да құжаттың бiрi. Онда оқушының бағасы жазылады. Баға — оқушы бiлiмiнiң көрсеткiшi. Оқушыларға берiлетiн анықтамалар, жоғары орындардан келетiн ресми қағаздар, кiрiс-шығыс хаттар — осылардың бәрi де мектептегi құжаттар қатарына жатады. Олай болса, құжаттардың уақытында тiркелуi, олардың тиiстi орындарға уақытылы жiберiлiп отыруы мектептегi тәртiптiң бiр белгiсi. Мектеп жұмысы жоспарланғанда iстiң осы саласы да ұмыт қалмауы тиiс. Құжаттардың талапқа сай толтырылуы әрi жүргiзiлуi арқасында мектеп жөнiнде нақты әрi ақиқат ақпарат алуға қол жетедi. Өзiн-өзi бақылауға арналған сұрақтар
Өзiндiк жұмысқа арналған тапсырмалар Қандай да бiр орта мектептi елестетiңiз (мысалы, өзiңiз бiтiрген мектептi алайық). Осы мектеп ұжымы iс-әрекетiнiң бiр жылға арналған маңызды деген мақсаттарын анықтаңыз. Негiзгi мiндеттердi анықтаңыз, оларды шешу алға қойған мақсаттарға жетудi қамтамасыз етуі қажет. Осы мектеп жұмысының жылдық жоспарының бiр тарауынан мазмұнын құрастырыңыз. Жылдық жоспардың осы тарауының сыртқы көрiнiсiнiң әралуан түрлерiн қарастырыңыз. Реферат тақырыптары
Әдебиеттер тізімі
в ситуациях, в первоисточниках. Уч.пособие. - М., 1997.-288 с.
Мектептегі педагогикалық диагностикалау п.ғ.д., профессор І. Р. Халитова
№1 слайд Дәрістің мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық диагностикалау жұмыстарымен таныстыру. Дәрістің міндеттері:
Жоспар:
№2 слайд Негізгі ұғымдар: оқушылардың танымдық іс-әрекетін педагогикалық диагностикалау — ес, зейін, қабылдауы, есте сақтау, тағы басқалармен қатар оқу іс-әрекеті — тапсырмаларды орындауы, оқуға ынтасы, ізденісі, шығармашылық мүмкіндіктерін танып білуден тұрады. Оқушылардың жеке ерекшеліктері — қызығуы, қажетсінуі, мұраты мен наным, сенім, еліктеуін т.б. зерттеу. Оқушылардың құндылық бағдары — өзін-өзі бағалауы мен қоршаған ортасын, ұстаздары мен отбасы мүшелеріне қарым- қатынасын т.б. зерттеу және диагностикалау. Оқушының рухани әлемі — ізгілік, қайырым, мейірім және осыған орай іс-қимылымен анықталады. Оқыту технологиясы: проблемалық оқыту, белсенді әдістерді пайдалану. Оқушыларды танып-білу бағыттары Мектеп оқушыларын әр жас кезеңінде зерттеуді — тұтас тұлғаны танып-білу мәнінде жүргізу талабы қойылады. Сондықтан оның қабілеттері мен қасиеттері, сапаларын жан-жақты және толық танып-білу үшін әртүрлі тәсілдерді пайдалануға болатыны өткен дәрісте айтылды. Оқушылардың қызығуы, қажетсінуі, мұраты, наным, сенімі, т.б. психологиядан белгілі. Қазіргі кезде оқушылардың тәрбиелілігін анықтауда бұрынғыдай эстетикалық, адамгершілік қасиеттері, ақыл-ойының дамуы, еңбекке көзқарасы, дене тәрбиесіне мән беруі, экологиялық, экономикалық тәрбиесі деп бөліп қарастырылмайтын болды. Әрине олар өз мәнділігін ешқашан жоймақ емес. Бірақ заман талаптарына сай олар топтастырылып рухани құндылықтар ретінде зерделеніп келеді. Осыған орай оқушылардың тәрбиелілігін диагностикалауда олардың бойында мынадай қасиеттер мен сапалардың бар екендігі және қаншалықты деңгейде екенін анықтау керек:
Оқушыларды диагностикалау бағдарламасының мазмұны осыларды қамтиды. Бағдарлама мазмұны 1) оқушы туралы жалпы мәліметтер: аты, жөні, туған күні, мектепке түсуі, балабақша туралы мәліметі; 2) оқушының дамуы, өсіп-жетілу тарихы: ата-анасының денсаулығы, шарана, бөбек, сәби, мектепке дейінгі кезеңдеріндегі ерекше мәліметтер (қандай аурулармен ауырды); 3) отбасы: отбасы мүшелері туралы мәліметтер; отбасы қарым-қатынасы; материалдық ахуалы, ата-анасының қызметі, ерекше әдеттері т.б.; 4) дене бітімінің саулығы: дене мүшелерінің толықтығы мен қызметі, дене мүшелерінің өсуі, дамуы, талапқа сәйкестігі; қимыл - әрекетінің дұрыстығы; ым-ишараларының дұрыстығы; дене қуаты мен төзімділігі, шыдамдылығы; 5) танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері: сезім мүшелерінің қызметі: көру, есту, иіс, дәм, т.б.; сөйлеу аппараттарының қызметі; сөзді түсінуі мен ойын айтып беруі; есте сақтау қабілеті — тұрақтылығы, назар аударуы, зейін; қабылдауы және оның саналылығы; жылдамдығы; тыңдаған нәрсені түсінуі; себеп және салдарды анықтай алауы; есте сақтау ерекшелігі — көргенін, естігенін, ұстағанын, «аралас» есте сақтауы; жылдамдығы, ұзақтығы, мықтылығы; еске түсіру ерекшелігі; не нәрсені қалай жақсы есте сақтайды; оқу материалдарын іздестіруі — пәндерге мәмілесі, қайта айтып беруі; қолы мен бармақтарының икемділігі; тапсырмаларды түсінуі мен орындау жылдамдығы, дұрыстығы, кедергілерді жоюға ұмтылысы т.б.; қызығу түрлері мен оның тұрақтылығы; 6) көңіл күйі мен ырықтылығы: оқушының әдеттегі көңіл күйі — көтеріңкі, мұңды; қызбалығы, салмақты, ұшқалақ. Қорқу, таңырқау, сезімталдығы, ықтиярлығы, әдепсіздіктерден бас тартуы; 7) тұлғалық ерекшелігі — тәртіп сақтауы, ойын, оқу, еңбектегі құлшынысы, адамгершілік сапалары: жақындарына мәмілесі. Олармен қарым-қатынасы; қайырым, мейірім, жабысқақтығы, басқаларға зиянкештігі, өтірік айтуы, т.б. «қиратуға» жақындығы, қаңғыбастығы, қорқытуға, зорлық, зомбылыққа жақындығы т.б. Қарым-қатынас жеке оқушының болмысын көрсететін басты фактордың бірі болса, оқушылар тобы мен ұжымын зерттеуде де ондағы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын танып білудің де өзіндік маңызы бар. Өйткені қоршаған әлеуметтік және табиғи ортаға болған қарым-қатынас стилі адамның ішкі жан дүниесінен, көзқарасынан хабар береді. Оқушыларды диагностикалау мазмұны Қызығуы — адамның белгілі бір нәрсеге ерекше көңіл бөліп, соған зейін қоюы. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың нысаны болып табылады. Оқушылардың қызығуын зерттеу аса маңызды, өйткені кейбір қызығу түрлері олардың болашақ мамандығының, кәсібінің негізі болуы әбден мүмкін. Осыған орай олардың қызығуларын танып білуде оның мазмұны, басқаша айтқанда, не нәрсеге қызығады, мысалы, белгілі бір пәнге, не болмаса өнер түріне, техникаға, спортқа, қолөнер, тігіншілік не қандай да бір іс-әрекет түріне қызығуы және сол қызығудың тұрақтылығы мен тереңдігі ескерілуі тиіс. Бұлар көбінесе сауалнама, әңгіме, бақылау, тестілеу арқылы анықталады. Осы мәліметтердің дұрыстығын оқушының іс жүзіндегі іс-әрекетінен тексеріп көруге болады. Диагностикалаудың тағы бір мән беретін тұсы — оқушының түрткілері (мотив — бұны Ш. Құдайбердиев «ындын» деп атаған) мен қажетсінуі. Түрткі дегеніміз — адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір іске жетелейтін күш. Түрткі адамның тән талаптарын қанағаттандыруын не ішкі жан дүниесінің кемшілігін, яки жетпей тұрған, орны бос тұстарын толықтыруға итермелейтін ішкі қозғаушы күш болып табылады. Адамды қандай да бір әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш — мотив немесе түрткі, оның бір нәрсеге мұқтаждығын, оған бір нәрсенің қажет екендігін көрсетеді. Бұлар материалдық және рухани қажетсінулер болып бөлінеді. Олардың қай-қайсысының болмасын жеткіліксіздігі адамды мұқтаждыққа алып келеді де, психикасына, денсаулығына, рухани әлеміне зиян тигізеді. №3 слайд Психологиялық диагностикалау дегеніміз — оқушының ішкі жан дүниесінің ерекшеліктері, ақыл-ой қызметінің дұрыстығына жауап беретін психикалық үрдістер зерделенеді. Ал педагогикалық диагностикалау осылардың оқушы іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы көрінісін танып-білу арқылы қателерін түзетуді, дұрыс мінез-құлықты тұрақтандыру арқылы қалыптастыруды, жеткіліксіз тұстарын дамытуды көздейді. Бұл ретте оқушылардың тәрбиелілігін бағалау өте күрделі. Алайда оны көрсетудің әртүрлі өлшемдері бар. Олар мыналар: жүріс- тұрысындағы әдет, дағдылары, біліктілігі; санасы мен мінез-құлық арасындағы байланыс немесе іс-қимылының саналылығы; жүріс-тұрысының қоғамдық талаптар мен нормаларға сәйкестігі; іс-әрекеті мен айтқан сөзінің сәйкестігі; өзіне және бақаларға болған көзқарасы немесе өзін бағалуы мен басқаларды да бағалай білуі; қалауы, тілек, армандары мен оған ұмтылысы; оқу әрекетіне мәмілесі мен көзқарасы; ұстаздарына мәмілесі т.б. Сонымен бірге мотивтер мен қажетінің түрлері адамның жалпы іс-әрекетінің бағытын анықтайды. Сондықтан оқушының қандай мұқтаждығы бар, не нәрсе жеткіліксіз, оның әсері қай сипатта екенін танып-білу аса маңызды. Оларды зерттеу жоғарыда келтірілген әдістермен жүзеге асырылады. Жеке адамның бағыттылығын көрсететін құрамды бөліктерінің бірі — сенімі. Сенімнің мазмұны өте кең, ол адамның өзіне сенімі, басқаларға сенімі, болашағына сенімі, рухани сенімдері — қоғамда, өмірде өз орнын табуына, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өмір сүруіне ықпал ететін аса маңызды құрамды бөлігі. Диагностикалауда тұлғаның осы қасиеттерін анықтау ол туралы мәліметтердің толық болуын егер ауытқулар болса, оның себептерін танып-білуге септігін тигізеді. Діни наным-сенім, мұрат және оған сену де аса маңызды мәселелер болып табылады. Жеке тұлғаның өмірі мен іс-әрекетіне айтарлықтай ықпал ететін аса маңызды қасиетінің бірі — мұрат (идеал). Бұл адамның өзіне өнеге, үлгі тұтатыннысаны. Оның іс-әрекетіне бағыт беретін, кезде тұтатын маңызды нысандардың бірі. Мұраттың болуы оның болашаққа ұмтылуына түрткі беретін күштердің бірі деуге де болады. Оның болмауы адамның іс-әрекетінің мақсатсыздығы мен ретсіздігіне алып келеді. Сондықтан оқушы тұлғасын танып-білуде оның осы тұсын да ескеру маңызды. Тұлғаның бағыттылығы дегеніміз — адамның белсенділігін оятатын оның талғамы мен талабын қанағаттандыруға жетелейтін қозғаушы күштер жүйесі. Бұл адамның психологиялық құрылымының құрамды бөлігі ретінде белсенділігін оятатын басты күш деуге де болады. Ол қозғаушы күштер ретінде басты орынды мотивтер, қажетсінулері мен мұрат-мақсаты алады. Ғылыми-танымдық бағыттылығы белгілі бір пәндерге қызығуы; арнайы іс-әрекет бағыттылығы — сурет салу, музыка, киім тігу, дәрігерлік т.б. кәсіптерге бағыттылығын көрсетеді; бағыттылығы негізіндегі өзіндік ізденістері; шығармашылығы мен табандылығы, жігерлігі т.б. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің толық, тиімді және ұтымды болуы оның психикасының саулығы, ақыл-ой қызметінің сапасы мен таным қызметіне тығыз байланысты. Оқушылардың басты әрекеті оқу болғандықтан үлгерімі, оқу әрекеттерін орындауы — оның ес, зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу секілді басқа да сапаларымен тығыз байланысты. Олардың қызметін танып-білу педагог, психолог, әлеуметтік педагог, дәрігер мамандармен бірлесе жүргізіледі. Бұнда көбінесе эксперимент әдістерімен қоса басқа да әдістерді қолдану ақпарлардың толайымды болуына, демек кейбір ауытқуларды реттеу, түзету, емдеу секілді шараларды дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды. Мектеп оқушыларының ішкі жан дүниесі мен рухани әлемінің көрсеткіштеріне, олардың бойындағы адамгершілік қасиеттермен бірге санасында ерекше орын алатын қасиеттері, қажетсінуі, мұраты, қызығуы, бағыттылығы жатады. Осылардың қаншалықты деңгейде қалыптасқандығын анықтаудағы мақсат — жеткіліксіз тұстарын жетілдіру жолдарын
Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 11861; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |