Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

II модуль 8 страница




Тәрбие технологиялары

№3 слайд. 1. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері

Әңгімелеуоқу материалын жүйелі баяндау. Көбінесе адам-дардың өмір жолын баяндап, кейіпкерлерге сипаттама беруде, табиғи құбылыстарды және өмірді суреттеу барысында қолданылады. Әңгімелеу құндылық-бағдарлы болуы қажет. Ол балалардың сезіміне әсер етіп, адамгершілік өлшемдер мен үлгі-өнегелі тәртіп дағдыларын қалыптастыруда қолданылады.

Әңгімелесу әдісіоқушылар ұжымының өмірі мен мүддесіне сай тақырыптарды талдауға, оларға белсене араласып, қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауға негізделеді. Қазіргі кезеңде бұл әдіс көбінесе мұғалім мен оқушылар арасында «сұрақ-жауап» түрінде жүргізіледі. Әңгімелесудегі ең басты нәрсесұрақтарды жүйелі түрде қою арқылы жаңа түсінік қалыптастыру. Әңгімелеу барысында тәрбиеленуші жалқыдан жалпы түсінік немесе жалпыдан жалқы түсінік қалыптастыру дағдысын меңгеру тиіс.

Түсіндіру әдісіүлгі-өнегелі қылықтарды қалыптастырып, бекітуде және болған оқиғаға оқушының қатынасын орнықтыру үшін қолданылады. Түсіндіру кезінде сынып оқушыларының тұлғалық сапасы мен білім деңгейіне сүйенеді.

Сендіру әдісібалаларды иландыру кейбір түсініксіз жағдайлады ұғымды, түсінікті етіп, оның санасына, сезіміне, еркіне әсер ету арқылы үнемі ақыл-кеңес беріп, жағымсыз қылықтардан арылтып, жағымды моральдық сана-сенім қалыптастыру. Сендіру әдісі оқушыға әсер етпейтін айналадағы ортамен тығыз байланыста жүргізіліп, оқушының айналадағы дүние мен өзін түсінуіне ықпал етеді. Сендіру әдісі оқушының сенімін қалыптастырумен тығыз байланысты. Оқушы санасында сенімді қалыптастыру үшін екі нәрсеге жете назар аудару керек: 1) білім, пікір, идея — сенімнің мазмұнын құрайды; 2) қарастырылатын сенімнің дұрыстығы; осыған байланысты екі мақсатты шешу көзделеді; оқушыға дұрыс ақпарат беріп, оны санасында бекіту; сол қабылдаған ақпаратқа өзіндік қатынасын орнықтыру.

Үлгі-өнеге көрсету әдісі —негізінде оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қол жеткізген жағымды жоғары мұратқа, жаңа іс-әрекетке еліктеу және өзіндік көзқарас қалыптастыру.

Пікірталас әдісі — оқушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділіктерін арттырады. Пікірталас оқушылардың назарын түрлі көкейкесті мәселеге аударып, оны ойланып негіздеуге бағыттайды және құбылыстар жайлы пікірін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2. Оқушының жағымды тәжірибесі мен мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері.

Үйрету —белгілі бір әрекет кезінде оқушының әдет-дағдысын қалыптастыру. Кез келген әрекетті үйрету үшін оны қысқа және нақты түрде көрсеткен жөн. Үйрету әдісі үнемі тәрбиешіден бақылауды және оқушыдан өзін-өзі бақылауды қажет етеді.

Жаттықтыру әдісі — үйретумен тығыз байланысты. Мектеп өмірінде оқушы бойында қалыптасқан қоғамдық қатынастарының беріктігі көрініс береді. Педагог кез келген ситуациядан шығудың тиімді жолдарын көрсетуі қажет. Бұл өз тарапынан оқушыға ықпал етіп, шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.

Педагогикалық талап қою әдісі — оқушыны дамытудағы тиімді әдіс. Мұғалім тарапынан қойылатын талап, біртіндеп оқушының өзіне-өзі талап қою жауапкершілігіне айналуы тиіс. Талап қою педагогикалық үрдістің ішкі қайшылықтарын, оқушылар тәртібін, қарым-қатынасын ашып көрсетіп, оны жетілдіруге ықпал етеді.

3. Жеке тұлғаның іс-әрекеттері мен қылықтарын ынталандыру әдістері.

Кез келген іс-әрекеттің нәтижелі болуы тұлғаның түрткісі неғұрлым күшті, өз қызығушылығынан туындаса, онда алдында кездескен кедергілерді, қиындықтарды жеңіп, өз мақсатына жетуді көздейді. Іс-әрекетті тудыратын түрткі мен ынталандыру тығыз байланысты. Ынталандырудың түрлі әдістері бар.

Жарыс. Педагогикалық үрдісте жарысты ұйымдастыру үшін мұғалім оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне қарай, олардың жарысқа түсуге ынталы екенін, үнемі бірінші орынға ұмтылысын, өз күш-қайратына сенім артатынын ескеруі тиіс. Оқуда, еңбекте, спортта өз жетістігін көрсету үшін жа-рыстың пайдасы мол, балалардың ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілеті артып, жаңа бастама көтеріп, жауапкершілік, ұжымдық қаты-настары дамиды. Жарыс жеке оқушылар мен ұжым арасында қысқа және ұзақ мерзімге ұйымдастырылады. Жарысты ұйымдастыруға қоылатын талаптар: ашықтық, көрсеткіштердің нақтылығы, олардың салыстырмалылығы, озат тәжірибені қолдану.

Мадақтау —жеке оқушыны немесе ұжымның іс-әрекеті мен қылықтарына берілетін қоғамдық жағымды баға. Жеке тұлғаның таңдап алған іс-әрекетіне қоғамдық жағынан оң баға беру ынталандыруға жатады. Оқушы көпшіліктің оң бағасынан, өзін көтеріңкі көңіл күйде сезініп, өзіне сенімі, белсенділігі артады. Оқушылардың кез келген іс-әрекетіне кесімді баға күтпей, мұғалім тарапынан қолдау тапқанын сезінуі маңызды. Көтермелеу, әсіресе өз ісіне төмен қарайтын балалар үшін жасалуы тиіс. Мадақтау ұжымның ортақ пікірінен туындағаны абзал.

Жазалау әдісі — оқушының қоғамдық қалыптасқан ережелер мен заңдарды бұзу іс-әрекеті мен мінез-құлықтарына қарсы қолда-нылатын шара. Жазалау арқылы оқушының іс-әрекеті реттеледі. Жазалау баланың моральдық, тәндік жағына күш түсірмеуі керек.Жазалауды күш көрсету деп түсінбей, оқушыға өзінің ұжымынан уақытша болса да бөлініп қалғанын сезіндіру керек. Жазалау формасының бір түрі — мұғалім мен сынып ұжымының оған деген қарым-қатынасын өзгертуі. Жазалау әдісін қолдану балаға тәрбиелік ықпал ететін өте нәзік дүние, сондықтан мұғалім оны дұрыс қолдана білгені жөн. Кез келген жазалау түрін қолдану үшін тәрбиеші қоғамдық тәртіптің не үшін бұзылғанын, оның себеп-салдарын, туу жағдайын тексеру керек. Жазалау ұжымның қоғамдық пікіріне сәйкес келуі қажет.

Педагогикалық бақылау — жеке тұлғаның іс-әрекет, қарым-қатынас, мінез-құлықтарын тұтастай қабылдап, оның өзгеру барысын бақылау.

Педагогикалық бақылау әдісіне: оқушыларды бақылау, тәрбиелік деңгейін анықтау үшін әңгіме жүргізу; сауалнама; қоғамдық пайдалы әрекетке талдау жүргізу; оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін талдау; тәрбиеленушілердің мінез-құлық, іс-әрекеттерін бақылайтын ситуация тудыру жатады.

Педагогикалық шеберлік және педагогикалық шеберліктің құрылымы

№4 слайд. Педагогикалық шеберлікпедагогикалық қызметтің жоғары даму деңгейін, педагогикалық технологияны жетік меңгерумен қатар, педагогтің тұлғалық сапасын, тәжірибесін, азаматтық және кісіби ұстанымын анықтайды. Педагогикалық шеберлікке педагогикалық біліммен қатар, интуиция, аз күш жұмсап, тиімді нәтижеге жететін педагогикалық техниканы таңдай білу де жатады. Педагогикалық шеберлік дегенімізүнемі жеткен межеден арыға қол созу. Педагогикалық шеберлік кез келген іс-әрекетті жүзеге асыруы үшін арнайы білім, дағды, әдетті меңгеруге байланысты. Осы айтқандарды ескере отырып, педагогикалық шеберліктің төрт құрамды бөлігін төмендегідей ажыратуға болады:

  • оқушылардың жеке және ұжымдық қызметін ұйымдастыру шеберлігі;
  • оларды сендіру шеберлігі;
  • білім және іс-әрекет тәжірибесін меңгертуі;
  • педагогикалық техниканы меңгеру шеберлігі.

Педагогикалық қызметте осылардың бәрі өзара тығыз байланыста болады.

А. С. Макаренко: «Оқушылар мұғалімнің қаталдығын, әр нәрсе-нің анығына жетуді көздейтін сұрау-тапсырмаларына мойынсұнғаны-мен де, оның өз кәсіби ісін нашар меңгеруін кешірмейді», — деп көрсетеді. Олар мұғалімнің өзіне деген сенімін, білімін, біліктілігін, икемін, өнерін, қолынан не нәрсенің келетінін, ойын анық түйіндеуін, тәрбие жұмысын біліктілікпен ұйымдастыра білуін жоғары бағалайды. Сонымен бірге А. С. Макаренко: «Менің тәжірибе жүзінде көзімнің жеткені, оқу-тәрбие ісі біліктілік пен іскерлікке негізделген шеберлік мәселесіне тіреледі», — деп көрсетеді.

Әр педагогтің меңгеретін шеберлік деңгейі әртүрлі болады. Бірден шеберлікті меңгеру де оңай емес. Шеберлікті меңгеру үшін мұғалім педагогикалық процестің заңдылықтары мен тетіктерін білуі тиіс. Осыған орай педагогикалық тұрғыдан ойланып, әрекет етуге, педагогикалық процесті құрамды бөліктеріне ажырата білуге, әр жеке педагогикалық процесс компонентінің тұтастықпен байланысын саналы түсінуге, оқыту мен тәрбиелеу теориясының идеясын, тұжырымдамасын, принциптерін қарастырып отырған құбылысқа сай анықтай білуі керек. Оның психологиялық және педагогикалық мақсатты белгілеп, тиімді шешуді көздеуі шарт.

Кәсіби шеберлік мұғалімнің өзі қаруланған теориялық білімін өз іс-әрекетінде қолдануына байланысты болады. Теорияны тәжірибеде қолдана білу, теориялық ойлауды қажет етеді, көбінесе мұғалім педагогикалық қызметтің осы қырын біле бермейді. Екіншіден, педагогикалық қызмет біртұтас процесс, ол философия, педагогика, психология, т.б. ғылымдарының синтезіне негізделеді, ал мұғалімнің білімі жеке түсініктерден тұратындықтан, ол түсініктер басқарылатын жалпыланған дағдылар деңгейіне көтерілмейді. Осыдан барып мұғалім педагогикалық қызметінде ғылымға қатысы жоқ күнделікті педагогикалық дағдыны ғана меңгеріп, теорияны тәжірибеде қолдануды білмейді.

Педагогика өзінің дамуы барысында түрлі екшелген педагогикалық нормативтер, пайдалы ұсыныстар мен оқу-тәрбие ережелерін қалыптастырған. Олардың көпшілігі теориялық білімді қажет етпесе де, кейбіреулері педагогикалық процесс заңдылықтары-нан туындап, теория мен тәжірибенің дамуына қарай өзгеріске ұшырап отырады. Сондықтан нормативтер — дәстүрлі және инструктивті, шартты және шартсыз, эмпириялық және рационалдық болып бөлініп, педагогиканың қолданбалы бөлігіне айналады. Көп жағдайда педагогикалық қызметте, осы нормативтерді басшылыққа алуға тура келеді. Демек, кез келген педагогикалық қызметтен шығармашылық әрекетті, жаңалықты талап етуге болмайды.

Мұғалімнің шеберлік деңгейін қалыптастыруда педагогикалық техниканың орны ерекше. Ол жеке оқушыға немесе оқушылар ұжымына тиімді ықпал ету әдістерінің жүйесін құрайтын іскерлік пен дағдылар жиынтығы: тәрбиеленушілермен қарым-қатынас орнатудағы үйлесімді дауыс ырғағы мен қарым-қатынас стилін таңдау, олардың назар салуын басқару, қажетті екпін таңдау, басқару дағдыларын меңгеру және оқушы ісіне өзінің қатынасын көрсете білу, т.б.

Педагогикалық шеберліктің компоненттері

Педагогика ғылымында педагогикалық шеберліктің компоненттері бар.

Оларға мыналар жатады:

№5 слайд. Педагогикалық қарым-қатынасбұл оқу және тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған мұғалімдер мен оқытушылардың кәсіби қарым-қатынасы.

Педагогикалық қарым-қатынасмұғалімнен психологиялық мәдениетті талап ететін уақытта болатын қарым-қатынас барысында әлеуметтік шекараның сақталуына байланысты. Бұл өлшемнің кемуі (көп жағдайда тәжірибесі аз мұғалімдерде кездеседі) қарым-қатынастыңнашарлауына апарып, мұғалімнің беделіне нұқсан келтіреді. Әлеуметтік шекараның алшақ болуының да жағымсыз жақтары бар, яғни оқушылардың қасында байланыс орнатуға кедергі келтіреді.

Педагогикалық такт (лат. tactus — жанасу)— педагогикалық байланысу құралдарын таңдаудағы сезім өлшемі, нақты жағдайда шектен шықпай, тиімді тәрбиелік ықпалды пайдалана білу. Ол баланың жеке басын құрметтей отырып, оған шамасы келетін белгілі талап қоюды білдіреді.

Педагогикалық шеберлік пен оның компонентіне педагогикалық біліммен бірге, тиімді нәтижеге жете білетін педаго-гикалық техниканы таңдай білу шеберлігі де жатады.

Педагогикалық техника — жеке балаға, сондай-ақ тұтас ұжымға тәрбиелік әсер етуге таңдаған әдістемелерді жүзеге асыратын білім, шеберлік, дағдылардың жиынтығы. Сонымен бірге әртүрлі қалыптасқан көзқарастар бойынша; педагогикалық шеберлікті меңгерген мұғалімнің интуициясы мен білімі, ғылыми жағынан беделі, педагогикалық қиындықтарды жеңе білу, басшылыққа икемді болу, баланың жан дүниесін түсінетін дарынды қабілеті, оқушы тұлғасына нәзік және жекелей ықпал етіп, даналық пен шығармашылық тұрғыдан ойына түрткі туғызатын, ғылыми талдауға қабілетті, қиялы жетік болуы жатады.

Педагог-ғалым А. С. Макаренко: «Мен нағыз шебер педагог болу үшін «бері кел» деген сөзге 15 20 түрлі рең беріп үйрендім, бет әлпетімді, дауысымды, сөйлеу мәнерімді 20 түрлі кейіпке құбылтуға машықтандым. Сондықтан да мен айтқан сөзімді тыңдатуға және оны орындатуға қол жеткіздім», деп жазады. Осы пікірден педагоги-калық техниканың тіл дамытумен тығыз байланысты екені байқалады.

Сондықтан педагогикалық шеберлік пен техника негіздерін меңгеру міндетті түрде қарым-қатынас технологиясын білуді қажет етеді. Соңғы компонент — сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті деге-німіз әр дыбысты анық айту, дауыс екпінін таңдау, дұрыс тыныс алып, бет әлпеті мен қимылын үлесімді пайдалану шеберлігі.

Түйін

Оқу-тәрбие процесінде тәрбие әдістерін таңдай білу педагогтің шығармашылық қабілетінің бейнесі. Тәрбие әдістерін таңдау, ең бірінші қоғам алдындағы мұрат пен тәрбие мақсатына байланысты. Күнделікті тәжірибеде тәрбиеші тәрбие мақсаты мен мазмұнына сай тәрбие әдістерін таңдай білуі қажет. Тәрбие әдістері жеке тұлғаға ықпалын тигізетін болғандықтан, үнемі ұжымға бағытталып, ұжымның дамуын, жетілуін, ұйымдастырылуын ескереді. Тәрбие әдісін таңдау тәрбие мақсатына, мазмұны мен принцип-теріне, оны шешу жолдарына, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескеру заңдылықтарына негізделеді.

СОӨЖ тақырыбы: Тәрбиенің жалпы әдістері

Жоспар:

1. Оқушының санасын қалыптастыру әдістері.

2. Сендіру әдістерінің сипаттамасы.

3. Пікірталас —сендіру әдістері.

4. Оқушылардың мәдени дағды деңгейін қалыптастырудың маңызы.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Сендіру мен дүниетанымының байланысы.

2. Әңгімелесу, әңгімелеу, түсіндіру, дәріс әдістерінің мәні.

3. Мадақтау, жазалау, бақылау әдістері.

4. Ынталандыру әдістері.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Педагогтің шығармашылық қабілетін сипаттайтын көрсеткіштер.

2. Ынталандыру әдістерін қолданатын тәрбие жұмысының жоспарын жасаңыз.

3. Оқушының санасына ықпал ететін әдістерді талдап көрсетіңіз.

4. Пікірталас-сендіру әдісін ұйымдастыру.

Реферат тақырыптары

1. Ынталандыру тәрбие әдістерінің тәрбиелік мәні, оны қол-дану.

2. Тәрбие нәтижесін бақылау, оқушылардың тәрбиелік деңгей-лерін анықтау.

3. Сендіру әдісі арқылы оқушының көзқарасын жетілдіру.

4. Жағымды үлгі-өнеге әдісінің сипаттамсы.

Әдебиеттер тізімі

  1. Журавлев Я. И. Педагогика в системе наук о человеке. - М., 1990.

2. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы, “Нұрлы әлем”, 2003.

3. Пидкасистый П. И. Педагогика. Учебное пособие. – М., 1995.

  1. Болдырев Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. А., «Мектеп», 1987.
  2. Сластенин В. А., Исаев И. Ф., Шиянов Е. Н. Педагогика. М., Асадема, 2003.
  3. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А., «Дарын», 2004.
  4. Қалиев С. Қ, Иманбаева С. Т., Майғаранова Ш. К., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. -А., «Рауан», 1999.

Тәрбие ұжымын қалыптастыру және оның оқушыны дамытуға ықпалы

п.ғ.к., аға оқытушы М. К. Садықова

№1 слайд

Дәрістің мақсаты: тәрбие ұжымын қалыптастыру және оның жеке тұлғаны дамытуға ықпалы.

Дәрістің міндеттері:

1. Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы ұжымның рөлін анықтау.

2. Тәрбие ұжымының жеке тұлғаны дамытуға ықпалын ашып көрсету.

3. Ұжымдық пен даралықтың диалектикасына сипаттама беру.

Жоспар:

1. Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы ұжымның рөлі.

2. Ұжымтәрбиенің объектісі мен субъектісі.

3. Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі ұжымдық пен даралықтың диалектикасы.

Негізгі ұғымдар: қалыптастыру, дамыту, дамытудың қозғаушы күштері, тәрбие ұжымы, оқушылар ұжымы.

Көрнекіліктер: №1- № 6 слайдтар.

Оқыту технологиясы: бағдарламалық оқыту

Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы ұжымның рөлі

Кеңес мектебі әлемде бірінші болып, жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиеден бас тартып, тәрбие іс-әрекетінің негізінде ұжымды қалады. Сөйтіп, тәрбие тәжірибесі мен теориясының дамуына деген көзқараста үлкен қадам жасады. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналды, оны қалыптастыру мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданды. Жаңа қойылған мақсаттар кіші және үлкен мәселелерді теориялық үйлестіру мен талдауды қажет етті. Оларды шешуге А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский және т.б. атақты педагогтар күш жұмсады.

Латынның «коллективус» деген сөзі «жиын», «ұжым», «топ» дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым бұл адамдар тобы. Бірақ кез келген топ ұжым ба? Бірінші: кез келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. «Ұжым» педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі немесе бір мақсатқа бағытталған білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы деп түсіндіріледі.

Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжым жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді. Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың мыңызы зор. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін.

№2 слайд

Педагогтардың міндеті:

1) оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру;

2) оқушылардың ұжымдағы дұрыс өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады.

Сыныпта өз-өзінен шағын топтар (микроұжымдар) пайда болатыны аз емес. Олар, әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинақтау, көгершіндерді бағу, модельдер жасау т.б.) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы сыныптық, жалпы мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық орта мен микроұжымдардың әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай, соңғы әсер ешқашанда жақсы бола бермейді.

Ұжым өмірінде оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, адамгершілік қарым-қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады. Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан, ұжымда тұлғаның бас бостандығының болуы басты шарт болып табылады.

Ұжымдық жұмыстың ерекшелігі өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше, әрбір оқушыға өзінің алдына қойған міндеттерін жақсы ұғынуына көмектеседі.

А. С. Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау оның жойылу формасы.Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкершілік, тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 4211; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.071 сек.