КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
II модуль 4 страница
Ы. Алтынсарин «Білім дегеніміз — өзімізді қоршаған шындық-ты танып білу», — деп философиялық тұжырым айтқан. Білімді, оқы-ған, шындықты жақтайтын, инабатты, имандылық қасиетті адамдарды сенім алға жетелейді. Ал Абай Құнанбаев иманды этикалық, адамгершілік мәселесімен ұштастырды, «Иман дегеніміз — ар мен ұят». «Ұят кімде болса — иман сонда». Ұлы ойшыл Абай «көкірекке сәуле, көңілге сенім керек» дей отырып, ұрпағымызды сенімділікке шақырады. Махаббат, ғашықтық сезімін Абай атамыз имандылық сеніммен бірлікте қарады. Абай: «Адамның жақсысы — адамға пайда келтірген адам» 11. 202 дейді, ал бұл — Хадистерде берілген «хайру н-нас мән нанфагу н-нас» деген пайғамбар сөзі. Қорыта келе, «Құранда», «Хадистерде» және өздерінің еңбектерінде көптеген ғалымдарымыз жас ұрпақты білімділікке, адалдылыққа, адамгершілікке, имандылыққа шақырады. Абайдың сөзінше: «Тұлғаны туралыққа тұрақтандыратын күш екеу: дін мен сенім». № 6 слайд. Рухани тәрбие ұлт рухын көтереді Рухани тәрбие адамның ізгі қасиеттерінің жиынтығын құрайды және адамның адамшылық іс-әрекетіне қайшы келмейтін өз елінің мақсатын көздей отырып, ел арасында толеранттық сыйласымдылықты сақтау барысында жеке тұлға бойында рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыруға зор ықпал етеді, адам қоғамының дұрыс бағытта дамуы мен жеке тұлғаның толық жетілуіне байланысты іс-әрекеттердің, қасиеттердің бәрі рухани- имандылықтың мазмұнын анықтайды, ал ол құндылықтар дүниесінің құрамын толықтырады. Білім берудегі экономикалық тәрбие Білім беру, ұлттың интеллектілік потенциалының даму және тереңдеуінің факторы болса, екінші жағынан, ол — адам мүмкіндік-терінің іске асырылуының алғышарты. Білім беру теорияларының негізін У. Петти, А. Смид, Д. Рикардо, Дж. С. Милль, К. Маркс сынды классиктер құрастырған. Өз еңбектерінде білімнің халық үшін маңыздылығын дәйектеп, оқу, үйрену арқылы қоғам дамиды, адам еңбегі, қабілеті капиталдың бір элементі деген негіздеме жасаған. Олардың тұжырымы бойынша: · адам сапасы-қоғам дамуының ұйытқысы; · адамның маңызды сапалары білім беру мен тәрбие арқылы қалыптасады; · адам қабілеті капитал ретінде сипатталады. Бұл туралы адам капиталы теориясының негізін қалау-шылардың бірі Т. Шульцтің пайымдауынша, «егер білім қоғамға, өн-діріске әсер етсе, мұның өзі ел экономикасы үшін өте маңызды, яғни ол — капитал формасы», демек, адамның, қоғамның дамуы тікелей білімге байланысты. Кез келген экономикалық категория — экономикалық қатынас-тар жүйесіндегі белгілі бір таптардың қисынды бейнесі. Адам капиталы экономикалық категория ретінде іскерлікті, дағдыны, қабілеттерді қалыптастыру үрдісінде құрастырылатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін түсіндіреді, адам және оның экономикалық қатынастарын реттейді. № 7 слайд. Экономикалық тәрбиенің мақсаты Экономикалық тәрбиенің мақсаты — қоғам сұранысын қанағаттандыратын экономикалық сана қалыптастыру. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші рөлін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүддесіне сай қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңаша қатынастарды қалыптастыруды үйренуі тиіс. Білім беру қызметі қызметтің жалпы қасиеттерімен қатар мынадай маңызды қасиеттерге ие:
Құқықтық білім мен тәрбие Тұлғаны тәрбиелеу мен білім беруде құқықтық тәрбие мен білім маңызды рөл атқарады. Яғни қоғамның әрбір азаматының ҚР заңдарын білуі және оны сақтауға тәрбиеленуі аса қажет. Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген ережеге, қабылданған заңдарға сай болуын талап етеді. Сол талаптарға сай өмір сүру үшін, ең алдымен, оларды білу қажет. Бұдан құқықтық тәрбиенің мақсаты туындайды, яғни ол — жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындауға және сыйлауға, елін, жерін, оның байлығын қорғауға тәрбиелеу. Ол үшін:
Ертеңгі заң қорғаушылардың адамгершілік құндылық қасиеттерінің қалыптасуы да, алдымен, тәрбиеге байланысты. Құқықтық білім беруді адамгершілік тәрбиесімен ұштастырып, байланыстырып отыру тиіс. Яғни ұлттық, құқықтық, адамгершілік сананы қалыптастыру қажет, ол — қоғамдық сананың ерекше түрі. Бүгінде әлемдік деңгейде адамдардың құқығын қорғайтын «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» бар. Бұл бүкіл әлем азаматтарының құқын қорғайтын бірден-бір құжат болып табылады. № 8 слайд. Құқық қоғамдағы негізгі қатынастарды реттейді Құқық — қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Ол азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап, оларды жүзеге асыруға заң жүзінде кепілдік береді. CОӨЖ тақырыбы: тәрбие процесінің мазмұны Жоспар:
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
Реферат тақырыптары
Әдебиеттер тізімі
Базалық мәдениет п.ғ.к., доцент м/а А. Ш. Икрамова №1 слайд Дәрістің мақсаты: Базалық мәдениеттегі патриоттық тәрбие мен ұлтаралық қатынастардың өзара ықпалдастығы. №2 слайд Дәрістің міндеттері: 1. Базалық мәдениеттің педагогикалық процестегі орны. 2. Патриоттық тәрбиенің маңыздылығы. 3. Ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру. №3 слайд Жоспар: 1. Базалық мәдениет туралы түсінік.
3. Патриоттық тәрбие.
Негізгі ұғымдар: мәдениет, патриоттық тәрбие, ұлтаралық қатынастар. Пәнаралық байланыстар: философия, психология, мәдениет-тану. Көрнекі құралдар: № 1 — №6 слайдтар. Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту. Базалық мәдениет туралы түсінік «Мәдениет» деп біз тарихи даму барысында адамзат жасаған материалдық, рухани қасиеттердің жиынтығын айтамыз. Бірақ бұлай қарастыру сыңаржақтылықты танытады. Себебі мәдениетте аяқталған, ықпалға берілмейтін нәрсе жоқ. Сонымен қатар адамзаттың қолымен жасалып жатқан құндылықтары, олардың өзара байланысы, оны игеруі мәдениеттің бір бөлігі болып есептеледі. Осы факторларды ескере отырып төмендегідей анықтама беруге болады. Мәдениет — адамзаттың ғылыми, көркем және техникалық құндылықтарды жасаудағы қарым-қатынас жиынтығы, меңгерген идея, қоғамдық-моральдық нормалары мен принциптері, іс-тәжі-рибелік әрекетке қатысуы негізінде тұрақты моральдық сапаны, адамгершілік, имандылық қажеттілікті, сенімді және сезімді, дағдыны және мінез-құлық әдетін, әдепті қалыптастыру, жеке адамның үйлесімді дамуының жетекші жағы. Осыған байланысты жеке тұлғаның қазіргі кезеңдегі тәрбиесінің негізіне адамзаттық мәдениеттің дүниежүзілік қоры алынуы қажет. Атап айтсақ, ақыл-ой, еңбек, дене, экономикалық, экологиялық, саяси-құқықтық, политехникалық, эстетикалық, адамгершілік мәдениеттерін қамтиды.
болуына ықпал жасайды.
Жеке адамды жан-жақты дамыту — тәрбиенің басты мақсаты. «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында»: «Жалпы білім беретін мектептің мақсаты — жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау» деп атап көрсетеді. Сонымен қатар жастарды жан-жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары адамгершілік позицияларын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу тәрбиенің мынадай міндеттерін талап етеді: дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты пайдалана білу секілді әлеуметтік функцияларды дұрыс қабылдап, пайдалана білуге әзірлеу; кәсіп таңдау, өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау; жастардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасау. №4 слайд Базалық мәдениеттің мақсаты —
Базалық мәдениетті қалыптастыру жүйсіндегі азаматтық тәрбие №5 слайд Азаматтық тәрбиенің басты мақсаты — тұлғаның кіріктірілген біртұтас сапасын қалыптастыру, Отанын сүю, бейбіт өмірді қолдау, өзгені және өзін құрметтеу, жауапкершілікті мойындау, отансүйгіштік пен ұлтаралық мәдениетті үйлестіру. Тұлғаның азаматтық мәдениетін қалыптастыру педагогтар мен ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың субъективті қатынасымен, қоғамдық объективті жағдайлар қызметімен, құқықтық, саяси, адамгершілік мәдениетімен анықталады. Азаматтық тәрбие мәселелері антикалық дәуірде Платон, Аристотель, неміс педагогы Г. Кершенштейнер есімдерімен тығыз байланысты. Кеңестік педагогикада В. А. Сухомлинскийдің «Азамат-тық тәрбие беру» еңбегінде кеңестік кезеңдегі азаматтық тәрбиенің теориясы мен тәжірибесі қорытындыланған. Саяси мәдениеттілікке тәрбиелеу— тұрақты ғылыми сенімге, жоғары саяси мәдениетке ие Отаншыл, интернационалист, бейбітшілік үшін күрескер, жоғары саналы азаматты тәрбиелеуге мүмкіндік жасайтын тәрбиенің құрамдас бөлігі.
Патриоттық тәрбие Патриоттық тәрбие — оқушыларға жан-жақты тәрбие беру жүйесінің іргетасы және тәрбиенің басқа құрамдарының орны мен рөлін анықтайтын ең шешуші буыны. Әсіресе, қазіргі күрделі өткір патриоттық жағдайда жас жеткіншектерге саяси оқудың рөлі бұрынғы кездегіден де арта түседі. Мектеп оқушыларға жүйелі патриоттық тәрбие беру арқылы оқушылардың саяси саналылығын және қоғамның белсенділігін іске асырады. Тәрбиенің патриоттық бағытындағы тұтас педагогикалық процестің тиімділігін қамтамасыз етеді. Адамдардың патриоттық санасы, мінез-құлқы терең гуманистік адамгершілік мәнімен сипатталады. Мектеп — патриоттық тәрбие мен адамгершілік тәрбиесінің бірлігі — оқушылармен жүргізілетін бүкіл идеологиялық жұмыстың мазмұнына адамгершілік сипат бергенде ғана іске асады. Патриоттық тәрбие бүкіл жан-жақты тәрбие процесінің өзегі болып табылады. Идеялық-саяси тәрбие жан-жақты тәрбие жүйесінің барлық бағыттарын қамтиды. Ақыл-ой, еңбек, адамгершілік, дене, эстетикалық тәрбиелерге саяси-идеялық бағыт береді. Балаға патриоттық тәрбие беру алғашқы мектеп жасына дейінгі және мектеп есігін ашқаннан кейінгі балғын кезеңінен басталуы шарт. Ол тәрбие бірыңғай идеялық бағытқа тәрбиелеу ісінен ғана емес, сонымен бірге арнайы әдістермен де жүзеге асады. Патриоттық тәрбие жұмыстарының басты міндеттерінің бірі — жас ұрпақты патриотизм рухында, ұлтаралық қатынастар мәдениетін меңгеруге тәрбиелеу. Ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру №6 слайд Ұлтаралық тәрбие — халықтар арасындағы достық сезімді, барлық ұлт еңбектеріне сыйластық, құрмет рухында тәрбиелеу, дамыту. Ұлтаралық тәрбие мен патриотизм — бір-бірімен ажырамас бірлікте қарастырылатын егіз ұғым. Патриотизм адамдар өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағ-дайынан тарихи түрде туындайды. Ол — жаңа тұрпатты патриотизм. Оның ең маңызды сипаты халықтың Отанды, оның қоғамдық және мемлекеттік құрылысын барынша сүю, оған шексіз берілгендік болып табылады. Ұлтаралық тәрбие — барлық елдердің халықаралық ынтымағы, халықтардың ұлт-азаттығы мен әлеуметтік прогресс жолындағы күресі мен ынтымақтастығы. Мектеп практикасында оқушылардың патриоттық қызметінің әртүрлі жолдары мен бағыттары қолданылады: саяси хабарламалар, пікірталастар, әңгімелер, баяндамалар, конференциялар, кездесулер, зерттеу жұмыстары, саяси үйірмелер, «дөңгелек үстел» басында кездесу, саяси тақырыпқа арналған сұрақ-жауап кештері, т.б. Ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеуге эстетикалық тәрбие жөніндегі сан алуан сабақтан тыс жұмыс: ұлы жазушылардың, суретшілердің, музыканттардың шығармашылығына арналған жиындар мен кештер; концерттерге, театрларға, музейлерге бару, мұнда оқушылардың, өз халқының аса талантты өкілдерінің музыкалық, әдеби және бейнелеу өнері шығармашылығымен танысуы үлкен үлес қосады. Ұлы жазушылардың, ғалымдардың, суретшілердің, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметіне байланысты тарихи және өлкетану музейлерін, тарихи және архитектуралық ескерткіштерді, ескерткіш орындарды барып көрудің де маңызы зор. Біздің елімізді мекендейтін түрлі ұлт оқушыларының арасындағы достықты нығайтуға, басқа елдерге экскурсия жасап, демалысқа бару, бірігіп туристік жорықтар жасау, түрлі елдің оқушыларын ұлттық мәдениетпен және олардың өмірімен таныстыратын бір-біріне ескерткіш сыйлықтары мен базарлықтар жіберу де жол ашады. Түрлі ұлт оқушыларының жекелей кездесулерінің де маңызы зор. Қазіргі көпұлтты қоғамда оқушылардың бірігіп ойнау, серуендеу, спортпен шұғылдану, басқа халықтардың тілін жақсылап үйрену талабына мүмкіндік туғызады, мәдени және саяси ой-өрісін кеңейтеді. Осы бағытта, сондай-ақ радио, кино, теледидар, баспасөз, әдебиет пен өнердің оқушыларға көрсетіп отырған ықпалы арқылы ұлғайтылып, тереңдетіле түседі. Түйіндеме Қорытындылай келгенде, жеке адамды жан-жақты дамыту — тәрбиенің басты мақсаты. «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» «Жалпы білім беретін мектептің мақсаты — жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау» деп көрсетілген. СОӨЖ тақырыбы: Базалық мәдениет Жоспар: 1. Базалық мәдениет туралы түсінік. 2. Патриоттық тәрбие.
Студенттердің өзін-өзі бақылау сұрақтары 1. Патриоттық тәрбиеге сипаттама беріңіз.
Студенттердің өзіндік жұмыстары 1. Патриоттық тәрбие туралы әдебиеттер тізімін жасау. 2. Мәдениет жөнінде ақпарат дайындау. 3. Педагогика. Қазақша және орысша түсіндірме әрі терминологиялық сөздіктен терминдерді оқып, танысу барысында тақырыпқа байланысты сөздікпен жұмыс жасау. 4. «Патротизм және мен» атты тақырыпқа эссе жазу. Реферат тақырыптары 1. Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. 2. Ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру жолдары. Әдебиеттер тізімі 1. Педагогика (дәріс курсы). Алматы, 2003 ж. 2. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Педагогика. Алматы, 2004 ж. 3. Н. Харламов. Педагогика. Москва, 1990 г. 4. Макаренко А. С. Воспитание в советской школе. М., 1966.
7. Ә. Ә. Усманов, М. Б. Сәрсенбаева. Педагогика. (дәрістер жина-ғы). Алматы, 2005 ж.
Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 2644; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |