Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

II модуль 7 страница




Іс-әрекетті, мінез-құлықтың оң тәжірибесін ұйымдастыру әдістерінің бұл тобы тәрбиенің басқа да амал-тәсілдеріне, түрлері мен әдістеріне байланысты.

№7 слайд. Ынталандыру әдістері

Мадақтау мен жазалаубасты ынталандыру әдістері болып та-былады.

Мадақтау әдісі оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдау үшін пайдаланылады. Оқушының басқалар елеп мадақтаған жетіс-тіктері қанағаттану, қуаныш сезімін оятып, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапаттау. Мадақтау әдісін белгілі бір мөлшерде қолдану керек.

Жарыстар ынталандыру әдістерінің қатарына жатады. Бұл әдіс оқушының бәсекелестікке, алда болуға деген табиғи қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.

Тәрбие әдістерінің бұрынан келе жатқан түрі — жазалау әдісі кеңінен танымал әрі өте күрделі әдіс. Қазіргі педагогика мен тәжірибеде оқушыларды жазалаудың мақсаттылығы туралы әртүрлі: жазалаусыз тәрбиеден бастап олардың күрделі түрлерін қолдануға дейін қарама-қайшы пікірлер бар. Қазіргі мектептерде мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынастың демократиялануы мен адамгершілікке негізделуі кезінде жазалауды қолдану мәселесі шиеленісуде. Жазалау дегеніміз — педагогикалық ықпал ету әдісі, ол жағымсыз әрекеттердің алдын алып, оларды тежеуі қажет, өзінің, жолдастары мен басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.

Оқушылар арасындағы келіспеушілік жағдайлар жазалауды қолданудың негізі бола алады. Мұндай жағдайларда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтап алу қажет. В. А. Сухомлинский айтқандай, оқу-тәрбие жүйесін педагогикалық жағынан сауатты құрастырса, жазалауды қолданудың қажеттілігі болмайды.

Қорыта айтқанда, тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды ұтымды және тиімді қолдана білу педагогтің шеберлігіне байланысты.

№8 слайд. Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:

  • қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;
  • оқушылардың жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескеру;
  • оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
  • тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;
  • оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;

· тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы мен жүйесі.

Тәрбиенің түрлері мен әдістерін қолданудың арнайы педагогикалық ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әртүрлі жағдайларды шешудің тура ережелері жоқ, өйткені әрбір оқушының, әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі бар. “Ешқандай педаго-гикалық амал-тәсілді, тіптен жалпы қабылданған деп есептелетін сендіру, түсіндіру, әңгіме-сұхбат, көпшілік ықпалын толығымен пайдалы деп айтуға болмайды. Ең жақсы деген амал-тәсіл кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады” (А.С. Макаренко). Сондықтан да бұл жерде тәрбиешінің немесе мұғалімнің педагогикалық тактісі шешуші рөл атқарады. Педагогикалық такт дегеніміз — баланың көңіл-күйін, жас ерекшелігін, психофизиология-лық ерекшелігін ескере отырып қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогика Универ-ситеті. Дәрістер курсы. – Алматы, “Нұрлы әлем”, 2003.

2. Пидкасистый П. И. Педагогика. Учебное пособие. М.: 1995.

3. Педагогика түсіндірме терминологиялық сөздігі. Алматы, 2007.

4. Сластенин В. А. и др. Педагогика. М.: 1998.

5. Табылдиев Ә. Тәрбие теориясы. Алматы, 1992.

6. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана, 1998.

7. Лихачев Б. Т. Педагогика. Курс лекций. М. – Юрайт, 2001.

8. Хмель Н. Д. Педагогический процесс в общеобразователь-ной школе. Алматы, 1998.

Тәрбие әдіс-тәсілдері, құралдары

оқытушы Ш. О. Омарбекова

№1 слайд

Дәрістің мақсаты: педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде тәрбие құралдары мен әдістері жүйесінің мәнін ашу.

Дәрістің міндеттері:

  • тәрбие құралдары мен әдістері жайлы түсінік;
  • тәрбиенің құралдары мен әдістерін сыныпта және сыныптан тыс уақытта пайдалану;
  • тәрбие әдістерінің негізгі топтарының мәнін ашу;
  • тәрбиенің құралдары мен әдістерінің өзара байланысын көрсету.

Жоспар:

1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.

2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері.

3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері.

4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық процестің қозғаушы күші, тәрбие құралдары мен әдістері.

Көрнекілігі: №1 — №4 слайдтар, 1-кесте.

Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту.

Тәрбие әдістері, құралдары

1-кесте

Тәрбие теориясы
Тәрбие — әлеуметтік құбылыс Тәрбие процесінің мәні Тәрбиенің бөліктері
Педагогикадағы тәрбие мақсаты, мәселесі Тәрбие заңдылықтары Ақыл-ой
Я. А. Коменский И. Г. Песталоцци Тәрбие принциптері Адамгершілік
А. Дистерверг К. Д. Ушинский   Экологиялық
А. Ф. Леслафт П. П. Бионский   Еңбек экономикалық
А. С. Макаренко В. В. Сухомлинский   Эстетикалық
Қазақ ойшылдары тәрбие туралы   Дене Құқықтық
Қазіргі тәрбие мақсаты   Сынып жетекшісі Отбасы тәрбиесі

 

Тәрбие әдістері туралы түсінік. Педагогикада әдістер жүйесі туралы әртүрлі пікірлер орын алып келеді. Ертеректе шыққан педагогика оқулығында: «Әдіс дегеніміз — тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы» деген анықтама берілді. Бұл жерде «әдіс» дегенді «тәрбие құралы» деген мағынаның синонимі ретінде алып отыр.

«Әдіс» деген сөз гректің «методос» деген сөзінен шыққан. «Метод» деген ұғым «белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары» деген мағынаны білдіреді. Ал кейінгі шыққан оқу құрал-дарында тәрбие әдістерін тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте алып қарастырады. Ең алдымен адамның жеке басының қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қарастырылады. Бұл қарым-қатынасты да қалыптастыруға қатысты. Мысалы, оқушының айналамен қарым-қатынасы арқылы өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Ал ол қоғамдық іс-әрекетке қатысуы арқылы туындайды. Сондықтан оқушы білім мен тәрбие алуы үшін оқу мен қоғамдық іс-әрекетке белсенділікпен араласуы қажет.

Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.

Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:

  • адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынатар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер;
  • әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түр бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістерін жіктеуде бірізділік байқалады. Бұл мектепте қолданылады.

Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:

  • адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер;
  • іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер;
  • тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыру әдістері;
  • мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасауды, өзін-өзі бақылауды, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.

Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер —тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсілі — жалпы әдістің бөлігі, жеке-дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер — бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа жетуі үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жол деуге болады. Егер де оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен соқпақ жолға — әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты.

Педагогикалық процесте баланың еңбексүйгіштік сезімі қалыптасады. Мұның бәрі педагогтардан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырып жүргізудің әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгеруін және оны тәжірибеде түрлендіріп қолдана білуін талап етеді.

№2 слайд. Тәрбие тәсілдері дегенімізәдістердің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:

  1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
  2. Ақпараттық-ағартушылық.
  3. Бағдарлау іс-қызметі.
  4. Қатынас.
  5. Бағалау.

№3 слайд. Тәрбие құралдары дегенімізоқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар.

Тәрбие құралдары:

  • іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
  • заттар (ойыншықтар,электрондық есептегіш машиналар);
  • бұқаралық ақпарат құралдары;
  • педагогикалық ықпал жасау құралдары.

Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Сендіру — тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н. К. Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатысу ісімен тығыз байланысты қарастырады. Н.К.Крупская: «Балалармен құрғақ сөйлескеннен гөрі, олардың істеп отырған ісіне сенім арттыру керек», — дейді.

Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық процестегі көп қырлылығы мен әсерлілігін Н. И. Балдырев бастаған педагогтар зерттеп, тереңдетті. Н. И. Балдырев «Сендіру — баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі», — деп көрсетеді.

Бұл әдістің психологиялық негізі — баланың іске асырғысы ке-летін іс-әрекетінің оның ой-санасында ерекше орын алуында жатыр. Сендіру арқылы тәрбиеші мен оның жолдастары тәрбие жұмысын кешенді түрде жүргізеді.

№4 слайд. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, пайымдау, пікірін айту, баға беру, сендіру):

  • этикалық әңгіме;
  • әңгімелесу;
  • пікірталас;
  • лекциялар;
  • өнеге;
  • көндіру (ситуация).

Жеке тұлғаның эстетикалық және физиологиялық жағынан адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп, қалыптастырудың қажеттілігін ашып көрсетіп, олардың өз мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде: оқу ісін жекелеген ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен айтыстарда кеңінен қолданады.

Жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі. Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады. К. Д. Ушинский: «Тәрбиенің күші адамның жеке басының өнегесіне негізделген, сондықтан да жеке басты тек қана үлгі-өнегемен тәрбиелеуге болады», — дейді. Жағымды үлгі-өнеге арқылы балаларға ықпал етудің психологиялық-педагогикалық негізі оларды басқаның мінез-құлқына еліктеуіне, солардай болуды армандауына әсер ете білуде жатыр. Ол жөнінде ұлы педагог Я. А. Коменский: «Балалар білуден гөрі еліктеуді ерте игереді», — дейді. Оқушылар басқаның аса жоғары идеал іс-әрекетін байқап, бақылай отырып, ерлік, еңбексүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады. Баланың өскен сайын басқаға еліктеуі оны көшіре салуы емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгершілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдайды. Жеткіншектер өзін-өзі тәрбиелеуге жауапкершілік сезіммен қарайтын болады. Жеткіншектердің өзіне жақын адамдардың жеке бас үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуына әсер ету, тәрбиенің ең маңызды құралы болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдау керек.

Жеке басқа үлгі болатындар: белгілі қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, өнер және мәдениет қайраткерлерінің іс-әрекеті, өмір жолы. Оларды оқушыларға үлгі ету ісі әңгіме, саяси хабар, кездесу кештері т.б.

Жаттықтыру әдісі. Жеке бастың қасиеттерін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі — жаттықтыру. Мінез-құлықты оқушы бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыру үшін жаттықтыру, қайталап үйрету қажет. А. С. Макаренко «тәрбие ісінде оқушыны практикалық іс-тәжірибемен байыту, олардың мінез-құлқына мәдениеттілік дағды мен әдетті сіңіру арқылы жүзеге асырылады», — дейді. Ол: «Мінез-құлық саналы болуы керек, бірақ одан тәрбие ісінде үнемі саналылыққа ғана сүйену керек деген ұғым тумайды. Нағыз этикалық мінез-құлық нормасы саналатын әдет дағдыға, іс-тәжірибеге сіңіп, дағды әрекетке айналғанда ғана шынайы мәдениетті адам тәрбиелеуге болады. Сондықтан балалардың бойында жақсы әдет, дағдылардың мықтап орнығуы үшін, оны үнемі жаттықтыру қажет», — дейді.

Мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау әдісі дегеніміз — тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі. Ал бұған қарама-қарсы жазалауды, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы «кедір-бұдырларды» жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсіндірген абзал. Бұл әдіс баланы өз іс-әрекетіне өзі талдау жасап, өзіне-өзі баға беруіне бағыттайды. Демек, өзін теріс іс-әрекеттен тежей білуге үйретеді. Олай болса, мадақтау немесе жазалау әдісі оқушылардың адамгершілік сана-сезімінің оянуына, дамуына ықпал етеді. Оқушының өзіне-өзі талап қоя білуіне үйретеді.

Мадақтаудың құрамына мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, мақтау қағаздармен марапаттауы, құрмет кітабын жазуы, құрмет тақтасына суретін ілу, т.б. жатады.

Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, сөгіс жариялауы, педагогикалық кеңесте қаралу, қиын балаларды тәрбиелейтін арнаулы мектептерге жіберу. Мадақтау да, жазалау да тәрбиенің өте нәзік, қатаң әдісі болатындықтан, оны байқап пайдаланған жөн.

Бақылау әдісі дегеніміз — баланың іс-әрекетін, мінез-құлқын, белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Ол белгілі тапсырмалар мен талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орындату құрамына баланың күнделікті мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, оқушының мұғалім мен жолдастарының алдында есеп беруі сияқты іс-әрекеттер жатады. Бақылау баланың іс-әрекеттерін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Педагогика. Учебно-методический компонент. /Под ред. З.А.Исаева. Алматы. 2003
  2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2004.
  3. Ильина Т. А. Педагогика. Алматы, 1976.
  4. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. Алматы, 1976.
  5. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2002.
  6. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы, Нұрлы әлем, 2003.
  7. Педагогика нарадов мира. —М., Педобщество, 2001.
  8. Сағындыков Е. Педагогика. Дәрістер курсы. Алматы,1999.

 

 

Тәрбие технологиясы және мұғалім тұлғасы

оқытушы Б. З. Мырзаева

№1 слайд

Дәрістің мақсаты: тәрбие технологияларын және педагогикалық шеберліктің құрылымын талдау, сипаттама беру.

Дәрістің міндеттері:

  • педагогикалық технологияның мәні;
  • тәрбие технологиясының түрлері;
  • педагогикалық шеберліктің құрылымы;
  • педагогикалық шеберліктің компоненттері.

Жоспар:

  1. Педагогикалық технологияның мәні және мұғалім тұлғасы.
  2. Тәрбие технологиялары.
  3. Педагогикалық шеберлік және педагогикалық шеберліктің құрылымы.
  4. Педагогикалық шеберліктің компоненттері.

Негізгі ұғымдар: тәрбие технологиялары, ақпараттық техноло-гиялар, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық шеберлік, кәсіби біліктілік.

Көрнекіліктер: № 1 — №5 слайдтар

Оқыту технологиясы: пробемалық оқыту, оқу-танымдық белсенділікті арттыру.

 

Педагогикалық технологияның мәні және мұғалім тұлғасы

Педагогикалық технологияларға не жатады? Тәрбие технологиясы дегенді қалай түсінесіңдер?

Педагогикалық технологияларды ендіру 1960 жылдардан америкалық, кейіннен еуропалық мектептерден басталды. Педагогикалық технологияның негізін қалаған белгілі ғалымдар: Дж. Кэролл, Б. Блум, Д. Бруннер, Д. Хамблин, Г. Гейс, В. Коскарелли, Ресей ғалымдарының арасынан педагогикалық технология теориясы мен тәжірибесін өз еңбектерінде қолданған ғалымдар: П.Я.Гальперин, Н. Ф. Талызина, А. Г. Ривин, Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, П. М. Эрдниев, И. П. Раченко, Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. В. Кларин, т.б.

Педагогикалық технологияны педагогикалық мақсатты шешуге арналған немесе алдын ала жобаланған жоспарлы және бірізді педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын бір-бірімен тығыз байланысты педагогтің әрекет жүйесі деп түсінуге болады.

№2 слайд. Педагогикалық технологияғылыми жобаланған және педагогикалық үрдістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет. Педагогикалық үрдіс белгілі принциптер жүйесіне бағынатындықтан, педагогикалық технология ішкі және сыртқы әрекет бірлігі ретінде қарастырылып, сол принциптерді шынайы өзара байланыста жүзеге асыратын педагог тұлғасынан көрінеді. Педагогикалық технологияның оқыту және тәрбие технологиясынан ерекшелігі осында. «Әдіс» түсінігі кешенді әдістерді, оқыту және тәрбиелеу тәсілдерін, оны іске асыратын адамнан тыс қарастыратын болса, онда педагогикалық технологияпедагог тұлғасының алуан түрлі әрекетіне тәуелді. Осыдан барып кез келген педагогикалық мақсат тиімді шешілуі үшін білікті педагог технологияға сәйкес, алуан түрлі әрекеттер жүйесін таңдап қолданады.

Педагогикалық технология оқыту және тәрбие технологиясы түрінде қарастырылады. В. В. Пикан педагогикалық технологияның маңызды белгілерін бөліп көрсетеді:

  • технология нақты педагогикалық ойды іске асыру үшін автордың әдіснамалық, философиялық ұстанымын айқындайды. Осыдан барып, білім беру үрдісінің технологиясы немесе жеке тұлғаны дамыту технологиясы екені анықталады;
  • педагогикалық әрекеттердің технологиялық тізбегі, операциялары, коммуникациялары қойылған мақсатқа сай жүйеленіп, алынатын нәтиже формасын белгілейді;
  • технология мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекетін келісімшарт негізінде саралау және даралау, адамдық және техникалық мүмкіндіктерді ескеріп, диалогтік қатынастарды оңтайлы шешу принциптеріне негізделеді;
  • педагогикалық технология элементі біріншіден, кез келген мұғалім қайталай алатындай болуы тиіс, ал екіншіден жоспарланған нәтижеге (мемлекеттік стандарт) барлық оқушыны жеткізуі тиіс;
  • педагогикалық технология мен диагностикалық процедуралар (өлшемдер, көрсеткіштер, әрекет нәтижесін өлшейтін инструментарийлер) органикалық байланыста болуы тиіс.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара байланыста болуы керек. Педагогикалық технологияны жетік меңгеру дегеніміз шеберлікті білдіреді. Педагогикалық шеберлік, бір жағынан алғанда жоғары деңгейде педагогикалық технологияны меңгеру, ол тек операциялық компонентті меңгерумен шектелмейді. Педагогтар арасында орын алған пікірдің бірі — педагогикалық шеберлік тек жеке адамға ғана тән, оны бір қолдан екінші қолға беру мүмкін емес деп санайды. Дегенмен де педагогикалық технология мен шеберліктің арақатынасын ескерсек, педагогикалық технологияны меңгеру, педагогтің жеке сапалық қасиетіне байланысты. Кез келген технологияны меңгерген педагогтардың біліктілігі мен шеберлігі әртүрлі болады.

Педагогикалық мақсатты шешуіне қарай педагогикалық технологияжалпы және технологиялар болып бөлінеді. Жалпы технологияға оқыту технологиясын құрастырып, оны іске асыру жатады. Жеке технологияға оқу немесе тәрбие мақсатының мынадай түрлерін шешу жатады: оқушылар әрекетіне түрткі тудыру, алынған нәтижені бақылау және бағалау, нақты мақсатты, мысалы, тәрбие ситуациясын талдап, оны шешу жодарын анықтау. Сонымен біртұтас педагогикалық процесті жобалап, оны жүзеге асыруда оның барлық компоненттерінің бірлігін сақтау қажет. Егер оның біреуі өзгеріске ұшыраса, онда басқа компоненттер де өзгеруге мәжбүр болады. Педагогикалық технологияның «әдістен» айырмашылығы тәрбие-ленушілер әрекетінің мазмұнын және оны ұйымдастыру тәсілдерін жобалау керек. Педагогикалық технология қойылған мақсаттың диагностикасын және тұлғаны тұтастай дамытатын педагогикалық процесті объективті бақылауды қажет етеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 4633; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.045 сек.