КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Однодольные или лилиопсиды) – Monocotyledoneae, Liliopsidae 2 страница
Майсаумалык, косжапыракщы қоянжем (майник двулистый — Majanthemum bifolium) меруертгүлмен бір мезгілде гүлдейтін, кішкентай орман өсімдігі. Ақ түсті, жүпар иісті, ұсак гүлдері, екі мүшелі типпен орналасқан, шашақ түзеді. Кірпішөптер түкымдасы (иглецевые) — Ruscaceae Бұл тұқымдастың негізгі өкілінің бірі понтий кірпішөбі (иглица понтийская — Ruscus ponticus). Ол екі үйлі тамырсабақты бұта, бұтақтары параллель жүйкелері бар филлокладиларға айналған, дәрілік өсімдік. Қасқыржемдер тұқымдасы (спаржевые) - Asparagaceae Тұқымдаста 2 туыс және 300 түр бар, олардың басым көпшілігі солтүстік ендікте, тропикалық және оңтүстік Африкада және Мадагаскарда таралған. Қасқыржем тұқымдасының аздаған өкілі Орталық Америкада, Малай архипелагының аралдарында, сонымен бірге Австралияда және Тасманияда кездеседі. Қасқыржем туысы (спаржа — Asparagus). Дүниежүзінің барлық құрлықтарының құрғақшылық болып тұратын облыстарында өсетін өсімдіктер. Тек Америкада ғана кездеспейді. БОР-дың территориясында 24 түрі, Қазақстанда 11 түрі кең таралған. Тік немесе өрмелеп өсетін биіктігі 150 см болатын тамырсабақты өсімдік. Сабағы бұтақталған, оңда формасы ине тәрізді болып келетін топтасқан филлокладий Кавказда және Батыс Сібірде өседі. Сапалығы жоғары көкөніс, жас сабақтары үшін отырғызылады; құрамында аспарагин бар, дәрілік маңызы зор. Екі Солтүстік Африкалық түрін — қауырсынды қасқыр-жемді (спаржа перистая — A.plumosus) және шпренгер қасқыржемін (спаржа шпренгера — Asprengerii) бөлменің ішінде сәндік өсімдік ретіңде өсіреді.
КАБЫРШАҚТЫ ГҮЛДЕР КАТАРЛАР ТОБЫ (ЧЕШУЕЦВЕТНЫЕ) - GLUMIFLORAE
Қияқөлендер тұқымдасы (осоксвые) — Сурегасеае Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Бүлар үзын немесе қысқа, симподиалъды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер — шымдар (кусты — дернины) немесе шоқалақтар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған. Көптеген түрлері тропикалық елдерде өседі. Қоңыржай, және салқын климатты белдеулерде кейбір түрлерінің особьтарының саны көп болады және өсімдіктер жабынының әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады. Сабақтары үшқырлы, сиректеу цилиндр тәрізді (өлеңшөп туысы — Scirpus), ішінің қуысы болмайды буындары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтың жоғарғы жағыңда орналасады, таспалы немесе таспалы-ланцетті, көп жағдайда шеттері төмен қарай қайрылған, қынапшасы барлық уақытта жабық болып келеді, тілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты, жапырақ Қиякөлең туысы (осока — Саrех). Жабық тұқымдылардың ішіндегі өзгергіш (полиморфный) туыстардың бірі. Түрлерінің жалпы саны 1,5 мың, БОР-дың флорасында 400, ал Қазақстанда 94. Тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары әдетте үшқырлы, сиректеу домалақ болып келеді. Жапырақтары таспа терізді, қынапшасы жабық болады. Гүлдері даражынысты: аталық гүлдерінің 3 аталығы болады (сиректеу одавда аз); аналық гүлдері екі түмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған, гинецейінің 2-3 ауызы болады. Гүлдерінің формуласы:
Көптеген түрлері солтүстік ендіктің, солтүстік облыстарында кең таралған, мысалы шектамырлы қияқөлең (осока плетевидная или струннокоренная C.chordorrhiza), боз қияқөлең (осока сероватая - C.canescens) және т.б. Батпақты жерлердің өсімдіктер қауымдастықтарының негізгі компоненттеріне торсылдақ қияқөлең (осока пузырчатая — C.vesicaria, 248-сурет), үрме қияқөлең (осока вздутая — C.rostrata), қос аталықты қияқөлең (осока двух-тычиночная — C.diandra), жағалық қияқөлең (осока береговая — С.rіраrіа) және т.б. Шалғынды жерлерде қияқөлендердің мsyа түрлері жиі өседі: үшкір қияқөлең (осока острая — C.acuta), түлкі қияқөлең (осока лисья — C.vulpina), коян қияқөлең (осока заячья — C.leporina), қосқатар қияқөлең (осока двурядная — C.disticha), түпті қияқөлең (осока дернистая — C.caespitosa) және т.б. Батпаққа ауысатын ылғалды шалғындарда тік қияқөлең (осока стройная — С.gracilis), жағалық қияқөлең (осока береговая — C.riparia), тікенше қияқөлең (осока заостренная — C.acutiformis) және т.б. өседі. Шөлейтті аймақтың өсімдіктер қауымдастыктарында аласа қияқөлең (осока низкая — C.humilis), ормандардаорман қияқөлеңі (осока лесная — C.sylvatica), жұлдызша қияқөлең (осока звездчатая — C.stellulata), тау қияқөлеңі (осока горная — C.montana), түкті қиякөлең (осока волосистая — C.pilosa) және тағы басқалар ерекше басым болып келеді. Құрғақ жерлердің шөлейттің, шөлдің сонымен бірге көптеген таулы аудандардың қияқөлеңдері жайлымдарда өзінің жұғымдылығы (нәрлігі) және желінуі жағынан астық тұқымдасынан онша кем түспейтін өсімдіктер. Ылғалды және батпакты жерлердің қияқөлендерінің жапырақтары сояуланған болып келеді, сондықтанда оларды малдар нашар жейді. Қиякөлеңдерді жылжымалы құмдарды бекітуге (үйінді құмдарды), циновкалар тоқуга пайдаланылады, сонымен бірге оларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді. Келтебас туысы (болотница-Eleocharis). Өзгергіш туыс, жершарының барлық құрлықтарында кең таралған, 80-нен астам түрлері бар. БОР-дың территориясында 25 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі. Көпжыддық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар негізінен ылғалды шалғындарда, көлшіктердің жағасында, батпақты жерлерде, сонымен бірге таулардың субальпі белдеуінің шалғындарында өседі. Негізгі өкілі бесгүлді келтебас (болотница пятицветковая — Е. quinqueflora), ол Кольск жартылай түбегінің солтүстік шығысынан бастап Қырымға және Кавказға дейін, сонымен бірге Сібірдің, Қиыр Шығыстың барлық жерлерінде кең таралған. Өлеңшөп туысы (қамыш — Scirpus). Дүниежүзінің барлық құрылықтарыңда, әсіресе тропикалық және субтропикалық зоналарда кең таралған 400-дей түрі бар. БОР-дың территориясында 19 түрі, Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Көпжылдық тамырсабақты немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер, көп жағдайда өзендер мен көлдердің жағалауларында, суда және батпақты жерлерде өседі. Өкіддеріне қара өлеңшөп (камыш озерный — S.lacustris) (249-сурет) пен орман өлеңшөбі (камыш лесной — S.sylvaticus) жатады. Бұлардың екеуіде жем-шөптік өсімдіктер. Үлпабас туысы (Eriophorum). Туыстың құрамында негізінен солтүстік ендікте кездесетін (Арктикада, орманды зонада, таудың жоғарғы белдеулерінде) 20-дай түрі бар. БОР-дың флорасында 12 түрі, ал Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Қынапшалы үлпабас (пушица влагалищная — Е. vaginatum) (250-сурет) батпақты жерлерде, негізінен шымтезекті батпақтарда, тундрада өседі және шымтезектің түзілуінде елеулі роль атқарады. Гүлінің формуласы: *РРАР А3 G(3) Сәлемшөп туысы (сыть — Cyperus). Бұл туыстың БОР-дың территориясының негізінен оңтүстік облыстарда өсетін 14 түрі, Қазақстанда 7 түрі белгілі. Аса маңызды түрінің бірі тамақтық сәлемшөп (сыть съедовная или чуфа — C.esculentus). Оның тамырында тамаққа пайдаланатын тәтті түйнектер түзіледі; сондықтанда бұл түрді субтропиктерде арнайы себеді. Папирус (С. papirus) тропикалық Африка мен Сицилияның өсімдігі, ерте кездерде папирустан қағаз жасаған.
Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7,5—10 мың түр және 700-дей туыс жатады. Олардың ішінде. космополит түрлері құрлықтардың барлығында кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады. Тамаққа пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Тұқымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді. Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің үзындықтарына қарай өсімдіктерді тығыз түптенген, сирек түптентен және тамырсабақты деп бөледі (251-сурет). Олар негізінен шашақтамырлы, сабақтары буыннан және буын аралықтарынан тұрады. Астық тұқымдасының сабақтары әрбір буын аралығының түп жағындағы клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма (вставочная) меристемалар арқылы өсу деп атайды. Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, қарабидайдың, атқонақтың, сабағының буын аралығының іші қуыс, ал буындары ұлпалармен толтырылған болып келеді.
Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі: бамбук тәрізділер, қоңырбас тәрізділер, тары тәрізділер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі. Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды: бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы. Бамбук тәрізділер тұкцмдас тармағы (подсемейство бамбуковидные) — Bambusoideae Тропикалық және субтропикалық аймақтарда шоғырланған 600-дей түрлері бар. Тамырсабақты ағаштанған өсімдік. БОР-да саса (Sasa) туысының тек 3 түрі ғана өседі. Бұл салыстырмалы түрде алғанда, онша үлкен болмайтын өсімдік (сабағының биіктігі 3 м диаметрі 1 см), Сахалинде және Куриль аралдарында өседі. Негізгі таралған жерлерінде, бамбуктер биіктігі 40 м дейін баратын, үлкен өсімдіктер. Масақтары бір-, көпгүлді болып келеді. Гүлдері қосжынысты: аталықтары әдетте 6(3+3), кейде көп (20- 30), аналығы-1, аналықтың мойны (рыльце) 2 (сиректеу 3). Жемісі - дән, кейде жидек тәрізді болып келеді. Бамбуктердің практикалық маңызы аса зор, әсіресе құрылыс жұмыстарына және әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады (су жүретін трубалар, көптеген тұрмыстық бұйымдар), сонымен бірге көкөніс ретінде тамаққа пайдаланады. Бамбуктерді әдетте тамырсабақтарымен оңай көбейтеді. Олар тез өсуге қабілетті. Қолайлы жағдайда 4-6 аптаның ішінде кейбір түрлері 15-20 м биіктікке дейін жетеді. Грузияның батысында бамбуктердің филлострахис (Phyllostachys) және арундинария (Arundinaria) туыстарының түрлерін себеді.
Қоңырбастар тұкымдастармағы (подсемейство мятликовые) — Poaeoideae Масақшасының 2 масақтык қабықшасы болатын көпгүлді немесе біргүлді өсімдіктер. Бұл тұқымдастармағына экономикалық жағынан маңызы аса зор тамаққа пайдаланылатын жарма алынатын және нан пісіруге қажетті үн алынатын, сонымен бірге малға азық болатын өсімдіктер жатады.
Арпа туысы (ячмень — Hordeum). Туыстың құрамында 26 түр бар, оның 12-сі Қазақстанда кездеседі. Жабайы түрлері Қырымда, Кавказда, Орта Азияда өседі. БОР-дың территориясында, соның ішінде Қазақстаңда екі түрі көптеп себіледі: қосқатар арпа (ячмень двурядный — H.distichum) және кәдімгі арпа (ячмень обыкновенный — H.vulgare) (255-сурет). Арпаның гүл шоғыры күрделі масақ. Масақтың өсінің әрбір кертпегінде 3 біргүлді масақша орналасады. Арпа гүлдеген кезде өздігінен тозаңданады, бірақ әрі ыстық, әрі құрғақ жазда айқас тозаңдануыда мүмкін. Қосқатар арпаның үш масақшадан тұратын тобының, тек ортаңғысында ғана қосжынысты гүл және дән пайда болады, ал кәдімгі арпаның барлық үш масақшасының гүлдері Сұлы туысы (овес — Avena). 33-тей түрі бар, олар негізінен Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде кең таралған өсімдіктер. БОР-дың территориясында 18 түрі, ал Қазақстанда 7 түрі кездеседі. Оның шашыраңқы болып келетін гүлшоғыры сыпырғы деп аталынады. Сыпырғының бұтақшаларында масақшалар орналасады, олардың әрқайсысында 2-4 гүл бар. Олар өздігінен тозаңданады. Кейбір арамшөп ретінде өсетін түрлері, мысалы қарасүлы (овсюга - A.fatua) дүниежүзінің барлык қүрлықтарында кең таралған өсімдік. Сұлы суыққа төзімді дақыл. Мәдени жағдайда егістік сұлысын (овес полевой - A.sativa) БОР-дың орталық және солтүстік аудандарында себеді.
Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1785; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |