Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Однодольные или лилиопсиды) – Monocotyledoneae, Liliopsidae 3 страница




Қоңырбас туысы (мятлик - Роа). Туыстың қоңыржай және салқын климатты зоналарда өсетін 200-дей түрі бар. БОР-дың территориясында 110 түрі бар, ал Қазақстанда 38 түрі кездеседі. Олардың кейбіреулері космополиттер. Мал азығы ретінде құнды өсімдіктер. Сондықтанда олардың кейбір ерекше құндыларын мәдени жағдайда себеді. Мысалы жуашық қоңырбасын (Роа bulboga), шалғын қоңырбасын (Роа pratensis) көп жерде отырғызады. Жабайы түрлерінен аса құндыларының бірі болып бір жылдық қоңырбас табылады (Роа annua, 256,6-сурет).

Бидайык, туысы (пырей - Agropyron). Жершарының екі бөлігінің де, негізінен қоңыржай климатты зоналарында өсетін 70-тей түрі бар. БОР-дың флорасында 60-тай түрі, ал Қазақстанда 44 түрі кездеседі. Олар горизонталь бағытта өсетін ұзын тамырсабақты немесе қысқа тамырсабақты, калың болып түптенетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлшоғыры тік өсетін жекелеген күрделі масақтан тұрады. Күрделі масақтың өсіне жалпақ жағымен 3-тен 13-ке дейін гүлі бар масақша орналасады. Жатаған бидайық (пырей ползучий — A.repens) (256, а-сурет) өте өзгергіш түр, көп жағдайда ол егістіктің күресуге қиын арамшөбі, әсіресе оның қылтығы бар формалары.

Арпабас туысы (костер — Bromus). Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында кең тараған өсімдіктер. Олар Оңтүстік Америкада және тропикалык елдердің таулы аудандарында да өседі. БОР-дың территориясында 44 түрі, ал Қазақстанда 20 түрі кездеседі. Гүлшоғыры агрегатты сыпырғы түзеді, олардың масақшалары біршама ірі болып келеді. Мал азығы ретінде аса құнды өсімдіктер. Кейбір түрлері мәдени жағдайда аралас шөптер өсіруге пайдаланылады. Қылтанақсыз арпабас (костер безостый — B.inermis) көпжылдық көгентамырлы өсімдік, ылғалдың аздығына және төменгі температураға шыдамды. Тарақбоз, арпаған (костер кровельный — B.tectorum) ылғалы жеткіліксіз (құрғақшылық) аудандарда өсетін біржылдық өсімдік, әсіресе БОР-дың Европалық бөлігінде Кавказдың, Орта Азияның егістіктерінде кең таралған өсімдіктер. Қарабидай арпабасы (костер ржаной — B.secalinus) егістіктің күздік және жаздың арамшөбі, әсіресе қарабидаймен сұлы егілген жерлерде ол көптеп кездеседі.

Басқа туыстарынан мына түрлер көңіл аударарлық: су бетегесі (овсяница луговая — Festuca pratensis) (257, а-сурет), шалғынның өсімдіктер қауымының негізгі компонент, мал азығы ретінде өте құнды өсімдік; шашыраңқы аққылтан (белоус торчащий — Nardus stricta) тығыз түптенетін, көп жерлердің өсімдіктер қауымында басым болып келетін (ландшафтное) көпжылдық өсімдік, әсіресе Карпат тауының субальпі белдеуіндегі шалғындарда ол айкын басымдық көрсетеді. Кавказда бұл өсімдік қышқыл, нашар жетілген топырақтарда маддың шамадан тыс артық жайылғаңдытын көрсетеді; Қыздырма үйбидайық (плевел опьяняющий — Lolium temulentum) жаздық бидайдың біржылдық арамшөбі, БОР-дың орманды және жартылай орманды аудандарында өседі, космополит, саңырауқұлақпен зақымданған дәндерінде темулин деген алколоид пайда болады. Ол бас ауруын және летаргия (ұйқыға ұқсас қалге ұшыратады) ауруын тугызады; шалғын атқонағы (тимофеевка луговая - Phleum pratense) (257,6-сурет) - тамырсабағы қысқа болып келетін көп жылдык шөптесін өсімдік, гүл шоғыры сүлтан деп аталынады, әдет жайылма шалғындарда және ылғалы орташа болып келетін шалғындарда өседі. Мал азығы ретінде ең құнды өсімдіктердің бірі, көпжағдайда оны (люцерна) бедемен араластьфып себеді.

 

Тарылар тұқымдас тармағы (подсемейство просовидные) -Panicoideae

Масақтың қабықшасы (чешуя) екіден көп, масағы барлық уақытта біргүлді. Кейде екінші гүл пайда болады, бірақ ол аталық гүл болып келеді, жапырақтың тілшесі түкті, жапырақтың хлорофилл жиналатын паренхимасы жүйкелердің айналасына орналасады.

Жүгері туысы (кукуруза - Zea). Бірүйлі өсімдік, гүлдері және гүлшоғыры әртүрлі жынысты. Агрегатты сыпыргы тәрізді жоғары орналасқан гүлшоғырында екі гүлді аталық масақтары орналасады. Екі гүлді масақтың әрбір гүлінде үш-үштен аталығы болады. Аналық гүлдері собық деп аталынатын күрделі гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың қолтығында орналасады, және ол түрі өзгерген жапырақтардан тұратын жамылғымен оралып қапталған (жабылған) болып келеді. Аналық, гуддің гүлтүйіні дөңгелек, мойны жібек жіп тәрізді сусылдаған ұзын болады, оның ұшы екі жақтауы бар аналықтың аузымен (рыльце) аяқталады. Тозаң осы өсімдікте собық пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып аналықтың аузы көрінгенше пісіп кетеді. Сондықтанда жүгеріде өздігінен тозаңдану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өсіп тұрған өсімдіктердің бірінен келіп түседі. Шыққан жері Мексика.

Жүгері жылусүйгіш өсімдік. Оның тамыры ауаның жеткілікті мөлшерде болып тұрғанын жақсы көреді. Сондықтанда жүгеріні себуден бұрын топырақты тиянақты тұрде өңдеуден өткізеді және жаз бойы оны қопсытып отырады. Жүгері жарықты жақсы көреді, сондықтаңда оны қатар-катар бір-бірінен қашықтау себеді. Ол біршама құрғақшылыққа төзімді, дегенмен күніне әрбір өсімдік 1 литрдей су қажет етеді. Жүгеріні суық ұрганға дейін жинап алады, өйткені пісіп жетілген өсімдік — 1°С өзінде оңай зақымданады.

Кәдімгі жүгері (кукуруза обыкновенная — Z.mays) (258, а-сурет). Жүгері биіктігі 2-3 м және оданда көбірек болатын бір жылдық шөптесін өсімдік. Ол тек мәдени жагдайда ғана белгілі. Европаға Оңтүстік Америкадан 1493 ж. әкелінген, ал Россияға оны X ғасырда себе бастаған. Кәдімгі жүгері 8 түр тармағына бөлінеді. Тамақтык, малға қоректік және техникалык, өсімдік ретінде маңызы аса зор. АҚШ-да, Аргентинада және Европада бұл негізінен мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдік; Мексикада, Қытайда, Индияда, Молдовада және Грузияның батыс аудаңдарында астық беретін дақыл. Жүгерінің ұныңда ұлпа (клейковина) немесе белоктық заттар жоқ. Көпжылдық жүгері (Z.diploperenne) деген жабайы өсетін түрінің Мексиканың тауларынан табылғанына көп болтан жоқ, шамасы ол кәдімгі жүгерінің арғы тегі болса керек.

Қоңыржай климатты аудандарда жүгерінің көптеген сорттарының дәндері пісіп үлгермейді. Сондықтаңда Россияның орталық аудандарында жүгеріні ауылшаруашылык жануарларын қоректендіру мақсатында силосқа өсіреді. Соңғы жылдары Россияның орталық аудандарында ғана емес, сонымен бірге Сібірде де дән беретін сорттары шығарылды. Орта Азия республикалары мен Қазақстанда жүгері тамақ өнімдеріне қажетті дән беретін және малга азық болатын аса құнды өсімдік. Жүгері өндіріс орындарына кажетті шикізат болып табылады.

Күріш туысы (рис - Oryza). Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстік Америкада таралған 24 түрі бар. Біргүлді масақшалары агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырына жиналған, масақшаның 4 қауызы, 6 аталығы болады. Екі түрі себіледі, онъщ ең маңыздысы - екпе күріш (рис посевной - O.sativa) (258,6-сурет). Біздің елде күріш бидайдан кейінгі екінші орынды алады. Ол Орталық, Оңтүсгік - Шығыс және Кіндік Азияда негізгі астық (нан өнімдерін) беретін дакыл. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша күріштің 2 мыңнан астам сорттары белгілі.

Құмай туысы (сорго - Sorghum). Құмайдың 40-тай түрі бар. Олар тропикалық елдердің (негізінен Африканың) құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді өсімдіктері. БОР-дың территориясында себілетін немесе арамшөп ретінде кездесетін 8 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпамен толтырылған, ол агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырымен аяқталады. Масақшасы бір немесе екігүлді, соңғы жағдайда гүлдің біреуі косжынысты, ал екіншісі аталық болып келеді. Дәні домалақ.

Кәдімгі құмай қонақ (сорго обыкновенная - S.bulgare) үлкен (биіктігі 6 м-дей болатын) бір жылдық өсімдік, тек мәдени жағдайда ғана белгілі, гүлшоғырының өсі иілген болып келеді, дән беретін, малға азық болатын және техникалық дақыл ретінде себеді. Дәндерін өңдеп, одан крахмал, қант және спирт алады. Жүгері (джугара - S.durra) біржылдық өсімдік, гүлшоғырының өсі иілген болады, астық беретін, малға азық болатын және техникалық дақыл ретінде себеді.

Құмай (гумай, или джонсона трава - S.halepense) көпжылдық тамырсабақты өсімдік. оңтүстік аудандарда мазасыз (найзойливый) арамшөп ретінде өседі.

Тары туысы (просо - Panicum). Тропикалық және субтропикалық зоналарда көп таралған және қоңыржай климатты облыстарға өсетін 400-дей түрі бар. БОР-дың флорасында төрт түрі кездеседі, барлығы да бір жылдық өсімдіктер, олардың біреуі-ақ тары (просо посевное — P.miliaceum) жарма беретін дақыл ретінде себеді.

Борыққамыс туысы (сахарный тростник — Saccharum). Жершарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең тараған 15 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпаға толы. Негізгі себілетін түрі — борыққамыс (трост­ник сахарный — S.officinarum) Бразилияда, Куба аралында, Орталық Америкада, Қытайда, Индияда және Тәжікстанның оңтүстігінде себіледі. Сабақтарында 15-20% дейін қант болады. Сондықтаңда бұл өсімдікті қант, ром, спирт және патокалар алу үшін пайдаланады. Орта Азия республикаларының территориясында (Сырдарья және Амударья өзендерінің жайылмасында) жабайы борыққамыс (сахарный тростник - S.spontaneum) өседі, оны жаңа сорттар алу мақсатында аталық немесе аналық формалардың бірі ретінде пайдаланады, әсіресе Индияда.

 

Қоңырбастар түқымдасын кияқөлеңдерден (Сагех) ажырататын белгілер

 

Қоңырбастар

1. Сабағы азды-көпті цилиндр тәрізді, айқын байқалатын буындардан және буынаралықтарынан тұрады; тек жүгерінің, борыққамыстың және құмайдың сабағының ортасы қуыс болмайды.

2. Қынапшасы көп жағдайда ашық; жапырақ тақтасы мен қынапшасының шекарасында тілшесі біршама жақсы байқалады.

3.Гүлшоғыры мен гүлдері қос-жынысты, одан ауытқушылық өте сирек болады (жүгері).

4.Жемісі - дән.

 

Қияқөлеңдер

1. Сабағы көп жағдайда үшқырлы, қуысы болмайды, буындары мен буынаралықтары нашар байқалады.

2. Қынапшасы барлық уақытта жабық, тілшесі болмайды.

3. Гүлшоғыры мен гүлдері көп жағдайда даражынысты.

4. Жемісі — үшбұрышты, шар тәрізді немесе жалпайып, жаншылған жаңғақша.

 

Лабораториялык, жұмыстар

44-тақырып. Жабық тұқымдылар бөлімі.

Материал. Сарғалдақтар, раушандар, бұршақтар, шатыргүлдер, капусталар, астралар, лалагүлдер, қоңырбастар тұқымдастарының түрлерінің гербарий үлгілері; осы өсімдіктердің фиксаторға салынған гүлдері. Өсімдікті анықтауға кіріспес бұрын, оған морфологиялық талдау жүргізу қажет, содан соң тиісті сипаттамалар жасылынады, жекелеген органдары суретке салынады.

Сипаттаманы мына схема бойынша жүргізеді*.

1. Өсімдік

а) ағаш, бұта, шөптесін өсімдік (көп жылдық, екі жылдық, бір жылдық)

б) қос жарнақты, дара жарнақты

2. Тамыр системасы

а) кіндік тамырдан, қосалқы тамырлардан, аралас тамырлардан тұрады

б) формасы: кіндік тамырлы, шашақ тамырлы, тармақталған тамырлы,

в) тамырдың өзгерген түрлері: тамырдың түйнектері, тамыр жемістер, түйнекшелер,

3. Сабақ

а) тік сабақтар, шырмалғыш сабақтар, өрмелегіш сабақтар, жатаған сабақтар,

б) бұтақталған, бұтақталмаған

в) түкті, түксіз

г) көлденең кесіндісінің формасы: жұмыр, төртқырлы, ұшқырлы,

д) өркеннің өзгерген түрлері: тамырсабақ (горизон тальды, вертикальды, үзын, қысқа, жіңішке, жуан),
пиязшық (пленкалы, қабыршақты), түйнектері (жерасты, жербеті), мүртшалар, тікендер,...................................................

4. Жапырақ

а) жай жапырақ сағақты,отырмалы, қынапшалы, қосалқы жапырақшалары жоқ, қосалқы жапырақшалары бар, раструбы бар

жапырақ тақтасының формасы:………………………..

жапырактың шетінің формасы: тұтас, ара тәрізді, тісті, дөңес,……………………..

жүйкеленуі: қауырсынды, саусақсалалы, параллелі, доға тәрізді

б) күрделі жапырақтар

қосалқы жапырақшалары жоқ,

қосалқы жапырақшалары бар

жапырақ тақтасының формасы: ……………………….

жапырақшаларының формасы: ……………………….

жапырақтың шетінің формасы: түтас, ара тәрізді, тісті, дөңес жапырақшаларының саны………………..

в) жапырақтарының орналасуы: кезектесіп, қарамақарсы, топтасып, жертаған түзеді.

г) жапырақтың өзгерген түрлері: тікендер, мұртшалар, филлодии,……………………………

5. Гүлшоғыры

а) күрделі симподиальды: монохазии (бұйра, ирек), дихазии, плейохазий, тире

б) күрделі моноподиальды: күрделі масақ, күрделі шатыр, сыпырғы, қалқанша

в) агрегатты: ……………………….

г) жай: масақ, сырға, собық, шашақ, шатыр, шоқпарбас, себет………..

д) гүлдері жалғыздан, гүлшоғырын түзбеген

6. Гүл

а) актиноморфты, зигоморфты

б) гүлсерігі: қосарланған, қарапайым (күлте жапырақшалардан, тостағанша жапырақшалардан), жалаңаш гүл

в) тостағаншасы: бос, біріккен (бірігудің формасы:……………………………);

бөліктерінің саны....................................

г) күлтесі: бос, біріккен (бірігудің формасы:...);

бөліктерінің саны, түсі, тепкісі, шірнелігі, томағасы бар…………………

д) андроцей: бос; біріккен (бір ағайынды, екі ағайын-

ды, көп ағайынды); аталықтарының саны.................

е)гинецей:(жеміс жапырақшалардың саны); аналықтың

гүлтүйіні:

жоғарғы, төменгі, жартылай төменгі; аналықтың

мойнының саны.............................................

ж) гүлінің формуласы:..................................

7.Жемісі

а) жай құрғақ көп дәнді: топтама, боб, бұршаққын,

бұршаққынша, қауашақ,.................................

құрғақ бір дәнді: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша,қанат-

ша, дән, шошқа жаңғақ,......................................

шырынды көп дәнді: жидек, алма, тыквина, померанец

шырынды бір дәнді: сүйекті жеміс (шырынды, құрғақ)

б) біріккен

біріккен таптама, біріккен тұқымша, біріккен жаң-

ғақша, біріккен сүйекті жеміс (шырынды, құрғақ)

в) жеміс шоғыры (соплодие)

 

Одан әрі гүлшоғырының, гүлдің және оның бөліктерінің, жемістің, жапырақтың және басқа органдардың суреттерін салады.

Содан соң өсімдікті анықтауға кіріседі. Өсімдікті анықтауға арналған кітаптың (определитель) екіге айрылатын, дихотомиялық белгілері бойынша құрастырылған, тұқымдасты, туысты және түрді анықтауға кестесі (таблицы) болады. Бұл әрбір сатысы екі, кейде үш бөліктен-тезадан, антитезадан, синтезадан тұратын цифрлармен белгіленген(1,2,3, және т.б) кесте. Анықтауды бірінші сатыдан бастайды: тезаны және антитезаны түгелімен оқып шығып, бір- бірімен салыстырады, содан соң оларды анықтап отырған өсімдікке белгілері сәйкес келетінін таңдап алады. Егерде таңдап алған тезаның немесе антитезаның соңында цифр тұрса, онда анықтауды одан әрі жалғастыру қажет. Ол үшін цифрмен көрсетілген келесі сатыға көшеді. Осылайша таңдап алынған тезаның немесе антитезаның соңында тұқымдастың аты берілгенше сатыдан, сатыға көшіп отырады.

Тұқымдастың атының қасында тұрған цифр, туысты анықтауға арналған кестенің қай бетте тұрғандығын көрсетеді. Туысты анықтауда сол жоғарыда көрсетілген тәсілмен жүргізіледі.

Туыстың атының қасында тұрған цифр түрді анықтауға арналған кестенің нөмерін көрсетеді. Түрдің атынан кейін қысқартылған немесе толық түрде, осы түрді ғылымға алғашқы рет таныстырып, сипаттап жазған ғалымның фамилиясы тұрады.

Анықтаудың нәтижесінде тұқымдастың, туыстың және түрдің ғылыми(латын тіліндегі)атын және олардың орысша(егер мүмкін болса қазақша) баламаларын табады. Сөзіміз дәлелдірек болу үшін, мысал ретінде, капусталар тұқымдасының (капустные-Brassicaceae) бірқатар түрлерін анықтауға арналған кестені келтіреміз. Ондағы мақсатымыз, сіздерді өсімдіктерді анықтауға арналған, кестенің қалай құрастырылғанымен және оны пайдаланудың жолдарымен таныстыру.

Капусталар тұқымдасының бірқатар түрлерін

анықтауға арналған кесте

1.Гүлдері сары........................................................................2

0.Гүлдері ақ............................................................................4

1. Жемісі көлденең перделі болмайтын бұршаққын, тікесінен екі жақтауы арқылы қақырайды..........................................................3

0. Тәспі тәрізді бұршаққын, көлденең перделері арқылы сынып түседі.......... кәдімгі шомыр (редька обыкновенная) – Raphanus sativus L.

3. Жапырағы тұтас, ланцет тәрізді. Бұршаққандары төртқырлы. Әрбір жақтауының бірден жүйкесі болады.......... Левкой ақбасқұрайы (желтушник левкойный)- Erysimum cheiranthoides L.M.

0. Жапырағы қауырсынды тілімделген.Бұршаққындары біз тәрізді, гүлсағағына жабысып тұрады, бұршаққынның әрбір жақтауының үшеуден, тікесінен бойлай, орналасқан жүйкесі болады.....................Дәрі сарбасқурай(гулявник лекарственный) – Sisibrium officinate (SL).Scop.

4. Өсімдік өзінің сыртын қаптаған түктеріне байланысты, көгілдір - сұр түсті болып келеді. Бұршаққаншылары сопақтау, күлтерінің жоғарғы жағында ойығы болады.... көк шытырша (икотник серый)- Berteroa incana (L) D.C.

0. Өсімдік ашық- жасыл түсті. Күлте жапырақшалары тілімделмеген, тұтас........................................................................................................5

5. Бұршаққыншалары үшбұрышты... кәдімгі жұмыршақ (пастушья сумка обыкновенная) – Capsella bursa- pastoris (L) Medic.

0. Бұршаққаншылары сопақтау немесе дөңгелек, жтектері жалпақ.......... Егістік яруткасы(ярутка полевая)- Thlaspi arvense L.

 

Пысықтау сұрақтары

 

1. Жабық тұқымдылардың өмірлік циклі қандай?

2. Гүлдің шығу тегі қандай (эванттық, стробилярлық, теломдық теориялар)?

3. Эванттық теория бойынша аналықтың структурасының қандай белгілері қарапайым болып келеді?

4. Жабық тұқымдылар мен жалаңаш тұқымдыларды қандай белгілеріне қарай ажыратады?

5. Жабық тұқымдыларды қандай класстарға бөледі және осы кластардың негізгі белгілері қандай?

6. Әрбір тұқымдасты оқып, зерттегеннен кейін мына сұрақтарға қалайда жауап беру қажет:

а) тұқымдастың көлемі қанша?

б) эволюциялық қатарда тұқымдастың орны қандай?

в) тұқымдастың өкілдерінің географиялық таралуы қандай?

г) тұқымдастардың өкілдерінің экологиясы қандай?

д) тұқымдастардың өкілдерінің вегетативтік және репродуктивтік органдарының құрылысы қандай?

е) тұқымдастардың құрамына кіретін негізгі туыстар мен түрлер қандай?

ж) тұқымдастардың өкілдерінің шаруашылықтағы маңызы қандай?

 

 

ҮШІНШІ БӨЛІМ. БОТАНИКАНЫҢ ЖАЛПЫ

МӘСЕЛЕЛЕРІ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1366; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.073 сек.