КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сімдіктер зоналары мен биіктік белдеулері
Тарау Тарау ТҮР ТУРАЛЫ ҰҒЫМ Түр туралы ұғымның тарихы үлкен және ол бір-біріне қайшы келетін, аса шиеленіскен маңызды көзқарастарға толы болып келеді. Түр туралы талас-тартыс көп жағдайда флористер мен систематиктердің тек профессионалдық тұрғыдан қызығушылығының деңгейінен (рамкасынан) шығып кетіп отырады. Оның барлық уақытта жалпы биологиялық маңызы болған және табиғаттың дамуы жөніңдегі мынадай екі түрлі көзқарастың, екі түрлі концепцияның: материалистік жөне идеалистік көзқарастыңарасындағы талас-тартысты көрсетеді.
ӨСІМДІК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА Біздің планетамызды космос корабльнен қарағанда, космонавтар экватордың екі жағында, жалпақ жолақ түзіп, тропиканың жасыл өсімдіктерінің өсіп тұрғанын көреді. Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты жауатыңдығьша қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормаңдар, ылғалдығы құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында — мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді. Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз кеңістіктер — шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршама биік ендікте қайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі секідді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар больш келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстьщ айналасында (цикумполярно), тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созыльш жатады. ортасы аса қатал жағдайларда (тундрада, таудың альпа белдеуінде) репродуктивтік жолмен көбею біршама төмен болады, және кейбір түрлер тек вегетативтік жолмен көбейеді. Сонымен, өсімдіктердің қарым-қатьнасының және табиғи сұрыптаудың нәтижесінде оларда белгілі бір экологиялық жағдайға аса қажетті, жаңа физиологиялық қасиеттер мен құрылысының жаңа структурасы қалыптасады. Мұндай қажетті белгілері бар түрлер мен түр ішілік дараланған топтар (формалар), осындай экологиялық жағдайларға көп бейімделген, көп адаптацияланған болып келеді. Мұндай түрлер мен олардың комплекстері, өздері адаптацияланған ортаның компоненттерінің тамаша индикаторы болып табылады. Өсімдік-иңдикаторлар, көп жағдайда стенотопты түрлер болып келеді. Яғни бұл түрлердің ареалы шамамен көп жерді алмайды, өйткені олар аздаған кеңістікке тән ерекше ортамен байланысты болады. Осы түрлер және олардың ертеде қалыптасқан қауымдастықтары — фшпоценоздары алдымен топырақтың типінің сенімді корсеткіші болып табылады. Өйткені топырақтың белгілі бір типтерінің қалыптасуына биоценоздың осыған сөйкес келетін типі шешуші роль атқарады.
Биік солтүстік ендіктерде бір-бірінен оңай ажыратылатын, бірінің артынан бірі келетін, үш зона: полярлық (арктикалық шолдің зонасы), тундралық, орманды зоналар циркумполярлы орналасады.
Олардың ең қаталы, сондықтанда осімдіктер үшін ең қолайсызы поляр зонасы болып табылады. Бұл жерде вегетациялық кезең, томенгі температурада, қысқа поляр жазында отеді. Ең жылы ай шілденің (июль) орташа температурасы 0°С аспайды. Бұл қысыңқы зонаның құрамына Таймыр түбегінің солтүстік шеті мен аралдардың мынадай тобы: Жаңа Жердің солтүстік аралдары, Солтүстік Жер, Франц-Иосиф Жері, Новосибир аралдарының бір болігі, Геральда аралдары және т.б. кіреді. Бұл зонада осетін өсімдіктердің түрлерінің жалпы саны 40-50-ден аспайды. Жердің бетін тұтас басып (жауып) жатқан өсімдіктер жабыны жоқ. Тек жекелеген өсімдіктер немесе мүктер мен қыналардың аздаған тобы (куртинки) қиыршық тастар мен үлкен тастардың арасыңда шашыраңқы болып оседі. Поляр зонасына континентті экватордан солтүстік және оңтүстік еңдіктерге қарай 7—8°С-тың деңгейінде орап жататын ылғалды (жаңбырлы) тропикалық ормаңдар зонасы (гилеи) мүлдем қарама-қарсы болып келеді. Бұл жердің ауа райы тұрақты болады.Жылдың орташа температурасы 18-20°C-тан төмен болмайды.Ең төменгі температураның өзі 0°C шамасында болады.Жаңбыры көп және ол жылдың барлық мезгілдерінде барлық бірқалыпты жауады.Жылдық ылғалдылықтың мөлшері 8000-10000 мм-ге дейін жетеді.Өсімдіктер жабыны тұтас (сомкнутый),көп ярусты.Оның құрамында өсімдіктердің көптеген өмірлік формалары,экологиялық топтары және алуан түрлі түрлері бар.Жаңбырлы тропикалық ормандар батыс ендікте де,шығыс ендікте де жақсы жетілген.Құрылысы жағынан, түрлерінің құрамы және олардың комплексі (ассоциациясы) жағынан бұл ормандар біркелкі емес.Олардың тіршілік формалардың ішінде ағаштар – фанефориттер айқын басымдық көрсетеді.Түрлерінің саны жағынан ағаштанған лианалар ағаштардан аз болмайды.Тек орман арасындағы ашық жерлерде (прогиланах),негізінен су жағалауларында, шөптесін өсімдіктердің қауымдастықтары (ассоциации) – биік шөптер түзіледі.Олардың құрамында банандар (Musa туысы), аройниктер (Araceae тұқымдасы),канналар (Canna туысы), папоротниктер (Polypodiophyta бөлімі), бегониялар (Begonia туысы) бар. Екі бір-бірінен қарама-қарсы орналаскан зоналардың арасында бірін бірі заңды түрде ауыстырып отыратын аралық зоналар жатады.Климаттың,сонымен бірге өсімдіктердің де зоналарға байланысты қалыптасатындығы жөніндегі ғылымның жалпы заңдылықтары өткен ғасырдың бас кезінде сипатталып жазылып және сол ғасырдың ортаңғы кезінде белсенді түрде жан-жақты зерттеле басталды (А.Гумбольт, Ф.Скоу, А.Де Кандоль). Ж.Константен жер шарын алты климаттық зонаға бөледі:поляр зонасы – температура жыл бойында 10°C төмен болады; салқын зона – 1 – 4 ай бойы температура бірқалыпты қоңыр-салқын болып тұрады,ал қалған айлардың барлығында – салқын; қоңыржай-салқын зона – жазы бірқалыпты қоңыр-салқын,ал қысы салқын; қоңыржай-жылы зона – жазы ыстық; субтропикалық зона – ыстық айлары көп; тропикалық зона – жыл бойында температура 20°C жоғары болып тұрады. Осы зоналардың барлығы бір-бірінен климатымен ғана емес,сонымен бірге сыртқы көрнісіменде ажыратылады.Бір зонадан екінші зонаға ауысқанда өсімдіктердің және олардың қауымдастықтарының өзгергендігін айқын аңғаруға болады. Зоналар туралы ұғымды және табиғаттың әртүрлі құбылыстарының арасындағы байланыстардың жалпы заңдылықтарын өткен ғасырдың аяғында,алғашқы рет сипаттап жазған биогеографияның негізін салушы белгілі ғалым В.В.Докутаев болған. Ол өлі табиғат пен тірі табиғаттың,өсімдіктер мен жануарлардың және минералдық дүниелердің арасында байланыстардың болатындығын айқын көрсетіп жазды. Климаттың белгілеріне (критерий) осы жердің физикалық жағдайының сипаттамалары (температура,ылғалдың мөлшері) ғана емес,сонымен бірге өсімдіктер мен олардың қауымдастықтарының ерекшеліктері де жатады.Сондықтанда климаттың ең дәл берілген анықтамасына мыналар жатады:шөлдің климаты,тундраның климаты,жаңбырлы тропикалық ормандардың климаты және т.б. Бірақта айта кеткен жөн,зонаның системасы (климаттың,топырақтың,өсімдіктер қауымдастықтарының) рельефі тегіс, жер асты суы тереңде жататын территорияларда жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына негізделген.Ал практика жүзінде континенттің әртүрлі участкелерінде орографиялық жағдай бірдей емес,сондықтанда ол жалпы заңдылықты бұзып отырады,әсіресе тау системалары ендік бойында орналасқкан болса. Климатқа Гольфстрим, Куро-Сиво секілді жылы ағындардың да әсері үлкен болады. БОР-дың европалық бөлігінің үлкен кеңістіктерінде зоналық системаны өзгертетіндей орфографиялық фактордың да (Среднерусская и Привольжская возвышенности,Донецкий кряж и др.),жылы ағынның да әсері болмайды.Батыс-Сібір ойпаты мен Қазақстан туралы да осыны айтуға болады. БОР-дың европалық бөлігінде төрт саттылық зона айқын байқалады:поляр зонасы,тундра зонасы,орманды зона,шөлейт зона (267-сурет).Шөлді зона БОР-дың азиялық бөлігінде,Волганың төменгі сағасынан бастап Алтай тауына дейінгі аралықты жалғастыратын түзуден,оңтүстікке қарай жатқан кеңістікті түгелімен алып жатады.Дәлірек айтқанда шөлді зона Орта Азия республикалары (Өзбекстан,Тәжікстан,Түркменстан,Қырғызстан) мен Қазақстанның жер көлемінің басым көпшілігін алып жатады. БОР-дың таулы аймақтарында (Түркменстанда,Қазақстанда,Өзбекстанда,Қырғызстанда,Тәжікстанда,Кавказда,Алтайда және т.б.) жалпы зоналар өзгеріске ұшырайды.Таудың етегінен басына дейін бірін-бірі алмастырып отыратын,өсімдіктер жабынының әртүрлі жолақтарын кездестіруге болады,бұл жерде оларды биіктік белдеулері немесе биіктік зоналары деп атайды. Таудағы өсімдіктерді таралуы мен бөлінуін зерттеген ғалымдар мынаны дәлелдеген,тау экваторға неғұрлым жақын болса,солғұрлым өсімдіктердің биіктік белдеулері толық және айқын болады.Мысалы, биік солтүстік ендікте,тундра зонасында,таудың басына шыққанмен тундраның өсімдіктерінен басқа ештеме кездеспейді.Керісінше экваторға жақын шөлді зонада орналасқан тауларда,мысалы Климанджарода, биіктік белдеулерінің өсімдіктер қауымдастықтарының толық спектрі айқын көрінеді. Яғни биіктік белдеуінің толықтығы кеңістік факторіне де (таудың биіктігі) және географиялық ендікке де байланысты болалы екен. Бірінен соң бірі келетін зоналардың күрт байқалатын шекарасы болмайды. Олардың арасында жер көлемі бірталай болып келетін аралық кеңістіктер болады (переходные полосы).Сонымен бірге тауда өсімдіктер белдеулерінің,өсімдіктер жабынының структурасы, түрлерінің құрамы және тіршілік формалары біртектес болмайды. Мысалы,тундра зонасын мынадай үш жартылай зонаға бөледі:мүкті-қыналы тундра,бұталы тундра және орманды тундра. Орманды зонаны және басқа зоналарды да жартылай зоналарға бөледі. Сонымен,өсімдіктер зоналарының деңгейінде айқын басымдық көрсететін өсімдіктер қауымдастықтарын және ондағы өсімдіктердің түрлерін өсімдіктердің зоналық типі немесе өсімдіктердің зоналық түрлері деп атайды.Әдетте өсімдіктердің зоналық типтері көптеген кеңістікті алып жатады,өсімдіктердің басқа типтерінен айқын басым болып келеді және оларды анықтау ешқандай қиындық келтірмейді. Мысалы, орманды зонада орман түзетін ағаштар басым болып келеді.Олар қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ормандар түзеді.Өсімдіктердің мұндай типін,басқа типтерімен шатыстыру мүмкін емес. Өсімдіктердің зоналық типтері ешуақытта таза зонаның өсімдіктерінен ғана тұрмайды,олардың құрамында міндетті түрде зонаға тән емес кірме участкелер болады.Мұндай кірмелерді шығу тегіне жіне белгілі бір өсетін ортасына қарай:өсімдіктердің экстразональды,интразональды және азональды типтері деп үш топқа бөледі. Осылардың ішінде ең қызық және өзіндік ерекшілігі бар кірмеге өсімдіктердің экстразональды типі деп дербес зона түзуге қабілетті және өзінің дербес зонасын түзетін,бірақ кейбір ерекше жағдайларға байланысты жекелеген участкелерімен ассортиментін пайдалану жабайы өсімдіктерді мәдени жағдайда ендіру (интродукция) арқылы байыту,олардың ботаникалық-географиялық ерекшеліктерін ескермейінше іске асыру мүмкін емес.Бұл мәселелерді шешу үшін бірқатар проблемалары жақын ғылымдардың:тарихи геология мен палеонтологияның,өсімдіктердің морфологиясы мен фищиологиясының және т.б. негізгі тұжырымдары мен озық тәсілдерін пайдалану қажет.Өсімдіктердің географиясы – биогеография деп аталынатын жалпы ғылымның бір бөлігі болып табылады.Ал “биогеография” биосферадағы организмдердің таралуы мен табиғи үйлестіктерін – биоценоздарды зерттейді.Биоценоз күрделі биотикалық қарым-қатынаста болатын (түрлерді биотикалық жолмен сұрыптауды қоса есептегенде) өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы. Өсімдіктердің географиясының көлемі мен міндеттерін бір ғалымдар кең ауқымда түсінеді,ал екінші буреулері – біршама келте түсінеді.Өсімдіктердің географиясының негізін салған ғалымдар К.Вильденов пен А.Гумбольт болған.Олар өсімдіктердің географиясын аса үлкен көп салалы (комплексті) ғылым ретінде қарап, оны:флористикалық география,экологиялық география және тарихи география деп үш бөлімге бөлген.Осы бөлімдердің әрқайсысының өзінің алдына қойған мақсат міндеттері және зерттеу тәсілдері бар ерекше ғылым салалары болып табылады. Өсімдіктердің географиясының барлық салалары бір-бірімен және проблемалары жақын ботаникалық ғылымдармен,ең алдымен өсімдіктердің систематикасымен тығыз байланыста болады. Өсімдіктердің географиямының(фитогеографиясының) элементтері Бұл ботаниканың ең маңызды бөлімі, оның міңдеті біздің планетамыздағы өсімдіктердің таралуы мен бөлінуінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Бұл міндетті орыңдаудың континенттердегі (құрлықтардағы) жөне әлемдік акваториядағы өсімдіктердің тарихьш зерттеуде маңызы үлкен. Флора мен оның жекелеген компоненттерінің — түрлердің шығу тегі мен тарихи даму барысын зерттеу, осы түрлерді пайдалану мен оларды қорғаудың ең қажетті ғылыми негізі болып табылады. Себілетін ауылшаруашылық дақылдарының ассортиментін пайдалану жабайы өсімдіктерді мәдени жағдайға ендіру (интродукция) арқылы байыту, олардың ботаникалықгеографиялық ерекшеліктерін ескермейінше іске асыру мүмкін емес. Бұл мөселелерді шешу үшін бірқатар проблемалары жақын ғылымдардың: тарихи геология мен палеонтологияның, өсімдіктердің морфологиясы мен физиологиясьшың және т.б. негізгі тұжырымдары мен озық төсілдерін пайдалану қажет. Өсімдіктердің географиясы — биогеография деп аталынатын жалпы ғылымньщ бір бөлігі болып табылады. Ал «биогеография» биосферадағы организмдердің таралуы мен табиғи үйлестіктерін — биоценоздарды зерттейді. Биоценоз дегеніміз, осы территорияны мекендейтін және бір-бірімен күрделі биотикалық қарым-қатынаста болатын (түрлерді биотикалық жолмен сүрыптауды қоса есептегенде) өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы. Флористикалық география Флористикалық география, немесе флорография, негізгі екі проблеманы шешеді. Біріншісі — жекелеген түрлерді немесе біршама рангасы биік систематикалық бірліктерді (туыстарды, тұқымдастарды) жөне олардың жиынтықтарының — флорасының таралуын зерттеу. Флора деп белгілі бір территорияда тарихи қалыптасқан өсімдіктердің түрлерінің үйлесімді жиынтығын айтады. Жекелеген территорияның флорасын зерттеу, жер бетін флоралық аудандарға бөлуге, флоралық облыстарға бөлуге және біршама бөлшектенген флоралық кеңістіктердің бірліктерін — облыстарды, провинцияларды, округтарды және т.б. бөлуге қажетті материал береді. Өсімдіктер қауымдастықтарының географиясы (география растительности) — бұл флорогра-
495 - 504
Г.Н.Высоцский, Л.А.Иванов, В.Р.Вильямс, Б.А.Келлер, Е.П.Коровин, В.Н.Сукачев, П.А.Генкель секілді орыстың ботаник-экологтарының жұмыстарында бірінші орында тұрды. Отандық экологиялық мектептің ұраны – ауыл-шаруашылық өндірісін табиғаттың стихиясы мен ауа-райының құбылмалылығынан құтқару болым табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда ауылшаруашылығын механизациялаудың, химизациялаудың және электрификациялаудың деңгейі БОР-дың кезіндегіден көп төмен болып отыр. Соған байланысты өсімдіктерге, әсіресе ауылшаруашылық дақылдарына оптимальды жағдай туғызудың мүмкіндігі агрономдар үшін оңайға түспей отыр.
ФИТОЦЕНОЛОГИЯ (ГЕОБОТАНИКА)
Фитоценология – экологиялық географияның ең жас және шарықтап дамып келе жатқан саласы. Оның негізгі мақсаты өсімдіктер қауымдастықтарын зерттеп, олардың қалыптасуы мен дамуының себептерін ашу және шаруашылықта пайдалануының жолдары мен тәсілдерін анықтау болып табылады. Сонымен бірге фитоценология өсімдіктер қауымдастықтарының қайта қалпына келуін де зерттейді. Ботаникалық географияның басқа салаларымен бірге фитоценологияның ауылшаруашылық практикасында маңызы үлкен. Әсіресе шалғындарды, ормандарды, шөлдерді, шөлейтті, батпақты жерлердің және т.б. өсімдіктер жабынын жан-жақты зерттеу және оларды шаруашылықта пайдалануды белгілі бір ғылыми жүйеге қою фитоценологияның жетістіктерімен байланысты. Фитоценоз – бұл белгілі бір территорияның бір тектес участоктерінде кездесетін өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы болып табылады. Бұл анықтамада көңіл аударатын нәрсе мынау, фитоценоз – өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес, ол белгілі бір территориямен, басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын, өмір сүріп отырған ортасына бейімделушіліктің негізінде қалыптасқан, ұзақ уақыттар бойы жүрген тарихи дамудың жемісі. Бір ғана түрден тұратын фитоценоздар бар. Мұндай фитоценоздарды ерекше орталарда, түрлердің біреуінің бейімделушілік қасиетінің жоғары болуының нәтижесінде, басқа түрлерден айқын артықшылығы болатын жағдайда кездестіруге болады. Бұған сор топырақтарда солянкалардың кейбір түрлерінің қалың болып өсуі, қара өлеңшөптің (камыша озерного) жер асты суының жақын жатқан жерлерінде қалың қопа түзуі мысал болады. Тұрақты система ретінде, фитоценоздың ең маңызды қасиеттерінің бірі – оның өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі. Өсімдіктердің өздігінен қалпына келуге қабілетсіз үйлесімділігінің фитоценоздардан айырмашылығы сол, оларды өсімдіктердің топтары (группировки) деп атайды. Фитоценоздарды универсалды бағдарламамен зерттейді. Ең алдымен олардың структурасын зерттеуге: түрлерінің құрамына, ярустығына (жер беті бөлігі мен тамыр системаларының), осы фитоценоздың түзілуіне жекелеген түрлердің қатысына, жекелеген түрлердің өмірлік формаларына және басқа да парасетрлеріне көңіл бөледі. Фитоценологтардың басты мақсаты шалғындарды, ормандарды, тундраны, шөлейтті, шөлдерді және өсімдіктер жабынының басқа типтерін (оның ішінде мысалы, ауылшаруашылық дақылдары мен ағаштардың көшеттерімен ауыстырылғандары да бар) тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Фитоценологтар агрономдармен, топырақтанушылармен, экологтармен, өсімдік шаруашылығын жақын арада қалайда жолға қоюдың жопарын жасау үстінде. Олар шөлді және шөлейт аймақтарда, қорықтарды жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге олар ауылшаруашылығына пайдалы жерлерді дұрыс жоспарлауға (пландауға) және үлкенді-кішілі қалаларды, елді-мекендерді, үлкен кен орындарын игеруге байланысты бүлінген жерлерді (террикондарды, золоотвалдарды, хвостохранилищелерді) көгалдандырудың жоспарын жасауға қатысады.
Пысықтау сұрақтары 1. Жер бетінде тіршілік қашан және қайда пайда болған? Өсімдіктер дүниесінің эволюциясы қалай жүрген? 2. Жыныстық көбеюдің эволюциясы қандай? 3. Жыныссыз көбею мен жыныстық көбеюдің принциптік айырмасы қандай? Жыныстық көбеюдің эволюциялық артықшылығы неде? 4. Жыныссыз көбею мен жыныстық көбеюлердің байланысы қандай? Морфологиялық әртектілік пен өмірлік циклінде спорофит пен гаметофиттің басым болып келуінің эволюциялық маңызы қандай? 5. Фитогенез бен онтогенездің арасындағы байланыс қандай? Биогенетикалық заң не туралы айтады. 6. Қандай себептердің әсерінен онтогенезде өсімдіктердің структурасы өзгереді. 7. Тіршілік формасы дегеніміз не? К.Раункиер тіршілік формасын қалай классификациялайды? 8. Экологиялық топ дегеніміз не? Ылғалға және жарыққа байланысты өсімдіктердің қандай экологиялық топтары бар? 9. Автотрофты және гетеротрофты өсімдіктердің айырмашылығы неде? Паразиттер мен сапрофиттер қалай қоректенеді? 10. Табиғи тарихи және формальды-логикалық тұрғыдын түрді қалай анықтайды? 11. Жер бетінде өсімдіктер қауымдастықтарының бөлінуінду қандай заңдылық бар? 12. Қандай өсімдіктерді индикаторлар деп атайды? 13. Ареал дегеніміз не? 14. Жер бетінің өсімдіктер жабыны неге зоналар бойынша орналасады? БОР-дың территориясында қандай зоналар бар? 15. Экологиялық факторлар дегеніміз не? Оларды қалай классификациялайды? 16. Табиғатты қорғауда және ауылшаруашылығында экологияның маңызы қандай? 17. Фитоценоз дегеніміз не? Ауылшаруашылық практикасында фитоценологияның маңызы қандай?
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. В.Г. Хржановский, С.Ф. Пономаренко. Ботаника. Москва ”Колос”, 1982. 2. В.Г. Хржановский, С.Ф. Пономаренко. Практикум по курсу общей ботаники. Москва ”Высшая школа”, 1979. 3. В.Г. Хржановский. Курс общей ботаники. Москва ”Высшая школа”, 1976, том I. 4. В.Г. Хржановский. Курс общей ботаники. Москва ”Высшая школа”, 1976, том II. 5. А.Е. Васильев и др. Ботаника: морфология и анатомия растений. Москва ”Просвещение”, 1988. 6. А. Тахмаджян. Система магнолиофитов. Ленинград ”Наука”, 1987. 7. Н. Мухитдинов, Ә. Бегенов, С. Айдосова. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы ”Республикалық баспа кабинеті”, 1993. 8. Е. Ағелеурв, К. Дөненбаева, К. Агитова, С. Иманқұлова. Ботаника: өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы ”Санат”, 1998.
Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3119; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |