Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Атарлар тобы – teichiospermatophyta sympetalae




Асқабақтар тұқымдасы (тыквенные) – Cucurbitaceae

Тұқымдасқа 1мыңдай түр (120-туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігінде тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер,қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік Шығысы және Оңтүстік Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көп жағдайда пальмалардың арасында өседі, сабақтарының арасында қатты түктері болады. Бұл тұқымдастың өкілдеріне биколлатеральді өткізгіш шоқтары тән. Жапырақтары үлкен, қосалқы жапырақшалары болмайды, жапырақ тақталары жүрек тәрізді, саусаққалақшалы (пальчатолопастной) немесе саусақсалалы (пальчаторассеченный) тілімделген болып келеді де, сабаққа кезектесіп орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған (тармақталған) мұршалары түрі өзгерген жапырақтың қолтығынан кететін бұтақ болып табылады. Гүлдері актиноморфты, аталықтары біріккен жағдайда зигоморфты болып келеді. Гүлдің бөліктері 4- шеңбер түзіп орналасады, 5 мүшелі (гинецейден басқасы) әдетте дара жынысты. Жалғыздан немесе ас жапырақты қолтығында аз гүлден тұратын гүлшоғырын түзіп орналасады. Бір үйлі немесе екі үйлі өсімдіктер. Гүл серігі қосарланған, түб жағынан трубкаға біріккен болып келіді. Тостағаншасы 5тісті. Күлтежапырақшасы 5-жақтаулы, қоңырау немесе доңғалақ (колисовидный) тәрізді, сиректеу күлтежапырақшалары бос орналасады, олардың түсі сары немесе ақ болып келеді. Аталық гүлдің 5 аталығы болады,олар көптеген түрлерінде үш ағайынды андроцей түзеді (4-аталығы екеу-екеуден қосарланып бірігеді де, біреуі бос қалады). Кейде андройецеі бірағайынды болады (асқабақ туысы – cucurbita). Тозан қабы екіұялы, S – тәрізді иілген болып келеді. Гинецейі ценокарпты, үш жемісжапырақшадан тұрады. Гүл түйіні төменгі, үш ұялы, етженді болып келетін бүйірлік жатындары болады. Олар үлкен болып өседі және бір бірімен ортаңғы бөлігі түйіседі. Бұл жағдайда гүл түйіні алты ұялы көрніс береді. Тұқым бөрі көп. Аналықтың мойыны қысқа, ал оның жоғарғы 3-етженді аузы болады. Жемісі жидек тәрізді. Экзокарпиі қалың, тығыз, тіптен қасанданған немесе ағаштанған, Мезокарпиі мен эндокарпиі жұмсақ болып келеді (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр). Мұндай жемістердің үлкен болатындығы сонша, кейде олардың салмағы 100кг астам болады. Сиректеу жемісі жидек болып келетін түрлеріде болады (итжүзім туысы – преступень - Bruonia). Дәндері көп, эндоспермі жоқ, тұқым жанағы жалпақ болып келеді.

Қияр туысы (огурец - cucumis). Бұтақталмайтын мұртшалары бар біржылдық өсімдік. Гүл түйіні цилиндр тәрізді, тікенекті түктері болады. Гүлінің формуласы былай жазылады:

*Ca(5) Co(3) A0 G(3); *Ca(5) Co(5) A(2)+(2)+(1) G0.

Африка мен Азияда таралаған 30-дай түрі бар. Көкөністік өсімдік ретінде екпе қиярды (огурец пасевной – C.sativa) (234-сурет) өсіреді. Жабайы түрі белгісіз, сорттарының көпшілігі полигамды.

Қауын туысы (дыня - Melo). Қоңыржай климатты аудандарды кең таралған 10 түрі бар. Сабағы дерге төселіп өсетін біржылдық шөптесін өсімдік. Гүл түйіні сопақтау немесе шар тәрізді болып келеді, сыртында түктері өаптап

тұрады. Екпе қауынды (дыню пасевную – M.sativa) БОР-дың оңтүстік аудандарында, әсіресе Орта Азия республикалары мен Қазақстанда көптеп өсіреді. Бұл кезде көптеген аудандастырылған сорттары бар.

Арбыз туысы (арбус - Citrullus) үш түрі бар. Біржылдық және көпжылдық өсімдік олардың ориалы Оңтүстік Африканың Колохара шөлін алып жатады. Кәдімгі арбыздың (қарбыз-дарбыз) (арбуз съедобный – C.vulgaris) көптеген сорттары өсіріледі.

Қоректік арбыз (арбуз кармавой – C.colocynthoides) малға қорек ретінде арнайы өсірілетін (дақыл) өсімдік.

Асқабақ туысы (тыква - Cucurbita). Тамыры ұршық тәрізді болып клетеін, кейде түйнектері болатын көпжылдық, немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер. Туыстың құрамында 18 жабайы өсетін түрлері бар, ал 5 түрі тек мәдени жағдайда ғана кездеседі. Түрлерінің көп мөлшерде кездесетін орталықтары Мексика, Гватемала, Гондурас. Ірі асқабақты (тыква гигандская –S.maxima) БОР-дың европалық бөлігінің орталық аудандарында (Украйна, Поволжье) және Приморский аймағында өсіреді. Мускатты асқабақтың (тыква мускатная – C.moshata) тропикалық аудандардың жылы және ылғалды климатына бейімделген сорттары бар, олардың жемістерінде қаннтың мөлшері аса жоғары болады. Пісіп жетілген дәндерінде 52% дейін май болады - БОР-дың территориясында Кавказда және Орта Азия мен Қазақстанда өсіріледі кәдімгі асқабақтың (кобачки – S.pepo) жемісінің формасы мен мөлшері және түсі көп згеріп отырады. БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда бұл өсімдікті көкністік өсімдік ретінде өсіреді.

Асқабақ тұқымдасының көпшілігінің дәнінде көп мөлшерде май болады, оны тамққа да, техникаға да пайдаланады. Колоцинт (Citrullus solocinthus) және итжүзім (переступень-Brionia) туысынң түрлері дәрілік өсімдіктер болып саналады. Кейбір түрлері сәндік өсімдіктер ретінде пайдаланлады,мысалы люффа (Luffa) туысының түрлері. БОР-дың флорасында асқабақ тұқымдасынан итжүзім туысының екі түрңмен шөлейт аудандарының оңтүстігінде өсетін атпа қияр (бешеный огурец – Ecballium elaterum) кездеседі.Өз атына сәйкес тургур қысымының күшімен атпа қияр жемісінен дәндерін сыртқа лақтырып шашады.

Күрделігүлділер, немесе астралар тұқымдасы (сложноцветные или астровые) – Compositae, Asteraceae

Бұл тұқымдаста 18-20 мыңдай түр бар, (1 мыңдай туыс).Өмірлік формалары кішігірім ағаштар (кейде бұтақтанбаған колона тәрізді сабағы болады) бұталар,лианалар, жартылайбұталар,көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Көп жағдайда олар өрмелеп өседі,кейде суккулентеріде болады. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континеттерінде) кездеседі. Бұл ең көп таралған және жоғарғы деңгейде жетілген тұқымдастардың бірі.Көптеен туыстары өзгергіш келеді,өйткені олар белсенді (интенсивті) түрде форма түзу сатысында тұр.Түрлері тұқымы арқылы да,вегетативтік жолмен де жақсы көбейеді.

Бұтақтарына жапырақтары әдетте кезектесіп,сиректеу қарама-қарсы немесе топтасып орналасады,кейде олар жертаған (розетка) түзіп қатты қысқарады. Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары болады – сүт жолдары,схизогенді смола жолдары. Клеткаларында инулин жиналады. Тұқымдасқа тән белгілер мыналар: гүлшоғыры себет (корзинка),сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер (корзинка)жиналып қалөанша (шиток) немесе сыпыртқы (метелка) түзеді.Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады,олардың жиынтығы орама (обвертка) түзеді. Ораманың жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері,олардың формасы және түсі осы тұқымдастың өкілдерін классификациялауға және анықтауға ең қажетті белгілер болып табылады.Себеттің үстінгі беті (ложе) жазықта, ойыста,дөңесте болуы мүмкін; жылтыр немесе емшектәрізді; тікенектермен немесе түктермен жабылған;іші толтырылған немесе қуыс (235-сурет).

Гүлдері алуан түрлі – біреулері үлкен және қанық боялған, ал екіншілері ұсақ,көріксіз болып келеді. Олардың барлығы да 4шеңбер түзіп орналасады.Күлтесі 5-мүшелі, тостағаншасы желайдарға (хохолок,паппус) айналып кеткен немесе редукцияға ұшыраған. Андроцейі жіпшелері бос орналасқан 5 аталықтан және трубкаға біріккен тозаңдықтардан тұрады. Құрылысы мұндай болып келетін андроцей тек күрделігүлділерге ғана тән. Гинецейі ценокарпты 2 жемісжапырақшаларынан тұрады.Аналағы 1.Гүл түйіні төменгі,1 ұялы. Ұзын болып келетін аналықтың мойыны аталықтың трубкасының ішінде орналасады, одан жоғары әдетте екі жақтауы бар аналықтың аузызы (рыльце) ғана көтеріліп – көрініп тұрады (236-сурет). Жемісі тұқымша (семянка),көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдар (летушка) болады.

Күлтежапырақшаларының құрылысына қарай гүлдердің мынадай түрлері болады: трубка тәрізді,тілші,жвлғвнтілше,воронка тәрізді гүлдер (235-сурет). Екі ерінді гүлсерігі бар гүлдерде болады (оңтүстік америкалық түрлер).

Трубка тәрізді гүлді әдетте алғашқы (бастапқы) деп қарайды. Күлтенің жапырақшалары бұл жағдайда төменгі жағынан трібкаға бірігеді, үстіңгі жағынан трібка қоңырау тәрізді кеңейеді де, 5 тісшеге бөлінеді. Гүлі актиноморфты, қосжынысты, кейде дара жынысты.

Гүлдің формуласы: *С(5) – O-pap.Co (5)A (5) G(2)

Тілше гүлдің трубка тәрізді гүлден пайда болғаны күмән келтірмейді. Күлтенің төменгі бөлігі трубкаға бірігеді, бірақ ол өте қысқа болады. Одан жоғары трібка бір жағынан ғана ыдырап тілше түзеді, оның ұшы 5 тісшемен аяқталады. Гүлі зигоморфты, қосжынысты. Гүлдің формуласы:

↑Ca(5) – O- pap. Co(5) A(5) G(2)

Жалғантілше гүлді екі ерінді гүлден шығару жеңіл, оның күлтесінің тек бір ғана астыңғы еріні болады. Жалғантілшегүл тек 3 күлте жапырақшадан түзілген, оны тілшенің ұшындағы 3 тісі көрсетіп тұр. Бұл зигоморфты, көп жағдайда аналық гүл, аталығы жоқ. Гүлдің формуласы

↑Ca(5) – O- pap. Co(3) A(0) G(2)

Воронка тәрізді гүлдің күлтесінің трубкасының жоғарғы жағы воронка секілді кеңейген болып келеді. Бұл жыныссыз гүл,аталығы да, аналығы да болмайды. Гүлдің формуласы:

↑Ca(5) – O- pap. Co(5-7) A(0) G(0)

Себеті біржағдайда тек трубка тәрізді гүлдерден немесе тілше гүлдерден тұруы мүмкін, ал екінші жағдайда оның ортаңғы бөлігі трубка тәрізді гүлдерден, ал шет жағы жалғантілше гүлдерден немесе воронка тәрізді гүлдерден тұрады. Үлкен шет жағындағы гүлдерінің түсі ұсақ ортаңғы гүлдеріне қарағанда басқаша болады. Осыдан барып гүлшоғырында әртүрлі түстілік (ала-құлалық) қалыптасады, ол шамасы насекомдарға жақсы бағдар болса керек.

Гүл шоғырында жыныстық бөлінуі әрқилы. Себек тек қосжынысты (трубка тәрізді немесе тілше гүлдерден), қосжынысты және даражынысты немесе жыныссыз (трубка тәрізді және жалған тілше гүлдерден), даражынысты,бір себетке немесе әртүрлі себетке жиналған гүлдерден тұруы мүмкін. Әртүрлі себтке жиналған гүлдер бір үйлі де және екі үйлі де өсімдіктер болуы мүмкін.

Гүлдердің құрылысының жоғарыда келтірген ерекшеліктері және олардың себетте орналасу реті күрделігүлдерді классификациялауда және олардың туыстарын анықтауда шешуші орын алады. Туыстың деңгейінде түрлерді анықтағанда бірінші орынға олардың вегетативтік органдарының құрылысының ерекшеліктері шығады.

Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор. Олардың ішінде аса құнды тамаққа пайдаланатын (май алынатын және көкөністік), татымды дәмі бар, дәрілік,бояулық,сәндік, хош иісті өсімдіктер аз емес. Көптеген түрлері өсімдіктер жабының негізгі компонеттерінің бірі болып табылады, ал кейбіреулері өте қиын, күресуге бой бермейтін арамшөптер. Тұқымдасты 21 тұқымдастармағына бөледі: трубкагүлділер және тілшегүлділер.

Трубкагүлділер тұқымдастармағы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 2253; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.