Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Атарлар тобы – melophytamonochlamydeae 3 страница




Рауғаш туысы (Ревень – Rheum). Барлығы 35-тей түр, БОР-дың флорасында 22 түрі, ал Қазақстанда 10 түрі кездеседі. Табиғи жағдайда Азияның таулы, негізінен орталық және шығыс аудандарында өседі. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Осыған дейінгі туыстан гүлсерігінің ішкі шеңберінің ұлғайып өсуімен ажыратылады, ол келешекте жемісінің ұшуын жеңілдетеді. Жемісінің қанатшасы болады, ал андроцейі 9 аталықтан тұрады. Дәрілік рауғаш (ревень дланевидный, или ревень лекарственный – Rh.palmatum), Қытайда және Тибетте кең таралған. БОР-да оны көкөністік, сәндік және дәрілік өсімдік ретінде өсіреді. Бұйра рауғаш (ревень волнистый – Rh.undulatum) Шығыс Сібірде, Солтүстік Монголияда кездеседі, оны көкөністік өсімдік ретінде себеді; сорттары шығарылған.

Бұл тұқымдастың экономикалық жағынан ең маңызды үлкен өкілі егістік қарамық гречиха посевная – Fagopyrum sagittatum, 229-сурет) – жарма беретін дақыл, гүлдерінен аралар бал жинайды. Гүлінің формуласы:

ТҰҚЫМДАРЫ ГҮЛТҮЙІНІНІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА ЖАНАСА ОРНАЛАСҚАН БОС ЖЕЛЕКТІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ – TEICHIOSPERMATOPHYTA CHORIPETALAE

Бұл топқа филогенетикалық тұрғыдан аз зерттелген, негізінен тропикалық тұқымдастар жатқызылады.

Крестгүлділер, немесе капустагүлділер тұқымдасы (крестоцветные или капустные) – Crucifera, Brassicacae

Крестгүлділер жер бетіндегі құрлықтардың (континенттердің) барлығында, әсіресе қоңыржай және суық климатты облыстарда, тіптен Арктикаға дейін таралған. Түрлерінің саны 3мыңдай болады (350 туыс). Өмірлік формалары негізінен шөптесін өсімдіктер, бұталарыда кездеседі. Олардың барлығының бір- бірімен туыстық байланысының тығыз болатындығы сонша, жекелеген түрлерді былай қойғанда, көп жағдайда тіптен туыстардың өзінің арасында айқын морфологиялық айрмашылық жоқ. Қалыпты жағдайда бұл жапырақтары кезектесіп орналасатын, жапырақтақталары тұтас, немесе тілімделген болып келетін, қосалқы жапырақшалары жоқ өсімдіктер. Бұларда глюкозидтер жиналады, олар ыдырағанда қышамайы (горчичное масло) түзіледі. Гүлдерінің құрылысы біртектес, гүластыжапырағы мен гүластыжапырақшасы болмайды. Гүлшоғыры шашақ немесе сыпырғы тәрізді. Гүлдері актиноморфт, қосжынысты, гүл серігі қосарланған болып келеді. Тостағаншасы екі қатар шеңбер түзіп орналасқан 4 тостағанша жапырақшадан тұрады. Күлтесі де 4 бос күлтежапырақшадан тұрады, бірақ ол бір ғана шеңбер түзіп орналасады. Антроцейі екі шеңбер түзіп орналасатын 6 аталықтан тұрады. Оның 4 ұзыны ішкі шеңберді,ал 2 айқын қысқа болып келетіні сыртқы шеңберді түзеді. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Жатыны (гүл түйіні) жоғарғы екі жалған перделерінің болуына байланысты 2-ұялы болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағында екі жақтауы бар аналықтың аузымен ұштасады, кейде аналықтың аузы шоқпарбас болып келеді. Шырындығы жақсы жетілген, ол қысқа аталықтардың түп жағында томпайып немесе тұтас жастықша тәрізді болып тұрады. Гүлінің формуласы: *Ca4Co4A2+4G(2).

Жемісі бұршаққап, кейде бұршаққын, екі жақтауы арқылы қақырап ашылады. Жалған пердеден төменнен жоғары қарай қақырауы арқылы айқын ажыратылады. Кейбір түрлерінің жемісі қақырамайтын көпдәнді немесе бірдәнді. Бунақты бұршаққын,қанатша болып келеді (230 –сурет). Дәндерінің эндоспермі болмайды.

Капуста туысы. (Brassica). 50-дей түрі бар. БОР-дің территориясында 9 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі мәдени жағдайда гендірілген. Бақша капустасы (К.Огородная – B.Olerace) (231-сурет) – өзгергіш, оның мынадай формалары болады (232 - сурет): жабайы капуста (Var.acephala) – биік өсімдік, ол Жерорта теңізінің батыс жағалауындағы жартастарда өседі; брюссель капустасы (Var.gemmiphera) – 2 жылдық өсімдік,олардың қолтығындағы бүршңктерінен ұсақ когандар түзіледі; кочанды капуста (Var.capitata) - екіжылдық өсімдік, көкөністік өсімдік ретінде өсіріледі,ол көкөністік дақылдық жер көлемінің 30% алады; гүлді капуста (var.gongyloides) екіжылдық, сабағы қысқа шартәрізді болып жуандацтын өсімдік; савой капустасы (var.sabauda) екі жылдық өсімдік, дәмінің сапасы жоғары болып келеді. Батыс Еуропада өсіріледі.

Шалқан капуста (Капуста репа,турнепс – b.rapa) екіжылдық өсімдік,бірінші жылы тамыр сабағы түзіледі. Тамаққа және мал азығы ретінде пайдаланылатын сорттары шығарылған. Олар барлық жерлерде кеңінен таралған.

Жабайы капуста (Сурепица – b.campestris) біржылдық өсімдік, биіктігі 1м. – е дейін барады. Арам шөп ретінде жиі өседі. Сиректеу майлы дақыл ретінде өсіріледі (var.oleyfera). Брюква,рапс (b.napus) бір немесе екіжылдық өсімдік, биік сабағына жапырағы қалың болып орналасады. Май алынатын дақыл ретінде себіледі.

Тамыр жемісі көкөніс ретінде де, малға қорек ретінде де пайдаланылады. Сарепт қышасы (горчица сорепцкая – junceya) – біржылдық өсімдік, май алынатын дақыл ретінде және қыша порошогын алу мақсатында себеді.

Табиғи жағдайда қалың болып өсетін кейбір крестгүлділерді шаруашылықта пайдаланады, мысалы жабайы хренді (Armurace rusticano). Көп уақыттан бері Ымыртгүлді (Вечерницу,вечерную фиалку – Hesperis matronales) біржылдық левкойды (Mattheola annua) және т.б. сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді. Крестгүлділердің тамаша бал беретін өсімдіктер болып табылады, оған қыша туысының (Senapis) түрлері мысал болады. Көптеген түрлері аса зиянды арам шөптер болып табылады.

Көкнәрлер тұқымдасы (Маковые) – Papaveraceae

Тұқымдастын құрамына 450-дей түр кіреді (28-30 туыс). Әдетте шөптесін өсімдіктер, кішігірім ағаштары мен бұталарыда болады. Солтүстік ендіктің тропикалық, субтропикалық және қоңыржай климаты облыстарында өседі. Жапырақтары кезектесі (кейде топтасып) орналасады,әдетте олардың шеттері тілімделген, қосалқы жапырақшалары жоқ болып келеді. Ішінде сүтті шырындар жиналатын қапшық тәрізді клеткалар мен бунақты шайыр жолдары болады. Құрамында әртүрлі алколоидтары бар, әсіресе морфин, кодеин пантопин, және т.б. апиыны бар сүтті шырындары болады (қызыл,сары ақ түсті). Гүлдері қос жынысты, көп жағдайда актиноморфты, болып келеді. Тостағаншасы гүлдеудің бастапқы кездерінде-ақ түсіп қалып отыратын 2 тостағанша жапырақшадан, ал күлтесі 4 дұрыс қаптарланбаған күлтежапырақшадан тұрады, кейде соңғысының саны 12-ге жетеді. Антроцейі көптеген шеңбердің және спиральдің бойымен бос оргаласқан аталықтардан тұрады. Олардың саны кейде 4-тен немесе 6-12 ден аспайды.

Гинецейі ценокарпты, екі немесе бірнеше жеміс-жапырақшалардан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы, 2 немесе көп ұялы көп болып келеді, аналықтың ауызы барлық уақытта отырмалы. Гүлдері үлкен, бояуы қанық, біреуден немесе симпотиальді гүлі аз болып келетін гүлшоғырынан тұрады. Жемісі қорапша.

Көкнәр туысы – (мак – Papaver.). Тұқымдастың ең үлкен туысы, оған 120-дай түр жатады. Оның 50-і БОР-дың флорасында, ал 11-түрі Қазақстан флорасында кездеседі. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, гүлдері үлкен, бояуы қанық болып келеді. Апиын көкнәрін (мак снотворный – P.sommiferum) май алынатын дақыл ретінде себеді,өйткені оның дәнінде 50% дейін май болады. Сонымен бірге одан медицинада қолданылатын апиын алынады. Шығыc көкнірісінің (Мак восточный – P.orientalis) гүлі үлкен, ашық-қызыл түсті болып келеді, сәндік өсімдік ретінде бақтарда отырғызылады.Сеппе көкнәр (м.самосейка – P.rhoeas) (233-сурет). Егіндіктің біржылдық арамшөбі. *Ca2Co2+2A G.

ТҰҚЫМДАРЫ ГҮЛ ТҮЙІНІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА ЖАНАСА ОРНАЛАСҚАН БІРІККЕН ЖЕЛЕКТІЛЕР




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3452; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.