КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Атарлар тобы – melophytamonochlamydeae 2 страница
220-сурет. Картоп (Solanum tuberosum): А-репродуктивті өркен; Б-гүл (тостағанша жағынан қарағандағы жалпы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі); В-гүлдің диаграммасы; Г-жемісі жидек (жалпы көрінісі, тікесінен және көлденеңінен жасалған кесінділері). Гүл түйіні жоғарғы, әдетте 2 ұялы, бірақта жалған перденің пайда болуына немесе гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ), сиректеу сүйекті болып келеді. Көптеген түрлерінің көкөністік өсімдіктер ретінде (картоп, помидор, баклажан, бұрыш) шаруашылықтағы маңызы өте зор, ал кейбіреулерінің бойында улы аккалоидтары болады, оларды дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Кейбір біржылдық түрлері сәндік өсімдіктер болып келеді. Алқа туысы (паслен - Solanum). 1,5 мыңдай түрлері бар. Түрлерінің ең көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР-дың флорасында бар-жоғы 10-ақ түрі кездеседі. Экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп (картофель – S. tuberosum) (220-сурет), ал осы тұқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда ең кең тараған түрінің бірі. Біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Гүлсерігі актиноморфты, күлте жапырақшаларының түсі ақ, ашық-сия көк, сарылау-қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айнасында конус түзіп орналасады. Гүлінің формуласы:
Екі ұялы шырынды жемісі болады. Тамырлары жеңішке. Сабағының жер асты бұтағы – сталондары болады, оларды тамырдан оңай ажыратуға болады. Өйткені олардың бүршіктерімен ұсақ қабыршық (чешуя) тәрізді төменгі жерасты жапырақтары болады. Сталондарында түйнектері жетіледі, оларда 15-25% дейін крахмал және 78% дейін су болады. Картоптың 1 мыңнан астам тамаққа пайдалатын, малдарға керек болатын және әртүрлі техникалық заттар алатын сорттары белгілі. БОР-дың территориясында отырғызылып жүрген картоп шамасы Чилидің Андасында, Чилоэ аралында өсетін түрге, бәлкім Перуде өсетін түрге де жататын болуы мүмкін. Кең таралған овощтық дақылға көк баклажанда (синий баклажан – S.melongena) жатады. Ол жеуге келетін жемісі үлкен, қою сия-көк түсті; шыққан жері Индия, жабайы өсетін түрлерінен ащылау алқаны (паслон сладко-горький – S.dulcamara) айтуға болады. Ол жартылай бұта, шырынды жемісінің түсі ашық-қызыл болып келеді. Қара алқа (п.черный – S.nigrum); біржылдық шөптесін өсімдік, шырынды жемісінің, түсі қара болып келетін кең таралған арамшөп. Темекі туысы (табак - Nicotiana). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңтүстік Америкада, Австралияда кездеседі. Бұталар және шөптесін өсімдіктер. Гүлдерінің күлтежапырақшалары вовронка тәрізді немесе қоңырау тәрізді, көп жағдайда хош иісті болып келеді. Бірқатар түрлері бір жылдық техникалақ өсімдіктер ретінде кеңінен өсіріледі: кәдімгі темекі (табак курительный – N.tabacum) – жабайы түрінде Перуде және Эквадорда өседі, көптеген сорттары шығарылған; Мохорка темекісі (табак махорка – N.rustica) (221-сурет). Сәндік өсімдіктер ретінде орман темекісі (табак лесной – N.Sylvestris), ұзынжапырақты темекі (табак длиннолистый – N.longifolia)және т.б. отырғызылады.
221-сурет. Махорка (Nicotiana rustica): А-репродуктивті өркен; Б-ашылған гүл; В-гүлдің диаграммасы; Г-жемісі қауашақ (жалпы көрінісі және көлденең кесіндісі). Бұрыш туысы (перец - Capsicum). Түрлерінің саны 25-тен 50-ге дейін жетеді. Жартылай бұта және шөптесін өсімдіктер, табиғи жағдайда Орталық Америкада өседі. Қоңыржай климатты елдерде, оның ішінде БОР-дың оңтүстігінде және Қазақстанның оңтүстік облысынтарында өсіріледі. Біржылдық бұрыштың (перец однолетний – C.annuum) негізінде көптеген ащы және салаттық сорттары шығарылған. Шыққан жерінде ол жартылай бұта. Басқа туыстарынан мына түрлердің маңызы зор: ас помидоры (томат – Lycopersicum esculentum) біржылдық дақыл 600-дей сорттары белгілі; белладона (Atropa belladonna) көпжылдық шөптесін өсімдік, бойында атропин және гиосциамин алколоидтары болады, сол үшін оны дәрілік өсімдік ретінде өсіреді. Ерінгүлділер, немесе тауқалақайлар тұқымдасы (губоцветные, или яснотковые) – Labiatae, Lamiaceae Тұқымдасқа 4 мыңдай түр жатады (20-ден астам туыс). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бұталар. Антарктидада басқа құрлықтардың барлығында өседі, бірақ түрлерінің ең көп тараған жерлері Жерорта теңізі жағалауының, Алдыңғы және Орта Азияның шөлді және шөлейт аудандары. Сабағы 4-қырлы.
222-сурет. Шалғын шалфейі (Salvia pratentis): А-өсімдіктің төменгі бөлігі; Б-репродуктивті өркен; В- гүл (тікесінен жасалған кесінді); Г-тостағанша. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Жапырақтары қарапайым (жай жапырақтар), қосалқы жапырақшалары болмайды. Сабақтары мен жапырақтары безді түктермен немесе қабыршақтармен жабылған, олар эфир майларын бөліп шығарады. Гүлшоғыры әртүрлі тирстен тұрады. Гүлдері зигоморфты, көп жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты гүлге өте жақын болады. Тостағанша жапырақшалары біріккен, қоңырау тәрізді, түтік тәрізді немесе екі ерінді, әдетте екі 5-мүшелі. Күлтесі барлық уақытта 5-мүшелі. Желектердің бірігуінің нәтижесінде күлтенің төменгі жағы трубка ал жоғарғы жағы отгиб (күлте алақаны) түзеді. Қалыпты жағдайда отгиб екі ерінді болады, жоғарғы ерін 2 желектен, ал төменгі ерін 3-желектен тұрады. Сиректеу ол 4-мүшелі немесе бір ерінді болдв. Түтіктің іші жалаңаш және жылтыр немесе аталықтардың біріккен жерінен сәл төмендеу түктердің (үлпектердің) шеңбері болады. Осы бейімделушіліктің болуы немесе болмауы – аса маңызды систематикалық белгі болып табылады. Андроцейі күлтенің трубкасына бекінген 4 аталықтан тұрады, оның 2 ұзын, 2 қысқа болады. Андроцейі 2 аталықтан тұратын туыстарында кездеседі. Гинейейі барлық уақытта 2 біріккен жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, бірақ 4-ұялы (бөліп тұратын пердесінің 2-жалған), әр ұяда 1-ден тұқымбүрі болады. Аталықтың мойны біршама ұзын болады және екі жақтаулы аналық аузымен (2-лопостным рыльцем), аяқталады. Гүлдің құрылысының сызба нұсқасы 222, 223-суреттерде берілген. Ақ тауқалақайдың (ясноска белая – Lamium album) гүлінің формуласы:
Жемісі 4 жаңғақшаға бөлінеді. Тауқалақайлар тұқымдасына жататын өсімдіктер бойында көп мөлшерде, жағымды иіс шығаратын эфир майының болуына байланысты парфюмерия өндірісінде (розмарина – Rosmarinum және лаванда Lavandula), тамақ өнеркәсібінде (мускат шалфейі – Salvia sclarea) және медецинада (бұрыш жалбызы – мята перечная – Mentha piperita, сасықшөп- пустырник - Leonurus, шалфей туысының түрлері - Salvia, 222-сурет, насыбайгүл – базилик –Ocimum, жебір – тимьян- Thymus) кеңінен қолданылады. Кейбір өсімдіктер сәнді болып келеді, сондықтан да оларды гүл өсіру шаруашылығында (в цветоводстве) пайдаланады (шалфей блестящий – Salvia splendes дәрілік, сайсағыз – иссоп лекарственный – Hyssopus officinalis). Мұндай түр арамшөптері болып табылады: ақ тауқалақай (Lamium album 223-сурет) қайызғақшөп туысының түрлері (чистец-Stachys), пикульник (Galeopsis) және басқалар.
Қалақайлар тұқымдасы (крапивные) – Urticacea Түрлерінің жалпы саны 850-дей (45 туыс). Кішігірім ағаш, жартылай бұта, біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Тропикалық және қоңыржай климатты зоналарда кең тараған. Тропикалық ормандарда көп жағдайда шөптесін және бұталы ярустар түзеді. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында саны жағынан аз болғанымен аса кең тараған түрлері өседі. Гүлдері дара жынысты немесе қосжынысты, актиноморфты жапырақшалар түрінде болады, 4-мүшелі. Андроцейі 4 аталықтан тұрады, олар гүлсерігінің жапырақшаларына қарама-қарсы орналасады, аталықтың жіпшесі гүлдің ортасына қарай қайырылып тұрады.
223-сурет. Ақ тауқалақай (Lamium album): А-репродуктивтік өркен; Б-бүйірлік гүлшоғырының сызба-нұсқасы; В-гүл (жалпы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі); Г-тостағанша; Д-андроцей; Е-аталық; Ж-гинецей; З-гүлдің диаграммасы; И-жаңғақша (тікесінен жасалған кесіндісі).
224-сурет. Қосүйлі қалақай (Urtia dioica): А-аталық гүлі бар репродуктивтік өркен; Б-аталық гүл; В-аналық гүл (жалпы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі); Г- гүлдің диаграммасы. Аналығы бір, екі жемісжапырақшадан түзілген. Тұқымбүрі 1. Жемісі- жаңғақша олар гүлсерігінің ұлғайған ішкі жапырақшаларымен қапталып тұрады. Сүт жолдары болмайды. Жапырақтары мен сабақтарының сыртын әдетте күйдіргіш түктер жауып тұрады. Қалақай туысы (крапива - Urtica). Түрлерінің саны 40-тай. Бұрынғы одақтас республикалар флорасында 1 түрі, ал Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Екі жартышардың да тропикалық және қоңыржай климатты облыстарында кең тараған өсімдіктер. Көптеген түрлері мал азығы ретінде құнды өсімдіктер, кейбіреулерін көкөністер ретінде тамаққа пайдаланады, ал кейбіреулері талшықтар алуға қажетті шикізат болып табылады. Қосүйлі қалақай (крапива двудомная – U.dioica, 224-сурет) мен күйдіргіш қалақай (крапива жгучая - U.urens) – космополиттер. Қосүйлі қалақайдың гүлдерінің формуласы:
Қалампырлар тұқымдасы (гвоздичные) - Caryophyllaceae Түрлерінің саны жағынан аса үлкен тұқымдас. Өкілдері солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралан шөптесін өсімдіктер мен жартылай бұталар. Дүние жүзі бойынша 2000-нан астам түрі бар (80 туыс). БОР-дың флорасында 600-дей түрі, ал Қазақстанда – 215 түрі кездеседі. Бұтақтануы дихазиялы, жапырақтары қарама-қарсы, сиректеу кездесіп орналасады, қосалқы жапырақшалары көбіне болмайды немесе аздаған түрлерінде ғана болады Гүлдері дихазиялы немесе жалғыздан,актиноморфты, қосжынысты, сиректеу даражынысты, бір үйлі, сиректеу екі үйлі болып келеді. Гүлсерігі қоасарланған, сиректеу қарапайым, 5 мүшелі. Тостағанша жапырақшалары біріккен (сырдыршөптерде – у смолевковых - Silemoideae) немесе бос жапырақшалары бірікпеген (алсиналарда – у алсиновых- Alsinoideae), 4-5 тісті болып келеді. Күлте жапырақшалары (4-5) тостағанша жапырақшалардың тістерімен алма кезек орналасады. Аталықтарының саны 10 немесе 5. Аналығы 1, ол 2-5 жеміс жапырақшадан тұрады, гүлтүйіні жоғарғы, бір ұялы, аналықтың мойындары (столбик) біріккен немесе бірікпеген болып келеді. Тұқымбүрлері көп. Жемісі- жоғарғы лизокарпты қауашақ немесе жоғарғы лизокарпты шырынды жеміс. Тұқымының иілген ұрықты қоршап тұратын периспермі болады. Негізінен жабайы өсімдіктер мәдени жағдайда ендірілгендері өте аз. Жұлдызшөп (звездчатка - Stellaria). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді немесе сопақша болып келеді жіне қарама-қарсы орналасады. Күлтесі ақ түсті, аталығының саны 10 (немесе аздау), аналығының мойны 3. Қауашағы шар тәрізді. Бұл туыстың БОР-дың флорасында 50 түрі, ал Қазақстанда 20 түрі кездеседі. Дымқыл жұлдызшөп (звездчатка мокрица – S.media). Біржылдық немесе көпжылдық шөптесін өсімдік (күздік формаларында кездеседі), биіктігі 5-35см аспайды. Жерге төселіп өсетін сабағы ашық-жасыл түсті болып келетін арамшөп. Гүлінің формуласы: Халық медецинасында дәрілік шөп ретінде қолданылады. Көк балаусасы құстардың жақсы қорегі. Орман жұлдызшөбі (звездчатка лесная – S.nemorum) көп жағдайда көлеңкеле және қашалардың бойында (у заборов), бұталардың арасында, ормандағы бұлақтар маңайында өседі. Маусым айларынан бастап күзге дейін гүлдейді. Гүлінің формуласы: Қарамықша туысы (куколь - Agrostemma). Жаздық және күздік өсімдіктер. Кәдімгі қарамықша (куколь полевой – A.githago) біржылдық шөптесін улы өсімдік, астық егілген алқапта арамшөп ретінде жиі кездеседі. Жапырағы таспа тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Сабағы үлкен жалғыз гүлмен аяқталады, биіктігі 80 см дейін жетеді. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Гүлсерігі трубка тәрізді. Тостағанша жапырақшалары бірігіп, 5-ұзын (күлтесінен асып тұратын) тістері бар тостағанша түзеді. Күлтесі ашқыл көк түсті болады. Жемісі қауашақ. Дәндері қара түсті. Гүлінің формуласы:
БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі. Дәнінде улы зат сапонин болады. Қарамықшаның дәндері астыққа араласып кетсе қауіпті. Мұндай дәнмен араласқан ұнның иісі нашар және ашқылтым болады. Ұнның құрамындағы қарамықтың мөлшері 0,5% жетсе, ол денсаулыққа қауіп туғызады. Сылдыршөп туысы (смоловка - Silene). Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлдері қосжынысты және даржынысты, бір және екі үйлі өсімдік. Тостағанша жапырақшалары бірігіп кеткен. Аталықтары мен аналықтары тірсекте отырады (карпофорасында). Гүлтүйіні түп жағында үш ұялы болады. БОР-дың флорасында 150-дей түрі, Қазақстанда 62 түрі өседі. Гүлінің формуласы осыған дейінгі туыспен бірдей: Жарықдәрі туысы (грыжник – Herniaria). Бұл туыстың Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Оның ішінде ең маңыздысы жалаң жарықдәрі (грыжник гладкий – Herniaria glabra) – көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тармақталған, жерге төселіп өседі. Жапырақтары ұсақ, қарама-қарсы орналасқан, эллипс тәрізді. Өсімдіктің түсі сарғыш-жасыл. Маусымнан қазан айына дейін гүлдейді. Гүлдері өте ұсақ. Олар жапырақ қолтығында жиналып жұмыршақ (клубочка) түзеді. Гүлсерігі қарапайым, тек тостағанша жапырақтардан тұрады. Тостағаншаларының саны 5. Күлтелері жетілмеген, біз тәрізді, ақшылдау түсті болып келеді. Аталықтарының саны 5. Пестигі бір ұялы жоғарғы гүлтүйінінен тұрады. Жемісі бір тұқымды, қақырамайтын болып келеді. Гүлінің формуласы: БОР-дың Европалық бөлігінің орталық және оңтүстік аудандарында, Кавказда, Орта Азияда, Алтайда, Сібірдің оңтүстігінде парға жыртылған егістікте, жолдың жағасында, құмшауыт жерлерде, жыралардың, өзендердің бойында өседі. Кептірілген шөбінен кумариннің иісі шығып тұрады. Халық медецинасында өсімдіктің жербеті бөлігі дәрі ретінде қолданылады. Өсімдікті суға салып езсе көпіреді, оны сабын ретінде қол жууға пайдалануға болады. Сонымен бірге мұндай сабынды үйдегі иттерді жуындыруға пайдаланады (собачье мыло). Қалампыр туысы (гвоздика - Dianthus) (225-сурет). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу жартылай бұталар. Гүлдері жалғыздан болады немесе дихазиялы гүлшоғырын түзеді. Тостағаншасы түтік тәрізді, жоғарғы жағында 5 тісі болады. Күлтері түрлі түсті боялған, жоғарғы жағы шашақты тілімделген болып келеді.Аталықтарының саны 10, аналықтарының мойны 2. Дәндері көп. Гүлінің формуласы:
225-сурет. Қалампырдың гүлдері (Dianthus): А-жалпы көрінісі; Б-гүлінің диаграммасы. БОР-да 77 түрі, ал Қазақстанда 29 түрі өседі. Туыстың ең белгілі түрлері түрік қалампыры (гвоздика турецкая – D.barbatus) күлте жапырақшаларының түсі шұпар болып келетін көпжылдық шөптесін өсімдік (гүлі үшін мәдени жағдайда өсіреді) және голландия қалампыры (гвоздика голландская – D.caryophyllum)- үлкен, жағымды иіс шығаратын, түкті немесе қарапайым түрлі түске боялған гүлі бар өсімдік. Алабұталар тұқымдасы (маревые или лебедовые) – Chenopodiaceae Тұқымдасқа 1600-дей түр (105-туыс) жатады. БОР-дың флорасында 350 түрі, ал Қазақстанда 225 түрі кездеседі. Олар жер шарының барлық кеңістіктерінде, негізінен субтропикалық климаты құрғақ және топырағы тұздыболып келетін елдерде көптеп өседі (Орта Азияда, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Оңтүстік Америкада, Орталық Австралияда). Гүлдері ұсақ, көріксіз, циклды немесе гимициклды, актиноморфты, 5-мүшелі (гинецейден басқасы) қосжынысты немесе даражынысты болып келеді. Соңғы жағдайда редукцияға ұшыраған не аталық не болмаса аталық жыныс органдарының іздерін көруге болады. Гүлсерігі қарапайым, тостағанша жапырақша түрінде болады, аталық гүлдері кейде редукцияға ұшыраған. Андроцейі 5аталықтан, гинецейі ценокарпты 2-3 (4-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, кейде жартылай төменгі, 1-ұялы. Жемісі 1-тұқымды-жаңғақша, тұқымша, қалған тостағаншаларымен қоршалған болып келеді. Қызылша туысы (Beta). Туыстың құрамында 13 түр бар, оның 5-еуі БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 1ғана түрі өседі. Олар жерорта теңізі жағалауында Европаның батысы мен оңтүстігнде, Алдыңғы Азияда және Орта Азияда өседі. Қант қызылшасы (свекла обыкновенная – B.vulgaris) (226-сурет)- екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы өсімдік тамыр мойнының айналасында топтасып жертаған түзетін жапырақтар береді және тамыр жеміс түзеді ал екінші жылы тамыржемістен сабақ кетеді, оның басында гүлшоғыры тирс түзіледі. Қызылшаны өндірістік мақсатта қант алу үшін, көкөністік және малға азық болатын өсімдік ретінде көптеп арамшөп ретінде өседі (әсіресе Закавказьеде). Алабұта туысы (марь - Chenopodium). Дүние жүзі бойынша 250-дей түрі бар, БОР-дың флорасында 60 түрі, ал Қазақстанда 20 түрі кездеседі.
226-сурет. Қант қызылшасы (Beta vulgaris): А-тамыржеміс (біржылдық өсімдік); Б-реппродуктивтік өркен (екіжылдық өсімдік); В-гүл шоғыры; Г-гүл (үстіне қарағандағы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі); Д-гүлдің диаграммасы; Е-біріккен жемістердің жиындықтары (жалпы көрінісі және кесіндісі); Ж-тұқым (тікесінен жасалған кесіндісі): 1-гүлсерігінің қалдығы; 2-жемісқап; 3-спермодерма; 4-ұрық; 5-перисперм. Біржылдық екіжылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар. Олардың көптеген түрлерінің жапырағының сыртын ұн сепкендей болып тұздардың кристалдары тұтып бұрады. Ал жас сабақтарының сыртында көптеген бүртіктері, яғни түктері (пузырчатые волоски)болады.
Гүлдері негізінен қосжынысты, 5-мүшелі болады. Бірқатар түрлері арамшөп ретінде кең тараған: ақ алабұта ортаңғы (марь белая – Ch.album) (227-сурет) және дуал алабұтасы (марь стенная – Ch.murale). Ақ алабұтаның гүлінің формуласы мынандай:
Көкпек туысы (лебеда - Artiplex). Түрлерінің жалпы саны 230-дай, БОР-дың флорасында 30 түр, ал Қазақстанда 25 түрі өседі. Боз көкпек (лебеда седая – A.cana)- жартылай бұта, ол Орта Азияның жартылай шөлдерінде ландшафт түзетін өсімдік. Бақ көкпегі (лебеда садовая – A.hortensis) мен жылтыр көкпек (лебеда лоснящаяся – A.nitens) (228-сурет) біржылдық арамшөптер болып табылады. Жылтыр көкпектік гүлінің формуласы мынандай:
Тараңдар тұқымдасы (гречищные) – Polygonaceae Түрлерінің жалпы саны 900-дей (40 туыс). Түрлерінің шыққан жері Орталық және Оңтүстік Америка (ағаш), солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстары (бұталар, шөптер). Климаты құрғақ елдерде, мысалы Орта Азияда бұталар мен біржылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді; солтүстікке таман өсетін түрлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер.Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы, сиректеу топтпсып орналасады. Буын аралықтарының түп жағын түтік тәрізді қынапшасы – раструб жауып тұрады. Ол қосалқы жапырақшалардың бірігуінің нәтижесінде пайда болған. Сабағының буындары көп жағдайда жуандап ісінген болып келеді, буын аралықтары түп жағынан біраз уақыт бойы қыстырма меристеманың есебінен ұзақ өседі. Гүлдері ұсақ, гемициклы немесе циклды, әдетте қосжынысты. Гүлсерігі қарапайым 3-6, сиректеу 5 мүшелі, әдетте бос орналасады, әртүрлі – жасыл, ақ, қызыл түстерге боялған болып келеді. Аталықтарының саны 6-9 (3-8). Гинецейі ценокарпты 3 (2-4) жеміс жапырақшалардан тұрады. Гүлтүйіні төменгі. Жемістері 1-дәнді – 3-2 қырлы жаңғақшалар, кейде қанатты болып келеді. Таран туысы (горец - Polygonum). 280-дей түрлері бар, БОР-дың флорасында 160 түрі, ал Қазақстанда 52 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: бұталар және ағаштанған лианалар, жартылай бұталар, біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің таралған жерлерінің солтүстік шекарасынан бастап Австралияға, Оңтүстік Африкаға (Кап жері) және Чилиге дейін таралған. Қызыл таспа, құс таспасы (горец птичий – Poligonum aviculare), - биіктігі 10-нан 40 см дейін жететін біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары жерге төселіп өседі немесе жатаған болып келеді. Гүлдері жапырақтың қолтығында 2-5-тен болады. Жемісі 3-қырлы, түп жағы сопақтау болып келеді. БОР-дың барлық жерлерінде, тіптен Арктикада да өседі. Көптеген жерді алып жатқан таза құс таспасын жиі кездестіруге болады. Өзен жағалауының құмдарында, су қайтқан жерлерінде егістікте жіне малдың өрістейтін жерлерінде, жолдың жағасында өсетін өсімдік. Дәрілік және жем-шөптік өсімдік болып табылады. Шырмауық таран (горец вьюнковый – P.convolvulus) – біржылдық өрмелеп өсетін өсімдік, биіктігі 1м дейін барады, гүлдері жапырақтың қолтығында 3-6-дан топтасып отырады. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі, көп жағдайда егістік дақылдарының арамшөбі болып табылады, дәрілік және бал беретін өсімдік. Вейрих тараны (Вейриха – P.weyrichii) – биіктігі 2-5 м. болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, гүлдері жапырақтың қолтығынан шығаратын сыпырғы тәрізді гүлшоғырында орналасады; БОР-дың қиыр Шығысында (Сахалин, Куриль аралдары), Жапонияда және Қытайда өседі. Сәндік және перспективті жемшөптік (силосқа) өсімдік ретінде себеді.
Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 4302; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |