Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Angiospermatophyta, macnoliophyta 2 страница




Филогенетикалық системаның кезеңі. Ч.Дарвиннің еңбегінен кейін ғылымда жаңа кезең басталды. Жүз жылға созылған бұл кезеңде жалпы биологиялық масштабтағы, мысалы, эволюциялық морфологияның және жекелеген ғылымның деңгейіндегі аса маңызды мәселелер зерттелді. Ғылымның көптеген жаңа салалары ашылып жақсы қарқынмен дамып келеді. Соған байланысты зерттеулердің көптеген жаңа тәсілдемелері қарастырылып жолға қойылды.Дүние жүзінің көптеген елдерінде ондаған филогенетикалық системалар құрастырылған. Көп жағдайда олардың бір-бірінен эволюцияның даму барысын график түрінде көрсетуде ғана емес, сонымен бірге тіптен жалпы системаның үлкен-үлкен топтарының алғашқы ата тектерінің типтерін анықтауда да біршама айырмашылықтары болады. Филогенетикалық системаның құрастыруда бұрынғы Одақтас республикалардың ғалымдарының орны ерекше деп айтуға болады. Олардың ішінде Н.И.Кузнецовтың, Б.М.Козо-Полянскийдің, Н.А. Буштың, А.А. Гроссгеймнің және А.Л. Тахтаджяның системаларын атап өткен жөн. Алайда қазіргі кезде жалпыға бірдей қабылданған бірде-бір филогенетикалық система жоқ. Дегенмен соңғы кездері бұрынғы Одақтас республикалар көлемінде А.Л.Тахтаджянның системасы жиі қолданып келеді.Сондықтанда бұл оқулықта материалдарды біздер осы А.Л.Тахтаджянның системасына негіздеп құрастырғанды жөн көрдік.

Классификациясы. Жабық тұқымдылар ертеден қос жарнақтылар (Dicotyledoneae) және дара жарнақтылар (Monocotyledoneae) кластары болып екіге бөлінеді.Бұл кластардың бір-бірінен ажырататын ең қажетті және ең көрнекті белгілерін келтіреміз (193-сурет).

Айтып кеткен жөн, қос жарнақтылар мен дара жарнақтылардың деңгейінде осы келтірілген белгілерден бір қатар ауытқушылықтар болып отырады.Мысалы, кейбір қос жарнақтылардың тұқымжарнағы біреу (фикария - чистяк), жапырағының жүйкеленуі доға тәрізді (бақажапырақ – подорожник) болады, ал дара жарнақтылардың сабақтары екінші рет жуандайды (юкка, драцена) және т.б. Бұдан біз жоғарыда келтірілген белгілердің салыстырмалы түрде ғана алынғанын байқаймыз. Сондықтанда өсімдіктің қай класқа жататындығын анықтағанда осы белгілердің тек біреуіне ғана сүйінбей, олардың барлығын түгілімен ескеру қажет.

 


Қос жарнақтылар

1. Ұрықтың екі тұқым жарнаңы болады.

2. Ұрықтың тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады;тамырлары екінші рет қалыңдауға (жуандауға) кабілетті; тамыр системасы формасы жағынан көп жағдайда кіндік тамырлы.

3. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш шоқтары ашық; сабақтың көлденең кесіндісінде олар шеңбердің бойымен орналасады немесе барлығына бірдей ортақ өткізгіш цилиндрі болады.

4. Жапырақтары жай және күрделі, жүйкеленуі торлы.

5. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.

 

Дара жарнақтылар

1. Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады.

2. Ұрықтың тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; тамырлары екінші рет қалындауға (жуандауға) қабілетсіз, тамыр системасы көп жағдайда шашақ тамырлы.

3. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады.

4. Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді.

5. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.


Жабық тұқымдылардың табиғи топтарын гүлдерінің құрылысына және өмірлік формаларына қарай бөлу (топтастыру) немесе талдау мынаны көрсетеді. Туыстық жақындығы бар қатарлар біршама қысқа болады. Осыдан барып жабық тұқымдыларға шолу шасағанда оларды қатарлардың тобына біріктіру тәсілдемесі шыққан. Бұл кітапта 10 қатарлардың тобы қарастырылады. Олардың 8 қос жарнақтылар класына жататын қатарлардың тобы: көп жемістілер (магнолия тәрізділер), раушангүлдер тектес бос желектілер, раушангүлдер тектес бір жабынды өсімдіктер, раушангүлдер тектес біріккен желектілер, орталық дәнді бос желектілер, орталық дәнді бір жабынды өсімдіктер, тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан біріккен желектілер, тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан біріккен желектілер және дара жарнақтылар класына жататын екі қатардың тобы: желекті гүлділер, қабыршақты гүлділер.

ҚОС ЖАРНАҚТЫЛАР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИОПСИДТЕР КЛАСЫ (ДВУХДОЛЬНЫЕ ИЛИ МАГНОЛИОПСИДЫ) – DICOTYLEDONEAE, MAGNOLIOPSIDA

Түрлерінің саны 200 мыңнан астам (300 тұқымдас) болады. Олардың көбісінің практикалық маңызы зор немесе теориялық тұрғыдан назар аударарлық.

КӨП ЖЕМІСТІЛЕР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИЯ ТӘРІЗДІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ – POLYCARPICAE, MAGNOLIDAE

Көп жемістілерге 30-дай тұқымдас жатады, олардың біреулері негізінен ағаштар, сиректеу бұталар, ал екіншілері – суда және құрғақта өсетін шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар.

Көп жемістілердің гүлінің сыртқы құрлысы ашық тұқымдылардың стробилдеріне (шишки) ұқсас болады. Гүл табаны ұзынша болып келеді, оған спиральдің бойымен саны жағынан аса көп болып келетін гүлдің әртүрлі мүшелері орналасады.Кейбір жағдайларда олардың вегетативтік оргындарының микроскопиялық құрылысында ашық тұқымдыларымен ортақ белгілері сақталған. Мысалы, діңінің сүрегі тек трахейдтерден тұрады, олардың суды және басқада ертінділерді өткізуге арналған қабырғаларының жиектелген (көмкерілген) саңлаулары болады. Сонымен бірге эфир майлары жиналатын қуыстары да болады.Өмірлік формаларының басым көпшілігі ашық тұқымдылар секілді мәңгі жасыл ағаштар.Көп жемістілер Евразияның, Солтүстік және Оңтүстік Американың тропикалық және субтропикалық аймақтарында кеңінен таралған өсімдіктер.Осылардың барлығы олардың қарапайымдылығын және ертеде пайда болғандығын көрсетеді.Көп жемістілер жабық тұқымдылардың ішіндегі ең көрнекті топ, онымен қос жарнақтылардың да, дара жарнақтылардың да шығу тегінің эволюциялық жолдары байланысты.

Магнолиялар тұқымдасы (магнолиевые) – Magnoliaceae

Бұл тұқымдаста 200-ден аса түрі бар (20 туыс). Олардың көпшілігі жойылып кеткен өсімдіктер. Магнолиялар өткен геологиялық кезеңдерде кең таралған өсімдіктер болған, олар солтүстікке поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерде, тіптен Шпицберген, Гренландия аралдарына таяу жерлерге дейін, ал оңтүстікте – Австралияға жеткен. Кейіндеу климаттың салқындауына байланысты олардың ареалының солтүстік бөлігі жойылған. Қазіргі кезде магнолиялардың ареалы үзік, оның өзі осы тұқымдастың бүтіндей ертеде пайда болған өсімдіктер екендігін көрсетеді. Қазіргі кездегі түрлерінің ең көп таралған орталығына Қытайдың Оңтүстік-Шығысы, Индоқытай, Индияның Солтүстік-Шығысы жатады.Ксилемасының өртүрлі гистологиялық элементтері трахеидтерден және баспалдақты перфорациясы (тесіктері) бар қарапайым түтіктерден бастап, қарапайым перфорациясы бар маманданған түтіктерге дейін болады. Гүлдері үлкен, әдетте өсімдіктің сабағының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді және шеңбердің бойымен орналасады.Аталықтары мен аналықтары жеке-жеке тұрады, олардың сан мөлшері ерекше көп және спиральдың бойымен орналасады. Жемістерінің дәні көп жағдайда үлкен болады. Олар таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады.

Магнолия туысы (магнолия – Magnolia) Бұл туыста 70-тей түр бар, олардың 20-дайы сәндік өсімдіктер ретінде мәдени жағдайда өсіріледі (194 сурет). Солтүстік Америкада (мәңгі жасыл түрлері) және Азияның Оңтүстік шығысында (жапырақты түрлері) кең таралған. Гүлінің формуласы:

Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында табиғи жағдайда сібір магнолиясы (магнолия сибирская – М.obovata) деп аталынатын бір ғана түр өседі (курил аралдарында).

Мәдени жағдайда ең көп отырғызылатын түріне үлкен гүлді магнолияны (магнолия крупноцветковая – М.grandiflora) жатқызуға болады.Ол Флоридадан шыққан мәңгі жасыл ағаш, гүлі үлкен, түсі балауыз (воска) тәрізді ақ және жағымды иісі болады. Магнолияның кесілген бөренелері әртүрлі бұйымдар жасауға қажетті аса құнды материал болып саналады.

Тұңғиықтар тұқымдасы (нимфейные) – Nymphaeaceae

Түрлерінің жалпы саны 60 (4 туыс). Шыққан жері тропиктер. Бұлар суда және батпақты жерлерде өсетін көпжылдық шөптесетін өсімдіктер. Жапырақтары судың бетіне көтеріліп тұрады немесе судың қабаттарында жүзіп жүреді. Барлық түрлерінің жақсы жетілген тамырсабақтары болады, гүлдері аса үлкен, олардың диаметрі 35 см дейін жетеді және судың бетінен көтеріліп, көрініп тұрады. Гүлінің құрлысы алуан түрлі болады. Гүлсерігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді, ал күлте жапыпақшаларының саны орасан көп.Гүлінің формуласы манандай:

Гүлдерінің құрылыс бойынша тұңғмықта магнолиялар мен лаврлар жақын,бірақта соңғылары тек ағаштар болып келеді.Сондықтанда, олардың арасынга гинетикалық тұрғыдан жақындықты көрсетерін, байланыстарды табу қиын.Тұңғиықтар көпжемістілердің ғана емес, сонымен бірге дара жарнақтылардың да белгілерінің тұтастай сериясын қайталайды.Оларға кіндік тамырларының ерте өлуі,өткізгіш шоқтарынынң шашыраңқы орналасуы, гүлдерінің үш өлшемі болуы және тағы басқалар мысал болады.Соған қарамастан, көпжылдық шөптесін өсімдіктердің ішінде, тұңғиықтар мүлдем дараланып тұрады.Тұңғиықтардың қазіргі кездегі, әртүрлі құрлықтарда географиялық таралуы және қазба қалдықтары туралы мәліметтер, олардың ертеде пайда болғандығын дәлелдейді.

Ақбоз тұңғиық (кувшинка белая, или белая водяная лилия- Nymphaea alba) (195- сурет) Европада, Алдыңғы Азияда шөптесін өсімдік.Жапырағы суда жүзіп жүреді,

тамыр сабағынан кететін жапырақ сабақтары аса ұзын болып келеді.Гүлдерді аса үлкен, аздаған жағымды иіс болады (араматный запах);тостағанша жапырақшаларының саны әдетте 4(3-5), күлтежапырақшаларының, аталықтарының және жеміс жапрақшаларының саны өте көп болып келеді және сприральдың бойымен орналасады.Гүл түйіні жартылай төменгі болып келеді.Гүлінің формуласы:-------------------

Жемістер көп ұялы, үлкен, шар тәрізді, сыртының барлығын тігістер қаптап тұрады.Олар күлтежапырақшылары мен аталықтарының іздері болып табылады. Тамырсабағында крахмал мен танидтер жиналады. Оларды қоректік жем ретінде және иелік заттарды алуға пайдаланады. Аппақ қардай тұңғиық (кувшина белоснежная N.condida) осыған дейінгі сиппаталып жазылған ақбоз тұңғмыққа (N.alba) жақын тұр. Египет лотосы (лотос египетский- N.lotos) Африкада, әсіресе Нил өзенінің саласында кейіңінен таралған, тамаша сандік өсімдік. Кәдімгі сары тұңғиық (кубышка, или кубшина желтая-Nuphar Luteum),- үлкен, жуандығы 5-6 см келетін тамырсаьбағынан кететін жапырақтары ұзын сағаты болып келетін су өсімдігі. Гүлдері жалғыздан орналасады., түсі сары немесе қызғылт сары түсті болып келеді. Тостағагшасы 5-6 жасыл жапырақшадан, күлтесі 13-15 сары немесе қызғылт сары жапырақшадан тұрады; гүл түйіні үстіңгі, 10-16 ұялы болып келеді.

Бөріқарақаттар тұқымдасы (барбарисовые) – Berberidaceae

Бұл тұқымдасқа жер шарының екі бөлігінде де, әсіресе қоңыржай климатты елдерде кенінен таралған 600-ден астам түр жатады (14 туыс).Жапырақтары спиральдың бойымен орналасады, сиректеу жапырақтары топтасып жертағын түзеді. Жапырақтары қарапайым немесе күрделі болып келеді. Гүлдері циклді, оның мүшелерінің саны тұрақты болып келеді. Гүл серігі нашар дифференцияланған оның екі ішкі шеңбері, шамасы аталықтардан пайда болған нектарниктерден тұрады. Гүлінің формуласы мынадай:-------------------

Жемісі шырынды, сиректеу қауашақ немесе жаңғақша болып келеді. Бөріқарақатардың барлығында берберидин алкалойды жиналады. Бөріқарақаттарды дара жарнақтылардың белгілері болады. Гүлі 3- өлшемді, өткізгіш шоқтары шашыраңқы орналасады, кейде тұқым жарнасы біреу болады.

 

Бөріқарақат туысына (барбарис- Berberis) негізінен Америкада кеңінен таралған 200- астам түр жатады. Кәдімгі бөріқарақат (барбарис обыкновенный- B.vulgaris) (196- сурет). Жерортатеңізі маңындағы елдерде және Орталық Европаның қоңыржай климатты аудандарында өседі. Сәндік бұта ретінде оларды парктер мен скверлерді және көшенің бойын көгалдандыру мақсатында отырғызады. Тамырынан және сабағының қабығынан бояу алынады. Онымен көнді (былғарыны) және жүнді лимонды-сары түске бояйды. Жемістерін кандитер өндірісіне пайдаланады. Астық себілетін аудандарда, әсіресе бидай егілетін жерлерде, бөріқарақатты заңды түрде түп тамырларымен қопарып,құртып отырады. Өйткені ол астық тұқымдасының сабақтарының, сызықты татын түзетін, паразит –саңырауқұлақ пукцинияның (Puccinia graminis) аралық иесі болып табылады.

Сарғалдақтар тұқымдасы (лютиковые) – Ranunculaceae

Бұл тұқымдаста 2 мыңдай түр бар (45 туыс). Олардың көпшілігі қоңыржай және салқын климатты аймақтарда кеңінен таралған өсімдіктер, кейбір түрлері тропикада өседі. Сарғалдақгүлдері көпжағдайда, әсіресе ылғалы мол шалғындарда және ормандарда өсімдіктер жабының негізгі жылдық шөптесін өсімдіктер, олар тамырсабақ және түйнек түрінде жердің астында қыстап шығады, сиректеу кішігірім бұталар немесе лианалар.

Жапырақтарының жапырақ серігі болмайды, оларр қарапайым тілімделген немесе терең қалақша тәрізді тілімделген (лопастные) болып келеді, сабаққа кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері алуан түрлі- ациклді, гемициклді, циклді:актиноморфты және зигоморфты,гүлсерігі қарапайым немесе қосарланған; гинецейі апокарпты немесе ценокрапты. Гүлдерінің алуантүрлілігі осы тұқымдасқа біріктірілген туыстардың, эволюциялық дамудың әртүрлі сатысында тұрғандығымен тікелей байланысты. Сонымен бір туыстарының гүлдерінің құрылысы көпжемістілерге тән қарапайым: гүлсерігі қарапайым, гүлінің компоненттерінің саны өлшеусіз көп, спиральдың бойымен орналасқан, тәтті шырыны (нектарнигі) жоқ (күнкелді –Trollius, желайдар- Anemone, қалтагүл- Calthe);екінші біреулерінің гүлдерінің құрылысында насекомдармен тозаңдануға бейімделуіне байланысты жоғарғы деңгейде мамандандырылғандықтың белгілері байқалады.Мысалы, гүл тепкісі бар (шпорцелі), шөмішгүл (водосбор –Aquilegia, тегеурін- живкость- Delphinium)гүл серігі зигоморфты (уқорғасын – борец- Aconitum,тегеурінгүл – живокость – Delphinium),кейбір туыстары желмен тозаңдануға маманданған, шамасы екі рет болса керек, - гүл серігі редукцияға ұшыраған. (маралоты-василистник- Thalictrum).Сондықтанда, туыстарды анықтағанда гүлдің кұрлысының белгілері манызды роль атқарады.

Жемістері көп жағайда құрама- таптымалардың жыйыңтығынан (сборная листовка), жаңғақшалардың жиынтығынан немесе қарапайым жидек тәрізды болып келеді. Сарғалдақгүлділірдің бойында көп жағдайда улы алколоидтар болады,сондықтанада оларды мал жемейді. Пішенге орылатын шалғындарда және жайлымдарда олар қажет емес компонентердін бірі болып табылады. Бұлар негізінен сәндік және дәрлік өсімдіктер.

Тегеурінгүл туысы (живокость-Delphinium) 200-дей түрі бар. Табиғатта кең тарлған жерлері – жер шарының екі бөлігінің де қоңыржай климатты белдеулері болып табылады.Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 80- дей, ал Қазақстанда 28 түрі бар.Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер, жапырақтары азды көпті тілімдеоген болып келеді.Гүлдер зигоморфты, гүл серігі 5 мүшелі, тостағанша жапырақшалары күлте жапырақшаларына ұқсас, оның үстінгісі түп жағынан іші қуыс жартылай гүл тепкісіне ұқсас созылған болып келеді.Күлте жапырақшаларының саны 1-3, олар шырындыққа айналып кеткен.Олардың біреуі ұзарып гүл тепкісіне (шпорец) айналған және олар тостағанша жапырақшаның тепкісінің ішіне еніп жатады.

Аталықтары көп болады, ал аналықтарының саны әртүрлі.Бір түрлерінде аналықтарының саны біреуден болса, ал екіншілерінде ол 3-5 дейін болады.Бір аналығы бар түрлері ерекше сокирики (Consolida) деп аталатын туысқа біріктірілген.Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ең кең таралған өкілдерінің бірі дала сокиркиі (C.regalis) (197- сурет), ол жаздық және күздік дақылдардың арамшөбі.

 

Уқорғасын тусы. Туыстың құрамында 60-тай түр бар,Олар солтүстік ендікте, әсіресе таудың күн түсетін беткейлеріндегі шалғындарда, бұталардың арасында жиі кездеседі.Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 50-дей, ал Қазақстанда 14 түрі кездеседі.Бұлар көп-жылдық шөптесін өсімдіктер, тамыры жалпақ тор секілді.Гүл зигоморфты,шашақ гүл шоғырына жиналған.Тостағаншасының саны 5, олар ашық- көк түске боялған күлтежапырақшалар тәрізді болады, оның үстінгісі ұлғайып өсіп, бүркіттің томағасы тәрізді формаға келеді (шпель), ал астынғы екеуі көп жағдайда тең болмайды.Күлте жапырақшаларының саны 5-8 (көбіне 8), бірақ оның тек жоғарғы екуі ғана жетіледі және олар тәтті шырындыққа (нектарник) айналады.

 

Тәтті шырындар тостағанша жапырақшаның үстінгі томаға тәрізді ұлғайған бөлігінің ішінде орналасады, ал қалғандары азды-көпті редукцияға ұшыраған.Аталықтарының саны көп, аналықтарының саны 3-7-ге днйін болады.Жемістері таптамалардың жиынтығынан тұрады

өсімдіктің бойында өте улы акантитин алкалойды болады.Кейде оларды дәрілік немесе сәндік өсімдіктер ретінде отырғызылады. Бұрынғы одақтас республикалардың (европалық бөлігінің) флорасында көп жағдайда жүнауыз уқорғасыны (A Lasicostomum) және Флерова аканиті (A. Flerovii) кездеседі, ал бақтарда көпжағдайда дәрілік уқорғасыны (A.napellus) өсіріледі. Қазақстандағы кең таралған түрлеріне ақуыз уқорғасынымен (A.leucostomum) жонғар уқорғасыны (A soongarica) жатады.

Маралоты туысы (василистник -Thalictrum). Европада, Азияда, Африкада және Солтүстік Амеркада кең таралған 60-тай түрі бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 19 түрі, ал Қазақстанда 8 түрі өседі. Қазақстанда кең таралғаг өкілдерінің бірі шөмішгүл- жапырақты маралоты (василистник водосборолистный- Th.aquilegiafolium), ол биіктігі 1 м- дей болатын көпжылдық шөптесін өсімдік.

Сарғалдақ туысы (лютик-Ranunculus) 600-дей түрі бар. Бұлардың көпшілігі өте кең таралған және ылғалы мол жерлердің өсімдіктер жабынында, ылғалы мол жайылмаларда, батпақтарда және т.б. жерлерде доминант болып саналады. Сарғалдақтың түрлері барлық континенттерде кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 180 дей, ал Қазақстанда 57 түрі бар. Олардың ішінде ең кең таралғандары күйдіргі сарғалдақ (лютик едкий –R. Acris) сарғылт сарғалдақ (лютик золотистый- R. Auricomus),улы сарғалдақ (лютик ядовитый- R. Sceleratus) және басқалар. Барлық түрлері негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректау біржылдық, барлық уақытта дерлік улы деп айтуға болады. Гүлінің формуласы:

Раушангүлдер тектес бос желіктілер қатарлар тобы – MELOPHYTA CHORIPETALAE

Осыған дейінгі қатарлардың тобымен туыстық байланыс гүлдерінің, жемістерінің және тұқымдарының құрылыстарының ортақ ұқсастығына қарай: өмірлік формаларының ортақ ұқсастығына қарай: вегетативтік

200-сурет. Күйдіргі сарғалдақ (Ranuneulus acer):А-жалпы көрінісі; Б-күлте жапырақша; В- аналық (тікесінен жасалған кесінді); Д- гүлдің диаграммасы; Е- жемісі (жалпы көрінісі және тікесінен жасалған кесінді): 1-шірнелік шұқыршасы; 2- андроцей; 3-гинецей.

(200-сурет) сарғылт сарғалдақ (лютик золотистый-R.auricomus),улы сарғалдақ (лютик ядовитый- R.sceleratus) және басқалар. Барлық түрлері негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу біржылдық, барлық уақытта дерлік улы деп айтуға болады. Гүлінің формуласы:

* Ca5 CO5 A G∞.

 

РАУШАНГҮЛДЕР ТЕКТЕС БОС ЖЕЛЕКТІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ – MELOPHYTA CHORIPETALAE

Осыған дейінгі қатарлардың тобымен туыстық байланысын гүлдерінің, жемістерінің және тұқымдарының құрылыстарының ортақ ұқсастығына қарай; өмірлік формаларының ортақ ұқсастықтарына қарай; вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысының және гистологиялық элементтерінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруына қарай оңай және дұрыс анықтауға болады. Бірақта раушангүлдер тектес жеке жапырақшалылардың көпжемістілермен салыстырғанда біршама жоғарғы деңгейде жетілген құрылыстық (структуралық) белгілері болады. Ол белгілеріне мыналар жатады: гинецейінің гүлтабанына еніп жабылып кетуі арқылы қорғалуы, жатынының жартылай төменгі және төменгі болып келуі, алысқа баратын апомиксистің пайда болуымен қатар, айқас тозаңдануға бейімделушілігі. Бұның жабық тұқымдылардың эволюциялық системасындағы басты топ екендігіне күмән жоқ. Тұқымдастарға көп жағдайда эволюцияның әр түрлі жолдарында тұрған туыстар біріктірілген, бұл жағынан раушангүлдер тұқымдасы ерекше мысал (үлгі) болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 5029; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.055 сек.