Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Папоротнико-видные)- polypodiophyta 2 страница




1 класс — түқымды папоротниктер, немесе лигноптеридопсидтер (Lignopteridopsida немесе Pteridospermae);

2 класс — саювниктер немесе цикадопсидгер (Cycadopsida);

3 класс — бенеттиттер немесе беннеттитопсидтер (Bennettitopsida);

4 класс — гнеталар немесе гнетопсидтер (Gnetopsida);

5 класс — гинкголар немесе гинкгопсидгер (Ginkgoopsida);

6 класс — қылқан жапырақтылар немесе пинопсидтер (Pinopsida).

ТҮҚЫМДЫ ПАПОРОТНИКТЕР КЛАСЫ (СЕМЕННЫЕ

ПАПОРОТНИКИ) -LIGNOPTERIDOPSIDA,

PTERIDOSPERMAE

Түқымды папоротниктер ең ертеде пайда болған және ең карапайым ашық түқымдылардың бірі. Қазіргі кездерде олар толығымен жойылып кеткен. Бүл папоротник тәрізділер мен ашық түқымдылардың арасын байланастырып тұрған топ (переходная группа). Папоротник тәрізділермен оларды жапырақтарының құрылысы, сыртқы түрі, микроспорофиллдері мен микроспорангилерінің қүрылыстары жақындастырады. Ал ашық түқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, түқым бүрлері мен дөндерінің болуы жақындастырады. Қазіргі кездерде түқымды папоротниктердің жүздеген түрлері сипатталып жазылды. Олардың аса кең таралған туыстарына мыналар жатады: калимматотека (Calymmatotheca), медуллоза (Medullosa), кейтония (Caytonia), глоссоптерис (Glossopteris).

САГОВНИКТЕР КЛАСЫ (САГОВНИКОВЫЕ) -

CYCADOPSIDA

Саговниктердің жапырақтары үлкен, қауырсынды, сиректеу тұтас, ланцет тәрізді болып келеді. Сабағы (діңі) жақсы жетілген өзектен, қабықтан және онша үлкен болмайтын сүрек қабатынан түрады. Түқымбүрі жапырақ төрізді немесе азды-көпті метаморфозаға ұшыраған мегаспорфилдерінде орналасады. Әдетте түқым бурлер! жалғыздан орналасады немесе топтасып стробил (шишка) түзеді. Саговниктер эволюцияның үлкен жапырақты тармағы (линиясы) болып табылады. Сагов­никтер класы бір қатардан (Cycadales) түрады, онда бір түқымдас (Cycadaceae) бар.

Саговниктер катары (саговники) — Cycadales

Қатарға қазіргі кездерде кездесетін 100 дей түр жатады. Олар Шығыс Азияның, Австралияның, Африканың және Американың тропикалық және субтропикалық облыстарын- да кеңінен таралған. Саговниктер жай өсетін ағаштар, биіктігі 20 метрге жетеді және 1000 жылға дейін өмір сүреді (183-су- рет). Сабағы бүтақталмаған немесе нашар бүтақтанатын ко­лонна тәрізді немесе түйнек тәрізді жуандаған, кейде топыраққа жартылай көмілген болып келеді (геофилия). Өзегінде крахмал жиналады. Сабақтың жоғарғы ұшы вегетативті бүршікпен аяқталады, оны мәңгіжасыл жапырақтардьң тобы қоршап түрады. Бүршікте жапырақтары папоротниктердегі секілді ұлу тәрізді (улитка) бүралып түрады. Үлкен жапырақтары қауырсынды, үзындықтары 2 м. дейін барады. Саговниктердің ұрықтануы әліде сулы ортамен байланысты. Архегонийлері эндоспермнің ойыстау жерінде- архегониальды камерада орналасқан. Тозаң өскен кезде сперма түзетін клеткадан 2-4 немесе көптеген көпталшықты үлкен сперматозоидтар пайда болады. Олар архегониальды камераның ішіндеіі сүйыққа барып түседі де, біраз уақыт жүзіп жүреді, содан соң барып олардың біреуі жүмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Саговниктердің практикалық маңызы шамалы. Кейбір түрлерінің, әсіресе иілгіш саговниктің (саговник по­никающий — Cycas revoluta) өзегінен саго жармасын дайындайды. Саговниктер тамаша сәндік өсімдіктер, оларды оран- жерияларда және ашык грунтта осіреді.

БЕННЕГГИТГЕР НЕМЕСЕ БЕННЕТГИТОПСИДТЕР КЛАСЫ (БЕННЕГГИТОВЫЕ, ИЛИ БЕННБТГИТОПОИДЫ) - BENNETTITOPSIDA

Беннеттиттер түгелімен жойылып кеткен өсімдіктер. Бір қызығы олардың жойылған уақыты гүлді өсімдіктердің пайда болған және шарықтап өскен уақытымен сөйкес келеді. Басқа ашық түқымдылардан айырмашылығы сол, олардың стробилдері (шишки) қос жынысты болады. Вегетативті органдарының қүрылысы жағынан саговниктерге үқсас, бірақ олардың ішінде шөптесін өсімдіктерде болған.

Беннеттиттер класы бір қатардан түрады (Bennettitales), оған вилламсониялар (Willamsoniaceae) және беннеттиттер (Bennettitaceae) түқымдастары жатады.

Вилламсониялар түқымдасының аса кең таралған туыстарына вильламсония (Willamsonia) және вильямсониелла (Willamsoniella) өсімдіктері жатады. Ал беннеттиттер түкымдасының кең таралған туысына цикодеойдея (Cycodeoidea) жатады.

Шамасы беннеттиттер түқымды папоротниктерден шыққан болса керек.

ГИНКГОЛАР КЛАСЫ (ГИНКГОВЫЕ) - GINKGOOPSIDA

Гинкголар класы бір қатардан (Ginkgoales) түрады, онда қазіргі кездегі флорада кездесетін бір ғана монотигпі түқымдас бар (Ginkgoaceae). Түқымдас екі қалақшалы шнкго (гин- кго двулопастный — Ginkgo biloba) деген жалғыз түрмен белгілі (184-сурет). Шыққан жері Қьтайдың оңтүстік-Батысы. Ерте уақыттан бері оны Жапонияда және Қытайдың барлық жерлерінде, діни тұрғыдан қасиетті ағаш ретінде, мәдени жағдайда арнайы өсіреді. Бүл биікгігі 40 м. дейін баратьн, бөрікбасы пирамида тәрізді болып қалың бұтақталған мәңгі жасыл ағаш. Екі түрлі өркені болады: төбелік ұзарған және бүйірлік қысқарган. Жапырақ тақтасы жалпақ веер тәрізді болып келеді және сағағы болады. Ұзарған өркендерінде олар екі қалақты, ортасы ойық болъш келеді. Дихотомиялы жүйкеленеді.

Гинкго екі үйлі өсімдік. Аталық стробилдері (шишки) қысқарған өркендеріндегі жапырақтардың қолтықтарында пайда болады. Микроспорофиллдері жоғарғы жағында сорилері (сорус) бар тірсектен түрады. Ол көп жағдайда тек жарықшақтары арқылы қақырайтын, екі салбырап тұрған микроспорангиден түрады. Аналық стробилдері де


 

 

184-су ре т. Гинкгоның өмірлік циклы:

А-спорофит; Б-гаметофит; М-мейоз: 1-дэн (жалпы көрнісі және тікесінен жа- салған кесіндісі); 2-спермодерманың жүмсак кабаты; 3-спермодерманың қатты кабаты; 4-спермадерманың пленкалы қабаты; 5-эндосперма; 6-спорофиттің үрыгы; 7-жас спорофит; 8-үлкен спорофиттер; 9-аталык стробил; 10-микро- спорофилл; 11-микроспорангийлері; 12-миқроспора; 13-аталық гаметофит; 14-антеридиальды клетка; 15-проталлиальды клеткалар; 16-гаусториальды клет­ка; 17-сперматозоид; 18-аналық стробил; 19-туқымбүрі (жалпы көрнісі және тікесінен жасалган кесіндісі); 20-интегумент; 21-тозаң тесігі; 22-нуцеллус;, 23-тозаң камерасы; 24-эндосперм; 25-архегонийлері жүмыртка клеткасъшен.

қысқарған өркендеріндегі жапырақтардың қолтығында орналасады. Әрбір стробилде (шишка) екіден тұқымбүрі бо­лады, олар дихотомиялы бұтақтанған тірсектің жоғаргы жағында орналасады. Ұрықтануы саговниктердегі секілді сперматозоидтардың көмегімен жүзеге асады. Гинкго сәндік өсімдік ретінде кеңінен қолданылады, дәні жеуге келеді, ағашының күндылығы карағайлармен бірдей.

ҚЫЛқаН ЖАПЫРАҚТЫЛАР НЕМЕСЕ ПИНОПСИДТЕР

КЛАСЫ (ХВОЙНЫЕ ИЛИ ПИНОПСИДЫ) – PINOPSIDA Қазіргі кездегі флорада бұл класс ашық түқымдылардың ішіндегі түрлерінің саны жағынан ең көбі (600 дей түрі бар). Негізінен солтүстік ендікте кең таралған, бүл жерлерде бір немесе бірнеше түрлерден тұратын туыстары: қарағай, шырша, май қарағай, бал қарағай үлкен қылқан- жапырақты орман түзеді. Оңтүстік ендікте қылқан жапы- рақтылар қоңыржай климатты облыстарда орман түзеді (Огненная Земля, Патагония, Жаңа Зеландия, Тасмания). Тропикалық облыстарда олар тек таулы жерлерде өседі.

Құрылысы. Қылқан жапырақтылар негізінен ағаштар, сиректеу бүталар. Ағаштары кейде ересек үлкен болады және 4 мыңнан астам жыл өмір сүреді. Көп жағдайда екі түрлі сабағы болады: үзарған және қысқарған. Жапырақ- тары көп жағдайда жіңішке, ине тәрізді (хвоя), бірақ ертеректе пайда болған туыстарында (араукария, агатис) ланцетгі және жалпақ ланцентті болып келеді. Кейбір қылқан жапырақтылардың жапырақтары қабыршақты болып келеді (кипарис, арша). Жапырақтары көп жағдайда отырмалы, кейде олардың үстіңгі ұшы ойық (май қарағай), көлденең кесіндісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр, ұзындығы 1—2 см.- ден 30—40 см.-ге дейін барады. Қылқанда бір ғана жүйке болады, ал жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйкелері болады. Қылқан жапырақтылардың бал карағай, жалған бал қарағай және метасеквойя туыстарынан басқаларының барлығы мәңгі жасыл өсімдіктер. Сүрегінің 90—95% трахеидтен түрады, сүзгілі түтіктерінде серіктік клеткалар болмайды. Көпшілігінін қабығында, сүрегінде жөне жапырақтарында схизонгендік смола жолдары бола­ды, оларда эфир майы, смолалар, бальзамдар жиналады.

Көбеюі. Бір үйлі, сиректеу екі үйлі осімдіктер. Бүршіктері (шишки) дара жынысты. Аталық бүршіктері көп жағдайда топтасып, жапырақтардың қолтығында, си­ректеу бүйірлік өркендердің ұштарында орналасады. Микроспорофилдері редукцияга көп ұшыраган, қабыршақ тәрізді немесе қалқан тәрізді (тисс туысы). Аналық бүршігінің (стробил,шишки) құрылысы алуан түрлі бола­ды. Микроспорофилдерінде бірден бірнешеге дейін түқымбүрлері орналарады. Интегументі коп жағдайда үш қабаттан түрады: ортаңғысы қатты, ал сыртқы және ішкісі жүмсақ. Архегониясы екеу, бірақ көп те бола береді. Гаметофиттерінің пайда болуы, тозаңдануы, ұрықтануы және түқымның (дәннің) пайда болуы жоғарыда сипаттап жазган қарағайдікімен бірдей болады.

Шаруашылықтағы маңызы. Шыршалардың, қарағайлардың, бал қарагайлардың, май қарагайлардың, аршалардың табиғатта және адам өмірінде маңызы орасан зор. Бас­қа жасыл өсімдіктермен бірге олар органикалық заттар түзеді, ауадан көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Орманның ағашы кесілген және өрт шалған жерлерінің қайтадан табиғи жолмен қалпына келуі, осы жерлерде жарық сүйгіш, топырақ тандамайтын қарағайдың, қайыңның, көктеректің пайда болуынан басталады. Сусы- малы қүмдарға өсіп, қарағайлар олардың жылжуын тоқтады. Қарағайлар өз бойынан ерекше буланып үшатын зат- тар бөліп шығарады. Олар орманда ғана емес, сонымен бірге орманға жақын жерлердегі көптеген зиянды бактериялардың дамуын тежейді. Қылқан жапырақты ормандар, жалпақ жапырақты ормаңцар секілді, қардың еруін кешеуілдетеді, сөйтіп осы жердің ылғалын арттырады.

* Қылқан жапырақтылар поляр шеңберіне жақын жерлердегі үлкен кеңістіктерде және тауларда орман түзеді. Оны тайга деп атайды. Тайга көптеген өнеркәсіпке керекті аңдардың, құстардың және пайдалы насекомдардың мекендейтін жері. Қылқан жапырақты ағаштар құрылысқа және әртүрлі ағаш бүйымдарын жасауға керекті материалдарды береді. Қарағайдың сүрегін химиялық жолмен өндеу арқылы, одан жібек жіптерше үқсас жасанды талшық алады. Ашық түқымдылардың діңі, өндірістің көптеген саласына қажетті құнды шикізат. Олардан бальзамдар, смолалар, камфора, спирт, целлюлоза, жібек және басқада көптеген заттар алынады. Сонымен бірге қылқан жапырақтылар медициналық препараттар алуға да қажетті шикізат болып есептелінеді.

Сібір қарағайын, Сібірде кедр деп атайды. Нағыз кедрлер Солтүстік Африканың таулы жерлерінде, Жерорта теңізі облысының шығысында және Гималай тауында оседі. Бұрынғы Одақтас республикалардың территориясында, оларды Кавказдың Қаратеңіз жалғауларында және Қырымда қолдан өсіреді. Сібір қарағайының дәнінен (жаңғағьшан) тамаққа пайдаланатын жақсы “кедр” майын алады. Сонымен бірге қылқан жапырақтылардың көпшілігі, көшеге көрік беретін сәндік өсімдіктер, сондықтанда олардың бірқатарын қазіргі кезде мәдени жағдайға ендірген. Оларды ботаникалық бақтарда, дендроперктерде, демалыс парктерінде, скверлерде және көшенің бойларында сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады.

Классификациясы. Қылқан жапырақтылар класы 7 катардан тұрады. Олар мыналар: 1) вольцилар катары (воль- циевые — Voltziales); 2) подозамиттер қатары (подозамито- вые — Podozamitales); 3) араукариялар қатары (араукарие- вые — Araucariales); 4) қарағайлар катары (сосновые — Pinales);

5) кипаристар катары (кипарисовые — Cupressales); 6) по- докарпустар қатары (гіодокарповые — Podocarpales); 7) тис- салар қатары (тиссовые — Taxales). Олардың ішінде бүрын- ғы одақтас республикалардың территориясында үшеуінің (қарағайлар, кипаристер және тиссалар қатарлары), ал Қазақстанда тек екеуінің ғана өкілдері (қарағайлар және кипаристер қатарлары) кездеседі. Сондықтанда біздер осы Қазақстанда кездесетін қатарлармен шектелуді жөн көрдік.

К^рағайлар катары (сосновые) - Pinales

Қарағайлар қатары (сосновые — Pinales) бір ғана қара- ғайлар (сосновые — Ріпасеае) тұқымдасынан тұрады. Бүл тұқымдаста 10 туыс, 250-дей түр бар. Аса кең тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай (пихта — Abies), шырша (ель - Picea), бал қарағай (лиственница - Larix), карағай (сосна — Pinus).

Май қарағай туысы (пихта — Abies). Май қарағайдың дүние жүзі бойынша 40-тай түрі бар. Олар Солтүстік Аме- рикада (15-түрі), Оңтүстік-Шығыс Азияда (7-8 түрі), Же- рорта теңізі жағалауында, Орталық Европада, Кавказда және Гималай тауларында, Сібірде өседі. Май қарағайлар аса үлкен ағаштар, бүтақтары топтасып орналасады. Қылқаны жалпақ болып келеді және жалғыздан орналасады, оның төменгі жағында, көп жағдайда екі ақ түсті балауыз- дан түратын жолағы болады. Аналык стробилі көп жағдайда тік орналасады, бір вегетациялық кезенде пісіп жетіледі, содан соң шашылып түсіп қалып отырады.

Бұрынғы одактас республикалардың флорасында май қарағайдың (пихта — Abies') 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Сібір май қарағайы (пихта сибирская — Asibirica) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің Солтүсіік шығысында, Батыс, Орталық және Шығыс Сібірде, Тува автономиялы облысында жөне Монголияда өседі. Үлкен алқапты камтып орман түзеді. Тегістікте де, таулы жерлерде де оседі. Ағашы жұмсақ, құрлыс материалы ретінде де, әртүрлі бұйымдар жасауға да пайдалынады. Сонымен бірге оны қағаз өндірісінде шикізат ретінде пайдаланады. Қылқанынан лак жасауға қажетті эфир майы алынады. Жас бүтақтарында борнеол (камфора) болады. Май қарағай бальзамы жараны жазуға бірдер-бір қажетгі дәрі. Ақ май қарағай (пихта белая - A.alba) (185-сурет) бұрынғы одақтас республикалардың ба­тыс аудандарында, Орта Азияның, Оңтүстік және Батыс Ев- ропаның тауларында 2 мың метр биіктікке дейін орман түзеді. Кавказ май қарағайы (пихта кавказская — A.nordmanniana) 185-сурет. Ақсамырсьін: А-аталык стробил; Б-жас аналык стробилдің кабыр- шағы (іш жагынан караган- дағы көрнісі); В-піскен ана­лык, стробилі бар оркен; Г-піскен аналык стробилдің тукымдык кабыршағы (сырт- кы және ішкі жагынан ка­ра гандагы көрнісі); Д-дэн; Е-жапырак•' 1-тукымдык кабыршак; 2-жабындык кабыршак; 3-т укым.

бүкпен қосылып Кав­каз тауының батыс бөлігінде, тауларында екі мын, метр биіктікке дейін орман түзеді. Өте сәндік ағаш. Украина мен Белоруссияда оны қолдан өсіреді.

Шырша туысы (ель — Рісеа). Бүл туысқа Солтүсгік Ев- ропада, Орталық және ІІ Тығыс Азияда, Солтүстік Америкада кеңінен таралған 45 түр жатады. Қабығы ақшылдау сүр түсті, бүтақтары топтасып орналасқан, биік ағаштар. Қылқаны төрт қырлы болып келеді, жалғыздан орналасады, онъң әр жағында бір-бірден ақ түсті жолағы болады. Тамыр системасы, көпшілігінде терең кетпейді. Көлеңке сүйгіш осімдіктер. Ана­лык стробилдері бір вегетациялык кезенде пісіп жетіледі. Түқымдары піскен кезде стробилдері томен қарап салбырап түрады, содан соң, түгелімен жерге үзіліп түседі.

Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі (Шренк шыршасы ~ ель Шренка — P.schxenMana; сібір шыршасы-ель сибирская

— P.obovata) кездеседі. Кәдімгі шырша (ель обыкновенная

P.abies) (186-сурет). Батыс Европада және бұрынғы одақтас республикалардың европалык бөлігінде кеңінен таралған. Көптеген кеңістікті: алқапта, таза шыршалы немесе қайыңмен жөне қарағаймен қосылып, аралас ормандар түзеді. Ағашын қүрылыс материалдарына, әртүрлі бұйым-дар жасауға, отынға және қағаз жасауға қажетті шикізат ретінде пайдаланады. Ағашынан айыру жүмыстарын жүргізу арқылы (при перегонке) смола, канифоль, вар, скипидар алады. Қабығында тері илеуге қажетті заттар (дробильные вещества) болады. Сібір шыршасы (P.obovata) бұрынгы

186-сурет. Кәдімгі шырша: ! А-жас аналык стробилі бар өркен; Б-тукымдык кабыршак (сырт жагы­нан, іш жагынан және жанынан карагандагы көрнісі); В-аталык стробилдері бар оркен; Г-микроспорофилл; Д-тозаң; Е-пісіп-жётілген аналык стробил; Ж-тукымдык кабыршак түкымдарымен жэне т'у-кым; 3-жапырак (жалпы көрнісі және көлденең кесіндісі): l-түкымбүрі; 2-жабындык кабыршак.  

одақтас респ убликалардың солтүстік-шығысында жэне Батыс Сібірінде өседі. Кәдімгі шыршаға өте жақын. Тек ана­лык стробилдерінің үсақтымен ажыратылады. Бүлақ шыр- іпасы (ель ключевая — P.pungens) Солтүстік Американың тауларының жар тастарында оседі, қылқандары күміс түсті, оте одемі болып келеді. Оны сэндік агаш рстінде бүрынғы одақтас республикалардың территориясында жэне Батыс Ннропада мәдени жағдайда өсіреді.


187-сурет. Сібір балқарағайы:

А ұзарган және қысқарган өркендер; Б-аталык стробилдері бар өркен; В-жас аналык, стробилдері бар өркен; Г-пісіп-жетілген аналык стробилі бар өркен; Д-түкым.

Бал қарағай туысы (лиственница — Larix). Азияда, Европада, Солтүстік Америкада кең таралған, 20 шақты түрлері бар. Шыршалы ормандардың құрамына кіреді. Үлкен ағаш, бұтақтары топтасып орналасады, жарықты жақсы көреді. Өсімдік жазда көктеп, қыста қылқандарын тастап отырады. Жапырақтары ұзарған сабақтарында біреуден, ал қысқарған сабақтарында топтасып (пучками) орналасады. Тозаңдарының ауа қуыстары болмайды. Ана-

 

188-сурет. Кәдімгі қарагай:

А-аталык жэне аналык стробилдері бар өркендер; Б-пісіп-жетілген аналык і стробил; В-тукым; Г-үзарған жэне кыскарган оркендер: 1-осы жьілгы ана­лык стробил; 2-бір жылдык аналык стробил.

 

лық стробилдері бір вегетациялық кезенде пісіп жетіледі, бірақ 2 -3 жыл бойы, түспей ағаштың басында түрады. Ағашы қызыддау, смолаға бай, аса берік, суда шірмей үзақ уақыт сақталады. Сондықтанда оны шпалдар дайындауға, кемелер жасауға, шахтаның астына тіреу ретінде, отынға және қағаз алуға қажетті шикізат ретінде кеңінен пайда- ланады.

Бүрьшғы одақтас республикалардьщ флорасывда 7 түрі, ал Қазақстан флорасында Ітүрі кездеседі. Батыс Европа бал қарағайы (лиственница заподноевропейская — L. decidua) Альпа жэне Карпат тауларыңда өседі. Сібір бал қарағайы (лиственница сибирская - L.sibirica, 187-сурет) бүрынғы одақтас республикалардың (БОР) европалық бөлігінің шы- ғыс аудандарында жэне Батыс Сібірде кең таралған. Дауыр бал қарағайы (лиственница даурская — L.dalurica) Шығыс Сібірдіц және қиыр шығыстың қатал климатына тамаша бейімделген және Шығыс Сібір мен Якутияда діңі биік болып келетін жалғыз ағаш болып табылады.

Карағай туысыньң (сосна — Pinus) 100-дей түрі бар. Олар негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарында өседі, субтропикаларда тау ормандарын түзеді, бірнеше түрлері тропикалық облыстардың тауларында кездеседі. Бүлар үлкен немесе кішілеу ағаштар болып келеді, бүтақтары топтасып орналасады. Үзарған сабақта- ры, жарғақ тәрізді қабыршақты жапырақтармен жабылған, олардың қолтыктарында қысқарған сабақтары жапырақтарымен орналасады. Әдетте мүндай жапырақтар 2—5-тен топтасып орналасады. Аналық стробилдері 2—3 жылда пісіп жетіледі.

БОР флорасында 15 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі кездеседі. Кәдімгі қарағай (сосна обыкновенная - Pinus sylvestris, 188-сурет) БОР европалық бөлігінде кецінен та- ралган, Сібірде Охот теңізіне дейін; Батыс Европада Скан­динава жартылай түбегінен Пиреней мен Балқанға дейін жетеді. Қүмды жэне жартылай күмды топырақтарда көп жағдайда орман түзеді. Сонымен бірге шымтезек мүктері басқан батпақтарда (аласа формалары), ал оцтүстікте известі және борлы жаталарда өседі. Ағашын қүрлыс жүмыстарына жөне әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады. Дінінен сағыз (живица) алады, одан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы (при перегонке) корабль жасауға қажетті смола, канифоль, скипидар алады. Қылқанында коп молшерде аскорбин кислотасы (витамин С) болады. Жас өркендерін дәрі жасауға пайдаланады, ал тозандарын ме- дицинада плаунның спораларының орнына қолданалады. Сібір қарағайы (сосна сибир­ская, или сибирская кедро­вая сосна - Pinus sibirica, 189-сурет) — діңі үлкен бо­лып келетін, Сібірдің барлық жерінде жөне Монголияда кеңінен таралған ағаш. БОР территориясында орман түзеді (кедрачи). Қылқандары қысқарған сабақтарында бесеуден топтасып орналасады. Аналық стробилдері тік ор­наласады, түқымдары (жаң- кейін, екінші жылы күзде піседі. Жаңғақшалары пісіп жетілгенмен стробилдері ашылмайды. Дәнінің қанатшасы болмайды, спермодермасы қатты болып келеді. Күнделікті өмірде дөндерін кедр жаңғақшасы деп атайды, оларды тамаққа жэне май алуга пайда- ланады. Діңінен қүнды ағаш, смоласынан скипидар және канифоль алынады. Жатаған кедр (кедровый стланник — P. Pumela) жерге тоселіп өтетін бүта немесе кішілеу ағаш. Шығыс Сібірде, Куриль аралдарында, Жапонияда оседі. Үлкен кеңістікті алып жататын бүталы, қалың копа (то- гай) түзеді. Оны терісі қүнды аңдар: тиіндер және бұлғындар мекендейді. Дәні жеуге келеді. Паллас қарағайы (сосна паласса — P.pallasiana) Қырымда, Закавказьенің батысын- да, кіші Азияда және Балқанда орман түзеді. Пицунд қарағайы (сосна пицундская — P.pithynsa), БОР территориясын­да Пицунда мысында өседі, реликті* түр болып табылады.

Кипаристер қатары (Кипарисовые) — Cupressales




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3371; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.037 сек.