Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Плаундар класы (плауновые)-lycopodiopsida




Бұл класқа тең споралы плаун тәрізділер жатады плаундар класына мынадай үш қатар жатады:астероксилондар қатары(Asteroxylales),плаундар қатары (Lycopodiales),протолепидодендрондар қатары(Protolepidodendrales).

Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер.Ал плаундар қатары ертеде жойылып кеткен фикустар тұқымдасынан (Dreponophycaceae) және осы кластың қазірігі кезге дейін жеткен плаундар тұқымдасынан (Lycopodiaceae) тұрады.

Плаундар спорофиттері көпжылдық шөптесін өсімдіктер.Сабағы мен тамырының камбиі болмайды.Жапырақтарының тілшелері болмайды.спораларының мөлшері бірдей.Гаметофиттері қосжынысты,1-15 жылдың арасында пісіп жетіледі.Көптеген түрлері жойылып кеткен.Қазіргі кездегі флорада кластың екі туысы бар.Оның ең көбі және кең таралғаны плаун.плаундардың шаруашылықтағы маңызы шамалы.Оларды мал жемейді.плаундардан дәрі алынады.Плаундардың спорасы ертеден медицинада қолданылып келген, оның құрамындағы май ешуақытта кеппейді.Олардың жас баланың тақымына себетін ұнтақ ретінде пайдаланады.Кейде мұндай спораларды қалыпқа құйылған заттың қабырғаларын жылтырату және олардың сырт формасын әдемі көрсету мақсатында пайдаланады.

Шоқпарбас плаун (Lycopodium clavatum) (131сурет). Қылқанжапырақты ормандарда кең таралған өсімдік.Спорофиті жерге төселіп өсетін сабақтан тұрады.Оның вертикаль бағытта көтеріліп тұратын бұтақтары мен төмен қарай кететін қосалқы тамырлары болады.Сабағы мен тамырларының төбелік тармақталған бұтақтары болады.Өткізгіш шоқтары сабақтың ортасыда орналасады (177 сурет).Орталық цилиндр сабақтың аз ғана бөлігін алып жатады.Қыбық қабатының жалпақ зонасына жапырақтың іздері өтіп жатады.Камбиі жоқ.Сабағы мен жапырағының сыртын эпидермис қабаты қаптап тұрады,онда устьице аппараттары болады.жапырақ тақтасы таспа тәрізді, шеттері тегіс, ұзын болып келетін жіңішке жіпшемен аяқталады.вертикаль бағытта тік көтеріліп тұратын сабақтарының ұшында,біршама ұзын аяқшаның үстінде екіден спора түзетін масақатары орналасады.Масақтың формасы цилиндр тәрізді,оның өсі болады.Өсті айнала спорофильдері,басқаша айтқанда ұштары үшкір,әрі жоғары қарай қайырылған қабыршақ тәрізді үш бұрышты жапырақтары орналасады.

 

177-сурет. Плаун сабағы(көлденең кесіндісі):

1-эпидерма;2-қабықтық паренхима;3-жапырақ ізі;4- арқаулық ұлпа;5-эндодерма;6-ксилема;7-флоэма.

 

Спорофильдердің үстінде қысқа аяқшасы бар бүйрек тәрізді спорангиі орналасады.Оның ішінде споралар жетіледі.Споралары бірдей,ұсақ, формасы тэтраэдр тәрізді болып келеді.Спородермасы екі қабаттан тұрады:сыртқы және ішкі интиннен.Спорангилері көлденең жарықшақтары арқылы қақырап ашылады.Споралары жерге шышылып,бірнеше сантиметрлік тереңдікте жайлап (12-15 жылдың ішінде) өсіп гаметофитке айналады.Формасы жағынан гаметофит пияздың баданасы (луковицы)ұқсайды,кейіндеу ұлғайып өсіп оның диаметрі 2см дейін жетеді.Бұл жағдайда оның формасы өзгеріп астау тәрізді (блюдцовидный) қалыпқа келеді,ризоидтары болады.Эпидермистің астында жатқан клеткалары саңырауқұлақтың мицелиімен симбиозда болады.Кейбір түрлерінің гаметофиті топырақтың бетінде жатады,бұл жағдайда оның клеткаларында хлоропласттар пайда болады.Антерийлері мен архегонийлері гаметофиттің үстіңгі бетінде орналасады және паренхималық ұлпаға еніп жатады.Сперматозоидтары көп,екі талшықты болады.Ұрықтануы сумен байланысты.Зигота тыныштық қалпына көшпей ақ бірден өсіп спорофиттің ұрығын береді.Ол алғашқы кезде гаметофиттің ұлпасына еніп жатады және оның есебінен қоректенеді.Бірақ көп ұзамай ұрықтан тамыр кетіп,жерге енеді, содан соң барып спорофиттің ұзақ уақыттар бойы дербес өмір сүруі басталады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 4178; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.