Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Базидиомицеттер класы (базидиомицеты) – basidiomycetes




Түрлерінің жалпы саны 30мыңдай болады. Мицелийлері көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі кодийлері арқылы жүзеге асады, бірақ ол сирек болады. Жыныстық процесі екі гаплоидты гифаның бөліктерінің (члеников) қосылуы арқылы жүзеге асады. Арнайы жыныстық көбею органы болмайды. Гетеротальды түрлерінің (олар осы кластың басым көпшілігін құрайды)сммицелийлерінің қарама –қарсы белгілері бар (+ және -) особьтарының гифалары қосылады. Бұл жағдайда дикариондар түзіледі, олардың ядролары келешегінде синхронды бөлінеді. Жыныс процесі дикарионның ядроларының қосылуымен, мейозбен және төрт базидиоспорасы бар базидийдің түзілуімен аяқталады. (162-сурет). Құрылысы жағынан базидийлер әртүрлі болады: холобазидия – жекелеген бөліктерге (члеников) бөлінбеген,бірклеткалы, түйрегіштің басы тәрізді өсінді; гетеробазидия екі бөліктен тұрады – төменгі кеңейген бөліктен (гипобазидия) және гипобазидияның өсіндісі болып табылатын үстіңгі бөліктен (эпибазидия);

Эпибазидия көп жағдайда екі немесе төрт бөліктен тұрады және олар бірқатар түрлерінде гипобазидиядан көлденең перделері арқылы бөлініп тұрады. Мұндай күрделі базидияны гетеробазидия деп атайды. Базидийдің үшінші түрі фрагмобазидия – көлденең перделері арқылы төрт бөлікке (клеткаға) бөлінген болады. Әдетте фрагмобазидия тыныштық қалыптаболатын қабықшалары қалың телиоспора деп аталынатын клеткадан пайда болады, сондықтан да оны телиобазидия деп те атайды. (163-сурет).

Базидиомицеттердің өмірлік циклында дикарионды фаза басым болып келеді, ал гаплоидты және диплоидты фазалары өте қысқа. Көптеген түрлерінің базидиоспоралары формасы мен мөлшері әртүрлі болып келетін жемісті денелерінде түзіледі. Концистенциясы жағынан жемісті дене борпылдақ, өрмекшінің торы тәрізді, тығыздалған киіз тәрізді, көң тәрізді және ағаш тәрізді қатты болып келеді. Гимений қабаты көп жағдайда жемісті дененің төменгі жағында орналасады.

163–сурет. Базидийлердің типтері:

А-холобазидия; Б-гетеробазидия; В-фрагмобазидия.

164–сурет. Базидиоциттердің гимениальды қабаты(сызба-нұсқасы):

1-базидия базидиоспораларымен; 2-фарафиздер;

3-фрагмобазидия

 

Ол базидийден, парафизден және цистидадан тұрады. Цистида – гимениальды қабаттың үстінен көтеріліп көрініп тұратын парафиздерге, басқа мүшелеріне (членики) қарағанда біршама үлкен болады (165-сурет). Жемісті дененің гимений түзілетін бетін гименфора деп атайды. Қарапайым өкілдерінде ол жылтыр, ал жоғарғы деңгейде жетілгендерінде формасы тікенек, пластинка, түтікше тәрізді болып келеді. Сол себептен де гимениальды қабаттың үсті біршама ұлғаяды (165-сурет). Кейбір түрлерінің базидийі базидияспоралары мен тікелей мицелидің гифаларында пайда болады.

Базидиальды саңырауқұлақтар үш клас тармағына бөлінеді: холобазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер.

Осы үш клас тармағының ішіндегі маңыздысы және табиғатта кең таралғандары холобазидиомицеттер, мен телебазидиомицеттердің өкілдері. Сондықтан да олардың кейбіреулеріне толығырақ тоқталамыз.

Холобазидиомицеттер класс тармағы – Holobasidomycetidae

Бұл класс тармағы холобазидии түзетін саңырауқұлақтарды біріктіреді. Мысал ретінде олардың ең таралған туысы шампиньонды қарастырамыз. Шаминьон (Agaricus campeatris) – сапрофит ретінде, ылғалы мол топырақта өседі (166-сурет). Оны арнайы теплицаларда қолдан өсіреді. Жемісті денесі тармақталған мицелийінде пайда болады. Ал мицелийі топырақта болатын, бірнеше клеткадан тұратын (членистый) гифалардан құрылады.

165-сурет. Базидиомицеттердің гименфоларының типтері (сызба-нұсқасы):

А-тікенекті(көлденең кесіндісі); Б-түтік тәрізді (көлденең кесіндісі); В-пластинкалы (тікесінен жасалған кесінді).

 

166–сурет. Шампиньонның өмірлік циклыМ-мейоз:

1-мицелий; 2-қалпақша; 3-сирағы; 4- жамылғысы; 5- пластинкалы гименофор; 6-гимениальды қабат; 7-базидия; 8-базидиоспоралар; 9-соматогамия.

Жемістің денесі қалпақтан және түбірден тұрады. Осыған байланысты қалпақты саңырауқұлақтар деген ұғым пайда болған. Жас жемісті денелерінің қалпағының астында тартылып тұратын ақ түсті жұқа жамылғысы болады. Ол қалпақтың айнала шетіне және түьірге бекініп тұрады және қорғаныш қызметін атқарады. Ескі жемісті денелерде жамылғының тек үзінділері ғана түбірде ақ түсті сақина түрінде қалып қояды. Жемісті дененің түбірі, қалпақты жауып тұратын қабықшасы, етженді жұмсақ бөлігі және қалпақтың астынғы бетінде орналасқан пластика тәрізді гименофорасы плехтенхимадан тұрады. Жас шампиньондардың гименофораларының пластинкаларының сыртының түсі қызғыштау,ал ескіргендерінде қоңыр немесе қоңырқошқылдау болып келеді. Гименальды қабаты бір қатар базидийден тұрады. Базидияспоралары базидийден пайда болатын стреригмаларының басында отырады. Пісіп жетілген ұсақ, әрі жеңіл споралар стеригмалардан бөлініп шығып пластинкалардың арасындағы қуысқа түседі де, төмен қарай құлайды. Ал оларды ауаның ағыны алып кетеді. Осылайша шампиньонның споралары тарайды. Бұл тек шампиньонға ғана емес, сонымен бірге қалпақты саңырауқұлақтардың барлығына тән нәрсе. Сонымен бірге саңырауқұлақтардың спораларын насекомдар мен моллюскаларда таратады. Саңырауқұлақтармен қоректенетін ақ тиіндер мен қояндарда олардың спораларын таратады. Споралар жоғарыда аталған жануарлардың ас қорыту органдарында қорытылмай, олардың қиымен сыртқа щығып қалады. Ылғалы мол, қарашіріндісі коп топырақта саңырауқұлақтардың споралары өседі. Олардан мицелидің (грибницы) жіпшелері жетіледі. Мицелий өте жай өседі. Қоректік заттардың қорын арттырып грибница жемісті дене түзеді.

Холобазидиомицеттер класстармағына жататын саңырауқұлақтардың ішіндегі аса кең таралғанына қалпақты саңырауқұлақтар жатады. Қалпақ пен түбір бір-біріне тығыздалып өрімделген мицелийдің жіпшелерінен (гифаларынан) тұрады. Түбірдің барлық жіпшелері бірдей болады, ал қалпақта олар екі қабат түзеді. Жоғарғы қабат сыртқы қабықшамен қапталған және әртүрлі пигменттермен боялған болып келеді, ал төменгі қабатта гименофоралары қалыптасады. Гименофораның екі түрі белгілі: пластинкалы және түтікшелі. Гименофорасы пластинкалы болып келетін саңырауқұлақтарға мына түрлерді жатқызуға болады: Лисичка (Cantharellus), опенок (Marasmius), сыраежка (Russuta), рыжик (Russula), груздь (Lactarius); гименофорасы түтікті болып келетін түрлерге: ақ саңырауқұлақ (Boletus), подберезовик (Leccinum), подосиновок (Leccinum), нағыз трутовик (Fomes fomentarius).

 

Телиобазидиомицеттер класстармағы – Teliobasidiomycetidae

 

Бұл класс тармағына жататын өсімдіктердің фрагмобазидийлері болады.

Бидайдың қатты қаракүйесі (Tilletia caries), басқа қаракүйелер секілді паразит (167 сурет). Зақымданған масақ, зақымданбаған масаққа қарағанда жеңіл, өйткені оның дәндерінің көпшілігі телиоспораға толы болады. Телиоспоралар шар тәрізді түсі қара және үсті кедір-бұдыр (ячеистый) болып келеді. Астықты бастырған кезде споралардәнге жабысады, ал тұқымды сепкенде топыраққа түседі. Телиоспоралар көктемде тұқыммен бірге өседі. Өсер алдында дикарионның ядролары қосылады, содан соң зигота мейоз арқылы бөлінеді. Осылардан кейін барып фрагмобазидия дамиды, ал оларда гаплоидты базидиоспоралары түзіледі. Базидиоспоралар өсімдіктерді тікелей зақымдай алмайды. Екі гетеротальды базидиоспоралар қосылып екі ядролы клетка түзеді. Осындай клеткадан дикарионды гифа пайда болады. Ол алдымен дәннің қауызынің (околоплодник) астына, содан соң ұрықтың өсу конусына, одан өскінге өтіп, өсімдікпен бірге өседі. Келешегінде гифа гүл шоғырына еніп дәннің ішінде ұлғаяды да, оның ішіндегі қоректік заттарын өз боына сіңіреді. Қауызбен (околоплодник) спермодерма бұзылмайды, сондықтан да дән өзінің сыртқы формасын сақтайды, бірақ оның іші телиоспораға толы болады.

Қарабидайдың (T.secalis), арпаның (T.hordei) қатты қара күйесінің, жүгерінің тозаңды қаракүйесінің (Sorosporium reilianum) және тағы басқалардың өмірлік циклдары дәл осындай.

Бидайдың тозаңды қаракүйесінің (Ustilago tritici) өмірлік циклы біршама күрделі (168-сурет). Зақымданған масақтың және дәннің қауыздары (қабықшалары) жыртылып қара түсті телиоспорамен жабылады. Олар бидайдың қатты телиоспоаларына қарағанда ұсақ және үсті кедір-бұдыр емес (не ячеистый) тегіс блады. Телиоспоралар жел арқылы зақымдалмаған масақтың гүліндегі аналығының аузына келіп түседі де өнеді, олардан фрагмобазидий дамиды. Бірақта базидиоспоралар түзілмейді, фрагмобазидийдің гаплоидты клеткалары екеу-екеуден қосылып, дикарионды гифаларға айналады. Дикарионды гифалар гүл түйініне өтіп эндосперм мен ұрықтың ішінде ұлғайып өседі, бірақ оларды бұзып жармайды.

164-сурет. Бидайдың қатты қаракүйесінің циклы:

М-мейоз; 1-қатты қаракүйемен зақымданған бидайдың масағы; 2-іші телиоспорамен толтырылған дән; 3-телиоспора; 4-таза дәнге жабысқан телиоспора; 5-телиоспораның өсуі және базидиоспораның пайда болуы; 6-базидиоспоралардың қосылуы (капулляция); 7-10-дикарионды гифаның түзілуі және олардың дәнге енуі; 11-бидайдың өскініндегі саңырауқұлақтың гифасы.

 

168-сурет. Бидайдың тозаңды қаракүйесінің өмірлік циклы:

М-мейоз; 1-тозаңды қаракүйемен зақымданған бидайдың масағы; 2-телиоспора; 3-бидайдың гүлдеген масағы; 4-аналықтағы телиоспора; 5-телиоспораның өсуі және базидиоспораның түзілуі; 6-фрагмобазидийдің мүшелерінің бірігуі; 7-8-гифалардың ұрыққа өтуі; 9-зақымданған дәннің өсуі; 10-телиоспораның түзілуі.

 

Зақымдалған дәннің формасы мен салмағы жағынан зақымданбаған дәннен айырмашылығы болмайды және өсуге қабілетті келеді.

Яғни бұл жерде зақымдану топырақта емес, өсімдік гүлдеген және дән байлаған кезде жүреді. Келесі жылы тұқымды жерге сепкеннен кейін ұрық өне бастайды, осы кезде мицелийде ұрықпен бірге өсіп оның өсу конусына өтеді. Одан әрі ол сабақтың бойымен жоғары қарай жылжиды, сөйтіп қоректік заттар мол жиналатын гүл щоғырында ерекше қарқынмен өсіп ұлғаяды. Осы жерде мицелий жекелеген клеткаларға бөлінеді. Ал ол клеткалар қалың қабықшамен қапталып телиоспораға айналады. Бұл жағдайда гүл шоғырының түрі өзгеріп, қаракүйенің ұсақ тозаңына айналады. Бұлармен күресу басқа қаракүйелерге қарағанда қиын, өйткені мұнда қаракүйе мицелийлері дәннің ішкі ұлпасында орналасады. Сондықтан онымен күресу үшін тұқымды 3-4 сағат бойы 28 ° - 32° градустағы жылы суға салу керек, бұл уақытта мицелий өсе бастайды, ал ұрықтың өсуіне уақыт жетпейді. Одан кейін тұқымды 7-8 мин., 52° - 53° градустан астам суға салады, бұл кезде өскен мицелий күйеді, ал ұрыққа ешқандай зиян келмейді. Барлық колхоз, совхоздарда бұл шараны қолдануға қолайлы жағдай туа бермейді. Сондықтан егістікке таза сотты дәндерді сұрыптап алу қажет.

Пукцения, немесе астықтың сызықты таты (Puccinia graminus) сарыағаш өсімдігі мен астық тұқымдастарының паразиті (169-сурет). Астық тұқымдастары осы саңырауқұлақтың негізгі иесі де, ал сарыағаш өсімдігі аралық иесі болып табылады. Бұл саңырауқұлақ өзінің дамуын сарыағаштың жапырағынан бастайды. Зақымданған жапырақтың екі бетінде де қызғылт сарғыш түсті дақтар пайда болады.зақымданған жапырақтың үстінгі бетінде пикнидийлер, ал астыңғы жағында эцидийлер дамиды. Пикнидийлер құмыра тәрізді, үстінгі жағында тесігі бар қуыс. Осы қуыстың қабырғаларынан қысқа гаплоидты гифа пайда болады, ал олардың ұшында өте ұсақ шар тәрізді споралар жіктеледі. Оларды пиноспоралар немесе спермациялар деп атайды. Пикнидийлер дами келе жапырақтың жоғарғы эпидермисіне қысым туғызып, оларды жарып шығады. Осы тесіктен сыртқа қысқа гифалар қоқырап шығып тұрады, оларды парафиздер деп атайды. Осы гифаларға пикноспоралар жабысады. Гифалардың арасымен сыртқа ерекше иісі бар шырынды сұйық шығып отырады, олармен бірге көптеген ұсақ пикноспоралара шығады. Осы шырынды сұйық өсімдіктің жапырағына қонған насекомдардың бауырына және табанына жабысады, онымен бірге пикноспоралар бір пикнидийден екінші

169-сурет. Пукцинидің өмірлік циклы:

А-жыныссыз көбеюі; Б-жыныстық көбеюі; М-мейоз; 1-астық тұқымдасының пукциниямен зақымданған жапырағы мен сабағы; 2-уредоспоралар және олардың өсуі; 3-телиоспоралар және олардың өсуі; 4-базидиоспоралар; 5-пукциниямен зақымданған бөріқарақаттың (сарыағаш) жапырағы; 6-бөріқарақаттың (сарыағаш) жапырағы; пикнидамен; 7-дикарионды мицелийдің түзілуі; 8-бөріқарақаттың жапырағы эцидиямен; 9-эцидиоспора және оның өсуі.

пикнидийге ауысады. Пикноспоралар өздігінен басқа өсімдікті зақымдай алмайды, бірақ олардың дикарионды мицелийдің түзілуіне бірдін-бір қатысы болады. Басқаша айтқанда жыныстық процеске қатысы болады. Дикариондық мицелий түзілу үшін бір жыныстық белгісі бар пикноспоралар қарама-қарсы жыныстық белгісі бар пикнидийге барып түсу керек. Сөйтіп басқа пикнидийдің шырынында пикноспоралары өсіп, гаплоидты мицелий берді, ал олар жапырақтың ішкі ұлпаларына өтеді. Онда осы мицелийдің гаплоидты гифалары басқа жыныстық белгісі бар гифалармен бірігіп эцидиялық (екі ядролы) спораның алғашқы бастамасын берді. Эцидийлер алғашқыда екі бөлікке бөлінеді:

1) төменгі эпидермиске қарай бағытталған, ұрпақ беруге қабілетсіз үлкен, қор заттары аз, клеткалардың тізбегінен тұратын бөлік;

2) ұрпақ беруге қабілетті, цитоплазмаға бай гифалардың жиынтығынан тұратын бөлік.

Эцидийлер жапырақтың астыңғы бөлігінде орналасады. Олардың ішінде периди қабатымен қоршалған эцидиоспоралар пісіп жетіледі. Алғашқы пайда болған эцидийлер астындағы эпидермисті жарып шығады және бокал тәрізді формаға келеді. Эцидиоспоралар оларда тігінен (вертикальды) қатар түзіп орналасады. Олар эцидийдің түбінде орналасқан ұзынша клеткалардан бөлініп шығады. Ұзынша клеткалар жапырақтың ұлпаларының клетка аралық қуыстары арқылы өтетін гифалардың жалғасы болып табылады. Эцидиоспоралар көптеп желмен ұшып астық тұқымдастарының сабағына және жапырағына барып түседі. Сонымен, зақымданған астық тұқымдасының сабағында және жапырағында жаздың ортасында ұзынша келген дөңестеу қызғыштау-қоңыр түсті дақтар (жастықшалар) пайда болады. Олар уредоспоралар деп аталатын көптеген жаздық споралардан тұрады. Жаздың екінші жартысында қызғыштау-қоңыр түсті дақтардың орнына қара түсті дақтар пайда болады. Бұлар телиоспоралардың жиынтығы. Осы споралардың екеуіде астық тұқымдастарының сабақтары мен жапырақтарының ұлпаларында болатын дикарионды мицелийден жетіледі. Уредоспора бойында май тамшыларының болуына байланысты түсі темірдің татының түсіндей болып келетін екі ядролы клетка. Оның формасы сопақтау және бір клеткалы сағаққа орналасқан болып келеді. Уредоспоралар жел арқылы тарап, басқа өсімдіктерді зақымдайды. Телиоспораларда сағаққа орналасады. Оның да формасы ұзынша болып келеді, қоңыр түсті қалың қабықшасы болады және екі клеткадан тұрады.

Алғашқыда әрбір клеткада екі-екіден ядро болады. Содан соң дикарионның ядролары қосылады, нәтижесінде екі ядролы клеткалар бір диплоидты клеткаларға айналады.

Телиоспоралар топырақта немесе сояу болып қалған өсімдіктің қалдықтарында қыстап шығады. Көктемде өсудің алдында телиоспоралардың ядролы мейоз жолымен бөлінеді. Осындай әрбір клеткадан фрагмобазидий өсіп шығады, оның қысқа стеригмасының басында төрт гаплоидты базидиоспоралар пайда болады. Базидиоспоралар желменен ұшып сарыағаш өсімдігінің жапырағына барып түседі. Осы жерде олар өсіп жапырақтың ұлпасына мицелий түзеді. Сөйтіп бұл саңырауқұлақ өзінің даму циклын сарыағаш өсімдігінің жапырағынан қайта бастайды.

 

ДЕЙТИРОМИЦИТТЕР, НЕМЕСЕ ЖЕТІЛМЕГЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР КЛАСЫ (ДЕЙТИРОМИЦЕТЫ, ИЛИ НЕСОВЕРШЕННЫЕ ГРИБЫ) – DEUTEROMYCETES, FUNGI IMPERFECTI

Түрлерінің жалпы саны 300 мыңдай. Гифалары мүшеленген (членистый). Көбеюі конидилері арқылы жүзеге асады. Жыныстық жолмен көбеймейді. Бұлар парзиттер мен сапрофиттер болып келеді. Көптеген түрлері табиғатта аса кең тараған. Жетілмеген саңырауқұлақтар көп жпғдайда ауылшаруашылық дақылдарын ауруға шалдықтарады және оларды өлуге әкеліп соқтырады.

Жетілмеген саңырауқұлақтардың классификациясы конидия сағақтарының орналасуысен конидилерінің формасына негізделген. Бір түрлеріне конидя сағақтары жалғыздан орналасып, онша үлкен болмайтын шоқ түзеді. Оны кореми деп атайды (ботритис-Botritis туысы, 170, А-сурет). Екінші бір түрлерінде гифалары матасып жапырақтың үстінде ложе немесе строма деп аталатын құрылым түзеді (коллитотрмхум – Colletotrichum, 170, Б-сурет). Үшінші бір түрлерінің конидилері шар тәрізді немесе сопақтау болып келген, жоғарғы жағында тесігі бар қуыстың – пекнидидің ішінде орналасады (диплодин – Dilodina туысы, 170, В-сурет).

 

Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Саңырауқұлақтар табиғаттағы зат алмасу процесінде ерекше орын алады. Олар органикалық заттарды ыдыратып минералды заттарға айналдырады. Әсіресе өсімдіктердің қалдықтарын шірітіп, топырақта қарашіріндінің түзілуін қамтамасыз етеді. Спирттік ашу туғызатын саңырауқұлақтар, нан жабуда, спирт алуда, шарап, сыра, квас, айран ашытуда кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге

170-сурет. Жетілмеген саңырауқұлақтар (дейтеромицеттер):

А-ботритис; Б-коллетотрихум; В-диплодина; 1-асбұршақтың (горох) зақымданған жімісі; 2-қарақаттың (смородина) зақымданған жапырағы; 3-помидордың зақымданған жемісі; 4-мицелий; 5-конидия сағағы; 6-конидия; 7-ложе; 8-пикнида.

 

ашытқы саңырауқұлақтары тамаққа, малға азық ретінде және емдік өнім ретінде пайдаланылады. Қалпақты саңырауқұлақтар тамаққа жиі пайдаланылады. Алайда олардың гифаларының қабықшалары нашар қорытылады, сондықтанда мұндағы белоктар түгелдей дерлік сіңбейді деседе болғандай. Дегенмен саңырауқұлақтарды негізінен астың дәмін кіргізу мақсатында пайаланады.

Еуропаның, Азияның орманды белдеулерінде, Қазақстанның таулы аймақтрында жеуге келетін саңырауқұлақтар көптеп кездеседі. Көкек айының соңынан мамыр айының ортасына дейін алымен сморчоктар мен строчоктар, содан соң шампиньондар көріне бастайды. Маусымның ортасына таман қара бидайлар бас алған кездерде қайың саңырауқұлақтары шығады. Олардың артынан майқұлақ саңырауқұлақтары, сыроежкалар пайда болады. Жаздың екінші жартысынан алғашқы суық (қазан) ұрғанға дейін саңырауқұлақтардың барлық түрлері жемісті дене түзеді. Күзде ең соңынан опята көрінеді. Ауа райы құрғақ болған жылдары саңырауқұлақтардың жемісті денесі жаздың соңына қарай пайда болады. Ал салқын ерте түскен жылдары олар өсуін тоқтатады. Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге келетін саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан ажырата білу қажет. Әсіресе сұр паганка, мухомор, желочты саңырауқұлақ, жалған лисичка және жалған опята улы саңырауқұлақтар. Сұр паганка шампиньонға біршама ұқсас, бірақ оның қалпағының астындағы жағының түсі көкшілдеу-ақ болып келеді, ал шампньонның қалпағының астыңғы бетінің түсі қызғыш.

Мухоморды қалпағының үстіндегі ашық қызыл түсті бауымен және ондағы ақ түсті теңбілімен оңай ажыратуға болады. Кейде қалпағының түсі сұр болып келетінде мухоморларда кездеседі.

Желочты саңырауқұлақ ақ саңырауқұлаққа ұқсас, бірақ оның түбіртегінің жоғарғы бөлігі қара немесе қоңыр-сұр түсті түрлі өрнектермен жабылған болып келеді, ал етженді жұмсақ бөлігін сындырсақ қызарады. Жалған лисичкалар жеуге келетін лесичкаларға ұқсас, бірақ олардың қалпақтарының үсті тегіс, түсі жеуге келетін лисичкалардың қалпақтарының түсіндей ашық-сары емес, қызғыштау-сары және жалған лисичканың қалпағының сынған жерінен ақ түсті сүт (шырышты сұйық) шығады.

Опятаны жинағанда, оның түбіртегіне зер салып қарау керек. Жеуге келетін опятаның түбіртегінде жыртылған жамылғының қалдығынан түзілген сақинасы болады, ал жалған опятаның мұндай жамылғысы болмайды және қалпағының астындағы пластикаларының түсі көкшілдеу болады.

Саңырауқұлақтармен уланып қалмау үшін, оларды жинағанда мұқият болу керек. Егер терілген саңырауқұлақ улы саңырауқұлаққа ұқсас болса, егер сіз ның жеуге келетін саңырауқұлақ екендігіне күмән келтірсеңіз, онда мұндай саңырауқұлақты жинамағаныңыз жөн. Жеуге келетін саңырауқұлақтардың жемісті денесі де улы болуы мүмкін.

Сморчоктарды, строчоктарды және бірқатар басқада саңырауқұлақтарды жеудің алдында оларды екі рет қайнату керек, ал әр қайнатқаннан кейінгі суын төгіп тастап отыру керек. Төгілген сумен бірге осы саңырауқұлақтарда болатын улы заттарда шығып қалады. Көптеген саңырауқұлақтардың жемісті денесінде адамға қажетті қоректік нәрлі заттар болады. Олардың ішінде белоктар, минералды тұздар және басқада заттар бар. Сондықтанда көп уақыттан бері кейбір қалпақты саңырауқұлақтарды мәдени жағдайда арнайы өсіреді.

Көкөніс шаруашылығында ТМД-нің үлкен қалаларының маңында шампиньонды өсіреді. Арнайы теплицаларда төрт ярусты стелаждар (полкалар) жасалынады. Олардың үстіне құнарлы топырақты жайып мицелийлерді отырғызады. Теплицадағы температураны, ауаның және топырақтың ылғалдығын жемісті денесі тез пйда болатындай қалыпта ұстау қажет. Сонда ғана топырақтың 1кв.м-нен шампиньонның 20 кг. жемісті денесін жинауға болады. Жылына саңырауқұлақтан 5 рет өнім алынады.

Антибиотиктер өндіруде саңырауқұлақтардың маңызы ерекше. Екінші жағынан саңырауқұлақтардың көбісі ауылшаруашылық дақылдарын әртүрлі ауруларға шалдықтырады. Ағаштардың діңдерін бүлдіретін саңырауқұлақтар (трутовиктер) халқ шаруашылығына үлкен нұқсан келтіреді. Бірқатар саңырауқұлақтар адамдарды және жануарларды әртүрлі ауруларға шалдықтырады және оларды уландырады. Саңырауқұлақтар қышқылдық реакциясы бар организмдердің денесінде паразит ретінде өмір сүреді, оларға көптеген ауру туғызатын бактериялар шыдай бермейді.

 

Лабораториялық жұмыстар

 

36-тақырып. Көк-жасыл балдырлар бөлімі (Cyanophyta)

Материал. Банкаға сумен және батпақпен араластырып салынған оссиляторияның, ностоктың және басқан көк-жасыл балдырлардың пробасы; осы балдырлардың тұрақты микропрепараттары; спиртке фиксацияланған ностоктың шырышты шары.

 

Тапсырмалар: Көк-жасыл балдырлардың өкілдерінің талломын банкадағы пробадан алып,уақытша препараттар дайындап, алдымен оларды микроскоптың кіші үлкейткішімен, содан соң үлкен үлкейткішімен қарап зерттеп, суретке салып, детальдарын белгілеу (133-сурет).

 

37-тақырып. Эукариотты балдырлар (Algae eucaryota).

Материал. Мына балдырлардың жаңа жиналған немесе фиксаторға салынған пробалары: хламидомонада, улотрикс, спирогира, кладофора, хара, вошерия, пинулярия; каулерпаның, ламинарияның фукустың, порфираның гербарийлық үлгілері.

 

Тапсырмалар: Жоғарыда берілген балдырлардың талломдарын уақытша препараттардан немесе тұрақты микропрепараттардан, алдымен микроскоптың кіщі үлкейткішімен, содан соң улкен үлкейткішімен қарап зерттеп, суретке салып, детальдарын белгілеу. Тұрақты микропрепараттан спирогираның, хараның, вошерияның көбею органдарын көріп, зерттеп, суретке салып, детальдарын белгілеу (135-146-суреттер).

 

38-тақырып. Саңырауқұлақтар бөлімі (Mycophyta).

 

Материал. Фитофторамен зақымданған картоптың жапырағының гербарийі; фитофторамен зақымданған картоптың жапырағының көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты препарат.

Нандағы мукордың мицелийі; тұрақты препараттар; мукордың зиготасы; мукордың өскен зиготасы.

Қантты сұйықтағы нан ашытқысы (Saccharomyces cerevisiae) мен шарап ашытқысы (S.ellipsoideus); қастауыштың (спорынья-Claviceps purpurea) фиксаторға салынған, өсіп тұрған склероциі; сморчок телпекшесінің (Verpa bohemica) немесе сморчоктың (Morchella esculenta) жемсті денесі; қыстауышпен зақымданған (спорынья) қара бидайдың масағының гербарийлық үлгісі; перитецийлері бар строманың көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепараттар; сморчок телпекшесінің немесе строчоктың апотецийініңгименалды қабатының көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепараттар.

Шампиньонның, трутовиктің немесе ақ саңырауқұлақтың жаңа жиналған немесе фиксаторға салынған жемісті денесі; бидайдың масағының тозаңды қаракүйемен және қатты қаракүйемен зақымданған гербарийлық үлгілері; шампиньонның, трутовиктің немесе ақ саңырауқұлақтың гименефоралары арқылы жасалған кесінділерден дайындалған тұрақты микропрепараттар.

 

Оомицеттер класы (Oomycetes)

Фитофтора (Phytophthora infestans, 153-сурет). Картоптың зақымданған жапырағының төменгі жағынан, оның қоңырқай тартқан бөлігі мен зақымданбаған бөлігінің арасынан паразиттің гифасынан тұратын ақ жолақты табады. Зақымданған жапырықтың көлденең кесіндісінен, мезофиллдің клеткаларының арасында орналасқан гифаларды, сонымен бірге устьица қуысы арқылы сыртқа сорайып шығып тұрған, бұтақтанған спорангия сағақтарын спорангилерімен қарастырады. Зақымданған жапырақты суретке салып (жалпы көрінісін және көлденең кесіндісін), детальдарын белгілейді.

 

Зигомицеттер класы (Zygomycetes)

 

Мукор (Mucor mucedo, 154-сурет). Мицелийдің аздаған бөлігін спорангилерімен затайнасының бетіндегі судың тамшысының үстіне салып, бетін жабын айнасымен жабады. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қатты тармақталып бұтақтанған гифаларды, спорангия сағағын спорангиін спораларымен зерттеп қарастырады. Гифалардың көлденең перделер арқылы, жекелеген мүшелерге (членики) бөлінбегендігіне көңіл аударады. Содан соң тұрақты препараттан зиготаны тауып, оның қабықшасының сыртының кедір-бұдырлы қалың болатындығын және өсуін зерттейді. Мицелидің бір бөлігін спорангиларымен және зиготасымен суретке салып, детальдарын белгілейді.

Аскомицеттер класы (Ascomycetes)

Сыра немесе нан ашытқысы (Saccharomyces cerevisiae, 157-сурет) және шарап ашытқысы (S.ellipsoideus). Ашытқысы бар сұйықтың бір тамшысын пипеткамен алып, одан препарат дайындайды. Содан соң үлкен үлкейткішімен сыраның немесе нанның дөңгелек клеткаларын және шараптың сопақтау клеткаларын қарастырады. Одан бүршіктеніп жатқан клеткалардыжәне бүршіктену кезінде бөлініп үлгермеген клеткалардың тізбегін табады. Клеткалардың екі түрінен де бірнешеуін суретке салып, детальдарын белгілейді.

Қастауыш (Claviceps purpurea, 160-сурет). Қарабидайдың зақымданған масағын және өскен склероцийін қарастырады. Строманың көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты препарат перитецийді табады. Зақымданған масақты, өсіп келе жатқан склероцийді, строманың кесіндісін суретке салып, деталбдарын белгілейді.

Сморчок телпекшесі (Verpa bohemica, 161-сурет). Жемісті денесін- апотецийін қарастырады. Микроскоптың кіші және үлкен үлкейткіштерімен, гименальды қабат арқылы жасалған кесіндіні көріп зерттейді. Қалтаны аскаспораларымен және парафиздерімен табады. Жемісті дененің жалпы түрін және кесіндіден гименальды қабаттың бір бөлігін суретке салып, детальдарын белгілейді.

 

Базидиомицеттер класы (Basidiomycetes)

Шампиньон (Agaricus campestris, 166-сурет) және трутовик (Fomes fomentarius). Екі түрдің де жемісті денесін қарастырады. Микроскоптың кіші және үлкен үлкейткіштерімен шампиньонның пластикалы және трутовиктің түтікті гименофорасын көріп зерттейді. Қарастырып отырған түрлердің жемісті денелерінің жалпы кескінін және гименофораның кесіндісінің бір бөлігін суретке салып, детальдарын белгілейді.

Бидайдың тозаңды қаракүйесі (Ustilago tritici) және бидайдың қатты қаракүйесі (Tilletia tritici) (167,168-сурет). Бидайдың тозаңды қаракүйесімен және бидайдың қатты қаракүйесімен зақымданған масақтарын қарастырады, олардың айырмашылықтарын атап көрсетеді. Екі түрдіңде араласқан спораларынан дайындалған тұрақты препараттан тозаңды қаракүйенің ұсақ спораларын және сырты кедір-бұдыр болып келген үлкен қатты қаракүйенің спораларын табады. Зақымданған масақтардың жалпы кескінін және қаракүйенің екі түрінің де спораларын суретке салып, детальдарын белгілейді.

Пысықтау сұрақтары

1. Өсімдіктер дүниесінің таксономиялық бірліктері қандай болады? Бинарлық номенклатураның мәні неде?

2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің негізгі айырмашылықтары неде?

3. Көк-жасыл балдырлардың құрылысының ерекшеліктері неде? Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?

4. Саңырауқұлақтардың денесі қалай құрылған?

5. Саңырауқұлақтардың жыныссыз және жыныстық көбеюінің жолдары қандай?

6. Төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің қандай формалары болады?

7. Төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклы қандай ядролық фазаларда өтеді.

8. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелиінің құрылысы қандай? Хитридиомицеттердің мицелиінің құрылысының ерекшеліктері қандай?

9. Хитридиомицеттердің жыныссыз және жыныстық көбеюлері қалай жүреді? Ольпидиум мен синхитриумның өмірлік циклдары қандай?

10. Оомицеттердің жыныссыз және жыныстық көбеюінің ерекшеліктері қандай? Фитофтораның өмірлік циклы қандай?

11. Зигомицеттердің жыныссыз көбеюі қалай жүреді? Олардың жыныстық көбеюінің ерекшеліктері қандай?

12. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелиіні құрылысы қандай?

13. Қалталы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында ядролық фазалар қалай алмасады? Аскомицеттердің өмірлік циклының көп бөлігі қай фазада өтеді?

14. Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы мен көбею ерекшеліктері қандай?

15. Жемісті дененің қандай типтері болады?

16. Қастауыштың өмірлік циклы қандай? Склероций дегеніміз не, оның құрамында қандай зат болады?

17. Базидиомицеттердің өмірінің көп бөлігі қандай ядролық фазада өтеді?

18. Базидийдің қандай типтері болады?

19. Бидайдың қатты қаракүйесі мен тозаңды қаракүйесінің өмірлік циклдары қандай? Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

20. Пукцинияның өмірлік циклы қандай, оның ерекшелігі неде?

21. Жетілмеген саңырауқұлақтардың басты ерекшеліктері қандай? Олардың классификациясы неменеге негізделген?

22. Кілегейлілердің талломы не деп аталады?

23. Плазмодиофора қандай өсімдіктердің паразиті болып табылады? Оның өмірлік циклы қандай?

24. Балдырларға қандай бөлімдерді жатқызады?

25. Балдырлардың көбеюі қалай жүреді?

26. әртүрлі талшықты балдырлардың талломының құрылысы қандай?

27. Вошерияның жыныссыз және жыныстық көбеюлері қалай жүреді?

28. Диатомды балдырлардың клетка қабықшасының химиялық құрылысының ерекшеліктері қандай?

29. Диатомды балдырлардың жыныссыз және жыныстық көбеюлерінің ерекшеліктері неде?

30. Қоңыр балдырлардың жыныстық және жыныссыз көбеюлері қалай жүреді?

31. Қызыл балдырлардың клетка қабықшасының химиялық құрылысының ерекшеліктері неде?

32. Қызыл балдырлардың репродуктивті органдарының құрылысы мен жыныстық процесінің ерекшеліктері неде? Олардың жыныссыз көбеюі қалай жүреді?

33. Жасыл балдырлардың эволюциясының бағыты қандай?

34. Хламидомонада мен улотрикстың жыныстық көбеюінің жолдары қандай?

35. Коньюгация процесі қалай жүреді және ол қандай балдырларға тән?

36. Хара балдырлардың талломының құрылысы мен жыныстық көбею органдарының ерекшеліктері қандай?

37. Балдырлардың өмірінің көп бөлігі қандай ядролық фазада өтеді? Қандай балдырлардың өмірлік циклінде диплоидты және гаплоидты фазалардың – гаметофит пен строфиттің дұрыс алмасуы байқалады?

38. Қыналардың тұтастай организм ретінді құрылысының ерекшелігі неде? Қыналар қайда өседі?

39. Қыналардың қандай талломы гетеромерлі, ал қандай талломы гомомерлі болып есептелінеді? Гонодиальды қабат дегеніміз не?

40. Қыналардың екі компоненттеріне де ортақ және олардың әрқайсысына тән көбеюінің қандай жолдары болады?

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 7797; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.