КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Этиологиясы. Салыстырмалы диагностикасы
ФЕОХРОМОЦИТОМА Болжамы Салыстырмалы диагностикасы 1. Эссенциальды және басқа симптоматикалық артериялық гипертензиясы. 2. БГА мен ЕГА-ды салыстырмалы диагностикалау қан сарысуындағы ренин белсенділігін анықтауға және ортостатикалық сынаманы жүргізуге мүмкіндік береді. 3. Бір жақты (альдостерома) және екі жақты (идиопатикалық БГА) үрдістерді салыстырмалы диагностикалау аса үлкен қиындықтарды туғызады. Бүйрек үсті безінің бірінде КТ-да солитарлы көлемді түзіліс анықталса, альдостерома деп қорытынды жасауға болады. Бұл идиопатикалық бүйрек үсті безі қыртысты затының гиперплазиясының гормональді-белсенді көлемді түзілісімен ұштасуы болуы мүмкін, осыған орай бүйрек үсті безінің түзілісін алып тастау нәтижесіз болады. Диагностикалауда бүйрек үсті безі көктамырының селективті катетеризациясы көмек береді.
Емі Альдостерома кезінде адреналэктомия көрсетілген. Идиопатикалық БГА (бүйрек үсті безі қыртысты затының екі жақты гиперплазиясы) емі консервативті: басқа дәрілер мен верошпирон тағайындалады (тәулігіне 200–400 мг): ААФ ингибиторлары, кальций каналының антагонистері.
Альдостеромаға байланысты орындалған адреналэктомиядан кейін бүйректерінде қайтымсыз өзгерістер дамымаған науқастардың 70–80%-да артериялық қан қысымы мен калий мөлшері қалыптасады.
Феохромоцитома (phaios — қара, қошыл; chromos — хром) — кризді ағымды клиникалық қатерлі артериялық гипертензиямен көрінетін, катехоламиндер бөліп шығаратын (адреналин, норадреналин) экстраадреналды хромаффинді тіннің немесе бүйрек үсті безі милы затының ісігі (4.17 кесте).
Бүйрек үсті безі милы затының хромаффинді жасушалары мен симпатикалық жүйке жүйесінің эмбриональды шығу тегі ортақ - олар жүйке түтігі қырының жасушаларынан түзіледі. Хромаффинді жасушалар бүйрек үсті безі милы затынан басқа көп мөлшерде симпатикалық ганглияларда және жайылып орналасқан хромаффинді денешіктерде анықталады.
4.17 кесте. Феохромоцитома
4.15 сурет. Феохромацитоманың мүмкін болатын орналасу орындары
Хромаффинді жасушалардың ірі жиналған ошақтары қолқа буфиркациясы мен мықын артериялары аймақтарында (Цуреккандль ағзасы) орналасады. Осы құрылымдардың барлығы бүйрек үсті безінен тыс феохромоцитомалардың ошақтары болуы мүмкін (4.15сурет). Феохромоцитоманы «10%-ды ісік» деп атайды, себебі ісіктердің 10%-ы бүйрек үсті безінен тыс орналасады (осыған сәйкес, 90 % —бір бүйрек үсті безінде дамиды), феохромоцитомалардың 10%-ы— қатерлі, қалған 10%-ы — екі жақты (ісік екі бүйрек үсті безінде де дамиды), 10% феохромоцитомалар 2-типті көптеген эндокринді неоплазия синдромы шеңберінде дамиды (9.2.2 бөлімді қараңыз). Спорадикалық дамитын феохромоцитоманың этиологиясы белгісіз. КЭН-2 щеңберінде дамыған феохромацитома кезінде 10 хромосомада RET-протоонкогенінің мутациясы анықталады.
Патогенезі Ағзада андренорецепторларға әсер ете отырып, соған сәйкес симптоматика мен өзгерістерді тудыратын катехоламиндердің көп мөлшерде бөлінумен байланысты (адреналин мен/немесе норадреналин) дамиды. Катехоламиндердің ісікпен өндірілуі тұрақты түрде немесе импульсті тәртіпте болады, бұл АГ-ның кризді сипатын анықтайды. Ісіктің катехоламиндерді көп бөлуін түрлі сыртқы орта түрткілері қоздыруы мүмкін: физикалық жүктеме, эмоциональды жарақат, дене қалпын өзгерту, медициналық шаралар және т.б. Жүрек-қантамырлар жүйесі жағынан дамитын өзгерістердің патогенезіне фатальды сипат тән, себебі оның патогенезінде гиперкатехоламинемия маңызды рөл атқарады (уытты катехоламинді кардиомиопатия немесе миокардтың катехоламинді некрозы).
Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 705; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |