КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Диагностикасы. Біріншілік аменореяның халық арасында таралуы 0,5–1,2 %, екіншілік аменорея шамамен 5 %
Эпидемиологиясы Біріншілік аменореяның халық арасында таралуы 0,5–1,2 %, екіншілік аменорея шамамен 5 %. Тернер синдромының таралу жиілігі қыз балалар арасында — 1:2500, мерзімімен ерте аналық бездің қажу синдромы (МЕАБҚС) — 0,1 % 30 жастан жас әйелдер арасында және 1% 40 жастан жас әйелдер арасында. МЕАБҚС құрлымында 60%-ын генетикалық бұзылыстар (сынғыш Х-хромосома, ФСГ немесе ЛГ рецепторлары гендерінің мутациясы), 20%-ын аутоиммунды оофорит құрайды.
Клиникалық көріністері · Етеккірдің болмауы, бедеулік. Бедеулік деп контрацепциясыз бір жыл бойы тұрақты жыныстық қатынаста (орташа аптасына екі рет) болуына қарамастан жүктіліктің болмауын айтады. Мерзімінен аналық бездің ерте тозу синдромы кезінде жүктіліктің спонтанды дамуы 5%. · Біріншілік аменорея кезінде эстрогендер тапшылығымен дамитын симптомдар көрініс бермейді, ал екіншілік аменореямен сырқаттанған науқастардың 75 %-да байқалады. · Аменореяны дамытатын жеке сырқаттардың спецификалық көріністері (Тернер синдромына тән сыр-келбет, гиперпролактинемия кезіндегі галакторея, гирсутизм және т.б.).
1. Гормональды зерттеу (5.3сурет). Біріншілік гипогонадизм диагнозы екі рет ФСГ деңгейінің жоғарылауы анықталғанда ғана расталады (> 30 мЕд/л). Сонымен қатар, бұл кезде ЛГ деңгейі жоғарылаған және эстрадиол деңгейі төмендеген. Екіншілік гипогонадизмге гонадотропиндер мен эстрадиолдың төмен мөлшерде болуы тән. Екіншілік аменореямен сырқаттанған барлық науқастарға пролактин және ТТГ мөлшерін анықтау тағайындалады, ал көрсеткіш бойынша-ДЭА және тестостерон. 2. Біріншілік аменорея көрініс берген барлық науқастарға кариотиптеу көрсетілген. 3. Кіші жамбас астауының УДЗ-сі және гинекологиялық зерттеу. 4. Мерзімінен ерте аналық бездің тозу синдромы кезінде барлық аутоиммунды сырқаттардың скринингі тағайындалады, ең алдымен міндетті түрде ТТГ мөлшері анықталады. 5. Остеопороз (сүйек денситометрисы), урогенитальды бұзылыстар секілді гипогонадизм асқынуларының диагностикасы.
5.3 сурет. Аменорея көрініс берген әйелдерді зерттеу алгоритмі
6. Көрсеткіш болса гипофиз МРТ-сі (гиперпролактинемия, гормональді-белсенді емес аденома).
Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 799; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |