КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Эпидемиология
Болжамы Салыстырмалы диагностикасы Аменореяға әкелетін көптеген сырқаттармен салыстырмалы диагностика жүргізіледі.
Емі · Эстрогендермен орынбасушы терапия (жатыр болмаған жағдайда ғана —гестагендермен бірге) біріншілік және екіншілік гипогонадизм кезінде тағайындалады. Бұл терапия табиғи жағдайда менопауза дамитын жасқа дейін жүргізіледі (шамамен 50 жас). · Аменореяның дамуына әкелетін сырқаттардың спецификалық терапиясы (гиперпролактинемия кезінде дофаминмиметиктер, гормональды белсенді емес гипофиз аденомалары кезінде хирургиялық ем, антиандрогенді терапия және т.б). · Y-хромосомасы анықталғанда (тестикулярлы феминизация синдромы) гонадобластоманың алдын алу мақсатында екі жақты гонадэктомия жасалынады. · Гипогонадизм асқынуларын емдеу (остеопороз, урогенитальді бұзылыстар). · Көмекші репродуктивті технологиялық (экстракорпоральды ұрықтандыру) біріншілік және екіншілік аменореямен сипатталатын көптеген сырқаттарда жүктілікті жоспарлауға мүмкіндік береді.
Аменореяның дамуына әкелген сырқатқа тәуелді. Түрлі генезді гипогонадизммен сырқаттанған әйелдер арасында өлім көрсеткіші жалпы популяциямен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Эстрогендер тапшылығы жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары мен остеопороздың дамуы қаупін жоғарылатады.
5.4. КЛИМАКТЕРИЯЛЫҚ СИНДРОМ Климактериялық кезең — жастық ерекшеліктерге байланысты репродуктивті жүйенің инволютивті өзгерістерімен сипатталатын физиологиялық өмір кезеңі. Климактериялық кезеңнің үш сатысын ажыратады: пременопауза — менопауза алдындағы кезең (шамамен 2–5 жыл), менопауза — соңғы менструальды қан кету, менопаузадан кейінгі кезең — менопаузадан бір жылдан кейін дамитын өмір кезеңі. Этиологиясы мен патогенезі Пременопауза кезінде аналық без қызметінің төмендеу себебіне ондағы гонадотропиндерге сезімтал рецепторлар санының азаюы жатады, нәтижесінде эстрадиол, прогестерон, андростендион және тестостерон өндірілуі төмендеп, аналық без көлемі 2–3 есе кішірейеді. Несеп-жыныс жүйесіне және сүйектерге эстрадиолдың трофикалық қызметінің жоғалуы атрофиялық вагинит, дизуриялық бұзылыстар мен остеопороз секілді асқынулардың дамуына әкеледі. Менопауза басталғаннан атеросклероздың дамуына әкелетін липидті спекторда атерогенді өзгерістер дами бастайды.
Қалыпты жағдайда менопауза 45 және 55 жас арасында көрініс береді (жиі 50–51 жаста). Темекі тартатын әйелдерде менопауза шамамен екі жыл ерте дамиды.
5.4 кесте. Климактериялық синдром
Клиникалық көріністері 1. Әйелдердің 90 %-да етеккір бұзылыстары менопауза басталғанға шамамен 4 жыл бұрын көрініс береді. 2. Қызба толқындары (әйелдердің 40%-да) жиі тершеңдікпен, терінің қызаруымен ұштасып, жиі менопаузадан 5 жылдан кейін жоғалады. 3. Несеп шығару бұзылыстары (50 %) уретра мен қуық мойнының атрофиясы нәтижесінде дамып, зәрді ұстай алмаумен (жөтелгенде, күлгенде, тез жүргенде), жиі цистит және пиелонефритпен көрінеді. 4. Сексуальды бұзылыстар: либидонің төмендеуі, қынаптың құрғақтануы, диспареуния. 5. Эмоциональды бұзылыстар: тітіркенгіштік, көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия, фобия. 6. Сүйек сынуының жоғарғы қаупімен сипатталатын остеопороз. 7. Атеросклероз асқынулары, ең алдымен-ЖИА. 8. Деменция; әйелдерде Альцгеймер ауруы ер адамдармен салыстырғанда 2–3 есе жиі дамиды және оның патогенезінің негізінде эстрогендер тапшылығы жатыр.
Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 643; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |