Жартылай стационарлық бақылау пункттері жұмыстың нақты шарттары мен мақсаттарына қарай ұйымдастырылады.Оларды бақылау жүйелі түрде 3,5,10 жыл және одан көп жыл аралықпен жүргізіледі.
Стационарлық учаске- әртүрлі табиғи климаттық аймақтарда, провинцияларда биіктік белдеулерде өсімдіктер мен топырақтық жамылғысы жағдайын ұзақ уақыт (10 жылдан астам мерзімге) тұрақты бақылау мақсатында ұйымдастыратын жер учаскесі.
Түйінді учаске- өсімдіктер мен топырақтың құрамын және сипатын олардың белгілі бір ландшафттық табиғи жағдайлармен байланысын қажетті нақтылықпен көрсететін жергілікті жердегі үлгі учаске.
Полигон- белгілі бір ландшафттық түрлерін (құмдар, тау етегі жазықтары, таулар) сипаттайтын әртүрлі конфигурациялы аумақ.
Жердің тозуы-жердің табиғи ортаның элементі ретінде функцияның өзгеруіне оның сандық және сапалық жағдайының шаруаларына, табиғи шаруашылық мәнінің төмендеуіне әкеп соқтыратын процесстер жиынтығы.
Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет
studopedia.su - Студопедия (2013 - 2025) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав!Последнее добавление