Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шартты белгілер 2 страница




Жоспар негізінде күдік тудыратын ластаушы көздер белгіленеді, топырақ жамылғысы, ағаш жолақтары, гидрографиялық торларының ластану деңгейіне әр түрлі талап қоятын аймақтарда, болжанатын ластаушы көздер жоспар негізінде белгіленеді.

Топырақ картасы мен алдында жүргізілген зерттеулер есебі ластанған жерлерді белгілеуді қайта жүргізу үшін негіз бола алады.Химиялық ластаушы заттардың мөлшерін анықтауда лабораториялық талдау жүргізу үшін топырақ үлгісін алу жиілігі мен үлгі алу схемасын анықтау керек.

Үлгі алу схемасы ластаушы көздер түріне және зерттелетін аймақ жеріндегі химиялық ластаушы заттардың кеңістікте таралу сипатына байланысты болады.

Далалық кезеңі

Топырақтың қазіргі кездегі экологиялық жағдайына сипаттама беру үшін, ластанған топырақ ареалдарының кеңістікте таралуына зерттеу жүргізіп, олардың ластану деңгейі, ластаушы заттардың ингридиенттік құрамын анықтау процессі жүреді.

Ластанған жерлерді анықтау процессі келесідей екі кезеңде жүргізіледі: мысалға алғанда, Алматы қаласы жерінде алғашқы (рекогносцировкалық) зерттеу макродеңгейде және қала ауданы жері мен белгілі жер пайдаланушы мен (жер иеленушулердің) жер учаскелері ластануына арнайы сипаттама беру ретінде жүргізіледі.

Алғашқы кезеңнің міндеті- жалпы қала деңгейінде ластанған жерлерді белгілеу, және де ластаушы заттардың, екінші зерттеу кезеңінде сандық анықтауларға жататын, ластаушы заттардың түрін толықтай анықтайды.

Аймақты далалық зерттеуді жаяу жүргенде немесе жүргенде, сынама алу схемасы түсірілген керекті масштабтағы картографиялық негіздің және ертедегі ақпараттық материалдардан жиналған материалдардың негізінде жүргізіледі.

Ластау мүмкіндігі жоғары көздердің орнын белгілеуді жүргізу, сол жердегі аймақтың шаруашылықтық қолдануын бағалау, топырақтың ластануын визуалды түрде анықтау, және де оған ықпал ететін белгілер (өсімдіктің жаралануы мен бұзылуы),топырақтан үлгі алу орындары орналасқан жерлерді белгілеу қажет.

Түзетілген схема бойынша, топырақ үлгісінің дәл көрсеткішінен, ластаушы заттар туралы толық түсіндірме, антропогендік әсер ету сипаты, табиғи өсімдік жағдайы мен ауыл шаруашылық мәдениетін көрсетеді..

Екінші (бөлігі) зерттеу кезеңі (локальды ластанған учаскелерде) рекогносцировкалық зерттеулер нәтижесі бойынша ластанған деп танылған учаскеде жүргізіледі.

Екінші кезеңге мыналар кіреді:

· керекті масштабтағы картографиялық негізді таңдау.

· далалық зерттеу жұмыстарын үлгіні алумен жүргізу.

Далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде үлгі алу схемасына сәйкес топырақ қимасына, өсімдік мәдениеті және табиғи өсімдік жағдайына сипаттама беріледі.Далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде жиналған топырақ үлгілерін химиялық талдауға өткізеді.

Топырақ үлгілерін алу, сақтау, және тасмалдау.

Топырақ үлгілерін алу, сақтау, тасымалдау және талдауға дайындау МЕСТ 17.4.4.02-84 сәйкес жүргізіледі.

Топырақ үлгілерін алу және тасмалдау процесінде ластану мүмкіндігін шектейтін шарттарды қатаң түрде сақтау, ластану дәрежесі жайлы сенімді аналитикалық материалдар алу үшін маңызды шарт болып табылады.

Үлгіні топырақ қимасынан металы аз құралдар пышақ немесе шпателмен алады. Үлгіні алмас бұрын топрақтың қимасы бетін полиэтиленнен немесе полистиролдан жасалған пластмас шпатель немесе пышақпен тазалайды.Үлгілерді жинап болған соң оларды ыдыстарға немесе полиэтилен пакеттеріне салып арластрады. Барлық үлгілер тіркелген және номерленген болу керек, әр үлгіге келісілген форма бойынша талон толтырылады.

Топырақ үлгілерін тасымалдау кезінде қайталап ластану мүмкіндігін алдын-алу шаралары қолданылуы керек.Топырақ үлгілерін талдауды сертификаты бар атестатталған лабораториаларда жүргізеді.

Камералдық кезең

Камералдық кезеңде далада алынған топрақтағы химиялық ластаушы заттар туралы мәліметтерді өңдейді және үлгі алу нүктелерін көрсетіп ведомоске енгізеді. Мұнда 2 анықталған әрбір ластаушы зат бойынша топырақтағы ластаушы заттың дәрежесі көрсетіледі.

Лабораториялық талдау және далалық материалдарды өңдеу негізінде, анықталатын ингредиенттері бойынша ластанған топырақтың карта-схемасы құрылады. Ластану картограммасын құру үшін картографиялық негізге әр бір талданатын ингредиент үшін үлгі алу нүктесіне оны бөлек енгізеді. Топрақты ластаушы химиялық заттардың әр қайссы карталау бірлігі ретінде қаралады, оған бөлек картограмма құрылады.

Ластану дәрежесі бойынша градацияға сәйкес келетін мәліметтерді интерполяциялау жолымен нүктелерді анықтайды. Бірдей мәнді нүктелерді қосатын сызықтарды ластану дәрежесі белгілі топырақтың ластану ареалы береді.

Мәліметтерді интерполяциялау қолмен немесе арнайы компютерлік бағдарламаларда жүргізеді.

Картограммаларды өңдеу және безендендіру арнайы қабылданған стандартқа сәйкес жүргізіледі. Ластану деңгейіне сәйкес ерекшеленген ареалдар белгілі бір түспен белгіленеді.

Жердің ластануы 3 түрге бөлінеді:

1. Аэрогенді ластану-ауа арқылы ластану;

2. Агрогенді ластану-микроорганизмдер арқылы ластану;

3. Гидрогенді ластану-жердің беткі қабатындағы және жер асты сулары арқылы жеткізілетін заттармен ластану.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоршаған орта дегеніміз не?

2. Қоршаған ортаның мониторингінің мақсаты, міндеті.

3. Қоршаған ортаны ластау неше түрге бөлінеді?

4. Қоршаған ортаны ластаушы көздеріне нелер жатады?

 

Студенттің білімін өзін-өзі бақылауға арналған тестер:

1. Қоршаған ортаға нелер жатады?

А) атмосфералық ауа

В) топырақ, су

С) жер қойнауы

D) барлығы дұрыс

Е) жануарлар және өсімдіктер дүниесі

 

2. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң қашан қабылданды?

А) 19 маусым 2003ж

В) 15 шілде 1997ж

С) 20 мамыр 1999ж

D) 25 наурыз 1997ж

Е) 15 қаңтар 1997ж

 

3. Қоршаған ортаны ластаушы көздеріне жататындар:

А) пайдалы қазбалар және кен орындары

В) өнеркәсіптік өндіріс

С) коммуналдық шаруашылық

D) ауыл шаруашылығы

Е) барлық жауаптар дұрыс

 

4. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің ставкаларын кім бекітеді?

А) ҚР Үкіметі

В) маслихат

С) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және облыстық, қалалық әкімдер

D) ауыл шаруашылығы министрлігі

Е) әкім

 

5. Қоршаған ортаның ластану түрлері:

А) табиғи және антропогенді

В) табиғи

С) биологиялық заттармен ластану

D) ауыр металдармен ластану

Е) антропогенді

Лабораториялық сабаққа тапсырма:

1. Берілген аумақтың стационарлық экологиялық алаңдары бойынша

зерттеу жүргізу әдістері.

2. Олардың ластану деңгейін және ластану көздерін анықтау.

3. СЭА топырағының әртүрлі химиялық элементтердің жылжымалы

формаларымен ластану дәрежесін көрсету.

 

6. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРЫНЫҢ ТОПЫРАҚ МОНИТОРИНГІ

 

Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингі-барлық санаттарда жәнеауылшаруашылығына жататын жерлердің құқықтық режиміне, сипатына және пайдалану мерзіміне қарамастан барлық түрлерінде жүргізіледі, әсіресе егістік алқаптарында (суарылатын және суарылмайтын).

Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингіжерге орналастыру жұмыстарында жеке жұмыс түрі ретінде және ботаникалық, гидрогеологиялық, инвентаризациялық, топогеодезиялық жұмыстармен бір кешенде жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингінің негізгі мақсаты-топырақтың жай-күйін бақылау, олардың өнімділік потенциалын арттыру, тиімді пайдаланумен қорғау бойынша ұсыныстар өңдеп шығару, жерлердің жағдайын бағалау болып табылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингісі топырақ жамылғысының жай-күйін тексеру және бақылау жүргізу жүйесін көрсетеді.Топырақ мониторингісінде бақылау, тексеру, бағалау және болжам жасау топырақтың келесідей параметрлеріне жүргізіледі:

- су және жел эрозиясы;

- тұздық және су режимі;

- ауыр металдармен, пестицидтермен, гербицидтермен, радионуклеидтермен және тыңайтқыштармен ластану;

- өсімдіктерді қоректендіру элементтері (гумус, жылжымалы азот, калий).

Аймақты игеру нәтижесінде сандық және сапалық жағдайын бақылау және келеңсіз процесстердің немесе құбылыстардың алдын-алу бойынша шараларды қолданумен талдау жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингі келесідей негізгі бағыттарда бойынша жүргізіледі:

-ғылыми-әдістемелік;

-әдістемелік-қолданбалы;

-қолданбалы;

-ақпараттық-техникалық.

Ғылыми-әдістемелік бағыт бойынша зерттеулер стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық алаңдарда полигондарда және басқа да негізгі учаскелерде 1 жыл немесе ұзақ мерзімді 5-15жыл интервал аралығында гумус құрамын калий, фосфор, суға еритін тұздар, пестицидтер және гербицидтер мөлшерін бақылау сондай-ақ судың физикалық қасиеттерін топырақтың тұздық режимін зерттейді.

Әдістемелік-қолданбалы бағыт бойынша мына жұмыстар жүргізіледі:

Топырақ, топырақ мелиоративті, топырақты эрозиялық зерттеулер материалдарын жалпылау және жүйелендіру аудандық, облыстық, республикалық арнайы карталарды картограммаларды құрастыру, сондай-ақ топырақ тізімін жүйелеу және өңдеу классификациясын нұсқауларын көрсету топырақты бониттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.

Қолданбалы бағыт алғашқы топырақтық, топырақ мелиоративті, топырақты эрозиялық іздестіруді, қайта зерттеулерді және қолдағы бар материаладарды және табыстау жұмыстары осы бағыт бойынша орындалады.Сондай-ақ су және жел эрозиясының жергілікті дамуын топырақтың тұздық режимінің өзгеруін, топырақтың ауыр металдармен мұнай өнімдерімен пестицидтермен мирералдық тыңайтқыштармен ластануы бойынша кешенді түрде далалық, лабораториялық, камералдық жұмыстар жүргізіледі.

Ақпаратты-техникалық бағытта автоматизациялық ақпараттық база құру барша бағдарламаларды жасау республиканың мониторинг бойынша мәліметтерді өңдеу және жүйелендіру жұмыстарын жүргізеді.

6.1 Стационарлық бақылау пункттернің аймақтық-зоналық жүйесі

Жерлердің сапалық жағдайына әсер етіп жатқан поцесстердің дамуын, сандық сипаты туралы шынайы мәліметтер алу үшін республикамызда мемлекеттік аумақты-зоналы бақылау пункттерінің жүйесі құрылды. Топырақ мониторингі үшін бақылау пункттерінің барлық топырақ климаттық зоналарда және республика аумағында орналасуы жалпы принцип болып табылады.Бақылау пункттері стационарлық (СЭА) және жартылай стационарлық экологиялық алаңдарға (ЖСЭА) бөлінеді.Бақылау пункттерінің ауданы 100 га құрайды.Әр бақылау учаскесінде топырақты зерттеу үшін 3-ке жуық стационарлық алаңдар алынады.Стационарлық экологиялық алаңның ауданы 1га кем болмауы тиіс.Стационарлық экологиялық алаңдарда әр жыл сайын бақылау жүргізіледі.Онда жерлердің сапасына әсер етуші топырақ параметрлерінің өзгерісі, агроөндірістік құндылығы бақыланады.Сонымен бірге дефляция, су эрозиясы, топырақтың тұздануы, токсикалық заттармен ластану процесстерін, топырақтағы гумустың, азоттың құрамының динамикасын, қоректендірудің жылжымалы элементтерін, топырақтың су-физикалық және физико-химиялық қасиетін тудыратын антропогендік және табиғи факторлары зерттеледі. Стационарлық экологиялық алаңдардағы бақылаулар:

- 1 рет қана;

- ай сайын;

- декада сайын.

- ауыл шаруашылық өсімдіктердің даму фазасы бойынша бақылаулар жүргізіледі.

Республиканың жер қорының жағдайының өзгерісінің 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша елімізде 484 стационарлық және жартылай стационарлық бақылау пункттері құрылған.

 

Кесте 1

Стационарлық бақылау пункттерінің аумақтық-зоналық жүйесі

 

Облыстармен қалалардың аттары СЭА саны ЖСЭА саны
Ақмола    
Ақтөбе - -
Алматы   -
Атырау    
Шығыс-Қазақстан    
Жамбыл   -
Батыс-Қазақстан    
Қарағанды   -
Қызылорда   -
Қостанай    
Маңғыстау - -
Павлодар    
Солтүстік-Қазақстан    
Оңтүстік-қазақстан   -
Астана қаласы   -
Алматы қаласы   -
Барлығы    

 

Астана және Алматы қаласының аумағында 90 және 63 стационарлық экологиялық алаңдарда бақылаулар жүргізіліп жатыр.Бұл алаңдар негізінде әртүрлі деңгейдегі ластанған жерлерде, көбінесе өнеркәсіптік мекемелердің және транспорттық магистральдарда орналасқан.Алматы қаласындағы мониторинг жүргізу нәтижесінде ауыр металлдармен ластану дәрежесі бойынша аумақты зоналаудың картасы құрастырылады.Қаланың эколого-геохимиялық картасын құруды жүргізеді.

Алматы облысындағы табиғи азықтық алқаптарындағы өсімдік жамылғысының мониторингін жүргізу үшін 1982 жылы «Үшқоңыр» стационары және 1987жылдан бастап «Южный» полигонын шөлді зонасында іске қосты.қазақстандағы экологиялық құлдырауға ұшыраған зоналардың ішінде ерекше орын алатынның бірі-Каспий маңындағы регионы және Арал маңы жатады.Каспий маңындағы регионының санитарлық-қорғау зонасының мұнай-газ кен орнында орналасқан бірыңғай мониторинг жүйесі 7 түйінді учаскені құрайды.Арал маңындағы табиғи ландшафттың жағдайын бақылау үшін түйінді учаскелері, стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық алаңдардың мониторингтік жүйесін орналастыру жобасы өңдеп шығарылды.

Жер мониторингін жүргізу бойынша жұмыстарын аз көлемде әр жыл сайын қаражаттандырылады.Аумақтық-зоналық жүйені құруда ең қажетті жұмыстар кешені ғана орындалады.СЭА және ЖСЭА-дың 2005-2010 жылдарда құрудың жалпы құны 1030млн.тг мөлшерінде белгіленген, ал периодты бақылауды жүргізу бойынша 960,6 млн.тг көлемінде жоспарланған.(кесте 2)Сонымен қатар егістік алқаптарында локальды мониторинг жүргізу үшін 53,67млн.тг қажет болады.

2005-2010 жылдарда ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің мониторингін жүргізу үшін кететін шығынның барлық жалпы құны 2044,3млн.тг мөлшерін немесе әр жылда 340,млн.тг мөлшерін құрайды.

Қазақстан Республикасында жер мониторингінің дамуы Концепция мен Мемлекеттік бағдарламаларды дайындауды және бекітуді, сонымен қатар оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруды қажет етеді.

Қажетті көлемде базалық және периодттық бақылаулар жүргізу, жерлерді пайдалану, жағдайын бағалау, талдау жасау және республика аумағында кері әсер ететін құбылыстармен процесстерді алдын-алу бойынша ұсыныстар дайындау қажет.

Ірі қалалардың аумақтарында (Астана,Алматы) және өнеркәсіптік объектілерде (мұнай-газ өндіруші және тау-кен өндіруші салалар) техногенді ластанудың мониторингін әрдайым жүргізуді жалғастыру тиіс.

1997 жылдан бастап Қазақстан жерлердің құрғап кетуіне қарсы күрес бойынша ЮНЕП Конвенциясының елі болып табылады.

 

Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингінің ғылыми-әдістемелік бағыты

 

Топырақ материалдарын жалпылау және талдау жұмыстары 2 этапта орындалады.

1 этапта жер пайдаланушылар бойынша жиі кездесетін немесе доминант 5 топырақ түрлерінің көлемі табиғи шаруашылық аудандастыру есебінен таңдап алынады.

2 этапта бірінші этаптың берілгендері негізінде әкімшілік облыстар бойынша жиі кездесетін немесе доминант 5 топырақ түрлері таңдап алынады.

Топырақ түрлері аудандары бойынша топырақ картасынан және шаруашылығы топырақтың жүйелік тізімдерінен алады.Бақылау объектілерін орналастыруды алдын-ала анықтауда доминаттық топырақ түрлерінің ішінен біреуі бойынша стационарлық экологиялық алаң ұйымдастырылады.Ал қалған 4 доминант топырақ түрлері бойынша жартылай стационарлық экологиялық алаңдар түзіледі.Жасалған жұмыстың нәтижесі бойынша ҚР-ң әр әкімшілік облыстың шегінде табиғи ауылшаруашылық аудандарды есепке ала отырып бақылау объектісін немесе стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық алаңдарды анықтау әр топырақ зонасына бөлінген бақылау объектінің санына байланысты табады.Ауыл шаруашылық алқаптарын топырақ мониторингін жүргізу және ұйымдастыру 3 кезеңде орындалады.

1. Дайындық

2. Далалық

3. Камералдық

Дайындық кезеңі бұрын жүргізілген жұмыстың топырақ материалдарын негізге ала отырып алынып жатқан бақылау учаскесінің орны (шаруашылығы, егістіктегі танап және топырақ контуры) анықталады.Қажетті материалдардың барлық түрлері бойынша мәліметтер жиналады.Олар төменлегідей:

· Топырақ, агрохимиялық геоботаникалық, гидрогеологиялық түсірістер;

· Тыңайытқыштарды енгізу саны мен сапасы жайында мелиоративтік және агротехникалық шараларды жүргізу;

· Топырақтық, геоботаникалық, гидробиологиялық карталардың ІШЖО пландарындағы көріністерді көшіру;

· Топырақтың қасиетін анықтайтын кешенді жүргізілетін жұмыстың бағдарламасын календарлық планын шығындар сметасын және т.б. деректер жиналады.

Далалық кезеңдердің жұмыстары 2 этаптан тұрады:

1 этапта топырақтың түрлерінің қасиеттерін және факторлардың қазіргі жағдайын зерттеу және топырақ процесстерінің дамуына және трансформациялануына тигізетін әсерлерін анықтау жұмыстары жүргізіледі.Стационарлық экологиялық алаңдағы көп жылдық режимді бақылау үшін бірінші этап нәтижесі есеп беру базасы болып табылады.

2 этапта кешендегі топырақ параметрлерінің өзіндік көп жылдық режимді бақылауы жасалады.Бақылау учаскесінің орналасу резервінің саны және табиғи ауылшаруашылық зонадағы ауыспалы егістігі бойынша анықталады.Бақылау учаскесінің орнын таңдауда шаруашылық агрономы, жер санаттары, жерге орналастыру аудандық комитетімен келісімге келе отырып анықталады және жер учаскесінің акті құрылады.Бақылау учаскесінің топырақтарын зерттеуде горизонтальдар арасы 0,5м орналасқан топырақ түсірістер аэротүсірістер түсіріліп, олардың фотопландары арқылы зерттеу жүргізіледі.Стационарлық экологиялық алаңдарда мыналар анықталады:

1. Топырақтың морфологиялық қасиеті;

2. Топырақтың су физикалық қасиеті;

3. Жер асты суларының деңгейі және минералдануы;

4. Агротехникалық көрсеткіштер, жырту тереңдігі, енгізілетін тыңайытқыштар түрлері мен көлемі егілетін дәнді дақылдар сорттары және олардан алынатын өнімділік;

5. Жүргізілетін мелиоративтік шаралардың сипаты;

6. Ауыр металдардың концентрациясы, пестицид және радионуклеидтердің мөлшері.

7. Жұмыстарды жүргізу кезеңіндегі метеорологиялық мәліметтер және басқа да топырақ гидрологиялық параметрлер;

8. Стационарлық экологиялық алаңдардағы ауылшаруашылық өнімін өндіруге кеткен жалпы шығындар.

Стационарлық экологиялық алаңдарда әр жылда топырақ түзуші процесінің параметрлері анықталады.Олар төмендегідей:

· тұздануы;

· карбонаттылығы;

· гипс;

· сортаңдануы;

· гумустылығы;

· ылғалдылығы;

· азот, калий және басқа да элементтерінің мөлшері;

· тыңайытқыштар түрлері мен көлемі;

· жауын-шашын мөлшері;

· ауылшаруашылық дақылдарының түрлер, сорттары және өнімділігі;

· А+В гумусты горизонттың жалпы қуаттылығы анықталады.

Камералдық кезең дайындық және далалық кезеңдерден алынған мәліметтер өңделіп есептеулер жасалады. Камералдық кезеңде топырақ және жер асты суларының физико-химиялық сипаттамаларына лабораториялық анықтау жүргізіледі.

· механикалық құрамы;

· микроагрегаттық құрамы;

· гумус;

· гипс;

· топырақ қоспасының (РН) реакциясы;

· азот, фосфор, калийдің жалпы мөлшері;

· ауыр металдар;

· пестицидтердің қалдық мөлшері;

· судың анализі.

Алынған мәліметтер өңделініп есептеулер жасалады:

· механикалық құрамына;

· микроагрегаттық құрамына;

· тұздану типімен дәрежесіне;

· морфологиялық және аналитикалық гумустық горизонттардың қуаттылығына;

· СЭА және бақылау учаскелердегі топырақтардың әртүрлілігінің балл бонитеттері есептеледі.

Стационарлық экологиялық алаң және бақылау учаскесінің тематикалық картасы және картограммасы құрастырылады:

- топырақтық картасы;

- картограммалар;

- эрозияға ұшырауы;

- тұздануы;

- топырақтың балл бонитеті.

Карта және картограммалар бойынша топырақ контурларының аудандарын есептеледі.Далалық бақылаулар негізінде СЭА-да физико-химиялық, агротехникалық және морфологиялық топырақ қасиетін есепке ала отырып генетикалық горизонттары және есептік қабаттары 0-30, 0-50, 50-100, 0-100, 100-200см бойынша ведомость құрастырылады.Жеке ЖСЭА-да тематикалық бағыттар бойынша периодтық бақылауларда мыналар орындалады:

- топырақтағы өсімдіктің қоректендіру элементтерінің (гумус, азоттың, фосфордың, калийдің жылжымалы формасы) құрамын ұзақ мерзімде бақылау;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 1700; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.