Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жерлерді кешенді инвентаризациялау




Кешенді инвентаризациялау жұмыстары мынадай мақсаттарда жасалады:

1. Жер қорының барлық санаттарында және ашық алқаптарда жерлерінде сандық есепке алу және сапалық жағдайын бағалау;

2. Елді мекен пункті жерлерінің ауданын анықтау;

3. Орман, су қоры жерлерінің және босалқы жер қорының ауданын анықтау;

4. Басқа да жер пайдаланушылардың жерлерінің ауданын анықтау

5. Әртүрлі кері әсерлердің нәтижесімен бұзылған жерлердің санын, сипатын анықтау.

Жерлерді инвентаризациялаудың төмендегідей жұмыстары жүргізіледі:

- жер иелену және жер пайдалану жерлерін инвентаризациялау;

- бұзылған жерлерді инвентаризациялау;

- су көздерінің қазіргі жағдайымен пайдалануын инвентаризациялау;

- елді мекен жерлерін инвентаризациялау және корректировкалау.

Инвентаризациялау жұмыстары жерлерді мемлекеттік есепке алу мәліметтері және жерлердің сипаты мен сапасы жайында деректерді негізге ала отырып жүргізеді.

Инвентаризациялау жұмысы үшін негізгі болып пландық картограмманың материалдар, соңғы түсіру және дешифрлеу нәтижелері саналады және олар мынадай масштабтарды болады:

1. далалық және құрғақ далалық зоналар үшін және таулы аймақтар үшін 1:10000-1:25000;

2. шөлді және шөлді далалық аймақ үшін 1:25000-1:50000;

3. жерлердің техногенді бұзылуы ірі масштабтағы картографиялық негіз бойынша жасалады.

2.1. Бұзылған жерлерді инвентаризациялау

Топырақтың беткі қабатының әртүрлі антропогендік әсерлерден пайдалы қазбалардың орнын табу, геологиялық іздестіру, зерттеу, құрылыс және басқа да жұмыстардың әсерінен бұзылған жерлерде кешенді инвентаризациялық жұмыстар жүргізіледі.

Инвентаризация мақсаты- іс жүзіндегі жер пайдалану шегіндегі бұзылған жерлердің ауданын анықтау және сапалық жағдайын көрсету болып табылады.

Инвентаризациялауға жататындар: барлық санаттағы жер пайдаланушылармен мемлекеттегі босалқы жерлер, тұрақты, уақытша және ұзақ мерзімді пайдаланымдағы жерлер, топырақтың беткі қабатындағы техногенді бұзылулардың барлық түрлері, сызықтық ғимараттардың құрылысы кезіндегі жер қазбалары, карьерлер, мұнай және газ кен орындарындағы бұзылған және ластанған жерлер.

Іс жүзіндегі жүргізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша әр инвентаризациялық объект бойынша мына жұмыстар жүргізіледі:

- пландық-картографиялық материалдарда көрсету арқылы бұзылған жерлердің ауданын белгілеу;

- қайта қалпына келтіру мақсаттары үшін бұзылған жерлерді типтерімен классификациясына қарай бөлу;

- технологиялық құжаттамаларды аэрофототүсіріс материалдарымен топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа да зерттеу материалдарын негізге ала отырып, бұзылған жерлердің сипаттамасын құру;

- қайта қалпына келтіруден кейін бұзылған жерлерді пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.

Дайындық кезеңінде жер пайдалану пландары тау, құрылыс және басқа да бұзылған жер учаскелерінің пландары мен материалдары жинақталады.

· пландық-картографиялық материалдары 1:2000, 1:5000, 1:10000 масштабта болуы керек.

· бұзылған жерлерді далалық зерттеу процесінде пландық картографиялық материалдарда әрбір учаскелерге рим цифрімен нөмір беріледі.

· бұзылған жерлердің типтері белгіленеді (карьер, қазынды).Олар араб цифрлерімен белгіленеді.

· бұзылған жерлер типінің шегінде әр контурдың іс жүзіндегі жағдайы анықталады.Әр контур а,б,в болып белгіленеді.

· егер де учаске шегінде бұзылуы бойынша типтері бірдей бірнеше контурлар кездесіп жатса, онда оларды кезекті көшірмелермен белгілейді I,Iа.

· әр контур шегінде жер учаскесінің пайдалануынан бұзылуына дейінгі және қайта қалпына келтіруден кейінгі пайдалану мақсаты белгіленеді.

· инвентаризациялау бойынша дайындық және далалық жұмыстарды орындаудан кейін жер пайдалану бойынша бұзылған жердің есепке алу ведомосі құрастырылады.

Ылғалдандыру сипаты бойынша бұзылған жерлерді топтау гидрологиялық және гидрогеологиялық зерттеу мәліметтері негізінде жүргізіледі.Контур бойынша ведомостің мәліметтері негізінде жер пайдалану бойынша бұзылған жерлерді инвентаризациялау есепке алу ведомосі құрастырылады:

- бұзылған жерлердің типтерінің контурлары бойынша жалпы ауданы;

- эксплуатацияда орналасқан жерлердің ауданы;

- қайта қалпына келтіруден кейінгі пайдаланымдағы жердің ауданы.

Инвентаризациялау мәліметтері бойынша, бұзылған жер учаскелерінің типтері бойынша жерлерді кешенді инвентаризациялау картасы құрастырылады.Пландық-картографиялық материалдарда жерлерді есепке алу мәліметтері графикалық түрде көрсетіледі. Инвентаризациялауға барлық алқаптағы жерлер жатады:

-суарылатын және суарылмайтын егістік;

-түбегейлі жақсарту;

-көпжылдық екпе ағаштар және бақтар;

-суарылатын және суарылмайтын тың жерлер;

-құрғатылған, суармалы, жақсартылған шабындық;

-жайылымдар;

-коллективті бақтар және бақшалар;

-аула маңындағы жерлер;

-ауыл шаруашылығына жатпайтын алқаптар.Оларға жататындар: жыралар, ормандар, батпақтар, бұталар, орман екпе ағаштары.Сонымен қатар құрылыс, кешендер, жолдар астындағы жерлер.

Кешенді далалық зерттеу нәтижелері бойынша мынадай материалдар алынады:

· ситуациясы толық түсірген жер пайдалану планы мен жерлерді инвентаризациялау деректері;

· ауыл шаруашылық алқаптарын, бұзылған жерлерді, су көздерінің жағдайымен пайдалануын елді мекен пунктінің жерлерін есепке алу инвентаризациялық ведомосі.

· Әрбір инвентаризациялық жұмыстар түрлерін қысқаша түсініктеме.

2.2. Су көздерін инвентаризациялау

Жерлерге кешенді инвентаризациялау жүргізілген кезде жер пайдалану учаскелерінде және елді мекен пункттерде су көздерінің қазіргі жағдайын анықтау жұмыстары жасалады.Инвентаризациялауға барлық жайылым алқаптары және басқа да су көздері бар категория жерлері жатады.Барлық жасанды құрылғылар инвентаризацияланады:құдықтар, каналдар және су құбырлары елді мекенді сумен қамтамасыз ету пункттері және табиғи су көздері- өзендер, көлдер және бұлақтар.

Дайындық кезеңде су кадастрының материалдары, эксплуатацияға салынған гидротехникалық құрылғылардың жобалары және акттері, гидрологиялық зерттеу материалдары және басқа да сәйкес құжаттары жиналады.

Далалық зерттеуде кездесетін су көздерінің орналасу орны анықталады және олардың қазіргі пайдалану сипаты көрсетіледі, есепке алу ведомосі түзіледі.Қажеттілігіне қарай химиялық талдау жүргізу үшін су көздерінен проба алынады.Барлық су көздері план масштабының дәлдігімен пландық негізге түсіріледі.

Камералдық кезеңде безендіру жұмыстары инвентаризациялау нәтижесін су көздері бойынша стандартты шартты белгілермен көрсетіледі және олардың бояу түстері көрсетіледі.Өңдеуді қажет етпейтін су құрылғыларын көк бояумен ал өңдеуді қажет ететін су құрылғылары боялмайды.Есептен шығып кеткен су пункттері қызыл бояумен белгіленеді.Бір уақытта су көздерін есепке алу ведомосі құрылады, онда су құрылғыларының саны көрсетіледі.Олардың санитарлы-техникалық жағдайы және әрі қарай пайдалануға жарамды сулар сапасы, өңдеуді қажет ететін және жаңартылатын су құрылғылары көрсетіледі.Түсініктеме парағында су көздерін инвентаризациялау нәтижелері және суландырылған жер пайдалану аумақтарының бағасы беріледі.

 

2.3. Жер иелену және жер пайдалану жерлерін инвентаризациялау

Жер пайдаланушылардың жерлерін инвентаризациялауға барлық жерлер жатады.Соның ішінде:заңды актпен бекітіп жер пайдалануға құқық беретін жерлер, ұзақ және қысқа мерзімді пайдаланудағы жерлер,өндірістік мұнай өндіруші кәсіпорындардың пайдаланымындағы жерлер және іс жүзіндегі пайдаланымдағы жерлер жатады.Жер пайдаланушылардың жерлерін сандық және сапалық есепке алу үшін дайындық кезеңде мына материалдар мен құжаттар жиналады:

-жер пайдалануға құқық беретін мемлекеттік актілер және жер бөліп берудің басқа да құжаттары;

-жер бетіндегі және аэрофототүсіріс пландары;

-топырақтың, мелиоративтік, геоботаникалық және басқа да үлестіру материалдары;

-ІШЖО және ШАЖО материалдары;

-мемлекеттік және қоғамдық қажеттілігіндегі жерлердің пландары.

Мемлекеттік орман қоры жерлерін есепке алу орман үлестіру материалдары пайдаланылады,ал елді мекен пункттерінің жерлерін есепке алуда жер шаруашылық үлестіру материалдарды қолданылады.Мемлекеттік есеспке алу материалдарынан барлық санаттағы жерлердің аудандары жазылып алынады.Жер кешенді инвентаризациялаудыі әрбір бөліміне қысқаша түсініктеме беріледі.

Далалық зерттеу кезінде топырақтық, геоботаникалық зерттеулердің материалдарын есепке ала отырып, табиғи мал азықтық алқаптардың іс жүзіндегі пайдалану ережесі анықталады.Мүмкіндігі бойынша өзгерістерді тауып, шөптің құрамы, өнімділігі, мәдени-технологиялық жағдайын зерттейді.

Инвентаризациялау нәтижелері мен есепке алу мәліметтері бойынша жерлерді мемлекеттік есепке алу №22 формадағы ведомостте көрсетіледі.

Графикалық материалдар және сол аймақтың қазіргі жағдайы туралы, пайдалануы туралы қысқаша анықтама беріледі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 2354; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.