Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шартты белгілер 1 страница




 
 


Учаске шекарасы

 
 


Контулар шекарасы

2 топырақтың құнарлы қабатының қазындысының

нөмірі және шекарасы

I учаскв нөмірі

1.2.3 бұзылған жерлердің типтері (карьер, қазынды,

қазындықсақтаушы)

а, б, в контурлардың іс жүзіндегі жағдайы

(а- пайдалануда, б- өңделген

в қайта қалпына келтіру стадиясында)

I-1а / 2,3 в алымында – контур индексі, бөлімінде -

ауданы га

 

 

Студенттердің білімін өзін-өзі бақылауға арналған тестер:

 

1. Жерлерді кешенді инвентаризациялау жұмыстары қандай мақсатттарда жасалады?

А) жер қорының барлық санаттарында және ашық алқаптарда жерлерді сандық есепке алу және сапалық жағдайын бағалау

В) тек қана су қорының жерлерін сандық есепке алу және сапалық жағдайын бағалау

С) тек қана орман қорының жерлерін сандық есепке алу және сапалық жағдайын бағалау

D) тек қана елді мекен жерлерін сандық есепке алу және сапалық жағдайын бағалау

Е) дұрыс жауап жоқ

 

2. Кешенді далалық зерттеу нәтижелері бойынша қандай деректер алынады?

А) ситуациясы толық түсіндірілген жер пайдалану планы;

В) жерді инвентаризациялау деректері;

С) ауыл шаруашылық алқаптарын бұзылған жерлерді, су көздерінің жағдайымен пайдалануын, елді мекен пункттерінің жерлерін есепке алу инвентаризациялық ведомосі;

D) барлық жауап дұрыс

Е) әрбір инвентаризациялық жұмыстар түрлеріне қысқаша сипаттама.

 

3. Бұзылған жерлерді инвентаризациялау мақсаты:

А) жерлерді бағалау;

В) жерлерге болжам жасау;

С) жер пайдалану шегіндегі жерлердің ауданын анықтау және сапалық жағдайын көрсету;

D) далалық зерттеу жүргізу

Е) жерлерді бақылау

 

4. Ауыл шаруашылығына жатпайтын алқаптарға нелер жатады?

А) жайылым;

В) көпжылдық екпе ағаштар;

С) тың жерлер;

D) жыралар, ормандар, батпақтар және құрылыс астындағы жерлер, жол астындағы жерлер

Е) шабындық

 

5. Елді мекен жерлерін инвентаризациялауда құрылыс салынған аумақтардың сызбасы қандай масштабтарда орындалады?

А) 1:1000, 1:2000;

В) 1:5000, 1:10000;

С) 1:2000, 1:5000;

D) 1:500, 1:1000

Е) 1:10000 жоғары

3. ЖЕР МОНИТОРИНГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Жер мониторингінің құрылымы ҚР-ң аумақ бірлігімен анықталады.Жеке аумақтық бірлік бойынша жер мониторингінің құрылымы мына деңгейлерден тұрады:

· Қазақстан Республикасының жер мониторингі;

· Облыстық жер мониторингі;

· Қала және аудан жерлерінің мониторингі.

Мониторингтің кешенді ақпараттық жүйесі 3 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:

· Шаруашылық субьектілерінің және елді мекен шаруашылығының мониторингі

· Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі

· Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі

Ауыл шаруашылығын реттеу- ауыл шаруашылық мекемелерін, шаруа фермер қожалығын үздіксіз бақылауды және талдауды қажет етеді.Ауыл шаруашылығында өндірістің негізі жер болғандықтан, оның пайдалану тиімділігін бақылау және топырақ құнарлығын сақтау, жоғарылату қажеттілігі туады.Республикадағы елді мекендердің 44% ауылда тұрғандықтан және ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты ауылдың дамуы, ауылдың әлеуметтік сферасы мониторингін құруды көздейді.Оның обьектісі ауылдың елді мекен пункті және әлеуметтік инфрақұрылымы болып табылады.

· Шаруашылық субьектілерінің және елді мекен шаруашылығының мониторингі-ол ауыл шаруащылығы өндірісінің өнімі (өсімдік жүргізу және мал шаруашылығын жүргізу) материалды техникалық базасы, елді мекендегі шаруашылық өндірісі, өнімнің қаражатты-экономикалық көрсеткіштері, ресурстар және ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерін пайдалану

· Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің мониторингі-ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жағдайы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің иелену формалары және пайдалану.

· Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі-ауылдық елді мекен, ауылдық елді мекендегі еңбек нарығы, өмір сүру деңгейі, ауылдағы білім және мәдениет, денсаулықты сақтау.

 

 

Сурет 2. МОНИТОРИНГ ОБЬЕКТІЛЕРІ

 

Жер мониторингінің жүйесі мыналарға бөлінеді:

1. Алып жатқан аумағына байланысты мониторинг жүргізу;

2. Болып жатқан өзгерістердің сипаты бойынша мониторинг жүргізу;

3. Бақыланып жатқан процесстерге байланысты мониторинг жүргізу;

4. Бақылау жүргізу мерзімімен кезектілігіне байланысты мониторинг

жүргізу.

 

Сурет 3. Алып жатқан аумағына байланысты мониторинг

 

 

 

Сурет 4.Бақыланып жатқан процесстерге байланысты мониторинг

Бақылау сұрақтары:

1. Жер мониторингінің жүйесі қандай түрлерге бөлінеді?

2. Глобальды мониторинг нені зерттейді?

3. Базалық мониторинг зерттеу аумағы қандай?

 

Студенттердің білімін өзін-өзі бақылауға арналған тестер:

1. Жер мониторингінің жүйесі түрлері

А) алып жатқан аумағына байланысты мониторинг

В) болып жатқан өзгерістердің сипаты бойынша мониторинг

С) бақыланып жатқан процесстерге байланысты мониторинг

D) бақылау жүргізу мерзімімен кезектілігіне байланысты мониторинг

Е) барлық жауап дұрыс

 

2. Алып жатқан аумағына байланысты мониторинг түрлері

А) базалық

В) эволюционды

С) глобальды

D) циклді

Е) импактілі

 

3. Болып жатқан өзгерістердің сипаты бойынша мониторинг

А) периодты

В) антропогенді

С) регионды

D) фондық

Е) төтенше

 

4. Бақыланып жатқан процесстерге байланысты мониторинг

А) оперативті

В) эволюционды

С) локалды

D) фондық

Е) базалық

 

5. Бақылау жүргізу мерзімімен кезектілігіне байланысты мониторинг

А) ретроспективті

В) эволюционды

С) республикалық

D) фондық

Е) глобальды

 

Тәжірибелік сабақтарға тапсырма:

1. Жер мониторингінің жүйесін талқылау

2. Алып жатқан аумағына байланысты мониторинг жүргізу түрлері

3. Болып жатқан өзгерістердің сипаты бойынша мониторинг жүргізу

4. Бақыланып жатқан процесстерге байланысты мониторинг жүргізу

5. Бақылау жүргізу мерзімімен кезектілігіне байланысты мониторинг жүргізу

 

4. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА МОНИТОРИНГІНІҢ БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ

Антропогендік өзгерістерді көрсету үшін адамзат әсерінен биосферадағы өзгерістерді арнайы бақылауды ұйымдастыру қажеттілігі туындады.Кеңістіктегі қоршаған орта элементтерін бақылау және белгілі мақсаттарына сәйкес бұрынырақ дайындалған бағдарламаларды жинақтап «Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі (ТР және ҚОМБМЖ)» деген атау берілді.

Қоршаған орта жағдайын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды тиімділігін арттыруына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің №885 27 маусым 2001ж «Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің мемлекеттік бірыңғай жүйесін жүргізу және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қаулысы қабылданған.Оның мақсаты ұйымдастырушылық және шаруашылықтық шешімдерді қабылдау үшін ақпаратпен қамтамсыз ету және табиғи ресурстарды пайдалануды бақылау, халықты қоршаған орта жағдайы туралы және қоршаған ортаның адамзат денсаулығына тигізетін кері әсерлері туралы ақпараттандыру.

1974 жылы қоршаған орта мониторингінің глобальды жүйесінің негізгі жағдайлары және мақсаттары ашып көрсетілді.Ол табиғи ортаның жағдайында өзгерістерді ескерту, ластанумен байланысты, адам денсаулығына келетін қауіптерді ескерту, стихиялық апаттар туралы қауіптерді ескертуге бағытталған.Кеңес дәуірі кезінде мониторингтің екі концепциясы шығарылды.

I-ші концепция Ю.А.Израэльдің [1984жылы] көмегімен дайындап шығарылды.Ол мониторингті «табиғи ортаны бақылау, бағалау және болжау» ретінде қарастырды.Қоршаған табиғи ортаның сапасын дұрыс басқару мониторинг жүйесін басқарудың негізгі шарты деп санады.Концепцияның мынадай жағдайларын атап өтті:

- қоршаған табиғи ортаның жағдайын бақылаудағы, бағалаудағы, болжаудағы мониторинг мәселелерін шектеу;

- мониторингті іс жүзіндегі бақылау қызметінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру мониторинг арқылы шешілетін мәселелердің жинағын шектеу.

Мониторингтің II-ші концепциясы академик И.П.Герасимовтың көмегімен шығарылды.Бұл концепция қоршаған ортадағы табиғи өзгерістерді бақылау қызметін дамыту, қоршаған ортаның мониторинг жүйесін жан-жақты бақылау, болжамдық функцияларды орындау үшін ғылыми негізделген нормативтермен экожүйелік моделдерді өңдеп шығаруды қарастырады.Атап көрсетілген концепцияларды талдап табиғи ресурстар дың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне толық анықтама берілді. Концепция мониторинг жүйесін алты блокқа бөледі:

- геосфералық мониторинг;

- биосфералық мониторинг;

- геоэкологиялық мониторинг;

- биоэкологиялық мониторинг;

- санитарлы-гигиеналық мониторинг;

- табиғи шаруашылықтық мониторинг.

Геосфералық мониторинг -жер компоненттерін құрайтын динамика процесстерін зерттейді.

Биосфералық мониторинг - озон қабатындағы азот құрамын атмосферадағы оттегі мен көміртегінің мөлшерін сипаттайтын глобальды процесстермен құбылыстарды бақылайды.

Геоэкологиялық мониторинг -физико-географиялық және ландшафттық орта жағдайларының аймақтық ерекшеліктерін көрсетеді.Оның табиғи техникалық геожүйелерден пайда болу сипаты жер бедерінің жағдайын, гидрографиясын климаттық жағдайларын бақылауға байланысты болады.Бұл мониторингтің мақсаты:адамның өмір сүруіне қауіпсіз, әлеуметтік экологиялық жағдайда ландшафттық ортаны қорғау, қадағалау, пайдалану әдістерін өңдеу және ландшафттық ортаның өнімділігін арттыру болып табылады.

Биоэкологиялық мониторинг - тірі организмдермен қоршаған биоорта жағдайының өзгерістерін бақылау, орта факторларының нормативтер жүйесінің көмегімен орта жағдайын бағалау жүргізеді.

Санитарлы-гигиеналық мониторинг -адамның өмір сүруіне қауіпсіз санитарлы-гигиеналық жағдайын, оның тамақтануын, азық түлігін және адамзаттың генетикалық өзгерістерін бақылайды.Оның негізгі мақсаты-адам денсаулығын сақтау болып табылады.

Табиғи шаруашылықтық мониторинг -табиғи ресурстардың жағдайын(жанармай, энергетикалық, минералдық, өндірістік заттар, орман, жер, су және т.б.) мемлекеттік әкімшіліктік ведомостволар бойынша бақылайды.Мониторингтің мақсаты-қоғамның әлеуметтік экономикалық дамыту, өндірісте техникамен қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және оны есепке алуды жүргізу.

Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі- табиғи ортаны бақылаудың, бағалаудың, болжаудың ғылыми негізделген бағдарламасы бойынша қоршаған орта жағдайын және экологиялық қауіпсіздікті басқаруды қамтамасыз ету үшін орындалатын ұсыныстармен нұсқаулар кешені.Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің объектісіне мыналар жатады:

- қоршаған ортаның абиотикалық объектілері;

- антропогендік әсерлердің көздері;

- табиғи ресурстар;

- өмір сүру ортасына әсер ететін факторлар;

- биота;

- экосистемы және геосистемы;

Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мазмұнын келесідей мониторинг жүйелері құрайды:

- гидрометеорологиялық мониторинг;

- санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг;

- атмосфералық ауаның жағдайы;

- су объектілерінің жағдайы;

- топырақтың және пайдаланудағы жерлердің жағдайы;

- радиациялық мониторинг;

- өсімдік және жануарлар әлемінің мониторингі;

- тау экожүйелерінің мониторингі;

- ластану көздерінің мониторингі;

- тұрмыстық қалдықтардың мониторингі;

- эндогенді және экзогенді геологиялық процесстердің мониторингі;

- кен пайдалану мониторингі.

 

Бақылау сұрақтары:

1.«Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің мемлекеттік бірыңғай жүйесін жүргізу және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қаулының мақсаты не?

2. Мониторинг жүйесінің блоктары

3.Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің объектісіне нелер жатады?

 

Студенттердің білімін өзін-өзі бақылауға арналған тестер:

1. «Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің мемлекеттік бірыңғай жүйесін жүргізу және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қаулы қашан қабылданды?

А) 19 қыркүйек 2003ж

В) 20 маусым 2003ж

С) 27 маусым 2001ж

D) 24 қаңтар 2001ж

Е) 15 қыркүйек 2001ж

 

2. Геосфералық мониторинг нені зерттейді?

А) ландшафттық ортаны қорғауды, қадағалауды және бақылауды

В) адамның өміріне қауіпсіз орта жағдайын санитарлы-гигиеналық жағдайын бақылауды

С) тірі организмдермен қоршаған биоорта жағдайын бақылауды

D) озон қабатындағы азот құрамын атмосферадағы оттегі мен көміртегінің мөлшерін бақылауды

Е) жер компонеттерін құрайтын динамика процесстерін

 

3. Биосфералық мониторингтің мақсаты:

А) ландшафттық ортаны қорғауды, қадағалауды және бақылауды

В) жер компонеттерін құрайтын динамика процесстерін

С) адамның өміріне қауіпсіз орта жағдайын санитарлы-гигиеналық жағдайын бақылауды

D) тірі организмдермен қоршаған биоорта жағдайын бақылауды

Е) озон қабатындағы азот құрамын атмосферадағы оттегі мен көміртегінің мөлшерін бақылауды

 

4. Санитарлы-гигиеналық мониторингтің мақсаты неде?

А) тірі организмдермен қоршаған биоорта жағдайын бақылау

В) жер компонеттерін құрайтын динамика процесстерін зерттеу

С) озон қабатындағы азот құрамын атмосферадағы оттегі мен көміртегінің мөлшерін бақылау

D) ландшафттық ортаны қорғауды, қадағалауды және бақылау

Е) адамның денсаулығын сақтау

 

5. Табиғи шаруашылықтық мониторингтің мақсаты қандай

А) адамның денсаулығын сақтау

В) жер компонеттерін құрайтын динамика процесстерін зерттеу

С) қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту

D) озон қабатындағы азот құрамын атмосферадағы оттегі мен көміртегінің мөлшерін бақылау

Е) ландшафттық ортаны қорғауды, қадағалауды және бақылау

 

Тәжірибелік сабақтарға тапсырма:

1. Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің мемлекеттік бірыңғай жүйесін жүргізу және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы. Қаулыны талдау.

2. Кеңес дәуірі кезінде шығарылған концепцияның мазмұнын талқылау.

3. Концепцияда көрсетілген мониторинг блоктарын сипаттау.

 

 

5. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУ МОНИТОРИНГІ

 

Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылықтың барлық саласында демократиялық өзгерістер жүріп, қоғамда жаңа, әлекметттік-экономикалық қатынастар қалыптасуда, ұлттың өзін-өзі түсінуі білу қабілеті ұлғая бастады.Бұл бағыт еліміздегі қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану саласында да орын алған.

Егеменді Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1997 жылы 15 шілде айында қабылданды.Бұл заңның құзіреті-адамның өз өмірі мен денсаулығы үшін қоршаған табиғи ортаның қолайлы болуын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқылық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін түсіндіріп, адам қызметінің қоршаған табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтаумен табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған.

Қоршаған орта деп табиғи объектілердің, оның ішінде қарым-қатнастағы атмосфералық ауаны, топырақты, суды, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін айтады.

Қоршаған орта мониторингі деп адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығымен өзге де организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі жағдайлар туралы ескертуді айтады.

Қоршаған ортаны ластау деп қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріспен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнит өрістерінің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсерін айтады.

Қоршаған ортамен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторинг жүйесін қоршаған ортаны қорғаумен табиғат пайдалануды басқару міндеттерін атқаратын арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.Онда мынадай жұмыстар атқарылады:

- қоршаған ортамен табиғи ресурстардың жай-күйіне, сондай-ақ олардың антропогендік ықпал жасау көздеріне белгілі бір бағдарлама бойынша бақылау жүргізеді;

- болып жатқан өзгерістерге болжау жұмыстары жүргізіледі;

- қоршаған ортамен табиғи ресурстардың мониторингі-қоршаған ортаны қорғау саласында басқарушылық және шаруашылықтық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды көздейді.

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақы қоршаған ортаны ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны, өндіріспен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдармен азаматтардан алынады.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келісе отырып, облыстық, қалалық әкімдер бекітеді.Табиғи ресурстарды қорғау мен жақсарту үшін төленетін ақы табиғат пайдаланушылардан аталған қызметті жүзеге асыруға жұмсалған бюджеттік шығындардың орнын толтыру өтемі ретінде алынады.

Қоршаған ортаның ластануы екіге бөлінеді:

· Табиғи әсерге-вулкандардың атқылауы, жел, су эрозиясына ұшырауы, жер сілкінісі, сел жүруі және т.б. жатады.

· Антропогендік әсер–адамның қоршаған ортаға тигізетін тікелей әсері арқылы ластануы.

Қоршаған ортаны ластаушы көздер:

-пайдалы қазбалар және кен орындары;

-өнеркәсіптік өндіріс;

-ауыл шаруашылығы;

-коммуналдық шаруашылық.

Ластаушы заттар мыналар бойынша сипатталады:

1. Негативтік әсер дәрежесі бойынша:

-қауіптілігі жоғары (мышьяк, сынап, кадмий, цинк,қорғасын,селен, фтор)

-қауіптілігі орташа (кобальт,бор, никель, молибден,сурьма,мыс, хром)

-қауіптілігі төмен (стронций,вольфрам, барий, марганец)

2. Әсердің ұзақтылығы бойынша:

-үздіксіз

-периодты.

Жердің немесе қоршаған ортаның экологиялық жағдайына сипаттама беру жұмастары үш кезеңде жүргізіледі: дайындық, далалық және камералдық.

Дайындық кезеңі

Қолда бар материалдар және хабарлар негізінде жердің жағдайына негативті әсер ететін негізгі табиғи және антропогендік факторларды, ластаушы көздерді, топырақтың ластану сипаты және ластанған жерлердің таралу ареалын анықтау.

Басымдылығы жоғары химиялық ластаушы заттарды анықтау, және олардың қауіптілік класы МЕСТ 17.4.1.02-83 сәйкес «Табиғат қорғау» анықталады.Ластануды қадағалау үшін химиялық заттар классификациясын білу қажет. Алғашқы (рекогносцировка) кезеңі ретіндегі басымдылығы жоғары ластаушы заттар ретінде ауыр металлдар алынады:

1 қауіптілік классы – кадмий, мышьяк және цинк.

2 қауіптілік классы – мыс, кобальт және никель.

Ластанған жерлердің таралу алаңын алдын - ала анықтауды жүргізу, түрі және ластану деңгейін, далалық және камералдық жұмыстар процессі кезінде анықтайды. Зерттелетін аудан жерінің жағдайына антропогендік әсер етудің сипатына жан-жақты талдау жасалады.

Қазіргі кездегі жердің экологиялық жағдайына сипаттама беру үшін, жоспарлық негізде талдау жүргізіледі, және түсіріс масштабын анықтайды. Алғашқы (рекогносцировка) тексерісте 1:10 000-дық масштабтан 1:25 000 – дық масштабтарды қолданады. Нақты учаскелерді жекелеп қарастырғанда масштаб 1:2000- тан 1:10 000 – дыққа дейін өзгереді.Жоспарлық негіз ретінде аэро немесе ғарыштық түсірулер көмегімен алынған горизонталь фотопландар қолданылады. Егер фотопландар жоқ болса топографиялық карталар қолданылады. Фотоплан мен топографиялық карта масштабы берілген түсіріс масштабынан ірі немесе тең болу керек. Аэро ғарыштық түсірістерді 3-4 рет үлкейтуге рұқсат етіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 2248; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.