Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шартты белгілер 3 страница




-мелиорацияланған топырақтарды әр жылдық бақылаулар;

-топырақтың ауыр металдармен, радионуклеидтермен, пестицидтермен

ластануын ұзақ мерзімді бір рет (5 жыл сайын) бақылау.

6.3 Ауыл шаруашылық алқаптарының топырақ мониторингісінің қолданбалы бағыты

6.3.1. Ауыл шаруашылық алқаптары топырағының ауыр металлдармен ластануының мониторингі

 

Топырақта ауыр металдардың жиналуы негізінен ауаға техногендік қоқыстардың шаң-тозаңдарындың түсуінен пайда болады.Техногенді қоқыстарды тудыратын негізгі факторлар: ауа-райының жағдайы, ауаның температурасы, жауын-шашын мөлшері, жел бағыты және жылдамдығы және т.б. жатады.Ауыр металдардың жиналуын туғызушы атмосфералық жауын-шашын және өсімдік болып табылады.Сонымен бірге, өсімдік топырақтың ауыр металдармен ластану индикаторы болып саналады.

Техногенді лас заттарға жапырақты және шырша ағаштар өте сезімтал келеді.Газды-шаңды қоқыстар топырақтың беткі горизонтында жиналады.ауыр металдардың құрамы қима бойынша төмендеп азаяды және 20-40см тереңдікте ауыр металдардың фондтық құрамы пайда болады.Ауыр металдардың мониторингі бір-бірімен өзара байланысты үш шаралардан тұрады.

· Топырақтағы ауыр металдардың құрамын бақылау;

· Топырақтың ауыр металдармен ластану көрсеткішін бағалау;

· Топырақтағы ауыр металдардың құрамына болжам жасау.

Топырақтағы ауыр металдардың жиналу және ластану мониторингі 3 кезеңнен тұрады:

Дайындық кезеңінде қажетті материалдардың жинағы және жүйесі табиғи жағдайдың сипаттамасы анықталады және ластану көздері жайында мәліметтер жиналады.Сонымен қатар өндірістік мекеменің орналасу орны, пайдаланатын шикізат түрі өндірістік қалдықтарды жинау орны жайында мәліметтер жинақталады.

Далалық кезеңнің зерттеу жұмыстарында аумақтың бедерімен танысу үшін әр түрлі маршрутты жүрістерде аралап шығу керек және топырақтың ластану көздері анықталуы тиіс.Топырақтың жіктелуі бойынша ластану зоналарына бөлінеді және желдің бағыты анықталады.Сонымен қатар орналасқан аймақтағы топырақтың, судың, ауаның, өсімдіктің құрамында ауыр металдардың көп мөлшерде болуына адамның және үй жануарының денсаулықтары жайында мәліметтер жиналады.Нақты жағдайға байланысты топырақтың ауыр металдармен ластану карталары және картограммалары құрастырылады.Олар төмендегіше жіктеледі:

1. Өндіріс алаңдарын және санитарлық қорғау зоналарын ұйымдастыру үшін ағынды сулармен суарылатын танаптарда жерлерді қайта қалпына келтіру үшін ауыр металдармен ластану карталары мен картограммалары 1:10000-1:50000 масштабтар арлығында құрастырылады.

2. Ауылшаруашылық санитарлы-эпидемиологиялық, зоотехникалық мақсаттарда мал шаруашылығы үшін ауылшаруашылық дақылдармен азықтарды өсіру үшін топырақтың беткі қабатын бағалауда масштабы 1:100000 карталар құрастырылады.

3. Топырақтың ауыр металдармен ластану деңгейін анықтау үшін жүргізілген далалық зерттеулер бойынша карта және картограммалар құрастыру 1:10000-1:50000 масштабта орындалады.

- бақылау учаскесінде 1:25000-1:50000 масштабта;

- стационарларда 1:100000 масштабта;

- экологиялық алаңдарда 1:1000-1:5000 масштабта орындалады.

Ауыр металлдарға Менделеев кестесіндегі 40-тан аса элемент жатады.Олардың көпшілігі жйі кездесетіндер.Таралуына, адам, жануар организмінде, топырақта және өсімдікте жиналатындары 12 элементтен тұрады.Оларға жататындар:сынап, мыс, кадмий, мышьяк, ванадий,цинк, сурьма, молибден, кобальт, никель, қорғасын (медь, олово).Осының ішіндегі үшеуі өте қауіптісі болып саналады-сынап, қорғасын, кадмий. Топырақта жиналып жатқан ауыр металлдардың мөлшерін анықтау үшін қыстың соңында қар және мұздардан проба алынып, қосымша лабораторлық зерттеулер жүргізіледі.

Далалық зерттеулер үшін ауыр металдармен ластану деңгейінің карталарын құрастыру үшін негіз ретінде масштабы далалық зерттеуде көрсетілген масштабқа сәйкес келетін топырақ картасы қолданылады.Әр топырақ үшін ауыр металлдармен ластану деңгейі және құрамы анықталап, топырақ Паспорты құрастырылады.

Камералдық кезеңде далалық және лабораториялық жұмыстардың сметаларының бағдарламалары және календарлық пландарды құрастырады және топырақтың ауыр металдармен ластану картасы, топырақ паспорты дайындалады.

 

6.3.2 Ауылшаруашылығы алқаптары топырағының техногендік деградациясының мониторингі

Топырақтың антропогендік бұзылуына әкеліп соқтыратын түрінің бірі-ол техногенді бұзылулар.Мұнай, газ және басқа да кен орындарын іздестіруде, транспорттық ластанулар жүргізуде, мұнай және газ құбырлары, электр байланыс жүйелерін жүргізуде шахталар және тұрғын үй салуды және басқа да антропогендік әсерлер пайда болады.Бұнда топырақтың беткі қабаты ғана емес, оның беткі горизонттары да бұзылады.Ашық тау кен жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезінде, жер асты жұмыстарын жүргізуде және сызықтық ғимараттар салу кезінде топырақтың беткі қабатында карьерлік ойыстар немесе шұңқырлар, топырақ үгінділері пайда болады.Бұзылған жердің контурлары топырақ қабаттарының бұзылу деңгейін көрсетіп топографиялық негізге түсіріледі.Бұзылу төрт деңгейден тұрады:

1. Әлсіз бұзылу-бұзылу тереңдігі 5см дейін;

2. Орта бұзылу- бұзылу тереңдігі 6см-10см аралығында;

3. Жоғарғы бұзылу-бұзылу тереңдігі 11-15см аралығында;

4. Өте жоғары бұзылу-бұзылу тереңдігі 15см жоғары.

6.3.3. Топырақтың мұнай өнімдерімен ластануының мониторингі

Мұнай өндіру орындарында, оны мұнай құбырлары бойынша тасымалдауда және апаттық жағдайларда топырақ өзіне мұнайды тез сіңіріп алады.Сол сіңіру қабатының тереңдігіне қарай төрт ластану дәредесіне бөлінеді:

1. Әлсіз ластану- топырақтың мұнаймен сіңірілген қабаты 10см-ге дейін;

2. Әлсіз орташа ластану- топырақтың мұнаймен сіңірілген қабаты 10-20см-ге дейін;

3. Орташа ластану- топырақтың мұнаймен сіңірілген қабаты 20-30см-ге дейін;

4. Қатты ластану - топырақтың мұнаймен сіңірілген қабаты 30см-ден жоғары.

Далалық зерттеу материалдары бойынша жайылымдық және техногендік бұзылулардың картасы дайындалады, бұзылу түрлері бойынша аудандарын есептеу ведомосі құрастырылады.

 

6.3.4. Ауылшаруашылығы алқаптары топырағының пестицидтер және гербицидтермен ластануының мониторингі

Ауыл шаруашылығы өндірісінде зиянды өсімдіктермен күресу шаралары жүргізіледі.Олар агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар.Зиянды өсімдіктермен күресуде химиялық заттардың гербицидтермен пестицидтердің көмегімен іске асырылады.Гербицидтер және пестицидтер топыраққа әртүрлі ластану көздерінен енгізіледі.

-Жауын-шашын, суармалы және ағынды сулармен;

-Ауылшаруашылығы дақылдарын егудің алдында және егу кезінде, егу соңында пайда болады.

-Ауыл шаруашылық авиацияның көмегімен танаптарды өңдеу нәтижесінде пайда болады.

Гербицидтер мен пестицидтерді көп мөлшерде пайдалануда, оның әсері қоршаған ортаға, соның ішінде топыраққа және өсімдіктерге тигізеді.Гербицидтер және пестицидтердің жинақталуы және таралуы топырақтың механикалық құрамын, қоспалардың реакциясына, органикалық заттардың мөлшеріне және температураға, топырақ ылғалдылығына байланысты болады.Гербицидтер және пестицидтермен ластану ауылшаруашылығы жерлерінде көп кездеседі.Бұны бақылау үшін суарылатын және суарылмайтын егістік алқаптарында топырақтың механикалық құрамы, топырақ қоспасының (рН) реакциясы анықталады.Бақылау соңында топырақтың пестицидтермен гербицидтердің ластану картограммалары түзіледі және оларға қысқаша сипаттама беріледі.

 

6.3.5. Ауылшаруашылығы алқаптары топырағының тұздық режимінің мониторингі

Табиғи жағдайларда топырақтың құнарлығына әсер ететін факторлардың бірі-топырақтың тұздануы болып табылады.Ол Қазақстан территориясының шөлді аймақтарында кеңінен таралған. Ауыл шаруашылық өсімдіктері үшін зиянды құрамында көп мөлшерде тез еритін тұздары бар топырақтар- тұзданған топырақтарға жатады.Тез еритін тұздардың ішінде өте зияндылары-олар сульфаттар, натрий хлориді, магний хлориді.

Топырақтың құрамындағы тез еритін тұздардың мөлшеріне және тұздану типіне байланысты топырақтар

-Әлсіз тұзданғандар (0-30см);

-Орташа тұзданғандар (30-150см);

-Қатты тұзданғандар (150-200см);

-Өте қатты тұзданғандар (200см жоғары) болып бөлінеді.

Тұзданған топырақтарды сандық және сапалық есепке алу топырақ мониторингінің ең негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.Тұзданған топырақтарды есепке алуда алғашқы мәліметтеріне ірі масштабта топырақ зерттеулер және көптеген талдаулар нәтижесіне сүйенген топырақтық-тұздық түсірістер жатады.Суарылмайтын аумақтардың мониторингі үшін картографиялық материал ретінде топырақ картасы негізінде құрастырылған тұздану картограммасын қарастырады.Суарылатын егіншілік жүргізетін аудандарда жер асты суның тереңдігі 6метрден жоғары болса, топырақтың тұздануы динамикалық көрсеткіш болып табылады.Сондықтан тұзданған топырақтарды бақылау 5 жылда 1 рет жүргізілуі тиіс.Суарылмайтын егіншілік жүргізетін аудандарда жер асты суының тереңдігі 6метрден төмен болса, топырақтың тұздануы бір қалыпты көрсеткіш болып табылады.Сондықтан тұзданған топырақтарды бақылау 10 жыл сайын жүргізілуі тиіс.

 

Бақылау сұрақтар:

1. Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингінің мақсаты

2.Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингінің негізгі бағыттары

3.Стационарлық экологиялық алаңдардағы жүргізілетін бақылаулар қандай?

4. Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингін жүргізу және ұйымдастыру кезеңдері

5. Стационарлық экологиялық алаңдарда нелер анықталады?

Студенттің білімін өзін-өзі бақылауға арналған тестер:

1. Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингінде бақылау, бағалау және болжам жасау топырақтың қандай параметрлеріне жүргізіледі?

А) су және жел эрозиясы

В) су және тұздық режиміне

С) ауыр металдармен ластану

D) барлығы дұрыс

Е) өсімдіктердің қоректендіру элементтері

2. Стационарлық экологиялық алаңдардағы бақылаулар қандай уақыт аралығында жүргізіледі?

А) бір рет, ай сайын, декада сайын, ауыл шаруашылық өсімдіктердің даму фазасы бойынша

В) декада сайын, ай сайын, 1 жылда бір рет

С) 5 жыл сайын

D) 10 жыл сайын

Е) 3 жыл сайын

3. Стационарлық экологиялық алаңдарда бақылау жүргізу кезеңдері нешеге бөлінеді?

А) 3

В) 4

С) 5

D) 2

Е) 6

4. Топырақ қабатының бұзылуы неше деңгейден тұрады?

А) 5

В) 4

С) 3

D) 2

Е) 6

5. Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингінің негізгі бағыттары қандай?

А) ғылыми-әдістемелік

В) қолданбалы

С) ақпаратты-техникалық

D) әдістемелік

Е) барлығы дұрыс

 

Лабораториялық сабақтарға тапсырма:

1. Берілген аймақ бойынша оның табиғи-климаттық жағдайымен танысу.

2. Аймақта кездесетін топырақ типтерін анықтау.

3. Топырақ типі бойынша топырақ паспортын құрастыру.

4. Топырақтың ластану көздерін тауып, оларға сипаттама беру.

7. ТАБИҒИ МАЛ АЗЫҚТЫҚ АЛҚАПТАРЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР МОНИТОРИНГІ

Табиғи мал азықтық алқаптарының өсімдіктер мониторингі жерге орналастыру жұмыстарында жеке жұмыс түрі ретінде немесе топырақтық және гидрогеологиялық жұмыстармен бір кешенде жүргізіледі.

Табиғи мал азықтық алқаптарының өсімдіктер мониторингінің негізгі мақсаты- өсімдіктік өндірістік потенциалын арттыру,олардың жағдайын бағалау тиімді пайдаланумен қорғау бойынша ұсыныстар өңдеп шығару болып табылады.

Табиғи мал азықтық алқаптарының өсімдіктер мониторингікелесідей негізгі бағыттарда жүргізіледі:

-ғылыми-әдістемелік;

-әдістемелік-қолданбалы;

-қолданбалы;

-ақпараттық-техникалық.

Ғылыми-әдістемелік бағыт бойынша өсімдіктің құрамының динамикасын, құрылымын және өнімділігін арттыру заңдылықтарын,мал азықтық алқаптарында ластаушы заттардың жиналу сипатын, өсімдіктің қоректенуін көрсету үшін стационарларда, полигондарда, экологиялық алаңдарда бақылаулар жүргізіледі.

Әдістемелік-қолданбалы бағыт: геоботаникалық зерттеулердің алғашқы материалдарын жүйелеу және жалпылау, азықтық алқаптардың классификациясын өңдеу және типологиялық тізімін құрастыру, геоботаникалық жұмыстардың барлық түрлері үшін әдістемелерді өңдеу және жаңартуғ азықтық алқаптардың сандық, экологиялық, экономикалық әдістемелерін өңдеу жұмыстарынан тұрады.

Қолданбалы бағыт іздестіру-зерттеу, қайта зерттеу және азықтық алқаптардың өсімдіктерінің карталарын түзеу немесе корректировкалау, әртүрлі масштабта геоботаникалық карталарды құрастыру (карталар: қазіргі жағдайы, экологиялық, эталондық, болжамдық, табиғат қорғау-ұсыныстық және т.б.) азықтық алқаптардың сапасымен жағдайындағы өзгерістерді бақылау нәтижелері бойынша жер кадастрының нақты мәліметтермен ақпараттық қамтамасыз етуін құрайды.

Ақпараттық-техникалық бағыт: азықтық алқаптардың кадастрын жүргізу, азықтық алқаптар бойынша автоматтандырылған қорын құру, азықтық алқаптар бойынша жиналған мәліметтерді жүйелеу, гербарлық фондты толықтыру және жүйелеуді қамтамасыз етеді.

Материалдарды жинау, талдау, жалпылау және стационарлық бақылау учаскелерінің полигондардың, экологиялық алаңдардың схемаларын құру, геоботаникалық жұмыстарды картографиялау, бағалау, мал азықтық алқаптардың өсімдіктер жағдайларын зерттеу және бақылау үшін жүргізіледі.Өсімдіктер жағдайын вегетация кезеңінде өсімдік динамикасы мал азықтардың құндылығын анықтау үшін жүргізіледі.

Стационарлық бақылаулар әр жыл сайын өсімдіктердің вегетация кезеңі басынан соңына дейін декадалар бойынша жүргізіліп отырады.Өндірісте жүргізілетін жұмыстар 3 кезеңнен тұрады.

1. Дайындық кезең

2. Далалық кезең

3. Камералдық кезең

Дайындық кезеңінде картографиялық материалдармен әдебиеттер жинағы зерттеледі.Бақылау үшін белгіленген учаскелер қоршалып, ішінен алаңдарға бөлінеді және қазықтары қағылып шекарасын белгілеп қояды.

Далалық кезең. Бірінші бақылау жылында әрбір учаске картасы жасалынып, ситуациясы детальды жазылып, вегетация кезеңінің басында, ортасында және соңында флоралық толық тізімі құрастырылуы керек.Топырақта анықталуы қажет:

-бақылау мәліметтері бланктермен журналдарға жазылуы керек.Міндетті түрде күнделік түзілу қажет.

-фитомассаның жиналуының динамикасын бақылау жылына бір рет жүргізіліп отырылады.

-арнайы журналда өсімдіктің жеке түрлерінің пайдаланылуын, малдарды жаю жүйесіндегі бақылаулар жазылады.

- өсімдіктің жеке түрлерінің үлгілерін жинақтау жыл сайын мезгіл бойынша жүргізіліп отырылады.

Камералдық кезең. Танаптарда жиналған барлық материалдарды өңдеу және олардың нәтижелерін кесте, график және тексттік материал түрінде көрсетеді.

Полигондардағы бақылау жайылымдық азықтың әртүрлі запастары немесе қорлары жайында мәліметтерді алу үшін және табиғи мал азықтық алқаптардың өнімдерінің мерзімдік карталарын алу үшін жүргізіледі.Полигондардағы өсімдіктер қабаты жағдайын анықтау қайта зерттеу жасалынып бақылау учаскесі таңдап алынады.Бақылау учаскесін түсіруде оның ауданы 0,5га бастап 100га дейін таңдап алынады.Бақылау учаскесінде көлемі 30*50м болатын бөлінділерге бөліп зерттеу жүргізеді.Барлық бақылаулар сияқты мұнда да зерттеу жүргізу 3 кезеңнен тұрады.Олар: дайындық, далалық және камералдық.Дайындық кезеңде қолда бар материалдарды, әсіресе әртүрлі жылдардағы өсімдік жамылғысының жағдайына талдау жасалынады.Далалық кезеңде:

-аумақта картографиялау жүргізілу кезінде құрамын, құрылымын талдау және аэросуреттегі көріністі дешифрлеу белгілерінің көмегімен анықтау.

-бақыланатын бөлінділердің жалпы саны 20-30, өсімдік жамылғысының күрделілігіне байланысты әр бөліндіге фотометриялық өлшеулер, қысқаша сипаттама (бедері, топырағы, өсімдігі), өсімдіктің биіктігі анықталады.

-учаскелерде жыл сайын мынадай масштабта 1:25000, 1:10000 карта жасалынады.

-контурлардағы өсімдік жамылғысына сипаттама беру және олармен жекелеп танысу.

Мал азықтық алқаптардың өнімдерін жүйелеу және есептеу нәтижелері өнімділігінің орташа арифметикалық көрсеткіштерін табу үшін қолданылады.

Табиғи мал азықтық алқаптарының шекараларын бекіту үшін өсімдіктердің құрылымы мен олардың пайдалануын анықтау үшін мал азықтық алқаптарды аудандастыру жүргізіледі.Аудандардың геоморфологиялық топырақ, климаттық және табиғи шаруашылық түрлеріне талдау жасалады.Аудандастыру нәтижесінде жайылымды пайдаланудың интенсивті деңгейі және топырақ түрлерінің сипаттары көрсетіледі және соңында аудандастыру карталары, кестелері және т.б. картографиялық материалдар алынады.Мал азықтық алқаптарға қысқаша сипаттамалары беріледі.Мал азықтық алқаптарды картографиялау 3 түрден тұрады:

1. зерттеу

2. қайта зерттеу

3. корректировкалау немесе жөндеу.

Карта жасалынатын аумақтарда ауыр металдың және басқа да ластанушы заттардың құрамын анықтау үшін өсімдік үлгілері алынып үлгі алу әдісі 2 түрде көрсетіледі.

1. Берілген аймақта өндіріс орындары көп кездесетін болса, онда 10000 га 1 рет үлгі алынады.

2. Егер ол жерде өндіріс дамымаған болса, ауданы 100000 га жерге 1 рет үлгі алынады.

Мал азықтық алқаптардың геоботаникалық карталарын корректировкалау 10 жыл аралығында өткен сандық және сапалық өзгерістерді көрсету мақсатында көрсетіледі және олар орта ірі және ұсақ масштабтарда топокарталармен фотопландар жасауда қолданылады.Болжамдық геоботаникалық карталар республика, облыс, аудандар бойынша және пайдаланудың жеке учаскелері бойынша құрастырылады.Өсімдіктің құрамы мен құрылымының өзгерісіне және картографиялық масштабына сәйкес болжамдау 3 түрге бөлінеді:

1. ізденісті

2. нормативтік

3. мақсатты.

Геоботаникалық зерттеу арқылы болжам жасау қоршаған ортаға және өсімдіктерге табиғи және антропологиялық әсерлерін сипаттайды.Оның негізгі бағыты өсімдіктердегі өзгерістерді болжау.

Зерттеу арқылы болжау технико-экономикалық баяндамаларда табиғат пайдалану жобаларында ірі кәсіпорынның құрылыс салуында әртүрлі масштабта жүргізіледі.

Геоботаникалық нормативтік болжам жасау белгіленген бір мерзім бойынша өсімдіктерінің құрамын, құрылымын және өнімдерін зерттеу және кері процесстердің алдын-алу болып табылады.

Нормативтік болжамдар кәсіпорынның жұмыстық жобалары үшін гидромелиоративтік жұмыстарды жүргізу үшін әртүрлі масштабта, соның ішінде орташа және ірі масштабтарда пайдаланылады.

Геоботаникалық мақсатты болжамдар өсімдіктердің құрамын, құрылымын және өнімдерін оптималды жағдайға келтіру үшін анықталады.Болжамдық карталар өсімдіктерінің қазіргі жағдайын құрамы мен құрылымын және орташа өнімділігін көрсетеді.Болжам жасау соңында болжамдық карталар, легендалар және жылдық есеп беру мәліметтері жинақталады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи мал азықтық алқаптарының өсімдіктер мониторингінің мақсаты қандай?

2. Табиғи мал азықтық алқаптарының өсімдіктер мониторингінің негізгі бағыттарын атаңыз

3. Стационарлық бақылау қалай жүргізіледі?

4. Полигондағы бақылау қандай кезеңдер бойынша жүргізіледі?

 

Студенттің білімін өзін-өзі бақылауға арналған тесттер:

1. Табиғи мал азықтық алқаптарының өсімдіктер мониторингі қандай бағыттар бойынша жүргізіледі?

А) ғылыми-әдістемелік бағыт

В) әдістемелік-қолданбалы бағыт

С) қолданбалы бағыт

D) ақпараттық-техникалық бағыт

Е) барлығы дұрыс

2. Табиғи мал азықтық алқаптарының өсімдіктер мониторингінің мақсаты қандай?

А) өсімдіктің өндірістік потенциалын жоғарылату, тиімді пайдалану

В) мал азықтық алқаптардың кадастрын жүргізу, мал азықтық алқаптар бойынша мәліметтерді автоматтандырылған қорын құру

С) стационарлық экологиялық алаңдарда зерттеу жүргізу, мал азықтық алқаптың әртүрлі типінде ластанушы заттардың жиналуын анықтау

D) мал азықтық алқаптардың карталарын корректировкалау, әртүрлі масштабтағы геоботаникалық карталарын құрастыру

Е) дұрыс жауап жоқ

3. Полигондағы бақылау учаскесін түсіруде оның ауданы қандай көлемде таңдап алынады?

А) 1-10га

В) 05-100га

С) 0,5-10га

D) 10-20га

Е) 20-30га

4. Геоботаникалық зерттеулердің негізгі бағыты қандай?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 1715; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.108 сек.