КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Шартты белгілер 4 страница
А) өсімдіктегі өзгерістерді болжау В) табиғи-антропогендік әсерін анықтау С) өсімдіктің құрылымын зерттеу D) өсімдіктің өнімділігін зерттеу Е) дұрыс жауап жоқ 5. Стационарлық бақылау жүргізудің кезеңдері А) ғылыми-әдістемелік бағыт В) әдістемелік-қолданбалы бағыт С) қолданбалы бағыт D) А,В,С дұрыс Е) дұрыс жауап жоқ
Лабораториялық сабақтарға тапсырма: 1. Стационарлық экологиялық алаңдардағы өсімдік жамылғысының жағдайына зерттеу жүргізу 2. Өсімдіктің түрлерін талдап атауларын көрсету. 3. Берілген аумақтың аэросуреттерін дешифрлеу белгілері бойынша дешифрлеп, көріністі талдау.
8. ЖЕР МОНИТОРИНГІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Жер мониторингінің ақпаратын жинау әртүрлі түсірістер, іздестірулер, зерттеулер, арнайы бақылаулар нәтижесінде жүргізіледі және дистанциондық зоналау жер бетінің түсірістерін пайдалану арқылы жиналады.Жер қорының жағдайын анықтау мақсатында, әртүрлі министрліктер мен ведомстволар жүргізетін көптеген зерттеу және бақылау, түсіру жұмыстарының нормативтік техникалық құжаттарын негізге ала отырып анықтайды.Әртүрлі деңгейдегі (жеке кәсіпорыннан бастап, глобальді деңгейге дейін) экологиялық жағдай туралы ақпарат сол аймақтың картографиялық негізінен және графикалық деректер көрсетілген пландардан алынады.Жүргізілген мониторинг түрлеріне байланысты картографиялық негізде әртүрлі масштаб пайдаланылады.Мысалы: локальді мониторинг жүргізуде картада вентиляциялық құбырлардан өндірістік кәсіпорындардан шығарылатын ластану көздері көрсетіледі.Региональдық деңгейде жақын орналасқан ластану көздері бір топқа жинақталып көрсетіледі.жер бетіндегі бақылаулар жер қорының барлық санаттары бойынша әртүрлі полигондарда эталондық учаскелерде лаборатория бекітілген.Лабораторияда кешенді агроэкологиялық зерттеулер жүргізіледі.Лаборатория мынадай бөліктерден тұрады. 1. базалық, 2. тіршілікті қамтамасыз ету блогы, 3. әртүрлі жылжымалы сублаборатория. Базалық лабораториялық блок кешеннің орталық звеносы болып табылады.Ол қабылдау ақпаратын тіркеуден және алғашқы мәліметтерді жинақтаудан тұрады.Базалық блок объектілерінің кеңейтілген жинағы бойынша талдауларды жүргізу үшін арналған.Мысалы, агроэкологиялық немесе топырақ мониторингін жүргізуде топырақ жағдайын бақылау бойынша барлық талдаулар жүргізіледі. Тіршілікті қамтамасыз ету блогы лабораториялық кешендегі жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру және жұмысқа икемділігін қолдау үшін жүргізіледі. Сублаборатория- ол базалық лабораторияға қосымша ретінде жүргізіледі және зерттеу нәтижесінің санын көбейтуді қамтамасыз етеді.Әртүрлі параметрлердің қысқартылған жинағы бойынша алынған талдауларды бақылайды.Бір жылжымалы лабораториялық кешен 2 немесе 3 сублабораторияны құрайды. 8.1. Жерлерді дистанциондық зондирование жүргізу және онда қолданылатын техникалар Ақпарат алу мүмкіндігін жеңілдету әдісі-дистанциондық зоналау болып табылады. Дистанциондық зоналау дегеніміз берілген объектінің ешқандай байланыста болмай-ақ, сол объектінің өлшемдері мен деректері бойынша ақпарат алу әдісін айтады. Дистанциондық мониторинг табиғи процесстер мен құбылыстардағы бақылаудың әртүрлі ұшу және аэроғарыштық ақпараттың автоматты тіркейтін және ақпарат жеткізетін құрылғылардың көмегімен жүргізілетін бақылау. Жер бетін дистанциондық зоналау әдісі аэроғарыштық құрылғыларды қолдану арқылы әртүрлі масштабтағы видеодеректерді тіркейтін техникалық құрылғыларды және фотографиялық картографиялық материалдарды жинақтауға мүмкіндік береді. Жерлерді дистанциондық зоналау әдісі жердің негізгі жоғарғы бөлігін электромагниттік сәуле арқылы әртүрлі диапазондық спектрлерде зерттейді.Өңдеудің соңғы мақсаты ситуация немесе обьектілерді зерттеу болып табылады.Сондай-ақ белгілі аймақтағы жағдайды анықтайды.Бірақ та олардың формасы, көлемі, физикалық қасиеттерінің белгілі айырмашылықтары болғандықтан, жерлерді дистанциондық зоналаудың көптеген әдіс тәсілдері анықталған.Бірақ обьектілермен ситуацияларды зерттеудің әмбепап әдістері анықталмаған. Дистанциондық зоналау үшін электромагниттік толқынның 04мкм-3,0мкм диапазондық көрсеткіші қолданылады.Түсіріс барлық диапазонда, сондай-ақ, бөлек аймақ спектрінде яғни «көгілдір терезе» атмосферасы бар аймақтарында анықталады.Аймақ спектрі 3-ке бөлінеді: -жарық диапазонды (0,4-3,0мкм) -орта диапазонды және ұзақ. Бұл спектрлер екі «көгілдір терезеден» тұрады: -3-5мкм; -8-14 мкм. Радиодиапазонда дистанциондық зоналауды орындау үшін кіші ультрамагниттік толқындарды қолданады.Бұл толқындардың ұзындығы 1смден-3см-ге дейін болады.Үлкен диапазонды сәулелену электромагниттік спектрі көп көлемді әртүрлі түсіріс әдістерін шартты түрде талап етеді:фотографиялық, пландық, перспективті, панорамдық (түсірістер), телевизиондық, радиолокациондық түсірістер, сканерлеу және көпэлементті жүйелер. Жер қорын дистанциондық зоналау мыналарды пайдалану арқылы жүргізіледі: · видеоақпарат көрсететін құралдар (аэрофотоаппаратурасы, көп зоналық құрылғылар), · трассалық топтың құралдары (спектрометрлер, радиометрлер). Бүкіл әлемде NOAA, LANDSAT (АҚШ), SPOT (ФРАНЦИЯ), IRS (ИНДИЯ), RADARSAT (КАНАДА), ERS (ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ), сондай-ақ Ресейлік КВР-1000, ТК-350 мәлімет жеткізгіштері спутниктері қолданылады.Дистанциондық зоналауда мәліметтер арасындағы көшбасшысы болып, 1978 жылы шыққан AVHPR яғни метеорологиялық спутник сериясы NOAA болып табылады.Олар кеңінен қолданылады.Бұған қарамастан, бұл мәліметтер өте үлкен мәнге ие, сондай-ақ олардан радиометриялық және колибровка ақпараттарының абсолюттік мәндерін анықтап береді. Дистанциондық зоналау өз кезегінде жердің жоғарғы бөлігі туралы ақпараттарына сүйенеді.Әсіресе дистанциондық зоналауда ақпараттарды қалыптастырумен мәліметтерді салыстыру өте маңызды әрі пайдалы болып келеді. Дистанциондық зоналауды ретроспективті және де өзгерістер арқылы қолдануға болады. Дистанциондық зоналау мәліметтері алғашқыда геоақпараттық жүйелер арқылы қолданған. Дистанциондық зоналау және ГАЖ тарихы 100 жыл бұрын дамыған.Ертедегі ГАЖ компьютер пайда болғанға дейін топырақ, бедер және өсімдіктер туралы ақпараттарды жүйеге қолмен енгізіп отырған немесе калька секілді материалдарды пайдаланып енгізген.1960 жылдың басында Гарвард Университетінде пайда болған, МІІ әмбебап компьютерлері арқылы ақпараттарды автоматтандырып, өңдеді және бағдарламалармен қамтамасыз етті.Ол қазіргі кезде Даинермонд ESRI, яғни бүгінгі таңдағы ГАЖ үшін бүкіл әлемдік көшбасшы болып табылатын өзінің технологиясын ойлап тапты.1972 жылы ең алғашқы спутник LANDSAT, яғни дистанциондық зоналаудың сандық түрін ойлап тапты. Жерлерді дистанциондық зоналау ГАЖ мәліметтер базасын құруда және жаңартуда үлкен роль атқарады.Нарықтық жағдайда ГАЖ-ң атқарушы және толықтырушы бағдарламаларына ARCViewCIS, ESRI жатады. Жерлерді дистанциондық зоналауды өңдеу үшін ARCView ішіндегі /mage Analysis/ модулінің бағдарламасы маңызды орын алады.Онда арнайы суреттер туралы пайдалы ақпараттарды алады.Осы уақытқа дейін дистанциондық зоналау аграрлық секторда үлкен мәнге ие болып келеді.
8.2. Дистанциондық зондированиядан алынған құжаттар мен ақпараттарды ауыл шаруашылығында пайдалану Еуропалық экономикалық одақ елдері қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын ең негізгі деп есептейді, яғни құрғатушылық мәселелеріне байланысты тақырыптар көп қозғалады.Оларға: 1) жер жамылғысы мен жерді пайдалану 2) өсімдіктердің тенденциялық өзгерісі және жағдайы 3) биотоп мониторингі 4) қалалық қоршаған орта 5) мұнай өнімдері 6) су басып кету және тағы басқалар. Дистанциондық зоналаудың бөлек бағыттары ол аграрлық секторға арналған.Оларды жекелеп қарастырайық.Жерлерді дистанциондық зоналауда беретін мағлуматтар жерге орналастыру мен кадастры туралы беретін барлық ақпараттардың шешімі болып табылады..Бәрімізге белгілі жер кадастрындағы барлық мәліметтерді қамтамасыз етіп отыратын жүйе-бұл ГАЖ.ГАЖ-ң ең маңызды бөлшегі –ол мәлімет.Мәлімет қорын жасауда орындалатын жұмыстар мыналар: -әртүрлі масштабтағы тақырыптық карталар жасау -бедердің сандық моделін құру -сандық мәлімет қорын қамтамасыз ету Жерлердің дистанциондық зоналаудың әдістерін пайдалану кадастрлық есептеулермен жер ресурстарын есептеуде де көп пайдаланылады, сондай-ақ ауылдық және қалалық жерлерде де қолданылады.Оның ішінде: 1) жерге орналастыру жобалары үшін әртүрлі масштабтағы тақырыптық карталармен пландар жасау 2) топырақ картасы және елді мекен пункттері туралы карталарды құру 3) жерлерді түгендеу 4) әртүрлі табиғат апаттарынан кейінгі жердің шығындары мен зардаптары туралы есептеу мониторингі 5) егіншілікті болжау. SPOT IMAGE корпорациясы ауыл шаруащылығындағы егістіктер және заманға сай етіп ауыл шаруашылығын жүргізу әдістері туралы бағдарлама жасалды.Мұнда интернет арқылы дистанциондық зоналаудың мәліметтерін алудың мүмкіндігі қарастырылды. Ауыл шаруашылығындағы жерлерінде жүргізілетін мәдени өсімдіктердің өнімділігін және жағдайын бақылауда жерлерді дистанциондық зоналау мәліметтерін толық алуға болады. «Жерлерді дұрыс бөлу» термині ауыл шаруашылық менеджментінің ауыл шаруашылық жоғарғы технологиялық кешені болып табылады, мұнда пайдаланылатын технологиялар GPS, егіншілікті бақылау технологиясы, жерлерді дистанциондық зоналау технологиясы.жерлерді дұрыс бөлудегі негізгі компонеттер мыналар: -жалпы ақпараттандыру жүйесімен орындалған бақылаулардың жүйесі-бұған GPS және ауыл шаруашылық машиналарымен механизмдерін компьютермен басқару құралдары жатады -ГАЖ мәліметтерін пайдалану -қоршаған орта жағдайын агро-тәжірибелік бағалау жүйесі -агрономиялық және экологиялық тиімділікті белгілі бір технологиямен бағалау жүйесі. Жерлерді дистанциондық зоналауда жерлерді бөлу пункттері бірнешеу.Біріншісінде, жерлерді дистанциондық зоналауда белгілі бір аймақтағы өсімдіктерді жинақтайды және жаңартады.Ондағы өсімдіктерге әсер етуші факторларды анықтайды.Екіншісінде, өсімдіктердің биофизикалық параметрлері мен өсімдіктер жамылғысының спектрлік әдістерін және оларға сыртқы әсер ететін агротехнологиялық факторларды қарастырады.Үшіншісінде, кейбір өсімдіктер жамылғысының биофизикалық параметрін (биомасса, жамылғыны жобалау, индекс) немесе радиоциондық парамертлер тәртібін сондай-ақ олардың өнімділігін анықтайды. Дистанционды зоналау экономикалық тиімді.Өйткені спутникті ақпаратты пайдалану кезінде экономикалық шығынның суммасы және зиянның алдын-алуға кеткен шығындар 10-150 есе азаяды.
8.3. Ғарыштық мониторинг Ғарыштық мониторинг деп ғарыштық мәлімет көмегімен орындалатын қоршаған орта жағдайын және ланфшафтпен оның компонеттерін, антропогендік әсер ету көлемімен бағыттылығын жүйелі түрде қадағалау нәтижелерінің көрінісін айтады.Ғарыштық мониторингті жүргізуде ең маңызды болып мыналар саналады: -бақылаудың бастапқы мерзімінде қоршаған ортамен табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін шығыс картографиялық материалдардың бар болуы; -барлық зерттеу ауданы бойынша біруақытта экологиялық жағдайлардың жай-күйі туралы мәліметтер алудың оперативтілігі; -бақыланатын өзгерістер бағасының максималды обьективтілігі; -санаулы уақыт аралығындағы қоршаған орта туралы оперативті мәлімет алудың және онда болып жатқан өзгерістері туралы мәлімет алудың нақты реттілігі Көп зоналық түсіріс-жер бетін ұшу аппаратының және электромагниттік толқынның спектрін түсіріс жүйелерін пайдалану арқылы түсіру болып табылады.Ұшақ сканерін пайдаланудан алынған деректерді ЭВМ-де өңдеу нәтижесінде 1 жыл ішінде ауданы 20 млн.га жуық аймақтың орташа масштабтағы картасын құрастыру мүмкіндігін береді. Ғарыштық мониторингті қамтамасыз етуге бағытталған тақырыптық карталарды өңдеу үшін мыналар қажет: -құрастырушы картаға қарағанда, ірі масштабтағы ғарыштық фотосуреттер яғни аса ірі масштабқа дейін қажетінше ұлғайтылған. -картографиялауда берілген масштабында трансформирленген ғарыштық суреттер бойынша құрастырылған фотопландар. -қиылған топографиялық ауыртпалығы бар деформацияланбайтын мөлдір пластикте құрастырылған картографиялық негіз. Ғарыштық ақпараттар және ұшақтар арқылы орындалатын түсірістер жер мониторингін глобальды республикалық және региональды деңгейде жүргізу кезінде пайдаланылады.Локальды жер мониторингін жүргізу кіші авиацияның көмегімен орындалады.Аэрофототүсіріс арқылы алынған ақпарат сол алынған аймақтың ландшафттарын дешифрлеуді қажет етеді.Онда объектінің фототоны, түсі геометриялық пішіні және басқа да көріністерінің ерекшеліктеріне байланысты дешифрленеді.Аэросуреттерде табиғи процесстерінің көптеген бөлігі тура көріністі көрсетпейді.Ол қосымша дешифрлеу белгілері негізінде анықталады.Қосымша белгілер бойынша жер асты сулары табиғи процесстердің даму стадиясында кейбір топырақ түрлері және басқалар дешифрленеді. Ғарыштық ақпаратты алу жылдамдығының көмегімен оны қазіргі компьютерлік техникада өңдеу, сақтау, сипаттау және пайдалануды ұйымдастыру мүмкіндіктерін береді.Дистанциондық зоналаудың ақпараттары оперативтік ғарыштық мониторинг жүргізуде, сонымен қатар төтенше экологиялық жағдай кезінде үлкен роль атқарады.Мысалы: құрғатудың келесідей параметрлерін анықтайды. · Гумустық горизонттың қуаттылығын, · Ауыл шаруашылық алқаптардың өнімділігін, · Жер асты суларының деңгейін, · Топырақтың сызықтық, жазықтық параметрлерін · өсімдіктер түрлерін анықтайды. Жер жағдайы келесідей карта түрлерінде көрсетіледі: · жер пайдалану картасы, · ландшафттық карта, · топырақ картасы, · жердің ластану картасы, · топырақтың ылғалдану картасы, · агрохимиялық карта, · топырақ эрозиясы және дефляция картасы. Бақылау сұрақтары: 1. Дистанциондық зоналау дегеніміз не? 2. Жерлерді дистанциондық зоналау әдісінің мақсаты қандай? 3. Дистанциондық зоналау және ГАЖ қашан пайда болды? 4. Дистанциондық зоналауда қолданылатын техникаларды атаңыз? 5. Ғарыштық мониторинг мазмұны неде?
Студенттің білімін өзін-өзі бақылауға арналған тестер: 1. Полигондармен эталондық учаскелеріндегі лаборатория неше бөліктен тұрады? А) 2 В) 3 С) 5 D) 4 Е) 7 2. Дистанциондық зоналау үшін электромагниттік толқынның диапазондық көрсеткіші қанша болуы керек? А) 0,3мкм-3,0мкм В) 0,1мкм-2,0мкм С) 0,3мкм-4,0мкм D) 0,4мкм-2,0мкм Е) 0,4мкм-3,0мкм 3. ГАЖ-ң ең маңызды бөлшегі А) мәлімет В) карта С) план D) схема Е) фотоплан 4. Дистанциондық мониторинг-бұл А) теодолиттік түсіріс арқылы ақпарат алу В) аэроғарыштық түсіріс арқылы мәлімет жинау С) фотопландармен фотосуреттерді дешифрлеп мәлімет алу D) ұшу аппаратының көмегімен ақпарат алу Е) табиғи процесстер мен құбылыстардағы бақылаудың әртүрлі ұшу және аэроғарыштық ақпараттың автоматты тіркейтін және ақпарат жеткізетін құрылғылардың көмегімен жүргізілетін бақылау. 5. Жер жағдайы қандай карталарды көрсетіледі? А) жер пайдалану картасы, ландшафттық карта В) топырақ картасы, топырақтың ылғалдану картасы С) жердің ластану картасы D) топырақ эрозиясы және дефляция картасы Е) барлық жауап дұрыс Лабораториялық сабақтарға тапсырма:
1. Берілген аумақтың ситуациясымен танысу.Оның аэросуреттердегі көрінісін қарап шығу. 2. Дешифрлеу белгілерімен қолданып аэросуреттерді дешифрлеу. 3. Дешифрленген обьектілерге аннотация құрастыру. 9. ШЕТЕЛДЕГІ ЖЕР МОНИТОРИНГІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ 9.1. Швециядағы жер мониторингі
Швециядағы жер мониторингінің ұлттық жүйесі 1978 жылы құрылған қоршаған орта мониторингінің ұлттық бағдарламасының негізгі құрам бөлігі болып табылады.Жер мониторингінің ұлттық бағдарламасы топырақ және өсімдік мониторингін жүргізуге бағытталған.Осы мақсаттта 20 эталондық аймақ таңдап алынды. - бұл аймақтарға қоршаған ортаның жергілікті бұзылулары әсер етпеуі тиіс. - Эталондық аймақ шегінде кем дегенде бір су жиналатын бассейн орналасуы керек, онда топырақ, өсімдіктер, жер беті және жер суларының құрамындағы химиялық заттар зерттеу жұмыстары жүргізіледі. - Эталондық аймақтағы немесе оған жақын орналасқан аймақтағы бұрынғы зерттеулер қазіргі алынған деректермен салыстырылуы керек. - Швециядағы жер мониторингі эталондық аймақтарының топырақтардың химиялық талдау жүргізуді, топырақтағы микробиологиялық процесстерді зерттейді. Сонымен қатар мониторингінің ұлттық бағдарламасы Швецияның өңтүстік бөлігінде орналасқан жыртылған жерлердің құнды заттарының жоғалуын зерттеу мақсатында 12 танаптан тұратын егістік құрылған.
9.2. Канададағы жер моинторингі
Кешенді географиялық ақпараттық жүйесінің ең алғаш құрылған елдерінің бірі- ол Канада мемлекетінде болатын.Сол жүйенің нәтижесінде жер мониторингі және инвентаризациялау бойынша жүйелік жұмыстар жүргізіледі.Онда ақпараттарды сақтау, талдау, салыстыру және өңдеу ЭВМ-де орындалады.Сонымен қатар мақсатты карталарды құрастыруда жер пайдаланудағы жарамды жерлерінің ауданы анықталады.Бұнда қоршаған ортаны дистанциондық зерттеу қолданылады.Дистанциондық зерттеудің канадалық орталығымен қоршаған ортаның глобальды өзгерістері жайында ақпараттарды өңдеу жүйесі құрылған. Соңғы 25-27 жылдарда Канадада жер ресурстарының мониторингі негізінде және жерлерді инвентаризациялау негізінде ақпараттық жүйелері құрылған.1981 жылы Канадалық ғалымдар Онтарио провинциясында құрылған ақпараттық жүйелерді өңдеу жұмыстары басталды.Ол бағдарлама 15 жылға есептелген.Сонымен қатар Канадада ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің эрозиялық қауіпсіздік мониторингісі жүргізіледі.
9.3. Франциядағы жер мониторингі Франциядағы жер мониторингі деректердің ақпараттық базасын құруды қамтамасыз етеді.Францияның агрономиялық зерттеу институты мен мемлекеттік топырақ қабаты жайында мәліметтер банкі құрылды.Бұл мәліметтер банкі бірнеше файлдардан тұрады. -топырақ қималары жайында ақпараттарды сақтау, өңдеу және көрсету; -топырақтың физико-географиялық ерекшеліктері жайында; -елдегі кездесетін барлық топырақ материалдарын жинау, жалпылау және идентификациялаудан тұрады. Сонымен қатар орманды ғылыми-зерттеу институтымен бірге топырақ қималарының морфологиялық көрсеткіштері, қоршаған ортаны қорғау бойынша қысқаша сипаттамалар және физико-химиялық, лабораториялық талдаулардың мәліметтері жинақталған мәліметтер банкі құрылды. Қазіргі уақытта Францияда осындай регионалдық мәліметтер банкі көп құрылған.Мысалы, орталық ауданның топырақтық мәліметтер банкі, онда ауданның топырақ бірлігінің әрқайсысы бойынша деректер жиналған (топырақтың аттары, механикалық құрамы, гидроморфтық қасиеттері, топырақ түзуші тау жыныстардың сипаты, тастардың құрамы және т.б.) Қазіргі кезде Францияда бірыңғай географиялық ақпараттық жүйе құрылып жатыр.Ол бойынша регионалдық ақпараттық базалардың мәліметтерін жинақтап кешенді таңдау жүргізіледі.Сонымен қатар Франциядағы жер мониторингін жүргізудегі бір ерекшелік, ол жер қатынастарын мемлекеттік реттеу, ұлттық жер кадастрының мәліметтерінің базасын құрумен байланысты орындалады. Францияда сонымен қатар, жер пайдалану мәліметтер банкі құрылған.Онда әр жылдағы ұлттық, регионалдық деңгейдегі жерлерді пайдалану жайында ақпараттар тіркеледі.
9.4 Германиядағы жер мониторингі Германиядағы жер мониторингі жүргізу аэро-ғарыштық түсірістерді кеңінен қолданумен ерекшеленеді.Жер мониторингінің мәліметтерін жинау, өңдеу, сақтау геоақпараттық жүйе бойынша жүзеге асырылады.Жер мониторингін жүргізуде мәліметтер банкі құрылып, онда қоршаған ортаның химиялық ластануын ретроспективті зерттеу мақсатымен топырақтардан, жауын-шашындардан және организмдерден пробалар алынады.Осы алынған мәліметтерді қолдана отырып, қоршаған ортаны қорғау бойынша федералдық ведомоствосы әр 2 жыл сайын қоршаған ортаның жағдайы бойынша және жердің жағдайы бойынша көрсеткіштерді көрсетіп отырады.
Қосымшалар:
1. Инвентаризациялаудағы қолданылатын терминдерге анықтамалар. Мониторингтің аумақтық- аймақтық желісі жердің жай-күйін бақылаудың стационарлық және жартылай стационарлық пункттерін қамтиды. Стационарлық бақылау-пункттері берілген толықтықпен дәлдік арқылы жердің жай-күйі туралы ақпаратты жүйелі алып тұру үшін құрылады.Стационарлық алаңдар, түйінді учаскелер және полигондар осындай пункттерге жатады.
Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 1906; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |