Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Елді мекен жерлерін инвентаризациялау




Жерлерді кешендіинвентаризациялау жүргізіліп жатқан аумақтарда елді мекендер кездессе, олардың жерлерін зерттеп түгендек керек.Елді мекен жерлерінің құрамына құрылыс, жалпы пайдалудағы өнеркәсіп, көлік, байланыс, аула маңындағы учаскелер және т.б. алқаптар кіреді.

Жерді инвентаризациялау алдында дайындық және далалық жұмыстары жүргізіледі.Мұнда жерлерді есепке алу материалдары жинақталады.Елді мекен пункттерді құру және пландық жобалары зерттеледі және бағаланады.ІШЖО жобаның материалдары зерттеледі.Сондай-ақ елді мекендердің болашақта даму жайында деректер аула маңындағы пайдаланған жерлері жайында мәліметтер пландық картографиялық материалдары зерттеліп бағаланады.

Далалық зерттеуде елді мекен жерлерінің шекаралары белгіленеді және сол елді мекеннің нақты аудандары дәлелденеді.Соның ішінде бау-бақша, аула жерлері жатқызылады.Бұл мәліметтер жер шаруашылық орналастыру пландарымен жерді есепке алу деректерімен салыстырылып дәлелденеді.Қажет болған жағдайда пландық-картографиялық материалдарға түзетулер енгізіледі. Инвентаризация нәтижелері жерге орналастыру ізденістер актілерінде көрсетіледі және далалық түзетуді есепке ала отырып сызбаға түсіреді.Сызбада келесі мәліметтер көрсетіледі:

- қазіргі және жобаланатын шекаралар;

- қазіргі алқаптар;

- қоғамдық бау-бақшалар және басқа учаскелер;

- инженерлік коммуникациялар;

- малдарды жаю үшін жайылым учаскелері;

- жерлерді тиімді пайдалану бойынша жобаланған шаралар

Құрылыс салынған аумақтарда сызба 1:2000, 1:5000 масштабта, ал оларға жанасып жатқан жерлер 1:10000, 1:50000 масштабта орындалады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Жерлерді кешенді инвентаризациялаудың мақсаттары.

2. Кешенді инвентаризациялау жұмыстарының мақсаттары қандай?

3. Кешенді инвентаризациялау жұмыстары қандай жерлерге жүргізіледі?

4. Инвентаризациялау жұмыстары үшін пайдаланатын пландық-картографиялық материалдар қандай масштабта болады?

 

Лабораторлық сабақтарға тапсырма:

 

1. Жер пайдаланудағы бұзылған жерлердің контурын жеке вариант бойынша белгілеу;

2. Жер пайдаланудағы бұзылған жерлердің контур бойынша ведомосін толтыру;

3. Жер пайдаланудағы топырақтан алынған құнарлы қабатын және потенциалды-құнарлы қабатын есепке алу ведомосін түзу және толтыру

4. Суландыру сипаты бойынша бұзылған жерлерді топтастыру

5. Жер пайдалану бойынша бұзылған жерлердің түгендеу жинақ ведомосін толтыру

6. Жер пайдалану аумағында жерлерді кешенді түгендеу нәтижесі бойынша су көздерін және олардың техникалық сипаттамасын есепке алудың жинақ ведомосін түзу

7. Аумақта орналасқан елді мекен пункттерінің шекара жерлерінің

экспликациясын құру

 

 

Сурет 1. Бұзылған жерлерді инвентаризациялау кезінде

графикалық материалдарды рәсімдеу үлгісі

 
 


1-1а 1-3б

2,3 1,8

       
   
 


1-3б 1-2б

2,8 4,0

 
 


 
 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 2339; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.