Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе




Алматы, 2011

НЕГІЗДЕРІ

Иканова А.С.

 

 

ЖЕР МОНИТОРИНГТІҢ ӘДІСТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМІ

Оқу құралы

 

Сейфуллин Ж.Т., Нюсупова Г.Н., Иканова А.С. Жер мониторінгтің әдістерінің ғылымі негіздері. (Оқу құралы) – Алматы: 2011 – бет.

 

«Жер мониторінгтің әдістерінің ғылымі негіздері» оқу құралы бакалаврдың 05090300, 05090700 - Жерге орналастыру және кадастр мамандығы бойынша мемлекеттік стандартқа және пәннің типтік оқу бағдарламаға сәйкес дайындалған және республикада тұңғыш рет шығарылып отыр. Оқулықта Қазақстандағы жер қатынастарының, жер реформасының жүйелілігі мен мазмұны, республика жер қорының құрамы мен жағдайы туралы айтылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жер кадастры жаңа автоматтырылған жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздері баяндалады. Қазіргі заманғы нарықтық жағдайда жерді есептеу, кадастрлық аймақтау, бағалау және жер учаскелерін мониторинг арқылы пайдалануының бақылауын жүргізу мен жылдық есебін дайындаулар әдістері, автоматтырылған жаңа қүрылыпжатқан жер кадастрдың жүйесінің мәселелері және жерлерді бақылау арқылы, қорғауды күшейту әдістері баяндалған. Жерлерді саннаттарға бөлінуы, және топырақтар мен өсімдіктердің түрлеріне байланысты әртүрлі мониторингтің әдістерін оқу құралында толық көрсетілген.

 

 

Пікір білдірушілер:

Молдашев А.Б., экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚАША академигі.

Сулейменов Ж.Ж.,экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚҰАУ.

 

Оқу құралды пайдалануға ұсынған: - география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы – 22.08.2011 номір 1 отырысы. – география және қоршаған ортаны пайдалану факультетінің Кенесі – 22.08.2011 ж.номір 1 отырысы.

1. ЖЕР МОНИТОРИНГІНІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ

Жер мониторингі жер қорының жай-күйіне онда болып жатқан өзгерістерді бақылауды, қадағалауды, бағалауды және тексеруді зерттейді.Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.Жер мониторингі қоршаған табиғи ортаның жай-күйінің құрамдас бөлігі болып және бір мезгілде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргізу үшін база болып табылады.

Жер мониторингі мына жұмыстарды орындайды:

· Жүйелі бақылау, іздестіру, суретке түсіруді тексеру

· Жердің жай-күйін талдау мен бағалауды жүргізу

· Жердің құнарлығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу

· Белгілі бір уақыт кезеңінде жердің сапалық жай-күйін болжау

· Жер туралы деректер жинағын ұйымдастыру.

Жер мониторингінің міндеттері:

1. Жердің жай-күйінің өзгерістерінің уақытылы анықтау оларды бақылау, болжам жасау және кері әсері бар процесстерді болдырмау мен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстарды әзірлеу

2. Мемлекеттік жер кадастрын, жерге орналастыру, жер ресурстарын мемлекеттік басқару, жерлерді пайдалануды қорғау және бақылау жүргізуді ұйымдастыру жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету.

Жер мониторингін жүргізуді Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай жүйеде мамандандырылған мемлекеттік мекемелермен жер ресурстарын басқару бойынша орталық атқарушы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Жер мониторингін Республикалық бюджеттің қаражаты есебімен жүзеге асырылады.Жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін ҚР-ң Үкіметі белгілейді.Жер мониторингін реттейтін негізгі нормативтік-заңдық құжаттарға мыналар жатады:

1. ҚР-ң «Жер кодексі».

2. ҚР Үкіметінің №956 19.09.2003ж қабылданған Қаулысы «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесі»

Жер мониторингін жүргізу кезінде қажетті ақпаратты алу үшін мынадай материалдар пайдаланылады:

- Қашықтықтан тексеріп бақылау (ғарыштық ақпараттардан биікке ұшатын ұшақтардан шағын авиацияның және басқа да құралдардың көмегімен суретке түсіру және бақылау) материалдары.

- Жер бетінде суретке түсіру (топографиялық, геоботаникалық және басқа да аумақтық желі пункттеріндегі бақылау) материалдары.

- Жерді түгендеу (инвентаризациялау) және жер кадастрлық құжаттар.

- Қор деректерді пайдалану (карталар, картограммалар, схемалар және кестелік материалдар).

Жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органдарда ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттері бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.Жер мониторингінен алынған нәтижелер автоматтандырылған жүйенің мұрағаттарында және деректер жинағында сақталады.Азаматтар кәсіпорындар, мекемелер халықаралық ұйымдар, шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар жер мониторингінің мәліметтерін белгіленген тәртіппен пайдаланады.

Жер мониторингі жөніндегі деректерді пайдаланушылар:

· Аумақтардың дамуын жоспарлау, жерді аумаққа бөлу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі мәліметтерді әзірлеу.Қала құрылысы кадастры мәселелері жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік жергілікті атқарушы және өкілді орган.

· Қоршаған орта және табиғи ресурстары мониторингін бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу, табиғи ресурстарының пайдалануына және қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу мәселелерін,мемлекеттік органдар арасындағы табиғат қорғау іс-шараларын әзірлеу бойынша жиынтық деректер банкін жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық орган.

· Өзге де заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

Жер мониторингінің мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын деректері жалпыға қол жетімді болып табылады.Мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізінде беріледі.

Жер мониторингі жөніндегі құжаттар базалық және есептік құжаттарды қамтиды.Базалық құжаттарға: жердің жай-күйінің бастапқы тақырыптық карталары, картографиялық материалдар және жердің сапалық жай-күйі туралы жиналған материалдар жатады.

Есеп құжаттарға: жердің жай-күйінің тіркелген өзгерісі және сандық көрсеткіштері көрсететін кестелер ведомостволар жатады.

Жер мониторингі жөніндегі құжаттар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс.

- Белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалуы

- Картографиялық материалдардың жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген техникалық талаптарға сәйкес әзірленуі

- Мемлекеттік құпияға жататын жер учаскесінің жоспарларында қамтылған мәліметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін белгіленген ережелерге сәйкес пайдалануы және сақталуы тиіс.

Жер мониторингі деректерін пайдалану қағаз немесе магниттік жеткізгіштерінің стандартты рәсімделген құжаттарымен танысу және оларды алу сондай-ақ технологиялық телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы деректер банкінде тікелей рұқсат етілген кіру нысанасында жүзеге асырылады.

Жер мониторингінің құрылымы жердің негізгі нысаналы мақсаты және аумақтық ауқымды айқындалады.Жер санатына сәйкес келе отырып жер мониторингі мына жүйелерге бөлінеді:

· Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің мониторингі.

· Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлердің мониторингі.

· Елді мекен жерлерінің мониторингі.

· Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің мониторингі.

· Орман қоры жерлерінің мониторингі.

· Су қоры жерлерінің мониторингі.

· Босалқы жерлерінің мониторингі.

Аумақтық ауқымымына қарай:

- республикалық

- өңірлік

- жергілікті мониторинг болып бөлінеді.

Республикалық мониторинг-ҚР-ң бүкіл аумағын қамтиды.

Өңірлік мониторинг- физикалық, географиялық, әлеуметтік экономикалық және өзге де шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды.

Жергілікті мониторинг жекелеген жер учаскелермен ландшафттық экологиялық кешендердің қарапайым құрылымдарына дейінгі өңірлік деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргізіледі.

Жер мониторингін жүргізудің мерзімдері мен кезеңділігіне қарай жердің жай-күйіне бақылаудың мынадай түрлері жүзеге асырылады:

1. Базалық бақылау- ол бастапқы жер монитрингін жүргізудің бастапқы сәтіндегі объектінің жай-күйін бақылау болып табылады.

2. Жедел бақылау- ағымдағы өзгерістерді бақылау.

3. Мерзімді бақылау- ол 1жыл немесе одан да көп жылдан кейінгі бақылау.

Бақылау сұрақтары:

1. Жер мониторингінің мазмұны.

2. Жер мониторингінің міндеттері және жүргізетін жұмыстары қандай?

3. Жер мониторингі деректерін кімдер пайдаланады?

4. Мониторингтің базалық және есептік құжаттарына нелер жатады?

5. Жер мониторингінің құрылымы.

Студенттердің білімін өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Жер мониторингі нені зерттейді?

А) жер қорының жай- күйін, онда болып жатқан өзгерістерді бақылауды, болжауды және бағалауды зерттейді

В) су қорында болып жатқан өзгерістерді зерттейді

С) орман қорының жағдайын зерттейді

D) елді мекен жерлерінің жалпы жағдайын зерттейді

Е) жер планетасындағы барлық өзгерістерді зерттейді.

 

2. Жер мониторингі қандай жұмыстарды орындайды?

А) жүйелі бақылау, іздестіру, суретке түсіруді тексеру

В) жердің жай-күйін талдау мен бағалауды жүргізу

С) жердің құнарлығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі

ұсыныстарды әзірлеу

D) белгілі бір уақыт кезеңінде жердің сапалық жай-күйін болжау жер

туралы деректер жинағын ұйымдастыру.

Е) барлық жауаптар дұрыс

4. Жер мониторингінің жүргізу тәртібін кім белгілейді?

А) ҚР Президенті

В) ҚР Үкіметі

С) ҚР Парламенті

D) халық

Е) маслихат

 

5. ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу

және оның деректерін пайдалану ережесі» Қаулысы қашан

қабылданды?

А) 20 маусым 2003ж

В) 30 тамыз 1995ж

С) 19 қыркүйек 2003ж

D) 25 қыркүйек 2004ж

Е) 24 қаңтар 2001ж

 

 

Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:

1. Жер мониторингі жөніндегі құжаттарға қойылатын талаптар қандай?

2.Жер мониторингін бақылаудың түрлері.

3. Жер мониторингін жүргізу үшін негіз болып қандай материалдар алынады?

4. Жер мониторингінің жүргізу тәртібін кім белгілейді?

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 1570; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.04 сек.