КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция 11
1. Өсіңкілік қатарлар: мәні және маңызы Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда даму үстінде болады, сол себептен әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан статистиканың алдына қойған басты міндеттерінің бірі қоғамдағы құбылыстар мен пройестердің уақытқа сәйкес өзгеруін зерттеп анықтау. Ол өсіңкілік қатарлардың көрсеткіштеріне талдау жасау арқылы жүзеге асады. Өсіңкілік қатарлар деп статистикалық көрсеткіштердің, яғни құбылыстардың, процестердің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандық мәндердің тізбегін айтады. Осы көрсеткіштер арқылы қоғам өміріндегі құбылыстардың даму, өзгеру процесін талдауға, санауға және оның негізінде қорытынды жасауға, басқарушылық шешімдер қабылдауға болады. Өсіңкілік қатарлар негізгі екі бөліктен (графадан) тұрады. Біріншісі – қатардың дәрижесі, екіншісі – уақыт көрсеткіші, белгісі. Қоғамдық құбылыстар мен процестердің шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы әрбір сандық мәнін қатардың дәрежесі деп атайды.[37]
2. Өсіңкілік қатарлардың түрлері Құбылыстар мен процестер болып өткен уақытының мерзіміне қарай, өсіңкілік қатарлар бір мезгілді және уақыт аралықты болып екі түрге бөлінеді. Бір мезгілді өсіңкілік қатардың нақты сандық шамалары құбылыстың белгілі бір сәттегі, яғни тәуліктің, айдың, жылдың басында немесе аяғында болған жағдайын сипаттайды. Уақыт аралықты өсіңкілік қатарлар деп құбылыс мөлшерінің белгілі бір уақыт (тәулік, ай, тоқсан және жыл) ішінде қандай шамаа болғанын сипттайтын көрсеткіштерді айтады. Уақыт аралықта өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін бір-біріне қосып, ұзақ уақыт аралығындағы қорытынды көрсеткіштерді есептеуге болады, оны статистикада «жинақталған жиынтық» деп атайды. Өсіңкілік қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып екіге бқлінеді. Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай әр түрлі аралықта берілсе, яғни әр түрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталатын болса, онда оны толық емес өсіңкілік қатарлар деп атайды. Өсіңкілік қатарлар нақты қатынасты және орташа шамалар болып үшке бөлінеді. Нақты шамалар өсіңкілік қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді. Қатысты шамалар өсіңкілік қатарлар екі уақыттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болады, яғни әлеуметтік экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбегін айқындайды. Ал осы өсу, кему қарқыны ретінде процентпен өлшенеді. Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстармен процестердің белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштерінің орташа өзгеруін сипаттауды айтады.
3. Өсіңкілік қатарлардың көрсеткіштері мен тәсілдері Статистикада өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеуде мынадай негізгі түрлері қолданылады: нақты абсолюттік өсім өсу коэффициенті, өсу қарқыны, өсім қарқыны, 1 процент өсімнің нақты абсолюттік мәні. Бұлардың барлығын есептеу өсіңкілік қатардағы көрсеткіш дәрежелерін бір-бірімен салыстыру нәтижесіне негізделген. Ол үшін ағымдағы кезеңнің нақты абсолюттік шамасын салыстыратын бір тұрақты уақыттың немесе өткен жылғы уақыттың көрсеткіштері алынуы тиіс. Осыған орай салыстырылатын уақыттың дәрежесін ағымдағы деп, ал оның салыстыратын уақыттың дәрежесін базалық деп атайды. Базалық дәрежеге ағымдағы уақыттың алдында тұрған қатардың шамасы немесе сол қатардағы бастапқы бір тұрақты мәні алынады. Өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін екі түрлі тәсілмен есептеуге болады. біріншіден, ағымдағы қатардың әрбір дәрежесін оның алдыңғы уақыттағы шамасаын салыстырған болса, онда өсіңкілік көрсеткіштері тізбектелген тәсілмен Т есептелінген болып саналады. Екіншіден, әрбір қатардың мәнін белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстырсақ, онда оны тұрақты базалық тәсілмен В есептелінген деп атайды.[38]
4. Өсіңкілікік қатарлардың көрсеткіштерін есептеу тәсілдері Өсіңкілік қатарлардың негізгі көрсеткіштерін есептегенде төмендегі шарты белгілер алынды: - ағымдағы уақыттың дәрежесі (біріншіден басқа); - ағымдағы уақыттың алдында тұрған уакыттың дәрежесі; ук - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі; і - қатардын реттік нөмірі.
Кесте 1. - Өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеу әдістері
Нақты (абсолюттік) өсім өсіңкілік қатардың жай түрі болып саналады. Өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсеткіш дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығындағы нақты (абсолюттік) өсу немесе кему жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін есептеледі. Нақты (абсолюттік) өсімнің шамасы салыстырылып отырған көрсеткіш дәрежелерінің айырмасына тең болады және оның мәні оң не теріс шамаға немесе нөлге тең болуы да мүмкін. Өсу қарқыны. Бұл көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уакыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп, не аз екенін сипаттайды, яғни осы екі уакыт көрсеткіштерінің бір-біріне қатысты шамасы аркылы есептелінеді. Өсу карқыны коэффициентпен немесе процентпен өлшенеді. Өсім карқыны. Өсіңкілік қатардың бұл көрсеткіші нақты (абсолюттік) өсімнің салыстырмалы шамасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш коэффициент немесе процент өлшемдерімен өлшенеді және оны анықтау үшін нақты (абсолюттік) өсімнің шамасын базалық ретінде алынған уақыт дәрежесіне бөлу керек. Бұл көрсеткіш те екі тәсілмен есептелінеді. Егер өсім қарқыны тұрақты базалық уақыт дәрежесі арқылы есептелсе, онда оны тұрақты өсім қарқыны, ал егер базалық уақыт дәрежесі өзгермелі болса, онда оны тізбектелген өсім қарқыны деп атаймыз. Егер өсу қарқынының көрсеткіштері есептелініп берілген болса, онда өсім қарқынын анықтау және жұмыс көлемін азайтып, есептеуді жеңілдету үшін өсу қарқынынан 1 (бірді) немесе 100 (жүзді) шегеру арқылы да табуға болады. Бір процент өсімнің нақты (абсолюттік) мәні. Бұл көрсеткіштің экономикада атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі мұнда өсімнің әрбір процентінің нақты (абсолюттік) мәні қаншаға және қалай өзгергені көрсетіледі. Оны есептеу үшін әр уақыттағы нақты (абсолюттік) өсімнің шамасын, сол кездегі өсім қарқынына немесе тұрақты өсім каркынына бөледі, яғни оның мәні екі тәсіл арқылы да есептеледі. 2- кестеде Қазакстанның 2001-2004 жж. электроэнергия | өндірісінің өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін тізбекті және тұрақты тәсілдер бойынша есептеудің әдістері берілген.[39]
Кесте 2. - Қазақстанның электроэнергияның өндірісінде өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеу
Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1097; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |