Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 6




 

1. Статистикалық корытындылаушы көрсеткіштер

Статистикалық бақылаудың, жинақтаудың және топтаудың нәтижелерінен барлық жиынтык бірліктері бойынша мәліметтер өздеріне тән белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді, өзара байланысты сандық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады және статистикалық кестелер аркылы көрсетіледі. Жеке топтарды немесе барлык жиынтықты бүтіндей сипаттайтын сандық мәндер қорытындылаушы көрсеткіштер деп аталады.

Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштер өздерінің сандык мәндеріне қарай нақты (абсолютті), қатысты және орташа шамалар арқылы беріледі. Нақты шамалар статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтерді өңдеу, жинау және қосудан алынады. Осының негізінде, қатысты және орташа шамалар есептеледі.[17]

 

2. Статистикалық нақты шамалар және оның түрлері

Статистикалық нақты шамалар деп коғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі жэне уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштерді айтады.

Нақты шамалар өздерінің сандық көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді. Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалардың қосындысынан алынады.

Табиғи (натуралдық) - өлшем бірлігі сол қарастырылып отырған заттың, нәрсенің өзіне тән табиғи - физикалық қасиеттеріне байланысты қолданылатын өлшем бірліктері. Оған салмақ, көлем, ұзындық сияқты мөлшерлік өлшем бірліктері жатады (метр, тонна, дана, литр, гектар, т.с.с. өлшем бірліктерімен өлшенеді).

Табиғи (натуралдық) өлшем бірліктерінен басқа әрбір өндірілген өнімнің сорты мен сапасын анықтау үшін сапалық өлшем бірліктері қолданылады. Кейбір жағдайларда заттардың құрамы мен құрылымына байланысты екі түрлі табиғи өлшем бірліктері бір өлшемде қатар қолданылады (киловатт-сағат, тонна-километр т.с.с). Сонымен қатар, шартты өлшем бірліктері де қолданылады, яғни заттарды бір өлшем бірлігіне келтіру арқылы, жалпы көлемі есептелінеді (ат күші, шартты гектар, шартты мал басы т.с.с).

Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам-сағаты, адам-күні, адам-жылы сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді.

Ақшалай өлшем бірліктері өндерілген өнімнің өзіндік құнын, еңбекақы көлемін, таза пайда мен зиянды, банк несиесімен есептесу және т.б. көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады (тенге. доллар. евро, рубль т.с.с).[18]

3. Қатысты шамалар туралы түсінік

Қатысты шамалар деп қоғамдык өмірдегі әлеуметтік -жономикалык құбылыстардың сандық катынасынын мөлшерін сөрсететін көрсеткіштерді айтады. Қатысты шамаларды есептеуде өзара байланысты екі нақты шаманың қатынасы қарастырылады және ол екі көрсегкішті біріне бірін бөлу арқылы айқындалады. УІұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізгі немесе базалық шама деп, ал алымын салыстырмалы шама деп атайды.

Салыстыру негізін 1-ге тең деп, екі көрсеткішті бір-бірімен;алыстырсақ, онда салыстыру нәтіжесінің өлшем бірлігі юэффщиентпен беріледі, яғни оның неше есеге артык немесе кем жені көрсетіледі.

Егер салыстыру негізін, 100-ге тен деп алсак, онда өлшем іірлігі % (процентпен) беріледі. Сонда салыстырылатын шаманың базалық шамадан қанша процентке артық немесе кем екені айқын аңғарылады. Шаманың бір бөлшегінің жалпы негізгі шамадағы үлесін анықтау үшін, сол берілген шама бөлшегін ғегізгі шамаға бөлу керек. Егер салыстыру, негізі, 1000-га гең болса, %о (промгшлмен), ал 10000-га тең болса, %оо продецимиллмен), өлшенеді.

Статистикалық қатысты шамалар әлеуметтік-

экономикалық құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру кезінде олардың өзгеруін, дамуын, құрылымын анықтауға, талдауға яүмкіндік береді жэне сол берілген сандық көрсеткіштердің қатынасына. мәні мен мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оған жататындар төмендегілер: жоспардың орындалуы, усоспарлық тапсырма, өсінкілік, қүрылымдық, үйлестік, үдемелілік (пәрменділік), салыстырмалылық, дәрежелік қатысты шамалар.

4. Қатысты шамалардың түрлері

Жоспардың орындалуының қатысты шамалары берілген коспардың кандай дережеде орындалғанын, яғни қаншаға эскендігін немесе кемігендігін көрсетеді жэне өлшем бірлігі юэффициентпен немесе процентпен беріледі.

 

у1- қазіргі (ағымдағы) уақыттағы нақты мөлшері;

ужос – жоспарлық мәні

Жоспарлық тапсырманың қатысты шамалары дегеніміз, жоспар бойынша қоғамдық құбылысар мен процестердің өткен уакытпен салыстырғанда қаншалық өсетіндігін немесе кемитіндігін бағдарлама арқылы көрсету болып табылады:

 

 

у0 - өткен (базистік) уақыттағы нақты мәні.

Өсіңкілік қатысты шамалар құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін білдіреді. Өсіңкілік шамалар салыстырылатын уақыттағы көрсеткіш мэнінің өткен уақыттағы бір мэніне қатынасы арқылы есептеледі, яғни уақытқа қарай құбылыстар мен процестердің өзгеру қарқыны көрсетіледі:

 

 

Жоғарыда керсетілген қатысты шамалар бір-бірімен өзара байланысты болады. Сол байланысты көрсету үшін томенде берілген формулаға көңіл бөлейік:


 


Бұдан өсіңкілік қатысты шама жоспарлық тапсырманың және жоспардыңорындалу көрсеткіштерінің көбейтіндісіне тең деген ұғымды аңғарамыз.

Құрылымның қатысты шамалары жалпы жиынтықтың жеке бөлектерінің үлесін көрсетеді, яғни ол арқылы құрылымның өзгеруін анықтауға болады. Бұл қатысты шаманы үлестік қатысты шама деп те атайды. Оны есептеу үшін жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөліп, 100-ге көбейтіп процентте анықтау қажет.

Үйлестік қатысты шамалар деп жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынастарын айтады. Үйлестік қатысты шамаларды есептегенде жалпы жиынтықтың құрамдас бөліктерінің біреуін салыстыру негізі (базалық) ретінде алып, қалған бөліктерінің осыған қатынасын табады. Салыстырылып отырған бөлік салыстыру негізінен неше есе көп не аз екенін немесе салыстыру негізінің 1, 10, 100, 1000 бірліктеріне салыстырып отырған бөліктің неше бірлігі сәйкес келетінін білуге болады.

Үдемелілік (пәрменділік) қатысты шамалар аттас емес көрсеткіштердің қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың әр түрлі көрсеткіштерінің қатынасын немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтықтың көрсеткіштер қатынасының белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді. Үдемелілік (пәрменділік) катысты шамаларды есептегенде оның негізі ретінде алынған көрсеткіштердің 1, 100, 1000, 10000 сандарына зерттелетін зерзаттың қандай шамасы келетіні анықталады.

Салыстырмалы қатысты шамалар деп бір уақытта әр түрлі зерзаттарға немесе әр түрлі аймақтарға жататын бір тектес, аттас шамалардың қатынасын көрсетуді айтады. Салыстырмалы қатысты шамалардың өлшем бірліктері коэффициентпен немесе процентпен беріледі және салыстырып отырған көрсеткіштердің бір-бірінен қанша есеге көбейгендігін немесе азайғандығын көрнекті түрде көрсетеді. Оны кейбір жағдайларда көрнекті қатысты шамалар деп те атайды.

Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың даму немесе кему процестерін жан басына шаққандағы шығатын көрсеткіштермен көрсете білу. Есептелген көрсеткіштер атаулы санмен беріледі. Кейде бұл көрсеткіштер жан басына емес, 1000, 10000 адам есебімен де берілуі мүмкін.[19]

Лекция 7. СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ГРАФИКАЛЫҚ ӘДІС АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ

 

1. Статистикалық графикалық әдіс, оның қолданылуы

Кестелік әдіс берілген мәліметтерді тез оқуға, әрі жылдам корытынды жасауға толык мүмкіншілік береді. Графикалық әдіс статистикалық кестенің табиғи жалғасы болып кез-келген кестенің мәліметтерін график түрінде бейнелеуге мүміндік береді.

Статистикалық график - берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар аркылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Статистикалык график арқылы сандық көрсеткіштердің өсуін немесе кемуін, олардың өзара байланыстылығын, заңдылығын анықтау үшін, оның алдына қойған мақсатына көңіл аударып, негізгі талаптарын орындау қажет: 1) графикте көрсетілген статистикалық мэліметтер айқьш шындықты бейнелеуі керек; 2) графиктің құрылымы көңіл аударарлықтай көрнекті, түсінікті болуы және жеңіл окылуы тиіс, мүмкіншілігінше көркем бейнеленгені дұрыс;

3) графиктегі бейнеленген көрсеткіштердің мәні мен мазмұнына байланысты оның толық аты, орны, уақыт мерзімі және шартты белгілері көрсетілуі тиіс.

Графикалық әдіс мәліметтерді көрнекті түрде көрсетіп қана қоймай, сол көрсеткіштерге талдау жасауға, яғни жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға және қорытындылауға пайдаланылады.

Геометриялық белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және сызықты болып екіге бөлінеді.

Нүктелі график деп график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде, ал сызықтық график деп сызықтардың қолданылуына байланысты болатын жол-жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б. түрінде берілгендерін айтамыз. Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен (әр түрлі суреттермен: көмескі, бұлдыр кескіндермен) белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлерін бейнелі график деп атайды.

Сандық мәліметтерді график арқылы бейнелеу үшін, алдымен оның масштабын таңдап алуымыз қажет, содан кейін оған шкаласын түсіреміз. Масштаб (молшер) деп графикке түсірілетін сандык шаманы шартты елшеп бірлігіне ауыстыруды айтамыз. График немесе масштаб шкаласы деп әрбір статистикалық сандық көрсеткіштерді белгілі бір межемен көрсететін жеке нүктелер мен сызықшаларды атайды.

Статистикалық графикте сызылуына қарай түзу сызықты (түзу сызылған сызықтың сантиметрге немесе миллиметрге бөлінуі) жэне қисық сызықты (шеңбердің 360 градусқа бөлінуі) масштаб шкаласы қолданылады. Сондай-ақ, масштаб шкадасына қарай біркелкі және біркелкі емес болып екі түрге бөлінеді. Біркелкі немесе арифметикалық масштаб шкаласы дегеніміз, әрбір белгілген белгінің сандық мәніне пропорционалды сәйкес екендігін көрсету. Және ол статистикада жиі қолданылады.

Біркелкі емес масштаб шкаласы деп әрбір белгіленген белгінің сандық мәнге сәйкес емес екендігін көрсетуді айтамыз.[20]

 

2. Графиктік әдістің негізгі түрлері

Статистикада графиктік әдіс төмендегі мәселерді шсшуде қолданылады: 1)статистикалық көрсеткіштерді салыстыру; 2) зерттелетін жиынтықтың құрамы мен құрылымын сиппаттау; 3) уақыт мерзіміне сәйкес құбылыстағы болған өзгерістердің өсіңкілігін бақылау; 4) құбылыстардың өзара байланыстылығын білу; 5) кеңістіктегі орналасуын және таратпалық дәрежесін анықтау үшін.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарына сай жэне кеңістіктін бағытына байланысты графикалық әдіс диаграмма және картограмма болып негізгі екі түрге бөлінеді. Сонымен қатар, сәтіне, міндетіне карай графиктік әдісте, картодиаграмма да қолданылады.

Графиктік әдістің ішіндегі ең жиі колданылатын және көп тараған түрі - диаграмма - (diagramma) - грек сөзі. Ол бейне, сурет, сызба деген мағынаны білдіреді.

Бұл - статистикалық сандық көрсеткіштердің қарымқатынас мөлшерін көрнекті түрде көрсететін графикалық сурет немесе геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнелетін сызық. Диаграмманы құру үшін жазықтықтар мен сызықтар, ал кейде геометриялық денелер пайдаланылады. Осыған сәйкес диаграммалар баганалы, сызықты, шаршылы. шеңберлі, секторлы және фигуралы болып бөлінеді (1 тіркеме).

Бағаналы диаграммада салыстырылып отырған әрбір бағана жеке зерзатты немесе уақыт мерзімдерін бейнелейді. Мұны кұрастыру кезінде әрбір бейнеленген көрсеткіштердің ені бірдей, ал биіктігі сандық мәліметтеріне байланысты әр түрлі, бірақ масштабтары біркелкі болуы кажет.

Құрылымды диаграмма статистикалық жинақтардың құрамын салыстыру үшін қолданылады. Оның көрсеткіштері жалпы жиынтықтың бөлшектерінің үлесін, яғни оның бірнеше бөлшектерге бөлінуін бейнелейді, және сандық көрсеткіштері нақты немесе процент түрінде беріледі.

Шаршылы диаграмманың бағаналы немесе жолды диаграммалардан айырмашылығы, мұнда бейнелеуге құбылыстың көлем мөлшері алынады. Ол үшін алдымен сандық көрсеткіштердің шаршы түбірден шығатын мәнін тауып алу қажет.

Шеңберлі диаграмма деп біркелкі берілген негізгі нақты шаманың өзара қарым-қатынасын шеңбер көлемі аркылы бейнелеуді айтамыз.

Секторлық диаграммада берілген мәліметтер шеңбер арқылы көрсетіледі, яғни құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін бейнелейді. Мұнда сызылган шеңбердің 360 градусы 100 пайызға тең деп алынады.

Сызықтық диаграмма өсіңкілік қатарларды немесе өзара байланысты көрсеткіштерді көрнекті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады. Мұнда көрсетілген өсіңкілік қатардың көрсеткіштері үзіліссіз сызық түрінде бейнеленеді.[21]

3. Картограмма және картодиаграмма

Картограмма немесе статистикалық карта деп, кестеде көрсетілген керсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде әр түрлі белгілері арқылы жеке бейнелеуді, яғни экономикалық -географиялық бірліктері (ауыл, аудан. облыс, мемлекет) бойынша кұбылыстарды, процестерді, өзгерістерді түрлі-түсті бояулар арқылы контурлы картада көрсету жолдарын айтады.

Картограмма құрылыстық мәніне, қолданылуына қарай бедерлі және нүктелі болып екі түрге бөлінеді. Жиі қолданылатыны -бедерлі түрі, оны кейде белгілі бір фон үстіндегі бедер деп те атайды, керсеткіштердің мөлшері артқан сайын сызықтардың бояуы қоюлана түседі.

Нүктелі картограммада графиктік бейнелеу белгілері нүкте аркылы беріледі және әрбір түсірілген нүкте сол берілген көрсеткіштердің белгілі бір сандық бірлігі болып есептелінеді.

Картодиаграмма географиялық контурлы картага әр түрлі белгілер арқылы диаграммалар түсіру деген ұғымды білдіреді. Түсірілген бейнелеріне байланысты картодиаграмма бағаналы, тік бұрышты. шаршылы және шеңберлі болып төртке бөлінеді. Сандық көрсеткіштеріне байланысты көрсетілген түрлі белгілердің көлемдері өзгеріп отырады.[22]

 

Өзін өзі бақылау үшін сұрақтар

1. Статисикалық кортындылаушы нақты (абсолютті) шамалар деген не?

2. Жеке және жалпы немесе жиынтық қосындылы нақты шамалар деген не?

3. Жоспардың орындалуы, жоспарлық тапсырма, өсіңкілік, кұрылымдық, үйлестік, үдемелілік (пәрменділік), дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз не?

4. Статистикалык кестенің кұрылымы және элементтері дегеніміз не?

5. Тізімдік, аумақтың және хронологиялық (мезгілдік) кестелер дегеніміз не?

6. Бағаналы, шеңберлі, секторлы және фигуралы диаграммалар.

 

Семинар сабагы сұрактары

1. Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер, нақты шамалар, түрлері.

2. Қатысты шамалардың түрлері бойынша есеп шығару және оны талдау.

3. Статистикалык кестені түрлеріне қарай кұру және оларды талдау.

4. Графиктер мен диаграммалар және картаграммалар күру.

 

 

Тақырып 6. Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 6272; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.